Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
2-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кірнетін орын болған жағдайда асханаға кіретін жерде «Ashyq» қосымшасын енгізу қамтамасыз етіледі (асхана персоналының, өнім берушілердің және асхана қызметімен байланысты басқа да адамдардың (білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымының персоналын қоспағанда) QR-код (check-in) бойынша тіркелуі);
2) асхана персоналының QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа да платформалар арқылы кіруі (мысалы, еGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты);
3) байланыссыз термометрия жүргізе отырып және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулай отырып, персоналдың күн сайынғы «кіру сүзгісі» (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда);
4) персоналды 100% вакцинациялау (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);
5) өндірістік процестермен байланысты жұмыстарды (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;
6) көпшілік пайдаланатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері;
7) персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалануға арналған маскалар қорымен, қолды өңдейтін дезинфекциялық сулықтармен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта кемінде 1 рет маскаларды ауыстыруға қарай). Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.
2. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.
3. Арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.
4. Асхана тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатына сәйкес толтырылады.
5. Отырғызу төменгі сынып оқушыларының басқа білім алушылармен байланысын азайту мақсатында, сондай-ақ әр түрлі сыныптар (топтар, курстар) арасында кемінде 2 м қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
6. Асхана персоналы (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да персонал) келушілерге қолды жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскалармен (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) қызмет көрсетеді.
7. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.
8. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл таспаларын салу жолымен қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.
9. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде, қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болған кезде тамақты сыныптарға бір рет қолданылатын ыдыста не көп рет қолданылатын ланч-бокстарда жеткізу ұйымдастырылады.
Тиісті алаң бар болған кеде білім беру ұйымдарының ғимарат карантиндік шараларды сақтай отырып, тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындарымен жабдықталады.
10. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.
11. Асхананың жұмыс режимі тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) кемінде 20 минут үзіліспен мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша белгіленеді.
12. Білім беру ұйымының ғимаратында тиісті алаңдар болған кезде тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындары жабдықталады.
13. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
14. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.
2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
15. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 3 рет жүргізіледі.
16. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
17. Тамақтану залында ауа рециркуляторларын орнату қамтамасыз етіледі.
18. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
19. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.
20. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
21. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
22. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған дұрыс.
23. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері - күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;
- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы - күніне кемінде 2 рет;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) - күніне кемінде 3 рет.
24. Жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіре берістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.
25. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.
26. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.