"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылындағы рухани-адамгершілік тәрбие

Рухани-адамгершілік тәрбие бойынша есеп

2020-2021 оқу жылына

Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі " КММ

Қына ауылының  орта мектебінде 02.02.– 12.02.2021 ж. арасында  өзін-өзі тану пәнінен «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы», «Самопознание:педогогика Любви и Творчества» атты онкүндік өтті.

Жоспар бойынша әртүрлі іс-шаралар мен ашық сабақтар, көрмелер, мәнерлеп оқу сайысы және ән сайыстары қашықтан тартымды өте қызықты өткізілді.

Бұл онкүндікте бастауыш сынып арасында «Ән- көңілдің ажары» атты ән сайысы өтті. Бұл сайысқа қазақ - орыс бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқушылар аналарына деген жүрек тебіренісін, ыстық ықыластарын өлең айту арқылы жеткізді.  Нақышына келтіріп, көңілді ажарларымен әділ қазыларды таң қалдырды.

          Онкүндік ішінде оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Өзін – өзі тану мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері суреттер көрмесінұйымдастырды,тақырыбы «Мейірімді жүрек»  әр жұмыстарды бағалап, ең әдемі жасалған жұмыстарды көрмеге ілді, оқушылырды мадақтау қағазымен марапатталды.

 «Жүректен жүрекке» акцияы өтті. Аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қартарға қолдау көрсету мақсатында 9-11 сынып оқушылары Тимурлық көмектерін созды.

        Өзін-өзі тану пәні оқушыларды жаңа қырынан танытуға, өз ойын толық жеткізуге үйретеді. Пән мұғалімдері де өзін-өзі тану пәні арқылы шығармашылық қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын жақсы жағынан өзгертіп ой-өрістерін дамытуға икемделіп отыр.

 

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері туралы видео ролик көріп өз ойларын ортаға салды. Әр ұлттың салт-дәстүрлері ,ұлттық тағамдары туралы мағлұмат алып , биін билеп,әнін тыңдады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Абдрахманова

 

Жаңартылған күні: 24.11.2021 17:42
Құрылған күні: 24.11.2021 18:32

Текст