"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Циклограмма предшкольной подготовки 0" А "класса КГУ" ООШ с. Кына".

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды О «А» сыныбы

Жоспардың құрылу кезеңі 02-06  қыркүйек   2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі     02.09

Сейсенбі       03.09

Сәрсенбі    04 09

Бейсенбі       05.09

Жұма     06.09 

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1. « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы

                  «Апта дәйексөздері»-   Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Ыбырай Алтынсарин

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен  кеңес ,әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

«Менің Қазақстаным»

Ән ұран орындау

Мақсаты:рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Асық ату» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Тоғыз құмалақ» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

« Бес тас» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Қамшы» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Ақ серек,көк серек» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

Ертеңгілік жаттығу

   Таңғы жаттығу кешені № 1

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Жылулық сәті:

Апам мені «Айым»-дейді,
Мен мұнайсам,уайым жейді.
Апам мені «Күнім»-дейді,
Мен қуансам күлім -дейді.

Жылулық сәті:
 Қуанамыз күлеміз,
Бар әлемде сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.

Жылулық сәті:
 Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа,
Дөгеленген шеңберді.

Жылулық сәті:
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.

Жылулық сәті:
 Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Кеңістікте бағдарлау

Міндеті:- сөйлеуде өзіне немесе басқа затқа қатысты заттың орналасуын және заттың кеңістікте (солға, оңға, жоғарыға, төменге) орналасуын үйрету

«Қайда барасың, нені табасың?» атты дидактикалық ойынды ұсынады. Ойын мақсаты: ойын балаларды негізгі кеңістіктік бағыттарды (алға, артқа, оң жақ, сол жақ) анықтау және сөзбен айтуға, заттың кеңістікте орналасуын белгілеу үшін әртүрлі кеңістіктік терминдерді (іші, үсті, арты, асты және т.б.) пайдалануға жаттықтыру үшін жүргізеді. Ойын барысы. Педагог ойыншықтарды бөлменің әр жеріне тығып қояды. Мысалы: ойын барысы бойынша көзделген орналасу орнының оң жағында аюды, сол жағында шкафтың артына қуыршақты, кілемнің алдына допты, артына мәшинені. Ойынды бастаудан бұрын педагог балаларға бөлмеде тығылған ойыншықтарды табатындарын хабарлайды. Балалардың бірін шақырып алып, педагог оған былай дейді: Оң жаққа барсаң, аюды табасың, Сол жаққа барсаң, қуыршақты табасың. Алға қарай жүрсең, допты табасың, Артқа қарай жүрсең, мәшинені табасың. Қайда барғың келеді? Бала ойыншықты табады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Математика негіздері

Қағаз бетінде бағдарлау

Міндеті:-балаларды кеңістіктік қарым-қатынастарды орнатуға үйрету. Заттың кеңістікте (солға, оңға, жоғарыға, төменге) және қағаз парағының бетінде орналасуын анықтау

Топтық жұмыс. Балаларды топқа бөлу үшін педагог санамақ ұсынады. Топтардың әрқайсысына әртүрлі заттар (кестеге ұқсас) бейнеленген жұмыс парақтары таратылады. Педагог ойын жағдаятын ұйымдастырады (ойыншықтарды табуға көмектеседі). Педагог карточкадағы суреттің орналасуын айтады, мысалы, жоғарғы сөренің оң жағы. Балалар осы жерде бейнеленген затты атайды. Оған керісінше затты атайды, балалар оның да орналасуын атайды

1-тапсырма. Педагог мотоциклді суреттің ортасына жапсыруды ұсынады. – Мотоциклдің оң жағында, сол жағында, үстіңгі жағында, астыңғы жағында қандай заттар орналасқан?

2-тапсырма.Үйшігіне қарай иттің қайда орналасуын анықтау. Балаларға үйшіктің алдында отырған итке доптың суретін салуды тапсырады. Тапсырманы орындаудың әртүрлі нұсқаларын ұсынуға болады. Балалар тапсырманы орындайды, талқылайды. Педагог балаларға терминдерді қолдануды үйретеді: сол жағында, оң жағында, төменде, жоғарыда, артында, алдында

Математика негіздері

Кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау

 Міндеті : -балаларды кеңістіктік қарым-қатынастарды орнатуға үйрету

«Фигура қайда жасырынды?» дидактикалық ойыны Педагог елестетілген шаршының бұрыштары мен қабырғалары және оның ортасында еденге ойыншықтарды жайып қояды

Жетекші бала кез келген ойыншықты шаршыдан алып, басқа балалардан қай заттың артында, алдыңғы жағында, оң жағында және т.б. орналасқандығын атауға шақырады. Балалар фигураны атамай, оның орналасуын сипаттайды. «Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс. Педагог балалардың партада дұрыс отыруына, қолын дұрыс орналастыруына, дәптерді және қарындаштарды қалай ұстайтынына назар аударады

Көркем әдебиет

Бәрі де бар бақшада

 Міндеті: Өлең мазмұнын қайталап айтуға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Балабақшада бір-бірімен тату болуға тәрбиелеу

Педагог балабақша туралы суреттер бойынша әңгіме құрайды. – Бүгін сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелейміз. Балабақша – әдемі атау. Бақшада жас жеміс ағаштары өссе, балабақшада Отанымыздың жас ұландары, сендер өсіп, мейірімді, тату болуға, жақсылыққа, әдептілікке үйренесіңдер. – Біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбековтың «Бәрі де бар бақшада» өлеңімен танысамыз.

Өлең ұнады ма?Авторы кім? – Өлең қалай аталады? Неліктен балабақша деп айтамыз? – Балабақшада сендерді кім қарсы алады? – Балабақшада не үйренесіңдер? Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Сөйлеуді дамыту 

Мектептегі алғашқы күн

 Міндеті : Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз бп, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету

Ба-ба-ба – бала.

Бо-бо-бо – бота

Бө-бө-бө – бөрік.

Табыл – дабыл.

Бақа – бақбақ

«П» дыбысының буын ішінде кездесетін сөздерге мысал келтіреді:

Па-па-па – парта.

Жа-па-лақ – жал-пақ.

Па-рақ – жа-пы-рақ.

балаларға«бала»,«парта», «бақа»,«бақбақ»сөздерінесөйлемқұратады.

Сөздердідыбысталуыбойыншасалыстыру

Клуб,штаб, араб,куб;

Мектеп,кәсіп,ғажайып,доп,нәсіп.

Үзіліс  :    Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 
                                                                                              «Лақтыр да,қағып ал» 

Суретті тіл ұстарту:

Ша – ша – ша
Айшаның шанасы тама (ша)
Са – са – са
Қасқыр соқты Мұ (са)
Ол – ол – ол
Ағашта лимон м(ол)
Ра – ра – ра
Дүкеннен нан алды Са (ра)
Із – із – із
Тамаққа қосты сәб(із)
Жу – жу – жу
Ыдысты тазалап (жу)

Ойын: «Лақтырда,қағып ал» 

Мақсаты:  Балалардыептіліке,шапшаңдыққатәрбиелеу.Тәрбиешініңбергенбелгісінмұқияттыңдайбілугеүйрету. 
Ойынныңшарты: Балаларалаңдаеркінорналасадыәрбіреуініңқолындабір-бірдоптанболады.Тәрбиешінің «баста»,- дегенбелгісібойыншабалалардоптыжоғарығалақтырыпқағыпалады.Әр бала нешеретлақтырыпқағып ала алады,сонысанайды. - Кеңістіктуралытүсініктердібекіту: заттардыкеңістіктеорналастыру (солжақта, оңжақта, жоғарыда, төменде); қозғалысбағыттары: солжақтаноңжаққа, оңжақтансолжаққа, жоғарыдантөменге, алға, артқа.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Күзгісеруен             

 Міндеті:- -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Мақсаты:- Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Күтілетін нәтижелер: Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, диалогке қатысады. Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап береді.

Қолданады: сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойын: «Танысу». Балалар аттарын айтып, қуыршақпен танысады. – Сенің атың кім? – Менің атым – Рома. – Менің атым – Вика. – Менің атым – Арлан

Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». (Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту, қима суреттермен жұмыс). – Мынау кім? – Мынау – қыз. – Қыз қайда келді? – Қыз мектепке келді

Көркем әдебиет

Білімің – бұлағың

 Міндеті:- Білім туралы түсінігін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту. Ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу

Күтілетін нəтижелер:

Жасайды:  ; Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауы

Түсінеді: өлең мазмұнын түсінеді;

Қолданады: мақалдың мағынасын айтады

Білімің – бұлағың

 Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен

Құттықтап бүгін мен,

Ойыма ой қосам,

Сен берген біліммен

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Ойынның шарты: Ғажайып қоржынның ішінде заттар, ойыншықтар, оқу құралдары бар. Балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып, бөлек жинайды, атайды

Мақалды жаттап ал.

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады. Педагогпен бірге мақалдың мазмұнын талдау арқылы білімді адамның мықты болатынын, ақылды болу үшін кітапты көп оқу керектігін түсінеді

Сөйлеуді дамыту

Мектептегі алғашқы күн

 Міндеті: Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттыулар жасау

Мақсаты:- Мазмұнды жалғастырту арқылы ой- қиялдарындамыту

Ба-ба-ба – бала.

 Бо-бо-бо – бота

Бө-бө-бө – бөрік.

Табыл – дабыл.

Бақа – бақбақ

«П» дыбысының буын ішінде кездесетін сөздерге мысал келтіреді

Па-па-па – парта.

Жа-па-лақ – жал-пақ.

Па-рақ – жа-пы-рақ

-балалардың тілін жаңылтпаш қайталату арқылы жаттықтырады:1

.Тебіншек ат – шегіншек.

Шегіншекат–тебіншек

Сауат ашу негіздері

Дыбыс

 Міндеті:Табиғи дыбыстарды, жан-жануардың дыбыстарын ажыратуға үйрету, сөзді айту үшін адамға дауыс керек екенін түсіндіру

«Ненің дыбысы?» ойын-жаттығуы Педагог балаларға көздерін жұмып, естіліп тұрған дыбыстарды тыңдауларын сұрайды. Педагог допты еденге ұрып ойнайды, есікті ашып-жабады, қоңырауды сылдырлатады, қағазды сыбдырлатады. Балалар ненің дыбыстарын естігендерін айтады. Педагог балаларға суреттер көрсетіп, оларға мұқият қарауларын сұрайды. – Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? Балалар қандай дыбыс шығарып жатыр? Бұл дыбыстар нені білдіреді? – «Ау-у!» – «Адасып кеттім, көмектесіңдер!» деген мағынаны білдіреді. – «Шүу-шү-у» деп атты жүргізу үшін айтады. – «Іңгə-əңгə-ə!» – нəрестенің жылаған дауысы. – Бұлардың барлығында да сөздер айтылады. Тек ол сөздерді есту үшін, сөзді созып айту керек. «Аауууу!», «Шүу!», «Іңгəəə!»

Сауат ашу негіздері

Дыбыс пен сөз

 Міндеті: - Табиғатта түрлі дыбыстардың бар екенін білдіру, олардан адамның дауысын ажыратуға үйрету, дауыс ауызбен айтылып, құлақпен естілетінін түсіндіру

 Дидактикалық ойын: «Мен сияқты айт» (доппен)

– Мен сендерге допты лақтырып, кез келген сөзді айтамын, ал сендер допты қағып алып, тура мен сияқты қайталап, допты кері лақтыруларың керек. Мысалы: ққол, өзззен, үүй, қассссқыр, дооомбыра, құұұмыра, қанннт, батыыыр, арррба, балллға, баллла, шаррр, дөңгелллек, қаззз, құмммыра, көлллік, құссс, қааайық, бөшшшке, шанышшшқы, түлллкі, көззз, қоңңңырау, құлллпы, бақққа, сазззан, тышшшшқан, сссан, көрррпе, керррік, шыббын, аррра, баллла, жағға, тағғға, құсс, тұззз, бііз, бəтеңңңке, гүлл, баллл, сабббын, көзззілдірік. (Ойынға барлық бала қатысады). Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»

Ойын шарты: Педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады. Қой маңырайды: (мəəə) Сиыр мөңірейді:(мууу) Жылқы кісінейді:(йоо) Түйе боздайды:(баа) Ешкі бақырады: (мəққ)

Үлкен үзіліс  «Күй күмбірі» :   «Детство» күйі Асылбек Енсепов Мақсаты:балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері.

Міндеті: - - Осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, ағаштар, жәндіктер, ауа райы құбылыстары, адамдардың еңбегі туралы білім беру

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, жұлдызшалар, жаз, күз мезгілдерінің ауа райы құбылыстарын бейнелейтін карточкалар, күзгі, жазғы өсімдіктер, қағаздан қиылған гүлдер, жапырақтар, ермексаз, зырылдауық, пластик жәндіктер.

Жұмбақ :

Алғашқысы суытады өлкені, Үшіншісі: «Көк теңізге бар», – дейді, Екіншісі жылытады жер көкті, Төртіншісі ұсынады бар дәмді.

Жұмбақ не туралы?

 – Жыл мезгілдері туралы. Педагог «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жұмбақтың шешуі қыс, көктем, жаз және күз

екенін тапқызады және әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін естеріне түсіреді.

Жаз және күз мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы бейнебаян көрсетіледі: Күннің күркіреуі, найзағай, нөсер, күннің ыстықтығы, жел соғуы, күннің суытып, жапырақтардың ұшуы, жел соғуы.

Жазғы, күзгі ағаштардың өсуі, жыл мезгіліне байланысты өзгерістері жайлы бейнебаян шығады. Қайың, емен, үйеңкі ағаштары саябақтарда, жол бойында, орманда өседі. Алмаағаш – ең көп таралған бақша ағашы. Алмаағаштың жемісі – алма, өте пайдалы.

Қазақ тілі

Менің мектебім

 Міндеті:- Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру

Мақсаты:- Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру

-сурет бойынша  сөйлем құрап әңгіме айту

Күтілетін нәтижелер: Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, диалогке қатысады. Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап береді.

Қолданады: сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.

Мектеп  ..... (әдемі, жарық, таза) Біздің ... (топ) Біздің топта... (ойыншықтар көп) Біздің топта.... (үстелдер, орындықтар, кереуеттер) бар. Табиғатбұрышында .. (гүлдер) бар.

Сауат ашу негіздері

Сөз

 Міндеті:-Сөздерді дұрыс айтып, лексикалық мағынасын анықтауға жаттықтыру

– Сөздер дыбыстардың көмегімен айтылады. Осы дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ешбір мағына бере алмайды. Сондықтан дыбыстарды тіркестіріп, сөз жасаймыз. Біз дыбысты дауыстап айтамыз, дауыстап айтқан кезде ғана дыбыс естіледі, біз тыңдаймыз. Есіңе сақта! Дыбысты айтамыз жəне естиміз. Сөзде неше дыбыс болса, сөздің сызбасында сонша төртбұрыш салынады. Педагог тақтада көрсетеді. – Сөз – белгілі бір дыбыстар жиынтығы. Құрамында қанша дыбыс болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді. Бəріміз айнаны қолымызға алып, аузымызды ашайық. Аузымызда нелер бар екен? – Иə, аузымызда тіс, тіл, еріндер бар. Осылардың бəрі дыбыстарды айтуға көмектеседі екен. – Ал сөздегі дыбыс саны əртүрлі болады.

«Біріншідыбыстықайтала» дидактикалықойыны (доппен). Педагог қандай да бірсөздіңбіріншідыбысынанығырақ, созыпайтып, доптыбалаларғалақтырады, балаларбіріншідыбыстықайталап, доптыпедагогқакерілақтырады. (Ойынғабарлық бала қатысады.) Мысалы: ааалма(а), тттиін(т), қққасқыр(қ), мммақта(м), өөөшіргіш(ө), сссағат(с), қққыс(қ), ааалжапқыш(а), рррадио(р), тттышқан(т), сссазын(с), қққияр(қ), жұлдыз(ж), уууылдырық(у), жжжастық(ж), дддиректор(д), шшшұлық(ш), мммектеп(м), уууыз(у), қққолшатыр(қ), бббақа(б), ииит(и), жжжарық(ж)

 Қоршаған орта

Қыстап қалатын құстар және жыл құстары

 Міндеті: -Қыстап қалатын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, құстар суреттері, тетрапакеттер, жіп, қайшы.

Қош бол туған жеріміз,

 Айдын шалқар көліміз.

Қайта айналып келгенше

Аман-сау бол, еліміз!

Өлең не туралы?

– Ұшып кететін құстарды тағы қалай атауға болады? – Отырықшы құстар. – Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшады? – Күз мезгілінде. Балалар, құстар неге күзде ұшып кетеді? – Суықтан үсіп қалады. Қыста жейтін қоректері өте аз болады

«Қай құс ұшып кетті?» ойыны

Балалар, қыста құстарға қорек табу оңай ма? (Балалардың жауаптары тыңдалады). Қыста қар көп жауады, өте суық күндер, аяз, жиі қарлы боран болады. Мұндай ауа райында құстар жиі суық пен аштықтан өледі. Қанатты достарымызға қалай көмектесе аламыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады) – Дұрыс, балалар, біз құстарға жем бере аламыз. Ол жемді қайда саламыз? – Жемсауытқа.

Дене шынықтыру

Спортзал

 Міндеті. Спорттық құрал-жабдықтардың қажеттілігін, зал ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін, заттарды аттағанда тепе-теңдік сақтау қажеттігін

«Мұқият бол» ойын жаттығуы.

1,5 минут орташа қарқынмен жүгіру; қозғалысты белгі бойынша алмастыру – жүру, еңбектеу. Мұрынмен тыныс алуға көңіл бөлу, жүру қарқынын бұзбай ырғақпен

адымдауларын қадағалау.

Тынысалугимнастикасы (у-шу кешені).

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Бос орын» (5 рет).

Балаларшеңбербойынамалдасқұрыпотырады. Жүргізушішеңбербойыменжүріп, біройыншыныңжанынакеліп, оныңжанынабеторамалдытастайды да: «Бұлжерсаған тар

Өзіңеорынтауып ал», – дейді. Ойыншыбеторамалдыалады да, жүргізушініқуады. Ал

жүргізушіоныңорнынажылдамбарыпотырыпалуғатырысады. Орынсызқалғанойыншыжүргізушіболады

                                                                                         Үзіліс :      Қозғалмалы зерек ойындар «Жер,су,ауа »ойыны

«Автобус жүргізуші»(қауіпсіздік сабағы)

Ойын мақсаты:

 Балаларды жүргізуші мамандығымен таныстырып, оның пайдасы мен қажеттілігін айқындау, еңбекті сүюге баулу,

Жол ережесін ,қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.

Қажетті атрибуттар: руль, абонементтер, орындықтар, микрофон.

Ойын шарты: Бір баланы автобус жүргізуші, екіншісін тексеруші етіп тағайындайды. Қалған балалар жүргіншілер. Егер ойын бөлмеде өткізілсе, орындықтар екі қатар етіп қойылады. Борменен еденге алдыңғы, артқы есік белгісін, яғни екі параллель сызығын сызады. Аялдамада тосып тұрған жүргіншілер артқы есіктен кіріп, біртіндеп қолдарындағы абонементтерін компостерге тесіп орындарына отырады.

Жүргізуші рөліндегі бала «ал кеттік» деп, аузымен мотордың дүрілін салып жүргізеді. Біраз жүрген соң, келесі аялдамаларды «дүкен, дәріхана, парк» деп микрофонмен хабарлағанда, әр аялдамада 4-5 баладан түсіп отырады. Тексеруші рөлін алғашқы кезде тәрбиеші өзі атқарады. Балалар автобустан түскенде қолдарындағы абонементтерін жинап алады. Автобустан түскен балалар «дүкен», т.б. орындарға кіріп, оны-мұны сатып алып, тағы да аялдамаға келіп тосады.

Ойынды осылайша қайта жалғастыруға болады.

Ойын: «Жер,су,ауа»(экология мәдениеті)

Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: асық
Шарты:балалар дөңгелеіп отырады.Бір бала ортаға шығып балаларды кез келгінене асық лақтырып жібереді де жер су ауа деген сөздің бірін айтады. Бір бала отатаға шығып,балалардың кез келгеніне асықта лақтырып жібреді де жер, су ауа деген сөздік бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды.Ал су сөзі айтылса,балық балардың аты аталады.Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.

Осылйойынжалғасабереді.

                                                                                                                      4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Білімің – бұлағың

Міндеті: Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету

Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қояндар», «Аю», «Түлкі», «Қасқыр» (Т. Ломова) Билер: «Жұптасу биі» ( чех халық әуені) Ойындар, хороводтар: «Айгөлек» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Қыдырбекова)

Музыка

Білімің – бұлағың

 Міндеті:Ән айту дағдыларын қалыптастыру

Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей

Ән айту: «Білімің – бұлағың» (Т. Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қояндар», «Аю», «Түлкі»,

«Қасқыр» (Т. Ломова) Билер: «Жұптасу биі» ( чех халық әуені)

Ойындар, хороводтар:

«Айгөлек» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Қыдырбекова)

Дене шынықтыру

Спортзалда ойнаймыз

 Міндеті:Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру, екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қармақ». (3 рет).

Балаларшеңбербойынатұрады. Педагог ортада. Ол қолындағыбаудың (қармақтың) бірұшынанұстайды. Баудыңекіншіұшынақұмсалынғандорбабайланған. Педагог жіптіжер

бауырлатаайналдырабастайды. Балаларорнындатұрыпжоғарысекіріпқалып, құтылуғатырысады. Жоғарысекіргендеекпінменитеріліп, аяқтарынжинапалады. Кімніңаяғы

ілінсе, солойыншы «қармаққатүсті». Ойынбарысындабалалардыауық-ауықүзілістержасап, демалтыптұруқажет.

Дене шынықтыру

Денсаулықтың құпиялары

Міндеті: Жүру: сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру, заттардан бір қырымен аттап жүру

Ойын: «Қайда жасырылғанын тап». (2 рет). Спортзалдаеркінтұрады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Ағаш бұтақтары

Міндеті;- Парақта кеңістіктегі заттардың қалпын беру, заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсіндіру

-Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу

- Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау

--  Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану

Мақсаты: -балаларға терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір- бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету

  -- пішінді мүсіндеудің таныс әдістерін пайдалана отырып,ағаш бұтақтарынмүсіндеу

  -- жырту,умаждау әдісі арқылы бейнелер- мен сюжетті толықтыруға үйрету

  - табиғиматериалдардыңтүрлеріментаныстыру, олардан ағаш бұтақтарын дайындайбілугеүйрету

Балалармен топтық жұмыс

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

(Өз-өзіне қызмет ету)

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

(Өз-өзіне қызмет ету)

(Өз-өзіне қызмет ету)

Серуен

Картотека №2

Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.

Еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.

Жеке жұмыс: Балалармен мысық туралы өлең жаттау.

Мысық сүтке тойды

Көзін қысып қойды

Әндетіп бір баяу

Дейді мияу,мияу,мияу.

Қимылды ойындар: «Тышқан мен мысық»,«Кім тез жетеді?»

Мақсаты: Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Бала мысық батыл-ақ,

Тышқан ұстау талабы.  Сылдыр етсе жапырақ, Дереу бұға қалады.

Картотека  №3

Мектеп ауласындағы құстарды бақылау

(экология)

Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын атату және қимыл- қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын таңдау.

 Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жем салғышқа,

үлкендердің көмегімен құстарға жем салу, оларды қоректендіру.

Мақсаты:   құстарға қамқорлықтың өте қажеттігін ұғындыру. Құстарды үркітпей қамқорлауға үйрету.

Қимылды ойындар: «Қаздар, қаздар»(жүгіру)

Мақсаты: Тәрбиеші көмегімен, ойын  ережесін бұлжытпай орындау.

Көркем сөз: «Міне торғай,  Үйін қорғай,

  Жер бауырлап зырлай   Шырқап биік, күнге күйіп

Қалмай, сайрапжырлайды.»

Картотека  №4 

Күз мезгілінде желді бақылау

Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Әңгімелеу арқылы балалардың тілін дамыту.

Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.

Мақсаты: Өз ойын алаңдарын таза, жинақы ұстауға үйрету.

Балалармен жеке жұмыс: Тақпақ оқу.

«Желді күн»(Ж. Смаков)

  «Гу-гу, гу-гу шықты

  Желдетті де бұлт

  Жел соққан соң

  Жел соққандай  жұлқынды»

Қимылды ойындар:

«Күн мен түн»(жүгіру)

Мақсаты: Жүгіру, секіру, мергендік  қабілет-терін дамыту.

Картотека  №5 

Құстарға бақылау жасау

Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың   аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар  қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.

  Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.

   Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қоюды көрсету,  түсіндіру.

Жеке жұмыс:

Торғай, торғай торғайсың

 Бізге жақын қонғайсың

Көркем сөз:    

Сауысқан – сақ құс,  Көкек – мақтаншақ құс.       

Бұлбұл - әнші құс,  Көгершін – бейбітшілік құсы.

  Қимылды ойындар: «Өз орыңды тап»                             Мақсаты: Ептілікке баулу.        

 Картотека  №6

Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа -райымен салыстыру, күздегі өгерістерді айтқызу.

 Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинау.

Мақсаты:  Өз алдына еңбектене білуге тәрбиелеп, бағыт беру.

Балалармен жеке жұмыс: «Жел»туралы тақпақ айтқызу

 Қимылды ойындар: «Ұшты-ұшты» (қимыл көрсету); «Тауық пен балапандар» (жүгіру)

Мақсаты: Ойын қимылдарын  тыңдап орындай білуге, ептіліктерін арттыру.

Көркем сөз:

«Жел тынымсыз гуілдеп

 Болып кетті тым ұзақ

 Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып»

Серуеннен оралу

Ішке кіру

Балалармен жеке жұмыс

 Мариямға дыбыстың айтылуын жаттықтыру

 Арман  мен  Ұлжанға  заттардың қасиеттеріне қарай топтастыра білуді үйрету.

«Құмырсқа»

Ертегіні таныстыра отырып, мұқият тыңдауға үйрету; ертегі мазмұнын түсіндіру; ертегі желісі арқылы балалардың тілін, есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту; балалардын ертегіге кызығушылықтарын ояту; дос туралы түсінік беру, адамгершілікке тәрбиелеу.

 Айтөре қағаздан түрлі геометриялық пішіндерді қиып, оны жапсыруды үйрету.

Балаларға шығармашылық саласы бойынша топтасып ой-қиялдарымен ермексаздан  жануарлар мүсіндеуді үйрету

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Ойын: «Керсінше айт»

«Бір сөзбен ата»

Ойын: «Жазылмай қалған сандарды ата»

«Орындықтар» 

Д/ойын: «Сиқырлы суреттер»

«Қай қолымда көп»

Ойын: «Ұзын-қысқа»

«Кім епті»

Қимылды ойын «Үйсіз қоян».

Мақсаты:

—бір-біріне соқтықпай жүгіре білуді үйрету;

—жылдамдыққа және шыдамдылыққа

тәрбиелеу

 Балалардың үйге қайтуы

«Өнегелі 15минут»

Ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы әңгімелесу

«Өнегелі 15минут»  

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
«Өнегелі 15минут»

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды О «А» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі II -апта    09- 13 қыркүйек  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі    09.09

Сейсенбі      10.09

Сәрсенбі     11.09

Бейсенбі       12.09

Жұма      13.09

Балаларды қабылдау

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1. « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы

 «Апта дәйексөздері»-Бала тәрбиесібірөнер, өнерболғандаауырөнер, жекебірғылымиесіболудытілейтінөнерМағжанЖұмабаев

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Фотосуреттер қарастыру: «Көліктер»

Мақсаты: Фотосуреттегі көліктердің түрлерімен таныстырып, олар қоршаған ортамен байланысты екенің түсіндіру.

 Д/ойын: «Кері айт»

Мақсаты:мағыналары қарама-қарсы сөздерді қолдана білу дағдырларын бекіту. Сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Көліктер туралы суреттерді қарастыру, ерекшеліктеріне назар бөлу.

«Жолаушылар»
Мақсаты: Балалардың көңілднрін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру.

Үстел- үсті ойын: «Пазлдарды құрастырамыз»

Мақсаты:конструктормен,есептеу таяқшалармен өз еркімен құрастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көліктер жайлы әңгімелесу.

Д/ойын: «Көліктерді ата»

Мақсаты: балаларды арнайы көліктермен таныстырып, қоршаған ортаға, адамдарға немен керек екенің түсіндіру.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Менің Қазақстаным»

Ән ұран орындау

Мақсаты:рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Түйілген орамал» ойыны

«Бір тұтас тәрбие »

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

«Орамал тастамақ» ойыны

«Бір тұтас тәрбие »

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

« Сақина салу » ойыны

«Бір тұтас тәрбие »

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

« Хан талапай» ойыны

«Бір тұтас тәрбие жоспары»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

« Соқыр теке» ойыны

«Бір тұтас тәрбие »

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 2

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Мнемосхемамен «Көліктер»

К. Бисекееваның тақпағын жаттау.

Көліктер бар сан түрлі,

Суда, жерде, көкте де.

Дөңгелекті машина,

Қажетбізгекөліктер

Ұшақ, пойыз, кеме де.

«Көңілдімін»

Тоқтамай зуылдаймын зырн-зырн,

Көлікпін дуылдаймын дырн-дырн.

Жүремін,айналамын бырн-бырн,

Әрқашан көңілдімін сырн-сырн

«Зу-зу етіп көшеде»

Зу-зу етіп көшеде,
Күн-түн тыным таппайды.
Төрт дөңгелек дөңгелер,
Төрт аяқпен шаппайды.
 
«Көлік жүйрік шықты алға»

Түрі, түсі, атауын,
Оңай емес жаттауға.
Қазіргінің тұлпары,
Көлік жүйрік шықты алға.

«Бип-бип-бип дейді»

Бип-бип-бип дейді

Жол шетіне шық дейді

Күшікті басуға болмайды машина,

Бип-бип-бип дейді

Жол шетінен күт дейді

Көшеде асығып жүруге болмайды машина

Бип-бип-бип дейді.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Біреу – көп

Міндеті:-«бір» сөзінің мағынасымен таныстыру. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, ойыншықтар, санау материалы, үлестірмелі материалдар (№1 парақ). Сөздікпен жұмыс: «бір (біреу)», «көп», «бірнеше».

Педагог «Ойыншықтар дүкені» ойын жағдаятын тудырады. – Балалар, сендер ойыншықтар дүкенінде болған шығарсыңдар? Онда не сатылады? Дүкенде қанша ойыншық бар? «Қай жерде тұрғанын атау» дидактикалық ойыны. Педагог үстелінде қиялдағы шаршы алаңының бұрыштарында және оның ортасында бірнеше ойыншықтар орналасқан. Педагог қоянның артында және қуыршақтың алдында қандай зат тұрғанын және т.б. атауды ұсынады. «Біреу – көп» дидактикалық ойыны (санның қозғалыстармен байланысы, зейінді дамыту). Егер зат біреу болса – бір рет қол шапалақта. Егер заттар саны көп болса – көп рет қол шапалақта. – Адамда қанша бас бар? – Теңізде қанша балық бар? – Итте қанша құйрық бар? – Өзен түбінде қанша құм бар? – Аспандағы жұлдыз саны қанша? – Ағашта қанша жапырақ бар? – Гүлдің қанша сабағы бар?

Математика негіздері

Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру. Заттардың қасиеті

 Міндеті:- -заттар тобының (жиынының) жалпы қасиетін табу біліктілігін қалыптастыру, қандай да бір қасиеті бойынша топқа біріктіру

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, үлестірмелі материалдар (№ 1 парақ), түрлі заттар мен бұйымдардың суреттері. Сөздікпен жұмыс: заттар тобы, заттардың қасиеті, түсі, өлшемі, пішіні.

Ойын жаттығуы. «Ретке келтіреміз». Педагог үстел үстіне түрлі заттар мен бұйымдардың суреті салынған қатырма қағаздарын жайып қояды, мысалы: көгөністер, жемістер, ойыншықтар, киім-кешек бұйымдары. Қатырма қағаздарын топтарға бөлу керектігін айтады. Дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Суретте қандай заттар бейнеленгенін ата. Осы заттарды сатып алуға болатын дүкенге сызып қос. Берілген тапсырмада педагог киім-кешек және құрылыс дүкені тұрғанына назар аудару қажет. Сатып алуға болатын заттарды сәйкес дүкенмен сызып қосу керек.

Математика негіздері

Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру. Заттардың қасиеті

 Міндеті-әртүрлі белгілері бойынша заттарды біріктіру және сәйкестендіру

 Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалы, үлестірмелі материалдар (№1 парақ). Сөздікпен жұмыс: заттар жиынтығы, заттардың қасиеті, түсі, өлшемі, пішіні.

Ойын жаттығуы. «Ретке келтіреміз!» Алдыңғы ұйымдастырылған іс-әрекетіндегі ойынға ұқсас, балалар карточкаларды нақты белгілеріне қарай орналастырады. Топтық жұмыстар үшін қолда бар материалды ұсынуға болады (әртүрлі өлшемдегі түрлі-түсті жапырақтар немесе қақпақтар). Педагог әртүрлі өлшемдегі түрлі-түсті жапырақтар немесе қақпақтарды орналастыруды сұрайды, содан соң мысалы, пішіндеріне, өлшемдеріне қарай жапырақтарды орналастыруды сұрауға болады.

Дөңгелек үлкен сары печеньенің суретін сал. Төртбұрышты кішкентай қоңыр печеньенің суретін сал. Дөңгелек үлкен сары печеньенің суретін салу керек. Педагог тақтаға үлкен сары дөңгелек қоя алады. Содан кейін төртбұрышты қоңыр кішкентай печеньенің суретін салу керек. Педагог тақтаға кішкене қоңыр шаршы қоя алады. Əрі қарай балалар тапсырманы орындайды

.

Көркем әдебиет

Ас атасы – нан

 Міндеті:Күзгі еңбек туралы түсінігін дамыту. Сюжет желісінің реттілігін сақтауға үйрету. Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: егіс даласының суреті, нан түрлерінің суреттері, слайд, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмысы: дән.

– Қазір жылдың қай мезгілі? – Бүгін ауа райы қандай? Күн ашық па, бұлтты ма? – Адамдар күзде нені жинайды? – Егінді, бидайды күз мезгілінде жинайды. Бидайдың ұнынан нан дайындайды. – Бүгін Мәдіхат Төрежановтың «Ас атасы – нан» әңгімесін оқимыз. Әңгіме – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Әңгіменің ерекшелігі – оқиғаны қысқа әңгімелейді. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып береді (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Балалармен бірге қайталап оқу. Балаларға түрлі екпінде мәнерлеп қайталату. Сөздік жұмысы: дән – астықты дақыл Сұрақ-жауап: – Әңгімеде не туралы айтылған? – Әжесі мен Науан қайда келді? – Науан бидайды көргенде неге таңғалды? – Әжесі бидай туралы Науанға не айтты? Нан қандай дәннен дайындалады? – Нанның қандай түрлерін білесің?

Сөйлеуді дамыту

Менің досым  

 Міндеті: Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу

Үнтаспадан Б.Самединеваның орындауында «Достар, достар» әні тыңдатылады

Педагог балаларға «Адал дос» деген әңгіме оқып береді

Міне, балалар, мақал-мәтелдердің өзінде досқа деген сенім жайлы айтылған. Достыққа адал адам, сертіне де адалболады.

Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата».

Ойын шарты: педагог қолындағы допты лақтырып көп сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөздердің жалпылама , баламасын айтады. Мысалы: әке, ана , аға,тәте – отбасы. Кесе, шәйнек, шанышқы, қасық – ...

Қасқыр, түлкі, жолбарыс – ... Қызыл, сары, жасыл, көк

Үзіліс

Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»

Шарты:Балалар көлік түрлерін дауысына қарай ажыратып, аттарын атап карточкаларын орнына апарып салады.

Дыбыстық жаттығу

Дан-дан-дан-манадан,

Дан-дан-дан-шанадан,

Ем-ем-ем– мінгізем.

Ем-ем-ем – жүргізем.

Ойын: «Қандай белгі екенін тап?»

«Қауіпсіздік сабағы» «Бір тұтас тәрбие»

Мақсаты: Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.

Ойын шарты:

1-ші нұсқа. Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.

2-ші нұсқа. Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.

3-нұсқа. Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Біздің топ              

 Міндеті:Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.

Мектеп  ... (әдемі, жарық, таза). Таңертең жаттығу ... (жасаймыз). Музыка залында ... (ән айтамыз, би билейміз). Серуенге шығып ... (ойнаймыз, демаламыз).

Көркем әдебиет

Күз – жомарт

 Міндеті: --Күз мезгіліндегі табиғат ерекшелігімен таныстыру. Сөздік қорын байыту. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз туралы суреттер, жемістер мен көгөністер, интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмысы: тоңазып, саудырап.

Күз туралы суреттер бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құрайды. – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? – Күзде далада қандай өзгерістер болады? – Бүгін күн ашық па, бұлтты ма? – Күз мезгілінде күн суытып, әлсін-әлсін жаңбыр жауады. Жемістер мен көгөністер піседі. Сондықтан күз мезгілін «Күз – жомарт» деп атайды. – Біз бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» өлеңімен танысамыз

Күз – жомарт

Тоңазып атырап,

Көк жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз – жомарт» дейміз біз, Жемісін жейміз біз.

 – Күзде ауа райында көп өзгеріс болады. Адамдар қалың киіне бастайды. Көгөністер мен жемістерді жаздай күтіп-баптасақ, мол өнім аламыз. Еңбектіңарқасындажақсылық та, қуаныш та, байлық та болады

Сөйлеуді дамыту

Менің досым   

 Міндеті: -  Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану

-Балалар, «Дос» деген сөз жай айтыла салмаған сөз екен. Дос болудың даүлкен

жауапкершілігі бар екенін түсінулерің қажет. Досыңа адал болсаң, досың саған да адал болады.

-Досыңа қандай сыйлық бересің суретін сал

Сауат ашу негіздері

Сөз. Сөздің мағынасы

Міндеті-Балаларды сөздерді дұрыс айтуға және сөздердің лексикалық мағынасын түсіне білуге үйрету 

 Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: Хатқалта, №1 жұмыс дәптері.

 Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. (Жапырақ)

Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Жапырақтар және күз туралы қандай әдемі сөздермен бізге суреттеп берді. Балалар, сендердің естеріңде ма сөз деген не еді? Сөз неден тұрады, нені білдіреді? (Балалардың жауабы тыңдалады). Егер сөз бір нәрсенің атын білдірсе, онда ол бір мағына береді, яғни лексикалық мағынасы болады. Мысалы: алма, алмұрт, лимон – жемістердің аты; қызанақ, қияр, пияз – көгөністердің аты; құлпынай, бүлдірген, таңқурай – жидектердің аты; үстел, керует, орындық – жиһаздардың аты

ай, жел, боран – табиғат құбылыстарының аты. – Сөз белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол дыбыстардан жасалады және сөзді айтамыз. Сөздің сызбасын көлденең тік төртбұрышпен белгілейміз.  .

«Сөз жарысы» дидактикалық жаттығуы – Жақсы, балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырыпты айтамын, сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерге мысал келтіресіңдер. Мысалы: ыдыс, жануарлар, түстер т.б. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады (сөз айтқан балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады). – Ыдыс. – Кесе, тәрелке т.б.

Сауат ашу негіздері

Біз дыбыс пен сөз туралы не білеміз?

 Міндеті:  -балалардың сөздің лексикалық мағынасын ажыратып, берілген дыбысқа сөз ойлап, оны дауыс ырғағымен айта білуге жаттықтыру

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: мазмұнды суреттер.

Барлық сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды естиміз, айтамыз. Егер сөзде дыбыс көп болса, онда сөз ұзақ, егер сөзде дыбыс аз болса, онда қысқа сөз болады. Дыбыстар сөзде қандай да бір ретпен тізбектеліп орналасады. Кез келген дыбысты бірінен соң бірін жалғап, сөз жасай алмаймыз. Мысалы, мдоп, бұл – сөз емес. Ал «доп» десек, бұл – сөз. Ол – ойын құралы.

Педагог балаларға «а» дыбысынан басталатын сөздерді айтуларын сұрайды. (Дұрыс жауап берген балаға педагог бір фишкадан беріп отырады). Мысалы айтылатын сөздер: алма, алақан, алмұрт, ананас, алша, автобус, акула, алжапқыш, Асқар, Айжан, Асылбек, аспан, ақ, арғымақ, ақыл, алпауыт, апта, асқазан, арыстан, арқан, алқап, алтын т.б. 1-тапсырма «Сөздерді өлшеуді білеміз» дидактикалық жаттығуы Педагог балаларға әртүрлі сөздер айтады, балалар сөздің ұзын немесе қысқа екенін анықтайды. Алақанды бір-біріне жақындату арқылы сөздерді өлшеуге болатындығын айтады. Егер қысқа сөз болса, онда екі алақанды бір-біріне жақын, ал ұзын сөз болса, онда екі алақанды бір бірінен алшақ ұстайды. Мысалға Айтылатын сөздер: көз, бағдаршам, лақ, жолбарыс, бақа, тасбақа, доп, секіртпе.

Үлкен үзіліс «Күй күмбірі»  «Көңіл толқыны»  С.Тұрысбек  Мақсаты:балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру

                                                                                                                     3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен танысу

Нан дастарқанға қалай келеді?

 Міндеті : - Жаз және күз мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін қорытындылау, жүйелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, «Наубайшылар» ойынына алдын ала ашытылып, бөлшектеліп қойылған шикі нан, оқтаулар, алжапқыштар, наубайшының баскиімі, қарындаш.

Сөздік жұмысы: ардақты, адал ас

Педагог Ә. Қалдыбаевтың өлеңінен үзінді оқиды.

Нан – ардақты, асыл ас, Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде

Қол жумай оны ұстамас. – «Ардақты, адал ас» дегенді қалай түсінесіңдер? – Нанды бидайдан алады. Бидайдан бірден нан жасай алмаймыз. Оған адам көп етеді. – Нанды қалай қастерлейді? – Нанды баспайды, жерге тастамайды, қолын жумай ұстамайды. – Нанды қазақ халқы өте қастерлеп, ардақтаған. Нан туралы шешендік сөздер өте көп. Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер ме? – Ас атасы – нан, нан атасы – дән. – Нанды бір қолмен үзбе. Нан қоқымын басуға болмайды. Педагог «Нанды қадірлейік» әңгімесінен үзінді оқиды.

Қазақ тілі

Біз мектепте не істейміз?  

Міндеті: Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).

Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға мектеп қызметкерлерінің суретін көрсету.

 – Бұл кім? – Бұл – тәрбиеші.

– Аты кім?  -Айман Төлеутайқызы. \

– Дұрыс Осылайша мектепте жұмыс істейтін музыка жетекшісі, жаттықтырушы және аспаздың аты-жөндері айтады.

Сауат ашу негіздері

Дауысты дыбыстар

 Міндеті: -Сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: айна, мазмұнды суреттер, қызыл фишкалар.

Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерге өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін жатады. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады, сондықтан дауыстыларды созып, әндетіп айтуға болады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е, и, у, э. Балалар педагогпен бірге дауысты дыбыстарды қайталайды. Педагог балалардан түсінгендерін сұрайды. Дыбысты айтуға адамның қандай мүшелері қатысады?

«Тиісті текшені көтер» дидактикалық жаттығуы Педагог балаларға дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтады (дауысты дыбыстарды айтқанда созып, әндетіп айтады). Балалар дауысты дыбысты айтқанда, қызыл түсті фишканы, көтереді. Дауысты дыбыстарды сызбамен көрсету. – Дыбыстарды қалай белгілейміз? (Төртбұрышпен). Педагог «алма» сөзін бірнеше рет дауысты дыбысты созып айтып қайталайды. Тақтаға «алма» сөзінің сызбасын іліп бірінші «а» дауысты дыбысты қызыл фишкамен белгілейді.

Қоршаған ортамен танысу

Ауылдағы адам еңбегі

Міндеті - Ауыл адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы еңбек туралы жалпы білімдерін бекіту

Қолданылатын көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, доп, үлестірмелі материалдар, себеттегі сүт өнімдері.

Сөздік жұмысы: еңбек, еңбектену, малшы.

Балалар шеңберге тұрады. «Өнімдер» ойыны (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). – Адамдар не үшін еңбектенеді? Еңбек – адамның өз қажеттілігі үшін орындайтын жұмысы, ісі. Педагог кез келген затты алып, қандай еңбекпен жасалғанын балаларға әңгімелеп береді. Интербелсенді тақтадан бейнебаяндар көрсету. Ауылды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, ауылда адамдар ауылшаруашылығымен айналысатынын айтады. Педагог беті жабық себет алып шығады. – Менің қолымдағы себетте өте дәмді, пайдалы тағамдар бар. Қандай тағам деп ойлайсыңдар? (Себет толған сүт, айран, қатық, ірімшік т.б. өнімдері). – Біздің бәріміз дәмді және пайдалы сүтті жақсы көреміз. Сүт қай малдың өнімі? – Сиырдікі. – Сиырды сауатын адамды қалай атайды? – Сауыншы. – Сауылған сүтті қайда апарады? – Сүт таситын мәшинелермен сүт өңдейтін зауыттарға әкеледі. Сол жерде сүттен май, қаймақ, айран, сүзбе дайындалады. Сүтті арнайы құрылғыларда өңдейді, өнімдерді әртүрлі ыдыстарға құяды, сүт өңдейтін аппараттарды, контейнерді маман басқарады. Содан кейін сүт өнімдері дүкендерге жеткізіледі.

Дене шынықтыру

Күлкі сыйла Біз күшті және ержүрекпіз

Міндеті:   -Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру; скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру

Тепе-теңдікке арналған тапсырманы орындайды: гимнастикалық орындық үстінде доп ұстап жүру: Нұсқау: тізені жоғары көтеріп, іші толтырылған доптарды аттап өту. Екі тізбекке тұрады. Бастарын түсірмей, дене бітімдерін түзу ұстап жүреді. Орындықтан түсерде, алдымен жерді аяғының ұшымен басып, сонан соң бүкіл табанын жерге қояды.

Қауіпсіздік техникасы қажет кезде көмек беру, толтырылған доптарды балалардан бір адым қарақашықтыққа қою.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тым-тырақай» (3 рет).

Ойыншылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойында тұрады. Ортада ұстаушы- жүргізуші тұрады. балалар төмендегі сөздерді айтып, шеңбер бойымен жүреді:

«Ал, кәнеки, балалар,

Бір, екі, үш – деп санаңдар. Бір, екі, үш – ал тараңдар!»

Осыдан кейін зал ішіне тым-тырақай қашады. Ұстаушы балаларды қуып, ұстауға тырысады

                                                                                            Үзіліс : қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ойын

Сюжетті-рөлді ойын:« Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық»

Мақсаты : Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Жағдаят: Кеме, теңіз астындағы қайықтың құрылысы.

Жүзуге дайындық, маршрутты таңдау, жүзу, рөлдік әрекеттерді орындау, кемені жөндеу, сүңгіуірлердің жұмысы. Байрақты көтеру. Портқа қайту. Майшабақ табу, аулау, керме ау бұзылды, балық кетіп бара жатыр, кеме тесілді. Жаңа зәкір түсіп, суға батады, теңіздегі өрт, көмек келе жатыр.

Ойын шарты: Кеме жасаушылар кеме құрады, матростар мачтаның үстінде, қараңғыға үңіліп қарайды, алдыға қарайтын матрос көпірдің үстінде тұр, руль басқаратын адам сейнерді жүргізеді, қайықшы керме ауды дұрыс лақтырғандығын қадағалайды. Боцман матростарға команда береді, олардың жұмыс атқарғанын қадағалайды. Сүңгуірлер теңіз түбін қарайды, зәкірді іздейді, краншылар кемеге жүк тиеді. Механик көмірдің өртенгенін хабарлайды. Дәрігер жүзу кезінде ауырып қалған жолаушыларды емдейді.

Балықшылар: торды айналдырады, теңізге тастайды, балық ұстайды, түрі мен сорты бойынша жәшіктерге салады.

Механик машиналардың жұмысын тексереді, Жолаушылар билеттерді сатып алып, кемеге отырады, қоғамдық көліктегі жүріс-тұрыстың ережелерін сақтайды;

Аспазшы жолаушыларға ас дайындайды. 

Қимылды ойын:

«Машинамен саяхат»

Мақсаты: Далада жүру ережелері және жол белгілері бойынша балалардың білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: Ойын алаңы, фишкалар.

Ойын барысы:

Балалар ойын алаңында ойнауда бастап кетті. Жол белгілерінің қасында өтіп бара жатып, тоқтап, әр белгі туралы айтып береді. Кім теңізге бірінші жетеді, сол жеңімпаз.

Сюжетті-рөлді ойын:

« Ұшқыштар»

Мақсаты: Ойында қоршаған ақиқат өмірдің оқиғаларын көрсету біліктерін қалыптастыру. Балалар арасында бірлесіп ойнау дағдыларын, рөлдерді бөлу туралы келісу біліктерін тәрбиелеу. Сюжетті-рөлдік ойынды жаңа мазмұнмен, жаңа эпизодтармен байыту арқылы жалғастыруға үйрету. Сөздік қорын дамыту, сөз сөйлеу қабілетін байыту.

Жағдаят: Ұшар алдында ұшақты тексеру. Ұшақ ұшуда.Санитарлы ұшақ боранда ұшуда.

Мұздақтағы балықтарды құтқару.Ұшақ далада жұмыс істеуде.

Тәрбиешінің іс-әректі: Диспетчер рөліндегі

жерден бақылауды жүргізеді.

Ұшақ жағдайларына байланысты бағыт беріп, SOS-дабылы арқылы аэродромдағы жұмысшылардың іс- әрекетін басшылыққа алады.

 Балалардың іс-әрекетті:

Техник ұшақтың моторынтексереді, ұшақтың ұшуға дайындығы жөнінде хабарлайды.

Жүргізуші жанармай, тыңайтқыш, азық-түліктер әкеледі.

Экипаж командирі экипаж

мүшелерінің іс әрекетін бақылапбасқарады.

Штурман навигациялық

жағдайды қарайды катамен

жұмыс істейді.

Радист балықшылар диқаншылармен рация арқылы байланысып ауа райын сұрайды.

Ұшқыш ұшақты басқарады, жерге тыңайтқыш сеуіп, балықшыларға тамақ лақтырып, дәрігер әкеледі.

Бортжолсерігі жолаушыларды ұшаққа кіргізіп орындарына жайғастырып, белбеулерді іліктіруді, кофе, газет пен журналдар, кітаптар оқуға ұсынып әкеледі.

Ұшқыштарға түскі ас дайындайды.

Дәрігер науқас жолаушыны қарап, оған көмек көрсетеді.

Балықшылар балық аулап, оларды ашық көлге алып кетеді, ұшақты байқап, оларға байрақты көтеріп белгі береді.

Жолаушы билет сатып алады, аялдамада шығып, ұшатын кезде ереже тәртібін сақтайды.

Релаксациялық жаттығу:«Теңізге саяхат»

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші:Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. 
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! - Қандай сезімде болдыңыз? - Не сезіндіңіз? Оқушылардың алған әсерлері сұралады.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Нота үйренейік          

Міндеті:-Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру

Музыка тыңдау:

«Гүлдерайым» қазақтың халық әні (өңдеген Т. Қоңыратбай).

Әнайту:

«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев),

«Білімің – бұлағың» (Т.Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтыққимылдар:

«Марш» (В. Дешевов)

Билер:

«Жұптасубиі» (чех халықәуені)

Ойындар, хороводтар:

«Сиқырлыағаш» («Дидактикалықойындар» жинағынан)

Музыка

Нота үйренейік           

 Міндеті -Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету

Мақсаты: Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Музыка сипатын анық ырғақты, ширақ жүріспен беру

Күтілетіннәтижелер:

Жасайды: шығармаларды тындайды, қарапайым күй жанрларынажыратады;ән орындайды.

Түсінеді:әнайтудағдыларын.

Қолданады:мәнерліқимылдардыорындайды

Музыка тыңдау:

«Гүлдерайым» қазақтың халық әні (өңдеген Т. Қоңыратбай).

Ән айту:

«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев),

«Білімің – бұлағың» (Т.Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтыққимылдар:

«Марш» (В. Дешевов)

Билер:

«Жұптасу биі» (чех халық әуені)

Ойындар, хороводтар:

«Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар» жинағынан)

Дене шынықтыру

Мен ойнағанды жақсы көремін

Міндеті: - арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып, кедір-бұдыр тақтай, гимнастикалық скамейка бойымен жүру

Мақсаты::арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүруДопты бастан асыра бір-біріне лақтырып, оны екі қолмен қағып алуды үйрету

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: жалпы дамыту жаттығуларын, шашырап жүруді, «Өз-өзіңе кел» психологиялық- қозғалыс жаттығуын;

Түсінеді:тізбекпен қалай жүру керектігін, екі аяқпен қалай секіру керектігін, секіру кезінде қолымен қандай көмек жасауға болатындығын;

Қолданады: 1,5 минутқа дейін орташа қарқынмен жүгіру қарқынын, жұп болып бір-біріне доп лақтыруды, тыныс алу гимнастикасын, кеңістікті бағдарлай білу шеберліктерін (машықтарын

Допты бір-біріне екі қолмен бастарынан асыра лақтыру.

Екі тізбекке, сапқа бөлініп тұрады (арақашытығы – 2 метр) (10 рет). Допты тура қолға лақтырып беруге тырысады. Лақтыру бағытын бұзбауға тырысады. Допты ширақ лақтырады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Жүгіру» (3 рет).

Шеңберге тұрып, балалардың ішінен санамақ арқылы қуалайтын баланы таңдайды. Белгі

бойынша орындықтың үстіне қашып шығады. Бір орыннан екінші орынға қашып жүреді. Сайланған бала оларды ұстауға тырысады

Дене шынықтыру

Қалай спортшы болуға болады

Міндеті: -  скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу

Мақсаты:скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: тыныс алу гимнастикасы, 4 метр артпен жүру, «Миға арналған гимнастика» жаттығуы, допты ілгері бағытта оң аяқ және сол аяқ үстінің ішкі жағымен алып жүру.

Түсінеді: таза ауа ағзаны күшейтеді, алаңда қимыл жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі, баяу жүгіргенде аяқ басына басып, қысқа қадамдар жасау керектігін.

Қолданады: баяу жүгіру дағдыларын, түрлі тәсілмен жүргенде қолдарының соған сәйкес қимыл амплитудасын қолдануды, кеңістікті бағдарлау қабілетін

«Секір-секір» (татар халқының ойыны) (4 рет)

Әртүрлі бағытта бір аяқпен секіру.

Шеңберді айналдыра құрсауларды тастайды. Балалар осы құрсау ішінде тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Жүргізуші: «Секір-секір!» дегенде, ойыншылар секіріп, орындарын ауыстырады. Осы кезде жүргізуші бір аяғымен секіріп, бос орынға тұрып алуға тырысады. Орынсыз қалған бала жүргізуші болады. Бірде-бір рет жүргізуші болмаған бала жеңімпаз саналады.

Қимыл-қозғалыс ойыны:

«Орамалды шығар» (Дағыстан халқының ойыны)

Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Араларына сызық сызылады. Әр баланың артында – белдіктерінде орамал тығулы тұрады. Балалар алдыға жылжиды. Жүргізуші: «От!» дегенде, бірінші топтың балалары қашады, екінші топтың

балалары оларды қуып, орамалдарын шығарып алуға тырысады. Келесі жолы екінші топ балалары оларды қуады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Күзгіорман

Міндеті-тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру

--тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру

- шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу

- Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету

Мақсаты:- күзгі орманның мазмұнын көре білуді үйрету. Бояумен сурет салуды жетілдіру,

 - бедерлі мүсіндеу тәсілімен таныстыру; жалпақтау, кесу, шымшу әдістерін тиянақтау, түрлі құралдарды дұрыс қолдана білуге машықтандыруды жалғастыру

- қол, саусақ қимылдарын арттыру; көркем сөйлеу тілін дамыту

- ұжымдықжұмысжасауарқылымазмұндықұрастыруғақозғаусалу

Топтық жұмыс:

Сурет салі

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру

Күз

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

 .

Серуен

Картотека  №5 

Құстарға бақылау жасау

Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың   аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар  қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.

  Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.

   Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қоюды көрсету,  түсіндіру.

Жеке жұмыс: Торғай, торғай торғайсың

   Бізге жақын қонғайсың

Көркем сөз:    

  Сауысқан – сақ құс,

 Көкек – мақтаншақ құс.

   Бұлбұл - әнші құс, 

Көгершін – бейбітшілік құсы.

 Қимылды ойындар: «Өз орыңды тап»

 Мақсаты: Ептілікке баулу.        

 (Экологиялық мәдениет)

Картотека  №6

Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа -райымен салыстыру, күздегі өгерістерді айтқызу.

 Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинау.

Мақсаты:  Өз алдына еңбектене білуге тәрбиелеп, бағыт беру.

Балалармен жеке жұмыс: «Жел»туралы тақпақ айтқызу

 Қимылды ойындар: «Ұшты-ұшты» (қимыл көрсету); «Тауық пен балапандар» (жүгіру)

Мақсаты: Ойын қимылдарын  тыңдап орындай білуге, ептіліктерін арттыру.

Көркем сөз: «Жел тынымсыз гуілдеп

  Болып кетті тым ұзақ

 Шуылдайды тал терек

 Жапырағын жұлғызып»

(Экологиялық мәдениет)

Картотека № 7

Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау

Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге

деәсер ететіндігін түсіндіру.

Еңбек:  Біздің ойын алаңы

Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды

 жинау. Еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс:

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..

Қимылдық ойын: «Фигура жасап шық »

Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру:

1. Қуаласпақ.

2. Тығылыспақ.

(Экологиялық мәдениет)

Картотека № 8

«Қайтқан құстарды бақылау»

Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту.

Еңбек: Сынған ағаш қалдықтарын аула сыпырушының арбасына салып  жинау

Мақсаты:  Құстарды қамқорлауға қызығушылықтарын арттыру.

Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар «Құйқылжытып дала күйін,

Үй ішіне салады үйін.»(қарлығаш)

 Қимылды ойындар: «Қайтқан құстар»

Мақсаты: Ойын барысын бұзбай ойнауға дағдыландыру. Құс қимылдары арқылы дене бітімдерін дамыту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Көркем сөз: «Гу‑гу, гу‑гу шықты

  Желдетті де бұлт қуды

  Жел соққан соң

 Жел соққандай жұлқынды»

(Экологиялық мәдениет)

Картотека № 9

Қоңыр күзді бақылау, салыстыру

Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау, алғашқы күзбен

салыстыру, ерекшеліктерін сұрау, қоңыр күзде күннің суық

болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын

 айту. Ағаштар жапырақтарынан ажырап, жапырақтардың да

күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.

 Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.

 Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.

 Қимылды ойындар: «Үрпек төбет»,  «Жасырынбақ» (жүгіру)

Мақсаты:  Ойын ережесін бұлжытпай орындауға, шапшаң қимылға баулу.

 Көркем сөз:       «Күз»

 Қара бұлт қабағын түйеді,

 Бұталар боз қырау киеді

 .

(Экологиялық мәдениет)

Балалармен жеке жұмыс

Балым   мен Бақдаулет  құстарды танып,атын атауға үйрету.

Асылым  мен   Мариямға түстерді ажыратуға үйрету. 

Д/ойын: «Түстерді топтастыр»

Кәусар мен Арманға   карандашты дұрыс ұстауға үйрету.

Суреттен ойын-жаттығу

«Үзік сызықтарды қос»

Ұлжан мен  Зере ермексазбен жұмыс жасауға үйрету.

 Мүсіндеуден ойын-жаттығу:«Асық»

Айлин мен Ерназарға  түстерді ажыратуға үйрету. 

Д/ойын: «Түстерді топтастыр»

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Балалардың дербес әрекетіМақсаты:

Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншық тармен, құрсаулармен

ойындарын қолдау

Ойын: «Кімнің жұмыс орыны»

Барысы:Балаларға берілген пазыл бөліктерімен  қызмет орынының бөлмесін құрастыру және сол бөлмеде жұмыс істейтің қызметкерді тауып, орналастырады

«Сызық жүргіз» ойыны.

Дәптермен жұмыс.

Шарты: үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол салыңдар

Дид.ойын: «Не жоқ?»              Қай ойыншық жоқ екенін атады

Бас бармақ әдісі арқылы қорытындылау.

Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ

Мақсаты:Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Балаларды үйге қайтару

 «Өнегелі 15 минут»

- баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
 
 «Өнегелі 15 минут»

Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.

Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар

 «Өнегелі 15 минут»

 үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 «Өнегелі 15 минут»

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

 «Өнегелі 15 минут»

 баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз  мектепке тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі  III-апта16- 20 қыркүйек  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі    16.09

Сейсенбі      17.09

Сәрсенбі     18.09

Бейсенбі       19.09

Жұма      20.09

Балаларды қабылдау

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1. « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы

 «Апта дәйексөздері»-«Жанұям - қорғаным, ата-анам - тірегім!» Мұзафар Әлімбаев

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымдыжағдайорнату

ойын «Вагондарға  дөңгелек таңдау» 

Шарты: суреттердегі вагондарға түсіне қарай дөңгелек таңдайды.

Еркін ойын: «Шкафқа жасыру»

Шарты: Шкафқа бір бала ойыншық жасырады, қалған балалар табады.

ойын: «Қайтала»

Шарты: Педагогтың артынан пішіндерді сіріңке шиімен қайталайды.

ойын:  «Ойыншықты тап» 

Шарты: Жасырылған ойыншықты табады.
 
Еркін ойын: «Сенде не бар?»

Шарты: Қалаған ойыншықтарымен бір-бірімен бөлісіп ойнайды.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Менің Қазақстаным»

Ән ұран орындау

Мақсаты:рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу

Құрылыс ойындары

«Үй жиһаздары»,

«Қуыршақтарға  үй құрастырамыз».

«Әжелермектебі»

Фотосуреттер қарастыру «Менің отбасым».

Фотосуретте бейнеленген отбасы мүшелерін атау.

«Әжелермектебі»

Саусақ ойыны  «Әжемнің  ертегілері».

Отбасылық фотосуреттерді қарастыру. Туысқандары туралы әңгімелеп беру .

«Әжелер мектебі»

Үстел үсті ойыны – пазл:

«Үйшік құрастыр»

Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.

«Әжелермектебі»

Таңертеңгі жаттығу

Таңғыжаттығукешені № 3

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Жануарлардың төлдерін  тауып, оларды атап бер»

«Мен қайда және кім болып  жұмыс істеймін»

«Менің отбасым» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру

Ана мен әжеге көмектесу  туралы әңгімелесу

Сөздік ойын

 «Қимылынкөрсет

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

1 саны және цифры

 Міндеті:-1 саны және цифрымен таныстыру; «Көп», «бір» ұғымдарын бекіту

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалдары, үлестірмелі материалдар: №1, паровоз бен вагондар №16, цифр-жолақтар №4, цифр-пазлдар №5 парақтар), ермексаз

«Сиқырлы паровоз». Үлестірмелі материалмен жұмыс (№16 парақ). – Суретте қанша паровоз бар? (Бір). Қанша вагон бар? (Бір). Саяхаттау үшін қанша машинист қажет болады? (Бір). Балалар көп ойыншықтың ішінен машинисті таңдайды. Кейіпкерлер – көп, машинист – біреу (жалғыз). 1 цифрымен таныстыру. Педагог түсіндіреді: машинист – біреу, бір санын 1 цифрмен белгілейміз. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Бір-бірден көрсетілген заттарды белгіле. Суретте қанша зат болса, ұяшыққа сонша нүкте сал. Балалар суреттерді қарайды. Жеке бір-бірден тұрған заттарды белгілейді. Суретте қанша зат болса, сонша нүкте салады. Тапсырманың орындалуын түсіндіреді: шар біреу, оған белгі саламын. 2-тапсырма. Цифрлардың үстінен саусағыңмен жүргіз. Ермексаздан жаса. Одан әрі педагог 1 цифрының үстінен саусақтарымен жүргізуді ұсынады. Саусақпен төменнен жоғары оңға қарай, тоқтамай, одан әрі солға қарай төмен түседі. 1 цифрынермексазданжасайды. №5 пазлқағазынпайдаланады (үлестірмелі материал).

Математика негіздері

2 саны және цифры

Міндеті:-2 саны және цифрымен таныстыру; сандарды ретімен айту

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалы, үлестірмелі материалдар (№1, №16 парақтар), ермексаз, цифрларды орналастыруға арналған көмекші материал

– Суретте қанша вагон бар? (Бір) – Терезе санына қарай вагонға ертегі кейіпкерлерін орналастырыңдар (суреттер алдын ала педагогпен таңдалады). Балалар ойынға қатысады. Əр вагонда екі кейіпкер саяхаттауға шыға алатындығын анықтайды. Педагог тақтаға паровозды және екі вагонды іледі. Балалар кейіпкерлерді таңдап, оларды вагонға отырғызады/орналастырады. Педагог ізденіс тапсырмаларын ұйымдастырады. – Қанша паровоз бар? – Паровозға біз қанша вагон жалғадық? Балалармен бірге дауыстап санайды, әрбіреуін таяқшамен көрсетеді. Вагондарды, вагондағы кейіпкерлерді, вагон терезелерін санайды. «Екі» сөзін дауыстап қайталайды. Одан кейін педагог ұсыныс жасайды: – Терезелерді санайық: бір, екі. Келесі вагонда: бір, екі және т.б. Əр вагонда 2 терезеден бар. Ойындық жаттығу. «Бір немесе екіден тұрған заттарды тап». Педагог заттар жиынтығынан 1 немесе 2-ден тұрған заттарды табуды сұрайды. – Сендерде неше қол, неше аяқ, неше көз, неше құлақ бар?

Екі ол – «жұп» деген түсінікпен таныстырады. Екі қолғап, екі шұлық және т.б. Мына сөздерді дауыстап қайталайды: «екі», «жұп». – Бір затты қандай цифрмен белгілейміз? (1). Қос/екі затты? (2) Педагог тақтадан 1 және 2 цифрын көрсетеді.

Математика негіздері

3 саны және цифры

 Міндеті3 саны және цифрымен таныстыру; цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 3-ке дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалы, үлестірмелі материал: № 1, № 2, паровоз бен вагондар №16, цифр-жолақтар, цифр-пазлдар (№4, №5 парақтар), ермексаз, цифрларды орналастыруға арналған көмекші материал.

Сөздікпен жұмыс: үш, сан, цифр.

1-тапсырма. Суретке қара. Қанша қыз және қанша ит екенін сана. Ұяшыққа сонша нүкте сал. – Суретте не бейнелеген? – Қыздар нешеу? Сана. Неше ит бар? – Ұяшыққа сонша нүкте сал. Балалар суреттегі заттарды санайды. Педагог ұяшыққа сонша нүкте салуды сұрайды. 2-тапсырма. Цифрлардың үстінен саусағыңмен жүргіз. Ермексаздан жаса. Тапсырманы орындар алдында QR код арқылы, цифрды таңбалау тәртібі туралы анимация көруге болады. Цифр бейнесімен танысу. Балалар цифрдың үстінен саусағымен сызып, одан кейін ауада сызып үйренеді. Ауада 3 цифрын «жаз»: кіші жарты сопақшаны солдан оңға жүргізіп, одан соң қолды үзіп үлкен жарты сопақшаны жүргіз. Ермексазбен немесе басқа материалдармен тәжірибелік жұмысты жасау.

«Шашыраңқы сандар» дидактикалық ойыны.

Педагог ойын шарттарын түсіндіреді: үш бала 1-ден 3-ке дейінгі цифрларды таңдап алады. Əрқайсысы бір саннан алуы тиіс. «Тірілер» шартты дабыл белгісі бойынша балалар бөлме ішінде жүгіреді. Жүргізушінің екінші шартты дабыл белгісі бойынша барлық сандар/цифрлар рет бойынша 1-ден 3-ке дейін солдан оңға қарай тізіліп тұрады. Одан соң әр санға жеке-жеке тапсырма беріледі: өзіндегі цифр көрсететін санға сәйкес қол шапалақтау, алға қарай сонша қадам жасау және т.б. «Тірі» цифр тапсырманы орындайды және топтың басқа баласына кезек береді. Ойыншылар ауысқан соң, ойын кері басынан басталады.

Көркем әдебиет

Кішкентай бағбан

 Міндеті: .-Кейіпкерге мінездеме беруге үйрету. Әдеби шығарманы мұқият тыңдауға баулу. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу

 Қолданылатын көрнекі құралдар: жеміс жинап жатқан балалар, екінші баланың ойын ойнап жатқан суреттері. Күзгі бақтың суреттері, интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар

«Сиқырлы қоржын» ойыны Қоржында әртүрлі жемістер бар. – Балалар, қоржында не бар деп ойлайсыңдар? Балалар қоржыннан бір-бірлеп жемістерді алады да, атын атайды. – Осының бәрін бір ауыз сөзбен қалай атаймыз? – Жемістер қайда өседі? – Бүгін Мәдіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан» әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – оқиғаны қысқа әңгімелейді.

Сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Авторы кім? – Садық бақта не істеді? – Садықты кім ойнауға шақырды? – Қалел досына не көрсетті? Садық неге бармады? – Күз мезгілінде не өсті? – Садық Қалелге әкесінің қай сөзін айтты? (Балалармен бірге қайталап оқу). – «Кішкентай бағбан» деп кімді айтамыз? – Садықтың еңбегін қалай бағалайсың? – Сен Қалелдің орнында болсаң, не істер едің? – Әңгіме қалай аяқталды? (Көп ойнай бермей, еңбек ету керек. Жер адамның еңбегін өтейді. Кімеңбектенсе, соладамеңбектіңжемісінжейді).

Сөйлеуді дамыту

Менің сүйікті ойыншығым  

 Міндеті : -«Д» – «Т» дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету; . Ойыншықтардың суретіне қарап, әңгіме құрай білуге үйрету

Дидактикалық ойын:

«Жасырынған ойыншықты тап».

Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынын түсін айтып береді

Үзіліс «Үнемді тұтыну»

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Мақсаты:Балаларды дұрыс тамақтану мәдениеті және ережелеріментаныстыру.

Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

Кез келген асты құрметтеуге тәрбиелеу.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Мектеп қызметкерлері

 Міндеті:суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға баулу

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын».

«Қуыршақтар» қоржыннан ойыншықтарды алып, балаларды «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнауға шақырады. Дүкенші – қуыршақ Сәуле, сатып алушылар – балалар. Диалог:

Бала: Сәлеметсіз бе! Қуыршақ: Сәлеметсіз бе! Бала: Маған ойыншық беріңізші? Қуыршақ: Қандай ойыншық? Бала: Ойыншық мәшине. Қуыршақ: Міне, ал. Бала: Рақмет. Қыз: Сәлеметсіз бе! Қуыршақ: Сәлеметсіз бе! Қыз: Маған қуыршақ беріңізші? Қуыршақ: Міне, ал. Бала: Рақмет. т.б. Балалар білетін ойыншықтарын алады, педагог қалған ойыншықтарды атайды, сипаттайды: жұмсақ ойыншықтар, темір ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар, резеңке ойыншықтар болады

Көркем әдебиет

Тату доспыз бәріміз

Міндеті:Достық туралы түсінігін кеңейту. Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Достарымен тату болуға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: ән айтқан балалар, ойнап жатқан балалар туралы суреттер, слайд, үлестірмелі материалдар. Сөздік жұмысы: әркез.

Балалар, бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша! Ал енді бәріміз қол ұстасып, бір-бірімізбен достықты қолдайтынымызды білдірейік. Дос болу, тату болу – адам бойындағы жақсы қасиет. Дос деп қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қуанышымен бөлісіп, әрдайым жаныңнан табылатын адамды айтамыз. Достар мейірімді, тату болады. Достар әрқашан бір біріне көмектеседі. Достар бір-бірін түсінеді, бірге ойнайды. – Бүгін ақын Фариза Оңғарсынованың достық, татулық туралы «Тату доспыз бәріміз» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). – Өлеңде достар туралы айтылған. Достар үнемі бірге жүреді. Тату достар ойыншық, кітаптарын таласпай бөліседі. Ренжіспейді, тату-тәтті ойнайды. Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Өлеңде не туралы айтылған? – Сенің досың бар ма? Досыңмен татусың ба? – Тату дос дегенді қалай түсінесің? – Дос сөзіне сөйлем құра.

Сөйлеуді дамыту

Менің сүйікті ойыншығым 

 Міндеті:  - Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.Ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға тәрбиелеу

Мақсаты:: Сұрақтарға толық жауапберуге дағдыландыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.Ойыншықтарды бөлісіп, ұжымменойнауға тәрбиелеу

Сылдырмақпен би

Қолымызда сылдырмақ

Сылдыр, сылдыр етеді. Аяғымыз тыпырлап,

 Өзі билеп кетеді.Тып, тып, тып, тып.

Тыпылдатып биге шық. Қолымызда сылдырмақ, Сыңғырлата қағамыз.

Сол аяқ пен оң аяқ Басуын тез табамыз. Тып, тып, тып, тып

Сауат ашу негіздері

Дауысты дыбыстар

 Міндеті:  -Дауысты дыбыстарды есте сақтауға арналған жаттығуларды айтқызып, тілдерін жаттықтыру

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, түрлі түсті суреттер.

«Құпия сөз» дидактикалық жаттығуы – Балалар, сендер мені мұқият тыңдауларың қажет. Мен сөздің өзін айтпаймын, бірақ сол туралы айтамын. Кім құпия сөзді тапса, сол бала 1 ұпай алады. – Ол қаладан алыста да, жақын да, да орналаса береді. Ол жердің ауасы таза, табиғаты әдемі. Онда төрт түлік малдың бәрі бар. Ол жерде адамдар қалаға қарағанда аз тұрады. – Ауыл. – Иә, балалар, бұл – ауыл. Енді келесі құпия сөзді табуға тырысыңдар. – Олар өте тату, бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды, көмектеседі. Олар көбіне бірге тамақтанады. Кешкілік бәрі жиналады, әңгімелеседі. Балалардың жауабы тыңдалады. – Дұрыс айтасыңдар балалар, мен отбасы туралы айттым.

Сауат ашу негіздері

Дауысты дыбыстар

Міндеті:-Дауысты дыбыстарды естерінде сақтауға жаттығуларды айтқызып жаттықтыру

 Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дәптері, түрлі түсті суреттер, айна.

 Суреттермен жұмыс Педагог тақаға ер, үзеңгі, ірімшік, әткеншек, өрмекші және инеліктің суреттерін іледі. Балалар әр заттың атын атайды. Педагог осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Ер – аттың үстіне адам отыру үшін ағаштан жасалған әбзел. Үзеңгі – атқа отырған адам аяғын салып отыратын темірден жасалған әбзел. Ірімшік – сүттен жасалатын тағамның түрі. Әткеншек – балалар ойнайтын ойынның түрі. Өрмекші – жәндік. Инелік – жәндік.

«Кім көп сөз айтады?» дидактикалық жаттығуы – Балалар, сендер дауысты е, і, ө, и, ә, ү дыбыстарынан басталатын сөздерді ойлап айтуларың керек, әр дұрыс сөзге бір фишкадан беріледі. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз атанады. Балаларға көмек ретінде педагог дауысты дыбыстардан басталатын бір суреттен тақтаға іледі. Мысалы: етік, ірімшік, ілгіш, із, ит, өшіргіш, өгіз, өлшеуіш, элеватор, үстел, үзеңгі, үтік, үсік, ит, ине, имек, итқұс, илеу, елік, ерін, емізік, ешкі, есік т.б.

Үлкенүзіліс «Күйкүмбірі» «Ақжауын» СекенТұрысбек

                                                                                                                     3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен танысу

Жанды және жансыз табиғат

Міндеті:--Жанды және жансыз табиғат, олардың белгілері туралы түсінік беру, жансыз және жанды табиғат нысандарын айырмашылықтарын түсіндіру

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, жұлдызшалар, жанды және жансыз табиғатқа жататын заттардың суреттері, қима карточкалар.

Бізді қоршаған табиғатта өсімдіктер өседі, жануарлар тіршілік етеді. Бұлар – жанды табиғат. Олар өмірге келеді, өседі, жетіледі , көбейеді, тіршілігін тоқтатады. Жанды табиғатқа жататын да ауамен дем алады. 2-слайд. Жансыз табиғатта бұл қасиеттер жоқ. (Балалар суреттегі жансыз табиғатқа жататын заттарды атайды, неге «жансыз» деп аталатынын пайымдайды: «Күн, тас, тау, топырақ, құм, су жансыз, өйткені олар тыныс алмайды, қоректенбейді, өспейді, көбеймейді»). Адам қолымен жасаған заттар да жансыз табиғатқа жатады, өйткені оларды жасау үшін адам табиғи заттарды пайдаланады. Балалардың пайымдауы: «ЖиҺаз, киім, үй – бәрі жансыз табиғатқа жатады, өйткені үй құрылысына жансыз табиғи заттар – құм, тас, ағаш т.с.с. заттарды пайдаланады. Адам жанды табиғатқа жатады, табиғаттың бір бөлігі». Педагог қысқаша қорытынды жасайды: «Табиғат – адамның қатысуынсыз пайда болған және барлық жанды табиғат бөліктері өмір сүре алатын жаратылыс».

Қазақ тілі

Менің ойыншықтарым

 Міндеті:Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып құрастыруға баулу

Ойын «Кім жылдам?» . Педагог екі балаға тапсырма береді, олар жылдам сол тапсырманы орындаулары керек. Мысалы резеңке, кішкентай аю ойыншығын әкел. Үлкен, жұмсақ қоян ойыншығын әкел. Сәуле балаларға сұрақ қояды: Ойыншықтармен қалай ойнау керек? Балалар өз ойларын айтады. Педагог шағын мәтін құрайды. Біздің топта ойыншықтарымыз көп. Ойыншықтар ойын бұрышында түрады. Ойыншықтарды жинау керек. Тап-таза ұстау керек. Оларды жуу керек. Ойыншықтардысындырмай, лақтырмайойнау керек

Сауат ашу негіздері

Дауысты дыбыстарды бекіту

Міндеті:-Сөздегі дауысты дыбыстар туралы түсініктерін бекіту.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дәптері.

«Кім көп сөз айтады» дидактикалық жаттығуы – Балалар, сендер дауысты дыбыстарынан басталатын сөздерді ойлап айтуларың керек, әр дұрыс сөзге бір фишкадан беріледі, кім көп сөз айтса, сол – жеңімпаз. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерге қара. Ата. Құрамында дауысты «а» дыбысы бар затты сары қарындашпен, дауысты дыбысы «е» бар затты қызыл қарындашпен қос. Педагог балалармен бірге тапсырмаларды талқылайды. Заттарды атайды, «а», «е» дауысты дыбыстары бар заттарды анықтайды. 2. Дауыстыдыбыстанбасталып, дауысты дыбыстан аяқталатынс уреттерді қорша

Қоршаған орта

Жабайы жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістер

 Міндеті. Жануарлардың тіршілігіндегі күзгі, қысқы өзгерістері және тіршілігімен таныстыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, жануарлар мен аңдар бейнеленген ашықхаттар, жаңғақтар, жемістер, тиін, қоян, аю, түлкі муляждары.

Педагог балаларға орманға саяхат жасауды ұсынады, интербелсенді тақтадан «Кәне, кімнің бойы ұзын, паровозы пойыздың» әні шырқалады. 1-аялдама: «Жұмбақтар аялдамасы». Ер Төстіктің жұмбақтарын шешеді. Бұтақтан бұтаққа шапқылап Мамық жүнді тоны бар, Ұлпа құйрық тұр қарап. Кішкентай орман тұрғыны, Ауыстырғанға ол құмар. Қыста кисе ақ тонын, Қызғылт сары, төсі ақ. (Тиін) Жазда сұры табылар. (Қоян) Тал шыбықтай бұралып, Ат қойсақ оған «Қорбаңбай» Кербез, сұлу қу бикеш. Ұнай ма саған, балақай? Алдыңнан шықса қуланып, Қойнында оның таңқурай, Аңтарылып қалма еш. (Түлкі) Жинайды жидек жай тұрмай. (Аю) Балалар жұмбақтарды шешіп, үстелде тұрған орман макетіне тиін, қоян, аю, түлкіні орналастырады. 2-аялдама: Жануарлар мен аңдардың қысқа дайындығы туралы әңгімелейді. Бейнебаян: «Қаһарлы қысты қарсы алу үшін орман жануарлары күздің басында дайындық жұмыстарын бастайды. Өздері ін қазады, азық қорларын дайындайды. Тиіндер мен қояндар түлейді. Олар жазғы тондарын қысқы тондарға ауыстырады. Аю жаз бойы орманды аралап, піскен жидектерді, жаңғақтарды жейді, қысқа дайындалып, семіреді. Алғашқы қар жауғанда, апанына кіріп алып, ұйқыға кетеді. Қасқыр мен түлкі қыста ұйықтамайды, күзде қор дайындамайды, аң аулайды. Күздің аяғында орманда тыныштық орнайды. Неліктен? Құстардың дауыстары естілмейді, олар жылы жаққа ұшып кеткен. Отырықшы құстар ғана қалған

Дене шынықтыру

Доппен ойнап, көңіліңді көтер

 Міндеті:допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып ал

1.допты бір қатарға қойылған  кегли арасымен домалату.2-3 рет

2. допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу. 2-3 рет 

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен лақтар» (4 рет).

Шарты: қарама-қарсы жаққа тек белгіден кейін жүгіру қажет. Залдың бір шетінде сап түзеп тұрады. «Қасқыр» зал ортасында орналасады.

«Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке-ақ.

Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп».

                                                                                            Үзіліс : ҮзілісЖүгіругеарналғанойындар« Көбелектербақалар» 

Ойын:  «Алыптар мен ергежейлілер»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Арнайы сызықпен қоршаған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. “Алыптар” мен “қуғыншымын” қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі, “ергежейлілер” жүгіреді.

Ұсыныс: Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы, ойынды әрі қарай жалғастырады.

Ойын: « Көбелектер бақалар»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ойын барысы: Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады. 

Ұсыныс: ойында  көбелектер,  бақалар болып балалар ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады.  

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Көңілді ырғақтар     

Міндеті: -Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру

«Вальс» (Қ. Шілдебаев), «Полька» (М. Красев), «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев)

Ән айту:

«Мен өнерлі баламын» (М. Омаров)

«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің таңдауымен)

Билер: «Жұптасу биі» (чех халық әуені)

Ойындар, хороводтар:

«Ән салған кім?» (А. Райымқұлова)

Күзгі орманда

 Міндеті: - модульдер үстімен (із салынған парақтар, арқан т.б.) тепе-теңдік сақтап қалай жүру керектігін, күзгі табиғаттың кереметтігін түсіндіру

Бөрене үстінде еңбектеу барысында қол мен аяқтарын үйлестіріп қозғауға үйрету.

«Сілеусін» жаттығуы: бөренеден түсу.

2 метр арақашықтықта бір-біріне доп лақтыру шеберліктерін (машықтарын) бекіту, доптың ұшу бағытын бақылап, ұшып келе жатқан допты қолды бүгіп, қағып алуға үйрету. Нұсқау – ұшып келе жатқан допты қолды шынтақтан бүгіп, саусақтарын ашқан күйде қағып алу.

Тепе-теңдік: модульдер үстімен (із салынған парақтар, арқан т.б.) тепе-теңдік сақтап жүруге жаттықтыруды жалғастыру

Дене шынықтыру

Дене қабілеттерін дамыту

 Міндеті:2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу». Шашырап жүреді, жүгіреді, педагогтің бұйрығымен жерден асықтарды алады.

Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. (5рет)

«Асық лақтыру» – дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, көлбеу қойылған нысанаға асықтарды лақтыру (арақашықтығы – 2,5 метр). Құрсаулардың (4 құрсау) айналасында тұрады, құрсау жанында асықтар жатады. Балалар асықтарды алып, құрсау ішіне лақтырады. «Қазанға» көп асық тастаған бала жеңімпаз атанады.

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінен сәл ашық қойылады, оң аяқты арт жаққа жіберу, оң қол шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында. Асықты лақтырғанда оң қол төмен түсіріліп, төмен, артқа жіберіледі. Асықты қолды алдыға созып, сонан соң жоғары көтеріп лақтырады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру, құрастыру)

Тостаған

Міндеті:-Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу

- Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын мүсіндеу

- Жапсырудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану

- Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ыдыстарын құрастыру

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру

 .

Серуен

Картотека № 9

Қоңыр күзді бақылау, салыстыру

Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау, алғашқы күзбен

салыстыру, ерекшеліктерін сұрау, қоңыр күзде күннің суық

болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын

 айту. Ағаштар жапырақтарынан ажырап, жапырақтардың да

күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.

 Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеру.

 Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.

 Қимылды ойындар: «Үрпек төбет»,  «Жасырынбақ» (жүгіру)

Мақсаты:  Ойын ережесін бұлжытпай орындауға, шапшаң қимылға баулу.

 Көркем сөз:       «Күз»

    Қара бұлт қабағын түйеді,

    Бұталар боз қырау киеді

(Экология мәдениеті)

Картотека № 10

«Өзге топ балаларының іс-әрекеті »

Мақсаты: Балалардың назарын өзге топ балаларының іс-әрекетіне аудартып, балалардың қалай ойнайтындарын, өздерін қалай ұстайтындарын бақылау арқылы балаларды қырағылыққа, үлгі алуға баулу.

Еңбек: Ауладағы ағаштардың сынығын, жапырақтарын жинау.

Мақсаты:  Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 Балалармен жеке жұмыс: Жұмбақтар жасыру.

Ағайынды бес құрдас

Бірдей болып еш тұрмас (саусақ)

Қимылды ойындар: «Жай жүгіріп өт»

Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету. Балаларды икемділікке баулу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көркем сөз: 1. Есігі-біреу          2.Адамның сәні

  Бөлмесі бесеу       

 Онсыз жоқ мәні

           (қолғап)        (киім)

(Экология мәдениеті)

Картотека № 11

 Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін шарты, будақ,қабатты бұлииарды ажырату .

Еңбек : Үлкендердің көмегімен ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып. (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Қимылдық ойын: «Соқыр теке»

Дербес ойындар:

1. Әткіншек тебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

(Экология мәдениеті)

Картотека № 12

 Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: « Таза алаң » .

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу. Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов « Күшік » .

Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Үреді үйшікте,Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,Біреуі сары ала

Біреуі ақ, бәрінің жұмысы біреу-ақ: Үреді абалап

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи»

    Балалардың өз бетімен ойнауы:

        1. Әткеншек тебу.

         2. Допты қуалау 

(Экология мәдениеті)

Картотека № 13

Күзгі жапырақтарды бақылау

Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.

Еңбек: Жапырақтардан гүл шоғын жасау

Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті,

әдемілікті сезіне білуге талпындыру.

Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік

қорын дамыту.

Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей

Қимылдық ойын:  «Күн мен түн»  «Өз орныңды тап»

   Мақсаты: Ептілікке баулу. »

        Балалардың өз бетімен ойнауы: 1.Әткеншек тебу

                                                                2.Қуаласпақ

(Экология мәдениеті)

Балалармен жеке жұмыс

Кәусарға  Р дыбысты  дұрыс дыбыстауды қалыптастыруға  жұмыс жасау.

Мединаға  Шдыбысын дұрыс дыбыстауды қалыптастыруға  жұмыс жасау.

Нұржанға  5-ке  дейін кері қарай санауды бекіту. Геометриялық пішіндерді дұрыс атап, ажырата білуге үйрету

Айжанға «Ойыншықтар» өлеңін   тыңдап,  «ойыншықтар» сөзін  дұрыс  айтуға , «ойыншықтар»  туралы  әңгіме  құрастыруға үйрету.

Қадишаға жыл мезгілі туралы білімін жетілдіру

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Алтын қақпа»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

« Құнан шабысы»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Арқан тарту»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

 «Оқтау тартыс»

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Көкпар»

Мақсаты:-балаларды ойын ережесін дұрыс орындауға үйрету, ептілікке ,шапшаңдыққа тәрбиелеу

Балаларды үйге қайтару

 «Өнегелі 15 минут»

- баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
 
 «Өнегелі 15 минут»

Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.

Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар

 «Өнегелі 15 минут»

 үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 «Өнегелі 15 минут»

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

 «Өнегелі 15 минут»

 баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз  мектепке тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі1V-апта     23- 27  қыркүйек  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі    23.09

Сейсенбі       24.09

Сәрсенбі    25.09

Бейсенбі         26.09

Жұма        27.09

Балаларды қабылдау

«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1. « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы

    «Апта дәйексөздері»-«Ақырынжүріпанық бас, еңбегіңкетпесдалаға!» Абай Құнанбаев

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Пж ойын: «Вагондарға  дөңгелек таңдау» 

Шарты: суреттердегі вагондарға түсіне қарай дөңгелек таңдайды.

Еркін ойын: «Шкафқа жасыру»

Шарты: Шкафқа бір бала ойыншық жасырады, қалған балалар табады.

Пж ойын: «Қайтала»

Шарты: Педагогтың артынан пішіндерді сіріңке шиімен қайталайды.

Пж ойын:  «Ойыншықты тап» 

Шарты: Жасырылған ойыншықты табады.
 
Еркін ойын: «Сенде не бар?»

Шарты: Қалаған ойыншықтарымен бір-бірімен бөлісіп ойнайды.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардыңдербесәрекеті (баяуқимылдыойындар, үстелүстіойындары, бейнелеуәрекеті, кітаптарқараужәнетағыбасқаәрекеттер)

«Жаңғақтармен ойын »

Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды.

Саусақтарға арналған гимнастикалық жаттығулар:

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: 

Тілді жаттықтыратын тақпақ

Кім келді?

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым бұл сен бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жан ұя

Иә, иә, иә!

Ойын: «Айдаһардың құйрығы» 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады

Таңертеңгі жаттығу

Таңғы жаттығу кешені № 4

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Менің Қазақстаным»

Ән ұран орындау

Мақсаты:рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу

Пікір алмасу сұрақтары:

 Өзіңнің мектебіңнің ауласында қандай өсімдіктер өседі?

 .

 Қарға қалай дыбыстайды?

Балалар қарғаның дыбысын келтіреді.

Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі.

  Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттегі оқу құралдарын ата!

Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

Мектеп сендерге ұнай ма?Мектептен не үйрендіңдер?

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

4 саны және цифры

 Міндеті:4 саны және цифрымен таныстыру; цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 4-ке дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, үлестірмелі материалдар: №1, паровоз және вагондар № 16 парақ, цифр-жолақтар, цифр-пазлдар (№ 4, № 5, № 8 парақтар), цифрлар, ермексаз, цифрларды орналастыруға арналған көмекші материал.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс (№ 16 парақ). Педагог вагондармен ойналатын ойындық жағдаяттарды жалғастыруын ұсынады. Бұл тәсіл сандар қатарында келесі санның пайда болуын түсінуге ықпал жасайды. Педагог паровоз және үш вагонды көрсетіп қояды. Оған төртінші вагонды жақындатады. Үлестірмелі материалдың № 16 парағын пайдаланады. – Паровозда қанша вагон бар? (Үш). Оған тағы біреуін жалғайық! Вагондар саны қанша болды? (Балалар дауыстап санайды: бір, екі, үш, төрт.) 4 цифрымен танысу. 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде белгілейміз. Цифрды көрсету. Педагог 4 цифры туралы өлең шумақтарын оқиды. Ұқсастығын табады Зер салғандар мынаған: Тура «Төрт» боп қалады. Орындықтар құлаған. Елубай Отарұлы

Математика негіздері

5 саны және цифры

Міндеті5 саны және цифрымен таныстыру; цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 5-ке дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалы, үлестірмелі материалдар (№1, №4, №6, №10, 16-парақтар), цифрлар, ермексаз, цифрларды орналастыруға арналған көмекші материал.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс (№16 парақ). Педагог вагондармен ойналатын ойындық жағдаяттар сериясын жалғастыруына болады. Бұл тәсіл сандар қатарында келесі санның пайда болуын түсінуге ықпал жасайды. №16 парақтағы үлестірмелі материалды пайдаланады. – Паровозда қанша вагон бар? Оған тағы біреуін жалға! Вагондар саны қанша болды? Педагог 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Вагондар саны -5. Цифрмен танысу. 5 цифрын 5 санының таңбасы ретінде белгілейміз. Цифрды көрсету. Педагог 5 цифр туралы өлең шумақтарын оқиды. Педагог цифр бейнеленген карточканы көрсетеді. Бас бармағым – əкем, Балаң үйрек – шешем, Ортақ тірек – ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Математика негіздері

Мен 5-ке дейін санаймын

Міндеті:1-ден 5-ке дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету

Құрал-жабдықтар мен материалдар: №1 жұмыс дәптері, санау материалы, үлестірмелі материалдар (№1, №4, № 5, № 6, № 8 парақтар).

Педагог ақ парақ бетіне өз алақанын жиектеп сызып, әр саусаққа бет бейне салуды ұсынады. Сурет салынған соң саусақтарды санауға болады. Бірінші саусақ – ата, Екінші саусақ – əже, Үшінші саусақ – əке, Төртінші саусақ – ана, Бесінші саусақ – бұл мен! Таныстық отбасыммен! Педагог 1-тапсырманы жұмыс дәптерінде орындауды сұрайды. Суретте қандай және қанша зат бейнеленгенін сана. Сонша нүкте сал. Нүктелерді сәйкес цифрмен сызып қос. Жолды өту кезінде, жол жүру ережесін сақтау керектігі туралы әңгіме жүргізеді. Суретте не бейнеленген? Əртүрлі заттардың әрқайсысын санайды. Педагог дәптер ұяшықтарына сонша нүкте салуды және карточкаларды цифрлардың суретімен сызып қосуды сұрайды.

Көркем әдебиет

Мақтақыз бен мысық

Міндеті:-Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Жанашырлыққа тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: Мақтақыз, мысық, сиыр, ағаш, су, дүкенші, тауық, жұмыртқа, қыздар, тышқанның суреттері. Ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, слайд, үлестірмелі материалдар.

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық) – Мысық қалай дыбыстайды? Ол нені жақсы көреді? – Бүгін мысықтың басынан өткен оқиға туралы «Мақтақыз бен мысық» атты қазақ халқының ертегісімен танысамыз. Ертегінің әңгімеден айырмашылығы – ертегі ойдан, қиялдан құрастырылады. Педагог ертегіні оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). – Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Слайд көрсету) Ертегідегі мысық пен Мақтақыздың әрекеті туралы сурет.

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі не туралы? Мақтақыз не тауып алды? – Мақтақыз мысықты не үшін жазалады? – Мысық қатық алу үшін қайда барды? – Жапырақ қайда өседі? – Мысық дәнді қайдан алды?

Сөйлеуді дамыту

Күзбояуы   

Міндеті: - сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану

Күз  бояуы   (жаттау)

Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма,

Шолып едім ақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан,

 Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Таза жездей жинаған,

Сары бояу айналам.

Үзіліс  

Артикулыциялық жаттығулар:

Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!

Мен үйдемін. Қауіпсіздік сабағы

Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы

түсінік беру.

Міндеттері: а) Үйдегі қауіпті заттармен, қауіпсіздік

жағдайлармен таныстыру.

ә) Олардан сақтана білуге үйрету арқылы қорғаныш

дағдыларын дамыту.

б) Әр балаға өзін-өзі қорғай алуға тәрбиелеу.

                                                                                                            2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Менің сүйікті ойыншығым   

Міндеті:   сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу         

Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог шағын мәтін құрайды. Қазір жылдың күз мезгілі. Күзде жапырақтар сарғаяды, түседі. Сондықтан алтын күз деп айтады. Күзде салқын болады. Жаңбыр жауады. Күзде кұстар ұшып кетеді. Күз айлары: қыргүйек, қазан, қараша. Қима материалдармен жұмыс. Мынау – жапырақ. – Мынау не? – Мынау – жапырақ. – Жапырақ сары. – Жапырақ қандай? – Жапырақ сары. – Алтын күз. – Қандай күз? – Алтын күз. Балалар сөздерді, мәтінді қайталайды

Көркем әдебиет

Жемістер жыры

 МіндетіЖемістер туралы түсінігін кеңейту. Басқалардың пікірін тыңдай білуге баулу. Бақылағыштыққа тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз туралы суреттер, жеміс түрлері, муляждар, слайд, үлестірмелі материалдар

Аспай піскен

 Қайнамай түскен.

Ол не? – Жемістің қандай түрлерін білесіңдер? (Жеміс) – Жемістер қайда өседі? Алманың, өріктің дәмі қандай? – Сен қай жеміс түрінің дәмін білесің? – Бүгін ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: нарттай – піскен қызыл өріктің түсі уылжыған – әбден піскен жеміс Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңде қандай жеміс туралы айтылған? – Алманың, өріктің түсі, дәмі қандай? Пішіні неге ұқсайды? – Саған қандай жеміс ұнайды? – Неліктен жемістерді жақсы көресің? – Алма қатты ма, жұмсақ па? Түсі қандай болады? – Ал өрік қандай, үлкен бе, кіші ме, түсі қандай? – Осы жемістерді күтіп-баптасақ, мол өнім аламыз. «Еңбек – бәрін де жеңбек» деген мақал бар. Еңбектің арқасында мол өнім, жақсылық та, қуаныш та, байлық та – бәрі болады. Дидактикалық ойын: «Дәмін тат» (баланың ойлау қабілетін дамыту). Шарты: ойынға қатысушылардың көзін кезекпен байлап, кесілген дайын жемісті аузына салады. Бала қандайжемістіңдәміекенінайтады.

 Сөйлеулі дамыту

Күзбояуы   

 Міндеті: бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау

Дидактикалық ойын: «Кімде не бар?»

Ойын шарты: Бір бала қолына жасырған затты сипаттайды. Сипатталған затты қалған балалар табу керек.

Педагог:

Балалар, сендер дүкенге барғанда әртүрлі заттарды, жаңа айтқан жемістермен

көгөністерді көресіңдер. Сол заттарды сатып алуға болады. Ал сатып ала алмайтын заттар да бар екен. Сендер дәптермен жұмыс жасағанда көресіңдер.

Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырма бойынша орындалады.

Балалар, сендер күз мезгіліндегі ерекшеліктерді жақсы біледіекенсіңдер.

Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстардың жасалуы

 Міндеті:Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын суреттерді таба білу қабілеттерін дамыту

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дәптері, қызыл – көк фишкалар,

«Қайтала»(доппен) дидактикалық ойыны – Балалар, мен сендерге допты лақтырып, бірінші дыбысты айқынырақ айтып, сөздер айтамын, ал сендер сол айқынырақ айтқан дыбысты дәл мен сияқты бәрімізге естілетіндей етіп қайталап, допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: тттиін(т), қққасқыр(қ), бббаққа(б), вввагон(в), ғғарыш(ғ), дддоп(д), жжжалбыз(ж), зззәкір(з), ккккітап(к), лллақ(л(, мммақта(м), нннан(н), сссағыз(с), т.б. – Балалар, осы дыбыстарды айтқанда не байқадыңдар? Дыбыстарды айту оңай болды ма? – Ауыздан шығатын ауаға кедергілер жасалады екен. – Ал ол кедергілер нелер? (Ерін, тіл, тіс т.б.) – Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, тіс, т.б.) бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыз дыбыстардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары. Кәне, барлықтарың айнаны алып қараңдар да, менің артымнан қайталаңдар: «Қ», «Т», «М». Осы дыбыстарды әндетіп айтып көрейік. Айтылады ма екен әндетіп? Неге? Өйткені бұлар дауыссыз дыбыстар, дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтылуға келмейді, олар қысқа да нақты айтылады. Дауыссыз дыбыстар тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысуы арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік?

 Міндеті:Жаңылтпаштарды жаңылмай жылдам айтуға дағдыландыру

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дәптері.

«Күрекше», «Ин»,«Төбешік» «Түтікше» «Сөзге сөз қос» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сендерге сөз айтып, сурет көрсетемін, сендер сол сөзге дауысты дыбыстан басталатын суреттегі сөзді қосуларың керек. Мысалы: қызыл ... (алма), ыстық ... (от), әдемі ... (әтеш), темір ... (ыдыс)т.б. – Балалар, бүгін мен сендерге жаңылтпаштар туралы айтып беремін. Жаңылтпашты жаңылмай айта білген бала шешен де, ұтымды сөйлеуді меңгереді. Логикалық ойлау қабілеттері жетіледі. Сонымен қатар жаңылтпаш айта білген баланың тіл байлығы дамып, күрделі сөздерді қиналмай айта білуге дағдыланады. Ал жаңылтпаш табиғат, жан-жануарлар, құстар мен жәндіктер туралы әртүрлі тақырыптарда болады. «Қай дыбыс қайталанды?» дидактикалық жаттығуы Асан бақша жақтан Ақ сабақты асқабақ әкелді. Басқа жақтан Басқарақ асқабақ әкелді. – Балалар, осы жаңылтпашта қай дыбыс жиі естіліп тұр? – А дыбысы. – А дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? – Дауысты дыбыс

Үлкен үзіліс:«Күй күмбірі» - «Адай»  НұржанТәжікенов

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Заттар әлеміне саяхат

Міндеті:-Заттар әлемі туралы түсініктерін бекіту, заттардың адам өміріндегі маңызы туралы көзқарастарын кеңейту

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, қарындаштар, пластик ыдыстар, су, жұмыс дәптері

Педагог балаларды жанына шақырып, заттарды көрсетеді, балаларға «Менің...» деген тіркесті қосып атауды өтінеді. Орамал – менің орамалым. Қалам – менің қаламым т.б. Бұлардың ортақ атауы заттар және олардың күнделікті өмірде қажет заттар екенін айтады. Жаңа заттардың күн санап көптеп пайда болатындығы, олар адам қолымен тұрмыстық қажеттіліктерді жеңілдету үшін жасалатындығы да айтылады. – Біз қазір заттардың шығу тарихын білу үшін Қырағымен бірге әлем музейлеріне саяхаттаймыз. (Шыққан суреттердің барлығы ежелгі және қазіргі баламасымен бейнеленген). Интербелсенді тақтадан сіріңкенің суреттері шығады. – Сіріңке – шамамен екі ғасыр бұрын ойлап табылған зат, ол тұтандырғышты ауыстырды.1826 жылы британдық дәріханашы Джон Уокер алғашқы үйкеліспен тұтанатын сіріңкелерді ойлап тапты. Сіріңке болмаса, отты қалай тұтандырамыз? Балалардың пайымдаулары тыңдалады. Интербелсенді тақтадан қаламның суреттері шығады. – Жазатын қаламдардың көне тарихы бар. Қытайда қолданылған қылқалам алғашқы қалам деуге болады. Қалам болмаса жазуды қалай жазамыз?

Қазақ тілі

Алтын күзМіндеті:  Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге ынталандыру

«Дүкен» ойыны.

Қима материалдармен жұмыс. Көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау. Санамақпен сатушыны таңдайды. Балалар дүкенге келеді. Диалог: – Сәлеметсіз бе! – Сәлеметсіз бе! – Маған қияр беріңізші. – Алыңыз. – Рақмет. Сау болыңыз. Ойынды күрделендіруге болады. Балалар көгөністі сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс екенін табады.

Қоршаған ортамен танысу

Отбасындағы мерекелер мен дәстүрлер

 Міндеті:-Отбасылық мерекелер, отбасылық дәстүрлер туралы білімдерін кеңейту

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: интербелсенді тақта, үлестірмелі материал, ыдыс-аяқтар, құрастырмалар, жұмыс дәптері, қарындаштар.

Педагог балаларды ортаға жинау үшін қоңырау соғады. Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасады. «Менің отбасым» ойыны (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). – Балалар, әр отбасының айырмашылығын мен ұқсастығын атаңдар. – Барлық отбасында ең жақын туыстар тұрады. Барлық отбасы үй-жайларда тұрады. Барлық отбасы мүшелерінің тегі, аты-жөні бар. – Барлық отбасы мүшелері бір-біріне қамқор болады. – Әр отбасы мүшелерінің саны әртүрлі болады. Әр отбасының өз тегі, аты-жөні болады. Барлық отбасы ұлтына, салт-дәстүрлері, тұрып жатқан еліне қарай бөлінеді. Әр отбасының өзіндік дәстүрі бар. – «Отбасылық дәстүрлер, отбасылық мерекелер» дегенді қалай түсінесіңдер? Отбасы мүшелері бірігіп орындайтын шаруашылық жұмыстар, отбасылық демалыстар, отбасылық мерекелер «отбасылық дәстүрлер» деп аталады. Оларды бүкіл отбасы аналарымен, әкелерімен, әпкелерімен, ата-әжелерімен бірге тойлайтындықтан, оларды әдетте отбасылық дәстүрлер деп атайды. Отбасылық дәстүрлер – отбасында қабылданған, отбасында сақталатын мінез-құлық ережелері. Мысалы, отбасында қонақты қарсы алу дәстүрі бар

 Дене шынықтыру

Бізәртүрліміз

Міндеті:  -  Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу

.

Гимнастикалық қабырғаның жоғарғы жағына дейін біраттас тәсілмен өрмелеуге үйрету, қол мен аяқ қозғалыстарының үйлесімділігін дамыту. Алма-кезек адымдап өрмелеу, тепкішектерден дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасына басты назар аудару қажет. (4 рет

Үзіліс: «Үнемді тұтыну»  Суды тұтыну  Біртұтас тәрбие

Мақсаты:
Білімділік: Судыңтабиғаттағыжәнеадамөміріндегімаңызытуралытүсінік беру. Құрлықтажәне суда тіршілікететінжануарлардыңайырмашылығынүйрету. Судыңерекшелігіне, қажеттілігінежәнеқасиеттеріментаныстыру.
Дамытушылығы: Балалардысөйлетуарқылытіліндамыту. Ойындаройнатып, қызығушылығынарттыру. Жануарлардыңаттарын, олардыңтіршілігітуралытүсіндіруарқылызейіндеріндамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатқақамқорлықпенқарауға, суды таза сақтауға, лас қоқыстастамауға, ұқыптылыққатәрбиелеу.

Су және суда тіршілік ететін жануарларды таныстыру.
- Адамға, өсімдікке, жануарларға тіршілік ету үшін не қажет екен?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Су - түссіз, дәмсіз, иіссіз, сұйық, мөлдір болады. Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет. Сусыз ас дайындау да мүмкін емес. Суды ішеміз, сумен жуынамыз, кір жуамыз. Суды үнемді пайдалану керек. Суды ретсіз шашып, ысырап етуге болмайды.
Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Суды тамақ пісіруге, ішуге, кір жууға, бояуларға қосуға, тіпті судан электр қуатын өндіреді.
Суда тіршілік ететін жануарлар да бар. Су олар үшін мекені. Жануарлар да суда шомылады. Өсімдікпен қоректенеді. Ал өсімдік сусыз өспейді

                                                                                                   4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Біздің аспаптар   

Міндеті:    Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен таныстыру

Мақсаты: -. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау

Ән айту:

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

«Мен өнерлі баламын» (М. Омаров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (В. Дешевов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмырқылыш»,

«Жұптасу биі» (чех х.әуені)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай)

Менің сүйікті жануарларым

Міндеті:оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру

Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру, қол мен аяқты қозғау (айналдыра және тік, адымдарды алмастырып секіру) үйлесімділігін жетілдіру

Дене шынықтыру

Зейінді боламыз

Міндеті: -Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру; скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру

 Тепе-теңдік сақтау – беті сүргіленген бөрененің үстімен оң-сол жанына қарай қырындап (сүйем қадам жасап) жүріп өту. (4 рет)

Жүрген кезде қолдарын түрлі сәйкес тәсілдермен ұстау ұсынылады.

Жерден көтерілген бөрененің үстімен жүріп өтуде динамикалық тепе-теңдік сақтау –

денені түзу ұстау, еңкеймей басын жоғары ұстап, алға қарап, аяқты алдымен басын басып, сосын толық табанына басу керектігіне басты назар аудару керек

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Жаңбырлы күн

Міндеті:  -Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару

-Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу

- жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

- Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Картотека №14

  Тұманды күнді  бақылау.

Мақсаты: Тұман кезінде  маңайындағы үйлердің 

көрінбеуін неліктен  тұманған себептерін айтып түсіндіру.

Жеке жұмыс:  Жұмбақтар шешу.

Көл жағалай көктемде

Көлбеңдейді көк перде (тұман)

Еңбек:  Ойын алаңындағы  ойыншықтарды  қорапшаға салу.

Мақсаты: ұқыптылыққа  мұқияттылыққа үйрету.

Қимылды ойын: “Ұшты-ұшты”

Мақсаты:  Ойлау қабілеттерін дамыту.

Көркем сөз:

Күзім –ау, күзім –ау

Мінезің бұзық ау

Картотека №15

 Жапырақтардың  ұшып жүргенін  бақылау.

Мақсаты: Балаларға  жапырақтар желмен ұшып  жұргені  туралы  білім беру.

Жеке жұмыс:  Жұмбақ шешу.

Жазда тұрып  жоғары

Күзде  жерге қонады (жапырақ)

Еңбек: Ұшып  жүрген  себетке  жапырақтарды жинау.

Мақсаты: Балаларды  тазалыққа  баулу.

Қимылды ойын: “Тез жина

Мақсаты:  Еңбек сүйгіштілікке баулу.

Көркем сөз:

 Тақпақ айтқызу.  Ж. Смаков «Жау, жаңбыр»

Жаңбыр , жаңбыр жауасын,

 Жанымызға дауасын.

(экология мәдениеті)

Картотека №16

 Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты:  Күзде  жәндіктер қысқа қалай  дайындалады. Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

Қимылды ойын:  «Автомобильдер»

Мақсаты: балаларды ұйымшылдықққа тәрбиелеу.

Ойын шарты:  Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды

(экология мәдениеті)

Картотека №17

  Ауа- райын  бақылау

Мақсаты: Ауа- райының  құбылысын бақылай  отырып, күннің суыта бастағанын айтып түсіндіру.

Жеке жұмыс:  Тақпақ жаттау

Қарашы, күз келді, күз келді

Сары алтын  жауыпты іздері

Еңбек: Жапырақтармен  кішкентай бұталарды жинастыру.

Мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойын: допты домалату.

Мақсаты:  Қол –бұлшық еттерін  домалату.

Дербес іс-әрекеттер.

(экология мәдениеті)

Картотека №18

Аула маңындағы шалшық  судың  мұздап  тұрғанын  бақылау

Мақсаты: Балаларға  күз  мезгілінде  сулардың  неліктен  қатып тұрғанын  түсіндіріп беру.

Жеке жұмыс:  Жұмбақ шешу.

Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен (су)

Еңбек: Әдемі  жапырақтарды жинап  тәрбиешіге беру.

Мақсаты: әдемілікке баулу.

Қимылды ойын: “Ит пен мысық” .

(экология мәдениеті)

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Омпы»

Мақсаты:шеберлікке,шешімдікке,батылдыққа тәрбиелеу

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Атбақыл»

Мақсаты:ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру,ептілікке,шапшаңдыққа баулу

 «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Көтермек»

Мақсаты:қазақтың салт дәстүрі мен ұлттық ойын арқылы балаларды тәрбиелеу

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Арқан тартыс»

Мақсаты:қазақтың салт дәстүрін,әдет ғұрпын,елін,жеріне сүйіспеншілігін арттыру

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

«Тақия тастаамақ»

Мақсаты:жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа баулу.

  Жеке жүмыс

  Балаларға өз отбасыларының дәстүрлері туралы

сюжет салуды ұсынады

Қандай геометриялық фигураларды білесің?

Қағаз үлгі дегеніміз не?

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы,сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану

Үй жануарлары тіршілігі үшін қажетті жағдайларды атап бер?

Бақдәулет  пен Әлішерге  түстерді ажыратуға үйрету. 

Д/ойын: «Түстерді топтастыр»

Балаларды үйге қайтару

Өнегелі 15 минут

- баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
 
Өнегелі 15 минут

Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.

Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар

Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Өнегелі 15 минут

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз  мектепке тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы ЖОББМ» КММ

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта   30.қыркүйек ,   1 - 4 қазан  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі    30.09

Сейсенбі   01.10

Сәрсенбі    02.10

Бейсенбі    03.10

Жұма  04.10

Балаларды қабылдау

                    «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2. «  Тәуелсіздік және Отаншылдық » айы

                   «Апта дәйексөздері»- Ел-жұртымның бақыты аталатын, сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың.     

 Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Біз бақытты баламыз»

Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,

Тату болып жүрейік.

«Мен әдепті баламын»

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

 «Нәр алып»

Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

«Қуан,шаттан!»

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар

Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

 «Менің Қазақстаным»

Гимн орындау

Мақсаты:рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу

  «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

 Күзетші

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

Күн мен түн

«Ұлттық ойын-ұлт қазына

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

  • ұтқын алу

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

Аңшылар

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Ұлттық құндылықты қалыптастыру

Алшы

  • балалардың өмірге деген көз қарасын қалыптастырып , тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 3

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Жылулық сәті:

Апам мені «Айым»-дейді,
Мен мұнайсам,уайым жейді.
Апам мені «Күнім»-дейді,
Мен қуансам күлім -дейді.

Жылулық сәті:
 Қуанамыз күлеміз,
Бар әлемде сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.

Жылулық сәті:
 Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа,
шеңберді.

Жылулық сәті:
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.

Жылулық сәті:
 Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

6 саны және цифры

 Міндеті: 6 саны және цифрымен таныстыру. 1-ден 6-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге және 1-ден 6-ға дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету   .

6 цифрымен танысу. 6 цифрын 6 санының таңбасы ретінде белгілейміз. Цифрды көрсету. Педагог 6 цифр туралы өлең оқиды. Бір, екі, үш, Жинап алдық күш. Төрт, бес, алты, Біз жазамыз мықты. Дəптерімізді ашайық, Көрсетілген үлгіге, Əдемі етіп жазайық. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретте неше бала және қандай заттар бейнеленгенін сана. Сонша нүкте сал. Цифрмен сызып қос. – Суретте не бейнеленген? Педагог балалардың назарын 5 доптың қызыл, ал біреуінің түсі басқа екендігіне назар аударады. Барлығы қанша доп? (Алты). Əрі қарай, балалар суреттегі заттардың санын санайды және атайды. Педагог ұяшықтарға сонша нүктелер салып, цифрмен сызып қосуын сұрайды. 2-тапсырма. Цифрлардың үстінен саусағыңмен жүргіз. Ермексаздан жаса.

Математика негіздері

6 саны және цифры

Міндеті:  1-ден 6-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету 

Педагог мынадай жағдайды ұсынады: жабық қораптан, бұл гараж – бір көлік шықты (шығарады), содан кейін – екінші, үшінші ... бесінші. – Балалар педагогпен бірге санайды. – Қанша көлік шықты? (Бес). Тағы бір мәшинені шығарады. – Барлығы қанша мәшине шықты? (Алты. Бұл 5 және тағы 1). Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Жолдағы түрлі түсті көліктердің саны қанша болса, пирамиданың сонша сақинасын боя. Көліктердің саны 6 болуы үшін тағы бір көлікті бастырып сыз және боя. Тағы бір дөңгелек пен пирамиданың сақинасын боя. Көлік тақырыбына суретпен жұмыс жалғастырылады. – Суретте қанша боялған мәшине бар? (Бес) Қанша мәшинені бояу керек? (Бір). Барлығы қанша боялған мәшине болады? (Алты. Бұл – 5 және тағы 1.) Бұл іс-әрекетінде пирамида және дөңгелектермен бірқатар тапсырмалар басталады. Пирамида 10 сақинадан тұрады. Балалар қанша санды үйренсе, сонша дөңгелекті бояйды. Дөңгелекпен жұмыс келесідей жүргізіледі. Педагог: Қанша дөңгелек боялған? (5). 6 болу үшін тағы қанша бояу керек? (Бір). 2-тапсырма. Қарындашты жолдың үстімен «жүргіз». Педагог 6 цифры бар карточканы көрсетеді.

Математика негіздері

7 саны және цифры

Міндеті 7 саны және цифрымен таныстыру. 1-ден 7-ге дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 7-ге дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

Ойындық жағдаят. Əлия мен Сырым (№1 парақ) топқа өзімен бірге сиқырлы гүл – «жеті күлтелі гүлдер» әкелгенін хабарлайды. – Қалай ойлайсыңдар, неліктен гүлді бұлай атаймыз? Гүлдің күлтелерін санаймыз! Балалар оны хормен санап шығады. Оның әрбір күлтесіне 1-ден 7-ге дейінгі цифрды жазуға болады. Педагог 7 цифрды бейнеленген карточканы көрсетеді. Бұл цифр туралы өлең шумақтарын оқиды: Жалғыз аяқ көсеу де, Ұқсас екен жетеуге. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Боялған неше тәтті нан болса, сонша дөңгелек пен пирамиданың сақинасын боя. Тәтті нан бәріне жете ме? Тағы біреуін боя. Қанша болды? Тағы бір дөңгелек пен пирамиданың сақинасын боя. Балалар суреттерді анықтап қарайды. – Суретте бейнеленген отбасында қанша адам бар? (Жеті). Отбасы мерекеге дайындалуда. – Тәрелкеде қанша түрлі түсті дәмді тәтті нан бар, сана. (Алты) Барлығына тәтті нан жеткілікті ме? Педагог ең алдымен дөңгелектерді боялған дәмді тәттілердің санына (6) сәйкес бояуды ұсынады. 7-еу болу үшін тағы неше дөңгелек боялуы керек? (Бір). Одан кейін балалар жетінші тәтті нанды бояйды. 2-тапсырма. Цифрлардың үстінен саусағыңмен жүргіз. Ермексаздан жаса

Көркем әдебиет

Менің ойыншықтарым

Міндеті:  Өлең жаттауда логикалық екпінді қолдануға баулу. Сөздік қорын байыту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу

-Балалар, балабақшада, үйде немен ойнайсыңдар? – Тобымызда қандай ойыншықтар бар? Дидактикалық ойын: «Бұл қандай ойыншық?» (баланың ойлау қабілетін дамыту). Шарты: қоржын ішінде бірнеше ойыншық болады. Балалар қоржынға қолын салып, көрмей, сипап сезу арқылы қандай ойыншық екенін табады. Ойыншық туралы өз ойын айтады. Слайд арқылы ойыншық түрлері көрсетіледі. Балалар ойыншықтарды ажыратып, атын атайды. Үлкен, кішілігін салыстырады. – Бүгін біз ойыншық туралы әңгімелесеміз. Ол үшін ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңін тыңдап көріңдер. Сөздік жұмысы: құлын – жылқының жас төлі құлыншақ – кішкентай құлын ұрыншақ – бір жерін жарақаттап алу Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең ұнады ма? Авторы кім? – Өлеңде қандай ойыншықтар туралы сөз болады? – Сенде қандай ойыншықтар бар? – Саған қандай ойыншық ұнайды? – Мынау – құлыншақ. Ол жылқының төлі. Құлынды еркелетіп, құлыншақ деп атаған. Құлыншақтың түсі қандай? – Сен құлыншақты қайдан көрдің? Құлыншақты сипаттап бер. «Белсенді суреттер» ойыны Балаға бір ойыншықтың суреті көрсетіледі. Ол суреттегі ойыншықты ым-ишара, пантомима әдісімен бейнелейді. Қалған балалар жасырынған бейнені табады

Сөйлеуді дамыту

Менің атам

Міндеті: адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту

Дидактикалық ойын:

«Отбасы мүшелерін ата»

Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.

Суреттегі отбасы мүшелерінін атап, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.

Педагог әр буында бір дауысты дыбыс болатынын балалардың естеріне салады

        «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

 Көрініс Экономикалық есеп:
Бірде Қайраттың анасы үйге ренжіп келіп, «Біз электр энергиясын көп жұмсаймыз. Сондықтан, шығынымыз өсіп жатыр. Не істейміз?»,- деді. Әкем:
«үнемдейміз. Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріп жүруден бастаймыз. Ал саған Қайрат арнайы өтініш: теледидарды қызықты және пайдалы бағдарламалар болған кезде ғана көр. Оны көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда қосып қоюдың қажеті жоқ!»,- деді. Бір айдан соң, кезекті төлем жасалғанда, Қайраттың анасы электр энергиясының көрсеткіші азайғанын хабарлады

                                                                      2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Жемістер

Міндеті: Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту

Ойын: «Кім жылдам?»

 себетке көгөністерді жинайды, атайды, сипаттайды.

«Жеміс-көгөніс дүкені» демонстрациялық материалдармен жұмыс. Балалар суретке қарап, дүкенде қандай көгөніс сатылатынын атайды. Педагог алдымен өзі айтады: Дүкенде қияр бар. Дүкенде қызанақ бар

Көркем әдебиет

Бір аптада

Міндеті:  Ойын өлеңді жаттауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін жетілдіру. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру  .

«Ыстық лебіз» әдісі

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

– Бір аптада неше күн бар? Балабақшаға неше күн келесің?

 Неше күн демаламыз?

– Бүгін ақын Әдібай Табылдының «Бір аптада» деген санамақ өлеңімен танысамыз

Сөздік жұмысы: қыратта – ауылдың сыртында клуб – кино, мультфильм көретін орын Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап:

– Санамақ қалай аталады?

Саған ұнады ма?

 – Апта күндерін атайық.

 Аптаның әр күнінде немен айналысамыз?

 – Демалыс күндерін қалай өткізесің?

Жұмбақты шеш.

Бір ұяда жеті жұмыртқа. (Апта күндері)

Сөйлеуді дамыту 

Күз бояуы

Міндеті: - Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау

 Бүгін сендер Қ.Баянбаевтің «Күз бояуы» өлеңімен танысып, жаттап аласыңдар. Өлеңді педагог бірінші мәнерлеп оқып береді.

Күз бояуы

 Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма,

 Шолып едім бақшаны,

 Қауын біткен сап-сары.

 Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Таза жездей жинаған,

Сары бояу айналам.

Балалар, өлеңде не жайлы айтылған?

Өлең жолында самал қозғап қалғанда, не үзіледі? – дейді.

Иә, ақын тоғайды, жапырақтарды сары қылып жинап қойған жезге теңеп айтқан

Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

 Міндеті:  Дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату    Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырамаған ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқында ауа әртүрлі артикулярлық мүшелермен соқтығысады. «Кім көп сөз ойлап айтады» дидактикалық ойыны – Б дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар. – Бақа, бақыт, бал, би, Берік, бор, балық, бас, батыр, быламық, ботқа. – Г дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар. – Гүл, гитара, гамаж, галстук, газ, газель, гауһар, газет. Кім көп сөз ойласа, соған бір фишкадан беріліп отырады. Ойын соңында фишкаларды санап, жеңімпазды анықтайды. «Дыбыс бер» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге сөздер айтамын, дауысты дыбыстан басталған сөзді естісеңдер, сол дыбысты менің артымнан қайталайсыңдар. – Парта, алма, орман, балық, вагон, үстел, сәбіз, ысқырық, тарақ, доп, жалау, арқар, от, шырша, ірімшік, таға, домбыра, гүл, алмұрт, бәтеңке.

Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

Міндеті:  Дауыссыз дыбыстарды басқа дыбыстардан ажыратуға үйрету

«Кім көп сөз айтады» дидактикалық ойыны – Балалар, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз айтуларың керек. Кім көп сөз ойлап айтады, соған фишка беріліп отырады. Ойын соңында жеңімпаз анықталады. Педагог балаларға көмек ретінде тақтаға дауыссыз дыбыстардан басталатын бір суреттен іліп қояды. Мысалы, лақ, мысық, нан, радио, уық, аң, үй. Мысалы: «л»– Ләззат, лақ, лаула, люк, лақтыр, лағыл, Ләйлә; «м» – мақта, малта, маймыл, малақай; «н»– нар, Нариман, Нартай, Назгүл, наз, нақышына келтір; «р» – рауғаш, Рауан, Раушан, риза; «у» – уылдырық, уақ. «Дыбыс бер» дидактикалық ойыны – Мен сендерге сөздер айтамын, сол сөздердің басында дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді естісеңдер, менің соңымнан сол дыбысты қайталайсыңдар. – Үй, алма, анар, тат, оқ, ру, бау, сағат, арқан, тарақ, жаңғақ, нан, доп, тор, ми, сый, тый, аң, оң, шаш, тас, ата, әже, тәте, пысық, тышқан, ат т.б. «Сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер сол сөзге мазмұны сәйкес келетін, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз жалғауларың керек. Мысалы: сүйкімді ... (мысық), жүйрік ... (лақ), дәмді ... (нан), әдемі ... (раушан) т.б

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»  Көңіл күй   Назар Смағұл

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта (Қауіпсіздік сабағы)

Оттың пайдасы мен зияны

Міндеті: Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін кеңейту; Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру   

Педагог жұмбақ жасырады: Шашты ашуын ысылдап, қызыл тілі жалаңдап. (Өрт)

оттың пайдасы мен зияны, өрттен қалай қорғану керектігімен, өрт сөндірушілердің еңбегімен танысамыз.

Оттың пайдасы: • Жылуды сақтауға көмектеседі. • Тағам дайындаймыз. • Зауыттарда оттың көмегімен металды, шыныны балқытады. • От – символ, мәңгілік алау арқылы ардагерлерді еске аламыз. • Олимпиада алауын спортшылар алып жүгіреді. Оттың зияны: • Абайсыз әрекет өртке әкеледі. • Өрттен адамдар көп зардап шегеді. • Отты дұрыстап өшірмесең, ормандағы ағаштар өртеніп кетеді. • Аңдар, құстар зиян шегеді. Интербелсенді тақтадан «От – дос, от – жау» слайдтарын қарау. Қандай өрт қауіпсіздігі ережелерін білеміз? Өрттің алдын алу үшін: 1. Ешқашан сіріңкемен және оттықпен ойнамауға болмайды. 2. Газ плитасын немесе пешті өз бетімен жағуға болмайды. 3. Токқа қосулы үтікті немесе шәйнекті қараусыз қалдырмау керек. 4. Орманда от жағуға болмайды. 5. Бензинмен немесе тез тұтануы мүмкін басқа сұйықтықтармен ойнама.

Қазақ тілі

Жемістер

Міндеті: қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Қоржынның екінші жағын ашады.

Педагог жемістерді бір-бірлеп алады, жаңа сөздермен таныстырады.

Күз мезгілінде жемістер піседі.

Мынау – өрік. Ік-ік – міне, өрік.

Мынау не?

Мынау – өрік.

Өрік – жеміс.

Өрік не?

Өрік – жеміс.

Өрік дәмді.

Өрік қандай?

Өрік дәмді.

Мынау – анар

Сауат ашу негіздері

Дауыссыз дыбыстар

 Міндеті -  Суреттер бойынша заттардың атын ататып, сол сөздердегі дауыссыз дыбыстан басталатын дыбыстарды ажыратып айтуға дағдыландыру

Дауыссыз дыбыстармен таныстыру. – Үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді. Дауыссыз дыбыстар үш топқа бөлінеді.

Мен айтқан дыбыстарды қайталаңдар: п, к, қ, т, с, ф, ч, ц, ш, щ, һ. Бұл дыбыстарды айтқанда нелер кедергі жасады? Иә, дұрыс айтасыңдар (ерін, тіс, тіл). Бұл дыбыстарды қандай дауыспен айттыңдар (тез және қысқа ) Дауыссыз дыбыстардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады. Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығысып, кедергіге ұшырауынан пайда болады. «Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны. Педагог дыбыстарды айтады: п, а, к, қ, о, т, с, ә, ф, і, ш, щ, һ, ц. Балалар дауысты дыбысқа қызыл, дауыссыз дыбыстарға көк фишканы көтереді. «Сөзге дауыссыз дыбысты қос» дидактикалық жаттығуы – Мен қандай да бір сөздің басын айтамын, ал сендер түсіп қалған дауыссыз дыбысты жалғап, толық сөзді айтуларың керек. Мысалы: қа..., ша.., авто..., тара..., үті..., шахма..., пла..., әте..., күші..., пыша..., қаламса.., қайра..., қамы.., қайы... т.б

Қоршаған орта

Ең жақын адамдар

 Міндеті: Отбасы және отбасы мүшелері туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелері – бірге тұратын адамдар екені туралы түсінік беру

Ең жақын адамдар деген кімдер? Балалардың жауабы тыңдалады. Педагог «Бақытты балалар» деген сөздің мағынасын ашуды ұсынады. – Бақытты бала өз отбасында, ең жақын адамдарымен бірге тұратын бала, қамқорлық пен махаббатқа толы ортада өскен бала. Отбасы дегеніміз – бір шаңырақта тұратын туыс адамдар. Отбасында атасы, апасы, анасы, әкесі және балалар болады. Отбасы мүшелері бір біріне қамқорлық жасайды, түсінеді, бір-бірін сыйлайды, жақсы көреді, жылы сөйлеседі. Отбасы қандай болу керек? – Отбасы тату болу керек. Әр отбасы мүшесі кішіпейіл, ізетті болу керек. Бір-біріне көмектесу керек. Сонда бәрі бақытты болады. – Балалар, бүгін тобымызда Ер Төстік досымыз «Менің отбасым» атты фотокөрме ұйымдастырыпты. Әр бала фотосурет бойынша өз отбасы әңгімелеу керек

Дене шынықтыру

Бізбен бірге және бізден артық орында

Міндеті:  допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

 .

Бір тізбеке сап түзеп тұрып, текшелерді қойып, қолдарына доп алады.

Екі тізбек немесе екі сапқа тұрып, бастапқы қалып бойынша тұрады. Лақтыру бағытын сақтайды және допты алысқа лақтыруға тырысады. Педагогтің белгісі бойынша 1- саптағылары залдың оң не сол жағымен доптың артынан жүгіреді. 2-саптағылардың артына келіп тұрады. Допты себетке салады. Белгіленген сызық бойына екі тізбекке сап түзеп тұрады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқырға қақпан» (4 рет).

Шеңберде қол ұстасып тұрады. Бұл – аңшылардың қақпанын құруы. Белгі бойынша

«аңшылар» қолдарын көтереді, «қасқырлар» әртүрлі бағытта еңбектеп жүреді. «Аңшылар»:  

                      Үзіліс  :    Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 
               «Лақтыр да,қағып ал» 

Ойын: «Лақтыр да,қағып ал» 

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,- деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды. 

Суретті тіл ұстарту:

Ша – ша – ша
Айшаның шанасы тама (ша)
Са – са – са
Қасқыр соқты Мұ (са)
Ол – ол – ол
Ағашта лимон м(ол)
Ра – ра – ра
Дүкеннен нан алды Са (ра)
Із – із – із
Тамаққа қосты сәб(із)
Жу – жу – жу
Ыдысты тазалап (жу)

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Күзгі серуен

Міндеті: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру

Музыка тыңдау:

«Қазан» (П. Чайковский)

Ән айту

Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш»,

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева)

Музыка

Күз жомарт

Міндеті: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету

Музыка тыңдау:

«Саржайлау» (Тәттімбет)

Ән айту:

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би»  (Т.  Ломова) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев)

Дене шынықтыру

Ерекше сабақтар

Міндеті: Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру  

Тепе-теңдік – орындық үстінде текшелерді аттап жүру (ені – 20 см, биіктігі – 40 см), бір бүйірмен текшелерді аттап жүру. Бастарын төмен түсірмей, тура қарап және бір-біріне кедергі келтірмей жүреді. Нұсқау – тепе-теңдікті сақтау.

Бір-бірінен 50 см арақашықтықта жатқан қамшылар арқылы екі аяқпен секіру.

Бес қамшы арқылы секіреді, жерде жатқан құрсауды айналып өтіп, өзінің тізбегіне қайтып келеді. Тыныстарын кідіртпей, жеңіл секіреді. Екі аяқтарымен ширақ итеріліп, секіріп,

жерге аяқтың ұшымен түседі.

Дене шынықтыру

Ақылдылар

Міндеті: допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу

Допты кеглилер арасынан жүргізу

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен торғайлар» (4 рет) . «Торғайлар» орындықта, гимнастикалық қабырғаның тепкішегінде отырады. Балалар торғайлардың қимылын ым- ишарамен көрсетіп отырады. Белгі бойынша «мысық» келіп, «торғайларды» қуады. Олар бағыттарын өзгертіп қашады. Ұсталғандар ойыннан шығады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу.жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Қоржынды сәндейміз  

 Міндеті:- - қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейтубалаларға қоржынды салу техникасы

мен оны әшекейлеу ерекшеліктері туралы білім беру

- аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

- Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен  таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру

- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру

 Топтық жұмыс

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Серуен

Бақылау:Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек:Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс: 

Ал керемет бұл қандай?

 Төгіледі төбеден.

  Көк теңізден құйғандай

 Көл-көсір су не деген?       (Жаңбыр)

Мақсаты:Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек».

Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату .

Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып. (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: « Кімге қандай құрал керек? »

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

 .

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

Тренинг: « Біз тату баламыз » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.

Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: « Күзде не киеміз? »

Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру. .

1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.

2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .

Тренинг : « Тырналар болып ұшайық » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру .

Еңбек : « Әдемі гүлдер »

Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс: Тақпақ. « Жел »

Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

 Дербес ойындар:

1. « Желмен жарысайық »

2. « Менің әдемі үйім » (құрастыру)

Тренинг: « Қолшатыр астында » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

Қимылдық ойын: « Ақ қояным »

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

 Дербес ойындар:

« Тәтті тоқаштар » пісірейік

« Мені қуып жет » .

Тренинг: « Шаңырақ »

(Қауіпсіздік сабағы)

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс (БАҚДАУЛЕТ)

Сөздердегі  дыбыстарды ажыратуға, белгілі дыбысы бар сөздерді табуға; сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету

Жеке баламен жұмыс (Әлішерге)

Табиғатқа  зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атай алуға үйрету.

Жеке баламен жұмыс (Інжу)

Екі дөңгелекті велосипед, самокат тебуді; спорттық ойындар мен жаттығуларда белсенділік танытуға дағдыландыру

Жеке баламен жұмыс (Айтөре)

Заттарды кеңістікте орналастыруды, қозғалыс бағыттарын үйрету

Жеке баламен жұмыс (Алтай Асылым)

Көркем мәтінді тыңдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

 «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»: «Сұр қоян».

Ойын барысы:Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар  тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:                    

 Бармақ болып тоғайға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағына жуды-түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»:

 « Соқыр теке » .

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған « соқыртеке » жіберіледі.Қалғандары оны « соқыртеке бақ-бақ » ,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып « соқыртек » болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»:

 « Аттамақ »

Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»:

 « Орамал тастау » .

Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

  «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»:

« Ұшты-ұшты »

Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты қабан ұшты » ,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады

 Балаларды үйге қайтару

   Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Өнегелі 15 минут

 баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

                                                       Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы 

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі    11-апта      7 - 11 қазан  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі     07.10

Сейсенбі     08.10

Сәрсенбі    09.10

Бейсенбі    10.10

Жұма   11.10

Балаларды қабылдау

                     «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2. «  Тәуелсіздік және Отаншылдық » айы

                   «Апта дәйексөздері»- «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!»     

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Диадактикалық ойын:

«Дұрыс айт»

Мақсаты: [Б] дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту. 

 Дид ойын «Ұсынысты бүкте» ойыны.
Мақсаты:балаларды фишкалармен сөйлем үлгісін құрастыруға үйрету.

Дид ойын «Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Дидактикалық ойын

"Кімнің сөздері".

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Дидак ойын

«Не қайда өседі» 

Мақсаты:Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту,өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 3

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

«Біз бақытты баламыз»

Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,

Тату болып жүрейік.

«Мен әдепті баламын»

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

 «Нәр алып»

Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

«Қуан,шаттан!»

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар

Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

7 саны және цифры

 Міндеті: 1-ден 7-ге дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; санау дағдыларын жетілдіру  

Суретте қанша жануар мен қандай заттар бейнеленгенін сана. Сонша нүкте сал. Цифрмен сызып қос. Балалар суретпен танысады. Педагог суретте не болып жатқанын сұрайды. Содан кейін сұрақтарға жауап беруді ұсынады. – Суретте не бейнеленген? Өрісте қанша жануар жайылып жүр? Далада қандай гүлдер өседі? Олардың саны қанша? Енді өрістегі жылқыларды (қойларды) сана. Аспанда қанша бұлт бар? Қанша көбелек ұшып жүр? Содан кейін балалар ұяшықтарға сонша нүкте салады және карточкаларды цифрмен сызып қосады

Көжекке 7 цифры және жеті нүктесі бар торкөздермен жетуге көмектес. Торкөздерді боя. «Ең мұқият кім?» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог ойын шартын айтып түсіндіреді: қоян сәбізге жетуі керек. Бірақ ол тек 7 цифры мен 7 нүктесі бар ұяшықтармен ғана қозғала алады. Мұқият болу керек және тек осы ұяшықтарды бояу керек. Сәбізге кім бірінші жетеді?

 Математика негіздері

8 саны және цифры

 Міндеті: 8 саны және цифрымен таныстыру. 1-ден 8-ге дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 8-ге дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету 

Алма сатып аламыз. Себетте олардың саны қанша? (Жеті). Тағы біреуін қос, олардың саны қанша болды? (Сегіз). Цифр салынған карточканы іздеумен отырады. Əрі қарай, балаларға, мысалы, 8 алмұртты санау ұсынылады. 8 цифрмен танысу. 8 цифрын 8 санының таңбасы ретінде белгілейміз. Цифрларды көрсету. Педагог 8 цифрын көрсетіп, өлең оқиды. Мынау жатқан қайшы, Ал «сегіз» цифр қайсы? Оның екі көзі, «Сегізіңнің» өзі. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сөреде қанша өнім болса, себеттерге сонша таяқшаның суретін сал. Балалар суретпен танысады. Педагог суретте не болып жатқанын айтып беруді сұрайды. Содан кейін сұрақтарға жауап беруді ұсынады: – Сөреде қанша қорап айран бар? Оларды себетке «сал» – сонша таяқшалардың суретін сал. Сол сияқты ойын басқа тауарлармен де жүзеге асырылады. 2-тапсырма. Цифрлардың үстінен саусағыңмен жүргіз. Ермексаздан жаса. Педагог тапсырманың мұқият орындауына, балалардың отыру қалпына, қарындашты дұрыс ұстауына назар аударады. Ауада 8 санын «жаз»: қолымызды ажыратпай ирек жасаймыз, содан кейін жұмыс дәптерде орындалады. Цифрдың үстінен саусағымен жүргізіп, оны ермексаздан жасайды. Қозғалмалы доп ойыны «Атап көр, құр қалма!». Балалардың үстелдерінде 1-ден 8-ге дейінгі цифлары бар карточкалар қойылады. Əр бала екі карточкадан бөліп алады. Педагог 1-ден 8-ге дейінгі цифрларды еркін тәртіпте көрсетеді. Мұндай цифрдың суреті салынған карточкасы бар балалар тұрып, цифрды атайды

Математика негіздері

8 саны және цифры

 Міндеті 1-ден 8-ге дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге

Дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Суреттегі түрлі түсті шабадандарды сана. Тағы бір шабаданды боя. Қанша болды? Тағы бір дөңгелек пен пирамиданың сақинасын боя. Балалар суретпен танысады. – Қанша шабадан түрлі түске боялған? (Жеті). Тағы біреуін бояйық. Қанша болады? (Сегіз). Шеңберлер және пирамидамен жұмыс алдыңғы ұйымдастырылған іс-әрекетке ұқсас орындалады. Қорытындыда балалар: сегіз саны болу үшін жетіге біреуін қосу керек. 2-тапсырма. Қарындашты жолдың үстімен «жүргіз». Ауада 8 санын «жаз», содан кейін дәптердегі жұмысты орында. Жұмыс үшін педагог қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін «Жолмен жүр» жаттығуын қолданады (үлестірмелі материал, № 4 парақ).

Ойын жаттығуы, «Ретімен тұр». Педагог балалар тобына 1-ден 8-ге дейінгі цифры бар карточкаларды таратады және ретімен сапқа тұруды ұсынады

Көркем әдебиет

Шаруа мен аю

Міндеті: Сюжет желісінің реттілігін сақтауға баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу 

Балаларға жұмбақ жасырады. Балпаң-балпаң басады,

 Қыр-жотадан асады. Паналайды үңгірді,

тасаны. (Аю)

 – Балалар, мен сендерге аю туралы қызықты ертегі оқып берейін. Ертегі «Шаруа мен аю» деп аталады. Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Балаларға ертегіні толық оқып беру (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). – Қызылша жер астында жатады, жапырағы жердің бетіне шығады. Ал бидайдың дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан нан түрлері дайындалады. Сөздік жұмысы: шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам соқа – жер қазатын құрал орман маңы – орманға жақын жер Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? – Шаруаға не келді? Аю шаруаны қалай қорқытты? – Олар қалай келісті? Шаруа не екті? – Аюға қай жағын берді? Келесі жылы шаруа не екті? – Аю не нәрсені білмеді?

Сөйлеуді дамыту

Қорыққанға

қос көрінеді (ертегі)

Міндеті: Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

 Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, демонстрациялық құрал

Балалар, орыс халқының «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісін тыңдаңдар. Ертегіні оқып, мазмұнын айтып беремін.

Қорыққанға қос көрінеді

Баяғыда қартайған әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін Тауық және пештің астын мекендейтін Тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, Тауықта қиярдың үлкендігіндей, Тышқанда оймақтай шелек бар. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан, Тауық шалшықтан, Тышқан Торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен. Жол бойындағы бақшада самсап алмаағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында Қоян отыратын. Бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып, алмаағашының бұтағынан бір алма түсіп, қоянның басына тиеді.

Қоян атқып жөнеліп, су әкеле жатқандардың аяғына оралды. Сушылар үрейлері ұшып, үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, Тауық пештің үстіне қонақтайды, Тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны-ай!» – деп сарнайды.

Немересі: «Әже, бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!» – деп жылайды. Тауық: «Қыт-қыт-қыт! Түлкі мені аңдып жүр екен, жеп қоя жаздады!» – дейді.

Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу Мысықтың үрейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!» – дейді. Ал бұл кезде зытып орманға келген Қоян: «Басыма мұндай қауіп төнбес! Төрт бірдей аңшы соңыма түсті, бәрінің де Иті бар, зорға қашып құтылып кеттім-ау!» – деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы.Ертегі сендерге ұнады ма?

                                                 «Үнемді тұтыну»- Су мен қуат көзін үнемдеңіз. Мақсаты:  балалардың үнем туралы түсініктерін кеңейту.

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан - босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді. Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай - ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдаланғанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Жемістер

 Міндеті: Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға  мүмкіндік беру

Дыбыстық жаттығу.(айнамен орындалады) Ө-ө-өр-өр - өрік. І-і-і-іс-әс – жеміс. Қ -қ-қ - құрма. «Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жемістердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау. Санамақпен сатушыны таңдайды. Бала дүкенге келеді. – Сәлеметсіз бе! – Сәлеметсіз бе! – Маған өрік беріңізші. – Алыңыз. – Рақмет. Сау болыңыз. Ойынды күрделендіруге болады. Бала жемісті сипаттайды. Сатушы оның қандай жеміс екенін табады.

Сөздік ойын: «Мен қай жемісті көрсеттім».

Педагог себеттен жемістерді алып көрсетеді, балалар атын атайды

Көркем әдебиет

Еріншек егінші мен еңбекқор құмырсқа

 Міндеті: Шығарма мазмұнын қайталап айтуға дағдыландыру. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға үйрету. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу

 Педагог жұмбақ жасырады. Екі басы, жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай.

Ол не? (Құмырсқа)

– Құмырсқа кіп-кішкентай жәндік, үйір болып, бірігіп тіршілік етеді, тынбай жұмыс жасайды

 – Бүгін біз осы құмырсқа туралы Өтебай Тұрманжановтың «Еріншек егінші мен еңбекқор құмырсқа» әңгімесімен танысамыз.

 Сөздік жұмысы: қауыз – бидай дәнінің босап қалған сырты илеу – құмырсқаның баспанасы

Сұрақ-жауап:

– Әңгіме қалай аталады? Авторы кім? – Жалқау егінші егінді қайда егіпті? Содан кейін не істеп жүріпті? – Еңбекқор құмырсқалар жерге түскен дәндерді қайда әкетті? – Жалқау егінші оларға не айтты? Дидактикалық ойын: «Суреттер сөйлейді» Тақтаға дақылдардың суреттері ілінеді. Балалар көзін жұмған кезде бір суретті алып тастайды. Қай суреттің жоқ екенін табады

 Сөйлеуді дамыту

Менің атам

Міндеті: -Адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту    

Қолданылатын көрнекі құралдары: Отбасы жайлы суреттер

Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Басбармағым – атам, үйдің данасы, Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.

Ортан терек – әкем,отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,

 Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Өлеңнің атадан басталуы бекер емес. Өйткені ата беделі әкеден де жоғары. Өйткені атаның өмірлік тәжірибесі мол, ол – әулеттің тірегі.Кімнің үйінде атасы, әжесі бар?

Қазақ отбасында ата мен әженің маңызы зор. Әрқашанда отбасындағы шешуші сөз – атанікі. Үйлеріңде әкелеріңнің өздері аталарыңның айтқанын екі етпей орындайды. Солай емес пе? Аталарымыз өз отбасы мен әулетінің ғана емес, ағайын-туыстың да мәселелерін шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырады.

Әулет ағайын екенін түсіндіреді.

Педагог тақтаға атаның суретін іліп, әркім өз аталарына ұқсайтын жерлерін айтып немесе атасының ерекшелігін, ерекше қасиетін айтып әңгіме құрауларын сұрайды.

Сауат ашу негіздері

Дыбыстар әлемі

Міндеті:   Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуды үйретуді жалғастыру

Құстардын суреттерін тақтаға іледі. – Балалар, қандай құстарды білесіңдер? – Қарға, тоқылдақ т.б. – Мен сендерге құстарға байланысты тақпақ үзінділерін оқимын. Ал сендер не туралы айтылғанын және қандай дыбыстан басталып, қай дыбыстың қайталанып тұрғанын табуларың керек. Қайталанып тұрған дыбыстың дауысты ма, дауыссыз ба дыбыстардың қайсысына жататынын анықтау. Аққу – құстың төресі, Ақ мамықтай денесі. – Өлең не туралы және қай дыбыс көп қайталанып тұр? – Дұрыс, [а] дыбысы. – [А] дыбысының қай дыбысқа жататынын анықта. – Дауысты дыбыс. – Дауысты дыбысты қалай белгілейміз? – Қызыл түспен

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті:  Дауыссыз дыбыстарды есте сақтауға жаттығулар жасату, дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату

Балалар, біз өткен іс-әрекетімізде дауысты, дауыссыз дыбыстар болып, бөлінетінін білдік. Сол дауысты, дауыссыз дыбыстарға жаттығулар жасайық. Артикуляциялық жаттығу жасау. «Сағат», «Саңырауқұлақ», «Алтыбақан» «Дұрыс көрсет» дидактикалық ойыны Педагог балаларға дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер айтады, балалар сөз дауысты дыбыстан басталса, қызыл түсті дөңгелекті, дауыссыз дыбыстан басталса, көк түсті дөңгелекті көрсетеді. «Белгі бер» дидактикалық жаттығуы Педагог балаларға (б) дыбысын басқа дыбыстармен араластырып айтады, балалар (б) дыбысын естігенде, қол шапалақтап дыбыс береулері керек. Сол сияқты басқа в, г, ғ, д, ж, з дыбыстарымен ойнатылады.  

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   Сарыарқа    Құрманғазы

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

                                                                                                                     3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Дәрілік өсімдіктер

 Міндеті: Өз жерінде өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Дәрілік өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру  

Проблемалық жағдаят. – Өсімдіктер болмаса, жерде тіршілік бола ма? (Балалардың жауаптары). – Табиғатта дәрілік өсімдіктер көп өседі. Тек оларды танып, пайдалана білу керек. Ерте заманда адамдар барлық жануарлардың өздерін өсімдіктермен емдейтінін байқады. Соларға еліктеп, адамдар да өсімдіктердің қасиетін біліп, зерттей бастады. Ертеден халық емшілері дәрілік өсімдіктермен адамдарды түрлі аурулардан емдеді. Олар «Шөптер», «Дәрілік өсімдіктер», «Табиғи дәрумендер» деген кітаптар жазып қалдырды. Бұл кітаптардың атауларына қарап олардың мазмұнын болжауға болады. Заманауи дәріханаларда әртүрлі кептірілген өсімдік, тұнба, дәрі және шөптен жасалған сусындарды сатып алуға болады. Дәріханадағы дәрілік өсімдіктерді көрдіңдер ме? Қайсыларыңды аналарың дәрілік шөптермен емдеді? Қандай аурулардан? (Балалардың жауаптары). – Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер көп өседі. Бүгін солардың біразымен танысамыз. Біздің достарымыз Желаяқ пен Саққұлақ дәрілік өсімдіктер өсетін жерлерді көрсетеді. 1-слайд. Жолжелкен. Біздің жерімізде көп өседі. Ол қан тоқтатады, микробтарды өлтіреді. 2-слайд. Жалбыз. Оның жапырақтарын қайнатып, суық тиген кезде ішеді. Бақбақ. Оны ұйқысыздық ауруын емдеуге қолданады. 3-слайд. Итмұрын. Оның жемістерін суық тигенде қайнатып ішуге болады. Адамдар итмұрынды «өмір жемісі» деп атаған, құрамында аскорбин қышқылы, Е, В, К дәрумендері бар

Қазақ тілі

Жидектер

 Міндеті: сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу

Мынау – қарақат. – Мынау не? – Мынау – қарақат. – Қарақат дәмді, пайдалы. – Қарақат қандай? – Қарақат дәмді, пайдалы. – Қарақат кішкентай, түсі қара. – Қарақат қандай? – Қарақат кішкентай, түсі қара. – Мынау – құлпынай, қ-құ-ұ-л-пы-най. – Мынау не? – Мынау – құлпынай. – Құлпынай дәмді, пайдалы. – Құлпынай қандай? – Құлпынай дәмді, пайдалы. – Мынау – таңқурай. – Мынау не? – Мынау – таңқурай. – Таңқурай дәмді, пайдалы. – Таңқурай қандай? – Таңқурай дәмді, пайдалы. – Мыналар – жи-дек-тер. Жидектер дәмді, пайдалы..

 Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»

Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?

Жидектер.

Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?

Жемістер.

Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?

Көгөністер

Сауат ашу негіздері

Буын

Міндеті Сөздерді буынға түрлі әдістермен бөлуді үйрету

Суреттен не көріп тұрсыңдар? Ал енді осы сөздерді сендерден алыста тұрған сияқты созып, айғайлап айтып көріңдер. Балалар сөздерді айғайлап, созып айтады: лақ, қас-қыр, бағ-дар-шам. Сөздерді қайталатқызады және буынға бөлдіртіп айтқызады. – Дауысты дыбыстар буын құрайды. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Сөздерді созып, дауыстап айтқанда, сөздің қанша буыннын тұратынын білуге болады. – Буын – сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстың тіркесі. Дауысты дыбыс өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыз дыбыстарды алып та буын құрайды. Сөзде қанша буын бар екенін білу үшін, алақандарымызбен шапалақтаймыз. Педагог қолын шапалақтау арқылы лақ сөзін буынға бөледі, «лақ» деп бір рет шапалақтап, «лақ» сөзі бір буыннан тұратындығын түсіндіреді. Педагог балаларға «қасқыр» сөзін буынға бөлдіреді. «Қас-қыр» сөзін екі рет шапалақтап айтады. «Қасқыр сөзі неше буыннан тұрады? – Екі буыннан тұрады. – Иә, екі буыннан тұрады екен, өйткені «қасқыр» сөзінде созылып айтылатын екі дауысты дыбыс бар. Педагог балаларға «бағ-дар-шам» сөзін буынға бөлдіреді. Осы сөзде үш дауысты дыбыс бар екенін анықтатып, сондықтан бұл сөз үш буыннан тұратындығын түсіндіреді. Буынға тән негізгі белгілері: 1) Дауыссыз дыбыс буын болмайды. 2) Дауысты дыбыстың өзі де буын бола алады (а-та, а-па) 3) Бір буында бір ғана дауысты дыбыс болады. 4) Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Қоршаған орта

Өсімдіктердің көбеюі

Міндеті  Өсімдіктердің өсу, даму сатыларымен таныстыру  

 Педагог жұмбақ жасырады. – Қолы жоқ, аяғы жоқ – қозғалады, аузы жоқ – тыныс алады, қоректенеді. – Бұл – өсімдік. – Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай? – Адамдар өсімдіктерді азық ретінде, құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады. Біз тәжірибе жасап көрдік. – Өсімдіктер қалай көбейеді? – Өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. – Өсімдік өсу үшін не керек? – Өсімдік өсу үшін су, ауа, жарық, жылу керек «Өсімдіктердің өсіп-өнуіне судың қандай қатысы бар?» Жауап: «Сусыз өімдік өспейді. Өсімдік су арқылы топырақтағы қоректік заттардың бойына сіңіреді». Балаларға екіге бөлінген алма мен алмұрт ұсынылады. Олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Олардың пішіндері, дәмі, түсі, иісі әртүрлі. Олардың ұқсастығы: екеуі де жеміс, ортасында тұқымы бар, қатты жеміске жатады. – Егер осы бөліктерді қағаз сүрткішке қойсақ не болады? – Қағазда судың ізі қалады. Қандай қорытынды жасауға болады? – Екеуі де шырынды жеміске жатады. (Көгөністердің тұқымын бақылау ұсынылады). – Олардың тұқымы қандай? – Тұқымдары әртүрлі. Бірінің сырты қатты қабықтан тұрады, енді бірі жұмсақ. – Біз тамаққа қандай бөлігін пайдаланамыз? – Тұқымынан тазартып, жұмсақ бөлігін пайдаланамыз. (Тұқымды лупамен қарау ұсынылады). – Тұқымдар әртүрлі. Барлық тұқым бірдей ме? Тұқымдарды ортасынан бөліп көріңдер. – Кейбір тұқымдар ортасынан жарылады. Ал қызанақтың тұқымы бөлуге келмейді. Ол ұсақ және жұмсақ. Сыртқы қабығы ішіндегі тұқымды кеуіп кетуден сақтайды. Тұқым өсіп өну үшін қандай жағдай керек?

Дене шынықтыру

Менің отбасым

 Міндеті: Допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап, допты қағып алу шеберліктерін (машықтарын) дамыту.

 .

«Айдаһар» ( 3рет).

Балалар бір тізбекке тұра қалады. Бұл – «айдаһар». Балалар арқасымен, кеудесімен допты қысып тұрады.

Белгі бойынша «айдаһарлар» мәреге қарай бет алады.

Ешбір добынан айырылмай бірінші болып мәреге келген команда жеңіске жетеді

                                                                                                Үзіліс:  Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар 

                                                                                                                                        «Күн мен түн»     

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

                                                                                                                                  4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Күз жомарт

 Міндеті: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға дамыту

Музыка тыңдау:

«Саржайлау» (Тәттімбет)

Ән айту:

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би»  (Т.  Ломова) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев)

Музыка

Күзгі жаңбыр

 Міндеті: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің шаттық күйін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту  

  Музыка тыңдау:

«Жаңбыр шақыру (Д. Ботбаев)

Ән айту:

«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва халық әуені

Билер:

«Көңілді қолшатырлар» биі (педагогтің таңдауы бойынша) Ойындар, хороводтар:

«Күн мен жаңбыр» ойыны

 Дене шынықтыру

Біздің стадион

 Міндеті: Алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру

«Секіргіштер».

Екі тізбекке қайта сап құрады.

Бірінші ойыншы бір орыннан ұзындыққа секіреді. Екінші ойыншы сол жерден әрі қарай дәл солай секіреді. Сөйтіп барлық ойыншылар секіріп болған соң, қашықтықтарын салыстырады.

Команданың барлық ойыншылары бір орыннан ұзындыққа секіреді. Барлығы секірген соң жүргізуші әр команданың секіру қашықтықтарын қосып, ұзаққа секірген команданы

анықтайды. Сөйтіп, олар жеңіске жетеді

 Дене шынықтыру

Менің үйім

 Міндеті: Секіру: бір орында тұрып,қос аяқпен секіру

«Жолақтарға аттап секіру» ( 3 рет).

Ені 50 см жолақтардың үстінде секіріп басып жүру. Жерден екі аяқпен бірдей екпіндеп итерілу керектігіне назар аудару.

Белгі бойынша ойыншылар бір-бірден жолақтан-жолаққа секіре бастайды. Дұрыс орындаған ойыншылар ұпай жинайды

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (суретсалу,жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Автобус

Міндеті:- - балаларға кеңістік туралы, кеңістікте бағдарлау туралы білім беру

-- заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру,мүсіндету

- шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу

-- ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан   , шығармашылықпен құрастыруға баулу

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Өз-өзіне қызмет ету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Серуен

Бақылау:Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек:Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс:  Ал керемет бұл қандай?

                          Төгіледі төбеден.

                          Көк теңізден құйғандай

                          Көл-көсір су не деген?                  (Жаңбыр)

Мақсаты:Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек».

Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Сұр қоян».

Ойын барысы:Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар  тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:                    

 Бармақ болып тоғайға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағына жуды-түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.

Экология мәдениеті

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату .

Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып. (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: « Кімге қандай құрал керек? »

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Соқыр теке » .

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған « соқыртеке » жіберіледі.Қалғандары оны « соқыртеке бақ-бақ » ,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып « соқыртек » болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

Тренинг: « Біз тату баламыз » . Экология мәдениеті

Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.

Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: « Күзде не киеміз? »

Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру.

Қимылдық ойын: « Аттамақ » .

Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.

2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .

Тренинг : « Тырналар болып ұшайық » .

Экология мәдениеті

Бақылау: Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру .

Еңбек : « Әдемі гүлдер »

Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс: Тақпақ. « Жел »

Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Орамал тастау » .

Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

Дербес ойындар:

1. « Желмен жарысайық »

2. « Менің әдемі үйім » (құрастыру)

Тренинг: « Қолшатыр астында » . Экология мәдениеті

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

Қимылдық ойын: « Ақ қояным »

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Қимылдық ойын: « Ұшты-ұшты »

Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты қабан ұшты » ,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Дербес ойындар:

« Тәтті тоқаштар » пісірейік

« Мені қуып жет » .

Тренинг: « Шаңырақ »

(Қауіпсіздік сабағы)

Балалармен жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Әңгіме құрастыру

Мақсаты: грамматикалық құрылымды және үйлесімді сөйлеуді қалыптастыру   

( Әлішер)

 Жеке жұмыс

«Шаңырақ» қимылды ойыны

Мақсаты: қозғалыстарды үйлестіруді, реакциялардың жылдамдығын дамыту  

(Лесбек Інжу)

Жеке жұмыс

 «Алдымен не, содан кейін не болады?» дид ойыны

Мақсаты: себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсету, қоршаған әлемдегі өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіру қабілетін дамыту   (Кенесары)

Жеке жұмыс

 «Көршіңді ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: сандар туралы білімді, олардың сандық қатардағы орнын бекіту   

(Болғанбек Інжу)

Жеке жұмыс

 «Қиып ал да, жапсыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: қайшымен жұмыс істеудің техникалық дағдыларын бекіту, аппликация элементтерін қағаз парағына орналастыру мүмкіндігі  

(Оразханқызы Ұлжан)

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

Ситуациялық әңгіме

«Біз Қазақстанда тұрамыз!»

Мақсаты: балаларды өздері тұрып жатқан ел, басты көрікті жерлер, Қазақстанда тұратын халықтар туралы әңгімелеуге үйрету

«Формалар шеберханасы» ойыны

Мақсаты: балалардың геометриялық пішін туралы білімдерін бекіту; геометриялық фигура мен заттарды шарттарға сәйкес орналастыру

«Жұпты тап» қимылды ойыны

Мақсаты: жіктеу және сұрыптау дағдыларын, қол-көзді үйлестіруді, қол моторикасын, ойлау дағдысын дамыту

«Ұшады, жүгіреді, жүзеді...» дидактикалық ойын

Мақсаты: балалардың жәндіктердің, жануарлардың, құстардың қозғалу жолдары туралы білімдерін бекіту

Дербес ойын «Пазлды құрастыру»
Мақсаты:Балалар мазайканың ұсақ бөліктерін орналастыра алады.
 
 Балаларды үйге қайтару

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Өнегелі 15 минут

баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы 

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   III-апта      14 - 18 қазан  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі     14.10

Сейсенбі    15.10

Сәрсенбі     16.10

Бейсенбі     17.10

Жұма     18.10

Балаларды қабылдау

                  «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2. «  Тәуелсіздік және Отаншылдық » айы

                                     «Апта дәйексөздері»- «Отанды сүю - отбасынан басталады!»      

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 Ойын: «Кім көп сөз айтады?»

Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады

Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»

Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды

 Ойын:     «Орнын тап»

Шарты: Жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табады

Еркін ойын: «Бауын байла»

Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.

Еркін ойын: «Ертегілер елінде»

Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

Шығармашылық ойыны:

Фотосуреттер қарастыру Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Фотосуретте балалар қандай көмек көрсеткендерің айтып беру.

Қол  маторикасын  дамытуға  арналған  санамақ.

1.Бірім, екім,

Алма  текім.

Сапар  айым,

Сар шымшық.

Балтаңды  ал да,

Жүгіріп  шық.

2.Біз санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Суретті жұмбақтар ойыны :

Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады.  Мұғалім үлкен қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені  сөзбен сипаттап жасыруды    ұсынады.
Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы  бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.

Саусақ ойыны :

«Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Балалармен жәндіктер мен қосмекенділер туралы әңгімелесу.

Үстел үсті театр ойыны : «Қосмекенділер әлемі» тақырыптар бойынша сюжетті суреттер қарастыру.

Балалармен құстар туралы әңгімелесу.

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 4

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Психомоторлық жаттығу»

Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер.  

«Психомоторлық жаттығу»

«Күлімдеген күн»

Күн күлімдеп нұр төкті,

Жақсы сөздер нұр септі,

Еске сақтап кеңесті,

Кел,қосылып айтайық  бір-бірімізге..

«Психомоторлық жаттығу»

«Табиғатпен үндестік»

Шеңбер бойлап жүремiз,

Әр гүлге көңiл бөлемiз.

Сұлулық пеп махаббатты

Сезiнiп өмiр сүремiз.

«Психомоторлық жаттығу»

 «Біз әдепті баламыз»

Әдеп сақтап әманда,

Әрбiр адал адамға.

Жасасаң бiр қамқорлық,

Қайтарады саған да.

«Психомоторлық жаттығу»

Көңілденіп күленіп,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды балам

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

9 саны және цифры

 Міндеті: 9 саны және цифрымен таныстыру. 1-ден 9-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 1-ден 9-ға дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

«Сан мен цифрды байланыстыр» ойын-жаттығуы. Педагог 7, 8 цифрын көрсетеді. Заттардың қажетті санын көрсететін суреттерді табуды ұсынады. Балалар санды цифрмен байланыстыруды үйренеді. Үлестірмелі материалдың № 2,3 парақтарын пайдаланады. Киімнің суреті бар карточкалар көрсетіледі. Киімді сөреге (7, 8 зат) бүктеп салып, оларды санауды ұсынады. Одан соң балалар санды тоғызға дейін толықтырады. Тоғыз саны қалай шыққанын айтып түсіндіреді. (9 бұл – 8 тағы 1). Педагог 7, 8, 9 сандары туралы өлең оқиды. Жалғыз аяқ көсеуде, Ұқсас екен жетеуге. Мынау жатқан қайшы, Ал «Сегіз» сан қайсы? Оның екі көзі, «Сегізіңнің» өзі. Акробат қыз мықты, Сахнаға шықты. Бүктеліп белі қайысты, «Тоғыз» болып майысты. Бүгін біз қандай жаңа сан туралы білетін боламыз? (9)

Математика негіздері

9 саны және цифры

 Міндеті: 1-ден 9-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіру, салыстыру

Ойын жаттығуы: «Цифрларды тауып, ретімен қой». Ойын басталмас бұрын педагог бөлменің әр тұсына 1-ден 9-ға дейінгі цифры бар карточкаларды орналастырады. Балалар барлық цифрларды тауып, оларды дұрыс ретпен орналастырып, үстелге қою керек. (2-3 рет). Үлестірмелі материалмен жұмыс. Ол пазлдары бар №8, №9 парақ беттеріндегі карточкаларды таратады, жұбын табуды – сан және цифрдан жұп жасауды сұрайды

 1-тапсырма. Себеттегі көгөністерді сана. Сонша дөңгелек пен пирамиданың сақиналарын боя. Себетке тағы бір көгөністің суретін сал. Тағы бір дөңгелек пен сақинаны боя. Себеттегі көгөністерді санауды, көгөніс санына байланысты дөңгелектер мен пирамида сақиналарын бояуды ұсынады. – Себетке тағы бір көгөністің суретін сал. Тағы бір дөңгелек пен сақинаны боя. 9 цифрын қалай шығарғаныңды айт

Математика негіздері

0 саны және цифры

 Міндеті: 0 саны және цифрымен таныстыру; 0-ден 9-ға дейінгі цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге; 0-ден 9-ға дейінгі цифрды тануға және бейнелеуге үйрету

  «Сандық саусақтар» ойын жаттығуы. Бұл ойын үшін әр қолда саусақ үлгісі және карточкаларда 1-ден 9-ға дейінгі сандар болуы керек. Баладан қолындағы саусақтарын көрсетуін сұрап, содан кейін көрсетілген саусақтарға сәйкес келетін карточкадағы санды көрсетуді сұрау керек. Алдыңғы, кейінгі санды атауды сұрау керек. Педагог бұтақтағы жапырақтарды санауды ұсынады. – Қанша жапырақ? (5). Педагог цифры бар карточканы алып, оны тақтаға қояды. Жел соғып, бір жапырақ жерге түсті. Ағаш бұтағында жапырақтардың саны қазір қанша? (4). Мұндай карточканы цифрмен тауып, оны тақтаға ілу сұралады. Содан кейін жел одан да қатты соғып, тағы 1 жапырақ жерге түсті. Қанша жапырақ қалды? (3). 3 цифры бар осындай карточканы тауып, оны тақтаға ілу сұралады. Жағдайды сипаттау жалғастырылады. – Бұтақта бір жапырақ бар. Жел соғып, ол ұшып кетті. Қазір қанша жапырақ бар? Балалар, кім біледі? – Нөл дейді. Бұл сан нөл деп аталады. Ол – 0 цифрымен таңбаланады. 0 саны бар карточканы көрсетеді. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қара. Не болғанын айт. Не өзгерді? Тиісті цифрмен сызып қос. Педагог суреттерді қарастыруды ұсынады. – – – Алдымен не болғанын айт. Суреттердің әрқайсысында не өзгерді? Қажетті цифрмен қос.  

Көркем әдебиет

Түлкі мен қоян

Міндеті: Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыруға үйрету. Тілдік ойлау қабілетін дамыту. Жануарларға қамқорлық сезімін тәрбиелеу   

Ғажайып жағдаят

– Балалар, бұл – сиқырлы қорапша. Оның ішінде не бар екен, ашып көрейік. Педагог сиқырлы қорапшаның ішінен екі аңды алып көрсетеді. – Бұларды қалай атаймыз? (Түлкі, қоян) – Түлкі мен қоян туралы қандай ертегі білесіңдер? – Түлкі – қу, айлакер аң. Орманды, даланы кезіп жүреді. – Түлкінің терісі жұмсақ, үлпілдек. – Қоян керемет саққұлақ, сужүрек аң. – Балалар, бүгін «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысамыз. Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Ертегіде кейіпкердің мінез құлқын салыстыра сипаттайды. Ертегіні ойдан, қиялдан құрастырады. Сөздік жұмысы: қу – зымиян, әккі айлакер – амал, айла тапқыш Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі ұнады ма? Ертегі не туралы? – Ертегі қалай аталады? Түлкі қоянды көргенде не істеді? – Қоян түлкіге не деді? Түлкі қоянға не туралы айтты? – Ертегі қалай аяқталды? Қашанда қояндай сақ болайық. «Қандай жануар» ойыны (баланың ойлау қабілетін дамыту) Шарты: ойынға хатқалта дайындалады. Хатқалтаның ортасы дөңгеленіп қиылған. Ойықтан көрінген аңдардың дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табу.   

Сөйлеуді дамыту

Отбасының күзгі еңбегі

Міндеті: Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Педагог адамдардың күзгі еңбегін қысқаша айтып өтеді, мысалы, егін жинайды, бау- бақшалардағы жұмыс түрлеріне тоқталады т.б.

Демонстрациялық материал

Педагог күз мезгілінің суретіне қарап, әңгіме құрайды:

«Күз мезгілі, бақшаның іші сары алтындай жарқырап тұр. Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр».

Жапырақтардың түстері қандай?

Бақшада кімдер жүр?

Бақшадағы балаларға ат қойыңдаршы?

Бақшада балалар не істеп жүр?

Әкесі мен анасы не жинап жүр? Балалар суретке қарап, әңгіме құрайды.

Педагог «азық» сөзінің мағынасын түсіндіреді. Азық –  тамақ, қысқы қорек.

Педагог көгөністердің аттарын орыс тілінде аудармасын айтып түсіндіріп өтеді.

Балалар сурет бойынша құраған әңгімелерің ұнады ма?

Иә, сендердің әңгімелеріңнен суреттегі отбасының еңбекқор екенін байқадық. Әңгімеге көп рақмет.

                                      «Үнемді тұтыну»- Тамақ сатып алғанда...  . Мақсаты:  балалардың үнем туралы түсініктерін кеңейту

Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Қазақ тілі

Жидектер

Міндеті: Сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу  

Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»

Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?

Жидектер.

Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?

Жемістер.

Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?

Көгөністер.

Көркем әдебиет

Отан

 Міндеті: Өлең сюжетінің дамуын қадағалауға үйрету. Сұраққа толық жауап беруге жетелеу. Отанын сүюге, мақтан етуге тәрбиелеу   

Біздің Отанымыз қалай аталады? Біз қай елде тұрамыз? – Біздің ұлтымыз қалай аталады? Біз қай тілде сөйлейміз? – Біздің туған еліміз, Отанымыз – кең-байтақ Қазақстан. Отан дегеніміз – туған жеріміз, Отан өз отбасыңнан басталады. Сен алысқа кетсең, үйіңді сағынасың. Туған жердің топырағы, гүлдері, ойнаған жерлерің есіңе түседі. Туған жерсіз адамның күні жоқ. – Қазақстанның жері кең, табиғаты бай, ормандары, таулары мен көлдері, шексіз даласы, қалалары – біздің мақтанышымыз. 25 қазан – Қазақстан Республикасының құрылған күні. Бұл – біз үшін үлкен мереке, қуанышты күн! Педагог «Тәуелсіздік күні» слайдын көрсетіп, әңгімелейді. – Бүгін ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңімен танысамыз. Сөздік жұмысы: Отан – туып-өскен жеріміз тәуелсіздік – еркіндік, теңдік, егемендік Сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Саған ұнады ма? – Авторы кім? Өлең не туралы? – Біздің мемлекетіміз қалай аталады? – Біз тұратын қала немесе ауыл қалай аталады? – Сен қай елдің азаматысың? Отан сөзіне сөйлем құра

 Сөйлеуді дамыту 

Қорыққанға

қос көрінеді (ертегі)

Міндеті Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

 Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші?

Олар күнде не тасиды?

Суды немен тасиды?

Суды олар қайдан тасиды?

Сушылар қайтарда қай жолмен жүреді?

Бақта ағаш түбінде не отырады?

Бірде қоянның төбесіне не түсті?

Қоян қорқып не істейді?

Қорыққан сушылар не істеді?

Сушыларға қоян қалай елестеді?

Ал қоянға ше?

Міне, балалар, "қорыққанға қос көрінеді " деген осы екен.

Балалар осы ертегінің авторы сендер болсаңдар, ертегіге қандай тақырып қойған болар едіңдер, ойланып көріңдерші?

Дидактикалық ойын:

«Белгілі дыбысқа сөз таңда». Ойын шарты: Ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз ойлап айтады.

Мысалы:

«Әже» сөзіндегі «Ә» дыбысына;

«Қыз» дегендегі «Қ» дыбысына;

«Тауық» және «тышқан» деген сөздегі «Т» дыбысына сөз ойлайды

Сауат ашу негіздері

Буынға бөлейік

  Міндеті:  Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға үйрету   

Балалар, бүгін бізге Айсұлу қуыршақ қонаққа келіпті. «Өз атыңды буынға бөл» ойын-жаттығуын ойнатады. Сендерден өзінің атын буынға бөліп беруін сұрап отыр. – Енді Айсұлу сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік: Ай-сұ-лу. – Бірінші буынын кім айтады? – Бірінші буыны – Ай. – Екінші буыны – -сұ. – Үшінші буыны – -лу. – Дұрыс, үш буыннан тұрады. – Себебі үш дауысты дыбыс бар. Балалар өз аттарын буынға бөліп айтып береді. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы: А-рай, А-сыл. «Буынға буын қос» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрап, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар. Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Педагог сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды. Ау- (ла). Ал- (ма). Са- (ра). Сә- (біз). Қа- (уын). Мысалы: үй-рек, бүр-кіт, қар-ға, тыр-на, тор-ғай, та-бақ, ә-теш, же-лім, қа-ғаз, қай-шы, қа лам, кі-тап.

Сауат ашу негіздері

Ойнай отырып оқимыз

 Міндеті: Сөздерді буынға бөлу, буын санын ажырата алуға жаттықтыру

Балалар, «Болады, болмайды» дидактикалық ойынын ойнаймыз. Мен сендерге өлең жолдарын оқимын. Мен өлеңдегі сөйлемді бастаймын, ал сендер «болады» немесе «болмайды» деп сөйлемді аяқтайсыңдар. Күйші болуға ... (болады), Биші болуға ... (болады), Ерке болуға ... (болмайды). Серке болуға ... (болмайды), Пысық болуға ... (болады). Кішік болуға ... (болады), Әкім болуға ... (болады). Ақын болуға ... (болады), Маман болуға ... (болады). Жаман болуға ... (болмайды), Айтпақшы, Жаман болуға ... (болмайды). (Қадыр Мырза Әли) – Жарайсыңдар, балалар, сендер ненің болатынын, ненің болмайтынын жақсы біледі екенсіңдер. «Буынға бөл» дидактикалық жаттығуы Балалар сөздерді буынға бөледі, неше буын бар екенін айтады. Буынға бөлуге болатын сөздер: күй-ші, би-ші, пы-сық, кі-ші, ә-кім, а-қын, ма-ман

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   Әбікен Хасенов - Көкейкесті (күй)

                               Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту       

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Заттардың адам өміріндегі маңызы Заттар неден жасалады?

 Міндеті: Заттардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы оларды топтастыра білу дағдыларын арттыру     

Балалар, айналаға қараңдаршы, бізді нелер қоршап тұр? (Әртүрлі заттар). Бізді қоршаған заттар бір ғана материалдан жасалған жоқ. Қолданылуына байланысты оларды әртүрлі материалдан жасайды, олар жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, кедір-бұдыр немесе теп тегіс болуы мүмкін. Әр заттың өзіндік мақсаты бар және ол бір нәрсеге қажет. Мысалы, үстел жазу үшін немесе оған тамақтану үшін қажет. Адамдар орындықтарда отырады, электр немесе газ плитасында тамақ пісіреді. Сонымен қатар адамның күнделікті өмірдегі жұмысын жеңілдететін заттар бар. Бұл заттарды кімдер жасайды? – Оларды ересек адамдар жасайды. – Ал бұл заттарды жасау үшін материалдарды қайдан алады? – Әрине, табиғаттан алады. – Күнделікті көріп жүрген үй жиһаздары неден жасалады? – Ағаштан, темірден жасалады. «Көп ойла, сөз ойла» ойыныСуреттегі заттарды атаңдар, не үшін қолданатынын, неден жасалғанын айтыңдар. Балалар заттарды атап, неден жасалғанын және не үшін қолданатынын айтады. Мысалы, киім матадан тігіледі, адамның үстіне киюіне арналған заттар. Еңбек құралдары темір менағаштан, пластиктен жасалады, олар еңбек етуге арналған заттар. Ыдыс фарфор, әйнектен жасалады, ас ішуге арналған заттар. Жиһаз – күнделікті тұрмысқа қажет заттар, темір мен ағаштан, пластиктен жасалған.

Қазақ тілі

Ойнайық та ойлайық

Міндеті: Сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға  баулу

 «Қызық екен» ойыны

 Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог балаларға түрлі түсті суреті бар парақтарды таратады. Олар түсі бірдей парақтарды бір-бірімен біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір жауап бір ұпай. 1. Тапсырма. Күз тақырыбы бойынша сұрақтар: • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата? • Күз айларын ата? • Күз туралы тақпақ оқы? • Сурет бойынша сөйлем құра. 2. Көгөністер. • Қандай көгөністерді білесің? • Артығын тап? (Қызанақ, сәбіз, алма, пияз) қима суреттерден көрсету. • Сурет бойынша сөйлем құра. 3. Жемістер. • Қандай жемістерді білесің? • Артығын тап? (Алма, өрік, алмұрт, құлынай). • Жемістер туралы жұмбақтар айтыңдар? • Сурет бойынша сөйлем құра. 4. Жидектер. • Қандай жидектерді білесің? • Аудармасын тап? ягоды – ... (жидектер), смородина – ... (қарақат), клубника – ... (құлпынай), малина – ... (таңқурай). • Сурет бойынша сөйлем құра. Ойын соңында ұпайларын санап жеңімпазды анықтайды

 Сауат ашу негіздері

Буынды сызба түрінде көрсетіп үйренеміз

 Міндеті: Суреттерді өз сызбасымен дұрыс сәйкестендіру арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту   

 Сөздерді созып, дауыстап айтқанда, сөздің қанша буыннын тұратынын білуге болады. Буын – бір немесе бірнеше дыбыстың тіркесі. Дауысты дыбыс өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыз дыбыстарды алып та буын құрайды. Педагог сызғыштың суретін көрсетіп, осы сөзді буынға бөлдіреді. – Сыз-ғыш – екі буын. – Балалар, сендер сөзді тіктөртбұрышпен белгілейтінімізді білесіңдер. Сөзді буынға бөлу үшін, осы тіктөртбұрышты сызықшалармен бөлеміз. Буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтаға сызып көрсетеді немесе сызбасын іледі): сыз-ғыш..

Педагог суреттерді көрсетіп, осы сөздерді буынға бөлдіреді. ө-шір-гіш

кі-тап 

Тіктөртбұрыш сөзді білдіреді, ал сөзде неше буын болса, төртбұрышты сонша бөлікке жоғарғы жағын сәл шығарып бөлеміз.

Қоршаған орта

Менің туған өлкем

 Міндеті: - «Туған өлке» әр адамның туып-өскен жері, атамекені екенін түсіндіру. Өздерінің туған өлкелері туралы әңгімелеп айтуға үйрету   

Педагог Ө. Тұрманжановтың өлеңін оқиды. Көгінде күн нұрын төккен, Алтын дәнді даласы бар, Жерінде гүл жұпар сепкен, Ақ күмістей қаласы бар, Неткен сұлу, неткен көркем, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем! Осы менің туған өлкем! «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өлеңнің мазмұны ашылады. – Иә, балалар, өзіміздің туып-өскен жеріміз «туған өлке», «атамекен» деп аталады. Біздің жеріміз кең-байтақ, еліміз бай, оның байлығын бүкіл тұрғылықты халқымыз пайдаланып, бақытты өмір сүруде. Туған өлкеміздің ауылы мен қалаларында өздерің секілді бақытты балалар тұрады. Әр адам өзінің туып-өскен жерін мақтан етеді. – Балалар, өздерің айтыңдаршы, біздің өлкеміздің табиғаты қандай? – Қандай көрнекті жеріміз бар? Педагог осы үлгідегі сұрақтар қою арқылы өз өлкелерінің табиғаты мен көрнекті жерлері туралы сұрайды. Балалардың жауаптарын толықтырып отырады.

Дене шынықтыру

Әкем, анам және мен!

Міндеті: скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру

 Мақсаты: скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аңшылар мен қояндар» (4 рет).

Ойыншылар «аңшылар» және «қояндар» болып екіге бөлінеді. «Аңшылар» сызықтың сыртында   тұрады,   «қояндар»   сызықтың   ортасында   тұрады.Педагогтің  белгісімен

«қояндар» сызықтың сыртына секіріп шығады. Осы кезде оларды «аңшылар» ұстауға тырысады. «Қояндарды» көп ұстаған бала жеңімпаз атанады  

                                               Үзіліс  :  Жабық және ашық кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар        Ойын: «Тығылыспақ»      

Саусақтарға арналған гимнастикалық жаттығулар:

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.

«Жаңғақтармен ойын »

Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды

                         «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Күзгі жаңбыр

Міндеті: Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру

Мақсаты:  Музыканың сипатын түсініп, эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру

Музыка тыңдау:

«Жаңбыр шақыру (Д. Ботбаев)

Ән айту:

«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңд. Т. Ломова)

Билер:

«Көңілді қолшатырлар» биі (педагогтің таңдауы бойынша) Ойындар, хороводтар:

«Күн мен жаңбыр» ойыны

Музыка

«Сабантойды тойлаймыз»

Міндеті: Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, жоғары-төменгі қозғалысын ажырату

Мақсаты   Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту

  Музыка тыңдау:

«Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)

«Жау,  жау, жаңбыр»  (К. Дүйсекеев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов)

Билер: «Көңілді қолшатырлар биі (педагогтің таңдауымен)

Ойындар, хороводтар:

«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны («Адай» Құрманғазы, үнтаспадан)

Дене шынықтыру» 

Күшті, батыл және үлкен боламын!

Міндеті: -Алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру

«Секіргіштер».

Екі тізбекке қайта сап құрады.

Бірінші ойыншы бір орыннан ұзындыққа секіреді. Екінші ойыншы сол жерден әрі қарай дәл солай секіреді. Сөйтіп барлық ойыншылар секіріп болған соң, қашықтықтарын салыстырады.

Команданың барлық ойыншылары бір орыннан ұзындыққа секіреді. Барлығы секірген соң жүргізуші әр команданың секіру қашықтықтарын қосып, ұзаққа секірген команданы

анықтайды. Сөйтіп, олар жеңіске жетеді

 Дене шынықтыру

Біз – болашақ әскерміз!

Міндеті: Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру

Тепе-теңдік – орындық үстінде текшелерді аттап жүру (ені – 20 см, биіктігі – 40 см), бір бүйірмен текшелерді аттап жүру. Бастарын төмен түсірмей, тура қарап және бір-біріне кедергі келтірмей жүреді. Нұсқау – тепе-теңдікті сақтау.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

(сурет салу,жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Бидай масақтары

 Міндеті:- - Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: жеткізе білуін жетілдіру

- балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,мүсіндеп мазмұнын бере білуді үйрету

- Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді   пішіндегі заттарды қию

--   тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзінеқызмет ету

Бақылау: Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: « Таза алаң » .

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов « Күшік » .

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. « Күшік » .

Үреді үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: « Қасқыр мен қаздар » .

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: « Тымпи-тымпи » .

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: « Тым-тырыс, тымпи-тымпи » ,- дейді.Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай « өнерімен » ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Әткеншек тебу.

2. Допты қуалау .

Тренинг: « Біз біргеміз » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.

Еңбек : Жапырақтардан гүл шоғын жасау

Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.

Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.

Ойын: « Аю жүрген орманда » .

Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту

Қимылдық ойын : « Монданақ » .

Ойын барысы: Монданақ ойыны бойынша белдік-белбеу әйтпесе орамалды шиыршықтап алып дөңгелене отырады.Ортаға біреу шығады.Отырғандар тізерлеп: « Әне кетті монданақ,міне кетті монданақ » ,-деп әндетіп, ортадағы бала сырт айнала бергенде, оны соғып қалып, орамалын қайтадан жасыра қояды.Оны жасыра аллмаған ойыншы ортаға шығады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Орта доп

2.Әткеншек тебу

3.Қуаласпақ

Тренинг: « Бір шаңырақ астында » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Алтын күзді бақылау.

Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Қимылдық ойын: « Жылғадан қарғып өтеміз » , « Қоян мен қасқыр » .

Мақсаты:Ептілікке, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек : « Таза алаң »

Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: « Отбасы мүшелері »

Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Қимылдық ойын: « Көрші » .

Мақсаты:Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты қабілеттерін одан әрі дамыту.Шапшаң қимылдап, жылдам жүгіруге үйрету.

Ойын барысы: Балалар екі-екіден қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының екі жағымен жүгірген бойы сызықтан өтіп қайтадан қол ұстасуы керек. Егер ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың алдына келіп тұрады.Ал қалған біреуі торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.

Балалар жүгіріп келе жатқанда торуылшы оларға арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған қасқыр қуып береді.Қолға түскен балалар ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.

Дербес ойындар.

Тренинг: « Біз татумыз »

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

« Қыстың қамын жаз ойла » .

Еңбек : Біздің алаң.

Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.

Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату.

Мақсаты: « Суға түкірме « , « Нанды баспа » , « Дастархан басында кекірме » т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.

Қимылдық ойын: « Итеріспек »

Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені.

Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.Ойын жалғаса береді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Тығылыспақ.

2. Тартқышқа тартылу.

3.Допты қуалау.

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.

Қимылдық ойын: « Таяқшадан аттап өт » , « Қуаласпақ »

Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.

Еңбек : Гүл шоғы.

Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . « Бағдаршам »

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Е.Өтетілеуұлы « Бағдаршам »

Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ал « тілін »

Біліпт алдым мен де:

Жасыл жанса, демде

Алға кетем лезде.

Сары жанса , сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Қимылдық ойын: « Үрпек төбет »

Мақсаты: Тез жүгіре білуге үйрету, жылдамдыққа , батылдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы:

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол ортада отырады.Қалған балалар оған жай ғана жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,

Әнекей жалбыр төбет жатыр сұлық,

Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,

Момақан, сырт пішіні жуас салғырт

Ояталық жақындап барайық та,

Қайтер екен содан соң-қарайық та.

Төбет орынан ұшып тұрып үре бастайды.Балалар қаша жөнеледі.Төбет оларды қуа жөнеледі.Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады.Төбет қайтадан ортаға отырады .Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Төбешіктен-төбешікке секір.

2.Күн мен түн

Тренинг: « Күн шуағы » .

(Экология мәдениеті)

Балалармен жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Әңгіме құрастыру

Мақсаты: грамматикалық құрылымды және үйлесімді сөйлеуді қалыптастыру Қарым-қатынас дағдылары

(  Болғанбе Інжу)

 Жеке жұмыс

«Шаңырақ» қимылды ойыны

Мақсаты: қозғалыстарды үйлестіруді, реакциялардың жылдамдығын дамыту Физикалық дағдылар

(Бақдәулет)

Жеке жұмыс

 «Алдымен не, содан кейін не болады?» дид ойыны

Мақсаты: себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсету, қоршаған әлемдегі өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіру қабілетін дамыту Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар (Айтөре)

Жеке жұмыс

 «Көршіңді ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: сандар туралы білімді, олардың сандық қатардағы орнын бекіту Танымдық және зияткерлік дағдылар

(Алтай Асылым)

Жеке жұмыс

 «Қиып ал да, жапсыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: қайшымен жұмыс істеудің техникалық дағдыларын бекіту, аппликация элементтерін қағаз парағына орналастыру мүмкіндігі Шығармашылық дағдылар, зерттеу қызметі

(Арман )

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.
Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Арқан түю.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.
 
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Теңге ілу.
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.
Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Күн мен түн

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау

Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
  Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
  Өнегелі 15 минут

үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Өнегелі 15 минут

баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы 

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   IV-апта      21 - 25 қазан  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі    21.10

Сейсенбі    22.10

Сәрсенбі      23.10

Бейсенбі    24.10

Жұма     25.10

Балаларды қабылдау

              «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2. «  Тәуелсіздік және Отаншылдық » айы

                                    «Апта дәйексөздері»-  «Отаным-алтын бесігім!»    

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Ойын: «Кім көп сөз айтады?»

Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады

Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»

Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды

Еркін ойын: «Ертегілер елінде»

Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды

Еркін ойын: «Бауын байла»

Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:   

Ата-аналармен баланың денсаулығы, үйдегі күн тәртібі, баланы тәрбиелеу, дамыту және оның жетістіктері туралы әңгімелесу

Ата-аналармен әңгіме:

 Ата-аналармен баланың денсаулығы, үйдегі күн тәртібі, баланы тәрбиелеу, дамыту және оның жетістіктері туралы әңгімелесу

.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

 Үстел үсті ойыны – пазл:

«Әсем гүлдер бағы »

Балалармен  әсем гүлдер туралы әңгімелесу.

Құрылыс ойындары:

«Біздің аула гүлдері»

Сюжеттік ойындар:

«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»

Үстел үсті  театры:

«Раушан гүлдер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 4

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

«Табиғатым тамаша»

Табиғатым  тамаша,
Көз  тоймайды қараса.
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса.

 «Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.

 «Табиғат...»

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

 Құрылыс орталығы Бала өз еркімен қиялына қарай  құрастырады.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

10 саны

Міндеті: 10 санымен таныстыру. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету  

Теру парағымен жұмыс. – Ойын алаңына 9 баладан тұратын команда келді. Бірақ балалар өз орындарын таба алмады. Педагог оларға өз орындарын табуға көмектесуді ұсынады. Теру тақтасында (тақта) балалар нөмірлері бойынша топпен тұрады. Педагог жалғастырады: – Міне, тағы бір бала келді. – Оған қандай нөмір береміз? Балалар оны оныншы деп айтады, бірақ, кейбіреуі бұл санды қалай жазуды білмейді. Біз оны оқып және жазып үйренеміз. Бірақ бұл сан үшін бізге екі цифр қажет: 1 және 0. – – Ешкім (ештеңе) болмаған кезде олар: жоқ, немесе НӨЛ деп айтады. Педагог цифрды көрсетеді. Біз 0 рет секіре аламыз ба? 0 рет қол соға аламыз ба? Неліктен? Өлең оқиды. Аспандағы Ай, Цифрға ұқсас қай? Толған кезде ол, Аумай қалған «Нөл». «0» дегенде өздерің, Көріп тұр ғой көздерің. Үйлеспесе айналмас, 0-сіз 1-ің 10 болмас. Педагог нөлді бірліктің жанына қойып сұрайды: – Бұл санды жазу үшін қанша сан қолданылды? (2 сан). 10 санын көрсетеді

Математика негіздері

10 саны

Міндеті: 0-ден 10-ға дейінгі сандарды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды тура және кері санауға дағдыландыру

 Ойындық сергіту. «Сандық жүгірткі». Бұл ойынға 1-ден 9-ға дейінгі цифрлары бар карточкалар қажет. Карточкаларды еденге ретсіз орналастыр. Балалардан карточкалар бойымен жүгіріп, сандарды өсу ретімен атауын сұраңыз. Егер бала қателессе, онда ол ойынды кері бастайды. Топтардағы практикалық жұмыс. 10 санын үшбұрыш түрінде орналастыру арқылы шеңберлермен бейнелеуге болады. 10 шеңберді санап, үшбұрыш тұрғызыңыз.

 Математика негіздері

Қанша? Реті бойынша нешінші?

Міндеті: -«Қанша?», «Реті бойынша нешінші?» сұрақтарына жауап беру, реттік санын айтуды үйрету

«Сандық эстафета» ойын жаттығуы. Топтық жұмыс. Педагог балаларды екі командаға бөледі және қатарға тұруларын сұрайды. 1-ден 10-ға дейінгі цифры бар карточкаларды әзірлейді. Əр бала карточканы қораптан алып, оны командаға қайтарып, содан кейін келесі балаға беруі керек. Барлық 10 карточканы бірінші болып әкелетін команда жеңіске жетеді. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сол жақтан оң жаққа қарай саусақтарды және жануарларды сана. «Реті бойынша нешінші?» – деп сұрақ қой. Орналасқан ретіне қарай сонша нүкте санын сал. Реті бойынша нешінші? Педагог саусақтардағы суреттерді қарап, сол жақтан оңға қарай кім бейнеленгенін атауды сұрайды. «Нешінші?» қатарда сол жақтан оңға қарай, содан кейін оң жақтан солға қарай деген сұрақ қояды. Балалар саусақтарға қанша кейіпкер салынса, сонша нүктелерді салады. 2-тапсырма. Тотықұстарды сана. «Реті бойынша нешінші?» – деп сұрақ қой. Цифрды қоршап сыз. Педагог тотықұстарды санауды, олардың түсін атауды ұсынады. Балаларға бір-біріне «Нешінші?» деген сұрақ қоюды ұсынады. Содан кейін төмендегі суреттегі тотықұс нөмірін таңдайды. Бұл жағдайда олар қандай реттік тәртіпте санағандарын атайды.

Көркем әдебиет

Елордамыз – Астана

 Міндеті: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу  

 Педагог балаларға бейнетаспадан Астананың көрікті жерлерін көрсетеді. – Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? – Бүгін біз Батырбай Сейбадуллаевтың «Астана» өлеңімен танысамыз. Астана – еліміздің бас қаласы. Біз Астана туралы жырлап, мақтан етеміз. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп, ұйқас сөздермен жүрекке жеткізеді. Педагог «Астана» өлеңін оқып береді (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: киелі – қастерлі бақ – бұл жерде: бақыт, береке, құт ынтымақ – бірлік, ауызбіршілік Сұрақ-жауап: – Өлең шумақтарында не жайында айтылған? – Астана қандай қала? Бейнежазбадан не көрдің? – Астананың негізгі белгісі (символы) қалай аталады? – Астана қаласына бардың ба? Қандай көрікті жерлерін көрдің? – Бәйтерек сөзіне сөйлем құра

.

                                            Үнемді тұтыну  Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту

Мультфильм көрсету
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді тәсілдері:
1.Егер үйде ескі электр желілері болса, тез арада ауыстыру керек, бұл электр энергиясын үнемдеуге бірден - бір көмегін тигізеді.
2. Жарықтану деңгейін туралап отыратын құралдармен жабдықтау.
3. Ғимараттан шыққанда жарықты өшіру керек

4. Құралдарды тоқ көзіне еш уақытта қалдыруға болмайды

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Тақырыбы  Ойнайық та ойлайық

Міндеті: Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға.

Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

Күз мезгілінің суретін аяқтап сал.

Күздің белгілерін                                   ата.

Көркем әдебиет

Елордамыз – Астана

 Міндеті: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу  

 Педагог балаларға бейнетаспадан Астананың көрікті жерлерін көрсетеді. – Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? – Бүгін біз Батырбай Сейбадуллаевтың «Астана» өлеңімен танысамыз. Астана – еліміздің бас қаласы. Біз Астана туралы жырлап, мақтан етеміз. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп, ұйқас сөздермен жүрекке жеткізеді. Педагог «Астана» өлеңін оқып береді (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: киелі – қастерлі бақ – бұл жерде: бақыт, береке, құт ынтымақ – бірлік, ауызбіршілік Сұрақ-жауап: – Өлең шумақтарында не жайында айтылған? – Астана қандай қала? Бейнежазбадан не көрдің? – Астананың негізгі белгісі (символы) қалай аталады? – Астана қаласына бардың ба? Қандай көрікті жерлерін көрдің? – Бәйтерек сөзіне сөйлем құра

Сөйлеуді дамыт

Күзгі жапырақтар

Міндеті: Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы)

 Өлеңде қай мезгіл бейнеленген?

Не жайлы айтылған?

Ақын жапырақтарды неге теңеген?

Бұл өлеңнен жапырақтардың жерде алаша сияқты жататынын, алтындай

жалтырайтынын, желмен түскен жапырақтар шашуға ұқсап шашылатынын, күз мезгілінің дарқан, кең екенін білдік.

Күз мезгілі қандай?

Күз мезгілінде айнала сары болады.

Ағаш жапырақтары жерге судырап түседі.

Жер бетін жапырақ жапқан. Бір жер сары, бір жер – қызғылт сары Керемет көрініс

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Берілген дыбысқа сөз құрай алу дағдыларын бекіту     

«Дұрыс көрсет» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге сөздер айтамын ал сендер сөз үш дыбыстан тұрса, үш цифрын, егер сөз екі дыбыстан тұрса, екі цифрын көтересіңдер. Мысалы: тай, май, су, бор, қол, бу, жақ, т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суретке қара. Үш дыбыстан тұратын сөздерді ата. (Мая, тай, лақ, құс, шөп, әже, тал, ала.) 2. Дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға жұмыс дәптерде дыбыстық талдау жасайтындарын айтады. Әже, тай суреттері астына дыбыстық талдау жасайды. – Балалар, біз бүгін дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдауды жасауды жалғастырайық. Педагог балаларды кезекпен тақтаға шығарып, дыбыстық талдау жасатады. Қалған балалар орындарында дыбыстық талдау жасайды. Қателескен жерлерін тақтадағы сызбамен түзейді. «Әже» сөзінің дыбыстық сызбасын педагог тақтаға іледі. – «Әже» сөзінде 2 буын, 3 дыбыс бар. Педагог «тай» сөзінің дыбыстық сызбасын тақтаға іледі. Тай – 1 буын, 3 дыбыс. Педагог «нар» сөзінің дыбыстық сызбасын тақтаға іледі. Нар сөзінде 1 буын, 3 дыбыс бар

Үлкен үзіліс  «Күй күмбірі» :  "Ерке сылқым"Әбдімомын Желдібаев   Мақсаты: балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Менің Отаным Қазақстан

Міндеті: Мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру  

Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдайды. Сөздік жұмыс: Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен. Балалар да өз ойларын ортаға салады: – Атамекен дегеніміз – туған жеріміз. Ол – менің атам, менің ата-бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын. Педагог М.Әлімбаевтың «Туған жерім тамаша» өлеңін оқиды. Туған жердің жырларын Кең Қызғалдақтай терейік. өлкенің қорларын Жүр, аралап, келейік! Саққұлақ пен Қырағы сұрақтар қояды. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өлеңнің мазмұны ашылады. – Біздің Отанымыз қалай аталады? – Біздің Отанымыз – Қазақстан. – Қазақстан сөзі «Қазақ» және «стан» сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Біздің жеріміз кең-байтақ. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды

Қазақ тілі

Тақырыбы:   Неше? Санау

Міндеті: Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».

Бірден онға дейін сандарды ретімен қою, санау. 2 3 4 1 5 7 6 10 8 9               

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Ойын: «Баспалдақпен жоғары көтеру». Басбармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғары тура санау, төмен кері санау (қол моторикасын дамыту).

 Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті Дыбысты талдау жасату арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру

Педагог доп, шар сөздерінің дыбыстық сызбасын тақтаға іледі. Екі бала тақтада доп, шар сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Қалған балалар орындарында талдау жасайды, қателескендер тақтамен тексеріп, қателерін түзейді. – Шар сөзін баяу айтып, сөздегі әр дыбыстық дыбысталуына назар аударыңдар. – Шар сөзінде неше буын бар? – Дұрыс айтасыңдар, бір буын, өйткені бір дауысты дыбыс бар. – Шар сөзінде барлығы неше дыбыс? – Үш дыбыс екен. – Шшшар бірінші дыбыс қандай дыбыс? – Иә, бірінші дыбыс – ш дыбысы. – Ш дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? – Қандай түспен белгілейміз? – Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз. Педагог екінші дыбысты айқындап шааар сөзін оқиды. – А дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? – Дұрыс айтасыңдар, дауысты дыбыс.. Қызыл түсті дөңгелекпен белгілейміз. Педагог «шаррр» сөзін үшінші дыбысты айқындап оқиды. – Үшінші қандай дыбыс естіліп тұр? – Дұрыс айтасыңдар, «р» дыбысы естіліп тұр. – «Р» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? – «Р» дыбысы дауыссыз дыбыс. -Сызбада қандай түспен белгілейміз? – Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз. Шар – 1 буын, 3 дыбыс. Осы үлгі бойынша доп сөзіне дыбыстық талдау жасатылады. Доп – 3 дыбыс,1 буын.

Қоршаған орта

Менің Отаным Қазақстан

Міндеті: Мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру  

Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдайды. Сөздік жұмыс: Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен. Балалар да өз ойларын ортаға салады: – Атамекен дегеніміз – туған жеріміз. Ол – менің атам, менің ата-бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын. Педагог М.Әлімбаевтың «Туған жерім тамаша» өлеңін оқиды. Туған жердің жырларын Кең Қызғалдақтай терейік. өлкенің қорларын Жүр, аралап, келейік! Саққұлақ пен Қырағы сұрақтар қояды. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өлеңнің мазмұны ашылады. – Біздің Отанымыз қалай аталады? – Біздің Отанымыз – Қазақстан. – Қазақстан сөзі «Қазақ» және «стан» сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Біздің жеріміз кең-байтақ. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды

Үзіліс:  Секіруге арналған ойындар  «Көжектер» ойыны.   

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Ойын: «Көжектер»

Мақсаты:  Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Сабантойды тойлаймыз

 Міндеті: Музыка сипатына сәйкес қимылдар орындау

Мақсаты:  Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту

  Музыка тыңдау:

«Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)

«Жау,  жау, жаңбыр»  (К. Дүйсекеев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов)

Билер: «Көңілді қолшатырлар биі (педагогтің таңдауымен)

Ойындар, хороводтар:

«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны («Адай» Құрманғазы, үнтаспадан)

Музыка

Сабантойды тойлаймыз

 Міндеті: Музыка сипатына сәйкес қимылдар орындау

Мақсаты:  Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту

  Музыка тыңдау:

«Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)

«Жау,  жау, жаңбыр»  (К. Дүйсекеев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов)

Билер: «Көңілді қолшатырлар биі (педагогтің таңдауымен)

Ойындар, хороводтар:

«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны («Адай» Құрманғазы, үнтаспадан)

Дене шынықтыру

Отбасылық альбом

 Міндеті:  Гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту

Гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Лақтыр-қағып ал». (10 рет) Допты лақтырып, қалаған тәсілмен қайта қағып алады.

Допты кеудесіне қыспай, екі қолдап қағуға тырысады. Допты жерге құлатпаған жеңіске жетеді.

Дене шынықтыру

«Тату-тәтті баламыз!»

 Міндеті: Жүгіру: шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден, үшеуден тізені жоғары көтеріп    

 «Мұқият бол» ойын жаттығуы.

1,5 минут орташа қарқынмен жүгіру; қозғалысты белгі бойынша алмастыру – жүру, еңбектеу. Мұрынмен тыныс алуға көңіл бөлу, жүру қарқынын бұзбай ырғақпен

адымдауларын қадағалау.

Тыныс алу гимнастикасы (у-шу кешені).

2 метр арақашықтықта жұп болып тұрып, бір-біріне доп лақтыру: серіктесіне допты

басынан асыра лақтырып беруді үйрету. Жаттығуларды дұрыс орындауларын қадағалау.

Қарама-қарсы екі сапқа тұрып, бір-біріне доп лақтырады. Доптың лақтыру бағытын бұзбауға тырысады, лақтыру кезінде қолдарын ширақ созады. Бұйрық бойынша бір

тізбектегі балалар допты себетке салып, секіруге арналып сызылған сызық жанына тұрады

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Өз-өзіне қызмет ету

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Өз-өзіне қызмет ету

Серуен

Бақылау: Тұманды бақылау.

Мақсаты: Күздегі тұманды бақылау , тұманның қайдан пайда болатынын түсіндіру.

Еңбек : Ағаштардың түптерін қопсыту.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге , өсімдіктерге қамқор болуға , оларды күтіп – баптауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Мақал-мәтел.

Таза болса- табиғат,

Аман болар – адамзат .

Мақсаты: Мақал жаттату арқылы баланың сөздік қорын жетілдіріп, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың табиғат , денсаулық туралы түсініктерін тереңдету.

Ойын: « Біз кішкене отбасы »

Мақсаты: Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету.

Қимылдық ойын: « Шымшық доп »

Ойын барысы : Алаңның ортасындағыбір тағанның үстіне ұзындығы 30 см, ені 6-7 тақтайшаны қисайтып қояды.Оның төменгі жағына кішкене доп қойылады.(Доп дұрыс орналасу ұшін тақтайға ойыс жасап қою қажет).Ойнаушылавр тақтайшадан айналып тұрады.Басқарушы таңдап алынады.Ол тақтайшаның жоғарырақ тұрған бос шетін аяғымен теуіп қалғанда, доп жоғары секіріп кетеді.Ойнаушылар оны ұстап алады.Допты ұстап алған бала басқарушы болады да, ойын қайталанады. Ойынға бір мезгілде 5-6 баладан қатыса алады.

Балалардың өз бетімен ойынын ұйымдастыру:

1.Жарысу.

2.Төбешікке секіру.

(Экология мәдениеті )

Бақылау: Шықты бақылау.

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін көрсете түсіндіру, шықтың пайда болу жолы.

Еңбек : Ағаш бұтақтарын жинау.

Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.

Жеке жұмыс: « Менің Отаным » өлеңін жаттату.

Отан – менің ата-анам,

Отан-досым , бауырым.

Отан-өлкем, астанам,

Отан-туған ауылым.

Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Ойын: « Қояндар секіреді » .

Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Қаздар мен бақташы » .

Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар!?

Қаздар: га,га,га

Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?

Қаздар: иә, иә, иә.

Бақташы: Ендеше ұшыңдар.

Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар

Жібермейді ол жолда

Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !

Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді.

Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.

Еркін ойындар.

Тренинг: « Қаздар болып ұшайық

(Экология мәдениеті )

Бақылау: Өткінші жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс – жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру.

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты: Ағаш түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Жеке жұмыс: « Еңбекпен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер » .

Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Қимылдық ойын : « Допты қуып жет » .

Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: « Кім тезірек? »

Мақсаты: Секіргішпен секіруге үйрету, секіру қабілетін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар қолдарындағы секіргішпен алаңның бір жағына, бір-біріне бөгет жасамай сапқа тұрады.Олардан 15-20 қадам қашықтықта сызық сызылады немесе жалаушалар байланған жіп тартылады.

Балалар келісілген сигнал бойынша бір мезгілде сызыққа бағыттала секіреді.Тәрбиеші сызықтың үстіне түскен баланы белгілеп алады.

Тренинг: « Қолшатыр » .

(Экология мәдениеті )

Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау.

Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру.

Еңбек : Біздің ойын алаңы

Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс : Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .

Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Қимылдық ойын: « Фигура жасап шық »

Ойын барысы : Ойнаушылардың арасынан бастаушы таңдалынып алынады.Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді , бір аяғымен екінші аяғын шалыс баса ( ирек жүріспен) алаң бойы секіреді. Тәрбиешінің сигналынан, дабыл қағу немесе « тоқта » деген сөзден кейін барлығын орындарына барып қозғалмай тұрады.Басқарушы барлық « фигураларды » айналып шығып , ең ұнайтынын таңдап алады. Енді басқарушы бала беруші болып саналады да, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да , ойын қайталанады.

Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру:

Қуаласпақ.

Тығылыспақ.

Тренинг: « Киіз үй » .

(Экология мәдениеті )

Балалармен жеке жұмыс

Болғанбек Інжу

Ертегідегі  дыбыстар мен сөздерді айтуға  үйрету.

Өзденбай Балым

Қарындашты дұрыс ұстай алуды  үйрету. (үш саусақпен)

Бақдәулетті

Ертегідегі  дыбыстар мен сөздерді айтуға  үйрету.

  Ыдырысбек Кенесары

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел,орындық,) құрастыруға  үйрету

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

  «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

«Инем тап» - ұлттық ойын.
 Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесінқатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншынытаңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне инежасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кезкелген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырғанойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады.Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не бибилейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын»өтейді.

  «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Жаяу тартыс

Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басыбіріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екіжаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартыпбелгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқанболып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді.Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткенойыншы жариялайды.

  «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

«Сиқырлы таяқ » - қазақтың ұлттық ойыны.
Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.

  «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

«Арқан тарту»

Мақсаты: Балалардың тыныс жолдары кеңеюін, аяққа, білекке, алақанға күш жиналып, адам денесінің қуатын арттыру.

Ұстағанынан айырылмауға, жібермеуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөліп, ұзын арқанды екі жаққа тартады. Арқан алақандарын ысып кетсе де бірін-бірі сүйретіп кеткісі келгендер табандап, тартып жатып алады. Ақыры бір жақ жеңіп, екінші жақты сүйретіп кетеді.

Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

  Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта      04 - 08 қараша  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі   04.11

Сейсенбі     05.11

Сәрсенбі      06.11

Бейсенбі     07.11

Жұма     08.11

Балаларды қабылдау

                     «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 3. Әділдік және жауапкершілік  айы

                   «Апта дәйексөздері»-   «Әділдік пен жауапкершілік - біртұтас ұғым!» 

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Дұрыс көрсет, ажырат»

Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы біледі, олардың атауларын айта алады.

«Өзім және отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы айта алады бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсінеді

«Мамандықтың  бәрі  жақсы»

Мақсаты:  балалар әр  түрлі  мамандық иелерін біледі.

«Бұны қай кезде киеді?»

Мақсаты:  әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады

Бақша да ма,бау да ма?

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата алады

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Шарикті үрлеу».

(үстел үсті ойыны)

«Гүлді құрастыру»Топтық ойын

Жапырақ гүлін жасау

Фантикті жинау

Қағазды бүктеу,жазу 

Таңертеңгі жаттығу

                                       Таңғы  жаттығу  кешені  № 5

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Шаттанамын, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Қатар тұрар шеңберде

Досым көбін білемін

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 ұйымдастырылған іс-әрекет

 Математика негіздері

Қанша? Реті бойынша нешінші?

Міндеті  10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. «Қанша?», «Реті бойынша нешінші?» сұрақтарын ажырату   

 «Цифрларды дұрыс ата» ойын жаттығуы.

 Жеке түрлі түсті қағаз саптаяқтарға (кружкаларға) (стикерлерге) 1-ден 10-ға дейінгі цифрларын жазады, оларды үлкен қорапқа салады. Балалардың біреуінен саптыаяқтарды бір бірден шығарып, әр саптыаяқтағы цифрды атауын сұраңыз. Содан кейін саптыаяқтарды 1-ден 10-ға дейін дұрыс ретпен орналастыруды сұраңыз. Цифрлар көрінбейтіндей етіп стикерлерді теріс аударыңыз. Сұрақтар қойыңыз және балалардан сұрақтар қоюды сұраңыз: сары (қызыл) нешінші? Үлестірмелі материал – вагондар ( № 16 парақ). Педагог оларды тақтаға орналастыруды және олардың реттік санын атауды ұсынады, вагондардың астына сандары бар карточкаларды қоюды ұсынады. Содан кейін педагог паровоздың орнын өзгертіп, карточкаларды қайтадан ретпен орналастыруды сұрайды. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Балалар кассаға кезекке тұрды. Оларды сана. Бірінші, екінші, тоғызыншы, оныншы болып кім тұр? Балаларды вагондағы орын нөмірлері бойынша ретімен сызып қос. Шабадандарды сана. Балаларға шабадандарды «таратып» бер. Сызып қос   

Математика негіздері

Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

Міндеті  Геометриялық фигуралар: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш атауларын, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету      

Сен бұл фигуралардың қалай аталатынын білесің бе? Балалар суретті талқылайды, таныс геометриялық фигураларды атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш. Бұл кезеңде үлестірмелі материалды пайдаланады (№12- № 14 парақтар). – Бұл не? (Шаршы). – Оны жиектеп айналдырып, сызайық. Саусақтарыңды дайында. Саусақ солдан оңға қарай жүреді, бұрышқа жеттеді, бұрылады, саусақ жоғарыдан төменге жүреді, бұрышқа жетеді, бұрылады, саусақ оңнан солға қарай жүріп, бұрышқа жетеді, бұрылады, саусақ төменнен жоғары қарай жүреді. (Балалардың үстелдерінде әр балаға арналған геометриялық фигуралар жиынтығы бар). – Біз нені айналдырып, жүргіздік? (Шаршыны). – Тіктөртбұрышты көрсетеді, бұл – тіктөртбұрыш деп аталатын геометриялық фигура. – Оны айналдырып, сыз. Саусақтарыңды дайында.... – Тіктөртбұрыш пен шаршының айырмашылығы неде? Шаршыны тіктөртбұрыштың үстіне қояды. – Қара, олардың бір жағы бірдей, ал қалған екі жағы әртүрлі, олар шаршыға қарағанда тіктөртбұрыштан ұзынырақ. – Балалар, тәрелкелердегі шаршы мен тіктөртбұрышты алып, алдарыңа қойыңдар. – Тіктөртбұрыштар мен шаршыларды салыстыр. – Шаршыны тіктөртбұрыштың үстіне қой. – Шаршы мен тіктөртбұрыштың қабырғалары туралы не айта аламыз? (Бір жақ қабырғалары бірдей, ал тіктөртбұрыштың екі жағы шаршыға қарағанда ұзын.) Одан әрі қарай балалар № 12 - №14 үлестірмелі материал парақтарымен анықтап танысады. – Фигуралар неге ұқсайды? – Олардың айырмашылығы неде, олардың ұқсас жақтары қандай?

Математика негіздері

Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

Міндеті   Геометриялық фигуралар: дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш атауларын, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету   

«Геометриялық аңшылық» дидактикалық ойыны. Педагог бөлмеде әртүрлі геометриялық фигураларды жасырып қояды. Оларды тауып алуды сұрайды. Балалар фигураны тапқан кезде оны атап, оның қасиеттерін сипаттап айтуы керек. Ойындық жаттығу. «Фигуралар неге ұқсайды?» №12, №13, №14 парақтар. Практиқалық жұмыс. Фигураларды қара. Олар несімен ұқсас және қалай ерекшеленеді? Шаршы мен тіктөртбұрышты бір-бірінің үстіне қой. Не байқадың?

Көркем әдебиет

Арыстан мен тышқан

Алтын астық (кір.25.10)

 Міндеті: - Сахналық қойылымға қатысуға жетелеу. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға үйрету. Жануарларға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.(кіріктірілген 25.10)

-Астық жинау науқаны туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру. Еңбекті бағалауға тәрбиелеу 

Педагог жұмбақ жасырады. Егістікте сары алтын, Дастарқанда наны алтын. (Бидай) Педагог балаларға слайдтан бидайды, егін даласын, комбайнмен орып жатқан егінді көрсетіп, әңгімелейді. – Бұл – астық, дәнді дақыл. Мынау – бидайдың дәні. Бидайдың сабағын, дәнін балалар қолдарымен ұстап көреді. – Бидайдың дәнінен біз нан түрлерін дайындаймыз. Егін өсіп, пісіп жетілгенде айнала сап-сары болып тұрады. Бірақ дән өсіп, піскенше еңбегі өте ауыр. Осы дәннен нан да, басқа да ұн өнімдері алынады. Сондықтан оны қастерлеп, алтын дән деп айтамыз. – Бүгін ақын Қосжан Мүсіреповтің «Алтын астық» өлеңімен танысамыз.

Сөйлеуді дамыту

Шаштараз

Міндет Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу

Шаштараз

-Өлеңде кім туралы айтылады?

-Шаштараз қандай баланы ұнатады, қандай баланы ұнатпайды?

-Сендер өздеріңді қандай баланың қатарына жатқызасыңдар?

Сөздік жұмыс:

Араз – қарсы мағынасында;

Жұпар – әтір, иіс судың исі.

Өлеңді суретке қарап, қайталату арқылы жаттату, өлең ішінен түбірлес сөздерді тапқызу

        «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
1. Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз.

2. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз.
Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз.
Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Неше? Санау

Міндеті:  Шағын өлеңдер, санамақтар жаттату

 Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Бірден онға дейін сандарды ретімен қою, санау.

2 3 4 1 5 7 6 10 8 9 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Ойын: «Баспалдақпен жоғары көтеру». Басбармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғары тура санау, төмен кері санау (қол моторикасын дамыту).

Санамақ жаттау.

Бақшада жақсы аға

Ойыншық береді.

Бір балық,

Екі шелек,

Үш үйрек,

Төрт түлкі,

Бес бүркіт.

3-4 бала санамақты қайталайды.

Көркем әдебиет

Бәрі де риза

 Міндеті: - Әңгіменің жалғасын ойдан құрастыруға баулу. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Педагог интербелсенді тақтадан мамандардың суретін көрсетіп, әңгімелейді. – Кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар? – Сендер өскенде кім болғыларың келеді? – Қандай мамандарды білесіңдер? – Мамандық дегеніміз адамның еңбек қызметінің түрі, маман болу көп оқуды, дайындықты, жауапкершілікті талап етеді. Мамандықтың түрі өте көп. – Балалар, сендер күнде келіп жүрген балабақшаны салатын адамды кім дейміз? – Ауырған адамды кім емдейді? – Киімдерді тігіп беретін адамды кім дейміз?  – Шашымызды әдемілеп қиып беретін адамды кім дейміз?

Бүгін осы мамандықтар туралы жазушы Мәдіхат Төрежановтың «Бәрі де риза» әңгімесімен танысамыз.

Сұрақ-жауап:

– Әңгіме не туралы? Авторы кім? Әңгіме қалай аталады? – Бейсен неше жаста еді? – Қонақ баладан не сұрады? Ойыңды ортаға сал. – Өскенде кім болғың келеді? Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?» (баланың ойлау қабілетін дамыту) Шарты: әр мамандық иесіне керекті заттарын тауып атайды.

Сөйлеуді дамыту 

Шаштараз

 Міндеті: -   Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту

–Балалар, таза, ұқыпты бала деп қандай баланы айтамыз?

–Енді «ұқыпты бала» дегенге мағынасы қарама-қарсы сөз айтыңдаршы?

–Сендер өздеріңді қандай балаға жатқызар едіңдер?

–Өздерің таза жүресіңдер ме? 

Шаштараз

Ұжымшарға жаңадан, Келген еді шаштараз. Өзі сондай таза адам, Өсіп кеткен шашқа араз

Кім бөлмесе көңілін, Өсті екен деп баста шаш. Салақ болса кімде-кім, Соны ұнатпас шаштараз

өлең ішінен түбірлес сөздерді тапқызу

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті Сөздерді буынға бөле алу дағдыларын бекіту

«Сөздерді буынға бөл» дидактикалық ойыны – Мен суреттерін көрсетіп, сөздер айтамын, ал сендер дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөліңдер. Мысалы: та-қи-я, ба-лет, та-ма-ша, ба-қа, жол-ба-рыс, түл-кі, мон-шақ, ал-ма, т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ата. Ферма, сиыр, сүт, қоян, сөре, қора, күнбағыс, комбайн, тал, шөп, сауыншы, қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, фляга

Бүгін біз дыбыстық талдауды жасауды жалғастырамыз. – Дыбыстық талдауды қалай жасайтын едік, бірінші сөзден нені анықтауымыз керек? – Әрине, балалар, дұрыс айтасыңдар, сөзде неше буын бар, соны анықтап алады екенбіз. – Содан кейін не істейміз? – Сөздегі дыбыстарды жеке-жеке талдап, жасалуына қарай қандай дыбысқа жататынын анықтаймыз. Сызбаға әр дыбысты өз белгісімен көрсетеміз. Педагог тақтаға «нан» сөзінің дыбыстық сызбасын іледі. Тақтаға балаларды кезекпен дыбыстық талдау жасауға шақырады. Қалған балалар орындарында орындайды. Нан сөзінде 1 буын, 3 дыбыс бар.

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті:  Дыбыстардың сөз ішіндегі орнын анықтай алу дағдыларын дамыту   

«Кім зерек?» дидактикалық ойыны Ұшып кетті торғай. Ға-ға-ға, Ұшып кетті қарға. – Балалар, көк түсті жалаушаларыңды дауыссыз дыбыс айтқанда көтеріңдер, қызыл жалаушаларыңды дауысты дыбыс айтқанда көтеріңдер. «Жалауша» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сендерге дыбыс айтып, сол дыбысы бар сөздерді айтамын. Егер дыбыс сөз басында болса, қызыл жалаушаны, сөз соңында болса, көк жалаушаны, сөз ортасында болса, екі жалаушаны да желбіретесіңдер. Мысалы: (Е) етік, керік, себет, серке, Берік, ет, ер, елік, текемет, ел, тер, Ерлан, тәрелке, ешкі, күлтеше, жүрек, тірек, бәтеңке, есік т.б. (Ә) әтеш, бәтеңке, бәсіре, бәліш, әтір, әңгелек, әміре, Кәмилә, Кәмшат, әйнек, мәсі т.б. (Ұ) ұршық, ұлу, ұшақ, ұзын, құмыра, ұн, құндыз, құлып, Ұлжан, ұлпа, құс, ұрыс, ұрық, ұмыт, ұқыпты, құм т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Зат атауларындағы н дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті және соңында болса – үшінші бөлікті көк қарындашпен боя. 2. Дауысты дыбыстан басталатын заттың суретін қызыл сандыққа, дауыссыз дыбыстан басталатын заттың суретін көк сандыққа сал.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Дала» күйі Айбек Бекбосын

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Менің мекенжайым

Ағаш, бұта және өсімдіктер (кір.25.10)

 Міндеті: - Балаларға өздері тұратын туған қала, балабақша орналасқан шағынаудан, көше туралы түсіндіру

- Өзін қоршаған ортадағы өсімдіктерді үш топқа (ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер) жіктей білуге үйрету (кір.25.10)

Е. Елубаевтың өлеңі бойынша әр жануардың баспанасы және адамның баспанасы қалай аталатынын біледі. Педагог қала немесе ауылда әр адамның үйін мекенжай арқылы табатындығын түсіндіреді. Сөздік жұмыс: Адам тұратын үй, мекеме, кәсіпорынның орналасқан жері «мекенжай» деп аталады. Балалар өздері тұратын қала/ауылдың атын және көшелерін атайды. Балалар өз қаласының/ауылының көрікті жерлерін атайды, сол туралы әңгімелейді. Педагог: Біз ата аналарыңның көмегімен сызылған картамен жұмыс жасаймыз. Әр баланың аты жазылған, шартты белгілер орналасқан, балабақшаға келетін жолы сызылған парақшаларды алып, баланың өзіне айтқызады, балабақшаға келе жатқан жолда қандай ғимараттар бар, олар жолдың қай шетінде орналасқан, тұратын аудандары қалай аталатыны жайлы әңгімелеп, парақшаны тақтаға іледі. Педагог төмендегі жетекші сұрақтар арқылы балалардың өз мекенжайы туралы айтқызады. Өздерің тұратын көше қалай аталады? Әр бала өзі тұратын көшенің атын айтады. Көшелеріңде қандай үйлер бар? Үйлердің жанында қандай дүкендер (ғимарат, шаштараз, дәріхана т.б.) бар?

Қазақ тілі

Апта күндері

 Міндеті:   Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Тақпақ «Апта күндері»

Апта деген атайдың

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі – дүйсенбі,

Екіншісі – сейсенбі,

Үшіншісі – сәрсенбі,

Төртіншісі – бейсенбі,

Бесіншісі – жұма,

Алтыншысы – сенбі,

Жетіншісі – жексенбі .

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ү-ү-ү-ү- дүүй-сенбі

Ә-ә-ә- сәәр-сенбі

Ұ-ұ-ұ- жұұ-ма

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті:  Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру

«Дұрыс көрсет» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге сөздер айтамын ал сендер сөз үш дыбыстан тұрса, үш цифрын, егер сөз екі дыбыстан тұрса, екі цифрын көтересіңдер. Мысалы: тай, май, су, бор, қол, бу, жақ, т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суретке қара. Үш дыбыстан тұратын сөздерді ата. (Мая, тай, лақ, құс, шөп, әже, тал, ала.) 2. Дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға жұмыс дәптерде дыбыстық талдау жасайтындарын айтады. Әже, тай суреттері астына дыбыстық талдау жасайды. – Балалар, біз бүгін дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдауды жасауды жалғастырайық. Педагог балаларды кезекпен тақтаға шығарып, дыбыстық талдау жасатады. Қалған балалар орындарында дыбыстық талдау жасайды. Қателескен жерлерін тақтадағы сызбамен түзейді. «Әже» сөзінің дыбыстық сызбасын педагог тақтаға іледі. – «Әже» сөзінде 2 буын, 3 дыбыс б

Қоршаған орта

Көшедегі қауіпсіздік

 Міндеті:  Көшедегі қауіпсіздік ережелерін қайталау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру       

Балалар, айтыңдаршы, «көше» деген не?

 – Көше – қала немесе өзге де елді мекендердегі үйлердің арасындағы жер, жол.

– Көшедегі көлік қозғалысы қай жерде болады? – Көліктерге арналған «жүріс бөлігі» деп аталатын жолда болады. Жол бойында көліктер өте көп, бірақ олар белгілі бір ережемен жүреді. Ережені жүргізуші де, жаяу жүргінші де бұзбайды. Бұл ереже қалай аталады? – «Жол жүру ережелері» деп аталады. «Қаладағы серуен» ойыны Педагог балаларды алдын ала дайындалып, белгілер сызылған, қиылыс жолдары жасалған импровизацияланған «көшеге» жақындауларын сұрайды. Балалар автомобильдерге арналған, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды атап, көрсетіп әңгімелейді. Балалар қол ұстасып, жаяужолмен жүріп, белгі тұрған жерден келесі жаққа өтіп, сурет бойынша белгілерді түсіндіреді. Жүгіруге арналған жолда, жаяужол мен велосипедшілерге арналған жолда көліктер жүрмейді.  

Дене шынықтыру

Желаяқтар

 Міндеті: - кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру;

 Тізбекпен кедергілер алабынан өту.

Тізбек құрып, кедергілер алабының қасына келеді.

(Кегельдер, доғалар, құрсаулар, жолақтар). Белгі бойынша кедергілер алабынан өтеді: кегельдерді айналып өтіп, доғалардың астынан өтіп, жолақтың үстімен жүгіріп өтеді. Нұсқау – тізбек шашырап кетпеуі керек

                                                           Қауіпсіздік сабағы      «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»

Сюжеттік-рольдік ойын:

Балаларды жұптарға бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екіншісі – төтенше қызмет операторының ролін ойнайды. Әртүрлі жағдайлар көрсетілген (өрт, адам құлап кетуі, көшеде біреу айқайлап жүр және т.б.) карточкаларды тарату. Қоңырау шалуға жаттықтыру. Ол үшін бала қажетті телефон нөмірін теріп, операторға ақпарат беруі керек. Төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау: Ойын түрінде төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау. Телефон нөмірлерін есте сақтау үшін ән немесе тақпақ (рифма) ойластыру.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің (кір.25.10)

Міндеті: - Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру

-Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру

Музыка тыңдау:

«Аққу» (Н. Тілендиев, үнтаспа)

Ән айту:

«Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров)

«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар: «Аспаптардың дауысын ажырату»

Музыка

Гүлдене бер, Нұр-Сұлтан

Міндеті: Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.

Музыка тыңдау: «Асқақта, Астана» (А. Әлиев) Ән айту: «Астана» (А. Досмағанбет)

 «Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай) «Құстар» (Т. Ломова) Билер: «Асатаяқ биі» (қыздар) («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Мен күйшімін»

Дене шынықтыру

Ержүрек құмырсқалар

Міндеті: Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу

Мақсаты  бүлдіршіндерге жүрудің, жүгірудің, өрмелеудің, еңбектеудің қарапайым дағдыларын үйрету. Баланың эмоционалдық көңіл - күйін еркін білдіруіне қолайлы жағдай туғызу. Ойын арқылы белсенділігін арттырып, психогимнастикалар арқылы баланың ішкі жан дүниесін сезінуіне мүмкіндік туғызу, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  Ана тауық елеңдеп: Мынау ненің дауысы екен білесіңдер ме? Бұл сендердің басты жауларың - тарғыл мысық «ыс - ыс - ыс» деп айбат шегіп, балапандарды үркіте бастайды.(балалар алаңда бытырай жүгіреді.)
Ана тауық: Әй тарғыл мысық, тиме менің балапандарыма, тұмсығыммен өзіңді шұқып аламын.
Мысық: Мияу, мияу, мықтыларға тимеймін, мен тек әлсіз балапандарды ғана жеймін. Кім мен сияқты жер бауырлап барып, ағашқа өрмелей алса, сендерге тимеймін, ал қай балапан жасай алмаса, сол менің бүгінгі асым болады.
Негізгі қимыл: Балалар 2 коллонаға тұрып, еңбектеп гим. скамейканың астынан өтіп, гим. қабырғаға өрмелеу.
Мысық: Мияу - мияу
Күштілерге тимеймін
Балапан етін жемеймін.
Ана тауық: Жарайды, тарғыл, енді бізбен бір ойын ойна.
Қимыл ойын: Тарғыл мысық және балапандар.
Ойынның мақсаты: Кеңістікті барлай отырып алаңдағы өз орындарын табуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Бала бойында ептілік, табандылық секілді қасиеттерді қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Менің көңілді добым

 Міндеті: допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр

Мақсаты   Допты басымен итеріп жүргізіп, алдыға қарай еңбектеуді жалғастыру.

Аяқ-қолын жинап, жұмырланып отырып алдыға-артқа домалауды бекіту

Күтілетін нәтиже

Жасайды: доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, «Күлімдейміз күндей» ойын жаттығуы, допты басымен итеріп жер бауырлап еңбектеп жүру.

Түсінеді: допты екі жағынан қысып ұстау, сапта тұрып арақашықтықты сақтау, допты жерге соғылғаннан кейін қағып алу, «арқасына аунау» термині.

Қолданады: үш тізбекке тұру дағдысы, доппен түзету жаттығуларын орындау, еңбектеп жүру, залмен қозғалғанда кеңістікті бағдарлау, арқасына аунағанда дұрыс жиналып

Жұмырлану

4 метрге допты басымен итеріп жүргізіп, алдыға қарай еңбектеу(2 рет)

 Жаттығуды орындағанда өздері білетін жер бауырлап еңбектеу дағдыларын қолданады.

Денені жинап алып отырған күйден алдыға-артқа домалау (5 рет).

Тізелерін біріктіріп, қолдарын жерге тіреп, иығын қол басының деңгейіне келтіріп, басын түзу ұстау. Осы қалыптан барлық негізгі акробатикалық жаттығулар басталады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

(суретсалу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Құмыра

Сазбалшықтан жасалған табақ

    (кір.25.10)

Міндеті: - балаларды үй тұрмысына қажетті заттармен таныстыру;

- Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу

- аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру

- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру

Мақсаты:- құмыра туралыбілімдерін  жетілдіру, құмыраны сала білуге,мүсіндекге,жапсыруға, құрастыруға үйрету

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Бақылау: Шықты бақылау.

Мақсаты: Күз ерекшеліктерін көрсете түсіндіру, шықтың пайда болу жолы.

Еңбек : Ағаш бұтақтарын жинау.

Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.

Жеке жұмыс: « Менің Отаным » өлеңін жаттату.

Отан – менің ата-анам,

Отан-досым , бауырым.

Отан-өлкем, астанам,

Отан-туған ауылым.

Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Ойын: « Қояндар секіреді » .

Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Қаздар мен бақташы » .

Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар!?

Қаздар: га,га,га

Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?

Қаздар: иә, иә, иә.

Бақташы: Ендеше ұшыңдар.

Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар

Жібермейді ол жолда

Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !

Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді.

Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.

Еркін ойындар.

Тренинг: « Қаздар болып ұшайық » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Өткінші жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс – жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру.

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты: Ағаш түптерін қопсыту арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Жеке жұмыс: « Еңбекпен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер » .

Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.

Қимылдық ойын : « Допты қуып жет » .

Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: « Кім тезірек? »

Мақсаты: Секіргішпен секіруге үйрету, секіру қабілетін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар қолдарындағы секіргішпен алаңның бір жағына, бір-біріне бөгет жасамай сапқа тұрады.Олардан 15-20 қадам қашықтықта сызық сызылады немесе жалаушалар байланған жіп тартылады.

Балалар келісілген сигнал бойынша бір мезгілде сызыққа бағыттала секіреді.Тәрбиеші сызықтың үстіне түскен баланы белгілеп алады.

Тренинг: « Қолшатыр » .

Экология мәдениеті)

Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау.

Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру.

Еңбек : Біздің ойын алаңы

Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.

Жеке жұмыс : Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек,

Жапырағын жұлғызып.

Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .

Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Қимылдық ойын: « Фигура жасап шық »

Ойын барысы : Ойнаушылардың арасынан бастаушы таңдалынып алынады.Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді , бір аяғымен екінші аяғын шалыс баса ( ирек жүріспен) алаң бойы секіреді. Тәрбиешінің сигналынан, дабыл қағу немесе « тоқта » деген сөзден кейін барлығын орындарына барып қозғалмай тұрады.Басқарушы барлық « фигураларды » айналып шығып , ең ұнайтынын таңдап алады. Енді басқарушы бала беруші болып саналады да, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да , ойын қайталанады.

Балалардың өз бетімен ойын ұйымдастыру:

Қуаласпақ.

Тығылыспақ.

Тренинг: « Киіз үй » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Күннің қанша градусқа төмендегенін бақылау. Күзгі табиғат құбылыстарын түсіндіру.

Еңбек : Гүл тұқымдарын жинау.

Мақсаты: Гүлдің тұқымнан өсетінін түсіндіру, көктемде тұқымды гүлзарларға себетіндігіміз, тұқымнан гүл өсетіндігін түсіндіру.

Жеке жұмыс: Сипап өткен самалға,

Тербеледі сары алма.

Көз салып едім бақшаға,

Қауын біткен сары ала.

Дидактикалық ойын: « Жемістер мен көкөністер » .

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.Олардың адам ағзасына тигізер пайдасын түсіндіру.

Қимылдық ойын: « Тышқан мен мысық »

Мақсаты: Балаларды тату ойнауға үйрету .Тез жүгіруге , ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: . « Доппен ұрып алу » .

Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады.Тәрбиеші жүргізушіні таңдап алады да , допты береді. « Бір, екі , үш » дегенде балалар жан- жаққа қашады.

Жүргізуші доппен ұрады.Кімге тисе сол ойыннан шығады:Ойын осылай жалғасады.

Еркін ойын:

« Қуыршақты киіндіреміз » .

« Отбасы »

Тренинг: « Біз көңілді балалар » .

(Экология мәдениеті)

Бақылау: Көгершінді бақылау.

Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Еңбек : Ауладағы құстарға жем беру.

Мақсаты: . Табиғатты аялай білуге , құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа!

Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу.

Ойын: « Шымшық доп » .

Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қимылдық ойын: « Ұстаушы, лентаны ал » .

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа , жылдам шешім қабылдауға үйрету.

Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады.Ұстаушыдан басқасы түсті матаның немесе лентаның қиындысын алады да, оны мойынынан айқара айналдыра байлайды.

Ұстаушы шеңбердің ортасында тұрады.Тәрбиешінің « Жүгір » деген сигналы бойынша балалар бет-бетімен алаңға кетеді.Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады.Лентасынан айрылғандар уақытша бір жаққа шығып тұрады.Тәрбиешінің: « Бір, екі, үш, тездете шеңберге жүгір! » деген сигналы бойынша балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушышы алынған ленталардың санын есептеп, оны балаларға қайтып береді.Ойывн жаңадан ұстаушы тағайындаудан басталып , қайталанады.

Тренинг: « Құс болып ұшайық »

(Экология мәдениеті)

Балалармен жеке жұмыс

 Айтөреге сандарды санауға үйрету.

Д/ойын:  «Кім жылдам!

 Ұлжан  мен Асылымға  сөздерді анық айтуға үйрету. 

Д/ойын: «Сөзді айтуға көмектес»

 Бақдаулетке  пішіндерді ажырата білуге үйрету.

Ойын: «Пішіндер доминосы»

 Шахмұхаммедке   қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Суреттен ойын-жаттығу

«Үзік сызықтарды қос»

 Інжуді ермексазбен жұмыс жасауға үйрету.

 Мүсіндеуден ойын-жаттығу:«Асық»

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   11-апта   11 - 15 қараша  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі   11.11

Сейсенбі    12.11

Сәрсенбі   13.11

Бейсенбі    14.11

Жұма    15.11

Балаларды қабылдау

                     «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 3. Әділдік және жауапкершілік  айы

                                               «Апта дәйексөздері»-  «Тура биде туған жоқ!» 

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Балаларды қабылдау

Демалыс күндерін қалай өткізгендерін сұрау

Тазалық шараларын жүргізу.

Еңбек тапсырмасы:Гүлдердіңшаңын сүрту

«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу.

Д/о:Бұл құрал қай мамандық иесінікі?

 Ата аналары қандай маман иесі екенін әңгімелесу

Сурет бойынша әңгіме құрастыру, жұмбақ шешу.

 Д/о: «Заттарды ажырат».

Еңбек тапсырмасы:Кітап сөрелерін сүрту,жинастыру

Д/о  «Суреттерді орналастыр» 

«Мектеп қызметкерлері» тақырыбында әңгімелесу

Мақсаты: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету

Еңбек тапсырмасы: Табиғат бұрышын жинастыру,балықтарға жем беру

Суретке қарап әңгімеге тарту

 «Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады.

Еңбек тапсырмасы: Шығармашылық бұрышын жинастыру,қарындаштарды ұштау

Үстел үсті Қысқыштармен ойналатын ойын

«Балабақшада кім еңбек етеді» тақырыбында мазмұнды суреттер ұсыну.

Еңбек тапсырмасы: Ойыншық сөрелерін жинау,сүрту,сынған ойыншықтарды қоқысқа тастау

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.

 «Суреттерді орналастыр» 
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. 

  Құрылыс ойындары:

  «Еңбек құралдары»,

  «Наубайхана  

   құрастырамыз».

Фотосуреттер қарастыру:

«Бидай мен қаңбақ»

Фотосуретте бейнеленген ертегі желісі бойыншасурет арқылы орналастыру.

«Бидай мен қаңбақ» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.

 «Біз дәнбіз» диқан жерге дән екті (дән сепкен қимылды көрсетеді)Сіркіреп, жаңбыр жауды (қолдарын шапалақтайды) Жер бетіне көгеріп, бидай шықты (қолдарын жоғары көтереді)Жайлап самал жел есті (қолдарын ырғайды)

Үстел үсті ойыны – пазл:

 «Бидай»

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 5

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

« Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

«Нанға біз тоямыз»

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.

«Көлбең, көлбең, көлеңкем»

Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан

«Күлімде, Күн,

күлімде»

Күлімде, Күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Дөңгелек және сопақша

Міндеті: Геометриялық фигура – сопақшаны тануға және атауға, сопақша мен шеңбердің, сопақша мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу      

Ойындық жағдаят. Əлия мен Сырым (№ 1 парақ) анасына сыйлыққа суреттегідей моншақ құрастырғысы келді. Моншақ сатып алуға дүкенге барды, бірақ осы моншақтарға ұқсайтын геометриялық фигуралардың атауын білмейді. Балаларды көмектесуге шақырады. – Суреттегі моншақтар неден құрастырылған? – Осы пішіндердің қалай аталатынын білесіңдер ме? Балалар суретті талқылайды, дөңгелек, сопақша деп атайды. Педагог бүгін балалардың жаңа геометриялық фигурамен танысатынын айтады. Геометриялық фигурамен танысу: сопақша. Фигураны көрсетеді, бұл – сопақша. Барлығымыз бірге қайталайық: сопақша. Педагог өлең оқиды. Мен сопақпын, мен сопақ Ұзартылған домалақ . Соңым жоқ, басым жоқ Енді бірде жапалақ. Мен жұмыртқамын Мен айнамын Мен, міне, осындай пішінмін. Мен қоңыз, мен картоп Аяқпенен топ - топ – топ.

Эксперименттік іс-əрекеті. Сопақшаның қасиеттері туралы білу үшін эксперименттер жүргізеді. Сопақшаның бұрыштары жоқ (сопақшаны саусақтармен ауада сызады). Сопақша тегіс/жалпақ,. Қайталайық: жалпақ/ тегіс. Сопақшаның қасиеттерін зерттеуді жалғастырады. Педагог тақтада, балалар үстелдерде жұмыс істейді. (Балалардың үстелдерінде әр балаға арналған геометриялық фигуралар жиынтығы болады.) Фигураны үстелге қояды (сопақшаны қырынан қоюға тырысады). Ол үстел бетіне тұрмайды. Біздің тәжірибеміз сопақшаның қандай қасиеттері туралы айтады? Олар талқылайды, қорытынды жасайды: сопақ, тұрақсыз, тегіс, оның бұрыштары жоқ. Сопақшаға мұқият қарап, оның қандай геометриялық фигураға ұқсайтынын айт? (Дөңгелек, шеңбер.) Педагог тақтаға дөңгелектің суретін іліп қояды. – Сопақша шеңберге несімен ұқсайды? Олар талқылайды, бірлесіп қорытынды жасайды. Сопақша, дөңгелек сияқты, бұрыштары жоқ, ол да тегіс, тұрақсыз. Дөңгелек пен сопақша дөңгелек пішінді болып келеді. – Сонда олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Педагог дөңгелекті алып, оны сопақшаға қояды. Сопақшаның қаншалық созылғанын қара. Сопақша қайсысы? Ұзарған, сопақша ұзын. – Сопақша дөңгелек сияқты айнала ма, қалай деп ойлайсындар?

Математика негіздері

Дөңгелек және сопақша

Міндеті Геометриялық фигура – сопақшаны тануға және атауға, сопақша мен шеңбердің, сопақша мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табу  

 «Сана жəне ата» дидактикалық ойыны.

 Барлығы қанша шаршы (сопақша, дөңгелек, үшбұрыш)? − Барлығы неше кішкентай шаршы (сопақша, дөңгелек)? − Барлығы қанша үлкен шаршы (сопақша, дөңгелек)? − Барлығы қанша кішкентай, үлкен фигуралар бар? − Қанша қызыл (көк, сары, жасыл ...) фигуралар бар? − Қандай фигуралардың түсі көбірек (мөлшері, пішіні)? − Белгілі бір бағанда немесе қатарда қанша үлкен (кіші) фигура бар? − Қай қатарда түсі (өлшемі, пішіні) бойынша пішіндері көп? Жиынтықтауға арналған тапсырма. – Фигураларды қандай жиынтық топтарға бөлуге болады?

Математика негіздері

Бүтін және фигуралардың бөліктері

Міндеті: Қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру

Шеңбердің бөліктерін таратады, бүкіл фигураны бүктеуді сұрайды. Шеңбердің қанша бөлікке қиылғанын сұрайды, әр бөлікті қалай атауға болатынын анықтайды. «Пішінді жина» ойыны: қағаз парағына төртбұрыш немесе шеңбер сияқты тұтас пішінді салыңыз, содан кейін оны бірнеше бөлікке бөліп, араластырыңыз. Балалардан фигураны оның бөліктерін дұрыс біріктіру арқылы жинауды сұраңыз. Бұл ойын балаларға бүкіл фигураның бөліктерден тұратынын түсінуге және оларды дұрыс байланыстыруды үйренуге көмектеседі.

«Фигураны тап» ойыны: қағаз парағына үшбұрыш, тіктөртбұрыш және шеңбер сияқты әртүрлі пішіндердің бірнеше бөлігі салынады. Балалардан осы бөліктерді біріктіргенде қандай фигура пайда болатынын сұрайды. Бұл ойын балаларға әр фигураның қандай бөліктерден құралатынын білуге және оларды тануды үйренуге көмектеседі.

Көркем әдебиет

Ақымақ қасқыр

 Міндеті: - Сахналық қойылымға қатысуын ынталандыру. Тіл байлығын арттыру. Кейіпкерге жанашырлық танытуға тәрбиелеу    

Ойын жағдаяты – Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, ертегілер әлеміне саяхат жасайықшы. Қиялдап, көз алдымызға елестетейік. Енді көздеріңді ашыңдар. – Қандай ертегілерді көз алдымызға елестеттік? Слайдтан ертегілердің суреттері көрсетіледі. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Жол бойында жортқан, Сыбызғысын тартқан. (Қасқыр) – Қасқыр қандай аң? Қасқыр туралы қандай ертегі білесіңдер? – Балалар, бүгін біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: өріс – мал жайылатын шөбі қалың жер ши – су жағасында тұтасып өсетін қамыс тектес өсімдік Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Қасқыр жайылып жүрген нені көрді? – Қой қасқырға не деп жауап берді? Қалай құтылды? – Қасқырға тағы не жолығады? Ешкі қасқырдан қалай құтылды? – Қой қандай жануар? Ал қасқыр қандай аң? – Ертегі кейіпкерін сипаттайық. Ертегі қалай аяқталды? Тіл ұстарту жаттығуы: Ыр-ыр-ыр – ырылдайды қасқыр.

Сөйлеуді дамыту

Ең тәтті дүние

Міндеті:  -бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру

«Ең тәтті дүние» әңгімесін

Рөлге ойнау.

 Жаңылтпаш жаттау

Педагог жаңылтпашты қайталау арқылы балалардың тілін жаттықтырады.

Қай тай лақтай? Қай лақ бармақтай?

         «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

  “Үнемді тұтыну деген не?” тақырыбында бейнеролик ұйымдастыру  мақсаты -  энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Әткеншек: Электр энергиясын үнемдеу

 Бейнеролик

https://youtu.be/ZZWfXCTTnEo?t=119

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Қазақ тілі

Апта күндері

Міндеті:  Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Балалар дүйсенбіде доп ойнады.

Сейсенбі күні серуенге шықты.

Сәрсенбіде сурет салды.

Бейсенбіде би билеп, ән салды.

Жұмада жидек терді.

Сенбіде кино көрді.

Жексенбіде үйлерінде демалды.

Балалар осылай бір аптаны өткізді.

Педагог сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсіндіреді.

Апта күндерін бірнеше рет қайталатып айтқызады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

 Көркем әдебиет

Жұлдызды сәт

 Міндеті: Көркем сөзге қызығушылығын арттыру. Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу. Бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу   

«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны Интеллектуалдық ойын барысында берілген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беріп жарысу. Екі топқа бөліну. Оң қанаттағылар «Алғырлар» тобы, сол қанаттағылар «Тапқырлар» тобы болады. Әр дұрыс жауап бір жұлдызбен бағаланады. Ойын бес бөлімнен тұрады: 1. Кім білгір? 2. Ұшқыр ой. Мақалды аяқта. 3. Ойлан, тап. 4. Өнерлі бала өрге жүзер. 5. Көңілді сәт. Бірінші: «Кім білгір?» жарысында сұрақтарға жауап беру. Екінші: Мақалды аяқта – өткен іс-әрекетіміздегі мақалдарды есімізге түсіріп, жауап беру. Үшінші: «Ойлан, тап» ойынында суреттің жалғасын тауып, атын атау. Төртінші: «Өнерлі бала өрге жүзер» – суретте берілген ертегіден үзінді көру.

Сөйлеуді дамыту 

Ең тәтті дүние

Міндеті: Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару

Қ.Мырза Әлидің «Ең тәтті дүние» әңгімесін мәнерлеп оқу

«Таңдап ал да, атын айт».

Ойын шарты: Аңдар мен жануарлардың қиынды суреттері ішінен біреуін таңдап алып, атын айтады және оның жүрісін салып береді

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру 

Педагог балаларға көк түсті дөңгелекті көрсетіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерге мысалдар келтіруге тапсырма береді. Мысалы: (пима, фабрика, кілт, қант, тұз, шана, сабын, хат, қайық, циркуль, щетка т.б.). Қызыл түсті домалақты көрсетіп, дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді айтуларын сұрайды. (Әтеш, өшіргіш, өмір, елгезек, ірімшік, элеватор, ін, иық, үтік т.б.)

Жұмыс дәптерімен жұмыс Керек маған тара 1. Заттардың атында естілген н, л дыбыстарының дыбыстық белгілерін қой. 2. Дыбыстық талдау жаса. – Балалар, жұмыс дәптерді ашып, үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайық. Балалар орындарында дыбыстық талдау жасайды. Тексеру үшін педагог дыбыстық сызбаларды тақтаға іліп, балаларды тақтада шақырады. Балалар жұмыстарының дұрыс- бұрыстығын тақтамен тексереді. – Суреттерде не бейнеленген? – Хат, бал, уық. Педагог дыбыстық талдау жасаған кезінде сөздегі әр дыбысты анық айтуларына тапсырма береді. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау. Хат сөзінде 1 буын, 3 дыбыс. «Бал» сөзінің дыбыстық талдауы

 Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын бекіту

  Сөздермен жаттығулар. «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға» дидактикалық ойыны Педагог балаларға суреттер көрсетеді де, балалар суретті атайды, сол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалғайды. Мысалы: доп ... (қызыл), бал ... (тәтті), ара ... (сары), етік ... (жылы), ет ... (дәмді)т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. «С» дыбысы кездесетін заттың суретін қорша. Сөздерді буынға бөл. Педагог балалармен бірге тапсырманы талқылайды. 2. Дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға жұмыс дәптерде өз беттерімен дыбыстық талдау жасауға тапсырма береді. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог тексеру үшін, тақтаға жұмыс жасауға балаларды шақырады.Тақтаға тіс, көз, қол сөздерінің сызбалары ілінеді. Балалар өз жұмыстарын тақтадағы дыбыстық талдаумен салыстырып, тексереді. – Балалар, «тіс» сөзінде неше дыбыс, неше буын бар? «Тіс» сөзінің дыбыстық талдауы. «Тіс» сөзінде 1-буын, 3 дыбыс бар

Қауіпсіздік сабағы  «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ»      

Төтенше қызметтерге қоңырау шалудың маңыздылығын түсіндіру: «Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Біріңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста.

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды.

 - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111

-Қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету (1, 2, 3-қосымша):

Сәлемдесу және өзін сабырлы (байсалды) таныстыру.

▪ Мекенжай мен оқиға орнын көрсету. ▪ Жағдайды сипаттау (не болғанын, қандай қауіп бар екенін, зардап шеккендер бар ма, жоқ па және т.б.).

▪ Оператордың сұрақтарына жауап беру. Оператордың нұсқауларын орындау.

Қоңырауға дейін және қоңыраудан кейінгі тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін талқылау: ▪ Оқиға орнында болу (егер бұл қауіпсіз болса). Оператор айтпайынша, телефон тұтқасын қоймау. ▪ Оператордың нұсқауларын орындау және мүмкін болса, көмек көрсету. Бекітуге арналған тапсырмалар: Әртүрлі жағдайлар үшін қоңырау скриптерін құрастыру. Мысалы: үйдегі өрт. Жарақат немесе ауру. Газ иісінің шығуы. Ұрлық немесе шабуыл.

Пайдалы сілтемелер:

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Ауаның қасиеттері

 Міндеті: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру, тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көздерін жеткізу        

Педагог жұмбақ жасырады: Мұрныннан кеудеге өтеді, Одан кері кетеді, Өзі көзге көрінбейді, Онсыз өмір сүрілмейді. Жауабы: ауа. – Балалар, ауасыз өмір сүру мүмкін бе? (Балалардың жауаптары тыңдалады). – Адам, жануар ауасыз тіршілік ете алмайды, өсімдіктер өспейді. – Өсімдіктер де тыныс алады, оны біз сезбейміз. Таза ауа – біздің денсаулығымыздың басты кепілі. Өкінішке орай, көліктердің, зауыт, фабрикалардың ауаға шығаратын түтіндері ауаны ластап, табиғатқа, адамзатқа зиян тигізуде. Лас ауа жануарларға да, өсімдіктерге де қауіпті. Барлық зауыт, фабрикаларға зиянды қалдықтарды жинап, ұстап қалатын, ауаға жібермейтін арнайы қондырғылар орнату қажет. Таза ауаны сақтау – өте маңызды мәселе. Балаларға мұрнымен ауаны ішке тарту ұсынылады. – Балалар, мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді. Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығады. Ойын «Ауа зертханасы». Ойынға Қырағы мен Желаяқ қатысады. Сергіту сәті: «Шар үрлеу» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). Желаяқ пен Қырағының пайымдаулары: «Шар әуеге ішіне ауа толтырылғандықтан ұшады». Үлестірмелі материалдармен жұмыс: 1. Көрсетілген тәжірибелерді Қырағымен бірге орында және қорытынды жаса.

Қазақ тілі

Менің отбасым

 Міндеті:  Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету

 : таныс сөздерді күнделікті өмірде қолданады, мақал-мәтел айтады  

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

– Сәлеметсіздер ме?!

Қуыршақтар хат алып келеді.

Педагог: Қараңдаршы, бізге хат келіпті (ішінде алдын ала салынған балалардың ата-аналарының суреті).

– Қандай керемет, мына суретте кім бар?

Бала отбасы мүшелерінің фотосуреттерін тауып, олар туралы әңгімелейді

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Берілген дыбысқа сөз құрап, сөздегі сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын жетілдіру.

«Ж дыбысы бар сөз айт» ойын-жаттығуы Педагог балаларға «ж» дыбысы ортасында келетін сөз ойлап айтуларын сұрайды. Мысалы: Ажар, қоржын, Қожа, Бағжан т.б. «Ж» дыбысы сөз басында келетін сөз ойла: жапалақ, жаз, жадыра, жайлау, жалқы, жалбыз, жан, жоқ, жоғал, жұлдыз, жолақ, жомарт, жұт, жорық, жол, жалпақ, жаным т.б. «Дауысты дыбысты сөз қос» дидактикалық ойыны – Мен сөз айтамын, сендер сол сөзге дауысты дыбыстан басталатын сөз жалғауларың керек, мағынасы бойынша ұқсайтын сөз болу керек. Алма ...(үлкен), қой ... (арық), домалақ ... ( өрік), жасыл ... (алма), тәтті ... (ірімшік), сары ... (өрік), кішкентай ... (ұлу), әдемі ... (әтеш), жылы ... (етік), мықты ... (экскаватор), ұзын ... (уық), жаман ... (ит), пайдалы ...(кітап), мүйізді ... (жануар), дәмді ...(құймақ) т.б. «Сөзді буынға бөл» дидактикалық ойыны Педагог қандай да бір сөзді айтады, балалар қолдарын шапалақтап, сөзді буынға бөледі. Осы сөзде неше буын бар екенін айтады. Кітап, қалам, дәптер, қарындаш, өшіргіш, бес, мектеп.

Қоршаған орта

Қазақстанда өсетін өсімдіктер

 Міндеті:- - Өсімдіктердің әр алуан жерде (дала, шалғын, орман, тау, бау бақша т.б.) өсетіні туралы түсінік қалыптастыру    

 – Балалар, орман деген не? Онда не өседі? (Интербелсенді тақтадан шыққан суреттерді Көлтауысармен бірге талқылау ұсынылады). 1-слайд. Орман – өте көп ағаш, бұта , шөп, гүл, саңырауқұлақ, жеміс-жидектер өсетін әрі үлкен алқапты жер. Орман – аң мен құстардың қолайлы тіршілік ортасы. Қазақстан ормандары Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында орналасқан. – Ормандарда өсетін өсімдіктерді атаңдар. – Көкжидек, бүлдірген, шетен ағашы жемістері, саңырауқұлақтар. 2-слайд. Қазақстан өсімдіктерінің алуан түрлілігін көрсететін суреттер көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі. Балалар әңгіме барысында Қазақстан жерінде өсімдіктердің түрі өте көп өсетінін түсінеді. 3-слайд. Шетен Қазақстанның орманды жерлерінде өседі. Моншақ тәрізді, қызыл түсті жемісі қыргүйек айында піседі. 4-слайд. Қызғалдақ – шөптесін өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі Қазақстаннан шыққан. Адамдар жұлып, таптап, түрлері құрып барады, сондықтан ол Қызыл кітапқа енгізілген. 5-слайд. Көкжидек – суық тау белдеулеріндегі орманда өсетін өсімдік. Құрамында дәрумендер көп. 6-слайд. Жусан Қазақстанда көп өседі. Оның таулы, шөлді жерде өсетін түрлері көп. Ұсақ гүлдері бар. Жусан – құнарлы мал азығы. Бір, екі жыл тіршілік етеді. Ол – дәрілік өсімдік. Ата-бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген. 7-слайд. Бетеге далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерінде өседі. Сабағында жапырағы сирек орналасқан. Жапырақтары жіңішке болады. Оны жылқы, қой, ешкі сүйсініп жейді. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді. 

Дене шынықтыру

Біздің айналамыздағы әлем

 Міндеті: - гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу

Гимнастикалық қабырғаның жоғарғы жағына дейін біраттас тәсілмен өрмелеуге үйрету, қол мен аяқ қозғалыстарының үйлесімділігін дамыту. Алма-кезек адымдап өрмелеу, тепкішектерден дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасына басты назар аудару қажет. (4 рет)

                                                                                                                              Үзіліс:   .       

Қимылды ойын:«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

Сюжетті-рөлді ойын:

« Құрылысшы »

Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру.

Тәрбиешінің іс-әректі: 

Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын:

«Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:  Жүгіру арқылы балалардың аяқ бұлшықеттерін дамытып, жетілдіру.

Ойынның шарты: 

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Гүлдене бер, Нұр-Сұлтан

Міндеті:  -Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру

Музыка тыңдау:

«Асқақта, Астана» (А. Әлиев)

Ән айту: «Астана» (А. Досмағанбет)

«Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай)

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер:

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Мен күйшімін»

Музыка

Жомарт өлкем

Міндеті: Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру

  Музыка тыңдау:

«Асқақта, Астана» (А. Әлиев)

Ән айту: «Астана» (А. Досмағанбет)

«Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай)

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер:

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Мен күйшімін»

Дене шынықтыру

Африкаға саяхат

 Міндеті: - әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту  

Құрсаумен орындалатын   құрсауды айналдыру, құрсауды тігінен қойып айналдыру, қолдың моторикасын, шапшаңдық секілді дене сапасын дамытады

Дене шынықтыру

Құрлықтар бойынша саяхат

Міндеті: - Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру

Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру, қол мен аяқты қозғау (айналдыра және тік, адымдарды алмастырып секіру) үйлесімділігін жетілдіру.

Ойын жаттығуы: «Допты қағып ал!»

Допты жоғары лақтырып, қолды артқа жіберіп шапалақтап, допты саусақтарын ашып, қайтадан қағып алады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Гүлдене бер, Қазақстан!

 Міндеті: - балалардың қоршаған ортадан алған әсерлерін

көрсете  білуге  үйрету,  Қазақстанның кең байтақ екенін түсіндіріп, білімдерін кеңейту;

- Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

-  Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.   

Мақсаты:- Сюжеттік композицияларды салдырып.мүсіндепп,жапсырып,құрастыру

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

 Күнді бақылау

Мақсаты: Балаларды  табиғат құбылыстарымен таныстыру:   күнің қысқаруы, түннің ұзаруы түсінік беру.

Бақылау: Серуен алдыңда балалардың көңіл – күй көтере отырып, бүгін күн ашық, бірақ күн ыстық емес, жаздағыдай қатты қыздырмайды.

Тәрбиеші күннің ауысып, орналасқан жерін байқатады; (күндіз және кешкілікте) күннің шығуын, батуын  бақылау; күн сәулесінің терезеге түсуі бойынша күннің орналасуын белгілеу.

Жұмбақ: Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды           (күннің көзі)

Аспандағы алып доп

Жарқырайды жарық боп          (күн)

Көркем сөз:

Күз де келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз де келді, күз келді

Көкте бұлттар жүзді енді.

Күз де келді, күз келді

Құстар мекен іздеді.          Қ. Мырзалиев

Қимылды ойын: «Қоңыздар»

Еңбек: құмсалғышты жапырақтардан тазарту.

Ағаштарды бақылау

Мақсаты: күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыру, күзгі ағаштарға назарларын аудару. Күзгі ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Сұрақ – жауап арқылы сөздік қорларын, ой –өрісін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік сезімге тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көблек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Тақпақ:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Қозғалмалы ойын: «Өз жұбынды тап»

Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша мәтіннің сөзіне сай қимыл қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту

 Алаңдағы еңбек: «Кім көп жапырақ жинады?»

Шықты бақылау

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысы шықпен таныстыру.

Бақылау: Неге шөп дымқыл? Бұл дымқылдық қайдан келді деп ойлайсындар? Бұл қандай құбылыс?  (Шық) Ол қалай пайда болды? ( күн ұясына батқаннан кейін  жер, шөп, жапырақтар суып шық пайда болады.

Шық - бұл түнгі өсiмдiктердiң бетi және топырақтарда жиналған дымның тамшысы; Шық қандай ауа -райында пайда болады?  Ашық күні ме ,әлде бұлтты күні бола ма?(шық  ашық күні пайда болады, бұлтты күні болмайды.)

Жұмбақ:

Мөлдiреген жүзiмдi,

Ұстап едiм, езiлдi.  (Шық)

Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгелі түсте жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын,

Мойнына ешкім таға алмас (Шық)

Қозғалмалы ойын:  «Мысық пен торғайлар»

Алаңдағы еңбек: қураған өсімдіктерді жинау.алым

Күзгі аспанды, бұлтты  бақылау

Мақсаты:  Өлі табиғат аспан туралы түсінік беру; аспанның әсемдігін бақылауды қалыптастыру; шығармашылық  қабілеттерін дамыту, аспанның ашықтығы туралы білімдерін жетілдіру.Бұлт туралы түсінік беру.

Аспанның  түсі күзде қалай  өзгереді? (аспан кеңейген сияқты, жақсы көрінеді, жоғарғы жағы қою күлгін, ал шеттері ақшыл).

Түнде және  күндіз аспанда  не пайда болады? (Аспан ашық: күндіз – Күн, кешке – ай және жұлдыздар)

Болжам: аспанда бірнеше күн ақ бұлттар пайда болса- күннің суытқаны. 

Жұмбақтар:

Аспаннан домалап, көп моншақ төгілді,

Бусанды бар алып, терледі, керілді. Бұл не?     (Жаңбыр)

Күндер қысқарады, түндер ұзарады

Кім біледі, кім айтады бұл қай кезде болады?       (Күз)                                                         

 Жұмбақ:

Көлігі жоқ, көшеді,

Өзін кезбе деседі.            (бұлт)

Қозғалмалы ойын: «Орамал тастау».

Алаңдағы еңбек: Құмсалғышты қоқыстан тазарту. (жапырақ, қағаздарды жинау)

Аула тазалаушыны бақылау

Мақсаты: Балаларға аула тазалаушы еңбегі жөнінде мағлұмат беру. Үлкендер еңбегін бағалай білуге. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында азда болса өз  үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:          

Қамымызды ойлайды

Тазалайды жинайды

Құрметтейміз бәріміз

Тазалықшы ағайды

Қараңдаршы , жолдарда қаншама жапырақтар жатыр. Ол жапырақты  кім тазалайды?

Аула тазалаушы қандай еңбек етеді.

Ол кісінің қолында қандай құралдары бар?

Біз өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауымыз керек пе?

Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

Мақсаты: қоқыстарды белгіленген орынға жинауға, үлкендерге көмек көрсете білуге тәрбиелеу; аула тазалаушының құралымен танып, білу.

Қимыл – қозғалыс ойын: «Жапалақ»

Мақсаты: Баланы  біраз  уақытқа  дейін  қозғалмай тұруға және мұқият  тыңдай білуді үйретеді.

Еңбек алаңында жұмыс істеу: қоқыстарды белгіленге орынға жинау

Балалармен жеке жұмыс

Болғанбек Інжумен Дид  ойын:«Өзім және отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы біледі, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсінеді.

Өзденбай Балыммен

Дид  ойын: «Құстар  біздің досымыз»

Мақсаты: Балалар құстар туралы білім түсініп,. құстарға қамқорлықпен қарауды біледі.

Лескен Шахмұхаммедпен

Дид  ойын:«Нан дастарханға қалай келеді?»

Мақсаты: Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөнінде  түсіне отырып, диқаншылардың еңбегін құрметтеуді түсінеді.

Оразханқызы Ұлжанмен

Дид ойын:«Суретші қай жерде қателесті?»

Мақсаты: Балалар суреттегі сәйкессіздікті  таба отырып, өз ойын айта алады.

Қанат Бақдәулетпен

Дид ойын «Әдемі гүл»

Ойынның мақсаты: Түстер туралы  біледі. түстерді сәйкестендіре алады.

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

 Бөрік жасырмақ
Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Асау көк.
Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Орын тап.
Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тұтқын алу

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Күзетші

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлары керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылайша жалғаса береді

Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   III-апта   18 - 22 қараша  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі     18.11

Сейсенбі    19.11

Сәрсенбі     20.11

Бейсенбі      21.11

Жұма    22.11

Балаларды қабылдау

                                                 «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 3. Әділдік және жауапкершілік  айы

                                                         «Апта дәйексөздері»- «Жауапкершілік - адамгершілік қасиеттің көрінісі»    

Демалыс күнін қалай өткізгенін сұрау

Сыйластық туралы өз ойларын сұрау

Ойын: «Мен қандаймын?» (Бір қыз, бір ұл болып араласып тұрады.Көршісіне « Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді» деп, оның қолын қысады.)

Мейірімділік туралы әңгімелесу.

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қамқоршы апам мейірімді!

Еңбек тапсырмасы:Балықтарға жем беру

 Ойын: «Мейірімділік жібі»
(Балалар бір - бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)

« Бізде  кім  жақсы»  ойыны.

Шарты:  Балалар  шеңбер  бойымен  жүреді,  педагог  балалардан «Кім  жақсы»  деп  сұрайды. Балалар  баланың  атын  айтып, сипаттайды

Еңбек тапсырмасы: Ойыншықтарды жинау

«Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айтып беру.

Еңбек тапсырмасы: Ойыншықтарды жуу,сөреге жинау

Ойын:

«Мейірімділік гүлін» құрастыру ( Балалар әр түрлі мейірімді сөздер айтып гүл күлтелерін құрастырады)

«Қуаныш сыйлау»

Еңбек тапсырмасы:Гүлдерге су құю,шаңдарын сүрту.

Ойын: «Күншуақ»

Күлімдеген күн мейірімді,

Кіршіксіз қар мейірімді.

Таза мөлдір су мейірімді,

Мәпелеген ата-ана мейірімді.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

 Жан-жануарларға мейірімді болу туралы пікірлесу, мақал- мәтел  жаттау.Суретті  кітапшаларды  бояу.

« Мейірімді бала  туралы  әңгімелеп  бер»Мақсаты: сөздік  қорын  дамыту.

«Сыйластық» туралы әңгімелесу.Мақсаты: сұрақтарға  толық  жауап  беруге  үйрету.

«  Сөйлемді  аяқта»  Менің  досым...............( сыпайы,  қайырымды,  ақылды,  ақкөңіл)Сөздік  қорын  дамыту, шағын  әңгіме  құрастыруға  үйрету.

Д/О «Достық  неден  басталады»

Шарты: мен  сендерге  достық  туралы  сөздер  айтамын  оған иә  немесе  жоқ  деп  шапшаң  жауап  бересіңдер.

Таңертеңгі жаттығу

       Таңғы жаттығу кешені № 6

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Жылы  сөздер  ойыны»

Шарты: балалар шеңбер  бойымен  тұрады,  достарына  жылы  сөздерін  айтады.

Сыпайы болу үшін қандай бала болу керек? Әңгімелесу, өз ойларымен бөлісу

« Менің  досым»ойыны Шарты:  допты  лақтырып,  қағып  алған  баладан  педагок  досының қандай жақсы қылықтары барын сұрау, мақал-  мәтел,  тақпақ сұрайды.

 «Менің  айтуым  бойынша». Шарты:  педагог  бір  баланы  айтып  сипаттайды.  Соның  қай  бала  екенін  балалар  айтады.

- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Жақсы көретін жан - жануарларың бар ма? Сұрақ-жауап

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Заттарды өлшемі бойынша салыстыру

 Міндеті:   Балаларды ұзындығы (5 және одан да артық), биіктігі, ені немесе қалыңдығы әртүрлі заттар арасындағы өлшемдік қатынастар орнату 

Ғажайып сəт. – Балалар, бізге қонаққа гномдар келді (№11 парақ). Күрделі сұрақ: – Барлық гномдар бірдей ме? – Олардың қайда орналасқанын айтайық. (Алдыңғы жақта, артқы жақта, оң жақта, сол жақта т.б.). – Олармен танысайық. Педагог балаларға суреттегі әр гномды «үлкен – кішкентай», киімнің түсі, «алдыңғы – артқы», «алдында», «арасында», «жанында» сөздерін қолданып сипаттауға көмектеседі. Балалар ойынға қатысады. Гномдар суретін анықтап қарап шығады, санайды, олардың өлшемін, түсін, кеңістіктегі орнын көрсетеді. Педагог балаларға түсіндіреді: – Біз гномдарды көлемі бойынша: үлкен және кішкентай деп, және оларды киімдерінің түсі бойынша салыстырдық. Енді біз оларды бойына және көлеміне қарап салыстыруды үйренеміз. Гномдарды өсу ретімен орналастыруды ұсынады: алдымен ең аласа гном, содан кейін сәл биіктеу т.с.с. – Мұны қалай жасаймыз? Педагог алдымен гномдарды көзбен қарап салыстыруды ұсынады, содан кейін оларды бір-бірінің жанына қойып, тексеру керектігін айтады: ұзын немесе қысқа. Ең ұзыны қай гном, қайсысы ең қысқасы (аласасы) екенін айтып беруді сұрайды. Əр гном өзінің бойына қарай кілемше алғысы келеді. Педагог ені әртүрлі, бірақ ұзындығы бірдей гномдар санына қарай тіктөртбұрыштар таратады – 7 дана. – Кілемшелер қалың немесе жұқа деп айтылмайды, олар: тар – кеңірек. – Кілемшелерді ені бойынша қалай орналастырамыз? Балаларды алдымен көзбен салыстырып қарауға, содан кейін беттестіру тәсілін қолданады.

Математика негіздері

Заттарды өлшемі бойынша салыстыру

Міндеті:  Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру   

Ойындық жағдаят. Əлия (қуыршақ) түрлі түсті 3 шарф әкелді. Педагог ленталарды немесе түрлі түсті кесінділерді көрсетеді. Кіші топтың қыздары қай шарфтың ұзынырақ екенін біле алмады: қызыл, ақ немесе жасыл. Оларға көмектесейік. Балалар салыстыру тәсілдерін ұсынады. Ең алдымен оны «көзбен» салыстырады, бірінші екеуден, одан соң үшеуін бірге салыстырады. Олар: қызыл шарф ақ шарфқа қарағанда ұзынырақ, жасыл шарф ақ шарфқа қарағанда қысқалау. Педагог көзбен салыстырудан шыққан нәтижелерді тексеруді ұсынады. Балалар шарф ұзындықтарын салыстыру бойынша жасалған тәжірибелік жұмыстарға қатысады. – Оларды салыстыру үшін осылай қоюға бола ма? (Беттестірудің қате үлгісін көрсетеді). Балалар тыңдайды және жауап береді, оларды бір-біріне беттестіру керек екенін айтады. – Олардың бір жақ ұштары бір-біріне сәйкес келуі керек. – Заттардың ұзындығын өлшеудің, оларды салыстырудың басқа қандай тәсілдері бар? Беттестіру тәсілі қолданылады. Педагог шарфтардың бір жақ ұштарының сәйкес келуін бақылайды. Педагог заттардың ұзындығын шартты өлшеуіш көмегімен өлшеуге болатынын хабарлайды. Шартты өлшеуіш ретінде қағаз кесінділерін ұсынады. Балалар шарфтың ұзындығын шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеп, нәтижелерін айтады: қызыл шарф ақ шарфқа қарағанда ұзындау, жасыл шарф ақ шарфқа қарағанда қысқа. 

Математика негіздері

Ұзындық. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру

 Міндеті: Заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу, ұзындығы, биіктігі әртүрлі заттар арасындағы өлшемдік қатынастар орнатуға үйрету  

«Ретке келтір» ойын жаттығуы. Педагог «Түрлі түсті Кюизенер есептейтін таяқшалар» жиынтығынан таяқшаларды таратады және оларды ұзындығы бойынша (содан кейін ені бойынша) өсу ретімен орналастыруды сұрайды. Оларды кесінділермен ауыстыруға болады. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалардан таяқшаларды қалай қойғандарын, ұзын немесе қысқа таяқшаларды қалай анықтап білгендерін сұрайды. Балалар таяқшаларды бір-біріне тұстастырғандарын айтып түсіндіреді. Педагог қай заттың ұзын немесе қысқа екенін білу үшін беттестіру әдісін де қолдануға болатынын айтып толықтырады. Оны жасап көрсетеді. Тəжірибелік жұмыс. 1. Педагог балалардан үстелдің ұзындығын алақанмен өлшеуді сұрайды. Балалар үстелді алақанмен өлшейді. Алынған жауаптар салыстырылады. – Қалайша, үстел біреу, ал жауаптар әртүрлі? (Өйкені әр баланың алақанының өлшемі әртүрлі.) 2. Үстелдің ұзындығын шынтақпен өлше. Балалар үстелді шынтақпен өлшейді. Алынған жауаптар салыстырылады. Балалардың шынтақ ұзындығы әртүрлі, сондықтан әртүрлі жауаптар шықты деген қорытынды жасалады. 3. Педагог екі баланы шақырады және ойын бұрышындағы кілемнің ұзындығын қадаммен өлшеуді сұрайды. Екі бала кілемді қадаммен өлшейді. Алынған жауаптар салыстырылады. Педагогпен бірлесе отырып, балалардың қадам өлшемі әртүрлі деген нәтиже шығарады, сондықтан өлшеуден әртүрлі нәтижелері алынды деген қорытынды жасалады

Көркем әдебиет Әдептілік әлемі

 Міндеті: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу 

Балаларға көңілді амандасуды ұсынады. – Әдемі күліп, әркім өзінің атын айтып амандасыңдар. Өзін таныстырған бала ерекше амандасып, әртістерше басын иеді. Балалар қол шапалақтап, бір-бірін құрметтейді. – Балалар, амандасудың өзі де әдептілікке жататынын ұмытпайық. – «Әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? – «Әдептілік» деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз. – Бүгін біз ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Педагог «Әдептілік әлемі» өлеңін оқып береді

 Сөйлеуді дамыту

Әжесін қайсысы

жақсы көреді? (Әңгіме)

Міндеті: Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Әжесі қайсысы жақсы көреді" әңгімесін мәнерлеп оқу

Дидактикалық ойын: «Дауысты дыбыстарды ата». Ойын шарты:

Педагог дыбыстарды айтып отырады, балалар дауысты дыбыс кездессе, қолдарын шапалақтайды. Дауыссыз дыбыс кездессе, тыныш отырады

         «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

«Біртұтас тербие” бағдарламасы кунделікті, апта сайын және ай сайын атқарылатын маңызды
шаралардан тұрады. Сол шаралардың бірі “Үнемді тұтыну». Үнемшілдік - әрбіріміздің күнделікті өмірімізде, қоғамымызда және мемлекетімізде даму мен жетістіктің бастауы.

https://www.instagram.com/p/DA6DHq2tCRL/?utm_source=ig_web_copy_link

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Менің отбасым

 Міндеті:  Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу

 Тақпақ жаттау. Педагог отбасы мүшелерін қайталап, тақпақты бірге қимылмен жасап, жаттауды ұсынады.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз,

Басбармақ – әкем,

Балаң үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкентай бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Мақал-мәтілдерді жаттап ал.

Отан отбасынан басталады.

Баланың бас ұстазы – ата-ана.

Көркем әдебиет

 Әкесі мен балалары

Міндеті  : Әңгіме мазмұнын қайталап айтуға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу  

Сиқырлы сандықшаны ашып көрейік. – Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

– Әкесі мен балаларына ат қояйық. (алақандарын шапалақтау) (қолдарымен Күнді салу) (мұрнымен тыныс алу) (екі алақанды алға созу) (бір-біріне үрлеу) – Үйде сендерді әкелерің қандай жақсы сөздермен еркелетеді? – Бүгін біз әкенің балаларына айтқан ақылы туралы «Әкесі мен балалары» әңгімесімен танысамыз. Авторы – орыс жазушысы Лев Толстой. Әңгіменің басқа жанрдан ерекшелігі – оқиғаны қысқа баяндайды. Педагог әңгімені мәнерлеп оқиды (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: сыпыртқы – үй сыпыратын зат шыбық – сыпыртқының жеке талы Сұрақ-жауап: – Әңгіменің авторы кім? Әкесі балаларына қандай ақыл айтты? – Сыпыртқы неге сынбады? – Жеке-жеке сындырғанда, шыбықтар неге оңай сынды? – Әкесі балаларына «Әрдайым тату, бірге болсаңдар, сендерді ешкім ренжіте алмайды» деген ойды қалай білдірді? – Балалар, әрқашан бірлікте болсаңдар, сендерді де ешкім ренжіте алмайды.

Сөйлеуді дамыту Әжесін қайсысы

жақсы көреді? (Әңгіме)

Міндеті:  -әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

Мақал-мәтелдерді қайталау.

1.Анаға бала алтыннан да қымбат.

2.Жаны саудың – тәні сау.

3.Ата – балаға сыншы. 4.Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ  

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті: Берілген дыбысқа сөз ойлап айта білуге жаттықтыру    

Сөздермен жаттығулар. «Бірінші дыбысты анықта» дидактикалық ойыны – Балалар, мен суреттерді көрсетемін, сендер суретте бейнеленгендердің атындағы бірінші дыбысты айтасыңдар. Мысалы: ана(а), әке(ә), етік(е), нан(н), гүл(г), ыдыс(ы), алма(а), есек(е), ұшақ(ұ), аң(а), омыртқа(о), ине(и), алмұрт(а), от(о), орындық(о), елгезек(е), ешкі(е), өмір,(ө), ұлу(ұ), ұршық(ұ), ірімшік(і), ін(і). – Қандай дыбыстан басталатын сөздерді айттыңдар? (Дауысты дыбыстан басталатын). – Оны қайдан білдік? – Өкпеден шыққан ауа еш кедергісіз шықты. Бұлай дауысты дыбыстар жасалады. Балалар, мен тағы суреттер көрсетем айтып, бірінші дыбысына мән беріңдер. Мысалы: пияз(п), ферма(ф), пима(п), түн(т), күй(к), хат(х), щетка(щ), күрек(к), шана(ш), сырмақ(с), таға(т), халық(х). Келесі суреттердегі заттардың атын атап, бірінші дыбысын қайталайық. Мысалы: бала (б), доп(д), зер(з), бақа(б), би(б), вагон(в), бұрыш(б), ғалым(ғ), бұлт(б), домбыра(д), дақ (д), вагон(в), жидек(ж), гүл(г), ғарыш(ғ),бидон(б), жалау(ж). рауғаш(р), уыз(у), лақ(л), мысық(м), нан(н), мылтық(м), моншақ(м), нар(н). Бұл дыбыстар қалай айтылды? Қалай аталады?

Сауат ашу негіздері

Сызба бойынша сөздерді буынға бөлу

 Міндеті: Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын жетілдіру    

«Сөздерді буынға бөл» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер қол шапалақтау арқылы буынға бөліңдер. Мысалы: са-ғат, жас-тық, сө-ре, қа-лам, көр-пе, көй-лек, ал-тын, сыр-ға, құ-лақ т.б. «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы (Әр дұрыс жауапқа педагог балаларға фишка беріп отырады) – Айсұлу бізге -та буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: тарақ, тамыз, тал, табыс, тап, тапқыр, тау, тауық, таутеке, тазы, тамызық, таға, тақылдақ, таң т.б

-ба буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: балық, батпақ, бақа, бағдат, бақ, бақ-бақ, банка, бақыр, Бағжан, байғазы, бай, байлық, базар, Базаргүл, балшық т.б. -са буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: сағыз, сабын, салт, Самал, сарай, сары, сай, самал, сал, сауық, сауыншы, сатушы, сауап, сауықшыл, сан т.б.

                                                                         Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»  «Әке толғауы» Асылбек Енсепов 

           Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру           

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Көлік

Міндеті : Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көліктерді топтастыра білуге үйрету

тақтада түйеге, атқа мінген адамдар, ат жегілген арба, жүк тиеген өгіздер суреттері көрсетіледі. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы ертедегі көлік түрлері туралы әңгіме жүргізіледі. Арба мен мәшиненің ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. – Ертеде адамдар алыс жерлерге көзді ашып-жұмғанша жеткізетін көліктерді аңсаған, оны қай ертегіден байқауға болады? Интербелсенді тақтадан «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкер – Желаяқтың бейнесі шығады. Мәшиненің әр бөлшегінің қызметін әңгімелейді, мысалы, мәшине шамы жолды көрсетеді, мәшиненің дөңгелегі айналып, мәшине жүреді, айнадан артқы жол қозғалысын көреді, руль мәшинені керекті бағытқа бұру үшін, орындық жүргізушінің жайлы отырып, мәшинені басқаруға қажет, тепкішек тоқтату үшін не қозғалту үшін, автомобиль корпусы, жүксалғыш т.б. – Балалар, сендер қала көшелерінен қандай көлік түрлерін көрдіңдер? Интербелсенді тақтадан автобус, трамвай, троллейбус, метро пойыздары көрсетіледі. – Бұл көліктердің ортақ атауы қандай? – Тасымалдаушы, жолаушы көліктері. Педагог балаларды жол белгілері орналасқан үстелдің жанына шақырып, әр көлікке арналған аялдама белгілерін әңгімелейді. – «Велосипед» белгісі нені білдіреді? – «Велосипедке арналған жол» белгісін білдіреді. – Велосипед жолымен тағы қандай көліктер жүре алады? – Гидроскутер, электрсамокат, сигвей көліктері жүре алады. «Автомобиль құрастыр» ойыны

Қазақ тілі

Ғажайып алаң

 Міндеті:  қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

    .

Балаларға «Ғажайып алаң» ойынын ойнауға шақыру

Балалар барабанды айналдыра отырып, ұпай жинайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Бірінші тапсырма: Санамақты еске түсіру, отбасы мүшелерін атау.

Атам, әжем,

Әкем, шешем.

Әпкем, сіңілім,

Ағам, інім және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз

Сауат ашу негіздері

Сөздерді буынға бөлеміз

 Міндеті: Сөздерді буынға бөлуді жалғастыру, берілген буынға сөз құрауды үйрету      

«Жұп құр» ойын-жаттығуы Педагог тақтаға шеңбер бойымен бір дыбыстан басталатын екі суреттен тақтаға іліп шығады, балаларға екі бірдей дыбыстан басталатын суреттерді қосуға тапсырма беріледі. Педагог тапсырманы орындау үшін, балаларды кезекпен тақтаға шығарады. Мысалы: алма-алмұрт, қызанақ-қызылша, етік-емізік, тақия-тарақ, от-орындық, керует күрек, сағат-сағыз, қоян-қоңыз, ит-ине.

 «Буынды айтып сөз құра» дидакикалық ойыны Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады. Мысалы: На..., та..., қа..., жа..., ал..., мон..., ке..., те..., шал...,қар..., қа..., пи.., бә... т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суретте бейнеленген заттарды ата. Сөзде қанша дыбыс болса, сонша дөңгелек сал. 2. Сөздерді буынға бөл. Бір буынды сөзді бір терезелі, екі буынды сөзді екі терезелі, үш буынды сөзді үш терезелі үймен сәйкестендір.

 Қоршаған орта

Жеті ата

Міндеті: - «Жеті ата» туралы түсінік беру  

Қазақ халқында туған-туыстардың жалғасуын ерекше атаумен сақтаған. Ол «Жеті ата» деп аталады. Қазақ халқы туыстық жалғасу естелігін болашақ ұрпақ үшін сақтауға тырысты. Ол не үшін қажет болды? Өйткені кейінірек бұл ақпаратты балаларына, немерелеріне, шөберелеріне жеткізу үшін олардың атын, тегін арнайы дәптерге жазуды шешті. Бұл жазбалар «Тектік шежіре» деп аталды. Сөйтіп, көп жылдар, тіпті ғасырлар бойы ұрпақ жадында көптеген туыстар туралы мәліметтер сақталды. Әр адам жеті атасын білуі шарт. – Сонымен, «жеті ата» деген не? Кім біледі? – «Жеті ата» дегеніміз – біздің ата-бабаларымыз, біз олардан тараған ұрпақпыз. – Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т.б. жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Біздің кім кімнен тарайтынымызды білу үшін, досымыз Ер Төстік ойын алып келіпті. «Жеті атаны жинау» ойыны. Сергіту сәті.1-ойын-тапсырма. «Киіз үй құрастыру» ойыны. 2-ойын-тапсырма. «Цифрларды тиісті жеті ата атаулары жазылған сурет-кестемен сәйкестендір» ойыны (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). 1. Жеті ата 2. Түп ата 3. Тек ата 4. Баба 5. Арғы ата 6. Ата 7. Әке Бала өзінен бастап әкесі, атасы, арғы атасы, бабасы, тек атасы, түп атасы және жетінші атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ер Төстіктің пайымдауы: «Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналады» 

Дене шынықтыру

Ғарышқа саяхат

Міндеті: екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру

екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру

Қауіпсіздік сабағы:  «ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»       

Педагог ережелердің иллюстрацияларын пайдаланып, негізгі ережелерді түсіндіреді: Педагогті тыңдау және тапсырмаларды орындау: педагог сөйлеген кезде, оны тыңдау және оның нұсқауларын орындаудың маңыздылығы. Топта/сыныпта жүгірмеу: тек сыртта немесе спорт алаңында жүгіруге болады. Басқалардың заттарын рұқсатсыз алмау: достарыңның жеке заттарына құрметпен қарау. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде айқайламау: басқа балаларға кедергі келтірмеу үшін жай және сабырлы сөйлеу. Мейірімді және құрметті болу. Үстел үстіндегі тәртіпті сақтау: заттарды/құралдарды өз орнына қою және тазалықты сақтау. Ұйымдастырылған іс-әрекет қорытындыларын шығару. Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін қайталау.

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/UMVKB4sqULE?si=eXG4pVrj6lVX9uBh https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Жомарт өлкем

Міндеті:  -Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету

Музыка тыңдау:

«Туған ел» (Л. Хамиди)

Ән айту:

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

«Астана» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса, Қазақстан» (үнтаспада)

«Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

«Асатаяқ биі» (қыздар)

(«Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Ноталарды орналастыр» («Дидактикалық ойындар» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай)

Музыка

Біздің рәміздер

 Міндеті:  Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау

 Музыка тыңдау:

«Қазақстан жалауы» (Д. Омаров)

Ән айту: «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова)

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса,    Қазақстан»                (үнтаспада)

«Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық         аспапта                ойнау:

«Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай)

Дене шынықтыру

Жігіттер сайысы

Міндеті: оң және сол аяқты алмастырып, заттардың арасымен секңру    

Арақашықтығы 70 см заттардың арасымен оң және сол аяқпен кезекпен секіруді жетілдіру. (3 рет)

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Еденде тұрып қалма». (4 рет)

Ұстаушы бала таңдалады. Қалған балалар биіктігі 30 см заттардың үстінде тұрады. Балалар секіріп түсіп, зал ішінде жүгіріп жүреді. Педагогтің: «Ұста!» деген бұйрығы бойынша орындарына жүгіреді. Ұстаушы бала секіріп орындарына шыға алмаған балаларды

ұстайды. Ұсталған балалар бір шетте отырады

Дене шынықтыру

Керуен

Міндеті:   бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру   

«Классиктер»: бір құрсаудан екінші құрсауға бір және екі аяқпен секірулерін жетілдіру. Нұсқау: аяқтарының ұшымен жұлқи серпілу; жерді табанымен толық баспайды. (3 рет)

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Ертегідегі құс

 Міндеті: - ертегі желісі бойынша сурет салуға үйрету

- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау

- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

Мақсаты:- - ертегі желісі бойынша сурет салуға, мүсіндеуге,жапсыруға,құрастыруға үйрету 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

 Күзгі желді  бақылау

Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстары,желдің соғуын,желдің бағытын,жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау. Жапырақтардын  желден сыбдырлағаның  тыңдау. Қағаздан жасаған таспа(лента), неге сыбдырлайды?  (соққан желден қозғалып сылдырлайды) .  Жерге түскен жапрырақтарды,   жоғары қарай лақтырып бақылау.               Балалармен желді күні  бұлттардың қозғалысын бақылауға  болады .Желдің қатты соғуын анықтау үшін олармен ойын ойнатамыз айналма (вертушка ), желбіреуішпен.

Көркем сөз:

- Бұлт-ау көктен төнесің,

   Қайдан көшіп келесің,

  - Мухит үрлесе, желемін!

   Жел үрлесе желемін!

 Қимыл – қозғалыс  ойын «Ұшақтар».

Мақсаты :  әр –түрлі бағытта жүгіріп жүруге үйрету, бір – бірін қағып соқпай жүруге үйрету. Белгі бойынша жүріп тоқтауға жатықтыру.

Алаңдағы еңбек . Екі топқан бөлініп ұшқан жапырақтарды шелек  жинау.

(Экологиялық мәдениет)

Гүлзарларды  бақылау

Мақсаты:  Гүлдер  туралы білімдерін бекіту, гүлдерді ажырата білуге. Олардың өсетіні, қурайтыны туралы түсінік қалыптастыру  . 

Бақылау

Күн жылы болып, кун сәулесі көп жылуын шашып және су құйылып  тұрғанда гулзарларда өсімдіктер жақсы  өсіп, гүлдейді. Күзде күн суып, күн қысқарып, жер дымқыл тартып, бірақ жылу аз болып гүлдер солып, олардың орнына ұрықтар пайда болады, ол ұрықтардан  көктемде жаңа өсімдік шығады.

Тақпақ:

Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап сүйеді

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады

Ө.Тұрманжанов

Қимыл – қозғалыс  ойын «Мысық пен торғайлар».

Мақсаты:  жүруге, жүгіруге, шапшаңдыққа үйрету,

Еңбек алаңында жұмыс істеу : Гүл ұрықтарын  сіріңке қорапшасына жинау.

(Экологиялық мәдениет)

Күзгі жәндіктерді  бақылау

Мақсаты: күздегі жәндіктедің жүріс-тұрыстарын жүйелі түрде бақылауды қалыптастыру.

Бақылау: шөп үстінде секіріп жүрген шегіртке қайда кетті? Қанқыз неге көрінбейді Неге қоңыздар мен көбелектер көрінбейді?  (олар тығылып қалды). Кімнен немесе неден тығылып қалды? ( оларға суық болды) Олар қайда тығылды? ( ағаштардың діңгектер жырығына, үйлердің тесіктеріне) Онда олар не істейді? (ұйықтайды).  Жәндіктер тығылған жерлерді табу және олар қыстың қатты суығында өліп қалмас үшін не істеуге болады? (ағаштың қабығына, түскен жапырақтарды  астынан). Жерден құрғақ жапырақтарды жинап   және оны себу.                                                        

Көркем сөз: «Көбелек»
Көбелек –ау, көбелек!

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой

Өзің де гүл бола ғой.

Қозғалмалы ойын: «Инеліктің әні»

Мақсаты: сөздерді байланыстыра сөйлеуге, ырғақты, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлігін жетiлдiру.

Еңбек алаңында жұмыс істе

(Экологиялық мәдениет)

Маусымдық өзгерістерді бақылау

Мақсаты: маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.  Жазда күн ыстық, ал күзде  таңертең күн салқын болып,  түсте ыстық болады. Адамдар қысқа дайындалады. Құстар жылы жаққа ұшады.

Тақпақ:

Күзде жауын. Бұлт. Тұман

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйтқыған

Сапырады ауаны

Тапталады табанға

Судыр- судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

 Малынғандай атырап.    М. Әлімбаев

Қозғалмалы ойын:  «Ұшақтар».

Мақсаты: Шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Алаңдағы еңбек: кұстарға жемсалғыш жасау.
(Экологиялық мәдениет)

Жаңбырды бақылау

Мақсаты: Тірі және өлі табиғат арасындағы өзгерістерді бақылауды жалғастыру.

Жазда жаңбыр қатты жауады бірақ қысқа және жылы болады. Ал күзде жаңбыр жиі жауып, суық боп келеді. Бұл кезде адамдар қолшатырдың астында тығылса, құстар ұяларына, ағаштың жапырағының астына жасырынады.

Жаңбырлы күнді терезеден бақылау. Жаңбырдың терезені тарсылдатқаның тыңдап, тамшылардың терезе келіп түсіп аққаның  тамашалау. Жолдарда кандай  шалшық сулар пайда болғаның көру. Бүгін ауа-райы қандай?  (Жаңбырлы, күн бұлыңғыр), Жаңбыр жиі жауып, күн суып, сіркіреп, жерде шалшық сулар пайда болды.

Жаңбырлы күнде жерді бақылау: ол қап қара, жабысқақ, сулы. Адамдардың киімдеріне көңіл бөлейік: (жауын өткізбейтін  плащ, резенке етік, қолдарына қол шатыр ұстаған) . Адамдар неге осылай киінген?

Тақпақ            

Жаңбыр, жаңбыр, жауа бер!

Сенен бақша, бауөнер

Жадырасын туған жер

Күміс моншақтама бер

Қозғалмалы ойын:  «Соқыр теке қоңырауымен»

Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру.

Алаңдағы еңбек: кұстарға жемсалғыш жасау.

(Экологиялық мәдениет)

Балалармен жеке  жұмыс

 Ертегі оқу. Суретпен жұмыс

 Суретке қарап отырып әңгіме құрастыру

Қылқаламмен жұмыс. Қылқаламды ұстап суретті бояуға үйрету

Сиқырлы қарындаштар. Түрлі түсті қарындаштармен сурет бояту, түстердің атауын

Үш бөліктен тұратын суреттерді құрастыру.                  

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Түйілген орамал

Мақсаты: Ойын ойнау барысында балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді. Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі. Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады

Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   V1-апта  25 - 29 қараша  2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі  25.11

Сейсенбі   26.11

Сәрсенбі   27.11

Бейсенбі   28.11

Жұма   29.11

Балаларды қабылдау

                                     «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 3. Әділдік және жауапкершілік  айы

                                  «Апта дәйексөздері»- «Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!» 

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы  туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Балаларды қабылдау

Қалай демалғандарын сұрау.Тазалықтарын тексеру.

Еңбек тапсырмасы:Ойыншықтарды жуу,сөреге жинау

Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер.

Еңбек тапсырмасы:Гүлдерге су құю,түбін қопсыту

Ойыншықтар күтімі жайлы әңгімелесу,жұмбақтар шешу

Еңбек тапсырмасы:балықтардың суын тазалау, жем беру.

«Қандай ойыншық жоқ»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту

«Ойыншықтар  бізге  ренжімеу  үшін  не  істеуіміз  керек?»  Ойын. Шарты:Балалар оларды  лақтырмаймыз  сындырмаймыз, жуамыз. Біздің  топта  ойыншықтардың  өз  орны  бар. Біз ойнап  болғаннан  кейін,  оларды  жинап  орнына  апарамыз.  Олар  бізге  ренжімейді.

Еңбек тапсырмасы: Қуыршақтардың киімдерін жуу

Фотасуреттер қарастыру «Менің ойыншықтарым»

  Фотосуретте бейнеленген ойыншықтарды атап беру

Еңбек тапсырмасы: Топты жинастыру,сөрелердің шаңдарын сүрту

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ойыншықты тап» 
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 

"Ойыншықтар дүкенінде" Мақсаты: Дүкенде озін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

«Аурухана»

Мақсаты: Өздіктерінен рөл дерді бөле білуге үйрету. Қызығушылықтарын арттыру. Бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Паравоз»
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.

Допты қуып жет 
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетерінің көлемін ажырата білуге баулу. 

Таңертеңгі жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 6

 Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Қуыршақ қонаққа дайындалуда» 

 Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа,

жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. 

 «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

 «Ойыншықтар айтысы»әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап

«Не жоқ?» ойынын ойнайық. Ойын ұйымдастыру, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Дидактикалық тапсырма» « Кім жылдам»  сурет құрастыру./машина, доп, қуыршақты киіндіру/

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

                                                                   1 ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру

Міндеті: Шартты өлшеуішті ұзындықты өлшейтін құрал ретінде таныстыру   

Ойын жаттығуы. «Бақшада не өседі?» Сəбіз, қияр, асқабақ жəне баялды сияқты бірнеше көгөністерді қағазға (немесе тақтаға) салады. Педагог балалардан əр көгөністің тұсына көгөністің ұзындығындай сызықты салуды сұрайды

Содан кейін балалардан сызықтар мен көгөністердің ұзындығын салыстыруды сұрайды: Қай көгөніс ең ұзыны? Ал қандай көгөніс ең қысқа? Көгөністерді ұзындық бойынша ең қысқасынан бастап, ең ұзынына дейін реттеуді сұрайды. Содан кейін балаларға қағаздар таратады. Қағазға бақша суретін салуды сұрайды. Балалар бақшада өсетін әртүрлі ұзындықтағы көгөністердің суретін салады. Көгөністердің шынайы көрінуі үшін, көгөністермен бірдей етіп сызық сызуды сұрайды. Бұл ойын балаларға ұзындықты салыстыруға үйретеді және кейде бірдей пішіндес заттардың, ұзындығы әртүрлі болатындығын айтып, түсіндіреді. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Бетбелгінің ұзындығын өлшеу үшін «Лего» конструктор бөлшектері пайдаланылды. Өлшеуіштерді сана. Ең қысқа бетбелгіні ата. Қай бетбелгілер ұзындықтары бойынша бірдей? Балалар өлшемдерді санайды, салыстырады. Ең қысқасы 1 нөмірлі белгі. Ұзындықтары бірдей белгілер 2 және 3, 4 және 5

Математика негіздері

Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру

Міндеті:  Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын өлшеу мен салыстыру   . 

Проблемалық-іздеу тапсырмасы: – Кәдінің ұзындығын қалай салыстырамыз? Балалар салыстыру тәсілдерін ұсынады. (Тұстастыру, беттестір.) – Кәдіні жиектен шығармай салыстыруға бола ма? Балалар оны шартты өлшеуішпен өлшеуге болатынын еске түсіреді. – Бүгін бізде шартты өлшеуіш құрал түрінде жасыл қағаз кесіндісі болады. Қалай өлшейтінімді мұқият қараңдар. Мен шартты өлшеуішті өлшем бұрышын – өлшенетін заттың басына сәйкес келтіріп қоямын. Шартты өлшеуіштің шетін белгілеймін. Сол жерден келесі өлшеу басталады. Балаларға кәдінің макеттері (муляждар, суреттер) таратылады. Балалар оларды ұзындық бойынша салыстырады. Педагог өлшем бұрышы кәдінің шетіне сәйкес келу керектігін еске салады. «Біз кәдінің қайсысы ұзын екенін білдік. Сондықтан Әлия мен Сырымның дауы шешілді». Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Әр жұлдызқұртта қанша дөңгелек бар? Сана. Цифрмен сызып қос. Қай жұлдызқұрт ұзынырақ? Белгіле. «Ұзындау/ұзынырақ – қысқа/қысқалау» жаңа ұғымдарды бекіту үшін орындалады. Педагог әр жұлдызқұрттың денесіндегі шеңберлерді санауды (шеңбер – шартты өлшеуіш) және цифрмен қосып сызуды ұсынады. – Жұлдызқұрттардың қайсысы ұзындау екенін белгілеп көрсет. Балалар әр жұлдызқұрттың шеңберлерін санайды, оларды ұзындықтарының ұлғаю ретімен байланыстырып, қосып сызады 

Математика негіздері

Мен не істей аламын?

Міндеті: 10-ға дейін санауды, заттардың қасиеттерін атауды, берілген белгі бойынша жиындар құруды, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру және өлшеуішпен өлшеу қабілетін бекіту      

Ойындық жаттығуы «Цифрды жина». Пазл-цифрлар кесілген материал жиынтығымен жеке жұмыс жасай алады, әр бала 1-2 цифрдан жинайды, №5, №6, №7 парақ беттері. «Ретімен қой» ойыны. (37-парақ) Жұптық жұмыс: «Ретімен қой» ұзындық, жуандық бойынша), балаларға түрлі түсті кесінділер жиынтығы беріледі, оларды ұзындық бойынша: ұзынынан бастап, қысқасына дейін немесе керісінше орналастыру ұсынылады. Педагог балалардан не үйренгендерін көрсетуді сұрайды. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сана. Тиісті цифрмен сызып қос. 2-тапсырма. Сол жақтан оңға қарай бесінші және алтыншы балықты қызыл қарындашпен, бірінші және жетінші балықты сары, үшінші және төртінші балықты жасыл қарындашпен боя. 3-тапсырма. Жолақтарды ұзындығына қарай боя. Көзбен және шартты өлшеуіштің көмегімен салыстыру қабілетін тексереді. 4-тапсырма. Не өзгергенін қоршап сыз. Геометриялық фигуралардың белгілерін көрсету: түсі, пішіні, өлшемі.

 Көркем әдебиет

Айтыс

Міндеті: Сахналық қойылымға қатысуға ынталандыру. Тіл байлығын жетілдіру. Қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу  

Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер? (Слайдтан көрсетеді). – Үй жануарлары деп үйде күтім жасалатын жануарларды айтамыз. – Бүгін үй жануарлары туралы Спандияр Көбеевтің «Айтыс» әңгімесімен танысамыз. Ертегіні слайд арқылы көрсетеді, әңгімелейді. Педагог балаларға ертегіні оқып береді

Сөздік жұмысы: қожайын – үй жануарларының иесі соқа – жер жыртатын құрал Сұрақ-жауап: – Ертегі не туралы? Авторы кім? Қандай жануарлар айтысты? – Сиыр не деді? Ат не айтты? – Ит не деп ырылдады? Қожайыны оларға не айтты? Балалармен бірге қайталап оқу. Әңгіме қалай аяқталды? (Босқа таласпаңдар, сендердің барлығың да маған керексіңдер. Әрқайсысың өз орныңда жақсысың.) Балаларға түрлі екпінде мәнерлеп қайталату. «Белсенді суреттер» ойыны Балаға сурет көрсетіледі. Берілген суреттегі жануарды қимылмен бейнелеп көрсетеді. Қалған балалар жасырынған бейнені табады.

Сөйлеуді дамыту

Қысқа дайындық (ертегі)

Міндеті: сын есімдер мен үстеулерді қолдану

 Дидактикалық ойын:

«Қандай дыбыс екенін анықта».

Ойын шарты: Педагог дыбысты айтады. Ал балалар дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін анықтап берулері қажет. Бірінші болып қол көтерген бала жауап беру құқығына ие болып, жауап берген бала келесі балаға басқа дыбысты айтады

 «Үнемді тұтыну»-Суды үнемдеу  Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Суды аяғына дейін бұрап жабу керек Ваннанын орнына душ қабылдау керек. Су 3 есе аз жұмсалады . Ыдысты ағып тұрған судың астына жумай, раквинаның тетігін жауып барып жуу керек Тіс жуған кезде стаканды қолдану керек Кір жуғыш машинаны толығымен толтырып жуу керек1 минутта ағатын 10 тамшы су жылына 2000 л ауыз суға теңС у ү н е м д е у

Егерде отбасы күнделікті қолданатын су көлемін үнемдесе, онда бір жылда  тереңдігі 2 метр көл пайда болар еді. Бұлаққа бұлақ қосылса — "егізбіз" дейді, Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді.

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Ғажайып алаң

Міндеті:  ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету

 «Ғажайып алаң» ойыны

Отбасымен түскен суреттер, фотоальбоммен жұмыс.

Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды және сөздерден сөйлем құрайды.

– Мынау – менің отбасым. Мынау – ата. Атамның аты – ... . Атам теледидар көреді.

– Мынау – менің әжем. Әжемнің аты – ... . Әжем ән айтады.

– Мынау – менің әкем. Әкемнің аты – ... . Әкем ойыншық берді.

– Мынау – менің анам. Анамның аты – ... . Анам тамақ пісіреді. Біз тату тұрамыз

Көркем әдебиет

Алматы метросы

Міндеті: Метро туралы түсінігін тиянақтау. Өлеңді дұрыс қабылдауға баулу. Басқаның пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу  

  Бүгін біз бір ғажайып көлік түрі туралы әңгімелесеміз. Слайдтан көлік түрлерін көрсетеді (жеңіл көлік, жүк көлігі, пойыз, кеме, ұшақ, метро). – Балалар, мен бір ғажайып көлік туралы жұмбақ айтамын, сендер қандай көлік екенін табыңдар. Жер асты даңғылы Көлігінің зулаған Естіледі саңқылы. (Метро) – Бұл қандай көлік түрі? – Бүгін біз ақын Әдібай Табылдының «Алматы метросы» өлеңін оқимыз. Метро – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көлік. Тізбек-тізбек вагондары бар. Метро пойызын жүргізушіні машинист деп атайды. Метродан пойыздың, ұшақтың дыбысы естіледі. Алматы метросы – әлемдегі жаңа метролардың бірі, әзірге он бір бекеттен тұрады. Әр бекеттің өз тарихы бар. «Мәскеу» бекеті – екі елдің достық белгісі. Соңғы жаңа қосылған бекет батыр атамыздың атымен «Бауыржан Момышұлы» бекеті деп аталады. Күту алаңдары кең, жарық, таза. Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді

 Сөйлеуді дамыту 

Қысқа дайындық (ертегі)

 Міндеті: табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау

«Қысқа дайындық» әңгімесімен таныс

Мақал-мәтел:

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 2.Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.

3.Бейнетсіз рақат жоқ

Сауат ашу негіздері

Дыбыстың сөздегі орны

  Міндеті:  Балаларды дыбыстың сөздегі орнын таба білуге үйрету  

Дыбыстармен жұмыс Сызбаны тақтаға іледі. – Сөздер дыбыстардан тұратынын білесіңдер, дыбыстар жеке тұрғанда ештеңені білдірмейді. Мысалы: а, б, қ. Осылай айтсақ, ешкім ештеңе түсінбейді. Егер осы дыбыстарды қосып, «бақ», – деп айтсақ, онда бәріміз жеміс бағы туралы айтылғанын білеміз. Әр дыбыстың сөз ішінде өз орны бар. Мысалы «лақ» сөзінде: • «Л» дыбысы бірінші тұр; • «а» дыбысы екінші тұр; • «қ» дыбысы үшінші түр. Әр айтылған дыбыстың өз орны бар. Егер дыбыстарды дұрыс айтпасақ, сөз дұрыс құралмайды. «Дұрыс тап» дидактикалық ойыны – Балалар, мен тақтаға сызба ілемін, сендер мен айтқан дыбыс сөздің қай жерінде тұрғанын, яғни басында, ортасында, соңында тұрғанын тауып, төртбұрышты бояйсыңдар. Сендер бір төртбұрыштың бір дыбыс екенін білесіңдер. п дыбысын орнын анықтаймыз. Мысалы: (п) піл, апа, қап. Есімізде сақтаймыз: берілген дыбыс сөздің басында, ортасында, соңында болуы мүмкін. «Дыбыстың сөздегі орнын тап» дидактикалық жаттығуы Педагог сөз сызбасын тақтаға іледі. – Балалар, піл, апа, қап сөздерінде «п» дыбысы қай жерде орналасқанын табайық. Сызбаларға белгілейік. Балалар піл сөзінде «п» дыбысының бірінші тұрғанын, апа сөзінде ортасында тұрғанын, қап сөзінде соңында тұрғанын айтады.

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

  Міндеті: Сөздерді буынға бөлу дағдыларын жетілдіру

 «Жалауша» дидактикалық ойыны Педагог қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді. «Кім көп сөз ойлап айтады?» дидактикалық ойыны – Н дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар, сөздерді шапалақпен буынға бөліндер, қанша буын айтасындар. – Нан, нар, ну, нарын, немене, не, неге, нағыз, Нұрлан, Нұргүл, нақ, неліктен. –Р дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар. Кім көп сөз ойласа, соған бір фишкадан беріліп отырады. –Радио, рауғаш, рас, рет, резеңке, рең. Ойын соңында фишкаларды санап, жеңімпазды анықтайды. «Сөздерді буынға бөл» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер қол шапалақтау арқылы буынға бөліңдер. Мысалы: са-ғат, жас-тық, сө-ре, қа-лам, көр-пе, көй-лек, ал-тын, сыр-ға, құ-лақ, қол-ғап, сиыр, қас-қыр, жыл-қы, май-мыл, қо-ян, та-уық, үс-тел, тыш-қан, қа-сық, ав-то-бус, қа-лам, те-ле-фон, қа-рын-даш, ар-ба, тор-ғай, то-ты-құс, ұ-шақ, ба-ра-бан, сый-лық, тас-ба-қа т.б. 

                                                                         Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»  - «Келіншек» халық күйі

           Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру           

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Қазақстанда мекендейтін жануарлар

Міндеті:  Қазақстан жерін мекендейтін жануарлармен таныстыру     

Педагог қазақстанның табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп, сұрақтар қояды. –Суретте не бейнеленген? –Туған еліміздің табиғаты. –Еліміздің табиғаты сұлу, жануарлардың алуан түрі мекендейді

–Киік (ақбөкен) – ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкендер Бетпақдала, Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық жазықтарын мекендейді. Ақбөкеннің төлі – құралай. Марал Қарқаралы, Көкшетау, Қатон-Қарағайда тіршілік етеді. Оның мүйіздерінің ерекше емдік қасиеттері бар. Маралдың төлі – бұғышақ. Сілеусін – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш жануар. Сілеусін таулы алқаптардың жапырақты орманында мекендейді. Көзі өте қырағы, есту қабілеті де жақсы дамыған. Ол ағаш басына және жартастарға жылдам өрмелеп шыға алады. Сілеусіндердің күшігі – мәшін. Ол еліміздің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтарында қорғауға алынған. Ал осы жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады? – Жабайы жануарлар. – Олар қайда тіршілік етеді? – Орманда, тауда, далада. – Олардың ортақ қасиеттері қандай? «Көлеміне қарай орналастыр» ойыны. «Суретті жина» ойыны

Қазақ тілі

Ғажайып алаң

Міндеті: Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру

     .

«Ғажайып алаң» ойыны

Екінші тапсырма: Отбасы туралы қандай мақал білесіңлер?

Балалар мақалдарды естеріне түсіреді.

1. Отан отбасынан басталады.

2. Баланың бас ұстазы – ата-ана.

3. Інісі бардың – тынысы бар,

Ағасы бардың – жағасы бар. 4.Аға әдепті болса, іні әдепті, Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

 Сауат ашу негіздері

Ойнай отырып оқимыз

  Міндеті: Сөздерді буынға бөлу, буындарды ретімен айту және сызбамен белгілей алу дағдыларын бекіту 

Буындармен жаттығулар. «Буынды қос» дидактикалық ойыны (доппен) – Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы: ( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла). Ойынды өзгертуге болады.

«Бір буыннан басталатын бірнеше сөз» дидактикалық ойыны Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға жұлдызша беріліп отырады. Қай топ бір буыннан ең көп сөз айтады екен. Мысалы: (те-) те-(геш), те-(рек), те-(мір), те-(тік), көр-(пе), (ор-) ор-(та), ор-(ман), о-(рақ), (өр-) өр-(мек), өр-(кеш), өр-(ле), өр-(мек-ші), өр(т), (да-) да(мыл-да), да(был), да(қыл), да(уыс), Да(риға), Дә(рия).

Қоршаған орта

Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстан жануарлары

Міндеті: Балалардың Қызыл кітап туралы түсініктерін қалыптастыру    

Педагог өлең оқиды: Жанды, жансыз бұл табиғат – керегі бар дүние Неге құрып бара жатыр, қарап тұрмын күйіне, Қорғаймыз деп табиғатты адам заты адамнан Сол үшін де, шығарыпты «Қызыл кітап» бүгінде. – Өлең не туралы? – Қызыл кітап туралы. – Барлық елде сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер заңмен қорғалады. Сирек кездесетін жануарларды қорғайтын қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтар құрылған. Қорықта жұмыс істейтін адамды қорықшы, орманшы деп атайды, ол Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қаскерлерден қорғайды. Бірақ мейірімсіз адамдар бұл заңды жиі бұзады. 

–Балалар, мен Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстан жануарлары жайлы айтайын. Балалар, «жұпар» деген не? –«Жұпар» деген – «хош иіс». Жұпар, хош иіс әтір, гүл, сабындарда т.с.с. болады. Ал мен сендерге Қызыл кітапқа енгізілген жұпартышқан туралы айтамын. (Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі). Жұпартышқан – тұрақты азайып бара жатқан түр. Қазақстанда жұпартышқан көбінесе Орал өзенінің алқабында, Жайық, Еділ мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ өзендерінің жайылмаларында кездеседі. Жұпартышқан – жартылай суда тіршілік ететін аң, аяғы бес башпайлы, башпайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Құйрығының ұзындығы 17– 20 см, оның астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Аңның «жұпартышқан» аталуы да осыған байланысты. Жүні қалың, жылтыр, жұмсақ, қара қоңыр, бауыры ақшыл болады. Ол жәндіктермен, олардың дернәсілімен, құрттармен қоректенеді, сондай-ақ судағы өсімдіктің тамыр, сабақтарын да жейді. – Балалар, жұпартышқан аң ба, тышқан ба? –Ол – аң. «Қамбадағы тышқандар» ойыны 

Дене шынықтыру

Батырлар

Міндеті: алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру

Қысқа секіртпе арқылы секіру

Б.қ. – секіртпені арт жақта ұстап тұру. Аяқтың ұшымен жеңіл және ырғақпен секіру. Қауіпсіздік техникасын естеріне салады, балалардың қалай секіретінін бақылайды

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Еденде тұрып қалма». (4 рет)

Ұстаушы бала таңдалады. Қалған балалар биіктігі 30 см заттардың үстінде тұрады. Балалар секіріп түсіп, зал ішінде жүгіріп жүреді. Педагогтің: «Ұста!» деген бұйрығы бойынша орындарына жүгіреді. Ұстаушы бала секіріп орындарына шыға алмаған балаларды

ұстайды. Ұсталған балалар бір шетте отырады

Қауіпсіздік сабағы: «ЛИФТІ (ЖЕДЕЛ САТЫ) МЕН КІРЕБЕРІСТЕГІ (ПОДЪЕЗД) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»          

Лифтідегі мінез-құлық ережелерін талқылау: Лифтіні күту: лифті келгенше есіктерінен алыс тұр. Кіру және шығу: лифт есіктері ашылғанда тез кіріп, тез шығу, табалдырықта тұрмау. Түймешіктермен (кнопка) ойнамау: тек қажетті түймешіктерді басу, барлық түймешікті басудың қажеті жоқ. Лифтіге жалғыз кірмеу: ең дұрысы, лифтіге ересектермен немесе үлкен балалармен бірге кіру. Егер лифті тоқтап қалса: қорықпау, саспау, диспетчерді шақыру түймешігін басып, көмек күту.

 Кіреберістегі мінез-құлық ережелерін талқылау: №1 бейнероликті қарау. «Кіреберісте» Бейнероликті талқылау: егер кіреберісте бөтен адам болса, не істеу керек? Кіреберісте: бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамдарға есік ашпау, баспалдақ мен қоршауларда ойнамау, ата-аналармен/ересектермен бірге болу. Негізгі сұрақтар арқылы бекіту: Бейтаныс адамдарға кіреберіс есігін ашуға бола ма? Неге? Егер лифті тоқтап қалса, не істеу керек? Кіреберісте баспалдақтар мен қоршауларда ойнауға бола ма? Лифтіге қалай дұрыс кіру және шығу керек?

Пайдалы сілтеме:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Біздің рәміздер

 Міндеті: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау                 

Музыка тыңдау:

«Қазақстан жалауы» (Д. Омаров)

Ән айту: «Тәуелсіздік таңы»

(А. Шырынбекова)

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса, Қазақстан» (үнтаспада) «Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай)

Музыка

Егеменді елім

 Міндеті: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату     

Музыка тыңдау:

«Қазақстан жалауы» (Д. Омаров)

Ән айту: «Тәуелсіздік таңы»

(А. Шырынбекова)

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса, Қазақстан» (үнтаспада) «Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай

Дене шынықтыру

Аңшылар

Міндеті:   оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру

 Оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру

 Ойын жаттығуы: «Допты қағып ал!»

Допты жоғары лақтырып, қолды артқа жіберіп шапалақтап, допты саусақтарын ашып, қайтадан қағып алады

Дене шынықтыру

Желді қуып жет!

  Міндеті: оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру    

Оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру

 «Баскетбол» – допты оң және сол қолдың саусақ ұштарымен еденге кезекпен ұруға үйрету. Нұсқау – бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау, допты алақанмен соқпау.

Допды еденге бір қолмен соғады, еденнен ыршыған допты саусақтарын ашқан күйде күтіп алады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін допты себетке салады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

(сурет салу,жапсыру,мүсіндеу,құрастыру)

Менің сүйікті  ертегім

Міндеті: - балаларды елестете отырып   сурет       салу тәсілдерімен таныстыру

- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау).

- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

- Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

(Өзіне-өзі қызмет ету)

 Ауаны бақылау

Мақсаты:Балаларды табиғаттың бір құрамдас бөлігі ауамен, және оның қасиеттерімен таныстыру.

Біз немен демаламыз? Бірінші. Терең - демді ішке тартып, содан соң оны қайта шығарайық. Қалай ойлайсындар біз нені шығардық? (ауаны). Ауа деген не? Кімде – кім оны көрдіме? (біз оны көрмейміз, бірақ әрдайым біздің қасымызда) Неге біз оны көрмейміз? ( ауа – жеңіл, көзге көріңбейді) Бідің демалатынымызды қалай тексереміз? Алақанымызды бірінші аузымызға апарым, содан соң мұрынға апарып демалыңыз. Сендер не сездіңдер? ( алақанымыз жылынды, біздің демалысымыздан)

Жұмбақ.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қозғалмалы ойын: «Қоңыздар»

Мақсаты:Балаларды жан- жақты жүгіруге  , белгі бойыншща қозғалысты өзгертуге назар аударуға үйрету.

Еңбек әрекеті: Сынған бұтақтарды және жапырақтарды жинау.

(Экологиялық мәдениет)

Бақшадағы өсімдіктерді бақылау

Мақсаты: Бақашада өсетін өсімдіктерді ажырату,  олардың адамға пайдасы, адамдардың қысқа дайындығы туралы түсінік беру.

Болжам:Сарымсақтың қабығы қалың болса – қыстың аяз болғаны.

Тақпақ:

Апорт деген тәтті алма

Өседі ол бақтарда

Апорт деген тәтті алма

Өседі ол бақтарда. 

Жұмбақ:

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды,

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі .. (торғайды)?

Қозғалмалы ойын: «Ұшақтар».

Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрет, достастыққа тәрбиелеу..

Алаңдағы еңбек: қураған өсімдіктерді жинау

(Экологиялық мәдениет)

Ағаштар мен бұталарға бақылау

Мақсаты: Алаңдағы бұтақтармен ағаштарға бақылау жасау.  Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету.

Жапырақтары түсіп жатқанына, алуан түске енуне  назар аудару. 

Болжам: күзде жапырақтар ерте түссе, қыстың суық болады, сонымен катар қыс ерте басталады.

Мақал-мәтел: Күздей бер, күздей берсең үзбей бер.

Тақпақ «Қарағай»

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады

Көп қарағай,қарағай

Мейірбанды анадай.

Жұмбақ: Жазда тұрып жоғары  Күзде жерге қонады             (Жапырақ)

Қозғалмалы ойын: «Тығылмақ»

Мақсаты: шапшаңдыққа, ептелікке жетілдіру.

Алаңдағы еңбек: Ағаштардан түскен әдемі жапырақтарды жинап, олардаң жапсыра отырып бір бейне жасау. (балық, қоян, кірпі)

(Экологиялық мәдениет)

Ауа-райын бақылау

Мақсаты: Қазан айындағы ауа- райын бақылау.Өзіне тән белгілерін анықтап отыру.

Тәрбиеші  балалармен бірге бақылау жасайды, қазан айында алғашқы суық түседі. Таңертең үйдің шатыры шөп, жолдың шеттері күннің шуағына жылтырап тұрады. Уақыт өте келе суық пайда болады.

Болжам: қарға қаңқылдап тоқтаусыз секіріп жүрсе – жаңбыр жауады.

Тақпақ:  «Мөлдір тамшылар»

Бұллар жабағы

Көкті жабады

Күзгі тамшылар

Тамады, тамады.       Ү.Есдәулетов.

Жұмбақ:

Көзіжасты- жылауық, келе жатыр бір алып

Жабырқаса жылайды, жадыраса құлайды. (Бұлт)

Қозғалмалы ойын: Торғай мен мысық»

Мақсаты:Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.

Алаңдағы еңбек:  гүлдердің тұқымдарын жинау.

(Экологиялық мәдениет)

Маусымдық өзгерістерді бақылау

Мақсаты: маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.  Жазда күн ыстық, ал күзде  таңертең күн салқын болып,  түсте ыстық болады. Адамдар қысқа дайындалады. Құстар жылы жаққа ұшады.

Тақпақ:

Күзде жауын. Бұлт. Тұман

Сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйтқыған

Сапырады ауаны

Тапталады табанға

Судыр- судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға

 Малынғандай атырап.    М. Әлімбаев

Қозғалмалы ойын:  «Ұшақтар».

Мақсаты: Шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Алаңдағы еңбек: кұстарға жемсалғыш жасау.
(Экологиялық мәдениет)
 
Балалармен жеке  жұмыс

 Шахмұхамбетке қаламды дұрыс қолдануға үйрету.

Сурет салу

  Бақдәулетке түстерді ажырата білуге үйрету.

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті

Інжудің  құрастыруға деген қызығушылығын арттыру.

Құрастыру

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

 Алтай Асылымға қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті

 Балымға суретті ұқыпты, толық бояу қажеттілігін айтып түсіндіру.

Сурет салу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Түйілген орамал

Мақсаты: Ойын ойнау барысында балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді. Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі. Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады

 Балаларды үйге қайтару

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы    «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

 Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта    02 - 06  желтоқсан  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»   Бірлік және ынтымақ ай       «Апта дәйексөздері»- «Бірлігі күшті ел озады»  

Күн тәртібі

Дүйсенбі   02,12.

Сейсенбі  03.12

Сәрсенбі  04.12

Бейсенбі  05.12

Жұма   06.12

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Тақпақ жаттау.

Мен анамнан қалмаймын!

Онсыз ешқайда бармаймын!

Айтыңдаршы, менсіз

Жарты күн өмір мүмкін бе?

Анаммен бірге ас үйде де,

Істерге бірге барамыз,

Екеуміз мультикті бірге көреміз,

Алмұртты бөліп жейміз.

Психогимнастика

«Бүгін өзіңді қалай сезінесің?»

Балаларға әртүрлі көңіл-күй реңктері бейнеленген карта ұсынылады.

Балалар оның көңіл-күйіне, досының, анасының, мысықтың және т. б. көңіл-күйіне ұқсас біреуін таңдайды

Саусақ гимнастикасы

Фигураларды орындау

Мақсаты: ұсақ моториканы дамыту.

«Үйшік»

Құбыр және шатыры бар үй тұр,

Мен балконға серуенуге шықтым.

«Көзілдірік»

Әжей көзілдірік киді

Немересін көрді.

«Орындық»

Аяғы, арқасы және орындық –

Міне, таңқаларлық орындық

Психогимнастика

«Жақсы көңіл-күй»

Анам дүкенге барды:

«Печенье мен кәмпит сатып аламын», - деді ол. «Бірге шай ішіп, бассейнге барамыз».

Бала қуаныштан секіре бастады.

Осы кезде музыка естіледі.

Белсенді қозғалыстар: жүру, секіру.

Мимика: күлімсіреу.

Саусақ гимнастикасы

Біз базарға бардық,

Алмұрт пен құрма көп,

Лимон, апельсин бар,

Қауын, қара өрік, мандарин.

Біз қарбыз сатып алдық,

Бұл ең дәмді жүк.

(Өлеңнің әр жолында саусақтарды біріктіру,  бірақ алақан біріктірілмейді.)

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 7

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі- ҰІӘ)

 «Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

Әңгіме «Адам қандай болуы керек?»

Мақсаты: адамның жеке басының кейбір қасиеті туралы білімді бекіту

(мейірімділік, жауаптылық, адамгершілік, адалдық)

«Адам неге сенуі керек?» ойыны

(Доппен шеңберде)

Мақсаты: адамның өмірі жақсаруы үшін оған не сену керектігін білу. Өйткені, өмір игі істерге беріледі

«Мен кіммін?»

Мақсаты: туыстық байланыстарды білу (кім кімге керек): Мен анамын, ал сен маған кімсің? Кімнің үлкен, кімнің кіші екенін атай білу

«Өз қорқыныштарың туралы айт» жаттығуы

Мақсаты: балалардағы нақты қорқыныштарды анықтау; өз қорқыныштары туралы ашық айту қабілетін дамыту

Балалардың жұмбақ ойлап шығаруы

Мақсаты: адам туралы жұмбақтар жасауға үйрету (дене мүшелері, ішкі органдар туралы); сөздік қорын кеңейту

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Шар.Текше. Цилиндр

Міндеті: Геометриялық денелер – текше, шар, цилиндрді тануға және атауға үйрету      

Ойындық жағдаят. балаларды «Сиқырлы фигуралар» еліне саяхаттауға шақырады. Бұл елде барлығы фигуралардан тұрады. Фигураларды қарап шығуды және олардың атауымен танысуды ұсынады. Педагог текшені, шарды, цилиндрді көрсетеді, жалпылама түсінік береді: «Текше, шар, цилиндр бұл – геометриялық денелер». Балалар фигура атауларын қайталайды және геометриялық денелердің суреттерін немесе үлгілерін көрсетеді.

  «Неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны. Педагог текше, шар, цилиндр фигуралы пішіндес заттарды бейнелейтін суреттерді (№22 парақ) қарап шығуды ұсынады. – Шар неге ұқсайды? (Қарбыз, доп, глобус.) – Цилиндр неге ұқсайды? (Стақан, саптаяқ.) – Текше неге ұқсайды? (Текше, сыйлық қорабы.) Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Фигураларды ата. Осындай пішіндегі заттармен сызып қос. Балалар суреттерді қарайды, суреттерге сәйкес пішіндермен өзара байланыстырады. Айтып түсіндіреді: «Қарбыз шарға ұқсайды», «Бөшке цилиндрге ұқсайды» және т.б. 2-тапсырма. Суреттен текше, шар, цилиндрге ұқсас заттарды тауып, оларды ата. Балалар суретті қарайды, заттарды атайды

Математика негіздері

Шар.Текше. Цилиндр

Міндеті:  Геометриялық денелер – текше, шар, цилиндрді тануға және атауға үйрету   

 Ойындық жағдаят.  «Фигураны көрсет, атауын айт» ойынын ойнауға шақырады. Педагог фигураларды үш сөреге орналастырады (жалпақ және көлемді). Содан кейін ол сөренің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан фигурасы бар карточканы көтеруді сұрайды. «Екінші сөренің ортасында...», «Төменгі сөреде сол жақта...» және т.б. балалар карточканы көтергеннен кейін фигураның атауын дауыстап айтуы қажет. «Затты тап» ойынын ойнауды ұсынады. Балалар санамақ санау арқылы топқа бөлінеді. Педагог жиынтықтағы геометриялық денелерді кезек-кезек көрсетіп, оларға қандай заттар ұқсас екенін сұрайды (пішіні бірдей). Топтарда тақырыптар талқыланады және аталады, әр дұрыс жауап үшін дөңгелекшелер алады. Көп дөңгелекше жинаған топ жеңеді.

 Математика негіздері

Жазық фигура және көлемді фигура

Міндеті: Жазық және көлемді геометриялық фигуралар мен денелерді тануға және атауға үйрету   

  Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Текше мен шаршыны қолыңа ал. Фигуралардың үстінен саусағыңмен жүргіз. – Қандай айырмашылықты байқадың? Шар мен дөңгелекті қолыңа ал. Фигуралардың үстінен саусағыңмен жүргіз. – Қандай айырмашылықты байқадың? Цилиндр мен дөңгелекті қолыңа ал. Фигуралардың үстінен саусағыңмен жүргіз. – Қандай айырмашылықты байқадың? Заттарды зерттейді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады, сұрақтарға жауап береді. Балалар фигураларды қолдарымен ұстап зерттеп, жазық және көлемді фигураның айырмашылықтарын айтады. Балалар пластиктен, ағаштан немесе басқа материалдан жасалған көлемді фигураларды, қатырғықағаздан, фанерден жасалған жалпақ фигураларды тауып әкелуі қажет. – Олар қандай түске боялған?

Көркем әдебиет

Жантөре мен аққоян

 Міндеті: - Әңгімені жалғастырып айтуға жетелеу. Сөздік қорын байыту. Қоршаған ортаны сүйе білуге тәрбиелеу    

Педагог жұмбақ жасырады. Өзі ақ, Өзі қорқақ. Ол не? (Қоян)

– Балалар, қыс мезгілінде қоянның түсі қардың түсі сияқты ақ болады. Бүгін біз осы ақ қоян туралы Бағдат Мәжитовтың «Жантөре мен ақ қоян» деген қызықты әңгімесімен танысамыз. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: қап, бәлем – бір нәрсеге қатты өкінгенде айтылатын сөз Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Жантөре қардан не жасағысы келді? – Жантөре досы екеуі нені көрді? Жантөре досына не айтты? – Қардың арасынан ақ қоянды көргенде Жантөре не деді? – Қоянды не үшін жібере салды? Тіл ұстарту жаттығуы: Ян-ян – балалардан қашты қоян. Ян-ян-ян – жүгіріп жүр ақ қоян.

Сөйлеуді дамыту

Алғашқы қар

Міндеті:  Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру

Педагог:

1.Балалар, табиғатты сүю – парыз. Сүю үшін – қорғау парыз.

2.Адамдардың табиғатсыз күні жоқ Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Педагог балаларға сұрақтар қояды. Алғашқы қар.

–Өлеңді тыңдағанда көз алдыларыңа не елестеді?

–Бір сөзбен айтқанда, қысқы табиғат. Бұны сурет жанрында «пейзаж» деп айтады.

–Өлеңде автор қарды неге теңейді?

–Қарды түсі мен түріне қарап тағы неге теңеуге болады?

–Сендерге өлең ұнады ма?

–Өлеңнің қай жолдарын қайта тыңдағыларың келеді, қандай жолдары сендерде ерекше әсер қалдырды?

–Мен қазір өлең жолдарын қайталап оқимын, сендер қайталап айтыңдар.

–Енді осы өлеңді қайталап отырып естеріңе сақтап қалуға тырысыңдар. Педагог суретке қарап қайталау арқылы өлең жолдарын жаттатады 

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
 .Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Мен және менің достарым

Міндеті: - Өз бетінше қарым-қатынас жасауға баулу

Мынау не?

– Бұл – балабақша.

– Балалар қайда келді?

– Балалар балабақшаға келді.

– Балалар не істеп жүр?

– Балабақша ауласында ойнап жүр.

– Саған балабақшада көңілді ме?

– Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.

– Дос, дос-ы-ң, се-н-і-ң до-сың. Ме-н-і-ң до-сым.

Артем, сен кіммен ойнайсың? Артем, Арлан сенің досың ба?

– Иә. Менің досым – Арлан.

– Артем, Арлан – достар.

– Достар қалай ойнайды?

– Достар тату ойнайды

Көркем әдебиет

Қыс

 Міндеті: -   Қыс мезгілі туралы түсінігін қалыптастыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Табиғаттың сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу

Педагог слайдтан суреттер көрсетеді.

– Мына суреттерден не көріп тұрсыңдар? – Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? – Қыста адамдар қалай киінеді? Қыс мезгілі ұнай ма? – Қар қандай? (Әдемі, кішкентай, нәзік, жеңіл, үлпілдек, суық, ақ) – Кейде қар өте қалың жауады. Қарды үйіп, сырғанақ жасаймыз. Шанамен сырғанаймыз. – Бүгін біз ақын Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып береді   Сөздік жұмысы: ақпен бояған – айнала аппақ шебер – «әдемі етіп өрнектеген» деген мағынада Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? – Қыста дала қандай болады? Неліктен қысты қызық дейміз? – Неліктен қысты жақсы көресің?

Сөйлеуді дамыту 

Алғашқы қар

 Міндеті:  Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау,

Қазір біз "Алғашқы қар " өлеңімен танысамыз

О, керемет, керемет! \

Бейне аппақ көбелек.

 Ақша қар жай көлбеңдеп, Қонып жатыр жерге кеп.

Дидактикалық ойын:

«Дыбыстарды дауыстап айтайық». А-а-а, ә-ә-ә.

Дауыссыз дыбыстарды айтқызып қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды тапқызу: б, в, г т.б.

 Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Сөздегі дыбыс санын анықтай алуға үйрету, дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру    

  «Кім көп сөз ойлап айтады» дидактикалық ойыны – Н дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар. – Нан, нар, ну, нарын, немене, не, неге, нағыз, Нұрлан, Нұргүл, нақ, неліктен. Қолдарын шапалақтап, сөздерді буынға бөледі, сонан соң буындары ретімен айтады. – Р дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар. – Радио, раушан, рас, рет, резеңке, рең. Қолдарын шапалақтап, сөздерді буынға бөледі, сонан соң буындары ретімен айтады. Кім көп сөз ойласа, соған бір фишкадан беріліп отырады. Ойын соңында фишкаларды санап, жеңімпазды анықтайды. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Дыбыстық талдау жаса. «Түн» сөзінің дыбыстық талдауы. Педагог «түн» сөзінің сызбасын тақтаға іледі. Балаларға өз орындарында дәптерлеріне дыбыстық талдау жасауға тапсырма береді. Педагог балалармен бірге жасайды

«Түн» сөзінде 1 буын, 3 дыбыс бар.     

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратуға жаттығулар жасату  

 «Сөзді аяқта» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге соңғы буынын айтпай сөздер айтамын, сендер буынды қосып, сөзді айтасыңдар. Мысалы: кү...шік, көбе...лек, ба...нан, алжап...қыш, жұлдыз...ша, жылқы...шы, шах...мат, ине...лік, жолба...рыс, жас...тық, ағаш..тар, бақта..шы, береке...лі, күлкі...лі т.б. Сөзді дұрыс айтқан балаларға педагог жұлдызша таратып отырады, ойын соңынан жеңімпаз анықталады.

Педагог төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайтындарын хабарлайды. «Қант» сөзінің дыбыстық талдауы. Суретті сызбаны тақтаға іледі. Педагог сөздегі әр дыбысты анық айтады, ал балалар қайталайды. Дыбысты айтып, олардың дауысты және дауыссыз екенін анықтайды. «Қант» сөзінде 1 буын, 4 дыбыс бар.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Алатау» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

« Алатау» күйі

Желтоқсан

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Мен кезекшімін

 Міндеті:  Балаларды шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу  

Балалар отбасында үлкендерге қалай көмектесетіндерін әңгімелейді. – Балабақшада қалай еңбектенесіңдер? – Топта кезекші боламыз, серуенге шыққанда аулада еңбектенеміз. – Жарайсыңдар, балалар, кезекші міндеттерін тағы бір қайталау үшін, бүгін біз «Ол не?» ойынын ойнаймыз

– Балалар, барлық затты дұрыс сипаттадыңдар, дұрыс жауабы айтылды, енді осы заттарды не үшін жұмбақтап шештік? (Балалардың жауаптары тыңдалады). – Бұл заттар арқылы біз бүгінгі әңгімеміздің тақырыбы топтағы кезекшілік екенін хабарладық. Қасық – асханадағы кезекшілік. Кітап – ұйымдастырылған іс-әрекетке кезекшілік. Өсімдік – табиғат бұрышындағы кезекшілік. – Асханадағы кезекшілік міндеттеріне не кіреді? – Күтуші апайға дастарқан әзірлеуге көмектесу, ыдыстарды қою, тамақтанып болған соң, босаған ыдыстарды тасып, орнына қою. – Міндетімізді неден бастаймыз? – Қолды жуып, алжапқыш пен бас киім кию керек. Балалар кезекшілікке дайындалуға барады (қолдарын жуады, алжапқыш, бас киім киеді). – Кезекшілер, өз міндеттеріңе кірісіңдер. Педагог балалардың еңбек әрекетін бақылайды. Кезекшілер ас құралдарын қояды, педагог балалармен дастарқан басында өзін ұстау ережелері туралы әңгіме жүргізеді. 1. Тамақты асықпай, ұқыпты іш. 2. Тамақты талғамай іш, балабақша дағы ас мәзірінде нелер бар, соның бәрін тауысу қажет. 3. Дастарқан басында ойнама. 4. Қасық және шанышқыны дұрыс пайдаланып үйрен. 5. Күтушіге ыдыстарды жинауға көмектес. Педагог балалармен осы бағытта ұйымдастырылған іс-әрекеті, табиғат бұрышындағы кезекшілікті талдайды. (Оқу құралдарын қою, өсімдіктерге күтім жасау)

Қазақ тілі

Мен және менің достарым

Міндеті Сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу

 Дидактикалық ойын: «Өзіңнің досың туралы әңгімеле».

Балалар өздері туралы және достары туралы әңгімелеу.

Менің атым – Наташа. Мен бес жастамын. Менің досымның аты – Сәуле. Біз тату ойнаймыз.

Менің атым – Артем. Мен бес жастамын. Менің достарымның аттары – Арлан, Рома. Біз достарымызбен татумыз. (Балалар қайталайды).

 Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті Сөздерге дыбыстық талдау жасату үйрету   

«Сөз жина» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге дыбыстар айтамын, сендер алақандарыңмен кесе жасап, дыбыстарды қағып алып отырыңдар. Айтылған дыбыстарды түсіріп немесе орнын ауыстырып алуға болмайды Жинаған дыбыстарыңнан сөз құрап айтасыңдар. Мысалы: - «а.л.м.а.», – «а.ғ.а.ш.», - «к.ү.н.», - «қ.ұ.с.», «қ.о.я.н.», - «с.и.ы.р.»,- «а.с.ы.қ.», - «е.с.і.к.», - «с.а.ғ.а.т.», - «т.а.б.а.қ.», - «ж.е.р.».

Дыбыстық талдау жаса. «Май», «сүт» сөздеріне дыбыстық талдау жасайық. Балалар орындарында жұмыс дәптерде өз беттерінше жұмыс жасайды. Педагог көмек керек балаларға көмектеседі. Суретті дыбыстық сызбаларды тақтаға іліп, балаларды тақтада жұмыс жасауға шақырады. Балалар жұмыстарын тақтамен тексереді, түзетеді. Дыбыстық талдау жасау барысында әр дыбысты анық айтуға тапсырма беріледі. «Май» сөзінде 1 буын, 3 дыбыс бар. «Сүт» сөзінде 1 буын, 3 дыбыс бар.

 Қоршаған орта

Байланыс құралдары

Міндеті:  Байланыс құралдарының қызметтері туралы түсініктерін кеңейту  

 Педагог жұмбақтар жасырады. Бар екен бір терезе ғажап үйде Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде Кино болар терезеден күнде-күнде. Естіп алар бір құлақ алыс елде . Жазуы бар ақ парақ қанат қақты, Жеткізеді әлемдегі жаңалықты. Жұмбақтың жауаптары: теледидар, телефон, газет. – Туыс, дос, таныстар бір-бірімен жиі кездеседі. Ал алыс бір-бірімен қалай хабарласады? – Олар қарым-қатынас жасау үшін байланыс құралдарын пайдаланады. –Дұрыс, мұндай құралдарға телеграф, телефон, пошта жатады. Байланыс құралдарына сонымен қатар электронды пошта, әртүрлі жедел хабаршылар жатады. Олардағы байланыс дүниежүзілік интернеттің көмегімен жүзеге асады. Байланыс құралдары – ақпаратты беру немесе алмасу арқылы адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге арналған құрылғылар. Жазылған ақпаратты алыс қашықтыққа қалай жіберуге болады? –Балалар, алыс жерлерге хат-хабарды жеткізу үшін қазіргі уақытта жүгіру қажет пе? – Жоқ, қазір алыс жердегі адамдар бір-біріне хат жазады, телеграмма жібереді, телефонмен сөйлеседі. Пошта, теледидар, радио, телефон, интернет – байланыс құралдары. Теледидар, телефон, газет байланыс құралдарына жатады. Әлемнің алыс-жақын елдерінен жеткізілетін жаңалық, хабарларды тарататын құралдар ақпарат құралдары деп аталады. Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? – Теледидар, радио, газет және интернет арқылы білеміз.Теледидар, радио, газет, интернет – ақпараттық құралдар. Педагог демонстрациялық материалдардан соңғы заман технологиясының жаңа жетілдірілген құралдарын көрсетеді (компьютер, смартфон-телефон, 3D теледидарлар, электронды рама, т.б. хат, пошта сәлемдемелері 

Дене шынықтыру

Мұздағы ойын

 Міндеті:   Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу

«Допты еденге соқ» - түзу жүріп, допты бір қолмен (оң, сол) соғып жүруге үйрету. Доппен орындалатын қозғалыс түрлеріндегі іскерліктерді дамыту. Нұсқау – допты тура алдыға

бағыттамай, сәл шет жақпен алып жүру (өйткені аяққа соғылып, домалап кетуі мүмкін). Егер допты оң қолмен соғып алып жүретін болса, онда оң аяқтың ұшының оң жағынан алып жүру қажет.

Төрт тізбекке тұрады: екі тізбек залдың бір шетіне, екі тізбек оларға қарама-қарсы тұрады. Алғашқы екі тізбектегі балалар допты еденге соғып жүріп, қарама-қарсы тұрған екі тізбекке дейін келеді. Допты оларға беріп, өздері олардың арттарына барып тұрады. Допты алған

балалар залдың

Қауіпсіздік сабағы : «ДАЛАДАҒЫ ҚАУІПТІ ОРЫНДАР»  (Ашық құдықтар, қаңырап қалған ғимараттар, септиктер, құрылыс алаңдары, гараждар)

Мақсаты: балаларды көшедегі қауіпті орындарды білуге және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету

Ашық құдықтар: Ашық құдыққа ешқашан жақындама, құлап кетіп, қатты жарақат алуың мүмкін. Егер ашық құдықты көрсең, ересек адамға айт немесе құтқару қызметінеқоңырау шал. Қаңырап қалғанғимараттар: Қаңырап қалған үйлерге немесе ғимараттарға кірме, олар өте қауіпті болуымүмкін. Онда сынған еден, құлаған заттар немесе қауіпті жәндіктер, жануарлар болуы мүмкін. Септиктер: Септиктердің қақпақтарына жақындама, олар бекітілмеген болуы мүмкін. Егер ашық септикті байқасаң, ересек адамға айт. Құрылыс алаңдары: Ешқашан құрылыс алаңдарында ойнама, онда қауіпті заттар көп,жарақат алуың мүмкін. Әрқашан құрылыс алаңдарынан алыс жүр. Гараждар: Гараждардың жанында, әсіресе олар жабық болса және ішінде ешкім болмаса, ойнама. Гараждарда қауіпті құралдар немесе химиялық заттар болуы мүмкін. Балалармен көшедегі қауіпті орындардағы тәртіп ережелерін қайталау

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/oCPp_7Rbrao?si=9T6S-ouQesjEBGSc https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Біздің рәміздер

Міндеті Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу

 Музыка тыңдау:

 «Қазақстан жалауы» (Д. Омаров)

Ән айту: «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова)

«Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жаса,    Қазақстан»                (үнтаспада)

«Көңілді балалар» литва халық әуені(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай

Музыка

Егеменді елім

 Міндеті:    Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру

 Музыка тыңдау:

«Алатау» (Н. Тілендиев, үнтаспадан)

Ән айту:

«Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова)

«Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Айна» орыс х.ә. (өңдеген М. Раухвергер)

Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Шаңырақ» ойыны

Дене шынықтыру

Өз бетімізбен жаттығамыз

 Міндеті: - Лақтыру, қағып алу, домалату: допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу

 «Баскетбол» – допты оң және сол қолдың саусақ ұштарымен еденге кезекпен ұруға үйрету. Нұсқау – бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау, допты алақанмен соқпау.

Допды еденге бір қолмен соғады, еденнен ыршыған допты саусақтарын ашқан күйде күтіп алады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін допты себетке салады

. Дене шынықтыру

Жан-жағыңа жылулық сыйла!

Міндеті:  Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату

Негізгі қимыл-қозғалыстарды алмастыру тәсілімен орындау: «Баскетбол» – допты оң және сол қолдың саусақ ұштарымен еденге кезекпен ұруға үйрету. Нұсқау – бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау, допты алақанмен соқпау.

Допды еденге бір қолмен соғады, еденнен ыршыған допты саусақтарын ашқан күйде күтіп алады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін допты себетке салады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Менің сүйікті  ертегім

Міндеті: -  Балаларды                елестете  отырып   сурет                салу тәсілдерімен таныстыру

- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау).

- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

- Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру

екінші шетіне допты еденге соғып алып жүреді. Допты қатты соқпайды, саусақтарын ашып ұстайды

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Аспанды бақылау

Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу, тiлдерін дамыту.

Тәрбиеші балалардың назарын  аспанға аударады. Аспанның түсi ашық, көгілдір екендігін, онда ақ  бұлттар, қалқиды. Олардың пішіндері әр түрлі болады, бұлттарды  жел қозғайды.

Жұмбақ: Бір түкті кілем          Бір түксіз кілем         (жер, аспан)

Мақал – мәтелдер: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Тақпақ «Аспанда»

Аспан бұлтқа  толып кетті.

Бұлттар  түлік болып кетті.

Бір бұлт шықты бие болып

Бір бұлт шықты түйе болып

Қозғалмалы ойын. «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: заттарды ажыратуға, аттарын есте ұстауға шапшаңдыққа  зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Еңбек әрекет: Жолдарды қардан тазарту.

Желді бақылау

Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау, ағаш бұтақтарының қозғалысын бақылау.

Жұмбақ: Қанаты жоқ-ұшады

Аяғы жоқ-қашады.  (Жел)

Тақпақ:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Қозғалмалы ойын: «Жел мен бұлттар»

Еңбек: өсімдіктерді,көшеттерді  қармен жабу.

Мақсаты: өсімдікке деген қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Күнді бақылау

Мақсаты: балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін күннің маңызы зор екендігін  ұғындыру. Байқампаздық, бақылай білу қабілеттерін дамыту. Қыста күн қысқарады, жылуы аз болады, сондықтан қыста   күн суық болатындығы туралы түсінік беру.

Жұмбақ:

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ  оған қарағысы келмейді. (Күн)

Болжамдар: Түнде ай жарқырап тұрса немесе аспанда жұлдыздар көп болса, ертең  күн  ашық,жылы болады.

Тақпақ:

Шұғылалы күніміз

Бақшамызға барамыз

Күнге қарап жайқалып

Біз өсіп бармыз.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Түрлі-түсті автомобильдер»

 Еңбек: бұтақтардың түбін тазарту

Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі  кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне  жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден  күзден қалған  жапырақтарды  байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.

 Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас    (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз  және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы  ойын:  «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қоян мен аңшы».               

Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Қарды бақылау

Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына  қараңдаршы, олар әр түрлі  пішінде біреуі үлкен  кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге  терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар.

Жұмбақ: Жылт-жылт етеді,

Ұстасақ еріп кетеді.         (қар)

Болжам: көп қар- көп нан.

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». 

Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру.

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

«Сиқырлы суреттер» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Алтай Асылым

«Қандай пішін жетіспейді?» 
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көшербай Адия

«Сиқырлы қап»

Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу. Ілескен Шахмұхаммед

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.

 Лесбек Асылым

«Құстар фабрикасы»

Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.

 Қанат Бақдәулет

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Түстерді анықта?»

Мақсаты:Балаларды түстерді анықтай білулеріне жаттықтыру

«Танграмм»

Мақсаты: балалардың берілген суреттерге сәйкес пішіндер арқылы құрастыру дағдыларын қалыптастыру

Дидактикалық ойын «Жеміс»

Мақсаты: жемістердің атауын атауға үйрету.

«Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли

Мақсаты: Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу,  өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Үстел үсті ойыны:

«Бау байлап үйренеміз»

Мақсаты:

Балалардың қол моторикасын дамыту.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас                 

Жоспардың құрылу кезеңі   11-апта      09 – 13 желтоқсан  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»   Бірлік және ынтымақ айы

 «Апта дәйексөздері»- «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»                  

Күн тәртібі

Дүйсенбі   09.12

Сейсенбі      10.12

Сәрсенбі      11.12

Бейсенбі      12.12

Жұма     13.12

Балаларды қабылдау

 Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Мүсін» ойыны

Мақсаты: қимылды үйлестіруді, есту қабілетін, физикалық қасиетін, ережелерге сәйкес ойнау қабілетін дамыту

«Бәрі қалай аяқталды?» ойыны

Мақсаты: есте сақтау қабілетін, ақыл-ой қабілетін дамыту; баланың сөздік қорын толықтыру

«Не жоғалды?» ойыны

Мақсаты: зейінді, есте сақтауды дамыту

«Балалардың тәртібі қатаң» ойыны

Мақсаты: сигнал бойынша әрекет ету қабілетін, физикалық қасиеттерін дамыту

«Балалардың тәртібі қатаң» ойыны

Мақсаты: сигнал бойынша әрекет ету қабілетін, физикалық қасиеттерін дамыту

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Оюларды құрастыр»

Мақсаты: Қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы балаларға түсінік беру. Ою-өрнектің түрлерімен таныстыру, ою-өрнектерді құрастыра білуге, түстердің үйлесілімділігін үйрету.Танымдық қабілеттерін арттыруБалалар өз елін, халқын сүюге қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық мақтаныш сезіміз ояту.Эстетикалық талғамын ұштау.

Қолданатын көрнекіліктер: Оюлардың қиылған суреттері

Ойын шарты: Қазақтың ұлтық әр түрлі оюлармен сәндей білу,оюларды құрастырып аттарын атау.

-

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту.

Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру.

Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 7

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі- ҰІӘ)

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Ұннан жасалған тағамды ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: нан-тоқаш өнімдері туралы білімдерін бекіту; нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеу

«Төртінші артық» дидактикалық ойыны

Мақсаты: артық затты (азық-түлік) табуға үйрету және себебін түсіндіру

Жаңылтпаш

«Сіз бізді іздемеңіз ана:

Біз қымыздықты қырыққабат сорпасына қосамыз»

Мақсаты: барлық дыбысты айту арқылы жаңылтпашты анық айтуға үйрету

«Табиғат және адам» дидактикалық ойыны

Мақсаты: адам жасаған және табиғат адамға не беретіні туралы білімді жүйелеу: балық, ет, көкөніс, жеміс, жидек, тұқым, жаңғақ

Жаңылтпаш

«Сіз бізді іздемеңіз ана:

Біз қымыздықты қырыққабат сорпасына қосамыз»

Мақсаты: барлық дыбысты айту арқылы жаңылтпашты анық айтуға үйрету

 Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Таңертең, күндіз, кеш, түн. Кеше, бүгін, ертең

Міндеті:  Таңертең, күндіз, кеш, түн бір тәулікті құрайтыны туралы түсінік беру  

Балалардан тәулік мезгілдеріне Жұмбақ жасыру.Балалар жұмбақтардың жауабын айтады. Педагог таңертең, күндіз, кеш, түні тəуліктің бір бөлігі екенін айтып жалпы түсінік береді. Педагог балалардың таңертең, түстен кейін, кешке, түнде не істейтіні туралы əңгімелеседі

1-тапсырма. Тәулік бөліктерін ата. Балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейді? Тәулік бөліктерін және осы уақытта балалардың орындайтын іс-әрекетін сызып қос. Балалар тәулік бөліктерін атайды, сызып қосады. Педагог балалардан не істейтінін баяндап беруін сұрайды: таңертең балалар тістерін тазалайды, жуынады. Күндіз балалар балабақшада ойнайды. Кешке анам ұйықтар алдында кітап оқиды. Түнде балалар ұйықтайды.

 Математика негіздері

Таңертең, күндіз, кеш, түн. Кеше, бүгін, ертең

Міндеті:  Тәуліктің бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тану, атауды, атау кезінде дұрыс реттілікті сақтау    

Үлестірме материалмен жұмыс (№18 парақ). Педагог «Тәулік бөліктері» карточка жиынтығын таратады және карточкаларды тапсырма бойынша таңдап алуды ұсынады. Педагог: «түн» дейді, балалар тиісті суретті көрсетеді. Соңында балалар карточкаларды реттеп, өз жүйесін сақтап орналастырады: таңертең – күндіз – кеш – түн. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Бұл қай мезгілде болады? Тәулік бөліктерін көрсететін суретпен баланың осы уақыттағы іс-әрекетін сызып қос. Педагог тәулік бөліктерін атауды сұрайды. Бала тәуліктің осы мезгілінде не істейтінін, суреттерді таңдау арқылы айтып береді, сызып қосады. 2-тапсырма. Суреттен күндізгі, кешкі және түнгі мезгілдерді тап. Жұбымен сызып қос. Күндіз бен түнгі мезгілді боя. Педагог суретті қарап, суреттер арқылы таңертең, түстен кейін және кешке не болғанын рет-ретімен байланыстырып, сызуды ұсынады. Күндіз бен түн мезгілдерін бояйды

Математика негіздері

Апта күндері

Міндеті: Апта күндерін рет-ретімен атауға үйрету. Сандық және реттік санау дағдыларын жетілдіру    

Апта күндері

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда, Сейсенбіде серуен құрдық далада, Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп, Жұма күні жидек тердік ағаштан, Сенбі күні кино көрдік театрдан, Жексенбіде үйде болдық демалдық. Осылайша өте шықты бір апта.

 – Өлең не туралы? Үлестірмелі материалмен жұмыс, (№ 11, №19 парақтар). Педагог балаларды үйшіктерде тұратын ағайынды гномдармен ойнауға шақырады. Олардың есімдері: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі. Оларды санауды ұсынады. Гномдарды санайды (7). Олардың есімдерін хормен қайталаңдар. Педагог ағайындылар-аптаның күндері әрдайым реттік тәртіппен жүретінін айтады: бірінші күн – Дүйсенбі, екінші – Сейсенбі және т.б. Содан кейін педагог оларға реттік нөмірлер беруді сұрайды, олардың астына 1-7 цифрлары бар карточкаларды қояды. Балалар аптаның күндерін қайталап айтады. «Дұрыс атаймыз» ойын жаттығуы. Педагог 1-ден 7-ге дейінгі цифрларды көрсетеді. Балалар апта күндерін айтады. Кеше, бүгін, ертең ұғымдарымен танысу. Педагог: – Біз аптаның күндерін атауды үйрендік, аптаның күндері ретімен жүреді. Аптаның күндерін басқаша атауға болады: кеше өтіп кеткен күн, бүгін болып жатқан күн, ертең келе жатқан күн. Мысалы, бүгін аптаның сəрсенбі күні, кеше сейсенбі болды, ертең бейсенбі болады

Көркем әдебиет

Тәуелсіздігіміз мәңгілік

 Міндеті:  Сюжет желісінің реттілігін сақтап айтуға үйрету. Шешендік сөз өнеріне баулу. Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу   

Қазақстан қандай мемлекет? – Қазақстанның бас қаласы қалай аталады? – Астананың көрікті жерлерін ата. – Қазақстанның жері кең-байтақ, табиғаты бай, егемен мемлекет. Қазақстанның бас қаласы – Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан (картадан көрсету). Біз – Қазақстан азаматы екендігімізді мақтан етеміз. Педагог «Тәуелсіздік күні» слайдын көрсетіп, әңгімелейді. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Өткенді еске алып, батырларымызға тағзым етеміз. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қоямыз. – Бүгін Әлия Дәулеткелдінің «Тәуелсіздігіміз мәңгілік» атты әңгімесімен танысамыз. Әңгіме – болған оқиғаның желісі бойынша жазылады. Педагог әңгімені оқиды, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшаны қараңыз). Сөздік жұмысы: еркіндік – ешкімге тәуелді емес, еркін ел теңге – біздің ұлттық төл ақшамыз Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Авторы кім? Әңгіме не туралы? – Тәуелсіздік күні қандай мереке? – Қазақстан халқы бұл мерекені қалай тойлайды? – Тәуелсіздік мерекесін сен қалай сезінесің?

Сөйлеуді дамыту 

Менің Отаным

Міндеті:  Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

Менің Отаным

Әйнегі – күн,

Шатыры – аспан,

Кең далам асқақ.

Төсі толған егін,

Көлдері күміс шашқан, Қазақстан Республикам менің!

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сюжетті-рөлді ойын:

Тақырыбы: «Экологтар.Бағбандар»

Мақсаты: Қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік шабыттарын мадақтау, ойын сюжетіне байланысты шағын топтарға бөлу, тіл этикетін дамыту.Экологтар жұмысының ізгі бағыттағы жұмыстары және оның табиғатты қорғаудағы, әлеуметтік мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Жағдаят: Объектыны таңдау, Картамен жұмыс, бақ орнататын жерді таңдау

Экологиялық паспортарды қарау;Эклогиялық жағдайларды зерттеу

Айыппұл төлету;Экологиялық жағдаятарды түзету жұмыстары;Суретке түсіру,

суретке түсірудің бұзылуы, суретшімен кездесу.

өсімдіктерді бейнелеу.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Мамандықтың бәрі жақсы

Міндеті:   - Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру

Ойын: Кім не істейді?

Ұшқыш ұшады. Ғарышкер ұшады. Дәрігер емдейді. Құрылысшы үй салады. Сатушы сатады.

Балалар сөйлемдерді қайталайды.

«Кім болып істейді?» сұрағымен таныстырады.

Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды.

– Сенің әкең кім болып істейді? Сенің анаң кім болып істейді?

Балалар Менің есімдігін жауаптарында қолданады. Ата-аналарының мамандықтарын атайды.

– Менің әкем құрылысшы болып істейді.

– Менің анам дәрігер болып істейді.

Көркем әдебиет

Тәуелсіздік

 Міндеті: -  Әдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінігін дамыту. Тілдік ойлау қабілетін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу 

– Қазақстан Республикасының бас қаласын ата. – Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? – Қазақстанның жері үлкен, табиғаты бай. Еліміздің мақтана алатын мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні бар. Біз – тәуелсіз елдің бақытты ұландарымыз. – Біз бүгін ақын Иран-Ғайыптың «Тәуелсіздік» атты өлеңімен танысамыз. Өлең – айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Педагог «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқу

Сөздік жұмысы: тәуелсіздік – еркіндік, теңдік, егемендік Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? Өлеңде не туралы айтылған? – Еліміздің қандай рәміздері бар? «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесің?

Сөйлеуді дамыту

Менің Отаным

 Міндеті:  - Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

Сөйлемдердің үш түрі болады.

Біріншісі – хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап айтады. Сөйлем соңынан нүкте қойылады. Мысалы: Менің Отаным – Қазақстан

Дидактикалық ойын:

«Қажетті тыныс белгілерін қой».

Ойын шарты: Берілген суреттердің мағынасына байланысты құрастырылған сөйлемдердің тыныс белгілерін қою

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті:  Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратуға жаттығулар жасатуға жаттықтыру

«Сөз жина, тез жина» дидактикалық жаттығуы –Мен сендерге дыбыстар айтамын, сендер алақандарыңды біріктіріп, кесе жасап, дыбыстарды жинап отырыңдар. Дыбыстар қалай айтылды солай жиналуы керек, олардың орнын ауыстыруға бір дыбысты түсіріп алуға болмайды. Сендер сөзді дұрыс жинасаңдар, сол сөздің суреті тақтадан ашылады. Мысалы: «к.ү.н.», «т.ү.н.», «ә.т.е.ш.», «б.а.л.», «ж.е.л.і.м.», «б.а.қ.», «б.а.л.а.», «қ.и.я.р.», «п.и.я.з.», «б.ұ.л.т.», «к.і.л.т.», «д.о.п.». –Сөзді кім бірінші құрап айтады, сол балаға жұлдызша үлестіріліп отырылады

 «Қой» сөзінде бір буын, үш дыбыс бар. Педагог «түйе» сөзінің сызбасын тақтаға іледі. «Түйе» сөзінде 2 буын, 4 дыбыс 

Сауат ашу негіздері

Сөйлем

 Міндеті:  Сөйлем ұғымымен таныстыру, екі-үш сөзден тұратын сөйлем құратып, сөйлемдегі сөздерді ретімен айтқызып үйрету    

– Балалар, біз дыбыстардан сөз құралатынын білеміз. Әтеш, әткеншек – бұлар сөздер, сөйлем болу үшін бір аяқталған ойды білдіру қажет. Бір сөзден сөйлем құралмайды. Ендеше, осы сөздерден сөйлем құрап көрейік. – «Әтеш» сөзі үй құсының атын білдіріп тұр. Аяқталған ой жоқ. Онда «әтеш» сөзі сөйлем емес. – Әтеш әдемі екен. Бұл сөйлем бе? – Сөйлем. – Дұрыс айтасыңдар, сөйлем, өйткені аяқталған ойды білдіріп тұр. Әтештің әдемі екенін хабарлап айтып тұр. – Сөйлем үш сөзден құралып тұр. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұр. Яғни біз өз ойымызды сөйлемдер арқылы жеткізеді екенбіз. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны Педагог суреттері көрсетеді (көбелек, көлік, тарақ, кітап, қоян т.б.). Балалар суретке байланысты 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрайды.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» «Кішкентай» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Арнайы көліктер. Жүк және жолаушы көліктері

Міндеті: Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастырып, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы түсіндіру

Неде нөмір болады? Неде дөңгелек болады? Қай затта жолды көрсететін шамы (фары) болады? – Мәшиненің. Интербелсенді тақтадан слайдтар көрсетіледі. – Мынау қандай мәшине? – Өртсөндіргіш мәшине. – Ол не істейді? – Өрт сөндіреді. – Мынау қандай мәшине? – Жедел жәрдем мәшинесі. – Ол қандай қызмет көрсетеді? – Жедел жәрдем дәрігері ауырған адамдарға көмек көрсетеді. – Мына мәшине қалай аталады? Қандай қызмет көрсетуге арналған? – Құтқарушылар көлігі, төтенше жағдайларға тап болған адамдарды апаттан құтқарады. («ЧС» мәшинесі). – «Арнайы көліктер» деп арнайы жабдықты қажет ететін, арнайы функцияларды орындауға арналған құралдары бар мәшинелерді атайды. Оларды адамдарға шұғыл көмек көрсету үшін қолданады. Арнайы көліктер – арнайы дабыл құрылғыларымен (сирена, арнайы құралдар) жабдықталған көліктер. Оған мыналар кіреді: полиция, өрт сөндіру, жедел жәрдем мәшинелері. Бұл мәшинелер арнайы жабдықталған.

Қазақ тілі

Мамандықтың бәрі жақсы

 Міндеті: Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту 

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ұ-ұ-ұш- ұш-қыш – ұшқыш.

Ә-ә-ә-дә-рі-і-і-гер – дәрігер.

Қ-қ-қ-ұ-ұ-құ-құр-ыл-ыс-шы – құрылысшы.

Ғ-ғ-ғ-ғ- ға-ға-рыш-кер- ғарышкер

Жаңылтпашпен таныстыру.

Ұшқыш меңгергенді

Дәрігер меңгере ала ма?

Дәрігер меңгергенді

Ұшқыш меңгере ала ма?

Жаңылтапшты қатты және ақырын әрі жылдам айтқызу

Сауат ашу негіздері

Сөйлем сызбасы

 Міндеті:  Сөйлем сызбасымен таныстырып, 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрауды үйрету  

Сызбамен жұмыс Сөйлемдегі сөздерді тіктөртбұрыштармен белгілейміз. Әр сөздің арасына арақашықтық қалдырамыз. Сөйлемнің сызбасының басындағы тіктөртбұрыштың бірінші сызығы биігірек болады. Педагог тақтаға сызып көрсетеді. Сөйлемде қанша сөз болса, сонша тіктөртбұрыштың арасына бірдей арақашықтық қалдырылады. Соңынан нүкте қойылады. Балалардан түсінгендерін сұрау. 1. Сөз неден жасалады? 2. Сөздің сызбасы немен белгіленеді? «Сөйлемді толықтыр» дидактикалық ойыны Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін өз ойларымен жалғастыру керек. Бәрін жасап қоятын (ол кім?) – (пысық). Тышқанның жауы – (мысық). Әжем иірді – (ұршық). Шәуілдеп үрді – (күшік). Ең қу аң – (түлкі). Үсті ине – (кірпі). Қол жуғышта ілулі – (сүлгі).

Қоршаған орта

Балабақша мамандары

 Міндеті  Балалардың балабақша қызметкерлері туралы, олардың жұмысының маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту 

– Мамандық – адамның негізгі кәсібі, оның еңбек қызметі, табыс көзі. Кез келген ересек адамда мамандық болады. Педагог балалардың назарын интербелсенді тақтаға аударып, балабақшаның суретін көрсетеді және бір мамандық иесі туралы әңгімені тыңдауды ұсынады. «Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Күнде балабақшаға келген кезде, бүлдіршіндер алдымнан шығып амандасқанда, жүрегім елжіреп сала береді. Олар қуанса, бірге қуанып, көңілдерін көтеру

үшін, ойнатып, ән салдырып, әр баланың жан дүниесін ұғынуға тырысамын...» Әңгімеде кім туралы айтылған? –Тәрбиеші апай. –Біз қазір балабақшаға серуенге аттанамыз. Ол үшін зырылдауықты айналдырамыз, зырылдауық тілі қай санды көрсетеді, сол сан интербелсенді тақтадан ашылады, біз серуенімізді жалғастырамы

Ал топта кім жұмыс істейді? –Біздің топта тәрбиеші ... апай, тәрбиеші көмекшісі .... апай бар. «Күн тәртібін ретімен орналастыр» ойыны.

Дене шынықтыру

Ойна, ойна, доптан айырылып қалма

 Міндеті: - Допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу

«Допты еденге соқ». Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Төрт тізбекке тұрады: екі тізбек залдың бір шетіне, екі тізбек оларға қарама-қарсы тұрады. Алғашқы екі тізбектегі балалар допты еденге соғып жүріп, қарама-қарсы тұрған екі тізбекке дейін келеді. Допты оларға беріп, өздері олардың арттарына барып тұрады. Допты алған

балалар залдың екінші шетіне допты еденге соғып алып жүреді. Допты қатты соқпайды, саусақтарын ашып ұстайды.

Нұсқау – допты тура алдыға бағыттамай, сәл шет жақпен алып жүру (өйткені аяққа соғылып, домалап кетуі мүмкін). Егер допты оң қолмен соғып алып жүретін болса, онда оң аяқтың ұшының оң жағынан алып жүру қажет

                                                                Қауіпсіздік сабағы :  «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

             Мақсаты:  балаларды үйдегі қауіпті заттарды тануға және жазатайым оқиғалар мен улануды болдырмау үшін дұрыс әрекет етуге үйрету.

Үйде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Үйдегі қауіпті заттар туралы әңгімеДәрі-дәрмектер: Дәрі-дәрмектерді тек ересектердің нұсқауымен қабылдау керек екенін түсіндіру. Дәрілерді ешқашан өздігінен алмау және тіпті олар кәмпитке ұқсаса дадәмін көрмеу. Тұрмыстық химия: Жуу құралдары, ағартқыштар, тазалау құралдары және басқа тұрмыстық химикаттар өте қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру. Ешқашан тұрмыстық химияны ересек адамдарсыз ашып, қолданбау. Газ баллондары: Газ баллондары (мысалы, аэрозольдер) дұрыс қолданылмаса, қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру. Баллондармен ойнамау және оларды әсіресе жабық орындардашашпау. Сюжеттік-рольдік ойындар: Балаларды топтарға бөліп, қуыршақтар немесе ойыншықтар тарату. Жағдайларды сахналау: бала дәрілерді, тұрмыстық химияны немесе газ баллонын тауып алады. Әр жағдайдағы тәртіп, қауіпсіздік ережесін талқылау.

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/topPwzQFQlE?si=3xsiXpAbNDcb8zRp https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Егеменді елім

Міндеті: Ән айту дағдыларын қалыптастыру

Музыка тыңдау:

«Алатау» (Н. Тілендиев, үнтаспадан)

Ән айту:

«Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова)

«Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Айна» орыс х.ә. (өңдеген М. Раухвергер)

Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Шаңырақ» ойыны

  Музыка

Қысқы орманда

Міндеті: Әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту  

 Музыка тыңдау:

«Желтоқсан» (П. Чайковский)

Ән айту:

«Шырша әні» (К. Қуатбаев)

«Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Айна» орыс халық әуені (өңдеген М. Раухвергер) Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Айналмалы дөңгелек» («Дидактикалық ойындар» жинағы) Музыкалық аспапта ойнау:

«Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай)

Дене шынықтыру

Спорт түрлері

 Міндеті: -  Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру

«Допты еденге соқ». Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Төрт тізбекке тұрады: екі тізбек залдың бір шетіне, екі тізбек оларға қарама-қарсы тұрады. Алғашқы екі тізбектегі балалар допты еденге соғып жүріп, қарама-қарсы тұрған екі тізбекке дейін келеді. Допты оларға беріп, өздері олардың арттарына барып тұрады. Допты алған

балалар залдың екінші шетіне допты еденге соғып алып жүреді. Допты қатты соқпайды, саусақтарын ашып ұстайды.

Нұсқау – допты тура алдыға бағыттамай, сәл шет жақпен алып жүру (өйткені аяққа соғылып, домалап кетуі мүмкін). Егер допты оң қолмен соғып алып жүретін болса, онда оң аяқтың ұшының оң жағынан алып жүру қажет

Дене шынықтыру

Менің достарымның ойыны

Міндеті: - Допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

«Қазан» – 2,5 м арақашықтықтағы көлбеу қойылған нысанаға заттарды (асықтарды) лақтыру. Б.қ.: аяқты иық деңгейінен алшақ қою: оң аяқты артқа жіберіп, оң қолды шынтақтан жартылай бүгіп, кеуде тұсында ұстап тұру. Асықты лақтырар алдында алдымен қолды төмен түсіріп, сонан соң артқа жібереді, ал лақтыру кезінде қолды алдыға жіберіп, жоғары көтеріп, сонан соң асықты лақтырады. Құрсауларды (4 құрсау) айнала шеңберге тұрады. «Қазан» ішіне көп асық тастаған бала жеңімпаз атанады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Қолғап

Міндеті: - Қазақ халқының ұлттық қиімдері мен ою- өрнектері туралы білімдерін кеңейту 

- Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды мүсіндеу

- Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану

- Қағаз цилиндрлерден   (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және  қолғап құрастыру

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Аспанды бақылау

Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу, тiлдерін дамыту.

Тәрбиеші балалардың назарын  аспанға аударады. Аспанның түсi ашық, көгілдір екендігін, онда ақ  бұлттар, қалқиды. Олардың пішіндері әр түрлі болады, бұлттарды  жел қозғайды.

Жұмбақ: Бір түкті кілем          Бір түксіз кілем         (жер, аспан)

Мақал – мәтелдер: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Тақпақ «Аспанда»

Аспан бұлтқа  толып кетті.

Бұлттар  түлік болып кетті.

Бір бұлт шықты бие болып

Бір бұлт шықты түйе болып

Қозғалмалы ойын. «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: заттарды ажыратуға, аттарын есте ұстауға шапшаңдыққа  зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Еңбек әрекет: Жолдарды қардан тазарту.

(Экология мәдениеті)

Желді бақылау

Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау, ағаш бұтақтарының қозғалысын бақылау.

Жұмбақ: Қанаты жоқ-ұшады

Аяғы жоқ-қашады.  (Жел)

Тақпақ:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Қозғалмалы ойын: «Жел мен бұлттар»

Еңбек: өсімдіктерді,көшеттерді  қармен жабу.

Мақсаты: өсімдікке деген қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

(Экология мәдениеті)

Күнді бақылау

Мақсаты: балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін күннің маңызы зор екендігін  ұғындыру. Байқампаздық, бақылай білу қабілеттерін дамыту. Қыста күн қысқарады, жылуы аз болады, сондықтан қыста   күн суық болатындығы туралы түсінік беру.

Жұмбақ:

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ  оған қарағысы келмейді. (Күн)

Болжамдар: Түнде ай жарқырап тұрса немесе аспанда жұлдыздар көп болса, ертең  күн  ашық,жылы болады.

Тақпақ:

Шұғылалы күніміз

Бақшамызға барамыз

Күнге қарап жайқалып

Біз өсіп бармыз.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Түрлі-түсті автомобильдер»

 Еңбек: бұтақтардың түбін тазарту

(Экология мәдениеті)

Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі  кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне  жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден  күзден қалған  жапырақтарды  байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.

 Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас    (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз  және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы  ойын:  «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қоян мен аңшы».               

Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

(Экология мәдениеті)

Қарды бақылау

Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына  қараңдаршы, олар әр түрлі  пішінде біреуі үлкен  кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге  терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар.

Жұмбақ: Жылт-жылт етеді,

Ұстасақ еріп кетеді.         (қар)

Болжам: көп қар- көп нан.

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». 

Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру.

(Экология мәдениеті)

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімдерін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Физикалық қасиеттер

Ұстамдылықты, байқампаздықты дамыту:   "Допты тап",

Жүгіру жаттығуы: "Кім ұсталғанын тап",  Алтай Асылым Қайратқызы

Қарым-қатынас дағдылары

Ойындар мен жаттығулар арқылы сөздік пен грамматикалық сөйлеу жүйесін дамыту: "Қай? Қандай? Қайсысы?", "Еркелетіп ата"

Көшербай Адия Нұрланқызы

Танымдық және зияткерлік дағдылар

"Нұсқасы", "Гүл теру"

Логикалық ойлауды дамыту.

""Колумбиялық жұмыртқа"

Басқатырғыштарды шешуге ынталандыру

Қанат Бақдәулет Бақытжанұлы

Шығармашылық дағдылар, зерттеу іс-әрекеті

"Қай жерде жылы?", "Қайсысы ауыр?"

Эксперименттік қызметке қатысуға шақыру

Өзденбай Балым Болатбекқызы

Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар

"Дос іздеу", "Кенгуру және оның төлі" ойындары арқылы әлеуметтік дағдыларды дамыту

Ілескен ШахмұхаммедМадиярұлы

 Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

«Бұл не үшін?»        дидактикалық ойын

Мақсаты: Жыл мезгілдері мен тиісті айларды атауға үйрету

«Жануарды тамақтандыр» дидактикалық ойыны

Мақсаты: сөздерді бөліктерге бөлуге, сөздің әр бөлігін бөлек айтуға үйрету

Өзіңе жұп тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды сөздердің дыбысын тыңдауға үйрету; сөздерді өз бетінше атауға және олардағы дыбыстардың нақты айтылуына жаттығу

«Бұл нені білдіреді?» дидактикалық ойын

Мақсаты: балаларды сөздерді мағынасына қарай топтастыруға, сөздердің тікелей және бейнелі мағынасын түсінуге үйрету

«Бәрі қалай аяқталды?» ойыны

Мақсаты: есте сақтау қабілетін, ақыл-ой қабілетін дамыту; баланың сөздік қорын толықтыру

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта      16– 20   желтоқсан  2024-2025 оқу жылы

«Біртұтас тәрбие»   Бірлік және ынтымақ айы

 «Апта дәйексөздері»- «Бірлік болмай тірлік болмас»

Күн тәртібі

Дүйсенбі  16.12

Сейсенбі  17.12

Сәрсенбі   18.12

Бейсенбі   19.12

Жұма  20.12

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Ауа-райы қандай?» дидактикалық ойын

Мақсаты: «Ауа-райы» (қарлы, аязды, суық, күншуақты, желді) сөзінің анықтамасын таңдауға үйрету

«Жақсы-жаман» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды табиғаттағы қайшылықтарды, құбылыстардың екіұштылығын, тірі мен жансыз арасындағы байланысты көруге үйрету; сөйлеуді дамыту.

Жұмбақты тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: күздің аяғында жансыз табиғат туралы білімді бекіту; ойлау, шығармашылық қиялды дамыту

«Шуылдақ» деген не?» дидактикалық ойын

Мақсаты: шығармашылық дағдыларды қалыптастыру, заттарды шығармашылық түрлендіруді жүзеге асыру мүмкіндігі

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Баланың қыңырлығымен қалай күресуге болатындығы туралы әңгімелесу

Баланың мінез-құлқындағы агрессияның алдын алу туралы әңгімелесу

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

         «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

          «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ертеңгілік  жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 8

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі- ҰІӘ)

Түспен-эмоциямен «Менің көңіл-күйімді тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды өз мінездерімен күресуге үйретуді жалғастыру

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы альбом қарау

«Қауіпсіз сөздер» дидактикалық ойыны

Мақсаты: үш тілде сөз тіркестерін құруды үйрету

«Кір-қожалақ қыз» драма-ойын

Мақсаты: ойын бейнелерінің қимыл мәнерлілігін дамыту

«Дені сау болу – бұл оңай»  сурет салу

Мақсаты: салауатты өмір салтының алғышарттарын қалыптастыру

 Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

Апта күндері

 Міндеті:  Апта күндерін рет-ретімен атауға үйрету. Сандық және реттік санау дағдыларын жетілдіру    

«Апталар» қозғалыс дидактикалық ойыны. 1-ден 7-ге дейінгі сандар (қиылған материал №3 парақ) араластырылып, педагогтің үстеліне төмен қаратып қойылады. Балаларкез келген карточканы таңдайды, цифрға сәйкес ретпен қояды. Олар апта күндеріне айналады. Сол жақтағы бірінші бала алға қадам жасайды: «Мен – Дүйсенбімін. Келесі күн қандай?» деп сұрайды. Ойынға қатыспайтын балалар «Апта күндеріне» түрлі тапсырмалар береді: «Ересектер жұмысқа баратын апта күндерін ата. Барлық демалыс күндерді ата.» Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Аптаның әр күні қыздың немен айналысқанын айтып бер. Сен жексенбі күні не істегеніңді, дүйсенбі күні не істегеніңді есіңе түсір. Педагог апта күндерінің жүйесін сақтап айтқан балаларды көтермелеп, ынталандырады. Жарыс ұйымдастырады: аптаның күндерін кім дұрыс айтады және балаларды дөңгелекшелермен марапаттайды. 2-тапсырма. Тыңда және сызып қос. Дүйсенбіде күн ашық болды. Сәрсенбіде қатты жел соқты. Бейсенбі күні бұлтты болды. Сенбіде найзағай ойнады. Жексенбі күні жаңбыр жауды. Тапсырма орындалуын талқылайды, сол жақтағы цифрлар бойынша аптаның күндерін басшылыққа алады, табиғи құбылыстар мен суреттерді сәйкестендіреді.

Математика негіздері

Жыл мезгілдері

 Міндеті Айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай таныстыру, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын бекіту

Сыртта суық, жиі жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар көгөністер мен жемістерді жинайды. – Бұл қашан болады? (Күзде.) – Қар жауады, күн аязды. Қар борпылдақ болған кезде, одан қарлы кесектерді мүсіндеуге болады. Су қоймаларына мұз қатады. – Бұл қашан болады? (Қыста.) – Жылынып, қар еріп, ағын сулар ағып жатыр. Гүлдер, шөптер өседі, ағаштар мен бұталарда жапырақтар гүлдейді. Құстар жылы жақтан оралады. Олар ән айтады, ұя салады. – Бұл қай мезгілде болады? (Көктемде.)

 – Күн жарқырайды, күн ыстық болады. Адамдар су айдындарында шомылады. Ұяларда балапандар пайда болады. – Бұл қашан болады? (Жазда.) Балалар жұмбақтарды шешеді, жыл мезгілдерін атайды және өз жауаптарын түсіндіреді, суретті карточкаларды көрсетеді

Ойын сәті. «Қуыршақты киіндір!» Үлестірмелі материалдар (№29, №30 парақтар). Педагог жыл мезгілінің суретін көрсетеді. Балалар жыл мезгілін атайды және қуыршаққа қандай киім кию керек екенін айтады. Педагог қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсынады

Көркем әдебиет

Торғайлар қуанышы

Міндеті: - Торғайлар туралы түсінігін кеңейту. Тілдік ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

– Қыста ауа райы қандай болады? Бүгін ауа райы қандай? Педагог жұмбақ жасырады: Қанаты бар талмаған, Аспанда ұшып самғаған. (Құс) – Қандай құстарды білесіңдер? – Қыста ұшып жүретін құстарды көрдіңдер ме? – Торғай қандай құс? (Момын, кішкентай) – Торғай пайдалы құс, ол зиянкес құрттар мен дәндерді, нан қиқымын жейді. Торғайдың қанатының астындағы мамық жүндері қыста қалыңдайды, сондықтан олар суыққа тоңбайды, төзімді болады. – Бүгін біз торғай туралы ақын Мүбарак Жаманбалиновтың «Торғайлар қуанышы» өлеңімен танысамыз

Сөздік жұмысы: қашықтан – алыстан шоқып-шоқып – торғайдың тамақ жеуі Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Балалар торғайларға не шашты? – Торғайлар тамақты қалай жеді? – Торғай сөзіне сөйлем құра.

Тіл ұстарту жаттығуы: Ос-ос-ос – құстар бізге дос. Ұс-ұс-ұс – ұшып кетті құс.

Сөйлеуді дамыту

Қыс

 Міндеті: Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту

-Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау 

Балалар, бүгін А.Құнанбаевтың шығармаларының бірімен танысамыз. Ол кісі қазақтың ұлы тұлғасы, ақын жазушысы, аудармашы. Шетел жазушыларының көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын. Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған. "Жазғытұрым", "Жаз", "Күз", "Қыс". Біз бүгін қыс мезгіліне арналған "Қыс" өлеңімен танысамыз.

Тақтаға демонстрациялық материалды ілу.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

-Өлеңді оқып жатқанда көз алдарыңа кімді елестеттіңдер?

-Иә, балалар, Абай атамыз өлеңде қысты үлкен қарияға, яғни шалға теңеп отыр.

-Қалай ойлайсыңдар, қарияны Абай атамыз не үшін ашулы, соқыр, мылқау түрінде бейнелеген.

-Қыс мезгіліне қай кезде дайындалуымыз керек?

-Қыстың қаһарына ұшырамас үшін адамдар не істейді?

-Ауыл адамдары малдарын қысқа қалай дайындайды?

–Иә, дұрыс айтасыңдар.

           «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан - босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді. Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай - ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдаланғанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз

                                                                                                                          2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Көркем әдебиет

Жыл басына таласқан жануарлар

 Міндеті: - Жануарлар туралы білімін кеңейту. Ертегі сюжетін рөлге бөліп мазмұндауға үйрету. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу

– Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? – Қандай ертегі білесіңдер? (Слайдтан ертегілер көрсетіледі). – Балалар, жыл басы болуға таласқан жануарлар туралы ертегіні үнтаспадан тыңдаймыз. Ерте заманда жануарлар жыл басы болуға таласыпты. Ертегіден көрініс көрсету (жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, ит, тышқан). Балаларға ертегінің мазмұнын оқып беру (соңындағы қосымшадан қараңыз). Ертегі мазмұнындағы жануарлар туралы түсінік беріледі.

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Ертегі қалай басталады? – Жылдың басы болуға қандай жануарлар таласты? – Жылқы не айтты? Түйе не деді? – Ал сиыр не айтты? Момақан қой не деді? – Ит не деді? Әтеш не айтты? Тышқан не айтты? – Түйе неге жыл басы бола алмады? Дидактикалық ойын: «Қара да есіңде сақта» (баланың есте сақтау қабілетін дамыту) Шарты: ертегідегі жануарлардың суреттері көрсетіледі. Бала кейіпкерлерді ретретімен атап шығады. Қимылын, жүрісін, дауысын бейнелейді.

Сөйлеуді дамыту

Қыс

Қыс (кір.16.12)

 Міндеті: Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту (кіріктірілген 16.12)

-Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау 

Балалар, бүгін А.Құнанбаевтың шығармаларының бірімен танысамыз. Ол кісі қазақтың ұлы тұлғасы, ақын жазушысы, аудармашы. Шетел жазушыларының көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын. Жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазған. "Жазғытұрым", "Жаз", "Күз", "Қыс". Біз бүгін қыс мезгіліне арналған "Қыс" өлеңімен танысамыз.

Тақтаға демонстрациялық материалды ілу.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

-Өлеңді оқып жатқанда көз алдарыңа кімді елестеттіңдер?

-Иә, балалар, Абай атамыз өлеңде қысты үлкен қарияға, яғни шалға теңеп отыр.

-Қалай ойлайсыңдар, қарияны Абай атамыз не үшін ашулы, соқыр, мылқау түрінде бейнелеген.

-Қыс мезгіліне қай кезде дайындалуымыз керек?

-Қыстың қаһарына ұшырамас үшін адамдар не істейді?

-Ауыл адамдары малдарын қысқа қалай дайындайды?

–Иә, дұрыс айтасыңдар.

Сауат а     Сауат ашу негізднрі негіздері

Сөйлем құрау

 Міндеті:  Сөздерді қатыстырып, белгілі ретімен сөйлем құрай алу

 «Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сөйлемнің басын бастап айтамын, сендер мағынасына қарай аяқтайсыңдар. Ойын шарты: педагог сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек. Мысалы: Педагог: Балалар: Балалар бақта жүгірді. Атам шалғымен шөп шапты. Анам сиыр сауды. Ағаштың түбі – қалың қар. Аю қыста ұйықтайды. Мал жайлауда жайылды. Балалар доп ойнады. Үсен мәшинені жуды.

Суреттерді қара. Әр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз. 2. Суреттерді ата. С дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк қарындашпен боя

 Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

 Міндеті: Дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру   

 «Сөздегі дыбыстың орнын дұрыс анықта» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге сөздер айтамын, мен айтқан дыбыс сөздің басында болса, қызыл жалаушаны желбіретесіңдер, соңында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, екі жалаушаны да желбіретесіңдер. -р- (ара, арман, арық, рақмет, қарбыз, қырық, рақат, рауғаш, ару, Ардақ т.б.); -ә- ( әтеш, әткеншек, әңгіме, кәрі, әтір, Күләш, бәтеңке, бәліш, әріп т.б.); -м- (мақта, мал, мамық, қамыр, монша, моншақ, Әмина, қамзол, қаймақ, тамыр т.б.).

Дыбыстық талдау жаса. Педагог тақтаға «кесе» сөзінің дыбыстық сызбасын іліп, балаларға өз орындарында дыбыстық талдау жасауға тапсырма береді. Балалар орындарында орындайды. Педагог тақтаға балалардың жұмысын тексеру үшін, бір баланы шығарады. Балалар тақтадағы дыбыстық талдау мен өз дыбыстық талдауларын тексереді. Кесе сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Кесе сөзінде 2 буын, 4 дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 2 дауыссыз дыбыс бар.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» «Еркесылқым» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

                                                                                                                    3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

Мамандықтың бәрі жақсы

Жақсы өнеге (кір.16.12)

 Міндеті - Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).(кір.16.12)

 Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

-Балалар, қандай сыпайы сөздер білесіңдер? Қазір бәріміз жағдаят шешейік.

1-жағдаят:

Жанына екі баланы шығарып, екеуінің біреуіне ойыншық береді.

– Досыңның ойыншығын сұрау үшін, оған қандай сыпайы сөз айтасың?

Балалар жауап береді.

2-жағдаят: екі баланың біреуі екіншісіне ренжігені туралы.

– Егер байқамай досыңды ренжітіп алсаң, оған не айтасың?

– Мен кешірім сұраймын.

– «Кешір» деген сөзді айтамын.

– Дұрыс, сыпайы сөздерді жиі айтатын балаларды әдепті бала деп атайды

Сауат ашу негіздері

Ойнай отырып оқимыз

 Міндеті: Сөйлем құрып, сөйлемдегі сөздерді ретімен айта алу   

 Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын айт» (Педагог суреттерді көрсетеді). – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суреттегі заттың атын атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Балалардың жауаптары тыңдалады. – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды. «Сөзді өлшейміз» дидактикалық жаттығуы – Алақандарыңды үстелге қойыңдар. Сөз айта бастағанда алақанды бір-бірінен алшақтата беріңдер. Егер алақандардың арасы жақын болса, онда сөздің қысқа болғаны, егер алыс болса, онда сөз ұзын болғаны. Мына сөздерді өлшейік: дос, бейбітшілік

Қоршаған орта

Қазақстанның байлықтары мен жетістіктері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (кір.16.12)

Міндеті: Қазақстан жерінің байлықтарымен, жетістіктерімен таныстыруды жалғастыру.

Еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Суреттер арқылы еліміздің рәміздері туралы әңгімелей білуге баулу

 – Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Біздің жеріміз – кең-байтақ Қазақстан. Бүгін біз еліміздің байлықтары мен жетістіктері туралы әңгімелесеміз. Интербелсенді тақтадан пайдалы қазбалардың туралы бейнебаян көрсетіледі. Пайдалы қазба – жер астынан қазылып алынатын кен. Біздің жеріміз кең-байтақ, еліміз бай, оның байлығын халқымыз пайдаланады. Қазақстанның жер қойнауы қазба байлықтарға толы. Жерімізде алтын, күміс, темір, көмір, мыс, мұнайдың мол қоры бар. Қазақстанның басты байлығы – мұнай. Ол Атырау өңірі, Каспий теңізінен алынады. – Алтын, күміс, темір, көмір, мыс, мұнайды бір сөзбен қалай атаймыз? – Пайдалы қазбалар. – Оларды іздейтін адамдардың мамандығы «геолог» деп аталады. Балалар хормен қайталайды. Педагог балаларды әртүрлі тас, құм т.б. тұрған үстелге шақырып, оларды сипаттауларын өтінеді. – Қара, жылтыр, қатты. – Көмір бізге не үшін қажет? – Отқа жағып, үйді жылыту үшін. – Көмірді тағы қайда қолданатынын білеміз бе? – Өнеркәсіпте пластиктерді, бояғыштарды, дәрілік препараттарды өндіру үшін көмір қолданылады. Мына зат қалай аталады? Оны сипаттаңдар. – Темір. Қара, қатты, ауыр. Осылайша құм, тұз, борды сипаттайды, оларды қайда қолданатынын айтады. – Балалар, мына ыдыстағы нәрсе не екен? – Бұл – мұнай. – Иісі қандай? – Бензиннің иісі шығады, сұйық, қоймалжың.     

Дене шынықтыру

Жаттығу – жеңіс кепілі

Міндеті: -  Орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру    

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу».

Шашырап жүреді, жүгіреді, педагогтің бұйрығымен жерден асықтарды алады.

«Асық лақтыру» – дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, көлбеу қойылған нысанаға асықтарды лақтыру (арақашықтығы – 3 метр)

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінен сәл ашық қойылады, оң аяқты арт жаққа жіберу, оң қол шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында. Асықты лақтырғанда оң қол төмен түсіріліп, төмен, артқа жіберіледі. Асықты қолды алдыға созып, сонан соң жоғары көтеріп лақтырады

                                           Қауіпсіздік сабағы : «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕС»    

                                                             Мақсаты:  балаларды адасып кеткен жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету.                                                                                                      

Адасып кеткен жағдайдағы бес қарапайым кеңеспен таныстыру: 1-кеңес. Орныңдақал. Егер адасып кетсең, ең бастысы – орныңда қалу. Бұл ересектердің сені тез табуына көмектеседі. Көмекті күтіп, орнында тұрған баланың иллюстрациясын көрсету. 2-кеңес. «Анашым/Әкем» деп қатты дауыстап, айналаға мұқият қара. 3-кеңес. Егер телефон болса, ата-анаңа қоңырау шалып, тұрған жеріңді айт (немесе айналаңдағы нәрселерді сипатта). Телефон жоқ болса, ересек адамнан қоңырау шалуды өтін. Егер анаңның/әкеңнің телефон нөмірін білмесең, біреуден полицияға қоңырау шалуды өтін. Егер формадағы полицейді көрсең, оған барып, адасып кеткеніңді айт. 4-кеңес. Егер көшеде/саябақта адасып кетсең, қауіпсіз жер тауып, сонда кір. Мысалы, жақын жердегі дүкен, бутик немесе кафе. Кассирге, сатушыға, әкімшіге, күзетшіге, даяшыға немесе тазалаушыға бару. Адасып кеткеніңді айтып, көмек сұра. 5-кеңес. Бейтаныс адамдарға еріп кетпе Ешқашан бейтаныс адамдарға еріп кетпе, тіпті олар көмек сұраса да. Орныңда қалып, сенім артуға болатын адамдардың көмегін күт. Бейтаныс адаммен кетпей тұрған баланың иллюстрациясын көрсету. Ережелерді қайталау: Балалармен адасып кеткен жағдайда қолданылатын бес қарапайым кеңесті қайталау.

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/8rz3wsHhc0Y?si=ZHH-0Nn_TgQAIb91 https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

                                                                                                            4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Орманда серуендейміз

Міндеті:  - Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту

Музыка тыңдау:

«Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев)

Ән айту:

Ақша қар» (Е. Өміров)

«Шырша әні» (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Ұлпақарлар биі»

(«Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

Дене шынықтыру

Бір, екі, үш, балалар алды күш

Менің достарымның ойыны (кірік.16.12)

Міндеті: - - Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру

 Допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

 (кірік.16.12)

Мерген имек ағаш». (3 рет)

Алаңқайдың ортасында текше тұр. Оны имек ағашпен бір ойыншы қорғайды. Қалған ойыншылар текшеге шайбаны имек ағаштарымен атып, тигізуге тырысады.

Имек ағаштың қыры толық мұзды жататындай етіп ұстауын қадағалайды.

Ойыншылар санын біртіндеп арттыра отырып, заттардың арасымен жүгіру. (5 рет) Арақашықтығы 1м 5 конусты алаңның ортасына қояды. Конустарды аралап жүгіретін ойыншы саны қима қағаздарға жазылған сандар арқылы анықталады.

Әр команданың ойыншылары конустардың арасымен педагог белгісі бойынша жүгіре бастайды.ыруға үйрету

Дене шынықтыру

Жаттығу – жеңіс кепілі

Міндеті: -  Орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру    

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық алу».

Шашырап жүреді, жүгіреді, педагогтің бұйрығымен жерден асықтарды алады.

«Асық лақтыру» – дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, көлбеу қойылған нысанаға асықтарды лақтыру (арақашықтығы – 3 метр)

Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінен сәл ашық қойылады, оң аяқты арт жаққа жіберу, оң қол шынтақтан бүгіліп, кеуде тұсында. Асықты лақтырғанда оң қол төмен түсіріліп, төмен, артқа жіберіледі. Асықты қолды алдыға созып, сонан соң жоғары көтеріп лақтырады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Мерекелік отшашу

Міндеті: -- Балаларға   мерекелердің   мәнін түсіндіру,  өз жұмысының нәтижесін бағалу

-- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау

-Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

-Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру

Серуенге дайындық

                           Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету

Серуен

Қырауды бақылау

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.

Болжам:

Ағашқа қырау түссе, аяз болады.

Тұман болса, күн жылынады.

Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.

Жұмбақ:

Қант сияқты ақ,

Ұлпа боп жерде жатады. (қар)

Қимылды ойын: «Суықторғайлар»

Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.

Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.

Мұз сүңгісін бақылау

Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

 Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?

Ол қандай? (Сәбіз сияқты)

Сүмелек мұз қай жерде, пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде  көлеңке  жақта ма?

Тақпақ :

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойлап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.        Мұзафар Әлімбаев

Қимылды ойын: «Үйсіз қалған қоян»

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.

Еңбек: «Мұз  жерлерге құм  себу»

Қайың ағашын бақылау

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма:ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға  ағаш  суреттері   таратылады.

Тақпақ:

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі.

Жұмбақ: Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат  табады. (Ағаш)

Қимылды ойын: «Апандағы аю»

Мақсаты: зеректікке, ептілікке баулу.

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Терезедегі өрнектерді бақылау

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектердің қалай пайда болғаны жайында түсінік беру.

Тапсырма: трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.

Тақпақ:

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта атырап

Іздерінен қар ұшып

Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.

Жорамал: қыс  аязды болса – жаз ыстық болады.

Жұмбақ:

Отта жанбайды

Суда батпайды.        ( Мұз)

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»

Мақсаты: оңды – солды жалтақтап   қарай жүгіруге жаттығу.

Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Серуеннен оралу

 Киімдерін реттілікпен шешеу.    Өз-өзіне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Сюжетті ойын: «Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
Алтай Асылым Қайратқызы

«Тәулік бөліктері » 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.  Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер  Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 

Көшербай Адия Нұрланқызы

«Оң және сол» 
Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

Қанат Бақдәулет Бақытжанұлы

Дидактикалық ойыны

«Шаршы құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Өзденбай Балым Болатбекқызы

 Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

«Құстарға арналған жемсалғыш» Ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету.

«Пішіндер мен алақан» Мақсаты: нейрожаттығу арқылы балалардың ми қыртысының жұмысын жақсартуға ықпал ету .

  «Түстер»

Мақсаты: түстер туралы білімдері мен  сызу жұмысын жақсарту.

«Қандай дыбыс шығарады?»Мақсаты:суреттер арқылы, зияткерлік қабілеттерін арттыру.

Балалардың үйге қайтуы

                                                                       Өнегелі 15 минут

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу,  ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту  бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   V1-апта  23 -27  желтоқсан  2024-2025 оқу жылы

   «Біртұтас тәрбие»   Бірлік және ынтымақ айы

   «Апта дәйексөздері»- «Ынтымақ - бұзылмайтын қорған»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   23.12

Сейсенбі    24 .12

Сәрсенбі     25.12

Бейсенбі    26.12

Жұма     27.12

Балаларды қабылдау

 Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы  туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Ұннан жасалған тағамды ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: нан-тоқаш өнімдері туралы білімдерін бекіту; нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеу

«Төртінші артық» дидактикалық ойыны

Мақсаты: артық затты (азық-түлік) табуға үйрету және себебін түсіндіру

Жаңылтпаш

«Сіз бізді іздемеңіз ана:

Біз қымыздықты қырыққабат сорпасына қосамыз»

Мақсаты: барлық дыбысты айту арқылы жаңылтпашты анық айтуға үйрету

«Табиғат және адам» дидактикалық ойыны

Мақсаты: адам жасаған және табиғат адамға не беретіні туралы білімді жүйелеу: балық, ет, көкөніс, жеміс, жидек, тұқым, жаңғақ

Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту             

 Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

    «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

  «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

     «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ертеңгілік  жаттығу

                 Таңғы жаттығу кешені № 8

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі- ҰІӘ)

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Түспен-эмоциямен «Менің көңіл-күйімді тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: балаларды өз мінездерімен күресуге үйретуді жалғастыру

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы альбом қарау

«Қауіпсіз сөздер» дидактикалық ойыны

Мақсаты: үш тілде сөз тіркестерін құруды үйрету

«Кір-қожалақ қыз» драма-ойын

Мақсаты: ойын бейнелерінің қимыл мәнерлілігін дамыту

«Дені сау болу – бұл оңай»  сурет салу

Мақсаты: салауатты өмір салтының алғышарттарын қалыптастыру

«Көңілді бояулар»

Мақсаты: Суреттерді бояу. Балаларға қарындашты оң қолмен ұстай білуге дағдыландыру

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

«Алдымен – содан кейін», «болды – бар – болады», «бұрын – кейінірек»

 Міндеті - Оқиғалар тізбегін «алдымен – содан кейін», «болды – бар – болады», «бұрын – кейінірек», жыл мезгілдеріне қарай айларды ретімен атауға үйрету

«Рет бойынша қой» ойын жаттығуы. – Балалар, қараңдаршы, барлық карточкалар араласып кетті. Оларды ретімен орналастыруға көмектесіңдер.Үлестірмелі материалмен жұмыс ( №23-24 парақтар). – Суреттерді қара, «алдымен» не болды, «содан кейін» неге айналды? Балалар суреттерді орналастырады және «алдымен», «содан кейін» сөздерін қолданып жауапты түсіндіреді. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қарап, алдымен не болатынын, содан кейін не болатынын айт. Суреттерді ретімен сызып қос. Балалар суреттерді қарайды. Педагог нан жасап шығарудың қаншалықты қиын екенін түсіндіреді. Нанды жасап шығару үшін жұмыс жасайтын адамдардың еңбегін бағалау туралы тәрбиелік әңгіме жүргізеді. Содан кейін балалар оқиғалардың дұрыс реттілігін қалыптастырады, педагог балаларды «алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек», сөздерін қолдануға итермелейді.

2-тапсырма. Суретке қарап, алдымен, содан кейін не болатынын айт. Алдымен не болғанын белгіле. Балалар суреттерді түсіндіреді, «алдымен – кейін», «ертерек – кейінірек», «бұрын – кейін» деген сөздерді қолданады

Математика негіздері

«Алдымен – содан кейін», «болды – бар – болады», «бұрын – кейінірек»

Міндеті:  Оқиғалар тізбегін «алдымен – содан кейін», «болды – бар – болады», «бұрын – кейінірек», жыл мезгілдеріне қарай айларды ретімен атауға үйрету  

Үлестірмелі материалмен жұмыс (№23 парақ). Балалар карточкаларды қарап, оларды ретімен қойып орналастырады, «алдымен – кейін» сөздерін қолдана отырып, өз әрекеттерін түсіндіреді. Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Суретке қарап, алдымен не болатынын, содан кейін не болатынын айт. Суреттерді ретімен сызып қос.

Карточкалармен алдыңғы жұмыс негізінде балалар өз бетімен орындайды. 2-тапсырма. Сурет бойынша бұрын не болғанын, кейін не болғанын айт. Суреттерді цифрлармен ретіне қарай сызып қос.

Одан соң педагог «Алдымен – содан кейін» ойын жаттығуын ойнатады. Ойын үшін карточкаларды (№24 парақтар) немесе басқа суреттерді пайдалануға болады: Құрт – көбелек; жидек – тосап; тұқым – өсімдік; көгөніс – тамақ; ұлпа – қар, аққала; бұтақтағы гүл – піскен алма және т. б. Әрі қарай «Не болды, не болады?» тақырыбында әңгімелесу жүреді. Балаларға бірнеше карточкалар беріледі, мысалы, тұқым – өскін – күнбағыс. Педагог «өскіннің» суретін көрсетеді. Суреттер сериясына ұқсас: бидай, ұн, нан. – Бұған дейін не болды? (Тұқым), содан кейін не болады? (Үлкен өсімдік, гүл).

Математика негіздері

10 көлемінде тура және кері санау

 Міндеті: 10 көлемінде тура және кері санауды жаттықтыру, оқиғалар тізбегін ретімен дұрыс атауға үйрету

Балаларды вагон болуға шақырады. Он бала бір-бірінің артынан тұрып, пойыздың қозғалысын жасайды. Балаларға 1-ден 10-ға дейінгіцифры бар карточкалар беріледі. Педагог қалған балаларға вагондарды тікелей және кері тәртіпте 1-ден 10-ға дейін санауды ұсынады. Үлестірмелі материалдардан жасалған вагондарды: №16 парақты есепті тура және кері тәртіпте санау үшін қолдануға болады. Педагог вагондардың нөмірленуін кері тәртіпте өзгертеді және балалармен бірге оңнан солға қарай санайды. Дәптермен жұмы 1-тапсырма. Суретке қара. Қандай вагондардың нөмірі жоқ? Оларды ата. Сурет бойынша балалар тура және кері бағытта санайды. Карточкалармен жұмыс. Тақтада немесе үстелдерде балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандық қатарды орналастыруы керек. Тура және кері тәртіпте сана. «Аққаланы санаймыз» жұптық жұмыс жүргізіледі, балалар аққалаларды үстелдерге қояды, біреуі тура санаса, екіншісі кері санау жүргізеді, содан кейін балалар өз орындарымен ауысады. Қолданатын тәсіл: бір бала санауды бастайды, екіншісі жалғастырады.

Көркем әдебиет

Орман емшілері

Міндеті: Әңгіменің мазмұнын ойдан құрастыруға баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Педагог аудиожазбадан құстардың дыбысын тыңдатады. – Балалар, ненің даусын естіп тұрмыз? – Құстар қандай болады? Қандай құстарды білесіңдер? – Балалар, мынау ненің суреті? (Слайдтан сурет көрсету, әңгімелеу). – Орманда қандай құстар өмір сүреді? Тоқылдақ не істеп жатыр? – Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты. Ағаштың қабығы астындағы құрттарды теріп жейді. Құйрығы қатты, ұзын. Оны орман дәрігері деп атайды. Тоқылдақтың тесіп, ойып кеткен ұясын басқа құстар мекен етеді. Тоқылдақтың, құстардың пайдасы өте көп. Бүгін осы құстар туралы қазақстандық жазушы Максим Зверевтің «Орман емшілері» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беред

Сөздік жұмысы: жыртқыш құс – ұсақ құстарды аулап қоректенетін құс ағаштың діңі – ағаштың ең негізгі бөлігі

Сұрақ-жауап:

 – Әңгіме не туралы?

Авторы кім?

 – Тоқылдақ ағашта не істеді? Ағаштың қабығынан не төгілді?

– Орман шымшықтары тоқылдаққа қандай көмек көрсетті?

– Орманды зиянды жәндіктерден не қорғайды?

 – Құстар сөзіне сөйлем құра

Сөйлеуді дамыту 

Ажарлы қыс

 Міндеті:  Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау,

  –Педагог балалардан қыс мезгілінде неше ай бар екенін сұрайды? Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды? –  деп сұрақ қойады.

Демонстрациялық материал.

–Ендеше, мына үлгі суретке қарап, әңгіме құрайық. Суретте қарап, көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.

–Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар. Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып, әңгіме құраңдар.

«Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер?» деген ұсыныс айтады педагог.

Педагог балалардың ойларын қорыта келе: «Бұл суреттің тақырыбын "Ажарлы қыс " деп атасақ қайтеді, келісесіңдер ме?» – деп сұрады.

–Балалар "ажарлы " – сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны береді. Педагог қол көтеріп, әңгіме құрауға қызығушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдайды. Жақсы әңгіме құраған баланы мақтайды

                                      «Үнемді тұтыну»- Тамақ сатып алғанда...  Мақсаты:  балалардың үнем туралы түсініктерін кеңейту

Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай - ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

                                                                                 2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Жақсы өнеге

Міндеті: Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізу 

Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»

– Тақпақтарды тыңдап, назар аударамыз. Қай жауабы дұрыс?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп айтып жеу керек?

«Рақмет, апа!» – деу керек.

Балалар жүр көшеде,

Естілді шу-айғай.

Сен де шықтың досыңды,

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

«Кешір досым», – деу керек.

Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір апайың,

Ұмыттың сен не деу керек?

«Сәлеметсіз бе!» – деу керек.

Көркем әдебиет

Жаңа жыл келді

 Міндеті:  Өлеңнің эмоциялық-бейнелік мазмұнын қабылдауға жетелеу. Көркем сөзге қызығушылығын жетілдіру. Татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу

 Педагог үстелге шыршаны, қуыршақ Аязата мен Ақшақарды қояды. – Балалар, жақында қандай мерекені қарсы аламыз? – Қандай мереке шыршасыз өтпейді? Шырша қайда өседі? – Қазір жылдың қай мезгілі? Жаңа жыл мерекесі саған несімен ұнайды? – Бүгін біз ақын Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді

Сөздік жұмысы: жылыстап – ақырындап, біртіндеп әзір – дайын Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? Өлең не туралы? – Жаңа жылда балалар не істейді? Жаңа жылда бізге кім келеді? – Аязата мен Ақшақарды сипаттап бер.

 Тіл ұстарту жаттығуы:

Ша-ша-ша – жап-жасыл шырша.

Сөйлеуді дамыту

Ажарлы қыс

 Міндеті: Табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, 

«Айырмашылығын тап».

Екі аққаланың суреті беріледі. Суретке қарап, аққалалардың айырмашылығын табу керек

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

  Міндеті: Сөзді буынға бөлу дағдыларын жетілдіру; берілген дыбысқа сөз құрай алуға жаттықтыру    

Дидактикалық жаттығуы: «Дауысты сөзден баста» Педагог қойған сұрақтарға балалар дауысты дыбыстан басталатын сөздердермен жауап беру керек. 1. Қандай көлікпен бардың? (Ұшақпен ұштым т.б.) 2. Сүйікті сусының? (Айран т.б.) 3. Достарыңның аты? (Орал, Ұлпан, Омар, Асқар, Ынтымақ, Олжас.) 4. Сүйікті ойыныңның аты қандай? («Асық», «Арқан тартыс» т.б. Ойын-жаттығу: «Сөз таңда» Педагог мақалды оқиды, мақалдың мазмұнын балаларға түсіндіреді. Балалар суретттегі заттардың тиістісін айтып, мақалды толықтырады. Суреттегі заттардың атын буынға бөледі. Мақал – сөздің мәйегі. 1) Оқу ... құдық қазғандай. и-не, кү-рек, қа-сық. 2) Ата көрген ... жонар оқ, оқ-тау, ер. 3) Ана көрген ... пішер. жей-де, тон, көй-лек. 4) Асықпаған арбамен . . . алады. түл-кі, қо-ян, а-ю.

 Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті: Суреттер бойынша сөйлемдер құрай білу дағдыларын жетілдіру   

 Дидактикалық ойын: «Дұрыс таңда» (Педагог тақтаға алма, ағаш суреттерін және олардың дыбыстық сызбасын іледі. – Сөздегі дыбыстарды анықтаңдар. Қай сөзге қандай дыбыстық сызба тиісті? Балалар дыбыстық талдау жүргізеді. Суреттерді тиісті сызбамен саластырады. Педагог көмек керек балаларға көмектеседі. Дидактикалық ойын «Үйшігін дұрыс тап» –Балалар, мен сендерге суретті карточкалар таратып беремін, сендер карточкадағы суретті атайсыңдар. Сол сөз дауысты дыбыстан басталса, тақтада тұрған қызыл үйшікке, ал дауыссыз дыбыстан басталса, көк үйшікке саласыңдар. Балалар жеке-жеке түсіндіріп, суреттерді өз үйшіктеріне салады

 Дидактикалық ойын: «Кері сөзді ата»(доппен) –Балалар, мен сендерге допты лақтырып, сөз айтамын, сендер сол сөзге кері сөзді тауып айтасыңдар да, допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: жаман-жақсы, ақ-қара, ақылды-ақымақ, білімді-білімсіз т.б. Дидактикалық ойын: «Буынға бөл» –Мен сендерге суреттер көрсетем, сендер суретті атап, атауын шапалақпен буынға бөліңдер. Мысалы: жа-пы-рақ, жү-зім, ке-ру-ет, тү-йе, та-бақ, ке-рік, пи-яз, ө-рік, жыл-қы т.б.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»  «Балқаймақ»

                                 Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту       

                                                                                       3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған орта

Жер – біздің ортақ үйіміз

 Міндеті: Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру

Проблемалық сұрақ: – Балалар, адамдар табиғатсыз өмір сүре ала ма? – Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды, ауа, Күн, сусыз тіршілік жоқ. Адам тіршілігі үшін қажетті заттардың бәрін табиғаттан алынады. Сондықтан Жер ғаламшары – бәріміздің ортақ үйіміз. – Жердің пішіні қандай? – Дөңгелек. Педагог беті шүберекпен жабылған затты үстелге қояды, жұмбақ жасырады. Домалақ тұрқы, «Білсін» деп жұрты Көк түс көп, сырты. Кішірейткен сиқы. (Глобус) Балалар глобусты ұстап, айналдырып көреді, түрі, пішіні туралы әңгімелеседі. – Глобус – Жердің кішірейтілген моделі. 1-слайд. Жердің сыртқы бейнесін көру үшін, адамдар оның кішірейтілген моделі – глобусты жасады. Неге ғарыштан Жер көгілдір болып көрінеді? – Су көп болғандықтан. – Жерде су көп пе, құрылық көп пе? – Су көп. – Ғарыштан түсірілген жерде көк түс көп, бұлар – мұхит, теңіз, өзен, көл, қоңыр түс – құрлықтар, ақ түс – бұлт. 2-слайд. Жер өз осінен айналады және Күнді айналады. Күнге қараған жағы – күндіз, көлеңке жағы түн болады. Педагог балаларды түнгі шам және глобус тұрған үстелге шақырады. Шам Күнді бейнелейді. Шамды жағып балаға глобусты ақырын айналдыруды сұрайды. – Глобусқа шам жарығы түскен түскен беті қандай болды? – Жарық. Бұл жердегі күндізгі уақыт. Ал жарық түспеген жағы қандай болды? – Көлеңке. Бұл жердің түнгі уақыты болады. Ойын «Күн мен Жер».

Қазақ тілі

Жақсы өнеге

Міндеті:  Тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізу

 .

Мақал-мәтелдерді жаттап ал.

Әдептілікті данадан үйрен.

«Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген – көмек.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Ойын «Сұраққа жауап бер».

– Сен әдепті баласың ба?

– Иә. Мен әдепті баламын.

– Досыңды ренжітсең, кешірім сұрайсың ба?

– Иә. Досымды ренжітсем, кешірім сұраймын.

Сауат ашу негіздері

Біз сөйлем құрай аламыз

Міндеті: Сөйлем құрау, дыбыстық талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру

Дидактикалық жаттығуы: «Сөзді аяқта» – Мен сендерге сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтамын, сендер соңғы буынды қосып, сөзді аяқтап қайтадан айтасыңдар. Мысалы: аққа...ла, ба..ла, ба..нан, бан..тик, асқа..бақ, сә..біз, домбы..ра. Әр дұрыс айтылған сөзге педагог жұлдызша беріп отырады. Ойын соңында жұлдызша саналып, жеңімпаз анықталады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз, қыс, көктем, жаз сөздерін қатыстырып, сөйлем құра. Сызбасын сыз. 2. Суреттерді ата. Буынға бөл. 3. Дыбыстық талдау жаса. Педагог тақтаға «жаз» сөзінің дыбыстық сызбасын іліп, балаларға өз орындарында дыбыстық талдау жасауға тапсырма береді. Балалар орындарында орындайды

Қоршаған орта

Қардың пайдасы

 Міндеті:. Қардың түзілуі жайлы жалпы мәлімет беру.

Жұмбақ жасырады:

Аппақ, бірақ сүт емес, Аспаннан ол түседі, Аппақ, бірақ бор емес, Даланы ақпен жабады. (Қар) – Балалар, сендерге қар жауған ұнай ма? – Қар қалай жауады? – Түйіршіктеліп, жапалақтап, қалықтап, мұздақтап т.с.с. – Біз қардың қалай түзілетіні жайлы әңгімелесеміз. Интербелсенді тақтадан қардың түзілуі жайлы бейнебаян көрсетіледі. Теңіз, мұхит, өзен, көлдегі су буланады. Бу түрінде судың ұсақ бөлшектері аспанға жоғары көтеріледі, бу салқындап, бір-бірімен қосылып, қар түйіршіктерін түзетін шағын кристалдарға айналады. Қар бүршіктері бұлттарға жиналады, олар көбейіп, толып кетеді, ауырлағанына қарай, ақырын жерге түседі. Қар түйіршіктері – кристалдар, бу бұлтқа түскен бойда олар бірден жеңіл, нәзік қар түйіршіктеріне айналады. Жерге құлаған кезде қар түйіршіктері бір-біріне жабысып, қатты аяз болмаса, үлпек қар түзеді. Жерге аппақ, жеңіл, жарқыраған қар басады. Балалар, таңертең бақшаға келе жатқанда, қардың қандай қасиеттерін байқайсыңдар? – Қарды басқанда, сықырлайды, қар жылтырайды, ұсақ бөлшектері көз қарықтырып жылтырайды, жарқырайды. – Қардың қандай түрлері болады? – Дымқыл, құрғақ, үлпілдек. – Қандай қардан аққала жақсы соғылады? – Дымқыл қардан, өйткені дымқыл қар жабысқақ, аққала соғу оңайға соғады. – Қардың көп жауғаны жақсы ма?

 Дене шынықтыру

Жаттығу – жеңіс кепілі

Міндеті:  Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау

I.«Қарда жүргіш мәшие»: бір тізбекпен жүреді.

«Орман тұрғындары» жаттығулары: тізбекпен қоян, қасқыр, түлкінің жүрістерін салып жүреді.

II.ЖДЖ ойын түрінде («орман алаңқайында жылынамыз»)

«Артымнан қайтала». Педагог жаттығуларды көрсетеді.

Балалар жаттығуларды педагогтің көрсеткеніндей орындауға тырысады. Тыныс алу гимнастикасы: «Жел».

•Қолды төмен түсіріп, аяқты алшақ қойып, мұрынмен дем алу.

•Басты солға бұрып, ерінді жиырып алдыға шығарып үрлеу.

•Басты түзу ұстап, дем алу, басты оңға бұрып, демді шығару.

•Басты түзу ұстап, мұрын арқылы дем алу, ерінді жиырып алдыға шығарып үрлеу.

•Басты төмен түсіріп, иекті кеудеге тигізу, дем шығару (қол білезіктерін айналдыру).

                                                           Қауіпсіздік сабағы      «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»

            Мақсаты: тәрбиеленушілерге төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін есте сақтауды және қажет болған жағдайда дұрыс пайдалануды үйрету                                                                

Пайдалы сілтемелер:

Сюжеттік-рольдік ойын:

Балаларды жұптарға бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екіншісі – төтенше қызмет операторының ролін ойнайды. Әртүрлі жағдайлар көрсетілген (өрт, адам құлап кетуі, көшеде біреу айқайлап жүр және т.б.) карточкаларды тарату. Қоңырау шалуға жаттықтыру. Ол үшін бала қажетті телефон нөмірін теріп, операторға ақпарат беруі керек. Төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау: Ойын түрінде төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау. Телефон нөмірлерін есте сақтау үшін ән немесе тақпақ (рифма) ойластыру.

                                                                                   4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Қысқы  әуен сыңғырлайды

 Міндеті:  - Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.  

Музыка тыңдау:

«Қыс» (А. Вивальди, үнтаспадан)

Ән айту:

«Ақша қар» (К. Қуатбаев)

«Ақша қар» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Жылдам құрастыр»

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

 Музыка

Қысқы  әуен сыңғырлайды

 Міндеті:  - Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу

 .

Музыка тыңдау:

«Қыс» (А. Вивальди, үнтаспадан)

Ән айту:

«Ақша қар» (К. Қуатбаев)

«Ақша қар» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада,

«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Жылдам құрастыр»

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

Дене шынықтыру

Ойын ойнап өсеміз

Міндеті: Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру    

 .

Бөрене үстінде төрттағандап еңбектеуге үйретуді жалғастыру, қол мен аяқты үйлестіріп қозғай білу шеберліктерін (машықтарын) дамыту. «Сілеусін» – бөренеден түсу

Бөренеден асықпай, сақтықпен түседі. Бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады. (4 рет)

Дене шынықтыру

Ойын ойнап өсеміз

Міндеті:   Түзу бағытта адымдап жүру  

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен лақтар». (3 рет)

Ойын шартын естеріне түсіреді. Қарама-қарсы жаққа тек белгіден кейін ғана жүгіреді. Залдың бір шетінде тұрады. Зал ортасында «қасқыр» тұрады.

«Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке-ақ.

Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп».

Белгіден кейін залдың екінші шетіне «лақтар» жүгіреді, «қасқыр» оларды ұстап алуға тырысады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Жаңа жыл мерекесі

Міндеті:- Жаңа жыл кешінің аса сыйлы қонағы – Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру

- Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру

- Бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану

-Бірнеше бөліктерден бейнелерді құрастырады

Серуенге дайындық

                            Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Желді бақылау

Мақсаты: желдің  бағытын  қалай, нелерарқылы анықтауға болатынды-ғын,баяу, жылдам сөздерінің  мағнасын  түсіндіру

Сұрақ:

-  Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен,

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен

- орамалдардың қозғалысынан  анықтап білуге болады.

Көркем сөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек:алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.

(Экологиялық мәдениет)

Аула сыпырушы еңбегімен танысу

Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбегі, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Бағбандардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Тақпақ:

Қолынакиіп қолғапты,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге олжол ашты.

Қимылды ойын: «Сауықшылар»(қысқы спорт ойындары.)

Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Жаңылтпаштар:

Қаңтар айы болды, күн суытты

Қалың қар жауды, боран соқты.

Жапалақтап ақ  қар  жауды

Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу

(Экологиялық мәдениет)

Мұз сүңгісін бақылау.
Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?

Ол қандай? Сәбіз сияқты

Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?

Олар қайдан пайда болады?

Осыдан қандай қортынды жасауға болады?

Көркем сөз:

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.

 Мұзафар Әлімбаев

Қимылды ойын: «»Үйсіз қалған қоян

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.

(Экологиялық мәдениет)

Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау)
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

                       Ағаш

(Экологиялық мәдениет)

Желді бақылау

Мақсаты: желдің  бағытын  қалай, нелерарқылы анықтауға болатынды-ғын,баяу, жылдам сөздерінің  мағнасын  түсіндіру

Сұрақ:

-  Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен,

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен

- орамалдардың қозғалысынан  анықтап білуге болады.

Көркем сөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек:алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.

 (Экологиялық мәдениет)

Серуеннен оралу

                              Балалар ретімен шешіну.                 Өз-өзіне қызмет ету.

 Балалармен жеке жұмыс

  Болғанбек Інжу Мұхамеджанқызы отбасы мүшелері туралы сұраққа жауап алу.

Мақсаты:

Інжуді әңгіме айтуға жетелеу.

 Қанат Бақдәулет Бақытжанұлы суреттегі заттарды атату:

 Мақсаты:  Бақдәулетке заттардың атын ататып, сөздерді анық айтуға үйрету.

 Ілескен ШахмұхаммедМадиярұлы балалардың аттарын айтқызып ойнау.

Мақсаты: Есте

сақтауын дамыту.

 Көшербай Адия Нұрланқызы Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу.

Мақсаты: Өз ойын толық жеткізіп айтуға жетелеу.

Сембек Кәусар Серікқызы Саусақ ойыны:

Саусағымда сақина

Санап көрші кәнеки

1,2,3 Бір, екі үш

Демалайық жинап күш.

 Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

«Лото» дидактикалық ойыны

Мақсаты: үлгі бойынша бірдей пәндерді тауып, оларды айту

«Болады-болмайды» доп ойыны

Мақсаты: есте сақтау, ойлау, реакция жылдамдығын дамыту

«Сол формадағы затты тап» дидактикалық ойыны

Мақсаты: пәндер формасы туралы түсінікті нақтылау

«Маймылдар» ойыны

Мақсаты: шеңбер бойымен жүруге жаттығу, қозғалыстарды мәтінмен үйлестіру

«Ұқсас - ұқсас емес» дидактикалық ойыны

Мақсаты: заттарды салыстыруға үйрету; олардан айырмашылықтың белгілерін табу; ұқсастық, сипаттама бойынша заттарды тану

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
 Өнегелі 15 минут

Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта    09 - 10  қаңтар  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие» «Заң және тәртіп»   «Апта дәйексөздері»- «Талап бар жерде тәртіп бар»

Күн тәртібі

Дүйсенбі  

Сейсенбі

Сәрсенбі 

Бейсенбі  09.01

Жұма   10.01

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Схема бойынша салу» құрылыс материалымен ойындар

Мақсаты: балаларды схемаға қарап отырып, қарапайым құрылысты тұрғызуға үйрету

«Не жоғалды?» ойыны

Мақсаты: зейінді, есте сақтауды дамыту

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 9

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 «Мамандықтың  бәрі  жақсы»

Мақсаты:  балалар әр  түрлі  мамандық иелерін біледі.

 «Бұны қай кезде киеді?»

Мақсаты:  әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Көркем әдебиет

 Бірлік

 Міндеті: - Кейіпкердің әрекетіне өз пікірін білдіруге жетелеу. Сөздік қорын байыту. Достыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Педагог жұмбақ жасырады. Аппақ, аппақ, ақ мамық, Жерде жатыр тапталып. (Қар) – Қар жылдың қай мезгілінде жауады? Бүгін ауа райы қандай? – Қыста күн суық, ызғарлы болады. Қар жауғанда балабақшаның ауласын қардан тазартады. Барлық жерде көшелерді де, айналаны да тазартып жатады. – Бүгін біз еңбекқор, бірлігі жарасқан балалар туралы Ермек Өтетілеуұлының «Бірлік» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру   Сөздік жұмысы: қора – мал тұратын, құрал-саймандар қоятын орын, жай күрек – жер қазатын, қар тазалайтын құрал аула – үйдің, балабақшаның алды Сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Авторы кім? – Данияр қолына не алды? Нені тазалауға кірісті? – Даниярға кім көмектесті? Екеуі кімнің үйінің алдына барды? – Олардың жанына тағы кімдер көмекке келді? Олар қалай қуанды? – Даниярдың жасаған еңбегін қалай бағалайсың? Әңгіме қалай аяқталды? – Балалар, тек ойнай бермей, бір мезгіл еңбек ету қандай тамаша! 

Сөйлеуді дамыту

«Ақсақ құлан» аңызы

Міндеті: -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

-Балалар, құлан – жылқы тектес жануар.

–Сендер жылқыны білесіңдер ме?

Құланың да, жылқы сияқты, жалы бар, бірақ ол – жабайы жануар. Ертеде аң сияқты, құланды да аулап етін жеген.

–Мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын оқып берейін.  Аңыз – бұл түп нұсқасы болған оқиға. Ауыздан-ауызға ұмытылмай жеткен оқиғаны аңыз деп айтамыз. Қазір мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын мәнерлеп оқып беремін.

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
 .Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті: Сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту   .

Буындармен жаттығулар. Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен) – Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла). Ойынды өзгертуге болады. Дидактикалық ойын: «Бір буыннан басталатын бірнеше сөз». Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға жұлдызша беріліп отырады. Мысалы: (те-) те-(геш), те-(рек), те-(мір), те-(сік), те-(тік), көр-(пе), (ор-) ор-(та), ор-(ман), о-(рақ), (өр-) өр-(мек), өр-(кеш), өр, -(ле), өр -(мек-ші), өр(т), (да-) да-(мыл-да), да-(был), да-(қыл), да-(уыс), Да-(риға), Да-(рия). Ойын: «Кәне, тауып көр» – Балалар, мен сендерге сөз, буын, дыбыс айтамын, сендер алдарыңдағы сызбадан мен не айтсам, соны дыбыс па, сөз ба, буын ба анықтап, сызбасын көтересіңдер. Педагог алдын ала балаларға дыбыс, сөз, буын сызбаларының үлгілері сызылған карточкалар таратып береді. Мысалы: [р], -ба-, аққала, ар-, ос-, қа-, [е], [т], [к], та-, ен-, ар-, алма, сабақ, жаңа, дә-, мы-, мон-, [г].

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»« Бозінген» күйі

  • Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Бозінген

Қаңтар

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

 Қоршаған ортамен таныстыру

 Тұрмыстық техника. Оның қажеттілігі

Міндеті: Тұрмыстық техникалардың түрі және оның қажеттілігін түсіндіру.   

Балалар біз қазір өз үйіміздегі заттарды атаймыз. Асүйден бастайық. Асүйлеріңде қандай заттар бар? – Газплитасы, ыдыс-аяққа арналған сөрелер, үстел, орындық, тоңазытқыш. – Қонақ бөлмеде қандай заттар бар? – Диван, кресло, теледидар. – Балалар, біз бұл заттарды қалай топтастырар едік? Балалар әр затты атап, олардың жалпы атауын табады: а) үй жиһаздары: сөрелер, үстел, орындық, диван, кресло; ә) электр бұйымдары, тұрмыстық техника: тоңазытқыш, газплитасы, теледидар. Интербелсенді тақтадан суреттер шығады. – Тұрмыстық техникаға не жатады? – Тоңазытқыш, кір жуатын мәшине, газплитасы, компьютер, үтік, теледидар, қысқа толқынды пеш. – Балалар, бұл заттарды адамдар не үшін ойлап тапты? – Қол еңбегін жеңілдету үшін. – Адамдар қол еңбегін жеңілдету үшін, тұрмыстық техниканы ойлап тапты. Ғалымдар қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап табуда. – Газплитасы не үшін қажет? – Тамақ пісіру үшін. – Газплитасы немен жанады? – Газ және электр плитасымен. –Тамақты газ және электр тогымен пісірген жеңіл ме, әлде пешке от жағып пісірген жеңіл ме? – Газ және электр плитасында. – Балалар, адамдар уақытын үнемдеу үшін, еңбекті жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты. Тұрмыстық техника электр тогымен жұмыс істейді.

Дене тәрбиесі

Аңшылар

Міндеті: -Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою 

 I.«Құмырсқалар соқпақпен келеді».

 Шеңбер бойымен тізбектеле бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 

Бір тізбекпен жүру, орташа қарқынмен жүгіру. «Артқа бұрыл!»  бұйрығы бойынша бағыттарын өзгертіп жүгіреді. Тізбектен шықпай қозғалыста қимылдарын үйлестіріп жүруге, жүгіруге тырысады. 

Заттар арасымен (томаршалар) және заттарды аттап жүру және жүгіру.

                                                                                              Қауіпсіздік сабағы : «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»

              Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, терезелердің жанында өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету.

 Терезелералдындағықауіптер: Педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз мүмкін», «Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіруге болмайды». Терезе маңындағы тәртіп ережелері: 1-ереже. Ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз.Түсіндіру: «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз».2-ереже. Терезе үстінде/алдында ойнамаңыз. Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлапқалуыңыз мүмкін». 3-ереже. Ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. Түсіндіру: «Терезені ашпас бұрын үлкендерден рұқсат сұраңыз». 4-ереже. Егерсіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге айтыңыз. Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу ересектерге айтыңыз». «Қауіпсіз терезелер» бейнеролигін көрсету Бейнероликті талқылау және «Терезенің жанында не істеуге болмайды» ойынын ойнау: Тәрбиеші әртүрлі әрекеттерді атайды (мысалы, «Ашық терезеге бару», «Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеуге болатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!» деп себебін түсіндіреді.

 Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

Аңшылар

Міндеті: -Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою 

 I.«Құмырсқалар соқпақпен келеді».

 Шеңбер бойымен тізбектеле бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 

Бір тізбекпен жүру, орташа қарқынмен жүгіру. «Артқа бұрыл!»  бұйрығы бойынша бағыттарын өзгертіп жүгіреді. Тізбектен шықпай қозғалыста қимылдарын үйлестіріп жүруге, жүгіруге тырысады. 

Заттар арасымен (томаршалар) және заттарды аттап жүру және жүгіру.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Мерекелік дастарқан

Міндеті:  - Балаларды         қазақтың қонақжайлылығымен таныстыру

- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру

- Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру

Мақсаты:- мерекелік дастархан суретінсалу,

Мүсіндеу

Жапсыру,

Құрастыруды үйрету

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі  кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне  жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден  күзден қалған  жапырақтарды  байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.

Жеке жұмыс

Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас    (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз  және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы  ойын:  «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қоян мен аңшы».            

Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Қарды бақылау

Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына  қараңдаршы, олар әр түрлі  пішінде біреуі үлкен  кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге  терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар.

Жеке жұмыс

Жұмбақ: Жылт-жылт етеді,

Ұстасақ еріп кетеді.         (қар)

Болжам: көп қар- көп нан.

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». 

Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Алтай Асылымға

Қолғаптар мен шұлықтардың сыңарын табуға   үйрету.

Ойын: «Сыңарын тап»

Қанат Бақдәулетке қыс мезгілінің белгілерін ажыратуға үйрету. Д/ойын:"Қыс белгілерін ажыратамыз"

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Қимыл-қозғалыс ойыны:

«Бақа мен тырна»

Мақсаты: Қозмалмалы ойындар мен жаттығулардың алғашқы түсініктері мен дағдыларын қалыптастыру. Балаларды достық қарым -қатынасқа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Көркем әдебиет

«Шынығамыз»

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Дене шынықтыру

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   11-апта    13 - 17  қаңтар  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»  «Заң және тәртіп»     «Апта дәйексөздері»- «Тәртіп - тәрбие бастауы»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   13.01

Сейсенбі    14.01

Сәрсенбі    15.01

Бейсенбі  16.01

Жұма   17.01

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Мүсін» ойыны

Мақсаты: қимылды үйлестіруді, есту қабілетін, физикалық қасиетін, ережелерге сәйкес ойнау қабілетін дамыту

«Бәрі қалай аяқталды?» ойыны

Мақсаты: есте сақтау қабілетін, ақыл-ой қабілетін дамыту; баланың сөздік қорын толықтыру

«Не жоғалды?» ойыны

Мақсаты: зейінді, есте сақтауды дамыту

«Балалардың тәртібі қатаң» ойыны

Мақсаты: сигнал бойынша әрекет ету қабілетін, физикалық қасиеттерін дамыту

«Балалардың тәртібі қатаң» ойыны

Мақсаты: сигнал бойынша әрекет ету қабілетін, физикалық қасиеттерін дамыту

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 9

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Төртінші артық» дидактикалық ойыны

Мақсаты: артық затты (азық-түлік) табуға үйрету және себебін түсіндіру

 «Ұннан жасалған тағамды ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты: нан-тоқаш өнімдері туралы білімдерін бекіту; нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеу

«Табиғат және адам» дидактикалық ойыны

Мақсаты: адам жасаған және табиғат адамға не беретіні туралы білімді жүйелеу: балық, ет, көкөніс, жеміс, жидек, тұқым, жаңғақ

Жаңылтпаш

«Сіз бізді іздемеңіз ана:

Біз қымыздықты қырыққабат сорпасына қосамыз»

Мақсаты: барлық дыбысты айту арқылы жаңылтпашты анық айтуға үйрету

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

  Заттармен әрекет

Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату

Педагог «Орнатайық тәртіпті!» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Жұптасқан балалар пішіні, түсі және өлшемі бойынша әртүрлі ағаш жапырақтары бар кесінді карточкалар жинағын алады. Балалардан құралған әр жұп жапырақтарды өз ерекшеліктеріне қарай орналастырады: пішіні бойынша, біреу түсі бойынша, біреу өлшемі бойынша. Соңында әр жұп өз таңдауын айтып түсіндіреді. Педагог балалардан заттардың әр тобы қандай негізде жиналғанын атауды сұрайды. Балалар жауап береді: бұл қызыл заттар жиынтық тобы (дөңгелек заттар, үлкен заттар және т.б.). Педагог заттарды қайта санауды сұрайды. Содан кейін педагог жұптардың бірінен өз тобындағы заттардың санын айтуды сұрайды (мысалы, 5). Қалған топтар санды салыстырады және заттары артық, кем немесе тең екенін айтады. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Заттарды түсі бойынша сана. Сонша таяқшалардың суретін сал. Балалар заттардың санын түсі бойынша анықтайды, сонша таяқшалардың суретін салады. Түсініктеме береді: бес көк зат және т. б. 2-тапсырма. Көк және жасыл түсті заттардың барлығы қанша? Сана. Қызғылт және сарғыш түстердің барлығы қанша? Тиісті цифрды қоршап сыз.

Математика негіздері

  Заттармен әрекет

Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату  

– Біз көгөністерді сатып алуға келдік, деп ойлаңыз. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа көгөністер жиынтығын таратады. Тапсырма орындауды ұсынады. – Алдымен себетке қызанақ жина. Біз қызынақтың 4-еуін сатып аламыз (карточканы көрсетеді). Ал енді – қияр. Біз 3 қияр сатып аламыз (карточканы көрсетеді). Енді себеттегі барлық көгөністерді сана. Қанша көгөніс сатып алдық? Қайта сана және сұраққа жауап бер (7). Содан кейін ойын мынадай әңгімемен жалғасады. Себетте қанша көгөніс бар? (7). Педагог кез келген 2 көгөністі алып, үстелге қояды. Қанша көгөніс қалды? (Қайта сана, 5 көгөніс). Себетте немесе үстелде? Қай жерде көгөніс көп?

1-тапсырма. Себетте әр түрінен қанша жидек бар? Сана. Барлығы қанша? Сонша нүктенің суретін сал. Алдыңғы тапсырмаларға ұқсас етіп орындайды. Балалар тапсырманың орындалуын түсіндіреді. Себетте әр түрінен қанша жидек бар? Сана. Барлығы қанша? Сонша нүкте салуларын ұсынады.

Математика негіздері

 Артық, кем, тең

Міндеті: -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру     

1-тапсырма. Санын ата. Сонша нүктенің суретін сал. Педагог: – Гүлді сол жақ жоғарғы суретке салу үшін мозайканың қанша түрлі түсті бөлшектері қажет болды? (8). – Оң жақ төменгі суретте қанша мозайка бөлшектері бар? (8). – Осы екі суретті сызықпен қос. Олардағы мозайка бөлшектерінің саны туралы не айтасың? (Тең сан). – Сол жақтағы екінші қатардағы суреттегі пазлдарды сана. Олардың саны қанша? (7). – Пазлдардан құралған тағы сурет бар ма? Онда қанша бөлік бар? (4). Оларды тең деп айта аласың ба? (Жоқ)

Лего конструкторының бөлшектерінің саны пазлдар санымен бірдей болып тұрған суреттерді тап. Балалар тапсырманы орындайды, сандарды салыстырады.

Көркем әдебиет

 Алтын балта

 Міндеті: - Кейіпкердің іс-әрекетіне өз пікірін айта білуге үйрету. Сөздік қорын жетілдіру. Әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу  

Ғажайып жағдаят – Балалар, мен сиқырлы сандық алып келдім. Оның ішінде не бар екен, көрейік. Педагог қорапшаның ішінен балтаның суретін алып шығады. – Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Балта) – Ол не үшін керек? Мұндай затты көргендерің бар ма? – Балалар, бүгін «Алтын балта» орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып, мазмұнын ашу   Сөздік жұмысы: диірмен – дәнді дақылдарды ұнға айналдыратын орын балта – ағаш кесетін құрал Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Балта не үшін қажет? – Кедей қайда барды? Балта қайда түсіп кетті? – Судан балтаны алуға кім көмектесті? Диірменші қандай балталар ұсынды? – Диірменші неліктен кедейге алтын балтаны берді? Бай не істеді? – Ертегі қалай аяқталды? Балта сөзіне сөйлем құра.

Сөйлеуді дамыту

Біз де ойнаймыз

Міндеті: Балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға баулу

Дидактикалық ойын: «Берілген дыбысқа сөзді ата».

Ойын шарты: Ойынды педагог бастап, бір сөзді айтады, сол сөз қандай дыбыспен аяқталса, ойынды жалғастырушы бала сол дыбыстан басталатын жаңа сөз айтуы тиіс. Ойын осылай жалғасын табады

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Менің пәтерім (үйім)

Міндеті: Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру,

Сурет бойынша жұмыс. – Мынау – пәтер. Мынау не? – Мынау – пәтер (жеке-жеке жауап береді). – Пәтерде (үйде) бөлмелер бар. Мынау – бөлме. – Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме бар? Бөлмелерді санайды. Суреттер арқылы әр бөлме (балалар бөлмесі, дәліз, асүй ) қалай аталатынын айтады. Ондағы таныс заттарды естеріне түсірту. – Мынау – дәліз. Дә-ліз. Дәліз үлкен. Дәлізде шкаф тұр. Шкафта нелер болады? (Киім). – Мынау – балалар бөлмесі. Балалар бөлмесінде нелер бар? (Ойыншықтар, кітаптар). – Мынау қандай бөлме? – Мынау – асүй. Мынау – ... – Асүйде нелер бар? (Орындықтар, үстел, ыдыс ...)

 Көркем әдебиет

Бексұлтанның Айға саяхаты

Міндеті: - Сурет бойынша әңгіме құрауға жетелеу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Қоршаған ортаны тани білуге тәрбиелеу

Педагог жұмбақ жасырады. Құрама темір, Қолғабысы көп ғұлама темір. (Робот)

– Робот қандай болады? Қимылын көрсетейік. – Түнгі аспанда не болады? – Бүгін біз Бағдат Мәжитовтың «Бексұлтанның Айға саяхаты» деген қызықты әңгімесімен танысамыз. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып береді   Сөздік жұмысы: ғарыш – аспан әлемі ғарышкеме – ғарыш көлігі скафандр – ғарышкердің киімі Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Апасы Бексұлтанға қандай ойыншық сыйлады? – Бексұлтан досы екеуі сиқырлы роботпен қайда барды? Бастарына не киді? – Ғарышта ауа райы қандай болады? Олар Айда кімнің ізін көрді? Тіл ұстарту жаттығуы: Ға-ға-ға – біз ұштық Айға.

Сөйлеуді дамыту

«Ақсақ құлан» аңызы

Міндеті: -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

-Балалар, құлан – жылқы тектес жануар.

–Сендер жылқыны білесіңдер ме?

Құланың да, жылқы сияқты, жалы бар, бірақ ол – жабайы жануар. Ертеде аң сияқты, құланды да аулап етін жеген.

–Мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын оқып берейін.  Аңыз – бұл түп нұсқасы болған оқиға. Ауыздан-ауызға ұмытылмай жеткен оқиғаны аңыз деп айтамыз. Қазір мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын мәнерлеп оқып беремін.

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті: Төрт дыбысты сөзге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру.

Дидактикалық жаттығуы: «Белгі бер» Педагог балаларға (д) дыбысын басқа дыбыстармен араластырып айтады, балалар (д) дыбысын естігенде, қол шапалақтап, дыбыс берулері керек. [А, Б, Д, Т, Р, Б, Л, Д, Ш, Г, Д, Б, К, Д У, Д, С, Д, Ч, Б, Д, Я, Ы, Ф, Д, Б, З, Д, Й, Д, Ц, Д, Б.] Сол сияқты басқа да дыбыстармен ойнатса болады. Дидактикалық жаттығу: «Кім зейінді?» –Балалар, естіген дыбыстарыңа байланысты буын немесе сөз құрастыр. Мысалы: « а-, -,-ц-,-у-,-к-,-е-,-н-,-г-,-ш-,-щ-,-з-,-х-,-ф-,-ы-,-в-,-а-,-п-,-р-,-о-,-л-,-д-,-ж т.б.

Дыбыстық талдау жаса. – Балалар, біз «шашу» сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Педагог тақтады дыбыстық талдау жасау үшін бір балаланы тақтаға шақырады. Қалғандары орындарында тапсырманы орындайды. Тақтадағы дыбыстық талдаумен дәптердегі жұмыстарын тексереді. Шашу сөзінде неше буын, неше дыбыс бар екен алдымен соны анықтап аламыз. Педагог сызбадағы әр дыбыстың орнын көрсете отырып сөзді оқиды. Шашу сөзінде екі дауысты дыбыс бар сондықтанда екі буынға бөлінеді. Шашу сөзінде 2 буын, 4 дыбыс ба

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті: Сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту.

Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша» Педагог қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді. Дидактикалық ойын: «Бірінші дыбысты қайтала»(доппен). Педагог бірінші дыбысын аныығырақ етіп, қандай да бір сөзді айтып, допты балаларға лақтырады, балалар бірінші дыбысты қайталап допты, педагогке кері лақтырады. (Ойынға барлық бала қатысады.) Мысалы: рррадио(р), уууылдырық(у), ааалма(а), қққасқыр(қ), мммақта(м), қққияр(қ), сссағат(с), қққыс(қ), ааалжапқыш(а), тттышқан(т) т.б Дидактикалық жаттығу: «Дауысты дыбысты тап» – Балалар, мен сендерге сөздерді айтамын, сендер дауысты дыбыстан басталған сөзді естісеңдер, бір рет шапалақ ұрыңдар. Мысалы: гүл, жүзім, алма, қатық, апорт, от, пима, Ұлбала, қайшы, ұл, ыдыс, т.б.

Дыбыстық талдау жаса

Торт сөзіне дыбыстық талдау жасатады. Торт –1 буын, 4 дыбыс

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»« Шалқыма» күйі

  • Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Шалқыма

Қаңтар

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен таныстыру

Әдептілік-әдемілік 

Міндеті: Балаларды әдептілік ережелерімен таныстыру.  

 Әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?  

Әдепті баланың қандай қасиеттері болу керек? –Ұқыпты, тілалғыш, қайырымды, еңбекқор, адал, мейірімді, сыпайы. – Әдепті бала барлық адамдармен амандасып жүреді. Ата-анасының айтқанын орындайды. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді. «Әдепті бала[1]арлы бала» ойыны. Екі командаға бөлініп, жарысамыз.

Слайд. «Мен әдепті баламын» Суретке қарап, әңгіме құрайды. Суреттерде қарияға жол беріп, амандасып жатқан бала суреті, анасына көмектесіп, ыдыс жуып жатқан қыз суреті. 1-әңгіме: Асқар асығып келе жатқанда, алдынан көрші ата шықты. Асқар атаға «Ассаламағалейкүм», – деп амандасып, жол берді. Ата амандасып, Асқарға ризашылығын білдірді. 2-әңгіме: Көркемнің анасы ас пісірді. Бәрі тамақтанып болған соң, ол анасына ыдыстарды жууға көмектесті. (Жауаптар бағаланып, дұрыс әңгіме құраған балалар тобының қорапшасына жұлдызшалар салынады). 1-слайд. «Көріністі сахнала». 1-суретте: автобустағы апаға орын ұсынып тұрған қыз бала суреті. 2-суретте: добын алысқа домалатып алып, ала алмай жылап тұрған бала суреті. Балалар көріністі қайталап, қандай сөздер айту керектігін ұмытпау керек (сәлеметсіз бе апа, отырыңыз, жылама балақай, мен қазыр добыңды алып беремін).

Қазақ тілі

Менің бөлмем

Міндеті: Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру

Суретпен жұмыс.

– Мынау – балалар бөлмесі. Мынау қандай бөлме? – Мынау – балалар бөлмесі. Бірнеше бала жауап береді

Бөлмеде нелер бар? Бөлмедегі заттарды атап, көрсетеді. Бөлмеде кілем, кереует, үстел, орындық бар. Бөлмеде ойыншықтар бар. – Бөлме қандай? (әдемі, жарық) – Терезеде перде бар. Перде әдемі. – Мынау не? (Перде сөзін жеке, хормен қайталайды). – Бөлмеде шам бар. Мынау шам. Шам үстелдің үстінде тұр. – Шам қайда тұр? – Бөлмеде кітаптар бар. Кі-тап-тар. – Сенің бөлмең бар ма? Бөлмеңде не бар? Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды, жеке-жеке жауап береді. Сәуле өзінің бөлмесі туралы айтады: Менің бөлмем үлкен, жарық, таза. Бөлмемде кереует, үстел, орындық бар. Ойыншықтар бар. Мен бөлмемде ойнаймын. Ойыншықты жинаймын. Балалар үлгі бойынша мәтін құрайды.

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті:  Сөздерге дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын бекіту

Дидактикалық жаттығу: «Берілген дыбысқа сөз ойла» Дұрыс жауапқа педагог жұлдызша таратады. 1-тапсырма Педагог балаларға «л» дыбысынан басталатын сөздер айтуға тапсырма береді. Мысалы: лақ, лақтыр, лағыл, лимон, лайк. 2-тапсырма Педагог балаларға «м» дыбысынан басталатын сөздер айтуға тапсырма береді. Мысалы: маймыл, манты, мақта, махаббат, мал, ми, мысық, мылтық, мықты, маржан, Меруерт, минут, мейіз.

Дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға орындарында дәптерде таға сөзіне дыбыстық талдау жасауға, буынға бөлуге тапсырма береді. Бір баланы тақтада жұмыс жасауға шақырады. Педагог суретті сызбаны тақтаға іледі. – Балалар, алдымен таға сөзін анықтап айтайық. Сөзде неше буын бар? Неше дыбыстан тұрады? Таға сөзінде 2 буын, 4 дыбыс. Сөзді қолды шапалақтап, буынға бөледі.

 Қоршаған ортамен таныстыру

 Су – тіршілік көзі

Міндеті:  Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін естеріне түсіру және судың қасиеттерімен таныстыру. 

 Педагог балаларды ортаға жинап, айналадағы дыбыстарды тыңдауды ұсынады, судың сылдырлап аққаны, жаңбырдың тысырлап жауғаны, толқынның жағаға ұрған дыбыстары алдын ала жазылған үнтаспадан шығады. Балалар дыбыс шығу аймақтары – өзен, жаңбыр, теңіз екенін тауып, олардың ортақ атауы «су» екенін айтады. – Табиғатта су қай жерлерде болады? (Балалардың жауаптары: өзен, көл, тоған, теңіз, бұлақ, жаңбыр түрінде, қазылған құдықта т.с.с) – Бұлтта су бола ма? (Балалардың жауаптары тыңдалады). – Ерте заманнан адамдар өмір сүруге ыңғайлы жер таңдағанда, сулы аймақтарға: өзен, көл, теңіз жағалауына жақын орналасуға тырысқан. «Су – тіршілік көзі» ойыны

Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз? – Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз. – Судың қасиеттерін еске түсірейік: Су мөлдір. Судың дәмі жоқ. Судың иісі жоқ. Судың пішіні жоқ. Су еріткіш. Суреттерді пайдалана отырып, балаларды мəселені зерттеу үдерісіне бағыттайды: суреттерді қарап шығып, сұрақтарға жауап береді. Талқылауға Көлтауысар да қатысады. Балалар судың неліктен «тіршілік көзі» деп аталатынын түсіндіреді. Сусыз адам, жануар және өсімдіктер тіршілік ете алмайтынын еске түсіреді. №1 тәжірибе. «Бу – бұл су». Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады. Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады. Будың су екендігіне көздерін жеткізеді.

Дене тәрбиесі

 Көшбасшы бол

Міндеті: - Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру

«Тауға өрмелеп шығу».

Гимнастикалық қабырғада әртүрлі тәсілмен өрмелеуге жаттықтыру. Қауіпсіздік техникасын сақтайды. Гимнастикалық қабырғаға жақындап келеді, әртүрлі тәсілмен өрмелейді. Қол мен аяқты үйлесімді түрде қозғауға тырысады. Ең жоғарғы тепкішекке дейін шығып, ең төменгі тепкішекке дейін түседі. 

Тепе-теңдік – жерде созылып жатқан арқан үстімен басқа зат қойып, тепе-теңдік сақтап жүруге жаттықтыру.

«Құмырсқаға үй тұрғызу»: поролон кірпіштерді  қалап, үй тұрғызады. 

                                                                                              Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

                               Мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.

Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу. Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз». 

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

«Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Музыка

 Қыс қызығы

Міндеті: Балаларға «Қаражорға» биін билету

Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту: 

«Қыс қызығы»  (И. Нүсіпбаев)

«Ақша қар»  (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі»   (Е. Тиличеева)

Билер: «Қара жорға»

(«Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:  «Төмен және жоғары дыбыстар»

ойыны

Музыкалық аспапта  ойнау: 

«Полька» (А. Филиппенко)

Музыка

Бұл қай кезде болады?

Міндеті: Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару 

Музыка тыңдау:  «Қыс» 

(Б. Ерзакович)

Ән айту: «Зырлайды шанамыз»

( М. Маңғытаев)

«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Испан биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан)  Ойындар, хороводтар: 

«Кешікпе» орыстың х.ә.  

(өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта  ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

Дене тәрбиесі

 Көшбасшы бол

Міндеті: - Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу

«Көңілді шарлардың» тапсырмасын балаларға айтады. 

Бір тізбекте жүреді, жүгіреді. Көңілді шар көрсеткен тапсырманы орындайды: жүгіріп келе жатып тоқтайды, бағыттарын өзгертіп жүгіреді. 

II. ЖДЖ-ны текшемен орындайды (№2):

Негізгі қимыл-қозғалыстарды топ болып орындайды № 2 сурет.

Шұңқырға секіру: 30 см биік заттың үстінен белгіленген жерге дәл секіріп түсулерін бекіту (6 рет). Тепе-теңдіктерін сақтап, дене бітімдерін түзу ұстауларын қадағалау.  Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. 30 см биік заттың үстінен белгіленген жерге дәл секіреді. Шеңбер ішіне аяқтың ұшымен түседі. Қолдарын еденге тигізбеуге тырысады

Дене тәрбиесі

 Спортпен шұғылданамыз

Міндеті: - Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею

Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан  екінші сатысына  диагональ бойынша адымдап өтуге, өрмелеуге және түсуге үйрету,  қол мен аяқты үйлестіріп қозғау шеберліктерін

(машықтарын) жетілдіру (тіркемелі адыммен адымдау, саты тепкішектерін қолмен ұстап).  

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

 Қыстағы жапырақсыз қайың ағашы

Міндеті:  - Балалардың қайың ағашы туралы білімдерін арттыру 

- - Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу

-- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің   беру

-- Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Судың  қатқанын бақылау

Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру.

Тәрбиеші қатқақ суға  балалардың  назарын аударады. Олар қайдан пайда болды?

 Болжамдар: желтоқсанда қар көп болса- сол  жылы  егін мол болады.

Жеке жұмыс

Тақпақ:

Қар жатыр аппақ

Ойнауға жақсы-ақ

Осындай шақта

Кім үйде жатпақ?

Жұмбақ:Қолы жоқ сурет салады,

Аузы жоқ тістеп алады.               (Аяз)

Қозғалмалы ойын: «Кімдікі алыс».

Мақсаты: Икемділігін, күшін дамыту.

 Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Тоғайларды бақылау

Мақсаты: Қыстағы өсімдіктердің тіршілігін, келбетін бақылауға, сипаттауға үйрету. Ағаштардың айырмашылығын, ұқсастықтарын ажырата білуге, көлеңкесіне қарап тоғайларды ажыратуды  үйрету;

Тоғайлар мен бұтарларға қараңдаршы. Ең әдемі тоғай немесе бұтаны тауып, оны сипаттайық. Қыста тоғайлар тыныштық күйде болады, яғни ұйықтайды. Тоғайдың түбіне, бұтақтарына, құрылысына, түсіне  қарап, бақылау жүргізу.

Болжам:  қар ағашқа жабысса – жылы болады.

Жеке жұмыс

Мақал- мәтел:  «Бір тал  кессең – он тал ек»

Тақпақ:

Қазақ жері –сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.

Қозғалмалы ойындар:  «Қояндар мен аю»

Еңбек: Тоғайларды қармен жабу.

Ағаштар мен бұтақтарды бақылау

Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету.

Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні  ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы  көруге болатындығы туралы түсінік беру.

Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер.

Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік  мол болады.

Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады.

Жеке жұмыс

Тақпақ: «Қарағай»

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады

Көп қарағай,қарағай

Мейірбанды анадай.

Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар»

Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды  үйіп жинау

Қар үстіндегі іздерді бақылау

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.

Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?

Тақпақ:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті – басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.          (Абай)

Мақал: Жемберсең қыста құсқа- сауабы тиер оның жазда.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.

Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.

Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу

 Ағаштар мен бұтақтарды бақылау

Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету.

Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні  ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы  көруге болатындығы туралы түсінік беру.

Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер.

Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік  мол болады.

Жеке жұмыс

Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады.

Тақпақ: «Қарағай»

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көлеңкесін тосады

Көп қарағай,қарағай

Мейірбанды анадай.

Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар»

Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды  үйіп жинау

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Тыныс алу жаттығулары

Өзденбай Балым

"Түлкіні тап" ойыны.

Мақсат-міндеттер: тыныс алу жолдарын ретке келтіру және қалыптастыру.

 (дене шынықтыру)

Қанат Бақдәулет

Баламен еркін таңдалған, кез келген ертегінің кейіпкерлері, мазмұны жайлы әңгімелесу.

(көркем әдебиет)

"Шеберхана" үстел үсті ойыны.

Алтай Асылым

Балалар "шеберхана" сюжетті-рөлдік ойынын ұйымдастырып, етік түрлерін жасап көрсетеді. Педагог дайын етік түрлерін және ою түрлерін таратады.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

Дидактикалық ойын.

Шахмұханбекке

«Қасқырдан құтқар».

Мақсат-міндеттер: тіл байлықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

«Түрлі-түсті гүл шоғы».

Ыдырысбек Кенесары

Мақсат-міндеттер. Балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру.

Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін, көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Дербес ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Танымдық-қимылды ойын:

«Аңдар жүрісі»

Мақсаты: Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады.

Суреттік боямалар

«Кім, қайда өмір сүреді»

Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан-жануарлардың мекендерімен таныса алады.

 «Қолғап»

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттары туралы білімдерін кеңейту. Ою-өрнекті қолдана отырып қолғапты сәндеуге үйрету.

Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дербес ойын «Мозайка»

Мақсаты:Балалар мазайканың ұсақ бөліктерін орналастыра алады.

Құрастыру

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

.
 
Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

                                                               Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта    20 - 24  қаңтар  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»   «Заң және тәртіп»   « Апта дәйексөздері»- «Әділ заң - аспан тірегі»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   20.01

Сейсенбі    21.01

Сәрсенбі    22.01

Бейсенбі  23.01

Жұма   24.01

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 Қимылды ойын «Ұшты-ұшты»   Мақсаты: Балаларға әуеде ұшатын заттарды ажырата алуға үйрету.  

Сюжеттік ойын       «Мен дәрігер боламын» Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.                                

Үстел-үсті ойын       «Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады   

Сюжеттік ойын «Шаштараз» Мақсаты:Балалар ойын арқылы шаш қиюшының еңбегін түсінеді.                       

Дидактикалық ойын «Сандар тізбегі»                               Мақсаты: Сандарды тура және кері санай білуге үйрету                   

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 10

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Д/ойын:«Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д\ойын«Бұл қай кезде болады»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет

Д/ойын:« Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Қажетті құралдар:

Цифрлар бала санына

Д/ойын:«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

текше

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

   Артық, кем, тең

Міндеті:  -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру    

1-тапсырма. Суреттерге қара. Алманы әр себетпен сызып қос. Салыстыр. Қайсысы артық? Қайсысы кем? – Суреттерді қара, біз мерекелік дастарқан жаямыз. – Себетке бір-бірден алма сал. Алманы әр себетке қос. – Салыстыр. – Қайсысы артық? Қайсысы кем? (Себеттерге қарағанда алма кем.) – Басқаша қалай айтуға болады? (Себеттер алмалардан артық.) Алмұртты әр тәрелкемен сызып қос. Қорытынды жаса. – Не артық? Не кем? Балалар алмұрт пен табақтарды бірдей – тең деп шығарады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Шыршаны безендір» ойын жаттығуы (№32 парақ). Педагог қиылған шырша ойыншықтары мен шырша суреттерін таратады. Әр топ өз шыршасын безендіреді. Педагог екі түсті 3 шырша шарын таңдауды ұсынады. Балалар шыршаларды безендіреді. Барлық ойыншықтарды санайды. Әрі қарай, педагог басқа түсті тағы 2 ойыншық қосуды ұсынады. Балалар ойыншықты қайтадан санайды

Математика негіздері

  Артық, кем, тең

Міндеті: -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру  

 Алдыңғы ұйымдастырылған іс[1]әрекетіндегі тапсырмаға ұқсас, қыздар мен ұлдардың саны салыстырылады. Содан кейін педагог қонақтарға мандариндерден (сары шеңберлер) дәм татуды ұсынады. Балалар шеңберлерді балалардың суретінің жанына орналастырады. Олардың саны салыстырылады. Қорытынды жасалады. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретте қанша ұл, қыз, үстел және орындық бейнеленгенін сана. Шаршыға сонша нүкте сал. Қыздар көп пе, әлде ұлдар көп пе? Үстел көп пе, әлде орындық көп пе? «Олар да сонша» ойын жаттығуы. Педагог балаларға шырша шарларының кесінді суреттерін таратады (№32 парақ). 2-ден 10-ға дейінгі цифрлары бар карточканы көрсетеді, түсін айтады және осы түстегі тағы басқа шарларды шығарып қоюды сұрайды. Содан кейін аз мөлшерде басқа түсті шарларды. Осыдан кейін ол шарларды тең қылып қоюды сұрайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардан шарлардың тең санын қалай алғандығын айтуды сұрайды.

Математика негіздері

 Заттар тобын санау және салыстыру 

Міндеті: Топтарда заттардың тең және тең емес санын анықтау  

«Сонша жина» дидактикалық ойыны. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен 3 топқа бөлінеді. Әр топтың үстелінде біртекті заттар жиынтығы бар (текшелер, «Лего» бөлшектері, геометриялық фигуралар, бұршақ, киімқыстырғыштар немесе басқа материалдар қойылады). Балалардың бірі – жүргізуші болады, ол 1-ден 10-ға дейінгі карточкаларды көрсетеді, балалар сонша заттарды орналастырады. Әрі қарай педагог (текшелер, ойыншықтар), көлік суреттерін немесе балалар суретін шығарып қояды. – Ойыншықтарға қара. (Мәшинелер, балалардың суреттері.) – Оң жақтағы және сол жақтағы санды салыстырыңдар. – Не артық? Не кем? Қалай тең қылуға болады? Балалар салыстыру және теңестіру әдісін ұсынады. – Оларды теңестіру үшін не істеу керек? Олар теңестіру үшін бір жағынан артық ойыншықтарды алып тастау керек немесе жетіспейтін ойыншықтарды қосу керек деген қорытынды жасайды. – Біз ойыншықтарды бір-бірінің астына қоямыз немесе артық ойыншықтың бар-жоғын білу үшін сызық сызамыз, бір-бірімен жұптастырамыз. – Сол жақта қанша ойыншық (ыдыс) бар екенін сана. Педагог балалардан ойыншықтарға (ыдыстарға) қол тигізіп, дауыстап санауды сұрайды. 4 ойыншық шықты. – 4 цифры бар карточканы сал. – Басқа ойыншықтарды (табақтарды) сана. – Олардың саны қанша? (3). – Қайсысы артық? Қайсысы кем? – Енді басқа сөредегі ойыншықтарды сана. Педагог оларға қойылған ойыншықтарды санауға көмектеседі. Мысалы, жүк көліктері (5) және жеңіл автомобильдер (6). – Қанша жүк көлігі бар? (5). – Қанша жеңіл көлік бар? (6) Әрі қарай, педагог ойыншықтардың екі түрін бірдей болған жағдайда олардың саны бойынша салыстыруды ұйымдастырады. – Қуыршақтарды сана. Олар қанша? (5). – Мәшинелерді сана (5). Не артық? Не кем? Мәшинелер мен қуыршақтар тең.

Көркем әдебиет

  Жақсы мен жаман

 Міндеті: - Жақсы мен жаман туралы түсінігін қалыптастыру. Бір-біріне жақсы тілектер айтуға жетелеу. Жақсылық жасауға тәрбиелеу  

Біз бүгін адам бойындағы жақсы, жаман әдеттер туралы әңгімелесеміз. «Мен қандаймын» ойыны Педагог допты лақтырады. Допты қағып алған балаға сұрақ қояды. – Сен қандай баласың? (Мен әдепті баламын, жақсы баламын) т.б. – Кейбір балаларда нашар әдеттер де кездеседі. Тақтадағы, слайдтағы суреттерге назар аударайық. – Суреттен кімді көріп тұрсың? Балаға ат қояйықшы. (Арман) – Ал мына суреттегі баланың аты кім? (Самат) – Олар не істеді? Салыстырайық, кімнің істегені дұрыс? – Иә, Саматқа қамқорлық жасау әдеті жетіспей тұр екен. Біз Самат сияқты балаларға көмектесіп, қамқор болып, жақсы істерді үйретіп жүрейік. – Бүгін біз автор Рахым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысамыз. Жақсы бала – тілалғыш, тәртіпті, ойыншықты сындырмай, күтіп ұстайды, ақылды, таза жүреді. Тіл алмайтын, ойыншықтарды сындыратын, өзінен кішіні, құрдастарын ренжітетін баланы жаман әдеті бар дейміз. Педагог өлеңді оқып беріп, жаттатады   Сөздік жұмысы: жақсы бала – ақылды, таза, ұқыпты бала шалалық – бастаған жұмысын аяқтамау, қате іс жасау Өлең мазмұны суретті алып, суреттегі іс[1]әрекеттің не туралы екенін ажыратып, жақсы әрекетті жасыл жолаққа, ал жаман әрекетті қызыл жолаққа орналастырады бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Өлеңде не туралы айтылған? – Жақсы деп қандай баланы айтамыз? Жаман әдет деп нені айтамыз? Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» (ойлау қабілетін дамыту) Шарты: үстелдің үстінде бірнеше сурет жатыр. Бала бір

Сөйлеуді дамыту

 Су торғайы

Міндеті: - Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді қолдану.

-Балалар, біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз. Өйткені сендерге қазір жазушысы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. Әңгімені мәнерлеп оқиды.

«Су торғайы»

Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.

Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең қылмастан зыр-зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады.

Бұл қандай ғажап құс!

Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.

Балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. 1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі?

Әңгімеде не туралы?

Су торғайын кім сипаттап береді?

Су торғайы жемін қайдан табады?

Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді?

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

 Менің бөлмем

Міндеті: Суреттер бойынша әңгіме құрастыру

Ойын: «Қандай сөз артық?». Педагог сөздерді айтады, балалар мұқият тыңдап қандай сөз

артық екенін табады. Мысалы: кереует, үстел, нан, кілем. Балалар әр дұрыс жауап үшін

фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.

Көркем әдебиет

 Бір уыс мақта

Міндеті: - Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкеннің ақылын тыңдай білуге тәрбиелеу

Қардай аппақ, Мамықтай жұмсақ. Ол не? (Мақта) – Мақта жұмсақ, аппақ болады. Мақтадан киім дайындайды, көрпе жасайды. – Бүгін біз мақта туралы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» әңгімесімен танысамыз. Әңгіме болған оқиғаның желісі бойынша жазылады. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді   Сөздік жұмысы: күн өтпей жатып – бір күннің ішінде қиқым – бұл жерде: мақтаның қалдығы Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Авторы кім? – Кішкентай қыз не істеп отырды? Анасы қызына қандай ақыл айтты? – Қыз мақтаның қиқымын қайда лақтырды? Оны не алып кетті? Анасы не деді? – Мақта сөзіне сөйлем құра

Сөйлеуді дамыту

 «Ақсақ құлан» аңызы

Міндеті:  Монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

–Сендерге «Ақсақ құлан» аңызы ұнады ма? 

–Аңызда не туралы айтылған?

–Ашуына тиген құлан әңгісі балаға не істеді?

–Міне, балалар, аң екеш аңға да зәбір көрсетіп, қорлауға болмайды екен.

–Аңыз әңгімедегі құлан сөзі орыс тілінде «кулан» деп айтылады.

Әңгі –  үйірді басқаратын, бастап жүретін айғыры

–«Л» – дауыссыз дыбыс.

–"Л" дыбысының буын арасында кездесуі.

Ла-ла-ла – лақ.

Лә-лә-лә – Ләззәт.

Да-да-да – дала

До-до-до – долана.

                            Құ-лан. Құ-лақ

Сауат ашу негіздері

 Сөздің дыбыстық сызбасы

Міндеті: Сөзді дыбыстық сызбасымен сәйкестендіруді үйретуді жалғастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту    

 Балаларға алдарындағы дыбыстық сызбасы бар карточкаларды алуларын сұрайды. –Бүгін біз дыбыстық сызбасы салынған карточкаға сәйкес келетін сөздерді табамыз. Біз сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөздегі дыбыстардың түрін анықтауды үйрендік. Дыбыстық талдау жасау үшін, сөздегі дыбыстарды оқып, олардың дауысты, дауыссыз екенін анықтап аламыз, буынға бөлеміз, неше дыбыс, неше әріптен тұратын анықтаймыз. Содан кейін әр дыбысты тиісті дөңгелектермен белгілейміз. Алдарыңдағы дыбыстық сызбаға назар аударыңдар, не көріп тұрсыңдар? Барлық торкөздер тиісті белгілермен белгіленіп тұр. Қасында сурет бар. Ненің суреті? –Күннің суреті. –Бұл – күн сөзінің дыбыстық сызбасы екен. Келесі дыбыстық сызбаны қарайық. Ол жерде де барлық торкөздері белгіленген екен. Енді мен сендерге екі сурет көрсетейін. Бұлар – бақ пен гүл. Дыбыстық сызба осы екі суреттің қайсысына сәйкес келеді, тауып айтыңдар. Бұл – бақ сөзінің дыбыстық сызбасы екен. Дыбыстық сызбаны сөзге дұрыс таңдау үшін сөздің неше дыбыстан тұратынын, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін біліп алу керек. Дауысты дыбыс нешеу, дауыссыз дыбыс нешеу? Сөздегі дыбыс саны, сызбадағы дыбыс санына сәйкес келе ме? Сәйкес келетін дұрыс сызбаны таңдау керек. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк киіз үймен, дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл киіз үймен сәйкестендір. 2. Дыбыстық сызба дұрыс па? Тексер.

Сауат ашу негіздері

  Біз нені үйрендік?

Міндеті:   Сызба бойынша сөйлем құрауларын жетілдіру, сөзді дыбыстық сызбасымен сәйкестендіруді үйретуді жалғастыру

Дидактикалық ойын: « Көпше түрін айт» – Мен сендерге допты лақтырып бір сөз айтамын, сендер сол сөздің көпше (көп) түрін айтып допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: қыз-қыздар, ұл-ұлдар, аға-ағалар, дәптер-дәптерлер, қозы-қозылар, жүзім[1]жүзімдер, орындық-орындықтар, алма-алмалар, қоян-қояндар, түлкі- түлкілер, т.б. Дидактикалық ойын: «Тиісті белгіні көтер»

Педагог дыбыстар, буындар, сөздер айтады, балалар -и- дыбысын естісе қызыл белгіні көтереді. Кім дұрыс көтереді жұлдызша беріліп отырады, ойын соңында жеңімпаз анықталады. Мысалы: а, р, о, и, м, и, а, к, е, и, т, и, б, ... Бар, ки, сық, ға, ман, ай, пи, ма, па, ға, қай, ти.... Лақ, ит, мал, ау, ми, сөз, тиін, кілем, киіз, түйе, ала, қаймақ... Дидактикалық ойын: «Соңғы дыбысты ұста!» – Балалар, бүгін біз шеңберде сөз тізбегін жасаймыз. Мен «құмыра» сөзін айтып бастаймын да, соңғы «а» дыбысын созып тұрамын, келесі бала соңғы дыбыстан басталатын сөз ойлап, қолмен ұстағандай қимыл жасайды, соңғы дыбысқа жаңа сөз айтып, соңғы дыбысты созып айтады. Балалар созып айтқан дыбысқа сөз айтып, ойынды жалғастырады (ойын осылай жалғасын табады). Мысалы: Құмырааа - алмааа - айраннн - наррр - раушаннн - найзағаййй - инеее - ешкііі - іззз - зырылдауық - қамшыыы - ыдыссс - сағаттт - тасбақааа - алтыбақаннн т.б. – Балалар, сөз тізбегінде қандай дыбыстарды созып айту қиынға соқты? Не себепті деп ойлайсыңдар? Дауыссыз дыбыстыларды созып айтуға келмейтінін ұмытпаңдар.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»« Ақсақ құлан» күйі

  • Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Ақсақ  құлан

Қаңтар

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен таныстыру

 Өнеркәсіптегі адам еңбегі

Міндеті:  Өнеркәсіптегі адам еңбегімен таныстыру   

– Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы, бізді нелер қоршап тұр? Балалар атайды (заттар, ойыншықтар, жиһаздар). Заттардың бәрі адамның еңбегімен жасалған. – Балалар, «еңбектену» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? – Еңбектену – жұмыс істеу, қажеттілік үшін әрекеттену, нәтижеге жету дегенді білдіреді. Адамдар табыс тауып, отбасын асырау үшін, біреудің және өзінің пайдасы үшін еңбектенеді Әртүрлі салада еңбек ететін адамдарды қалай атаймыз? –Жұмысшылар, мамандық иелері, мамандар. Қандай мамандықтарды білесіңдер? Балалар білетін мамандықтары және ата-аналарының мамандықтары туралы айтады. –Балалар, біз бүгін өнеркәсіптегі адам еңбегімен танысамыз. Өнеркәсіп – өндіріс орындары, зауыт, фабрикалар. Бұл жерлерде адамға қажет заттар жасалады. Мен сендерге ең тәтті өндіріс туралы айтқым келіп тұр. «Тәтті» өндірісте не өндіріледі? –Тәтті өнімдер. Интербелсенді тақтадан «Рахат» фабрикасы туралы бейнебаян көрсетіледі. – «Рахат» фабрикасында әртүрлі кәмпит, шоколад, мармелад, вафли, печенье, тоқаш пісіріледі. –Фабрикада еңбек ететін адамдарды қалай атайды? –Кондитерлер. (Педагог «Қазақстан» шоколадын алып шығады).

Қазақ тілі

 Менің Отаным

Міндеті Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен таныстыру

Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған баллаарға көрсету,

Осы заттарды бояту

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті:  Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру 

Дидактикалық жаттығу: «Сөз тіркесі не дейді?» Педагог: – Мен сөз тіркесін айтамын, не туралы екенін айтыңдар. 1. Онымен салат жейміз – . . .(шанышқы). 2. Нан кесеміз – . . .(пышақ). 3. Оған тамақ пісіреміз – . . .(қазан). 4. Онымен шай ішеміз – . . . (кесе). 5. Оған отырамыз – . . . (орындық). 6. Оған нан саламыз – . . . (нан салғыш). 7. Оған ыдыс саламыз – . . . (сөре). 8. Онымен сорпа құямыз – . . . (ожау). 9. Оған тамақ саламыз – . . . (табақ). Дидактикалық ойын: «Буынды жалға» Педагог: – Мен сендерге сөздің басы буынын айтамын да допты лақтырамын, сендер сөздің екінші буынын жалғап допты кері қайтарасыңдар. Мысалы: ба-нан, сүл- гі, ора-мал, кі-тап, қай-шы, жү-зім, са-рай, ар-ман, ал-мұрт, күй-ші, са-ғат, шал-бар, көй-лек, қал-пақ, қам-шы, қа- мыс, құ-лын, қи-яр, қа-ғаз, ке-се т.б.

Дыбыстық талдау жаса. Педагог бала, төрт, қара сөздерінің дыбыстық сызбасын тақтаға іледі. Үш бала тақтада бала, төрт, қара сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Қалған балалар орындарында талдау жасайды, қателескендер тақтамен тексеріп қателерін түзейді

Қоршаған ортамен таныстыру

 Жол белгілері 

Міндеті: Жол белгілері мен жаяу жүргіншілер ережесімен таныстыру    

 Жолдан өту үшін ең алдымен адам тоқтап, сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарауы керек. Жол ортасына жеткен кезде тағы бір байқау үшін сол жақты және оң жақты бақылауы керек. Сондай-ақ көше қозғалысы өте жылдам екенін ескеріп, үнемі сақ болу керектігін естен шығармаған жөн. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге мүлде болмайды. Сен бір адым жасағанда мәшине 20 метр жүріп үлгіретінін біліп жүр! Балалар, біз көшеде бір жол белгілерін жиі көреміз. Ол қандай жол белгісі? (Балалардың пайымдаулары). – Дұрыс айтасыңдар, ол – «Жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісі. Тағы қандай жол белгілерін білеміз? Белгінің пішініне, түсіне, ішіне салынған суретіне қарап, айта аламыз ба? Интербелсенді тақтадан жол белгілерінің суретін көрсету. Желаяқпен бірге тапсырмаларды орындауға шақырады: Жол белгілерін қарастырып, әрқайсысының нақты бір ережеге арналғанын талқылайды. «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «Велосипед жолы», «Жерүсті жаяу жүргіншілер өтпесі», «Жерасты жаяу жүргіншілер өтпесі», «Назар аударыңыз! Балалар!», «Автобус аялдамасы», «Аурухана», «Асхана», «Жанармай құю бекеті» т.с.с. – Бұлардың бір- бірінен қандай айырмашылығы бар? (Айырмашылықтары түсі, пішіні және суреттерінде екенін айтады) – Жол белгілері «ескерту», «тыйым салу» , «көрсеткіш», «ақпараттық», «сақтандыру» белгілері болып бөлінеді. «Көрсеткіш» белгісі нені білдіреді? –Дұрыс айтасыңдар, көрсетеді. Интербелсенді тақтадан «көрсеткіш» белгілері шығады. – «Көрсеткіш белгілері» жаяу адамдардың өтетін жерін, көліктер тұрағы, қоғамдық көлік аялдамасын көрсетеді. Бұл жол белгілері көк түсті, пішіні төртбұрышты. Бәрімізге жақсы таныс – «жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісі,  .

Дене тәрбиесі

 Спортпен шұғылданамыз

Міндеті: - Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру  

 Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру

Қозғалыс ойындары: «Сағат» 

Екі ойыншы бірдей қашықтықта шеңбер бойымен тұрып алып, белгі берілгенде бір бағытта жүгіріп, бірін-бірі қуып жетуге тырысады. 

Ойында жаттығуларды екі бағытта қайталау керек (сағат тілімен, сағат тіліне қарсы). 

                                                                                              Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

                               Мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.

Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу. Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз». 

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

«Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

 Бұл қай кезде болады?

Міндеті: Мәтінге сәйкес әнді сахналау

Музыка тыңдау:  «Қыс» 

(Б. Ерзакович)

Ән айту: «Зырлайды шанамыз»

( М. Маңғытаев)

«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Испан биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан)  Ойындар, хороводтар: 

«Кешікпе» орыстың х.ә.  

(өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта  ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко

 . 

Музыка

 Қыс келді

Міндеті: Шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру  

Музыка тыңдау:  «Қыс» 

(Б. Ерзакович)

Ән айту: «Зырлайды шанамыз»

( М. Маңғытаев)

«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Испан биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан)  Ойындар, хороводтар: 

«Кешікпе» орыстың х.ә.  

(өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта  ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко

Дене тәрбиесі

 Аңшы боламыз

Міндеті: - Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу  

Дене тәрбиесі

  Аңшы боламыз

Міндеті: - Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру, қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу  

Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Төбешіктен-төбешікке».

 Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. 

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

 Қар кесегі

 Міндеті: - Жыл   мезгіліне   байланысты  өзгерісті  сурет салуда   бере білу білігін бекіту

 - Ойдан өзбетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу

- Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау

- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға,   мүмкіндік беру

Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Төбешіктен-төбешікке».

 Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар  жауады т.б. түсіндіру.  Зәулімде тұрағы                                                  Тіреусіз тұрады.(Бұлт).

Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала-

рдың жұмысын бақы

лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының  зор екендігін 

айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.

Жеке жұмыс:  

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп,  Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт

Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қим.ойын: «Мені қуып жет».

Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты     нығайту.                

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде  өзендер мен   көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы   тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жеке жұмыс:   Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар  бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім  қабылдауға үйрету.

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Бақылау: Мұздақты бақылау.

Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге    үйрету.

Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға  шақыру.            

Жеке жұмыс:   Жұмбақ жатттату“

Отқа жанбас,                                      Суға батпас” (мұз)

 Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату

  арқылы сөздік қорын  молату.

  Есте сақтау қабілетін дамыту.

 Қимылдық ойын: «Қазан».

 Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру.

  Балалардың көңілдерін көтеру.

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.

 Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

                                       (Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

«Таныс тақпақтарды  айту» Болғанбек Інжу

Мақсаты:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуды,қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануды үйрету.

«Сырғанаймыз бәріміз» қимылды ойын  Қанат Бақдәулет

Мақсаты:Биік емес төбешіктен сырғанауды,салауатты өмір салты туралы ұғымдарды түсіндіруді үйрету.

«Пішіндерді топтастыр» д\о Алтай Асылым

Мақсаты: Бір затты топтан бөлуді және топтарға біріктіре алуға үйрету. 

«Мысық»мүсіндеу Өзденбай Балым

Мақсаты: Мүсіндеуді әртүрлі тәсілдерін пайдалануды;ермексаздың кейбір қасиеттерін білуді үйрету. (шығармашылық дағдылар)

«Менің мамандығым»әңгіме

Лескен Шахмұханбек

Мақсаты:Әртүрлі мамандықтардың еңбектерінің мазмұның, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалауға үйрету..

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Дидактикалық ойын «Қандай пішін жетіспейді?»  Мақсаты: Геомертиялық пішіндерді атайды.Қай пішін жетіспейтінін табады.

 :Дидактикалық ойын: «Сыйқырлы қапшық» Мақсаты: Заттарды белгілі бір қасиетттері бойынша салыстырады, топтастырады.

 Дидактикалық ойын: «Апта күндері»                     Мақсаты: Апта күндерін  естерінде сақтайды. Апта күндерін рет-ретімен айта алады. 

 :Сюжеттік рөлдік ойын: «Шаштараз» Мақсаты:Балалар рольдерге бөлінеді, өздері алған рольдерін сомдайды.

 :Балалармен

Әңгімелесу: «Туған ауыл туралы»

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

.
 
Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

                                 Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   V1-апта    27 -31  қаңтар  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»   «Заң және тәртіп»   « Апта дәйексөздері»- ««Тәртіпсіз ел болмайды»  

Күн тәртібі

Дүйсенбі   27.01

Сейсенбі    28.01

Сәрсенбі    29.01

Бейсенбі  30.01

Жұма   31.01

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 Қимылды ойын «Ұшты-ұшты»   Мақсаты: Балаларға әуеде ұшатын заттарды ажырата алуға үйрету.  

Сюжеттік ойын       «Мен дәрігер боламын» Мақсаты: Балалар бір -бірімен ойнау арқылы өздерін дәрігер сезіне алады.                                

Үстел-үсті ойын       «Әдемі үйшік» Мақсаты:Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады   

Сюжеттік ойын «Шаштараз» Мақсаты:Балалар ойын арқылы шаш қиюшының еңбегін түсінеді.                       

Дидактикалық ойын «Сандар тізбегі»                               Мақсаты: Сандарды тура және кері санай білуге үйрету                   

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 10

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Д/ойын:«Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д\ойын«Бұл қай кезде болады»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет

Д/ойын:« Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Қажетті құралдар:

Цифрлар бала санына

Д/ойын:«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

текше

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

   10-ға дейін санау

Міндеті: Көрнекілік арқылы 10-ға дейін сандардың пайда болуымен таныстыру   

Ойын жаттығуы. «Қай қорапта көбірек?» Балаларға әртүрлі өлшемде бірнеше қорап пен ойыншықтар беріледі. Олар заттарды қораптарға салып, қай қорапта көбірек ойыншықтар бар екенін анықтайды. Балалар санау негізінде, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасымен де заттар санын салыстыру қабілетін дамытады. «Карточкалармен ойнау» ойын жаттығуы. Балаларға мөлшерді салыстыру үшін әртүрлі заттардың суреттері бар карточкалар ұсынылады. Олар әртүрлі карточкалардағы заттардың санын салыстырып, қай карточкада көп немесе аз заттар бар екенін анықтауы керек. Бұл ойын үшін №8, №9 парақтар қолданылады. Педагог магниттік тақтаға себеттер (3) және алма (2), табақтар (3) және алмұрт (3) суреттерін іліп қояды. – Себетке бір алма сал. Алманы әр себетке қос. – Не артық? Не кем? (Себеттерге қарағанда, алма – кем.) – Басқаша қалай айтуға болады? (Себеттер – алмадан артық). – Алмұртты әр табаққа қос. – Не көп, не аз? Қорытынды жаса. Балалар алмұрт пен табақтардың саны бірдей деген қорытынды шығарады. Содан кейін ол заттардың жиынтық топтарын салыстыруды ұсынады, олар үлкен қашықтыққа жылжытылады, содан кейін – үлкен және кішкентай заттарды санау ұсынылады. Мысалы: – Алманың қай қатары көбірек?

 Математика негіздері

  10-ға дейін санау  

Міндеті: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға, әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем екенін, қағаз бетінде бағдарлауға жаттықтыру  

Педагог балаларға вагон болуды ұсынады. Он бала бірінің артынан бірі тұрып, пойыздың қозғалысына еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі цифр салынған карточкалар беріледі. Педагог қалған балаларға вагондарды тура және кері тәртіпте 1-ден 10-ға дейін санауды ұсынады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. №16 парақтағы вагондарды санауды тура және кері тәртіпте ұйымдастыру үшін қолдануға болады. Педагог паровозға 5 вагон қосып бекітеді. Паровозсыз тек вагондарды санауды сұрайды. Паровозды «қосалқы жолдарға» ысырып қояды. Тапсырма беріледі: вагон нөмірлерін тіркеу Вагондардың нөмірленуін кері тәртіпте өзгертеді және балалармен бірге оңнан солға қарай санау жүргізеді. Содан кейін вагондармен жағдаят ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге кіретінін хабарлайды. Тақтаға немесе балалардың үстелдеріндегі карточкалардан жазылған сандық қатарға сәйкес педагог сандық қатарды құру ережесін көрсетеді. Әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем. Балалар бақылайды, саусақты сандық сегменттің суреті бойынша жүргізе алады, санау мен есептеуді бір-бірлеп түсіндіреді. Сондай-ақ, үлестірмелі материалдан сандары бар карточкалар қатарын жасауға болады. Педагог 1-ден 10-ға дейінгі сандардың табиғи қатарын көрсетеді. Содан кейін педагог вагондардың туннельден бір-бірден шығатынын хабарлайды. – Біз оларды қалай есептейміз? Міне, 1-еу, ал одан кейін тағы 1-еуі шықты. Қанша вагон болды? (2)

Математика негіздері

   Заттар тобын санау және салыстыру

Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандарының пайда болуымен таныстыруды жалғастыру, топтарда заттардың тең және тең емес санын білуді бекіту 

 «Қай қорапта көбірек?» ойын жаттығу. Балаларға әртүрлі өлшемдегі заттар салынған бірнеше қорап беріледі. Балалар қай қорапта көп зат бар екенін анықтауы керек. Заттарды қайтадан санағаннан кейін, цифрлары бар карточкаларды алады, оларды көрсетеді (жәшіктерге бекітіледі). Педагог бір қораптағы заттарды екі қорапқа (банкалар, табақтар) бөліп салуды сұрайды. Әр заттың қанша екенін есептеп, цифры бар сондай карточканы табады. – Қанша зат болды? Оны қандай бөліктерге бөлдік. Санайық: 4 – бұл 1 және 3. 4 затты тағы қалай бөлуге болады? (2 және 2). Алманың суреттерінің көмегімен – №2, №3 парақтар 3, 4, 5 сандарын құрайды. Санау материалымен жұмыс. Балалар көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандардың пайда болуын көрсетеді. Педагог 4 бұршақ шығарады, содан кейін тағы 3 бұршақ қосады. – Қанша болды? Қайта санайды, 7 деп атайды. Педагог 7 санын тағы қалай шығаруға болатынын сұрайды. Балалар талдайды. 5 және 2 санының қосындысы 7, 6 және 1 санының қосындысы 7 болады деген қорытындыға келеді. Сол сияқты олар 8 және 9 сандарының пайда болуымен танысады 

Көркем әдебиет

 Автобуста

 Міндеті: Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу. Әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу     

 Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (Автобус) – Балалар, автобусқа мінгенде өзімізді қалай ұстаймыз? – Автобусқа кірген кезде орын таңдап жүру керек пе? – Көлік қозғалған кезде есігін қолмен итеруге бола ма? – Автобустың ішінде қатты сөйлеуге, жылауға бола ма? – Ал автобусқа қарт адам кіргенде не істеу керек? Педагог балаларға автобус, көліктердің суретін слайд арқылы көрсетеді. – Бүгін ақын Әбді Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен танысамыз (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: аялдама – автобус тоқтайтын орын кішіпейіл – ізетті, әдепті, үлкенді сыйлайтын Сұрақ-жауап: – Әңгімеде не жайында айтылған? Кім орын берді? Анасы баласына не деді? – Сен автобусқа мінгенде өзіңді қалай ұстайсың? Үлкендерге орын бересің бе? – Автобусты кім жүргізеді? – Автобус сөзіне сөйлем құра. Дидактикалық ойын: «Қай көлік қайда жүреді» (баланың зейінін дамыту) Шарты: бұлт, су, жол суреттеріне сәйкес көліктің түрлерін орналастырады.

Сөйлеуді дамыту

  Су торғайы

Міндеті:  Өпитеттерді, салыстыруларды қолдану

Педагог балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі?

2.Әңгімеде не туралы?

3.Су торғайын кім сипаттап береді

4.Су торғайы жемін қайдан табады?

5.Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңей

Педагог әңгіме мазмұнын 5– 6 балаға қайталап айтқызады.

–Балалалар, құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді. 

–Әңгімедегі су торғай қандай құсқа жатады деп ойлайсындар?

Қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар және жыртқыш құстар болып бөлінеді.

–Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады? Педагог балаларға суретін көрсетеді

«Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:

1)Ша-ша-ша – шана.

 Шу-шу-шу – шуда.

 Шы-шы-шы – шыны.

 Ше-ше-ше – шелек.

 Ши-ши-ши – шие.

 Шө-шө-шө – шөп

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

 Менің Отаным

Міндеті: Туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы айту

Сөздік ойын: «Сұрақ-жауап»

– Сенің Отаның қалай аталады?

– Менің Отаным – Қазақстан.

– Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады).

– Отанымыздың бас қаласын ата?

– Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан.

– Қазақстан қандай мемлекет?

– Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

Көркем әдебиет

   Мысық, түлкі және әтеш

Міндеті: - Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Бауырмалдыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу

Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай. (Әтеш) Жолбарысқа ұқсайды, Тек тышқанды ұстайды. (Мысық) Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі) – Мысық, әтеш, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

– Бүгін біз «Мысық, әтеш және түлкі» деген орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп, дауыс интонациясымен оқиды, мазмұнын түсіндіреді   Сөздік жұмысы: шап беріп ұстау – бассалып, тез ұстап алу тәкаппар – менменсу, кеудесін көтеру Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Не туралы айтылған? Саған қай кейіпкер ұнады? – Орманда мысықпен бірге не өмір сүрді? – Мысық қайда кетеді? Түлкі әтешті қалай алдады? – Мысық әтешті қалай құтқарды? Түлкінің жасағаны дұрыс па? – Мысық, әтеш, түлкі кейіпкерлерін сипатта.

Сөйлеуді дамыту

  Қыс қызықтары

Міндеті: --Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу     

-Балалар, осы қыс мезгілінің қызықтарын айта отырып әңгіме құрайық.

Даладағы аппақ қар күмістей жарқ-жұрқ етедіҚардың аппақ тазалығы сондай, бетіне ештең тастағың келмейді.  Енді сендер осы қыс қызықтары туралы әңгіме құраңдар.

Балалардың әңгімелерін тыңдайды.

Өте жақсы тағы да кім құрап береді.

Қыс мезгілінде сендер қармен көп ойнайтындарың ды әңгімелеріңнен байқадым. 

Қар туралы «Қар қандай?» ертегісін оқып берейін. 

«Қар қандай?»

Бірде құстар дауласады. Олар қардың, кәдімгі қардың қандай болатынын анықтайды.

Ұшып жүріп сұрақ қояды: 

Қар қандай болушы еді?

Алтындай жарқырап тұрады, – дейді Таң. 

Көгілдір түсті, – дейді мұнтаздай көгілдір Аспан.

Тастай суық, – деп жауап береді Үйрек, тұмсығын қанатының астына тыға түсіп.

Жып-жылы шығар, – деп жауап қатады Тауық. 

Жеп-жеңіл! Сондай жеңіл! – деп шу ете қалады Жел.

Сондай ауыр! Кереметтей ауыр! – деп күрсінеді ағаш Бұтақтары.

Күмістей, әрине! – деп күлімсірейді аспандағы сұлу да сымбатты Ай.

Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді, бірақ олар әртүрлі болып шығады.

Балалар қар қандай?–  деген сұраққа әр қайсысы әртүрлі жауап берді, неге?

Сауат ашу негіздері

   Ойнай отырып оқимыз

Міндеті:  Сөздерді буынға бөлуге, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге жаттығулар жасату

 Дыбыстық жаттығу: “Ұйқасын тап” Педагог буынның аяғын айтады, балалар ұйқас сөзді тауып жалғастырып айтады. Ау-ау-ау, не деген биік тау. Гер-гер-гер, науқасты емдейтін . . . (дәрігер) Тік-тік-тік, қыста кидің . . .(етік) Қан-қан-қан, жайды әжем . . . (дастарқан) Яр-яр-яр, тұздағынымыз . . . (қияр) Тап-тап-тап, оқып отырмын . . .(кітап) Қы-қы-қы, жайылып жүр . . .(жылқы) Иыр-иыр-иыр, сүті қою . . .(сиыр) Не-не-не, қолыма кірді . . . (ине) Қа-қа-қа, бақылдайды . . . (бақа) Дидактикалық жаттығу: “Қарама-қарсы сөзін айт” Ал енді мен айтқан сөздің қарама-қарсы сөзін тауып айтыңдар. жіңішке – . . . (жуан) үлкен – . . . (кіші) ұзын – . . . (қысқа) пысық – . . . (жалқау) ашты – . . . (жапты) құрғақ – . . . (ылғал) қара – . . . (ақ) биік – . . . (аласа) жұмсақ – . . . (қатты) ыстық – . . . (суық) Дидактикалық жаттығу: “Жасырылған сөз” Шарты: бала бір сөздің атын тура атамай, оны сипаттайды. Балалар сол сөзді табады. Мысалы: “Ол күз мезгілінен кейін келеді”, “Ол келмесе, Аязата мен Ақшақар келмейді”. Жауабы: қыс. 

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті:  Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдіру    

Дидактикалық жаттығуы: «Буынға буын қос» (педагог балаларға суреттер көрсетеді). – Мен сендерге сурет көрсетіп бірінші буынын айтамын, сендер екінші буынын айтасыңдар. Мысалы: ( ал-ма, қар-быз, қа-уын, қа-лақай, қы-занақ, қор-жын, дәп-тер, қа-лам, қай-шы, жыл[1]қы, бал-та, көр-пе, сә-біз т.б.) Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ата. Сөйлем құра. Сызбасын сыз. – Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын естеріңе түсіріңдер. Балалар педагогтің тапсырмалары бойынша жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді. Дидактикалық жаттығу: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос» – Балалар, мен сендерге заттың сипатын айтамын сендер сол сипатқа сай суреттен көрген дауыссыз дыбыстан басталатын затты айтыңдар. Мысалы: әдемі ...(көлік), заманауи ...(қала), биік ...(ғимарат), жасыл ... (желек), ұзын ...(көше), жедел ..(жәрдем), үш түсті ...(бағдаршам), жылдам ...(метро), аппақ ... (бұлт), үлкен ...(терезе) т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 2. Дыбыстық талдау жаса. Көше, ағаш сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Педагог тақтаға сөздердін сызбасын іледі. Көше сөзіне дыбыстық талдау. Көше сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар. Ағаш сөзіне дыбыстық талдау. Ағаш – 2 буын, 4 дыбыс. 3. Суреттерді ата. Сөздерді буынға бөл

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»« Ақсақ құлан» күйі

  • Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Ақсақ  құлан

Қаңтар

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

 Қоршаған ортамен таныстыру

 Суық өлкедегі тіршілік

Міндеті:  Балалардың суық аймақтағы тіршілік жайлы білімдерін қалыптастыру   

Бүгін біз ең қатал табиғи аймақпен танысамыз. Бұл – Арктикалық шөлдер аймағы. Көзімізді жұмып, айналамызда мұз бен қар бар екенін елестетейік. Біз Арктика шөлінде, қар мен мұз патшалығына барамыз. Музыка ойналады. Үнтаспадан дауыс шығады: «Ерте-ерте-ертеде, мұзды-таулы өлкеде, қатігез сұлу ханшайым құрыпты сауық-сайранын! Зеріккеннен баспаққа, темір торлы аспаққа, мұз өлкенің аңдарын ұстап алып қамапты!» Интербелсенді тақтадан аппақ «Қар ханшайымы» сарайы көрінісі шығады. Қабағы қатулы «Қар ханшайымы» тақта отырады. Торда қамаулы жануарлар, құстар тұрады. – Құрметті Қар ханшайымы! Сіз мына мұз сарайыңызда қатты зеріктіңіз. Сіздің көңіліңіз мұз болғандықтан, жүрегіңіз де мұзға айналып бара жатыр. Жақсылық іс жасасаңыз, зеріккеніңіз басылады, мұз сарайыңыздың сәні кіреді! – Маған қандай ақыл айтпақсың? – Мұз өлкенің тұрғындарын тордан босатсаңыз, көңіліңіз көтеріліп, мейірімді ханшайымға айналасыз! – Жақсы, бірақ менің тапсырмаларымда орындасаңдар ғана босатамын! Қар ханшайымының 1-тапсырмасы: Жұмбақ шешу Құбылыс бар керемет, Алаулайды көкжиек, Аспан жанып, нұр төгер! Алтын арай ілінген. От жалындай жанады, Көз тартады жарқырай, Мұз үстіне тамады. Не екен ол? Кім білген? Педагог балалармен ақылдасып, «Солтүстік шұғыласы» деген шешімге келеді. – 1-слайдты тамашалайық. Тек Солтүстікте және қыста ғана ең әдемі табиғат құбылыстарының бірі – Солтүстік шұғыласын көруге болады. Оның сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ол – аспанда пайда болатын жарқыл. Солтүстік шұғыласы полярлық түнде жақсы көрінеді. – Полярлық түн деген не? – Полярлық түн 6 айға дейін созылады, Күн көзі мүлде шықпайды

Қазақ тілі

 «Зерде» интел

лектуалды ойыны

Міндеті:- - Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).   

«Білгенге – маржан». Бұл кезеңнің шарты сұрақтарға жылдам тез жауап беру керек.

– Мамандық иелерін ата?

– Біздің Отанымыз қалай аталады?

– Бөлмеде не бар?

– Сыпайы сөздерді ата.

– Таңертең не істейміз?

– Апта күндерін ата. т.б

Сауат ашу негіздері

  Біз нені үйрендік?

Міндеті: Сөйлем құрай білулерін, сөйлем сызбасын сыза білулерін жетілдіру    

 Дидактикалық ойын: «Тиісті белгіні көтер» – Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді араластырып айтамын, сендер тиісті қызыл, көк түсті жалаушаларды көтеріңдер. Мысалы: маймыл, ақ аю, ат, жолбарыс, түйе, бұзау, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, керік, тышқан, ит, доңыз, мысық, тай, қой, құлын, тауық, ешкі, лақ, сиыр, бота, қозы, т.б. Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын айт» (Педагог суреттерді көрсетеді). –Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: өшіргіш(ө), әтеш(ә), апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? –Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды

 Қоршаған ортамен таныстыру

Біздің табиғаттағы достарымыз

Міндеті: Жануарларды топтары (аңдар, құстар, жәндіктер, қосмекенділер) және әр топқа тән ерекшеліктері туралы түсіндіру        .

Ойын сәті. – Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Міне, көлігіміз де дайын. Ал мына перронда отырғандар нелер? (Үстелде жануарлар бейнеленген суреттер). Балаларға тапсырма беріледі: Бірінші вагонға жануарларды, екінші вагонға құстарды, үшіншісіне жәндіктерді, төртіншісіне қосмекенділерді орналастыр. Балалар санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топқа жолсерік сайланады. Балалар жануарлардың суреттерін өз вагондарына дұрыс орналастырулары тиіс. Әр вагонның жолсерігі вагонындағы жануардың атын атап тұрады. – Бірінші вагонда нелер отыр? Оларды басқалардан қандай белгісіне қарап ажыратамыз? – Бірінші вагонда жануарлар отыр. Олардың 4 аяғы бар, денесін түк жапқан, балаларын сүтпен асырайды. Екінші вагонда отырғандардың басты ерекше белгілерін ата. Екі аяғы, тұмсығы, қанаты, қауырсыны бар. Олар – құстар. Үшінші вагондағы жолаушылар туралы айтыңдар. – Үшінші вагонда жәндіктер орналасқан. Олардың 6 аяғы бар, денесі 3 бөліктен тұрады. – Төртінші вагонға нелер орналасқан? – Төртінші вагонға қосмекенділер орналасқан. – Оларды неге қосмекенділер деп атайды? – Олар құрлықта да, суда да өмір сүреді. Көмектеріңе рақмет! Жолаушылардың бәрі орналасып болды. Балалар өзара пойызды жүргізу үшін машинист керек екенін айтады. Үстел бетінде жануарлардың әртүрлі дене бөліктерінен өз қалауларынша жаңа бір бейне құрастырады. Оған ат қояды. Жолға шығуға белгі беріледі. Жолда көңілді болу үшін «Пойыз» әнін орындайды. «Кәне, кімнің бойы ұзын?» «Ұйқышылдар» аялдамасы: Бұл жерден қыстай ұйықтап, көктемде оянатын жануарлар шығады. – Бірінші вагоннан нелер шығады? – Бірінші вагоннан аю, кірпі шығады. – Екінші вагоннан нелер шығады? – Ешқайсысы шықпайды. – Үшінші вагоннан ше? – Бәрі шығады. – Төртінші вагоннан ше? – Бақа, жылан шығады. – Балалар, достарымызды шығарып салайық (балалар қолдарын бұлғап шығарып салады).

Дене тәрбиесі

Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: - Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею    

 Шөл әлемі

 «Қи қоңыз» ойын-жаттығуы. Еркін бағытта фитболдарды (доптарды) домалатуға жаттықтыру.

Фитболдарды зал бойымен домалатып жүреді. Доптарды қатты итермейді. 

 Батпақ әлемі

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Төбешіктен-төбешікке».

 Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады.  «Теңіз шуы» үнтаспасын тыңдайды.

                                                                                              Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

                               Мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.

Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу. Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз». 

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

«Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Музыка

  Қыс келді

Міндеті: - Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді

жеке және шағын топпен орындауға үйрету

Музыка тыңдау:  «Вальс»   (Қ. Шілдебаев) Ән айту: 

«Айнала ақша қар»  (И. Мамақов) «Қыс келді»  (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә. 

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі»  (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: 

«Көлеңке»  (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)

Музыка

 Айнала ақша қар

Міндеті:  -Балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу

Музыка тыңдау:  «Вальс»   (Қ. Шілдебаев) Ән айту: 

«Айнала ақша қар»  (И. Мамақов) «Қыс келді»  (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә. 

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі»  (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: 

«Көлеңке»  (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)

Дене тәрбиесі

   Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: -  3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).  

   «Кокостармен ойнаймыз»

Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.  

Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады.

Дене тәрбиесі

   Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді      

«Кокостармен ойнаймыз»

Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.  

Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

  Атама арналған тымақ

 Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру

 аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

--Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар  жауады т.б. түсіндіру.  Зәулімде тұрағы                                                  Тіреусіз тұрады.(Бұлт).

Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала-

рдың жұмысын бақы

лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының  зор екендігін 

айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.

Жеке жұмыс:  

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп,  Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт

Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қим.ойын: «Мені қуып жет».

Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты     нығайту.                

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде  өзендер мен   көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы   тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жеке жұмыс:   Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар  бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім  қабылдауға үйрету.

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Бақылау: Мұздақты бақылау.

Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге    үйрету.

Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға  шақыру.            

Жеке жұмыс:   Жұмбақ жатттату“

Отқа жанбас,                                      Суға батпас” (мұз)

 Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату

  арқылы сөздік қорын  молату.

  Есте сақтау қабілетін дамыту.

 Қимылдық ойын: «Қазан».

 Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру.

  Балалардың көңілдерін көтеру.

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.

 Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

                                       (Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Өзденбай Балым                  Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі. Сөздік қоры жақсы дамыған

Ыдырысбек Кенесары              

Ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алуына; сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алуына;

айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айта алуына жаттықтыру

Ілескен Шахмұхаммед                         

Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау

Алтай Асылым                  

Мүсіндеудің  әртүрлі әдістерін қолдануды, мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнауды үйрету

Сембек Кәусар

Қайшымен  түрлі геометриялық пішіндерді қия алуды; қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қия алуды үйрету

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

«Гүлдерді күтеміз»ойыны

Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.

Қимылды ойын:«Ту».

Мақсаты: Топтағы қарым-қатынасты нығайту.

Ойынның шарты:   Балалар 3-4 топқа  бөлінеді.Әр  топтың  ортасында 1 бала   ту  ұстап  тұрады. Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша ойыншылар  жан-жаққа  жүгіріп,  көздерін   жұмып  тұрады. Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша  ту  ұстаған  балалар  орындарын  ауыстырады. Тәрбиеші «Өз  туларыңды  табыңдар»  дегенде  ойыншылар өз  туларына  қарай  жүгіреді.  Қай  топ тез  жиналады, сол топ  жеңеді.( Тулардың  түстері  әр түрлі болу  керек)

Қимылды ойын:

 «Шұңқырдағы  қасқырлар»

Мақсаты:  Балаларды  шапшаңдыққа, жылдамдыққа  баулу.

Ойынның шарты:Алаңның  ортасында  ұзын  шұңқыр  салынды.(1-1,5 метр)Шұңқырдың  ортасында  екі  қасқыр  тұрады.  Қалған  ойыншылар ешкі болады. Ешкілер алаңның  бір  жақ  шетінде  үйлерінде  тұрады.Тәрбиешінің  бұйрығы  бойынша  ешкілер  үйлерінен  шығып,  шұңқырдан  секіріп  өтіп,  жайылымға  барады.  Қасқырлар  шұңқырдан  шықпай  ешкілерді  ұстап алу  керек.

Саусақ ойыны: Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

Дидактикалық ойын:

«Домино»

Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.

Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта    03 -07  ақпан  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»  Жасампаздық пен жаңашылдық айы      « Апта дәйексөздері»- «Жасампаздық - бәрімізге өнеге»   

Күн тәртібі

Дүйсенбі   03.02

Сейсенбі    04.02

Сәрсенбі    05.02

Бейсенбі  06.02

Жұма   07.02

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Шарлармен жаттығулар орындау.            

Мақсаты: жаттығуларды орындайды.  қызығушылығын білдіреді. (Топпен)

Дидактикалық ойын

«Кімде не бар?»

Мақсаты: Заттардың (шкаф,орындық т.б) аттарын дұрыс атай біледі.

Дидактикалық ойын

"Ғажайып қапшық"

Мақсаты: балалар

 ойыншықтардың атауларын айтады. 

Әңгімелесу    

:"Менің ойыншығым"

Мақсаты: Балалар тәрбиешінің сұрағына жеңіл сөздермен жауап береді.

Дидактикалық ойын

"Атын атап бер"

Мақсаты:түсі мен көлеміне қарамастан таныс заттарды таниды жəне көрсетеді.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 11

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Аспан»

 Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

 «Ақ тілек»

 Адал жақсы ниетпен

 Бар адамға бақ тiлеп.

 Жарып шыққан жүректен,

 Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

  «Сиқырлы таяқша»                                           

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

 «Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

«Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

  Заттар тобын санау және салыстыру 

Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыруды

«Лабиринт» ойын жаттығуы. Балалар «Егер 3 алма тапсаң, солға бұрыл» сияқты нұсқауларды орындап, лабиринттен өтеді. Бұл логикалық ойлауды және қарапайым тұжырымдарды құра білуді дамытуға көмектеседі. Осы ойынның соңында алманың суреттерін қолдана отырып, №2, №3 парақтардан 3, 4, 5 цифрларын құрайды. Балалар суреттерді көрсетеді, былай деп айтады: «1 және 2 алма – бірге үш алма болады. 5 алманы 2 және 3 алмаға, 1 және 4 алмаға бөлуге болады». Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. 10 саны шығу үшін тағы қанша шие қажет болса, үйшікке сонша нүкте сал. Педагог 10 саусақты көрсетуді сұрайды. Доминодағы нүктелерді сана. Қызыл және жасыл нүктелердің санын ата. Содан кейін әр карточкада қанша нүкте бар екенін айт. 2-тапсырма. Педагог балалардан оң қолын, сол қолын көрсетуді сұрайды. – Сол жаққа қарағанда, оң жақтағы заттардың суретін артық сал. – Оң жаққа қарағанда, сол жақтағы заттардың суретін кем сал. – Сол жақтағы заттар қанша болса, оң жаққа сонша сурет сал. Педагог тапсырманы орындау тәсілін бақылайды. Балалар санайды, одан кейін бірдей немесе артық/ кем заттарды суреттеп салады. 3-тапсырма. Жейдеде көрсетілген цифр шығатындай, жейде мен шалбарды сызып қос. Педагог шалбарда қандай цифр жазылғанын қарауды және оларды атауды ұсынады. Осы екі санды санау материалының көмегімен суреттейді. Содан кейін барлығын бірге қосып санайды. Жейде мен шалбарды жейдеде көрсетілген цифр болатындай етіп біріктіруді сұрайды. Егер бала қиындыққа тап болса, онда ол қайтадан санау материалын пайдаланады

Математика негіздері

Фигуралар мен денелер     

Міндеті: -Фигуралар мен денелерді: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шар, текше, цилиндрді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Дидактикалық ойын, «Неге ұқсайды?». Балалар геометриялық фигуралар мен аталған фигура пішіндес заттарды атайды. – Дөңгелекке, шаршыға, үшбұрышқа, тіктөртбұрышқа ұқсас қоршаған ортадағы заттарды тап. Оларды ата. Балалар заттарды атайды, заттардың «неге ұқсайтыны»туралы қорытынды жасайды. «Геометриялық кілем құрастыр» ойыны (№38 парақтар). Геометриялық денелермен және фигуралармен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс. Санамақтың көмегімен балалар топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа әртүрлі мөлшердегі текшелер жиынтығын (шарлар, цилиндрлер) және геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш) таратады және оларды өлшемнің өсуіне (кемуіне) сәйкес орналастыруды сұрайды. Балалар тапсырманы орындайды, өз әрекеттерін түсіндіреді. Балалар сопақша мен дөңгелектің геометриялық фигураларын зерттейді, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. – Қызыл сопақшаны ал. Жиегімен саусағыңды жүргіз. – Сопақшаның бұрыштары бар ма? Қабырғалары бар ма? Сопақша қандай фигураға ұқсайды? – Қызыл сопақшаның үстіне жасыл дөңгелек сал. (Фигуралар бірдей мөлшерде болуы керек.) – Не байқадың? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Фигуралардың бұрыштары мен қабырғалары жоқ, дөңгелекке қарағанда сопақша ұзындау. – Қандай заттар сопақшаға ұқсайды? (Сопақша пішінді заттарды бейнелейтін суреттерді көрсету керек.) Балалар сопақшаға ұқсайтын заттарды табады, оларды атайды. – Енді балалар, қолдарыңызға сары тіктөртбұрышты алыңдар. Саусақтарыңды жиегімен жүргізіп көріңдер. Оның бұрыштары бар ма? Қанша бұрыш? Қабырғалары бар ма? Қанша қабырға? Тіктөртбұрыш пен шаршыны салыстырып, сұрақтарға жауап береді. – Тіктөртбұрыш қандай геометриялық фигураға ұқсайды? (Шаршы) – Сары тіктөртбұрышқа бірдей өлшемдегі жасыл шаршыны тұстастырып сал. – Бұл фигуралардың айырмашылығы қандай? – Бұл фигуралар қалай ұқсас? Балалар ұқсастығы мен айырмашылығын табады, шаршының барлық жақтары тең, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары тең. Шаршы мен тіктөртбұрыштың 4 бұрышы, 4 жағы бар.

Математика негіздері

  Фигуралар мен денелер     

 Міндеті: - -Фигуралар мен денелерді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу 

1-тапсырманы орындауды ұсыну. – Жануарлардың фигураларына қара. Жапсырмаға қандай фигуралардың пайдаланылғанын ата. Сопақшалар пайдаланылған фигураларды қоршап сыз. Балалар топтарға бөлінеді, олардың біреуін қайталауды ұсынуға болады. Үстел үстінде жапсырмаға арналған фигуралар салынған конверттер. 2-тапсырма. Шарды, текшені және цилиндрді тап. Шарды қызыл түспен, текшені көк түспен, цилиндрді сары түспен боя. 3-тапсырма. Әр суреттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы фигураны көк түспен, сол жақ төменгі бұрышындағы фигураны қызыл түспен, ортасындағыны сары түспен боя. 4-тапсырма. 1-ден 9-ға дейін цифрларды ретімен сызып қос. Не пайда болды? (Жұлдызша шықты!) «Сиқырлы алаң» дидактикалық ойыны. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог топтарға үлестірмелі материал парақтарынан кесілген заттардың суреттері мен фигураларды – №34, №35, №36 парақтарды таратады. – Егер фигураның айналасына оған ұқсас заттарды жинасаң, онда шаршы бейнесі шығады!

Көркем әдебиет

 Кітап – білім бұлағы

 Міндеті: - Кітап туралы түсінігін кеңейту. Көркем сөзге қызығушылығын ояту. Кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Көп әңгімем, өлеңім,

 Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін. (Кітап)

– Балалар, кітап туралы не білесіңдер? – Кітап – ақылды серігің, досың. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітаптан білмегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, қуанасың. Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасы. Кітапты көп оқыған, күтіп ұстаған баланы барлық адам жақсы көреді. – Бүгін біз ақын Жеңіс Қашқыновтың «Кітап – білім бұлағы» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып береді. Кітап – білім бұлағы Жақсы әңгіме, өлеңді Әр бетінен табамын, Мол қызыққа батамын. «Кітап – білім бұлағы» Деген сөзі атамның Есімде ылғи тұрады

Сөйлеуді дамыту

  Қаңтар 

Міндеті: -Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға баулу 

Мақал-мәтелдер

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы –

дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Мемлекттік рәміздер. Мемлекеттік Елтаңба  

Міндеті: - Мемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру   

 Постермен жұмыс.

Педагог шағын мәтінді оқиды. Мынау – Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбамызда шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

– Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?

– Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.

– Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?

– Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды

Көркем әдебиет

Қайтпай қалған қарлығаш

Міндеті: - - Шығармадағы әрекеттердің дамуын қадағалауға баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? Бұлтты ма, ашық па? – Қыс мезгілінде қандай құстарды көресіңдер? (Слайдтан көрсетеді). – Ал қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді? – Егер сенде сиқырлы таяқша болса, құстарға қалай көмектесер едің? Адамдар, аңдар, құстар – барлығы да қысқа дайындалады. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Соның бірі қарлығаш. Бүгін біз қарлығаш туралы автор Тайжан Тойбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді   Сөздік жұмысы: дәрменсіз – әлсіреген, жараланған биікке самғау – биікке көтеріліп ұшу қора – мал қамайтын орын, жай Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Әңгіме қалай аталады? – Бала қарлығашқа неге таңданды? Әңгімедегі баланың аты кім? – Қарлығашты көрген Асан атасына не деді? – Асан қарлығашқа қандай қамқорлық жасады? – Қарлығаш балаға ризашылығын қалай білдірді?

Сөйлеуді дамыту

 Қыс қызықтары 

Міндеті:  Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру

–Қыс мезгілінде неше ай бар?

–Балалар, қыс мезгілінің үш айы да қарлы, аяз, ызғарлы суықпен өтеді.

–Балалар, сендер қар қайтіп жауатынын білесіңдер ме?

–Дұрыс, қар жапалақтап, түйіршектеніп те жауады.

–Кәне, бәріміз бірге «жапалақтап», «түйіршектеніп» деген сөздерді қайталайық.

–Балалар, қардың түсі аппақ, жер бетінде күмістей, жып-жылтыр болып жалтырап жатады. Қар – жұмсақ ұлпа

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Қаңтар

Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы

Сауат ашу негіздері

 Дыбыстық талдау

Міндеті: Сөздерге дыбыстық талдау жасау, суреттерді өз дыбыстық сызбасымен сәйкестендіру   

Дүкендегі ойыншықтарды ата. Сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалармен бірге тапсырманы талқылайды. Балалар ойыншықтарды атайды. (Зымыран, робот, ғарышкерлер, қоян, мысық, түйе, керік, секіртпе, мүйізтұмсық, арыстан, скейт, ұшақ, доп, қуыршақтар, мәшине). Зымыран – з –дауыссыз дыбыс. Робот – р –дауыссыз дыбыс. Ғарышкерлер - ғ –дауыссыз дыбыс. Қоян - қ –дауыссыз дыбыс. Мысық - м –дауыссыз дыбыс. Түйе - т – дауыссыз дыбыс. Керік - к –дауыссыз дыбыс. Секіртпе – с –дауыссыз дыбыс. Мүйізтұмсық - м –дауыссыз дыбыс. Арыстан - а –дауысты дыбыс. Скейт - с –дауысссыз дыбыс. Ұшақ – ұ –дауысты дыбыс. Доп - д – дауысты дыбыс. Қуыршақтар - қ– дауыссыз дыбыс. Мәшине – м – дауыссыз дыбыс. Педагог балаларға ойыншықтардың басталып тұрған дыбыстарын қайталатып, дұрыс айтуға жаттықтырады. – Суреттегі балалар қандай ойыншық таңдайды, ал сен қандай ойыншық таңдар едің? Балалардың ойларын тыңдау. 2. Суреттерді ата. Тиісті дыбыстық сызбамен қос. 3. Дыбыстық талдау жаса. Шеге сөзінің дыбыстық талдауы. Педагог тақтаға шеге сөзінің дыбыстық талдауын іледі. Балаларға дәптерде жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Бір бала тақтада талдау жасайды. Шеге сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар, 2-дауысты, 2-дауыссыз дыбыс.

Сауат ашу негіздері

  Сөйлем құрай білеміз

Міндеті: - Сөйлем құрау және сөйлемді толықтыру, өз ойларын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр» Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету. Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет. Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы: Әсем ойнап жүр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем аулада ойнап жүр. Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Әсем аулада досымен ойнап жүр. Дидактикалық ойын: «Көп-аз» Педагог: -Мен сендерге сөзді көпше түрінде айтамын да допты лақтырамын, допты қағып алған бала сол сөздің жекеше түрін айтады да допты кері лақтырады. Мысалы: балықтар – балық, керіктер – керік, алмалар – алма, гүлдер – гүл, ағаштар – ағаш, қоңыздар – қоңыз, ұлулар – ұлу, орындықтар – орындық, тарақтар – тарақ т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі ойын түрлерін ата. Сөздерді буынға бөл. Ойын атауларын қатыстырып, сөйлем құра, сызбасын сыз. («Мысық-тышқан», әткеншек, асық, батпырауық, сырғанақ, доп)

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «  Серпер» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

   Серпер

    Ақпан

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен таныстыру

 Әлем жануарлары  

Міндеті: - Әлем жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту   

Балаларды ортаға жинау. – Мен әртүрлі жануарларды атаймын. Біздің елімізде жоқ жануарлардың атын естігенде орындарыңнан секірулерің керек (бизон, түйе, қой; қаз, қоян, кенгуру; жылқы, жолбарыс, аю; бұғы, тиін; керік, тауық, ешкі; үйрек, қырғауыл, тырна; әтеш, күркетауық, тауыс; түлкі, ит, маймыл; піл, сиыр, сілеусін; құлан, мысық, тышқан; ақбөкен, ақ аю, пингвин; итбалық, қасқыр, арыстан).

. «Қолтырауындар тобы!», «Пілдер тобы!», «Керіктер тобы!», «Пандалар тобы!» деген төрт топ құрылады. Гонг ұрылып, интербелсенді тақтадан үй, тәрелке, қасықтың суреті суреті шығады. Әр топ өз атындағы жануардың тіршілік ету ортасын және немен қоректенетіндерін әңгімелейді. Балалар жануарлар бейнесіндегі ата-аналармен бірігіп, планшет, ноутбуктерді қолданып, панда, керік, піл, қолтырауындардың тіршілік ету ортасы туралы мәліметтерді қарайды, ақылдасады, әр топтан бір бала шығып қорғайды. Балалар өз пікірлерін дәлелдеп жатқанда, интербелсенді тақтадан сол жануалар туралы слайдтар көрсетіледі. «Қолтырауындар тобы»: Қолтырауын кесірткеге ұқсас. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған. Балық, жануар, кейде құстармен қоректенеді.

Қазақ тілі

Мемлекттік рәміздер. Мемлекеттік Елтаңба 

Міндеті:- - Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттай  білу үйрету, тақпақты жаттау   

«Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Елтаңбаны сипатта, сөйлем құра.

– Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.

– Елтаңбада тұлпар бейнеленген.

– Елтаңбада жұлдыз бейнеленген.

2.Тақпақ жатта.

Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңбамыз – ел беті,

Төрге ілінер көрнекі.

Анам таққан шолпыдай

Дөп-дөңгелек, өрнекті.

 Сауат ашу негіздері

 Біз нені білдік?

Міндеті: - Сызбаға сәйкес дауыссыз дыбыстардан басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру   

Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын ата» ( суреттер көрсету). – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), әтеш(ә), өшіргіш(ө), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. – Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? – Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды. – Балалар, өнерлі бала деп кімдерді айтамыз? – Сендердің қандай өнерлерің бар? Өнерлі болған жақсы ма әлде жаман ба? Мақал-мәтел 1. Өнерлі өрге жүзеді. – Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Балаларға өз ойларын айтқызу

  Қоршаған ортамен таныстыру

 Табиғаттағы маусымдық құбылыстар

Міндеті: - Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.

 Балалардың көңіл күйлерінің қандай екенін сұрайды , ауа райына назар аударуды ұсынады: Аспанда аппақ бұлттар қалқып барады, әрқайсысы бізге өзгеше бір пішінді көрсетуі мүмкін. Жеңіл самал жел ағаштардың бұтақтарын тербетеді. Жарқыраған күн – біздің серігіміз, досымыз. Бүгінгі көңіл күйіміз ештеңеге көлеңке түсірмесін. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: бірде қар жауады, бірде жаңбыр жауады, бірде күн ашылады, бірде аспанды бұлт жабады. Бұлардың барлығын табиғат құбылыстары деп атайды. Табиғат құбылыстары – адамның еркіне қарамастан табиғатта болатын өзгерістер. Көптеген табиғат құбылыстары жыл мезгілдерінің ауысуымен байланысты, сондықтан оларды маусымдық деп атайды. –Маусымдық құбылыстар қандай табиғатқа жатады? –Жансыз табиғатқа. Жансыз табиғат құбылыстары: найзағай, кемпірқосақ, жаңбыр, тұман, дауыл т.б. Педагог балаларды Қырағымен бірге ауа райы құбылыстарын тамашалауға шақырады. 1-слайд. Интербелсенді тақтадан әртүрлі ауа райы көрсетіледі (шуақты күн, жаңбырлы, бұлыңғыр, желді, аязды, ашық, нөсер жаңбыр, найзағай жарқылдауы, қар аралас жаңбыр, көктайғақ). 2-слайд. Ауа райын болжап, бізге хабарлап отыратын мамандар метеорологтер деп аталады. Олар ауа райын болжайды. Мына құрылғылар термометр, флюгер деп аталады. Термометр ауаның температурасын өлшейді. Флюгер желдің бағытын анықтайды. –Балалар, бізге ауа райын білу не үшін қажет? –Балабақшаға барарда қандай киім кию үшін керек. 3-слайд. –Қандай мамандарға ауа райын білу өте қажет? –Автобус, мәшине жүргізушілеріне, алыс жолға шығатын жолаушылар көліктеріне, ұшқыштарға, кемелерге өте қажет. –Ерте заманда, ауа райын болжайтын мамандар болмады. Халық ауа райы белгілеріне қарап, жан-жануарлардың мінез-құлқына қарап, болжамдар арқылы ауа райының қандай болатынын біліп отырған.

 Дене тәрбиесі

  Біз көңілді балалар

Міндеті: - Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет);    

II.«Қатып қал!» ойын жаттығуы. Шашырап жүру, жүгіру. «Қатып қал!» бұйрығы бойынша бір орындарында қатып қалады.

Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. Нөмірлері бойынша топ болып сапқа тұрады.

30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру. Нұсқау – екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады.

Заттардың жанында екі тізбекке тұрады. Топтарға ат қояды. Поролон текшелерден секіріп, құрсауды айналып өтіп, таяқшаны келесі балаға алып келіп, өзі тізбектің соңына тұрады. Келесі жолы топ болып секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтып келеді. Екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. Саптан шықпай, бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады

                                                                                              Қауіпсіздік сабағы : «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»  

Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін үйрету.

Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері: - Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам жүгірмеңіз. - Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз. - Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз. Әткеншекте ойнау ережелері - Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап тербелу керек. - Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды. - Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз. Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері: - Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз. - Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз. - Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Карусельдегі тәртіп ережелері: - Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз. - Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз. Құм жәшігіндегімінез-құлық ережелері: - Басқа балаларға құм шашпаңыз. - Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз.

Пайдалы сілтемелер: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Музыка

   Айнала ақшақар

Міндеті: - Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру

Музыка тыңдау:  «Вальс»   (Қ. Шілдебаев) Ән айту: 

«Айнала ақша қар»  (И. Мамақов) «Қыс келді»  (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә. 

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі»  (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: 

«Көлеңке»  (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)

Музыка

 Бесік жыры 

Міндеті: - Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету 

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)

Дене тәрбиесі

 Қабырғаға өрмелейміз

Міндеті:  . - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).

Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан  екінші сатысына  диагональ бойынша адымдап өтуге, өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру, қол мен аяқ қозғалысын үйлесімді қозғау

Дене тәрбиесі

 Біз көңілді балалар

Міндеті: - Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр). .

Антарктида

Антарктидада жыл бойы қыс болады. Пингвин – оның мекені.   «Пингвиндер» ойын-жаттығуы

Екі тіземен допты қысып алып жүру. Екі топқа бөлінеді. Екі топ екі тізбек болып тұрады. Бастаушы  балалар екі тізе ортасына допты қысып, белгіленген жерге екі аяқпен секіріп барып, кері жүгіріп келіп, тізбектің соңына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді.  

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

 Атама арналған  тымақ 

 Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру

-- Аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

--Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

-- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін

Топтық жұмыстар 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

   Серуен-Бақылау №1

 Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау.

Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен танысты

ру, қыстап қалатынқұстар  туралы мағлұмат беру.қамқор

лықпен қарауға үйрету.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

 Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре

отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Қыс келгенде торғайым

Үй алдына қон дәйім.Ойна,жүгір желкілде,

Тисем саған оңбай

мын.

Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік                           қорларының белсенді

лігін арттыру,   тіл

мәдиниетін жетілдіру.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойында

ғы  зейінділік, сезім

талдық қабілеттерін дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

 Серуен-Бақылау №2

Бақылау: Қарды бақылау.

 Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік

терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.

 Тақпақ:

Аппақ көше, бар дала,                   Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

 Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

 Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,

үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.Сөздік

қорын дамыту, ойын

 жүйелеп жеткізе білуге үйрету.

Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».

Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №3

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді  үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі  қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №4

Бақылау: Аязды бақылау.

 Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап,  мойын

 орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс  жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс  ұстауға үйрету.

 Қим.ойын:  «Сырғанақ тебу».

Мақсаты: Балаларды  ұйымшыл тату ойнауға, шанамен  ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.      

Жеке жұмыс: Жұмбақ. Терезеге қонады,

 Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.              

Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшандыққа , ептілікке баулу

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау.

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Өзденбай Балым   

 Сөйлеуді  дамытудан

 Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруге үйрету              

Ыдырысбек Кенесары              

 Дидактикалық  ойын  жаттығуы: «Дұрыс,  бұрыс»

Мақсаты:  Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар  дұрыс  болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес  болса «дұрыс емес» деп жауап  береді.

Ілескен Шахмұхаммед                         

 Музыкалық -ырғақтық  жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге  сәйкес түрлі  қарқынды  таныс  дене жаттығуларын    орындату

Алтай Асылым                  

 Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруге үйрету

Сембек Кәусар

 Дидактикалық  ойын  жаттығуы: «Дұрыс,  бұрыс»

Мақсаты:  Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар  дұрыс  болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес  болса «дұрыс емес» деп жауап  береді

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

 «Үй жануарлары»  Мақсаты:тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастырады.

 «Сұрақ – жауап» Мақсаты: қойылған сұрақтарға нақтылып жауап бере алады. Өз ойын ашық айта алады.

   «Секіргіштер»

 Мақсаты: жеңіл секіру дағдыларын жетілдіру

 «Ғажайып қобдиша» Мақсаты: Ойын барысында  балалар зерек болу керектігін ұғады. Суреттерден артық суретті табады.. Бір-бірін тыңдай алады.

 «Таспаны кім тез орайды?»

 Мақсаты: қол қимылдарын шапшаңдықпен жасай алады.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта    17 -21  ақпан  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие»  Жасампаздық пен жаңашылдық айы      « Апта дәйексөздері»-  «Өнерлі бала өрге жүзер»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   17.02

Сейсенбі    18.02

Сәрсенбі    19.02

Бейсенбі  20.02

Жұма   21.02

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Д/ойын:  «Қарап ал

да есіңе сақта»

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есі

не сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жану-

арларының,аңдардын және құстардың жал-

пы аттарын айтқызу.

Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.

Д\ойын «Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Қоржындағы затты сипап біліп атау. Бала затты дұрыс сипаттап бергеннен соң ғана зат қаптан алынып, балаларға көрсетіледі, ал дұрыс аталмаса қаптан алынбайды.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д/ойын:«Экологиялық пирамида».

Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.

Д/ойын: «Зоологиялық домино».

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері:

 Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

Д/ ойын:Не артық?

Мақсаты: Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

« Күн мен түн »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар бірі « Күн», екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

 Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Ойын мазмұны: Тақпақ айтып, бір қызды « кемпір» етіп сайлайды. Қалғандары қаз болады. « Кемпір» шетке шығып тұрады, басқа ойыншылар қаздай тізіліп, бірінің соңынан бірі ұстап:

Гөк, гөк, көги көк,

Гөк, гөк, көги гөк.

Гөк, гөк, көги гөк,-деп қаздың жүрісіне еліктей ақырын оң мен солға шайқалып, « кемпірдің» қасына келеді.

Бірінші келген балаға беріп: « Жоғалтпаңдар!»-деп тапсырады.

Балалар айнала жүріп, қайтадан қаздай тізіліп « кемпірге» келеді.

« Кемпір»

Әлгің қайда?

Қалды сайда!-деп сұрайды.

Балалар бәрі бірдей.

Әлгің қайда?-

Қалды сайда!-деп жауап береді. Олай болса сендердің біріңді алып қаламын, деп « кемпір» балаларға бас салады. Балалар тізбегін жазбай қаша жөнелуі керек. Қолға түскен біреуін « кемпір» қасына алып қала береді. Ойын барлық балаларды түгел ұстап болғанша қайта жалғаса береді.

 «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

« Аққу-қаздар »

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Ойын мазмұны: Алаңның бір шетіне қаздар тұратын үй белгіленеді, қарсы шетіне бақташы тұрады. Үйдің бір жақ бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым болады. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығады, олар жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа.

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп сусын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз

Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы: Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып тұр сұр қасқыр.

Бақташы: Олай болса, қалаған,

Жақтарыңа бар аман.

Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарфын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 11

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 Менің Қазақстаным

ҚР гимні

 Шаттық шеңбері:

 Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

Шаттық шеңбері:

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

Шаттық шеңбері:

  «Сиқырлы таяқша»

  Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

  Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

  Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

  Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

  Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Шаттық шеңбері:

«Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Шаттық шеңбері:

  «Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

  Бүтін және бөлік

Міндеті: Бөліктерден бүтін құру және оларды қайта бөліктерге бөлу   

   Сарғыш түсті дөңгелекті алып, оны екіге бөледі. – Әлия апельсинді екіге бөледі. Апельсиннің әр бөлігін қалай атаймыз? (Жарты. – Ал егер екі жартысын біріктірсек, не аламыз? (Тұтас немесе бүтін апельсин шығады. Барлығы біріктіріледі.) – Әлия апельсинді қанша бөлікке бөлді? – Қайсысы бүтін немесе бір бөлігі? – Бөлшектерді қалай алуға болады? (Бүтіннің бөліктерін қосыңыз.) – Сырым апельсинді 4 тең бөлікке бөлді. Бұл бөліктер ширек деп аталады. – Егер біз ширек бөліктерді біріктірсек, не аламыз? (Тұтас, бүтін.)

– Сырым апельсинді қанша бөлікке бөлді? – Қайсысы артық жартысы немесе төрттен бір бөлігі? – 2 немесе 4 саны? Практикалық жұмыс. Педагог пиццаны немесе бәлішті алдымен екіге, содан кейін 4 бөлікке кесуді ұсынады. – Бөлшектерден тұтасты қалай шығаруға болады? Қорытынды: бөлшектерден бүтін алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу керек. Балаларды топтарға бөледі. Әр топқа 1 геометриялық конструктор: №33 парақ беріледі. Үлгі бойынша балалар суреттер немесе ою-өрнектер салады. Фигуралардың бөліктерін атап, басқаларға көрсетеді

 Математика негіздері

Заттың бірнеше тең бөліктері

Міндеті: -Заттарды бірнеше тең бөліктерге бөлуге; «жарты, ширек, үштен бір бөлігі», деп атауға, бүтін мен бөлікті салыстыруға үйрету

Жапсыруға талдау жаса. – Жапсыруда не көрдің? – Саңырауқұлақтың қалпағы жасалған фигураны қалай атаймыз? – Дөңгелек бөліктерге бөлінді. Бұл бөлік – дөңгелектің жартысы. Біз фигураларды екіге бөлуді үйренейік, ол үшін дөңгелектің шеттерін тұстастырып мұқият бүгу керек. Педагог балаларға түрлі түсті қағаздан төртбұрыштар, дөңгелектер, сопақшалар таратады. Педагог үлкен нұсқаулықтағы көрнекіліктерді көрсетеді. Практикалық жұмыс. Педагог балаларға қызыл және жасыл дөңгелектерді көрсетеді. – Фигуралар қалай аталады? (Дөңгелектер.) Қызыл дөңгелекті алып, оны екіге бүктеп, кесектерін қиып, бір-бірінің үстіне қойып, бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсетеді. – Мен дөңгелекті қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Дөңгелектің неше бөлігі шықты? (Екі.) – Бұл бөліктер «жарты» деп аталады. Уақыт береді және жарты дөңгелек жасауға көмектеседі. Балалар қияды. Қайталаймыз: жарты. Педагог жасыл дөңгелекті алады. Оны екі рет екіге бүгіп, оны 4 тең бөлікке бөледі, бір-біріне қабаттастырып, бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсетеді. – Мен дөңгелекті қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Дөңгелектің неше бөлігі шықты? (Төрт.) – Бұл бөліктер «ширек» деп аталады. Балаларға уақыт береді және ширек бөлігін қиып жасауға көмектеседі. Балалар қияды. Қайталаңыз: төрттен бір. Педагог қоңыр кесіндіні алады. Оны 3 тең бөлікке бүктейді, кеседі және бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсете отырып, бірінің үстіне бірін қояды. – Мен кесіндіні қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Қанша бөлік шықты? (Үш.) – Бұл бөліктер «үштен бір» деп аталады. Уақыт береді және кесінділерді 3 тең бөлікке қиюға көмектеседі. Балалар қиып тастайды. Қайталаймыз: үштен бір. Балалар хормен бөліктердің атауын қайталайды (жарты, төрттен бір, үштен бір). «Дөңгелекті бүкте» дидактикалық ойыны. Кесілген бөліктерден дөңгелекті жинауды сұрайды. Оның бөліктерінен тұтас фигураны жаса. Балалар фигураны бөліктерге бөліп, оны бөліктерден құрастыруға болады деген қорытынды жасайды

Математика негіздері

Заттың бірнеше тең бөліктері    

Міндеті: -  -Заттарды бірнеше тең бөліктерге бөлуге; «жарты, ширек, үштен бір бөлігі», деп атауға, бүтін мен бөлікті салыстыруға үйрету

«Бәлішті бөлу» ойын жаттығуы. Педагог балаларға бәліштің суретін таратады, оны тең бөліктерге бөлетін сызықтар салуды сұрайды. Содан кейін балалар әр бөлікті атайды: жартысы, төрттен бірі, үштен бірі және т.б. «Түстер бойынша» ойын жаттығуы. Балалар тең бөліктерге бөлінген суреттерді немесе фигураларды алады. №33 парақты пайдаланып немесе түрлі түсті қағаздан кесуге болады. Суреттің/фигураның әр бөлігі бірдей түске боялған. Балалар бір түсті бөліктерді тауып, затта қанша бөлік бар екенін салыстырып қарауы керек.

«Суретті жинау» ойыны. Балаларға суреттің кесілген бөліктері таратылады. Балалар суретті жинап, бүкіл суреттің қанша бөліктен тұратынын атауы керек.

Көркем әдебиет

  Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

 Міндеті: - Алдаркөсе туралы түсінігін кеңейту. Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға үйрету. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру

– Ертегі тыңдаған ұнай ма? Алдаркөсе туралы не білесің? – Бүгін Алдаркөсе туралы қызықты ертегімен танысамыз. Алдаркөсе – қулығымен, айласымен адамдарға жақсылық жасап, көмектесіп отырған. Педагог «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісін оқып береді, мазмұнын ашады   Алдаркөсенің суретін слайдтан көрсетеді. Сөздік жұмысы: сараң – ешкімге ешнәрсе бермейтін, қолы тар, қытымыр адам қулық – амал, айла Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Шықбермес Шығайбай қандай адам? – Алдаркөсе Шығайбайды алдау үшін қандай қулық ойлады? – Алдаркөсе жабықтан сығалағанда не көрді? – Алдаркөсе үйге кіргенде, үйдегілер қандай әрекет жасады? – Шығайбай Алдаркөседен не туралы сұрады? Алдаркөсе не деп жауап берді?

Сөйлеуді дамыту

   Қаңтар

Міндеті: Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу 

Мақал-мәтелдер

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы –

дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

 тәжірибе: Судың пішіні бола ма? Су-сұйық зат, ол ағады. Пішіні болмайды. Суды мөлдір стаканға құю. Даусын естірту.

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Судың өзіне тән қасиеттері болады.

Дидактикалық ойын: «Егер де… не болар еді?»
Егер де су болмаса, не болар еді?(шөптер қурайды, қатты шөлдейміз)
Егер де ауа болмаса не болар еді? (тыныс ала алмаймыз)

Егер де жер бетіндегі су жоғалып кетсе не болар еді?

Егер де суды аязға шығарып қойса не болар еді?

Егер де шәйнектегі суды көп уақытқа отқа қойса,не болар еді?

«Дәмін ажырат, сипатта» ойынын ойнайық

Балалардың көзін байлап сүт, шырын, тұз, шекер дәмін татқызу. Балалардан дәмі арқылы не екенін тәтті ме, ащы ма т.б.сұрау.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

  Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан

Міндеті: - Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білу   

Нұр-Сұлтан қандай қала?

– Нұр-Сұлтан – астана.

Қуыршақ Сәуле: Мен сендерге Нұр-Сұлтанның көрікті орындарын көрсете аламын.

Интербелсенді тақтада көрсету. Нұр-Сұлтан – біздің астана. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы. Мынау – көше. Астанада көшелер көп.

– Көше таза. Көшелер таза.

– Мынау – үй. Үй – үйлер.

– Биік үй. Биік үйлер.

– Әдемі үйлер.

– Мынау – Бәйтерек. (Түсінік беріледі).

Бәйтерек әдемі.

Мынау – ескерткіш.

Мынау – үш би ескерткіші.

Нұр-Сұлтан – жаңа қала.

Нұр-Сұлтан қандай қала екен? (Балалар «әдемі», «таза», жаңа сөздерін қолданып, жауап береді).

Нұр-Сұлтан – жаңа қала. Нұр-Сұлтан – әдемі, таза қала

 Көркем әдебиет

   Бір атаның ұрпағы

Міндеті: - - Әңгіме мазмұнын дұрыс қабылдауға үйрету. Әңгімені мазмұндап айтуға дағдыландыру. Табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Тақтадан қыс мезгілі, қар, мұз, су суреттері көрсетіледі. – Суреттен не көріп тұрсыңдар? Қар, мұз қай кезде болады? – Қар аппақ, жұмсақ, суық болады. Үлпілдек қар тез ериді, жеңіл, пішіні әртүрлі болады.

– Ал мұз қатты, жылтыр, тайғанақ, мөлдір әйнек сияқты. – Қар ұлпалары неге ұқсайды? (жұлдыз, гүлге) – Қардың, мұздың түсі қандай? (қар ақ, мұз түссіз) – Бүгін біз жазушы Нәсіреддин Сералиевтің «Бір атаның ұрпағы» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: үлпілдек – жеңіл жұмсақ – нәзік, мамық Сұрақ-жауап: – Әңгіменің авторы кім? Әңгіме қалай аталады? Әңгіме не туралы? – Қар қандай? Қар мен мұздың айырмашылығы қандай? – Қар не деп мақтанды? Мұз қалай мақтанды? Оларға су не айтты? – «Бір атаның ұрпағымыз» деген сөзге қар мен мұз неге таңғалды? Дидактикалық ойын: «Қайсысы ұнайды?» (баланың ойлау қабілетін дамыту) Шарты: суреттен көрген заттың атын атап, қайсысы ұнайтынын айту.  

Сөйлеуді дамыту

    Кеме (өлең)

Міндеті: -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу 

–Суда жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер?

–Кемеде матростар жұмыс істейді, оларды капитан басқарады.

–Кемелер жүзу үшін не керек?

Педагог ыдысқа су құйып, қағаз кемені суға жібереді.

–Кеме не үшін керек?

Кеме тез жүзу үшін үрлеп толқын жасайық. Енді кемеге ат қояйық. Өзімізді кемеде отырмыз деп елестетейік те, Ермек Өтетілеуұлы ағамыздың «Кеме» өлеңінмен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Міне, Кеме, Мінем, Мен де.

Сапарға алыс шығамын, Теңіз сырын ұғамын.

Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай, Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады: Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай.

Кемемізді жағалаулар шақырады

Сауат ашу негіздері

  Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті:  - Сөйлем құрау, дауысты дыбыстардың түрлерін анықтай отырып, буынға бөлу дағдыларын жетілдіру.

Ойын: «Сөздер тізбегі» (доппен) Педагог балаға допты беріп сөз айтады. Бала айтылған сөздің соңғы дыбысына сөз айтып, допты әрі қарай береді. Сөзді айтқанда бастапқы және соңғы дыбысты анық айту қажет. Сөздер тізбегін айту барысында нені анық айтып, нені мұқият тыңдадыңдар? (Дыбысты) Мысалы: шар-радио-ожау- уылдырық-қымыз-зәкір-рауғаш-шалма-алма-алтын-нан-нұр-ризаалмұрт-тас-сағат-тарақ-қасық-қант-табақ-қалам-мама-апельсин-нағашы-ыдыс-семсер т.б.). Дидактикалық ойын «Жоғалған дыбыс» – Мен сендерге суреттерді көрсетіп, суреттің атауын бастапқы дыбысын дыбыстамай айтамын, ал сендер менің қатемді түзеп, жоғалған дыбысты қосып сөзді толық айтуларың керек. Мысалы: - ...олбарыс(ж), ...ысық(м), ...аймыл(м), ...асбақа(т), ...ышқан(т), ...рыстан(а), ...арабан(б), ...әріхана(д), ...арындаш(қ), ...аламсап(қ), ...өзілдірік(к), ...үшік(к) т.б. Дидактикалық жаттығу: «Қайсысы дұрыс?» – Балалар, мен бір дыбысын анығырақ созып, қандай да бір сөзді айтамын, ал сендер тура солай қайталаңдар. Қалай айту керек, қайсысы дұрыс екенін анықтаймыз. Мысалы: ааалжапқыш-алжапқыыыш, бааағдаршам- бағдаршааам, дәәәріхана-дәріханааа, қооойылым- қойылыыым, ААалпамыс-Алпамыыыс т.б.

Сауат ашу негіздері

 Біз нені үйрендік, нені білдік? 

Міндеті:  - Сызбаға сәйкес сөйлем құрауға, сөздер ішінен мағынасына қарай артық сөзді таба білу дағыларын жетілдіру

Дидактикалық ойын: «Сөз жарыс»

-Балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырып айтамын сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерді буынға бөлулерің қажет. Мысалы: киімдер, гүлдер, сандар т.б. Кім көп сөз айтып, буынға бөлсе, сол жеңімпаз болады (сөз айтып, буынға бөлген балаға жұлдызша беріліп отырады). Жұлдызшаны санау арқылы жеңімпаз анықталады. Дидактикалық ойын: «Қағып ал» – Мен сендерге сөздің бірінші дыбысын айқынырақ айтып, допты лақтырамын. Сендер мен айқынырақ айтқан дыбысты қайталап, допты өзіме лақтырасыңдар. Мысалы: қққасқыр(қ), ееетік(е), тттүлкі(т), өөөрік(ө), бббалық(б), сссағат(с), ааалқа(а), жжжаз(ж), ммоншақ(м), қққоңыз(қ), қққолшатыр(қ), бббілезік(б), жжжұлдызша(ж) т.б. – Қай дыбыстар созып айтылмайды екен. Оларды қандай дыбыстар дейміз? Дидактикалық жаттығу: «Буындардан сөз құра» – Балалар, мен буындар айтамын сендер сөз құрылатындай екінші буынды айтуларың керек. Мысалы: Мақ-та, жапа-лақ, дәп-тер, кар-топ, жыл-қы, ма-са, көбе-лек, домбы-ра т.б. – Балалар, сендер балабақшаға келе жатқанда жолда, нелерді немесе кімдерді көресіңдер? Айтып беріңдерші?

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Ақсақ құлан» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Ақсақ  құлан

 Ақпан

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен таныстыр

Кеңістікті бағдарлау

Міндеті: Балалардың кеңістікте бағдарлау қабілетін бекіту

Мысықай деген не? –Мысықай, марғау – мысықтың баласы. –Мысықай қайда шықты? –Жоғары, сатының басына шықты. Анасы төменде, тышқан аңдып отыр. –Кеңістікті бағдарлау дегеніміз – заттардың, адамдардың арақашықтықтарын, өлшемдерін, пішіндерін, өзара орналасуын және олардың адамға қатысты орналасуын анықтау. Педагог балалардың назарын интербелсенді тақтаға аударады. Суретте саябақ бейнеленген. Саябақта ағаштар өсіп тұр, демалатын орындықтар тұр, мысық күнге қарап, маужырап отыр, құстар ұшып барады, жолдың шетінде гүлдер өсіп тұр. – Суреттің жоғары жағындағы, ортасындағы, жолдың оң және сол жағындағы, мысықтың орналасқан жерлерін анықтаймыз. – Суреттің жоғары жағында құстар, Күн, бұлт орналасқан, суреттің ортасында жол жатыр, мысық орындықтардың ортасында отыр, жолдың оң жағында раушан гүлдері өсіп тұр, сол жағында түймедақ гүлдері өсіп тұр. – Гүлдердің өсіп тұрған жерін айтыңдар. – Балалар «Гүлдер жолдың екі жақ шетінде өсіп тұр» деген ортақ пікірге келеді. Педагог балаларды санамақ бойынша екі топқа бөліп, бір топ жолдың оң жағына орналасқан нәрселерді ғана, ал екінші топ сол жағына орналасқан нәрселерді атауды ұсынады. Тақтадан Қырағы бейнесі пайда болады, ол суреттер арқылы «таудың етегінде» деген сөздің анықтамасын табуды ұсынады, балалар таудың етегі – таудың төмен жағы екенін дәлелдейді

Қазақ тілі

  Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан

Міндеті:- - Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тақпақ жаттау   

 Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ә-ә-ә-ә – бә-ә-ә й-те-рек – бәйтерек.

І -і-і, іс, ін, іні, іш-кіш – мынау – ескерткіш.

Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау.

Қа...(қала)

Кө... (көше)

Та... (таза)

Нұр-Сұлтан – жаңа... (Нұр-Сұлтан – жаңа қала.)

Нұр-Сұлтан – ... ( Нұр-Сұлтан – таза қала. Нұр-Сұлтан – әдемі қала.)

Сауат ашу негіздері

 Біз нені білдік?

Міндеті: Суреттен іс-әрекетті білдіретін сөздерді анықтап айта білуге, сөздердегі буын санын анықтауды жалғастыру 

 Дидактикалық ойын: «Орамал тастамақ». Педагог дыбысты айтып, бір баланың үстеліне орамал тастайды. Бала сол дыбысқа сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек. Мысалы: «а» алма, «о» оқ, «а» алқа «д» доп, «б» балық, «ж» жапалақ, «с»сағыз, «р» рауғаш, «у» уық, «к» кілем, «т» тарақ, «қ» қызылша, «ш» шырша, «а» асқабақ т.б. Дидактикалық ойын: «Пішініне қара»

 Педагог балаларға көк түсті шаршыны көрсетіп, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді айтуларын сұрайды. Мысалы: палатка, ферма, көбелек, қала, трактор, шахмат, сағыз, хат, циркуль, чемпион, щетка, піл, фотоаппарат, киіз, қасық, тасбақа, шегіртке, сүт, халық, цирк т.б. Дидактикалық ойын: «Эстафета». Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады. Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді айтуы керек.

Қоршаған ортамен таныстыру

Қоректену тізбегі 

Міндеті:  - Сызба арқылы табиғаттағы өсімдіктермен жануарлардың, адамның өзара байланысын көрсету

«Жапалақ» әңгімесін оқиды: «Бір күні ата жапалақты ренжітіп қояды. Жапалақ ашуланып, оған енді қайтып тышқандарды ауламайтынын айтады. Ата бұған мән бермейді. Жапалақ тышқан аулағанын қояды, тышқандар көбейіп, барлық табиғатқа зиянын тигізе бастайды. Олар тіпті араның ұясына дейін кеміріп тастайды. Аралар жойыла бастайды. Атаның сиыры жайылатын алқапта жоңышқа шөбі өспей қалды. Неліктен? Балалардың пайымдауларын тыңдап, педагог түсіндіреді: – Өйткені аралар жоңышқаға ұшып, қонып, оларды тозаңдандырады, тозаңданбаған жоңышқа гүлдемейді, көбеймейді. Педагог әңгімені жалғастырып оқиды: «Сөйтіп атаның алқабында жоңышқа өспегендіктен , сиыр жайыла алмай қалды, сүті тартылып қалды. Ата сонда түсініп, жапалақтан кешірім сұрады». Педагог балалардан бұл әңгіменің мағынасы неде екенін сұрайды, балалардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасайды. – Бұл ертегінің мағынасы – тек достарды ренжітпеу ғана емес, табиғатта барлығы бірбірімен тығыз байланыста екендігінде. Сиырдың жапалаққа қандай қатысы бар деп ойлауға болады. Ол – тышқандар – аралар – жоңышқа – сиырдың сүті арқылы қатысы бар екен. Қоректену тізбегін сызба арқылы құрастыруға болады.

 Дене тәрбиесі

  Көңілді сырғанақ

Міндеті: - Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау   

Балалар шанамен сырғанап ойнайды

Қауіпсіздік сабағы :  «ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы даму ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі ережелеріне үйрету.

Педагогті тыңдау және тапсырмаларды орындау: педагог сөйлеген кезде, оны тыңдау және оның нұсқауларын орындаудың маңыздылығы. Топта/сыныпта жүгірмеу: тек сыртта немесе спорт алаңында жүгіруге болады. Басқалардың заттарын рұқсатсыз алмау: достарыңның жеке заттарына құрметпен қарау. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде айқайламау: басқа балаларға кедергі келтірмеу үшін жай және сабырлы сөйлеу. Мейірімді және құрметті болу. Үстел үстіндегі тәртіпті сақтау: заттарды/құралдарды өз орнына қою және тазалықты сақтау. Ұйымдастырылған іс-әрекет қорытындыларын шығару. Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін қайталау

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/UMVKB4sqULE?si=eXG4pVrj6lVX9uBh https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

   Бесік жыры

Міндеті: - Бесік жыры арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)

Музыка

 Менің туыстарым» 

Міндеті: - Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру 

Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев) «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз»

(В. Агафонников)

Дене тәрбиесі

 Өз денемізді өзіміз басқарамыз

Міндеті: Қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту  .

«Ержүректілікке жаттықтыру»

«Бұлтқа қол жеткізу»

Гимнастикалық қабырғада қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру. Тапсырмаларды бұлжытпай орындап, өздерін ержүрек екендіктерін көрсетуге тырысады

Дене тәрбиесі

 Көңілді сырғанақ

Міндеті: - Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату .

Таза ауада Балалар шанамен сырғанап ойнайды

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Қаршақыздың сүйіктідостары.мысық,күшік

 Міндеті: - Қаршақыздың достарымен танысып, олардың суретін сала білуге үйрету

-- Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Торғайларды бақылау

Мақсаты:

Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;

Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;

—құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз

Торғайларды қорға.

 Ө. Ақыпбекұлы

Шыр-шыр еткен торғайды                                               Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.

 Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)

Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)

Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер)

Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)

Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)

Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?. (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)

Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тере ғойғ

Сонда суыққа тоңбайсың.

Еңбек қызметі

Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау.

 Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру.

 Қимылды  ойын «Нысанаға тигіз».

Мақсаты: қшып бара жатқан заттың бағытын бақылау, қозғалыстың дұрыс орындалуын есептей білу.

Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту

Қарды алыс нысанаға лақтыру

Мақсаты:қозғалыс координациясын дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №6

Бақылау: Қардың түсуін бақылау

Мақсаты:

 - Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Қардың түсуі туралы білімдерін молайту;

әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев

Жауа-жауа, қар жауып көп,

Шұқырларға толады.

Иығыңа қонады кеп,

Мойныңа да қонады.

Жауып бітер қарды тосып,

Үйіңе де сыймайсың,

Табиғаттың ақ көрпесін.

Басуға да қимайсың.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?

Аяқ астында қар неге сықырлайды?

Қар неге ұлпа болады?

Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)

Зерттеу жұмысы

Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық).

Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму.

 Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Қимылды ойын

 «Ыстық-суық».

Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге  үйрету

Жаттығу ойындары

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету.

Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №7

 Бақылау: Ауладағы ағаштарды бақылау

Мақсаты :

— ағаштар туралы білімдерін молайту;

— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы

Қар жамылды бақтарым

Қыратым да, сайым да.

Тағыпты қыс ақ қарын,

Үкі етіп қайыңға.

Бүркеніп ақ желекті,

Жарқырайды маңайым.

Ойға шомып теректің,

Ақ шалыпты самайын.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??

Күзде қандай болды?

Қазіргі бейнесі қандай?

Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?

Зерттеу жұмысы

Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру

Еңбек

Жолды қардан тазалау.

Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.

Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»

Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.

Жаттығу ойындары Секіру

Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру

Халық болжамы. Ағашты қырау басса аяз болады, тұман түссе күн жылынады.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №8

Бақылау:

Аула тазалаушы еңбегін бақылау

Мақсаты:

Аула тазалаушының еңбегін бақылауды жалғастыру;

Сөздік қорларын байыту;

Үлкендер еңбегіне деген сүйіспеншілік және құмет сезіміне тәрбиелеу;

Табиғатқа және айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Бақылау барысы

 Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

Аула тазалаушы қыста балабақша ауласында не істейді?

Жұмыс үшін ол қандай құралдарды пайдаланады?

♦Ағаштарды аяздан қорғау үшін ол не істейді?

♦Аула тазалаушы жұмысы адамдар және табиғат үшін керек пе?

Еңбек

Қуыршақ үшін қардан құрлыс тұрғызу.

Мақсаты:

—бірлесе жұмыс істеуге үйрету;

—еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Екі аяз»

Мақсаты:  жүкіруге жаттықтыру;

Ойын ережесін сақтай білулерін тиянақтау

Жаттығу ойындары

Шаңғымен жүру.

Мақсаты : шаңғымен жүруге жаттықтыру, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №9

Бақылау: Ауладағы  ағаштарды бақылау

Мақсаты:

Ағаштар туралы білімдерін бекіту;

Салыстыру, сараптау, қортынды жасай білулерін дамыту.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Ағаштар» М.Әлімбаев

Қысында да шырайлы,

Жасыл шырша ұнайды.

Түні бойы жауды қар,

Салбырады сәнді тал.

Тау баурайы төменде,

Өседі жас емендер.

Ауыл сәні терек,

Терек егу керек.

Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайын, күтіп, сақтайын.

Басқа ағашпен аралас,

Жайқалады қарағаш

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай,

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Балаларға сұрақтар:

Сендер тыңдаған өлең жолдарында қандай ағаштар туралы айтылған

Ағаштар не үшін керек?

Ол адамға не береді?

Қыста ағаштар бейнесі қандай болады?

Қысқы, жазғы түстері бойынша басқа ағаштардан айырмашылығы бар қандай ағаштарды білесіңдер?

Шырша мен қарағай туралы неге қысы-жазы бір түсте деп айтады?

Ағаштардың бір- бірінен қандай айырмашылықтары болады?

Зерттеу жұмысы:

Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды.

Еңбек

Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу..

Қимылды ойын

«Аулада қандай ағаштар өседі?».   

Мақсаты:

Ағаштардың аттарын есте сақтауларын тиянақтау;

Сөздік қорларын байыту;

Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жаттығу ойындары

Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі

Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Мақсаты:Болғанбек Інжу    сурет іс-әрекеті бойынша түрлі түсті шардың суретін  үлгі  бойынша салдыру,  қарандашты  дұрыс  ұстауға  үйрету.

Мақсаты:  Ыдырысбек Кенесары  сөйлеуді дамытудан «Менің  балабақшам» өлеңінде «ң» дыбысын дұрыс  айтуға жаттықтыру.

Мақсаты: Өзденбай Балым  құрастырудан балабақша   ғимаратын  берілген  үлгі  бойынша дұрыс құрастыруды үйрету.

Мақсаты:  Қанат Бақдәулет  сурет іс- әрекетіі бойынша түрлі түсті шардың суретін  үлгі  бойынша салдыру.

Психологтың жұмысы: Асылыммен өзін ортада қалай ұстау жөнінде жұмыс жүргізу.

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Үстел үсті  театры:

«Өсімдіктер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Әңгіме құрастыру «Өзін жақсы қөретін гүлдерін  туралы әңгімелеп бер.»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Ойын– жаттығу:  «Топтағы өсімдіктерге күтім жасау»;

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

Ойын: «Гүлдерді   тауып, оларды атап бер»

Топтағы өсімдік бұрышы   туралы әңгімелесу

«Менің тобымдағы өсімдіктер» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз

Өнегелі 15 минут

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 
Өнегелі 15 минут

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1V-апта 24 - 28  ақпан  2024-2025 оқу жылы

       «Біртұтас тәрбие» Жасампаздық пен жаңашылдық айы                 «Апта дәйексөздері»- «Жаңашылдық - заман талабы»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   24.02

Сейсенбі  25.02

Сәрсенбі  26.02

Бейсенбі  27.02

Жұма   28.02

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Д/ойын:  «Қарап ал

да есіңе сақта»

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есі

не сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жану-

арларының,аңдардын және құстардың жал-

пы аттарын айтқызу.

Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.

Д\ойын «Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Қоржындағы затты сипап біліп атау. Бала затты дұрыс сипаттап бергеннен соң ғана зат қаптан алынып, балаларға көрсетіледі, ал дұрыс аталмаса қаптан алынбайды.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д/ойын:«Экологиялық пирамида».

Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.

Д/ойын: «Зоологиялық домино».

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері:

 Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

Д/ ойын:Не артық?

Мақсаты: Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 «Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

Табиғат  қандай тамаша,

Тоймаймыз біз де тамсана.

Балықтар шіркін жүзеді,

Табиғаттың жыры  көп,

Табиғаттың сыры көп.

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті да, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

 Заттармен әрекет

Міндеті:  Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру,

Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа екі түсті балықтардың (немесе дөңгелектердің, сопақшалардың немесе басқа қиылған материалдар) жиынтығын таратады: қызыл және көк. Тапсырма орындалады: – Алдымен қызыл балық сатып аламыз. Біз олардың 4-еуін сатып аламыз (карточканы көрсетеді). – 4 қызыл балықты орналастыр. Енді көк 2 саны бар картаны көрсетеді. – Көк түсті 2 балықты орналастыр. – Біздің аквариумда қанша балық бар? Балықтарды санап, жауап бер. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Әр аквариумда балықтың неше түрі бар? Сана және ата. Барлығы қанша? Сонша нүкте сал. Педагог әңгіме құрастырудың үлгісін көрсетеді: аквариумда сарғыш түсті 3 балық және күлгін түсті екі балық жүзіп жүр. 3 және 2 деп басқаша айтуға болады. Аквариумда қанша балық жүзіп жүр? Аквариумда барлығы 5 балық бар

Балалар үлгіге қарап қалған суреттер бойынша әңгімелер құрайды, олардың санын атайды. – Екінші аквариумда қанша балық бар? Олардың саны бірдей ме? – Үшінші аквариумда қанша балық бар?

Математика негіздері

 Заттармен әрекет

Міндеті:   -Жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру 

«Артық, кем, тең» ойын жаттығуы ұсынылады. Ол үшін ойыншықтар немесе санау материалдарының топтарын орналастырады және балалардан қай жерде артық, кем немесе тең екенін салыстыруды сұрайды. Балалар мұны санау негізінде де, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы арқылы да жасайды. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. «Дүкен» жағдайын жалғастырады. Киім қандай екі топқа бөлінген? Қанша шалбар, қанша күртеше бар? Сана. Барлығы қанша киім? Қажетті цифрды қоршап сыз. 2-тапсырма. Қанша цифр көрсетілсе, әр сөреге сонша доптың суретін сал. 3-тапсырма. Себетте қанша жидек бар? Қаншасы себеттің сыртында жатыр? Суретте барлығы қанша жидек болса, сонша нүкте сал. 4-тапсырма. Себетте қанша саңырауқұлақ бар? Қаншасы себеттің сыртында жатыр? Суретте барлығы қанша саңырауқұлақ болса, сонша нүкте сал. Педагог суреттерді қарап, оларға не салынғанын айтуды ұсынады.

Математика негіздері

 Заттармен әрекет

Міндеті:  Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, 

Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Алаңқайда неше алма бар? Цифрды қоршап сыз. Кірпі 1 алманы алып кетті. Неше алма қалды? Цифрды қоршап сыз. Кірпі 2 алманы алып кетті. Неше алма қалды? Цифрды қоршап сыз. 2-тапсырма. Әр отырғышта неше қыз отыр? Цифрды қоршап сыз. Екі отырғышта неш қыз отыр? Цифрды қоршап сыз. 3-тапсырма. Штрихта. Педагог балалардан дәптермен жұмыс жасаудың қандай ережелерін білетіндерін сұрайды. Штрихтауды дәл және ұқыпты орындауды сұрайды. «Артық, кем, тең» ойын жаттығуы. Ол үшін ойыншықтар немесе санау материалдарының жиынтықтарын орналастырады және қай жерде артық, кем немесе тең екенін салыстыруды сұрайды. Балалар мұны санау негізінде де, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы арқылы да жасайды. «Шапалақта, тап та, есінеме!» ойыны. Педагог 7 цифры бар карточка қояды. Содан кейін ол қолын шапалақтайды немесе 2 (3, 4) рет ақырын адымдар басады және жетіспейтін мөлшерді шапалақтап немесе аяқпен қадамдар жасап толықтыруды сұрайды.

Көркем әдебиет

 Үш қыз

 Міндеті:  - Ертегіні интонациямен мазмұндауға үйрету. Сөздік қорын байыту. Ата-анасына қамқор болуға тәрбиелеу

 – Өмірдегі ең жақын, аяулы жан кім? Ана сөзін естігенде, ойыңа не келеді? – Анаң сені қандай сөздермен еркелетеді? – Ана – бала үшін ең аяулы жан. Анамызды сыйлап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, күтіп, көмектескеніміз жөн. – Бүгін біз ана туралы «Үш қыз» атты татар халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып, мазмұнын ашу  Оқыған кезде ертегі бойынша суреттерді көрсетіп отыру керек. Сөздік жұмысы: аяулы жан – өмірдегі ең жақын, ең қымбат адамың қайырымдылық – қиын кезде көмек көрсету Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі не туралы? Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды? – Тиін үлкен қызды неге айналдырды? Не үшін? – Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін? – Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін? Саған қай қыздың әрекеті ұнады? Дидактикалық ойын: «Не жоқ» (баланың зейінін дамыту) Шарты: балалар көздерін жұмады, педагог бір ертегі кейіпкерінің суретін алып қояды. Көздерін ашқанда ертегідегі қай кейіпкердің жоқ екенін табады

Сөйлеуді дамыту

 Кім ақылды?

Міндеті:  -Шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру

–Сендер М.Төрежановтың өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер. Ол кісінің әңгімесімен, өлеңдерімен танысқанбыз. Ал қазір мен сендерге осы кісінің «Кім ақылды?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіремін.

Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан жұптарын жазбай, жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп, түйісіп қалды. Ерден:

–Мен саған жол бермеймін! – деп, қасқайып, безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан:

–Мен саған бола ерегескім де, ойынды да бұзғым келмейді, сен өте бер, – деді де, оған жол берді.

Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрақ қою арқылы сұрайды.

–Балалар, сендерге әңгіме ұнадыма?

–Әңгіме кімдер туралы?

–Екі бала не істеп жүр еді?

–Олар неге таласты?

–Екі балаланың қайсысы ақылды екен?

–Неге ақылды, қай іс әрекетіне қарап ақылды екенін білдің дер?

әңгімедегі «ойнап», «көпір», «балалар» деген әр сөздерді буынға бөліңдерші

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
 .Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

 Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ,

жаңылтпаш» ойыны

Міндеті:  -Алған білімдерін тиянақтау

1-айналым: Педагогтің мақалын жалғастырады.

Отан – оттан да ... ( ыстық)

Жақсы – ... (өнеге)

Отан ... т.б

ІІ айналым: педагог жұмбақ жасырады.

Өскен жері бау-бақша,

Күрең қызыл шіркін-ай,

Жидектің аты – ... (құлпынай)

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күзде).

Көркем әдебиет

 Өс, ұлан!

 Міндеті:  - Қысқа өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға баулу. Денсаулық туралы ұғымын кеңейту. Денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.     

– Балалар, деніміз сау болу үшін не істеу керек? – Спортпен айналысатын адамды қалай атайды? – Спортшының табысқа жетуіне кімдер көмектеседі? (Слайд көрсету) – Таңертең жаттығу жасап, шынығу керек. Үнемі спортпен шұғылданған адам ауырмайды. – Бүгін біз ақын Өтебай Тұрманжановтың «Өс, ұлан!» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ұлан – жеткіншек, өрен, бала қыран – бүркіт сияқты алғыр, епті болу Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңнің авторы кім? Өлең не туралы? – Адам денсаулығына не пайдалы? (Спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, серуендеу) – Таза ауада серуендеген ұнай ма? Жаттығу жасау не үшін қажет? – Спорт несімен пайдалы? Қай спортпен айналысуды ұнатасың? Мақалдың мазмұнын түсініп, есіңде сақта: Дені саудың жаны сау.

Сөйлеуді дамыту 

 Кеме (өлең)

 Міндеті: -Зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру

Өлең мазмұнын сұрақ қою арқылы сұрау

–Өлең не туралы?

–Кемеге жол серік – деп нелерді айтып отыр?

–Алыс шалғайда не көрінеді?

–Енді осы өлеңді суретке қарап отырып, қайталап жаттап алыңдар.

–Балалар, бүгінгі оқу қызметінде нелер жайлы айтылды? Педагог екі тілде аудармаларды айтып өтеді.

Сөздік жұмыс.

Бұл жердегі «Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай» деген өлең жолдары «өте алыста, көз ұшында» деген мағынада

 Ойын шарты: Суреттегі көлік түрлерінің жолдарын салу. Құрлықта жолмен жүретін болса астына жол, аспанда ұшатын болса бұлттар, суда жүзетіндерге көл салып беру керек

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау Міндеті  - Сөздердің жалпы атауын атауға, дыбыстық талдау жасауды үйретуді меңгерту 

Дидактикалық ойын: Жоғалған дыбыс» – Мен сендерге суреттер көрсетіп бірінші дыбысты айтпай сөз айтамын, сендер жоғалған дыбысты жалғап толық сөзді айтасыңдар да допты кері бересіңдер. Мысалы:... ерезе (т), ...ілем (к), ...алық (б), ...үрек (ж), ...ақыт (б), уыршақ...(қ), ...омбыра (д), ...екемет (т), ...ышақ (п),... аймақ (қ), ...анан (б), ...ектеп (м), ...рік (ө), ...ияз (п) т.б. Ғажайып сәт. Балалар, қуыршақ Айсұлу бізге тапсырмалары бар хатқалта алып келіпті. Қуыршақты үстел үсіне жайғастырады. Педагог хатқалтаны ашып, тапсырмаларын оқиды. «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы (Әр дұрыс жауапқа педагог балаларға жұлдызша беріп отырады). -ал буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: алма, алтын, алжапқыш, алға, аласа, ала, алқа, Алжан, алмас, алау, т.б . -оқ буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: оқу, оқы, оқымысты, оқулық, оқ, оқыс, оқшаулау, оқтар т.б. -жа буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: жас, жалын, жалғыз, жат, Жайық, жарқыра, жалқау, жаура, жалау т.б. Ойын соңында жұлдызшасы ең көп бала жеңімпаз болады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. Сызба бойынша сөйлем құра. 2. Дыбыстық талдау жаса Таң, бұлт сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға орындарында өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады. Дыбыстық сызбаны тақтаға іліп, бір-бір баладан тақтада жасатады. Балалар жұмыстарын тақтадағы талдаумен салыстырады, қателерін түзейді. 1.Таң сөзінің дыбыстық талдауы. Таң- 1буын, 3дыбыс бар,1-дауысты, 2-дауыссыз дыбыс. 2.Бұлт сөзіне дыбыстық талдау. Бұлт – 1 буын, 4 дыбыс, 1-дауысты, 3-дауыссыз дыбыс.

Сауат ашу негіздері

 Біз нені үйрендік?

Міндеті  - Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, берілген буыннан басталатын сөз ойлап айту    

Дидактикалық ойын: «Буынды айтып сөз құра» Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады.

Мысалы: Ал.. . . .ма, ба. . . қа.., са...ғыз, ал...мұрт, ма..., ке...ме, де..., шал...қар, қа...зы, пи..яз, бә...теңке т.б. Педагог өз ойынан басқа да буындарды айтса болады. – Балалар, сендердің дендерің сау, мықты болып өсу үшін дәрумендері мол, балғын тағамдармен қоректенулерің керек

Дидактикалық жатттығу: «Қарама-қарсы сөзді айт» Майлы – ... (майсыз). Сұйық – ... (қою). Ащы – ... ( тұщы). Дәмді – ... (дәмсіз). Қатты – ... (жұмсақ). Ұнайды – ... (ұнамайды). Балалар қарама-қарсы сөздерді айтады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суретте қара. Тағам атауларын ата. Сөйлем құрап, сызбасын сыз. 2. Суреттерді ата. Дыбыстық талдау жаса. Ыдыс, ешкі, құрт сөздеріне дыбыстық талдау жасау

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Алатау» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

« Алатау» күйі

 Ақпан

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған ортамен таныстыру

 Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілер

 Міндеті: Қыс және көктем мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету   

  –Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Балалардың жауаптары) –Қыста ең қысқа түн, ең ұзақ күн болады. Күн өте жоғары көтерілмейді, сондықтан жер бетін аз қыздырады. Аспанды үнемі сұр бұлт басып, күннің көзі көрінбейді. Ағаштарды, жер бетін аппақ қар басып қалады. Кейде қатты боран соғады. 1-слайд. Табиғаттағы қыс мезгілі. Балалар қысқы орманның, саябақтың, қысқы таулар бейнесі қыста қалай өзгеретіні туралы әңгімелейді. 2-слайд. «Қысқы табиғат қандай?» деген сұраққа жауап береді. – Қысқы табиғат өте тамаша, айнала аппақ қар, адамдар қысқы саябақта серуендеп жүр, тауда адамдар шаңғымен сырғанап жүр. Үнтаспадан қардың сықырын, боранның соққанын, тоқылдақтың тоқылын тыңдайды. 3-слайд. «Қыс мезгіліндегі құстардың тіршілігі қандай?» деген сұрақ қойылады. – Қыста суық торғайла топ болып өмір сүреді, олардың қорегі – қыста пісетін шетен, шырғанақ жемістері, қурап қалған, бірақ қауызында дәндері қалған алқаптағы дақылдар. Педагог табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау керектігін айтады.

 – Қандай гүл ең бірінші гүлдейді? – Бәйшешек. – Балалар, бұл гүл қар ерімей жатып, қардың астында өне бастайды, қар еріген кезде, қылтиып бой көтереді, айналаға жұпар иіс шашады, бұл гүлдерді жұлуға болмайды, өйткені бұлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген гүлдер. Көктем ханшайымымен қосылып ойын ойнайды. Көктем ханшайымы балаларға шыны бөтелке, қарындаштар, қаламдар, шыны тостағандар, металлофондар, асбұршақ салынған ыдыстар, кітаптар, қағаз парақтарын таратып береді, ойын шартын түсіндіреді, «дыбыс!» деген кезде, қолдарындағы сол заттар бар балалар ойынға қосылады.

Қазақ тілі

 Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ,

жаңылтпаш» ойыны Міндеті  - Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру

 ІІІ айналым: Жаңылтпаштарды қайталап айту арқылы жарысу. Педагог жаңылтпаштарды айтады, балалар жай, жылдам қайталайды.

Доп теп,

Дөп теп.

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

 Сауат ашу негіздері

 Біз нені үйрендік?

Міндеті: Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, сөйлемді мағынасына байланысты толықтыруға үйретуді жалғастыру

  Дидактикалық ойын: «Қайтала»(доппен) – Балалар, мен сендерге допты лақтырып бірінші дыбысты айқынырақ айтып сөздер айтамын, ал сендер сол айқынырақ айтқан дыбысты дәл мен сияқты бәрімізге естілетіндей етіп қайталап, допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: қққасқыр(қ), ккккітап(к), бббаққа(б), вввагон(в), ғғарыш(ғ), т.б. – Балалар, осы дыбыстарды айтқанда не байқадыңдар, дыбыстарды айту оңай болды ма? – Ауыздан шығатын ауаға кедергілер жасалады екен. – Ал ол кедергілер нелер? (ерін, тіл, тіс, т.б.). – Бұлар қандай дыбыстар? Дидактикалық жаттығу: «Сөйлемге қажетті сөзді қос» – Мен сендерге бір сөзі жетіспейтін сөйлем айтамын, сендер мазмұны байланысатындай етіп сөз жалғауларың керек. 1.Көктемде жылы жақтан құстар ... 2. Дәрия ыдысты ... 3. Анам жұмыртқа ... 4. Аю балды ... 5. Орманда қасқырлар ... 6. Әкем қармақпен балық ... 7. Ернар қараторғайға ұя ..

Қоршаған ортамен таныстыру

 Қазақстанның өзен көлдеріндегі жануарлар

Міндеті:  - Қазақстан өзен-көлдерін мекендейтін жануарлармен және балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы түсіндіру   

Бекіре – бағалы балықтардың бірі. Ол Каспий теңізінде, Еділ, Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Балықтардың ішіндегі ең семізі және еті жұмсағы, сүйегі болмайды. Бекірені аулауға тыйым салынған. Егер қорғамасақ, 4–5 жылда жойылып кетеді. Бекіре теңіз түбіндегі балдырлармен, шөптермен қоректенеді

Табан балық ағысы жай барлық су алаптарында тараған. Қолдан өсіруге де болады. Балықтардың дене бітіміне көз салыңдар, балықтардың денесі неше бөліктен тұрады? – Балықтардың денесі үш бөліктен тұрады: басы, денесі, құйрығы. Дене бөліктері немен жабылған? – Олардың денесі қабыршақтармен жабылған. Қабыршақтар балықтардың денесін жарақаттанудан сақтайды. – Суда қалай қозғалады, қозғалуға нелер себеп болады? – Суда жүзбеқанаттардың көмегімен жүзеді. – Балықтар қалай көбейеді? – Олар уылдырық шашады, олардан ұсақ шабақтар өсіп шығады. Уылдырық деген – балықтардың ұрығы. – Олар қалай тыныс алады? – Олар желбезегі арқылы судағы еріген ауамен тыныс алады. – Шортан балықтың дене пішіні қандай? – Ұзынша келген, қабыршықтары майда, көзге байқалмайды. – – Балалар, балықтар да аңдар сияқты жыртқыш болады. Шортан – жыртқыш балық, оның тістері үшкір, ұсақ шабақтармен қоректенеді.

Ойын: «Қармаққа не түсті?»

 Дене тәрбиесі

 Жұптағы спорттық ойындар

 Міндеті:  Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру   

«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.

Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай

еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады.

Педагогтің белгісімен келесі ғаламшарға ұшады – (көзді жұмып) қараңғыда залмен қозғалысын жалғастырады

                                          Қауіпсіздік сабағы : ««ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»

Мақсаты:  төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.

Дидактикалық ойындар Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету: Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер». Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін мекенжайлары бар карталарды пайдаланады. Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету: Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665» Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды сұрайды. Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу. Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады. «Хат жолда» ойыны Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді. «Телефон» ойыны Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлапайтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

 Менің туыстарым

Міндеті   Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту

Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев) «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз

Музыка

 Ақ әжем

 Міндеті:  - Музыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру   

Музыка тыңдау:

«Ақ әжем» (К. Қуатбаев)

Ән айту:

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

«Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Полька» эстон халық биі

Ойындар, хороводтар:

«Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Янка» беларусь халық биі

Дене тәрбиесі

 Біз баскетболшымыз

 Міндеті: - Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру

Сапты бұзбай бірінші-екінші деп саналуға үйрету. Бір қолмен допты еденге соғуды үйретуді жалғастыру, допты алақанды ашып қағып алу,

кеудеден саусақтардың басымен итеріп лақтыру және аяқтың қасында еденге қырындап бір қолмен соғуға дағдыландыру

«Сиқырлы ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары алыптардан қортықтарға айнала алады. «Алыптар мен қортықтар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Залға шашырап бытырыңқы жүрісті орындайды. Әртүрлі музыка әуенімен сәйкес қимылдар жасайды: шапшаң әуенге үлкен адымдап, қолын жоғары көтеріп жүреді. Баяу әуенге кішкентай қадамдар жасап, қолдарын беліне қойып жүреді.

Дене тәрбиесі

 Жұптағы спорттық ойындар

Міндеті:   Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.

Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай

еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады.

Педагогтің белгісімен келесі ғаламшарға ұшады – (көзді жұмып) қараңғыда залмен қозғалысын жалғастырады

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Қысқы табиғат

Міндеті: -- балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білуге үйрету 

-- Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру

- Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақта

- Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану

Топтық жұмыстар 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Аспанды бақылау

Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу, тiлдерін дамыту.

Тәрбиеші балалардың назарын  аспанға аударады. Аспанның түсi ашық, көгілдір екендігін, онда ақ  бұлттар, қалқиды. Олардың пішіндері әр түрлі болады, бұлттарды  жел қозғайды.

Жұмбақ: Бір түкті кілем          Бір түксіз кілем         (жер, аспан)

Жеке жұмыс

Мақал – мәтелдер: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Тақпақ «Аспанда»

Аспан бұлтқа  толып кетті.

Бұлттар  түлік болып кетті.

Бір бұлт шықты бие болып

Бір бұлт шықты түйе болып

Қозғалмалы ойын. «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: заттарды ажыратуға, аттарын есте ұстауға шапшаңдыққа  зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Еңбек әрекет: Жолдарды қардан тазарту.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша  ойнау

Желді бақылау

Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау, ағаш бұтақтарының қозғалысын бақылау.

Жұмбақ: Қанаты жоқ-ұшады

Аяғы жоқ-қашады.  (Жел)

Жеке жұмыс

Тақпақ:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Қозғалмалы ойын: «Жел мен бұлттар»

Еңбек: өсімдіктерді,көшеттерді  қармен жабу.

Мақсаты: өсімдікке деген қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша  ойнау

Күнді бақылау

Мақсаты: балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін күннің маңызы зор екендігін  ұғындыру. Байқампаздық, бақылай білу қабілеттерін дамыту. Қыста күн қысқарады, жылуы аз болады, сондықтан қыста   күн суық болатындығы туралы түсінік беру.

Жеке жұмыс

Жұмбақ:

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ  оған қарағысы келмейді. (Күн)

Болжамдар: Түнде ай жарқырап тұрса немесе аспанда жұлдыздар көп болса, ертең  күн  ашық,жылы болады.

Тақпақ:

Шұғылалы күніміз

Бақшамызға барамыз

Күнге қарап жайқалып

Біз өсіп бармыз.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Түрлі-түсті автомобильдер»

 Еңбек: бұтақтардың түбін тазарту

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша  ойнау

Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі  кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне  жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден  күзден қалған  жапырақтарды  байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.

Жеке жұмыс

 Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас    (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз  және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы  ойын:  «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қоян мен аңшы».          

Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша  ойнау

Қарды бақылау

Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына  қараңдаршы, олар әр түрлі  пішінде біреуі үлкен  кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге  терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар.

Жеке жұмыс

Жұмбақ: Жылт-жылт етеді,

Ұстасақ еріп кетеді.         (қар)

Болжам: көп қар- көп нан.

 Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». 

Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша  ойнау

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

«Сиқырлы суреттер» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Алтай Асылым

«Қандай пішін жетіспейді?» 
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. Көшербай Адия

«Сиқырлы қап»

Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу. Ілескен Шахмұхаммед

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.

 Лесбек Асылым

«Құстар фабрикасы»

Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.

 Қанат Бақдәулет

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

 «Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны

Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі дамиды.

 «Керісінше айт» ойыны

Мақсаты:Логикалық ойлай алады,қарама-қарсы мағынасы бойынша айтады.

 Дидактикалық ойын:

«Ұқсастықты тап» 

Мақсаты:Заттардағы ұқсастықты табады және өз дәлелін негіздей отырып айта алады.

 «Сөйлемді толықтыр» ойыны

Мақсаты:Ойлау жылдамдығын, сөй-

леу белсенділігін дамыту.

 Дидактикалық ойын:

«Бұл қай мезгіл?»

Мақсаты:Төрт мезгілдің өзгерістерін ажыратады.Мезгілді рет-ретімен атайды.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                            

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта 03 - 07  наурыз  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие» Тәуелсіздік және отаншылдық айы   «Апта дәйексөздері»- «Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің...»  

                                                                                                                                                                                                (Б.Момышұлы)

Күн тәртібі

Дүйсенбі   03.03

Сейсенбі  04.03

Сәрсенбі  05.03

Бейсенбі  06.03

Жұма   07.03

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Дұрыс көрсет, ажырат»

Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы біледі, олардың атауларын айта алады.

«Өзім және отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы айта алады бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсінеді

«Мамандықтың  бәрі  жақсы»

Мақсаты:  балалар әр  түрлі  мамандық иелерін біледі.

«Бұны қай кезде киеді?»

Мақсаты:  әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады

Бақша да ма,бау да ма?

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата алады

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Психомоторлық жаттығу:

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын,

Өткiншi ендi бiз жаңбыр.

(Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiред)

Психомоторлық жаттығу:

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Психомоторлық жаттығу:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жадырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық

Психомоторлық жаттығу:

Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Психомоторлық жаттығу:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жадырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

  Кім ақылды?

 Міндеті: - Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру

–Сендер М.Төрежановтың өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер. Ол кісінің әңгімесімен, өлеңдерімен танысқанбыз. Ал қазір мен сендерге осы кісінің «Кім ақылды?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіремін.

Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан жұптарын жазбай, жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп, түйісіп қалды. Ерден:

–Мен саған жол бермеймін! – деп, қасқайып, безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан:

–Мен саған бола ерегескім де, ойынды да бұзғым келмейді, сен өте бер, – деді де, оған жол берді.

Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрақ қою арқылы сұрайды.

–Балалар, сендерге әңгіме ұнадыма?

–Әңгіме кімдер туралы?

–Екі бала не істеп жүр еді?

–Олар неге таласты?

–Екі балаланың қайсысы ақылды екен?

–Неге ақылды, қай іс әрекетіне қарап ақылды екенін білдің дер?

әңгімедегі «ойнап», «көпір», «балалар» деген әр сөздерді буынға бөліңдерші

Сауат ашу негіздері

 Біз не білеміз?

Міндеті :- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуға жаттықтыру, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру

 Ойын: «Сөз тізбегі» Педагог балаларға допты беріп сөз айтады, бала сөз аяталған дыбыстан басталатын сөз бір сөз айтып допты келесі балаға береді. Ойынға барлық бала қатысыды. Сөздің басындағы және соңындағы дыбыстарды мұқият тыңдау, дұрыс айту ескертіледі. Мысалы: алша-алмұрт-тарақ-қант-тау-уық-қалам-мал-лақ-қазан-нағашы-ыдыс- сағыззәкір-рауғаш-шар-радио-ожау-уыс-сәбіз, Зарина-алқа-аю. «Дыбысты тап» дидактикалық ойыны 1. Қоңыз сөзінде дауысты «о» дыбысы нешінші буында естіліп тұр. 2. Қозы сөзінде дауысты «ы» дыбысы нешінші буында естіліп тұр. 3. Қораз сөзінде «а» дауысты дыбысы нешінші буында естіліп тұр. 4. Тауық сөзінд» ы» дыбысы нешінші буында естіліп тұр. «Сөздің бірінші дыбысын айт» дидактикалық ойыны (Педагог суреттер көрсетеді). – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешкі(е), элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), әтеш(ә), өшіргіш(ө(, етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. – Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? – Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды.     

Сауат ашу негіздері

 Үйренгендерімізді қайталаймыз

Міндеті:- - Дыбыстық сызба бойынша жұмыс жасату арқылы дыбыстық талдау дағдыларын дамыту    

«Кәне, тауып көр» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сендерге сөз, буын, дыбыстарды айтамын, сендер алдарыңдағы сызбадан мен не айтсам, соны дыбыс па, сөз ба, буын ба анықтап, сызбасын көтересіңдер. Педагог алдын ала балаларға дыбыс, сөз, буын сызбаларының үлгілері сызылған карточкалар таратып береді. Мысалы: [р], -ба-, аққала, ар-, ор-, қа-, [е], [т], [к], та-, ен-, ар-, алма, сабақ, жаңа, дә-, мы-, мон-, [г], [ш], сөз, көз, бала, жа-, үс-, ші-, то-, ки-, [з], [и], са-, ша-, ет, елік, білезік, күнбағыс, ұр-, ын-, лек-, діз-, тик-, қыш-, дол, қол, бол, сал, мал, тау, қы-, тық-, ем-, ек-,іс-, -діз. «Дұрыс санды таңда» дидактикалық ойыны Педагог балаларға ойыншықтарды немесе суреттерді көрсетеді, ал олар суретте неше буын болса, сонша сан жазылған карточкаларды көрсетеді. Мысалы: доп – доп сөзінде 1 буын,1 саны жазылған карточканы көрсету керек . Тапсырманы өзгертуге болады. «Сөйлем құрай аламын» дидактикалық ойыны Көрнекілігі: «Балабақшада», «Мектеп», «Жазғы орманда»,«Дүкенде» тақырыптарындағы мазмұнды суреттер. Педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы: Әсем келе жатыр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем балабақшаға келе жатыр. Келесі бала тағы бір-екі сөйлемді қосады. Әсем балабақшаға анасымен келе жатыр. Кім ең үлкен сөйлемді құрап айтса, жеңімпаз болады

Сауат ашу негіздері

 Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті:- Дыбыстық сызбаны өз суретімен сәйкестендіруге арналған тапсырма арқылы дыбыс туралы білімдерін бекіту.     

 Педагог балаларға әртүрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көк текшені көтереді. «Сөздің бірінші дыбысын айт» дидактикалық ойыны (Педагог суреттер көрсетеді) – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: өшіргіш(ө), әтеш(ә), апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү),)т.б. «Дыбыстың сөз ішіндегі орнын тап» дидактикалық жаттығуы Педагог сағат, асық, қас сөздерінің сызбасын тақтаға іліп, с дыбысының орнын табуды тапсырады.Тақтаға бір баланы шығарады. Балалар орнында жұмыс жасайды, егер дыбыс сөздің басында болса, басында тұрған төртбұрышты, егер ортасында болса, ортасындағы төртбұрышты, ал соңында болса, соңында тұрған төртбұрышты бояйды. «Орамал тастамақ» дидактикалық ойыны Ойын шарты: педагог дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек. Педагог балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша немесе асықтар үлестіріп отырады. Сабақтың соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді

Көркем әдебиет

 Көктемнің сәні

 Міндеті: - Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Сурет бойынша ертегі құрастыруға жетелеу. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.   

Ғажайып жағдаят – Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің сиқырлы қоржынымыз үлкейіп кетіпті. – Оның ішінде не бар екен? Қоржыннан ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтарын алып, көрсетеді. Оларды атап, қимылын, дауысын, жүрісін салуды ұсынады. – Осы аңдардың ішіндегі ең батылы, үлкені қай аң? (Арыстан) – Арыстан бір күні барлық аңдарды жинапты. Не үшін жинағанын біз «Көктемнің сәні» ертегісінен білеміз. Ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: нөсер – қатты жауатын жаңбыр жасыл желек – жасыл өсімдіктер Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Ертегі не туралы? – Арыстан аңдарды не үшін жинады? Қандай аңдар жиналды? – Арыстан қандай сұрақ қойды? Аңдар не деп жауап берді? Елік дұрыс айтты ма? «Көктемнің сәні – гүл, көбелек, құстар, Күннің жылуы, мөлдір су, көкмайса шөп» сөздерін педагог жоғары, орта, төмен дауыспен қайталатады.

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
 .Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

  Қазақстанның өзен көлдеріндегі жануарлар

 Міндеті: - Қазақстан өзен-көлдерін мекендейтін жануарлармен және балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы түсіндіру   

Сазан – қабыршағы ірі, тұщы суы бар өзен, көлде өсетін балық. Еділ, Жайық, Жем өзендерінде, Шалқар, Зайсан, Балқаш көлдерінде кездеседі. Сазанның еті дәмді болады. Қазіргі уақытта өзен-көлдердің суы тартылуына байланысты азайып, дене тұрқы кішірейіп кетті. Табан балық ағысы жай барлық су алаптарында тараған. Қолдан өсіруге де болады. Балықтардың дене бітіміне көз салыңдар, балықтардың денесі неше бөліктен тұрады? – Балықтардың денесі үш бөліктен тұрады: басы, денесі, құйрығы. Дене бөліктері немен жабылған? – Олардың денесі қабыршақтармен жабылған. Қабыршақтар балықтардың денесін жарақаттанудан сақтайды. – Суда қалай қозғалады, қозғалуға нелер себеп болады? – Суда жүзбеқанаттардың көмегімен жүзеді. – Балықтар қалай көбейеді? – Олар уылдырық шашады, олардан ұсақ шабақтар өсіп шығады. Уылдырық деген – балықтардың ұрығы. – Олар қалай тыныс алады? – Олар желбезегі арқылы судағы еріген ауамен тыныс алады. – Шортан балықтың дене пішіні қандай? – Ұзынша келген, қабыршықтары майда, көзге байқалмайды. – – Балалар, балықтар да аңдар сияқты жыртқыш болады. Шортан – жыртқыш балық, оның тістері үшкір, ұсақ шабақтармен қоректенеді. Ойын: «Қармаққа не түсті?» Сергіту сәті: Ойын: «Қанша балық ауладық?» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). – Балықтар да қорғауды қажет етеді, сондықтан оларды бей-берекет аулауға болмайды.

Математика негіздері

 Заттармен әрекет

Міндеті: -Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру

 «Қай қорапта көбірек?» ойыны. Педагог ойынға көлемі жағынан ерекшеленетін бірнеше қорапты ұсынады. Бұл жағдайда үлкен қорапта кішігірім қораптан гөрі көп заттар болуы мүмкін. Алдымен қораптар толық болады. Балалар заттардың қай жерде көп, қай жерде аз екенін болжайды. Қайта санау арқылы тексереді. Содан кейін балалар топтарға бөлінеді және қазірдің өзінде заттарды қораптарға салып, басқа топқа қай қорапта көбірек заттар бар екенін анықтауды ұсынады. Бұл сонымен қатар заттар санын салыстыру қабілетін дамытуға көмектеседі. Қайта санағаннан кейін балалар сандары бар карточкаларды алып, оларды көрсетеді (жәшіктерге бекітіледі). Педагог заттарды бір қораптан екі қорапқа (банкалар, табақтар) бөліп салуды ұсынады. Әр қораптағы заттарды санап, сондай цифрлары бар карточкаларды табады – Қанша зат болды? Біз қандай бөліктерге бөлдік. «Оқиық»: 5 – бұл 1 және 4. 5 затты тағы қалай ыдыратуға болады? (2 және 3). Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Қапта қанша дөңгелек бар? Қапта қанша шаршы бар. Оларды ата. Фигураларды үлкен қапқа салды. Қапта барлығы қанша фигура болды? Цифрды қоршап сыз. 2-тапсырма. Себетте қанша алма бар? Сана. Себетте қанша алмұрт бар? Жемістерді үлкен себетке салды. Себетте барлығы қанша жеміс болды? Цифрды қоршап сыз. 3-тапсырма. Шеңберлердегі нүктелерді тіктөртбұрышқа «сал». Олардың саны қанша болды? Суретін сал. Тіктөртбұрыштан нүктелерді екі шеңберге бөліп «сал». Екінші шеңберде қанша нүкте болды? Суретін сал.   

Математика негіздері

 Ұзынырақ – қысқа, биік – аласа

Міндеті:  -Шартты өлшемнің көмегімен үлгіден ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен) және оған тең заттарды табуға үйрету 

Проблемалық-іздеу тапсырмасы. – Жолдың ұзындығын қалай салыстыруға болады? Балалар салыстыру тәсілдерін ұсынады. (Бір-біріне беттестіру, тұстастыру). – Жолдарды салыстыруға бола ма, оларды қабаттастыруға немесе қатар қоюға бола ма? – Заттың ұзындығын өлшеудің басқа қандай жолдары бар. Кез келген затты шартты өлшеуішпен өлшеуге болады. Шартты өлшеуіш кесінді, шілтер, қалам немесе кез келген зат болуы мүмкін. – Бүгін бізде шартты өлшеуіш қағаз кесіндісі болады. Қалай өлшейтінімді мұқият қараңдар. Мен шартты өлшеуішті өлшенетін заттың өлшем бұрышының басына сәйкес келетіндей етіп қоямын. Шартты өлшеуіштің шеті қайда? Мен сол жерді белгілеп кетемін. Келесі өлшем сол белгіленген жерден басталады. Балаларға жолдарды (арқандар немесе кесінділер) таратады. Педагог өлшеуіштің шеті жолдың (рельстің) шетіне сәйкес келетіндігін еске салады. Балалар өлшемдер санын есептейді, цифры бар карточканы көрсетеді. Олар қай жерде өлшемдер көп екенін айтады. Біз қай жолдың ұзын екенін білдік. Сондықтан Әлия мен Сырымның дауы шешілді. Сырымның темі жолы Әлияның салған темір жолына қарағанда ұзындау немесе басқаша айтқанда Әлияны салған темір жолы Сырымның салған темір жолынан қысқа. Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Пойызда қанша вагон бар? Қысқасын белгіле. Олардың ұзындығы бірдей болатындай етіп, суретін сал. Педагог әр пойыздағы вагондардың санын есептеуді ұсынады (вагон-шартты өлшеуіш ретінде) олардың санын атаңыз. – Қай пойыздың қысқа екенін белгіле. Ұзындықтары бірдей болу үшін тағы вагондар суретін сал. Балалар әр пойызға жалғанған вагондарды санайды, пойыздардың ұзындығы бірдей болатындай вагондардың суретін аяқтап салады.

Математика негіздері

 Кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа

Міндеті: -Шартты өлшемнің көмегімен үлгіден ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен) және оған тең заттарды табуға үйрету. 

 «Не өзгерді?» дидактикалық ойыны. Педагогтің үстелінде бірнеше заттар бар. Педагог заттардың орналасуын есте сақтауды және көзді жұмуды сұрайды. 127 Балалар заттардың бір-біріне қатысты қалай орналасқанын есте сақтайды. Содан кейін олар көздерін жұмады, осы уақытта педагог бір, екі затты ауыстырады. Көздерін ашып, балалар болған өзгерістер туралы, заттар бұрын тұрған және қазір қайда болғандығы туралы айтады. Педагог балаларды заттардың бір-біріне орналасуын білдіретін сөздерді қолдануға шақырады, мысалы, қоян мысықтың сол жағында тұрды, ал қазір оның оң жағында тұр. Практикалық жұмыс. Педагог балаларға жүгінеді: сіздің табақтарыңызда көк және қызыл қағаз кесінділері бар. Жасыл кесінді-шартты өлшеуіш. Кесінділердің қайсысы жалпақ екенін тәжірибе жасап дәлелде. Балаларға шартты өлшеуіш ретінде Lego ойыншық бөлшектерін немесе қағаз кесінділерін таратады. Кесінділерде осындай өлшемдердің қаншасын бар екенін санауды сұрайды. Балалар шартты өлшеуішпен кесінділердің енін өлшейді. – Қай кесінді жалпақ? – Неліктен қызыл кесінді жалпақтау? – Қызыл кесінді қанша шартты өлшеуішке тең? – Көк кесінді қанша шартты өлшеуішке тең? Қорытынды жаса, қызыл кесінді көкке қарағанда жалпақтау немесе басқаша айтуға болады, көк кесінді қызылға қарағанда тар

Қоршаған  әлеммен таныстыру

Жайлау. Киіз үйдің құрал-жабдығы 

Міндеті: - Балаларға жайлау, киіз үйдің құрылысы және оның ішкі жиһаздары туралы мәлімет беру 

 – Киіз үй қандай екен? – Киіз үй дөңгелек болады. –Киіз үйді көбінесе қай жерге тігеді? –Киіз үйді жайлауға шыққанда тігеді. «Жайлау» тақырыбында интербелсенді тақтадағы суретпен жұмыс. Қырағы балаларды жайлауға қонаққа шақырады. Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады. Ата-бабаларымыз киіз үй көшіпқону үшін ыңғайлы болғандықтан, оны пайдаланған. Қазір де малшылар киіз үйді пайдаланады. Енді киіз үй және оның бөлшектерімен танысайық. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасы. Ол талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Қазақ халқы ерте кезден бастап мал бағып, өсірумен шұғылданған, сондықтан көшіп-қонып өмір сүрген. Әр жылдың ерекшелігіне қарай малды көбейтіп ұстауға жағдай жасаған. Жайлауды да таңдап, шөбі мен суы мол жерге барып қонған. Қысқы қыстауды өзен жағасына қамыс өскен, таулы қыраттар және орманды, мал боран соқққан кезде ылғал таба алатын, қар астындағы шөпті тұяғымен аршып жеуге ыңғайлы жерге орналастыратын. (Қыстау – көшпенді халықтардың қыз мезгілінде мекенге қоныс аударуы). Қазақтар өздерінің көшіп-қонуына аса жауапкершілікпен қараған. Күзде күзеуге көшіп, бірінші суық түскенше сол жерде малды бағып отырған. (Күзеу – күзгі жайылым, малдарды әлі шөбі бар, күздік алаңқайға жаю үшін қоныстанатын жер). Педагог балаларға киіз үй макеті тұрған жерге жақындауын өтінеді. 

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Алатау» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

« Алатау» күйі

  Наурыз

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

Әсем қала – Алматы

Міндеті: -Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру  

Электронды қазақ үйінен «Алматы – гүл қала» әнін тыңдату.

– Бұл ән не туралы? (Алматы қала туралы).

Қуыршақ Сәуле: Біз сендерге Алматының көрікті орындарын көрсете аламыз, диск көрсетеді.

Интербелсенді тақтада Алматымен таныстыру.

– Мынау – Алматы қаласы. Мынау – метро. Баратын жерімізге жылдам апарады. Мынау – саябақ. Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі. (Бірнеше саябақ суреттері көрсетіледі). Мынау – Медеу мұзайдыны. Мынау – Көктөбе.

Медеу, Көктөбе туралы қысқаша айтып өту.

– Алматы қандай қала екен?

– Алматы – әдемі, әсем қала. Әдемі, әсем.

Қазақ тілі

Қолғап ертегісі

Міндеті  -Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айту

Балалар, қандай ертегі білесіңдер? Қандай ертегі ұнайды?

Бүгін сендерге қуыршақтар – Сәуле мен Арман «Қолғап» ертегісін сыйлық ретінде алып келді.

Педагог суреттің көмегімен «Қолғап» ертегісін балаларға айтып береді.

– Ертегі ұнады ма?

– Ертегіде кімдер бар?

– Мынау – қолғап.

– Мынау не? (Қолғап).

– Бірінші кім келді? (Тышқан)

– Тышқан қандай?

– Тышқан кішкентай.

– Екінші? (Бақа)

– Бақа не деді?

– Бақа не істейді?

– Тышқан не деді?

– Соңғы кім келді? (Аю)

– Барлығы неше болды? (6)

– Аю қандай?

– Аю үлкен.

– Аю қалай жүреді?

Сөйлеуді дамыту

 Мамандықтың бәрі жақсы

Міндеті: - Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Өз ата-аналарың қандай жұмыс жасайды? Қандай мамандық иесі? Білесіңдер ме? Педагог балаларға М.Хакімжанованың «Кім немен ойнайды?» өлеңін мәнерлеп оқып береді

Теңізші болатын бала, Бұлақпен ойнайды.

Емші болатын бала, Сынаппен ойнайды. Батыр болатын бала, Қынаппен ойнайды. Жарықты жағатын бала, Шырақпен ойнайды.

Шопан болатын бала, Диқан болатын бала, Топырақпен ойнайды. Ғалым болатын бала, Кітаппен ойнайды.

Балаларға өлеңді екінші рет оқығанда, өлең жолдарында кездесетін мамандақтарды саусақтарымен санап отыруды тапсырады

  Көркем әдебиет

 Таңғажайып табиғат

 Міндеті:  - Табиғат сұлулығы туралы түсінігін кеңейту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

 – Бүгін біз «Таңғажайып табиғат» атты интеллектуалды ойын ойнаймыз. Сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беріп жарысамыз. Оң қанаттағылар «Алғырлар» тобы, сол қанаттағылар «Тапқырлар» тобы болады. Әр топтың дұрыс жауабы бір жұлдызбен бағаланады. Ойын бес бөлімнен тұрады. 1. Сәлемдесу. 2. Мен бастаймын, сен аяқта. 3. Ойланып, аяқта. 4. Ойлан, тап! 5. Кім байқағыш? Екі топ сәлемдесеміз. Бірінші: «Сәлемдесу» – екі топ бір-бірімен сәлемдеседі. Екінші: «Мен бастаймын, сен аяқта» – балалар суреттерді қимылмен көрсетеді. Үшінші: «Ойланып, аяқта» ойынында сәйкес сурет пен сөзді сызып қосады. Төртінші: «Ойлан, тап!» – жұмбақты шешеді. Бесінші: «Кім байқағыш?» – екі суреттің айырмашылығын табады. Сөздік жұмысы: алғыр – зерек, зерделі тапқыр – тез тауып айту 1. Екі топтың сәлемдесуі. «Алғырлар» тобы: Табиғат – біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. «Тапқырлар» тобы: Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз. Үлестірмелі материалмен жұмыс 2. Мен бастаймын, сен аяқта Әр топқа жануарлардың суреті беріледі. Балалар жануарды қимылмен көрсетеді. 3. Ойланып, аяқта Ат шабады, мысық ... . (мияулайды) Қарға ұшады, балық ... . (жүзеді) Қой маңырайды, қасқыр ... . (ұлиды) Ит үреді, сиыр ... . (мөңірейді)

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Қуыршақтың камзолы

Міндеті:  - Қазақ оюларының элементтерімен қамзолды әшекейлеу

-Аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және  оларды ою өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру,жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау

-Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : ««ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»

Мақсаты:  төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.

Дидактикалық ойындар Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету: Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер». Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін мекенжайлары бар карталарды пайдаланады. Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету: Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665» Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды сұрайды. Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу. Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады. «Хат жолда» ойыны Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді. «Телефон» ойыны Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлапайтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

  Біз футболшымыз

 Міндеті: Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу     

Футбол ойын элементтері-допта бір-біріне теуіп домалатып беру.Допты кедергілер арасынан алып жүру

Допты қақпаға тебу-қақпаға бір баланы қойып тепкізу.

Музыка

  Ақ әжем

Міндеті - Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру  

 Музыка тыңдау:

«Ақ әжем» (К. Қуатбаев)

Ән айту:

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

«Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Полька» эстон халық биі

Ойындар, хороводтар:

«Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Янка» беларусь халық биі

Дене тәрбиесі

 Тату бола білеміз

Міндеті: -Допты заттарды айналдыра жүргізу  

 «Қаңбақтар» (3 рет)

Фитболды заттардың арасынан ирек жолмен алып жүру.

Белгі бойынша алғашқы ойыншы заттардың арасымен модульды айналып фитболды алып жүреді де, қажетті жерге жеткен соң дәл сол тәсілмен қайта қайтып, қолындағы фитболды келесі ойыншыға береді. Ойыншылар екі аяқпен бірдей екпіндеп сырғып жүруге тырысады. 

Дене тәрбиесі

 Тату бола білеміз

 Міндеті: -Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.    

Заттарды тік нысанаға лақтыруды үйрене түсу, иықтан жоғары алға қарай шұғыл шығарып, қолды айналдыра сермеп лақтыру дағдыларын дамыту

«Жігіттер» (3 рет)

Хоп-фитболмен текшелердің арасымен арқаны тік ұстап секіру, еденнен шұғыл итеріліп, жартылай бүгілген аяғымен жұмсақ секіріп қайта қону.

Музыка

Ана – өмір  шырағы

Міндеті:  - Әлемдегі ең асыл жан – анаға деген сүйіспеншіліктерін музыка арқылы жеткізебілуге үйрету    

Музыка тыңдау:

«Аман болшы, анашым» (Б. Қабиева)

Ән айту:

«Анашым» (Е. Хасанғалиев)

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Киіз басу» («Келіншек»

халық күйі, өңдеген Б. Дәлденбай)

«Полька» (эстон халық биі)

Ойындар, хороводтар:

«Балақан да алақан» (Ө. Байділдаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Күншуақ» (Е. Құсайынов)

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

   Наурыз

Серуен-Бақылау №1

Бақылау: Маусымдық өзгерістерді бақылау

Мақсаты:

  • Табиғаттағы көктемгі өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • айнала қоршаған ортадан көктем өзгерістерін көре білуге үйрету;
  • табиғатты бақылауға деген қызығушылығын арттыру, қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші:

Балалар, мені тыңдаңдар, қазір мен сендерге өлең оқимын, сендер жасырынған сөздерді табыңдар.

Жауған қарымен,

...  құнар береді.   (қыс)

Үлкендер қарбалас,

...  дән себеді.        (көктемде)

Бақ пенен бақшаны,

... баптап өсіреді.      (жазда)

Дихандар жемісін,

...  жинап береді.       (күзде)

Тәрбиеші сұрақтары:

*Өлеңде қандай жыл мезгілдері туралы айтылған?

Жеке жұмыс:

*Қазір жылдың қай мезгілі?

*Көктемнің алдында қай мезгіл болды?

*Көктемнің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болады?

*Қазір айналадан қандай өзгерістерді көруге болады?

Зерттеу жұмысы: Балабақша ауласынан күннің жылуымен еріген қар суын (қар айналасындағы ылғалды жер) табу, оның неге ерігенін әңгімелеу. (көктемде күн шуағы молаяды, күн көзі көп түскен жердегі қар жібиді де, ылғал пайда болады)

Еңбек

Гүл егетін жерді тазалау.

Мақсаты: Еңбекке деген оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Қимылды ойын: Шарды ұста

Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады, 10-15 сек. Ойын жалғасады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау №2

Бақылау: Қайың ағашын бақылау

Мақсаты: қайың ағашы туралы, ағаштардың көктемгі өзгерістері туралы білімдерін молайту.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Жас шыбық» А. Меңдібай

Көшетін әкеп қайыңның,

Отырғыздым аулаға.

Жіп-жіңішке жас шыбық,

Өспейді деп ойлама.

Жас шыбық өсіп толады,

Әсем қайың болады,

Суғарып, күтіп, баптасам.

Қайың көп ағаштардың ішіндегі сұлу ағаштардың бірі. Оның аппақ діңі жұқа қабықпен қапталған. Қайың қыс шыққан бойда бүр жарып шыға келеді. Халық әндері мен ертегілеріне қайыңды жиі қосқан. Оны сүйіспеншілікпен «ақ қайың» деп атаған. Ерте кезде жолаушы жүретін үлкен жолдардың бойына қайың еккен. Қайыңның жұмсақ қабығынан жеңіл шабата (аяқ киім), жолаушы жүргенде киімдері мен тамағын салатын себеттер тоқыған.

Жеке жұмыс

Тәрбиеші сұрақтары:

*Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

*Біздің ауламызда қандай ағаштар өседі?

*Ағаштар жылдың қай мезгілінде көктейді?

*Әуелі ағаш бұтақтарында не пайда болады?

*Қазір аулаға ағаш көшетін отырғызуға бола ма?

*Ағаштар жақсы өсуі үшін біз оларға не істеуіміз керек?

Зерттеу жұмысы

Қайың ағашы мен басқа ағаштарды салыстыру: оларды қандай айырмашылықтары арқылы ажыратуға болады?

Еңбек

Ауланы өткен күзден қалған қоқыстан тазалауға көмектесу

Мақсаты:өз еріктерімен топқа бөлінуге, өз еріктерімен еңбек етуге баулу.

Қимылды ойын: Кұстың қауырсыны кімге барады.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші құстың қауырсынын алып, үрлейді. Барлық бала жан — жаққа қаша жүгіреді, ойын жалғасады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау  №4

Бақылау: Итті бақылау

Мақсаты: жануарлардың көктемгі өмірі туралы түсініктерін жүйелендіру;

  • жануарлар тіршілігіндегі өзгерістер себебін іздей білуге үйрету, өздерінің үйіндегі жануарларына деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Бақылау барысы

Көркем сөз  «КҮШІГІМ» А. Меңдібай

Кіп-кішкентай күшігім,

Сүйкімдісін өзінің.

Еркелейді ойнақтап,

Жылтырын-ай көзінің.

Оратылып аяққа,

Бір сәт тыным таппайды.

Кел, достарым, жасқанба,

Күшігім менің қаппайды

Жеке жұмыс

Тәрбиеші сұрақтары.

  • Бұл күшік сендерге ұнай ма?
  •  Күшікке қандай ат лайық деп ойлайсыңдар?
  •  Күшіктің көңіл-күйі қандай?

♦ Не себепті көңіл-күйі көтеріңкі деп ойлайсыңдар?

♦ Сендерше күшіктеркөбіне немен айналысқанды жақсы көреді?

Үйде асырауға алған иттер өз иесін өте жақсы көреді. Ол онымен үнемі бірге болады, иесі үшін қандай да бір қиыншылыққа төтеп береді. Ол өз иесін ешуақытта сатпайды. Ит - адамның сенімді досы.

Бірақ, біздер де оны күту, дұрыс тамақтандыру керек екенін ұмытпауымыз керек. Яғни біз өз күшігімізді немесе мысығымызды, өзімізге тиесілі қандай да бір жануарымыз болса оған қамқор болуымыз керек екенін естен шығармағанымыз, оларды сүйе білгеніміз жөн.

Еңбек: Жер қазу жұмыстарына қатысу.

Мақсаты:

- ұжыммен жұмыс істей білулерін тиянақтау;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға деген құлшыныстарын арттыру

Қимылды ойын: Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

  Наурыз

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Бұлттарды бақылау

Мақсаты: әлемді жалпы түсінудің негізі ретінде жер мен аспанды біртұтас деп ұғынуды қалыптастыруды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Бұлт» Ә. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы,

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның

Бұлт көшпелі бұлағы.

Жеке ұмыс

Тәрбиеші балаларға сұрақ береді.

  • Аспанға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
  • Бүгінгі бұлттар қандай?
  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қар немесе жаңбыр жауады ма?
  • Бұлт қай бағытқа жүзіп барады?

Еңбек

Бүлдіршіндердің  алаңындағы сырғанақ құрылысының орнын тазалауға көмектесу

Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуді, жасалған жұмыстан рахат алуды үйрету. Кішкентайларға көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу

 Қимылды ойын: Өз үйіңді тап

Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» дегеннұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.

Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

  Наурыз

Серуен-Бақылау №6

Бақылау: Бұлттарды бақылау

Мақсаты: әлемді жалпы түсінудің негізі ретінде жер мен аспанды біртұтас деп ұғынуды қалыптастыруды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Бұлт» Ә. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы,

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның

Бұлт көшпелі бұлағы

Жеке жұмыс.

Тәрбиеші балаларға сұрақ береді.

  • Аспанға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
  • Бүгінгі бұлттар қандай?
  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қар немесе жаңбыр жауады ма?
  • Бұлт қай бағытқа жүзіп барады?

Еңбек

Бүлдіршіндердің  алаңындағы сырғанақ құрылысының орнын тазалауға көмектесу

Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуді, жасалған жұмыстан рахат алуды үйрету. Кішкентайларға көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу

Қимылды ойын: Жүгіріп қағып ал.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:             

Болғанбек Інжу қаламды дұрыс қолдануға үйрету.

Сурет салу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Жеке баламен жұмыс:                             Алтай Асылымға түстерді ажырата білуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті

Жеке жұмыс Қанат Бақдәулет

Жаңылтпаш айту:

 «Ала бұлт ақ па,

  Ақ бұлт ақ па?

  Ала бұлт ақ емес,

Ақ бұлт ақ»

  «Анау арал қай арал,

  Қайыңды арал, талды арал»

Ілесбек Шахмұханммедке

Жұмбақ:

Етек-жеңі жиналмай,

Дауыл тұрса дым қалмай,

Түйдектеліп көшеді,

Тоз-тоз болып өшеді.   (бұлт)

Жеке баламен жұмыс:             

Өзденбай Балымға қайшыны дұрыс қолдануға үйрету.

Жапсыру

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

 «Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны

Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі дамиды.

 «Керісінше айт» ойыны

Мақсаты:Логикалық ойлай алады,қарама-қарсы мағынасы бойынша айтады.

 Дидактикалық ойын:

«Ұқсастықты тап» 

Мақсаты:Заттардағы ұқсастықты табады және өз дәлелін негіздей отырып айта алады.

 «Сөйлемді толықтыр» ойыны

Мақсаты:Ойлау жылдамдығын, сөй-

леу белсенділігін дамыту.

 Дидактикалық ойын:

«Бұл қай мезгіл?»

Мақсаты:Төрт мезгілдің өзгерістерін ажыратады.Мезгілді рет-ретімен атайды.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   11-апта 10 - 14  наурыз  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие» Тәуелсіздік және отаншылдық айы   «Апта дәйексөздері»- «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»

Күн тәртібі

Дүйсенбі   10.03

Сейсенбі  11.03

Сәрсенбі  12.03

Бейсенбі  13.03

Жұма   14.03

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

Мақсаты: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

Дидактикалық ойын

«Бұл не? Кімге керек?»

Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.

«Әдемі үйшік»

Мақсаты: Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады.

  Нан туралы тақпақ

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

Үстел –үсті ойыны:

«Менің балабақшам»

Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштар көмегімен балабақшасын құрастыру.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 «Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

 «Кім шапшаң»

Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады

«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу.

Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.

Тіл ұстарту жаттығулары

«Теңін тап»

Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.

 «Дүкенші»

Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.

«Не артық»

Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

 Міндеті: - 

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік?

  Міндеті:  - Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту, буыннан сөз құрауды, сөзді буынға бөлуді жетілдіру.   

 «Сөзді қос» дидактикалық жаттығуы – Тіл ұстартуға ұйқас сөз тіркестерін айтамын, буыны жоғалған, сендер жоғалған буынды жалғап, толықтырып айтасыңдар. -яр-яр-яр – бізге берді қи-...яр; -тыр-тыр-ыр – керек бізге ба-....тыр; -кеш-кеш-кеш – түйеде бар екі өр-...кеш; -үй-үй-үй – домбырамен тарттық к- ...үй; -ін-ін-ін – келді, міне, ақ ти-... ін; - қа-қа-қа – көлшікте отырған ба -...қа; -қы-қы-қы – кісінеді жыл-...қы; -тай-тай-тай- – біздің Арман кішкен-...тай; -са-са-са - ызылдайды сары ма-...са. 3-тапсырма «Сөзді бөл» дидактикалық ойыны – Мен сендерге қандай да бір заттардың суреттерін көрсетемін, сендер шапалақпен суреттегі бейнеленген затты буынға өз беттеріңмен бөлесіңдер. Мысалы: гүл, үстел, ит, түлкі, сиыр, себет, жылан, қызанақ, балта, дәптер,мал, жеміс, жидек, піл, пальто т.б. «Кім зейінді?» дидактикалық ойыны Педагог балаларға әртүрлі суреттер, ойыншықтар көрсетеді. Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, балалар қызыл текшені, дауыссыз болса, көк текшені көтереді.

Сауат ашу негіздері

 Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті:  - Дыбыс, буын, сөз ұғымдарын бекіту ұзын және қысқа сөздерге мысал келтіруге, дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру   

Дидактикалық ойын: «Кім зерек?» – Балалар, көк, қызыл дөңгелектерді алыңдар да, үстел үстіне қойыңдар. Егер мен дауыссыз дыбысты айтсам көк, ал егер дауысты дыбысты атасам, қызыл дөңгелекті көтересіңдер. Мысалы: -а-, -у-, к-, -е-, -н-, -г-, -ш-, -щ-, -з-, -х-, -ф-, -ы-, -в-, -а-, -п-, -р-, -о-, -л-, -д-, -ж-. 139 Сөзбен жұмыс. «Сөзді өлшейік» дидактикалық жаттығуы – Алақандарыңды үстел үстіне қойыңдар, енді сөзді айта бастағанда алақанның арасын аша түсеміз. Алақанның арасы жақын болса, онда біз қысқа сөз өлшедік, ал алақанның арасы алшақ болса, онда ұзақ сөз өлшегеніміз. Мысалы: көз, жаз, кітапхана, дәріхана т.б. «Дыбыстың сөз ішіндегі орнын тап» дидактикалық жаттығуы Педагог лақ, алма, тал сөздерінің сызбасын тақтаға іліп, -л- дыбысының орнын табуды тапсырады. Тақтаға бір баланы шығарады. Балалар орнында жұмыс жасайды, егер дыбыс сөздің басында болса, басында тұрған төртбұрышты, егер ортасында болса, ортасындағы төртбұрышты, ал соңында болса, соңында тұрған төртбұрышты көк түспен бояйды

Сауат ашу негіздері

 Буынға бөлу

Міндеті:  - Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға үйрету.  

 – Балалар, бүгін бізге Жұмбақбай атай қонаққа келіпті. – Кімнің атасы бар? – Атаға қалай көмектесеміз? – Атаны қалай құрметтейміз? – Қарттар біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп күтеміз. «Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кәне, қалай шешеміз?» – деп, атайдың қоржынынан асықтарды алғызу арқылы балаларға тапсырмаларды орындату. – Балалар, алған асықтарыңда сандар жазылған. Сол сандардың реті бойынша суретпен жұмыс жасаймыз. Педагог қоржыннан шыққан суреттерді тақтаға іледі. – 1-ші номерде қарбыз суреті екен. Қарбыз қайда өсетінін анықтап алайық. Бақта ма әлде бақшада ма? – Жарайсыңдар, бақшада өседі екен. – Қарбыз сөзін бөліп айтайық. Нешеге бөлінді? – Қар бөлігі – бірінші буын, быз бөлігі – екінші буын. – Қарбыз неше буыннан тұрады екен, әр буынын анықтап айтыңдар. – Қарбыз сөзі екі буыннан тұрады екен, өйткені «а», «ы» дыбыстары – дауысты дыбыстар. Яғни екі дауысты дыбыс, екі буынды құрайды. Педагог балалармен күнбағыс, қызылша, картоп, қауын, қияр сөздерін буындарға бөлгізіп, жұмыс жасайды. «Жемістерді буынға бөл» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрап, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.   Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам жеміс ойлап, буынға бөлу. Қай топ көп сөз ойлап буынға бөледі екен. Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады. Мысалы: Ал-ма, ал-ша, а-нар, ал-мұрт, жү-зім, ө-рік, ба-нан, а-на-нас, ши-е, а-пель-син, манда-рин т.б

Көркем әдебиет

  Наурыз

 Міндеті:  - Сұрақтарға түсініп жауап беруге үйрету. Мерекелік көңіл күйді сезіндіру. Анасына сүйіспеншілігін тәрбиелеу   

Наурыз келді, балалар, Көктеді қыр, жағалар. Наурыз тойын тойлайық, Жаңа жылда, балалар! – Балалар, барша адамның көптен күтетін жыл мезгілі – көктем де келді. Көктемде Жер ана, табиғат ерекше түрленеді. Көктемде ең тамаша ұлттық мерекелердің бірі – Наурыз мерекесін тойлаймыз. Наурыз – жыл басы. Наурыз сөзі – жаңа күн, жаңа жыл деген мағынаны білдіреді. – Бүгін ақын Қастек Баянбайдың «Наурыз» өлеңімен танысамыз (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: сәске – түс мезгілі секілді – ұқсайды сары уыз – жаңа бұзаулаған сиырдың қоймалжың сүті Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңде не туралы айтылған? Өлең авторы кім? – Ағаштар қай мезгілде бүршік жарады? – Наурыз мерекесі қай уақытта тойланады? – Қай уақытта малдар төлдейді? «Сары уыз» деген не? Дидактикалық ойын: «Не жоқ» (ойлау қабілетін дамыту) Шарты: балалар көздерін жұмады. Педагог бір ұлттық киімді жасырады. Балалар табады, атын атайды. Мысалы: сәукеле, тақия, қамзол т.б.

            «Үнемді тұтыну»-    Мақсаты: Суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру 

                                                                        Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ Үнемдеу маңыздылығы: Энергияны дұрыс пайдаланбау климат өзгерісіне алып келеді. Электр қуатын үнемдеу табиғатты сақтап, өмірімізді жақсартуға көмектеседі.

 Жадынама:

1.Қажет емес кезде жарықты сөндіріңіз. Теледидар, компьютерді күту режимінде қалдырмаңыз.

2. Энергияны үнемдейтін шамдар: Жарық шамдарын энергия үнемдейтін түріне ауыстырыңыз.

3. 4.Табиғи жарық қолдану. Құрылғыларды электр тоғына қосылған күйінде қалдырмаңыз.

5. Артық қуат тұтынатын құрылғыларды пайдаланбаңыз немесе жаңартыңыз.

6. QR СКАНЕРЛЕУ           

Нұсқаулықтар:

1. Бөлмеден шыққан кезде жарықты өшіруді әдетке айналдырыңыз.

 2. Қолданылмай тұрған кезде компьютер мен теледидарды өшіріп қойыңыз.

3. Энергияны үнемдейтін шамдарды қолдану арқылы электр энергиясын азайтыңыз.

 4. Күндізгі уақытта терезелерді ашып, табиғи жарықты пайдаланыңыз. 5. Қолданбайтын электр құрылғыларын розеткадан ажыратып тастаңыз. 6. Энергияны көп тұтынатын құрылғыларды тексеріп, оларды тиімдірек модельдерге ауыстырыңыз.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған әлеммен таныстыру

 Міндеті:    

Математика негіздері

  Заттарды ұзындығы, ені, жуандығы бойынша салыстыру

Міндеті: -Шартты өлшемнің көмегімен үлгіден ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен) және оған тең заттарды табуға үйрету.    

«Белбеуді ал» ойындық жағдаяты. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Оларға 3-4 жұмсақ ойыншықтар беріледі. Ұзындығы мен ені әртүрлі бірнеше таспалар таратылады. Балалар белдіктерді таңдайды, сөйлеуде «ұзын – қысқа» сөздерін қолданады. Белдіктерді беттестіру мен қабаттастыру арқылы салыстырады. «Қандай фигура жоғалды» дидактикалық ойыны. Таныс фигуралар қатары (4-5 дана). Педагог балалардан көздерін жұмуды сұрайды («түн» шартты дабыл белгісін айтады), осы уақытта бір фигура алып тастайды. Содан кейін балалар фигураларды қарап және жетіспейтін фигураны атайды. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Әр жұптан жіңішке затты белгіле. Ермексаздан жуан және жіңішке баялды жаса. Тапсырманы жуан және жіңішке көгөністерді жасаумен жалғастыруға болады. Бір табаққа қалың, ал екіншісіне жұқа көгөністерді сал. 2-тапсырма. Жіңішке қарындаштарды қораппен, жуан қарындаштарды стақанмен сызып қос. Боя.

Математика негіздері

 Мен не білемін және не істей аламын?

Міндеті: -Санау, заттар санын цифрмен сәйкестендіру, үлгіден ұзынырақ (қысқа), және оған тең заттарды табуды үйрету  

 «Қандай цифр (фигура) жойылды» дидактикалық ойыны. Таныс цифрлардан сандық қатар түзіледі. Педагог балалардан көздерін жұмуды сұрайды («түн» шартты дабыл белгісін айтады), осы уақытта бір цифрды алып тастайды. Содан кейін балалар көзін ашып, қай цифр жоғалғанын атайды. Ойын фигуралармен қайталанады. Содан кейін Педагог «Артық, кем, тең» ойынын ұйымдастырады. Ол үшін ойыншықтар немесе санау материалдарының топтарын орналастырады және қай жерде артық, кем немесе тең екенін салыстыруды сұрайды. Балалар мұны санау негізінде де, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы арқылы да жасайды.  Тақтаға геометриялық фигуралардан құралған ағаштардың суреті ілінеді. Педагогтің үстелінде – көлемді фигуралардан жасалған құрылыстар тұрады. Геометриялық фигуралар елінде ағаштар да ерекше пішінге ие болады. – Қандай фигураларды көріп тұрсыңдар? Атаңдар.

Балалар суреттерге қарайды, геометриялық фигураларды атайды

Математика негіздері

  Геометриялық фигуралар

Міндеті: -Геометриялық фигураларды: дөңгелек, сопақша, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш тануға және атауға үйрету 

 1-тапсырма. Фигураларды ата. Суретті боя. Фигуралардың әр түрін сана. Тиісті цифрды қоршап сыз. Педагог суреттен геометриялық фигураларды тауып, оларды атауын сұрайды. Содан кейін балалар фигураларын әр түрін санайды, санын атайды және цифрды қоршайды. Жұпта, өзара тексерумен санауға болады. 2-тапсырма. Бастырып сыз. Орындамас бұрын педагог саусақ гимнастикасын жасауды ұсынады. Содан кейін торкөз ұяшықтардың бойымен сызықтарды бастырып сызады. Бұл әдістер балалардың қолдың ұсақ моторикасын және қимылдарды үйлестіруді дамыту үшін пайдаланылады. «Автобус» сергіту сәті. Бірге мініп автобусқа отырдық. (Балалар жүресінен отырады.) Терезеге үңілеміз, қараймыз. (Басты оңға, солға кезек-кезек бұрады.) Шопырымыз, газ педалін басқанда. (Бір аяқпен қиялдағы педальды басады.) Автобуспен жүйткіп, құстай самғаймыз. (Шеңбермен жүгіреді, қолда қиялдағы руль.) 3-тапсырма. Фигураларды жаңа орынға орналастыр. Үлгі бойынша боя. Сызық бойымен фигураның қай жерде тұрғанын тауып, фигураларды жаңа жерге ауыстыру керек. Педагог фигураның белгілері мен оның түсін сұрайды. Балалар фигураларды үлгі бойынша бояйды. 4-тапсырма. Практикалық жұмыс. Таяқшалардан, жіптерден немесе ермексаздан фигуралар жаса. Педагог тапсырманы орындап болған балаларды топ ішінде жүріп, басқа балалардың қандай фигуралар жасағанын көруге шақырады

Қоршаған әлеммен таныстыру

  Менің елімнің салт дәстүрі

Жаяу жүргіншілер ережелері  кір.10.03

Міндеті:  - Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Балаларға өздері білетін халқымыздың салт-дәстүрлері туралы айтқызу.

- Жаяу жүргіншілер ережесін меңгертуді жалғастыру.   

Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» – дейді. – Бағдаршам. «Бағдаршам» ойыны. (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу) Интербелсенді тақтамен жұмыс: Балалар қандай жол белгілерін білетіндерін айтады, педагог толықтырады. Олар: автокөлікке арналған жаяу өтпе жол белгісі, жерасты жаяу жүргіншілер жол белгісі, велосипедпен жүруге тыйым салу белгісі, жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салу белгілері, дыбыстық тыйым салу белгісі. – Жол белгілерінің айырмашылықтарын атаңдар. –Тыйым салу белгілері қызыл түспен қоршалған, көрсеткіш белгілер көк түспен белгіленген. Балалар жол жиегінде доп ойнап жүрген сурет арқылы жол жиегінде ойнауға болмайтындығын, жолдан бағдаршам арқылы, егер бағдаршам болмаған жағдайда «Жаяу жүргінші өтетін жер» белгісін тауып, сол жерден өту керектігін айтады. – Бағдаршамда неше түс бар? –Бағдаршамның үш түсі бар. –Сары түс жанғанда қозғалысты бастай беруге бола ма? Қызыл түс нені білдіреді? Жасыл ше? (Балалардың жауаптары тыңдалады). – Жаз мезгіліндегі, қыс мезгіліндегі жолдардың айырмашылығы неде? – Жазда жол құрғақ болады, қыста қар жауғандықтан тайғақ болуы мүмкін. – Қай мезгілде мәшине тез тоқтап үлгіреді, қыста ма, жазда ма? Неге? – Жазда. Өйткені қыста жол тайғақ болады.  – Жаяу жүргіншілер жолы қалай аталады? – Жаяужол. Сөздік жұмыс: жаяужол. «Жолдан өту» ойыны (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). Топтық жұмыс. «Жол белгілерін табу» ойыны. Жағдаятты шешу: «Желаяқ бүгін үйден шығып, футбол ойнағысы келді, бірақ аулада ешкім болмады, Желаяқ допты лақтырып жіберді, ол жолға қарай домалап кетті. Өткен-кеткендер Желаяққа ұрыса бастады, бірақ Желаяқ таңғалды, өйткені ол үлкендердің неге ұрысқанын түсінбеді». Балалар педагогпен бірге жол жағдайын талдайды, қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. Желаяқ содан кейін көшені кесіп өткісі келді, бірақ мәшинелардың тежегіштері шиқылдап, жүргізушілер Желаяққа айғайлай бастады. Олар неге айғайлады? – Желаяқ түсінбеді. –Кәне, Желаяққа түсіндірейік. Балалар көшеден қалай дұрыс өту керектігін түсіндіреді. Интербелсенді тақтамен жұмыс: «Жаяу жүргінші ережелері» Жаяужолдың шетіне тұруға болмайды. Көлікке арналған жолда ойнама. Жаяу жүргіншілер жолынан өтерде, телефонмен сөйлеспе. Жаяужолмен жүргенде, оң жақ бетті ұстан. Жолды анықтап қарап алмайынша, бұталар түбінен жүгіріп шығуға болмайды. Жолдан тек жаяу жүргіншілерге арналған жолдан, бағдаршамның жасыл түсіне өтуге болады.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Адай» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

« Адай» күйі

  Наурыз

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

Міндеті:   

Қазақ тілі

Саяхатшы ертегісі

Менің киімдерім кір.10.03

Міндеті : -Шығарманы рөлдерге бөліп сомдау

-Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен таныстыру

Дидактикалық ойын: «Не артық?». Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).

– Көйлек неге артық?

– Көйлек – киім.

– Сендерде қандай киім бар?

Қуыршақ киімдері арқылы жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіру.

– Көйлек, шалбар, жейде – нелер?

– Көйлек – киім. Шалбар – киім. Көйлек, жейде, шалбар – киімдер.

Мынау – ұзын жең жейде Мынау қандай жейде?

Мынау – ұзын жең жейде.

Мынау – қысқа жең көйлек.

Мынау қандай көйлек?

Мынау – қысқа жең көйлек.

Сөйлемдерді айтып жаттығады.

Жең, ұзын сөздерін дұрыс айтып жаттығу.

Ең-ең-жең. Ұұұзын жең.

Қа-қа-қысқа – қысқа жең

Сөйлеуді дамыту

  Менің аннам

-Мамандықтың бәрі жақсы кір.10.03.

Міндеті: -Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану

-Адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту 

«Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал».

Педагог балаларға мақал-мәтелді көтеріңкі дауыспен, орта дауыспен, төмен дауыспен қайталатады

Педагог «Ана» сөзіне дыбыстық талдау жасауды ұсынады. А –  жуан дауысты.

Н – үнді дауыссыз. А – жуан дауысты.

Дидактикалық ойын: «Анама сыйлық».

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау. Анасына таңдаған әшекейді түрлі түсті қаламмен бояйды. Әшекей бұйымды қай жерге тағатыны, қалай аталатыны туралы айтып береді.

  Көркем әдебиет

  Әже

 Міндеті:  -Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Тілдік ойлау қабілетін дамыту. Отбасын құрметтеуге тәрбиелеу

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

– Біз кім туралы тақпақ айттық? (Әже туралы)

– Әже қандай адам? Әжеңнің есімі кім? Әжең сені қалай еркелетеді? Педагог балалардан жақында қандай мереке келе жатқанын сұрайды. – Көктемнің ең алғашқы мерекесі – аналар, әжелер, қыздар мерекесі. – Бүгін ақын Әбубәкір Қайранның «Әже» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең авторы кім? Өлең кімге арналған? Әже баланы қалай оятады? – Әже қандай киім киеді? Бала әжесіне қандай тілек тілейді? – Сен әжеңе қандай сөздер айтар едің? 80 Сөздік жұмысы: кимешек – әйел адамның ұлттық баскиімі жаулық – кимешектің сыртынан тартатын орамал

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

  Наурыз ашық хаты

Міндеті : - анаға арнап ашықхат жасай білуге үйрету, балаларды өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге тәрбиелеу

- Ойдан өзбетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау

-- Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

Топтық жұмыстар 

                                                                                    Қауіпсіздік сабағы : «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»

Мақсаты:   балаларға жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, терезелердің жанында өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Терезелералдындағықауіптер: Педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз мүмкін», «Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіруге болмайды». Терезе маңындағы тәртіп ережелері: 1-ереже. Ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз.Түсіндіру: «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз».2-ереже. Терезе үстінде/алдында ойнамаңыз. Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлапқалуыңыз мүмкін». 3-ереже. Ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. Түсіндіру: «Терезені ашпас бұрын үлкендерден рұқсат сұраңыз». 4-ереже. Егерсіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге айтыңыз. Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу ересектерге айтыңыз». «Қауіпсіз терезелер» бейнеролигін көрсету Бейнероликті талқылау және «Терезенің жанында не істеуге болмайды» ойынын ойнау: Тәрбиеші әртүрлі әрекеттерді атайды (мысалы, «Ашық терезеге бару», «Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеуге болатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!» деп себебін түсіндіреді.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

 Міндеті:      

Музыка

  Ана – өмір  шырағы

Міндеті : - Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.  

Музыка тыңдау:

«Аман болшы, анашым» (Б. Қабиева)

Ән айту:

«Анашым» (Е. Хасанғалиев)

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Киіз басу» («Келіншек»

халық күйі, өңдеген Б. Дәлденбай)

«Полька» (эстон халық биі)

Ойындар, хороводтар:

«Балақан да алақан» (Ө. Байділдаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Күншуақ» (Е. Құсайынов)

Дене тәрбиесі

  Бізбен бірге және бізден артық орында

Ұлттық ойындар .  кір.10.03

Міндеті: -Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру

-Ұлттық қимылды ойындарды ойнату     

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Шарбақ» (4рет).

Ойыншылар бір-бірінің қолдарынан ұстанып, төрт-төрттен бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады.

Орыс халық әуендерімен әр қатар қарама-қарсы қатардағы балаларға барып иіледі. Сосын өз орнына қайтып келеді. Көңілді әуен басталғанда бар білетін қимылдарын жасап, балалар шашырап, секіріп билей бастайды. Музыка тоқтай қалғанда әр қатар өз орнына қатарға тұра қалуы керек. Олар айқастырып қол ұстасып, «шарбақ тоқиды».

«Тентек доп» – армян халқының ойыны. (4 рет).

Ортаға диаметрі 3-4 м үлкен шеңбер сызады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір топ шеңбер ішіне кіреді, екінші топ шеңбер сыртына бір-бірінен бірдей арақашықтықта орналасады. Жүргізушіден доп алған соң, сырттағы ойыншылар – шабуылшылар

шеңберден асырып, бір-біріне доп лақтыра бастайды. Допты үш рет лақтырғаннан кейін барып қана шабуылшылар шеңбер ортасындағы қорғаушыларды ата бастайды.

Қорғаушылар болса, тек үстілерінен үш рет доп өткен соң ғана одан қашып, тигізбейді.

Бірақ, допты қағып алуға тырысады. Қорғау сәтті өтсе, ойыншылар рөлдерін ауыстырады

Дене тәрбиесі

  Эстафета

 Міндеті: -Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу    

«Тақиятастау»

Көлденең нысанаға асықты 3 м қашықтықтан лақтыру. «Қолын түзеп жазып барып, төменнен лақтыру» тәсілін қолданады.

Бастапқы қалыпта аяқтарын иықтан шығыңқы деңгейге қойып, оң аяқты артқа қалдырып, оң қолды кеуде тұсында шынтақтан бүгіп, артқа төмен сермеп барып, жоғары қарай алдыға лақтырады

«Дегелек» ойыны.

Тізелерін аздап бүгіп, иығын аздап алдыға еңкейтіп, қолдарын төмен салбыратып, алдыға қарап тұрды.

Тізесін бүккен бір аяғын көтереді де, шаңғыны көлденең ұстап, кідіріс жасайды

Музыка

  Домбыра сазы

 Міндеті:  - Қазақтың қасиетті аспабы домбыраны қастерлей білуге, күй құдіретін түсіне білуге ұмтылдыру. 

 Музыка тыңдау:

«Келіншек» қ.х.к. (өңд. Б. Дәлденбай)

Ән айту:

«Домбыра сазы» (И. Нүсіпбаев)

«Анашым» (Е. Хасанғалиев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Айна» орыс х.ә. (өңд М. Раухвергер)

Билер: «Апатайым-ай» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Қос дабыл» (А. Райымқұлова)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Ұйықташы, бөпешім»

(В. Агафонников)

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

 Наурыз

Серуен-Бақылау №6

Серуен бақылу:

Қарды бақылау

Мақсаты:

  • Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бақылауды жүргізуге үйрету
  •  Өлі табиғаттағы (күн – қар) болатын өзара байланыстар туралы білімін тиянақтау

Бақылау барысы

Көркем сөз  «Бұл қай кезде болады»                                            Ш. Ахметов

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашап,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балаларға сұрақтар

*Қазір жылдың қай мезгілі?

*Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

*Аулада қар еріп жатқан жер байқала ма?

*Неге бұл жердің қары еріп жатыр?

Халық болжамдары бар: қар ұлпалары іріленсе — күннің жылынуын күт; қараторғай келсе көктемді қарсы ал. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап күннің шуағы молаяды. Күннің көзі көбірек түсетін жерлердегі қарлар еріп, жер бусана бастайды. Аяққа басқан қар тапталып, кешкі аязбен қатқақ пайда болады. Бірақ, бұл ұзаққа созылмайды. Күннен күнге күннің жылуы молайып,  жердегі қар еріп, суға айналады.

Зерттеу жұмыстары

Күн астындағы және көлеңкеде жатқан қардың тереңдігін өлшеу. Күннің көзі көп түсетін жердегі қар неге аласа, көлеңкедегі қар неге биік?

Еңбек  Жолдарды қоқыстан тазалау.

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуді үйрету. 

Қимылды ойын «Қояндар мен аңшылар».

Мақсаты: қуушыдан қашып құтылуларын, тез жүкіре білулерін дамыту.

Жаттығу ойыны Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты: лақтырған затты нысанаға түсіруге жаттығу.

Халық болжамы: Жыл құстары тобымен келсе, көктем бірден болып, жаз ерте шығады.

Еркін ойындар балалардың қаалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау №7

Серуен бақылу:

Шырша ағашын бақылау

Мақсаты:

  • Қаламызда өсетін ағаштармен таныстыруды жалғастыру;;
  • Шырша  ағашын басқа ағаштармен салыстыру;
  • Ағаштардың көктемгі өзгерістері туралы білімдерін молайту.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Жасыл шырша» К. Әзірбаев

Қанша заман өткенімен,

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен,

Доссың ғой сен, жасыл шырша.

Өзгермейсің қыс келсе де,

Бояыңды оңдырмайсың.

Аяз шымшып, тістесе де,

Жапырағыңды тоңдырмайсың.

Балаларға сұрақтар:

*Шырша ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы неде?

*Балалар шырша ағашын неге жақсы көреді?

*Шырша ағашы туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

Тәрбиеші әңгімесі: Шырша ағашы адамға өте ұнамды, қуаныш сыйлайтын ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, жаңа жылды қарсы аламыз. Өкінішке орай, біздің осындай қиянаттарымыздан шырша орманы сиреп барады. Қазір шыршаны кесіп, бүлдірмес үшін, жасанды шыршалар шығарылды. Қаламызда шырша ағаштары отырғызылып, қала көшелеріне сән беруде.

Шыршаны тек қана адамдар емес, жан-жануарлар мен құстар да жақсы көреді. Қалың шырша орманында аюлар апанын, тиіндер індерін, құстар ұяларын салады.

Зерттеу жұмысы: шырша ағашын маңайдағы басқа ағаштармен салыстыру , ерекшеліктерін атау.

Еңбек: шырша ағашының айналасын тазалау.

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге деген құлшыныстарын арттыру.

Қимылды ойын: Доппен ойын.

Мақсаты :Қозғалыс координацияларын дамыту..

Жаттығу ойыны

Доппен жаттығу.

Мақсаты: допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алуға жаттықтыру.

Мақал-мәтел:

-Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

-Аяламасаң ағаш та, аспандап өспес.

Еркін ойындар балалардың қаалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау  №8

Серуен бақылу:

Су тамшыларын бақылау

Мақсаты:

—температураға байланысты су күйінің өзгеруі туралы білімдерін тиянақтау;

—зерттеу қызметін өздігінен орындай білу дағдыларын жетілдіру.

Бақылау барысы

Көркем сөз. «Сүңгілер» А. Меңдібай

Күн сәулесін төкті кеп,

Қар да ери бастады.

Шатырынан әр үйдің,

Төмен қарап салбырап,

Мұз сүңгілер аспалы,

Пайда бола бастады.

Тырс - тырс тамып тамшылар,

Тынымсыз жерге тамады.

Қардың суы еріген,

Сай қуалай ағады.

Балаларға сұрақтар

  • Мұз сүңгілер қай бетте ұзын болады – көлеңке бетте ме, әлде күн бетте ме? (күн бетте)
  • Неге? (күн бетте күн қатты қыздырады да, сондықтан сүңгілер ұзын болады)
  • Аязды күндері сүңгілер өсе ме, әлде қысқара ма? (қысқарады, аяз бен желден олар сынады)
  • Шуақты күні ше? (өседі)
  • Қай беттегі сүңгілер тез ериді? (күн беттегі, себебі күн мқзды қыздырады да, ол суға айналады)

Қанекей, тексеріп көрейік: бір ыдысты көлеңке беттегі сүңгінің астына, екінші ыдысты күн беттегі сүңгінің астына қояйық. Қай ыдысқа су көп жиналады екен. Келесі күні серуенге шыққанда ыдыстарды қарайды, қай ыдыста су көп, қай ыдыста аз жиналған.

Еңбек

Кішкентайлардың ойын алаңына баратын жолға құм шашуға тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты: кішкентайлар мен олардың тәрбиешілеріне көмектесу, өзара көмек қолын беруге тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Аяғыңды сулама»

Мақсаты:

—Кедергіден секіріп өте білу және шашыраңқы жүкіре білу дағдыларын бекіту.

Жаттығу ойыны. Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты: қозғалыс уақытында өздерін сақтандыра білуге оқыту.

Халық болжамы: Мұз сүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады

 Еркін ойындар балалардың қаалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау №9

Серуен бақылу:

Күнді бақылау

Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне  әсері туралы білімдерін бекіту. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.       (күн)

Алауға оранып,

Көкке өрлеп шығады.

Бір айналып оралып,

Көкжиекке бұғады.       (күн)

Күн биікке көтерілген сайын, күн жылы әрі ұзақ болады. Күннің жылуынан қар ериді, жер жылиды. Шөптер өсе бастайды. Ағаштар бүршік жарады.

*Табиғатта тағы қандай өзгерістер болады?

*Күн қай жақтан шығады?

*Қай жаққа батады?

*Жарқырап тұрған күнге тура қарауға бола ма?

*Неге?

Зерттеу қызметі

Ағаш, пластмасса, металл заттарға қол тигізіп қарау, қайсысын күн көп қыздырады?

Қандай заттар тез қызады, қоңыр түсті ме, әлде ашық түсті ме?

Күннің көзіне ұзақ уақыт қандай заттың көмегімен қарауға болады? (қоңыр түсті әйнекпен)

Еңбек

Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу..

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген  ынталарын дамыту.

Қимылды ойын «Күн мен түн».

Мақсаты:күн мен түннің айырмашылығы жайлы білімдерін тиянақтау, берілген белгі бойынша әрекет етуге баулу. 

Жаттығу ойыны Орнында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты:секіре білулерін, күштері мен көз өлшемдерін дамыту.

Мақал-мәтел:

Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Сәуірдегі жауын-сауып тұрған  сауын.

Жеке баламен жұмыс:   Ыдырысбек Кенесары

«Қоржынды сәндейміз»

Мақсаты: Қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.  Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сурет салу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Жеке баламен жұмыс:

 Алтай Асылым                            «Отбасының күзгі еңбегі»

Мақсаты:             Отбасымен бірге күзгі еңбекке баулу.

Суреттер бойынша әңгімелеу. Сөздік қорларын дамыту.                    

Сөйлеуді дамыту

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті

Жеке баламен жұмыс:     Өзденбай Балым    құрастыруға деген қызығушылығын арттыру.

Құрастыру

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Жеке баламен жұмыс:                     Оразханқызы Ұлжан қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Қоршаған ортамен танысу

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті

Жеке баламен жұмыс:

 Болғанбек Інжу                 «Автобус»

Мақсаты:Автобус туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сурет салу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Ойын:“Кесіртке”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:Бір ойыншылар созылған қол арақашықтығында шеңбер құрады,

олардың қолында доп. Басқа топ шеңбер ішінде бағана болып тұрады.

Бағыттаушы ойыншы- кесірткенің “басы”, соңғы ойыншы- кесірткенің

“құйрығы”. Қолында добы бар ойыншылар бүкіл бағананы – кесірткені

құйрығынан бастап өлтіруі керек. Кесіртке құйрығын қорғау мақсатында

өлтіргелі жатқан ойыншылар добынан қашуға болады. Ойын уақытпен беріледі. Кесірткені аз уақытта өлтірген топ – жеңімпаз болып есептеледі.  

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Мен қандай адаммын ? 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . 

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м рақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресебір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйінежүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқанқатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

Ойын: «Торғайлар мен мысық»
Мақсаты:
 балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. Ойын 4-5 рет қайталанады. 
Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды (қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді)

Ойын: «Әуедегі атыс» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты: Бұл сайыста оқушыларды екі топқа тең бөлесіз. 1-топқа бірыңғай қызыл түс (өз қалауыңыз бойынша да таңдауға болады), 2-топқа жасыл түсті үрленген шар беріп, екі команданың арасын түзу сызық етіп бормен сызып қоясыз. Музыка ырғағымен екі команда өз шарларын қарсылас команда жаққа лақтыру керек. Қай топ жылдам сол жеңіске жетеді

.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта 17 - 20  наурыз  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие» Тәуелсіздік және отаншылдық айы   «Апта дәйексөздері»- «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады» 

Күн тәртібі

Дүйсенбі   17.03

Сейсенбі  18.03

Сәрсенбі  19.03

Бейсенбі  20.03

Жұма 

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

Мақсаты: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

Дидактикалық ойын

«Бұл не? Кімге керек?»

Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.

«Әдемі үйшік»

Мақсаты: Балалар өз еріктерімен  үйшікті  құрастыра алады.

Жаттығу ойыны Орнында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты:секіре білулерін, күштері мен көз өлшемдерін дамыту.

Мақал-мәтел:

Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Сәуірдегі жауын-сауып тұрған  сауын.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

 .

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Омпы

Мақсаты:   Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді.  Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы  20 қадам  екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы  омпыға  бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.  

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

 «Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

 «Кім шапшаң»

Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады

«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу.

Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.

Тіл ұстарту жаттығулары

«Теңін тап»

Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

  Менің анам

 Міндеті: -Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру

–Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді әрі ұлы сөз.

–Әрқайсымыздың да анамыз бар, дұрыс емес пе?

–Ендеше өз аналаларыңды суреттеп, «Менің анам» тақырыбына әңгіме құраңдар. Педагог балаларға көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды:

–Анаңның аты кім?

–Кім болып жұмыс істейді?

–Анаңды сипаттап бере аласың ба? Ол қандай адам?

–Анаң сені жақсы көреді ме? Оны қайдан білесің?

Педагог қол көтерген балалардың бәрінің ойларын тыңдайды

Сауат ашу негіздері

Сөз және сөйлем

  Міндеті  - Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйрету     

– Балалар, біз дыбыстардан сөз құралатынын білеміз. – Кәне, бір-бір сөзден айтамыз. Балалар ойларынан бір сөзден айтады. – Балалар, біз не айттық? – Иә, сөз айттық. Осы сөздер аяқталған ойды білдіреді ме? – Жоқ, білдірмейді екен. Аяқталған ойды білу үшін біз осы сөзді қатыстырып не құраймыз? – Әрине, сөйлем құрауымыз қажет. Өздерің айтқан сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар. – Кітап ашық тұр. – Тақтада сурет ілініп тұр. 142 – Мысық сүт ішті. – Жарайсыңдар, сендер өте жақсы сөйлем құрадыңдар. – Дұрыс айтасыңдар, сендердің құраған сөйлемдерің аяқталған ойды білдіріп тұр. – Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұр. Яғни біз өз ойымызды сөйлемдер арқылы жеткізеді екенбіз. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. «Кім шапшаңсөз, сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны Шарты: Екі топ болып жарысады. Бірінші топ сөз айтса, екінші топ сол сөзге сөйлем құрастырады. Мысалы: 1-топ 11-топ Жастық. Жастыққа жатты Қайық Қайық жүзді. Шие Шие пісті. Сазан Сазан ауладық

Сауат ашу негіздері

 Сөйлемді аяқта

Міндеті -- Сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорларына мән беру   

 «Кім жылдам?» дидактикалық жаттығуы Шарты: педагог сөздер айтады, балалар мұқият тыңдап, педагог айтқан сөздегі «о» дыбысын «ө» дыбысына ауыстырып сөзді қайта айту керек. соз-сөз от-өт тол-төл жон-жөн тор-төр он-өн Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады. «Кім зейінді»дидактикалық ойын Педагог өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдайды. Өлең аяқталған соң «и» дыбысы кездескен сөздерді балалар айтады. Буынға бөледі. Ұшып кетті инелік, Бізден қорқып именіп. Тік ұшаққа ұқсайтын, Инелікке тимелік. Мен көп оқып үйренем, Білім сырын игерем. Бейне құдық қазғандай Болса да білім инемен. -Инелік, именіп, тимелік, игерем, именем. Жұмыс дәптерімен жұмыс Сөйлемді педагог оқиды, балалар суретке қарап, сөйлемді жалғастырады. Денсаулығым мықты болу үшін, мен не істеймін? 1. Денсаулығым мықты болу үшін, мен... (жеміс-жидектер жеймін). 144 2. Денсаулығым мықты болу үшін, мен... (таза ауада серуендеймін). 3. Денсаулығым мықты болу үшін, мен ... (уақытылы жуынамын). 4. Денсаулығым мықты болу үшін, мен ...(велосипед тебемін). 5. Денсаулығым мықты болу үшін, мен... (спортпен шұғылданамын)

Сауат ашу негіздері

 Сөйлемдегі сөздердің реті

Міндеті:   - Сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс қойып, сөйлем құрауға үйрету.    

«Жұп құр» ойын-жаттығуы Педагог тақтаға шеңбер бойымен бір дыбыстан басталатын екі суреттен тақтаға іліп шығады, балаларға екі бірдей дыбыстан басталатын суреттерді қосуға тапсырма беріледі. Педагог тапсырманы орындау үшін, балаларды кезекпен тақтаға шығарады. Мысалы: қамшы-қаламсап, сиыр-сәбіз,, білезік-бақа, тырна-тырма,, зымыран-зырылдауық, сағат-сағыз, қоян-қоңыз, ит-ине. «Екінші буыным қайда?» дидакикалық ойыны Ойын шарты: педагог сурет көрсетіп, сурет атауының бірінші буынын айтады балалар екінші буынды жалғайды. Мысалы: Бұзаудың суретін көрсетіп, бұ дейді, балалар зау деп жалғайды.Осылай ойын бүркіт, шал-бар, ба-лық, ше-лек, қар-мақ, жы

Көркем әдебиет

 Міндеті:     

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Кеңестер: 1. Ас үй техникасын ақылды пайдалану: Тамақ әзірлеу кезінде пеш пен микротолқынды пешті тиімді пайдалану. Суды қайнату үшін кішкентай мөлшердегі су қолдану. 2.Тоңазытқыш есігін жап: Тоңазытқыш есігін ұзақ уақыт ашық ұстаудан аулақ бол. Бұл көп энергия жұмсайды. 3.Кір жуғыш машинаны толтырып қолдан: Кір жуғыш машина толық толтырмай пайдаланбаңыз 4.Электронды құрылғыларды үнемді пайдалану: Электронды құрылғыларды энергия үнемдейтін режимде пайдалану. Бұл кеңестер энергияны үнемдеуге және қоршаған ортаға қамқор болуға көмектеседі.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған әлеммен таныстыру

 Наурыз мерекесі

 Міндеті: Балаларға наурыз айы, наурыз мерекесі туралы түсінік беруді жалғастыру.   

– Балалар әннің мазмұны не туралы? Наурыз мейрамы жылдын қай мезгілде болады? Көктемнің қандай ерекшеліктері бар? –Көктемде қар еріп, күн жылынады, ағаштар бүршік жарып, алғашқы дала гүлі – бәйшешек шығады. Көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз, ағаштардың түптерін қопсытамыз. Наурыз айы – адамдардың асыға күтетін айының бірі. Наурыз парсыша «нау» – жаңа, «рыз» – «күн», яғни «жаңа жылдың бірінші күні» дегенді білдіреді. Сондықтан Наурыз – жыл басы, Бұл күні күн мен түн теңеледі. Барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деген тілектер айтады. Ойын: «Наурыз тамашалары». Толық, нақты жауаптарға жұлдызшалар беріледі. Интербелсенді тақтадан «Наурыз » мультфильмі көрсетіледі. (һ

Математика негіздері

  Геометриялық фигуралар және денелер

Міндеті:   -Денелерді тануға және атауға үйрету – текше, шар, цилиндр.

 1-тапсырма. Геометриялық денелердің әр түрін сана. Қажетті цифрды қоршап сыз. Балалар тапсырманы өз бетімен орындайды. Содан кейін олар бір-біріне нөмір береді. Олар жұптасып фигураларды санауға көмектеседі. №2 тапсырманы орындамас бұрын педагог қолдын моторикасын дамытуға арналған жаттығуды ұсынады: «Саусақ қадамдары»: балалар алдымен бас бармағын үстелге/еденге 132 тигізеді, содан кейін – сұқ және ортаңғы саусақпен жасайды. Мұны мүмкіндігінше тез және дәл жасауға тырысады. Жаттығу 1-ден 10-ға дейін және кері ретпен жүруі мүмкін. Үстел үстінде немесе еденде саусақтарды әрлі-берлі шапшаң жүргізеді. 2-тапсырма. Фигураларды нүкте бойынша қайталап сал. Балалар қарындашпен нүктелерді байланыстырады және фигураны атайды. 3-тапсырма. Кез келген фигураны үлгіге сәйкес боя. «Сапқа тұр» ойын жаттығуы. 1–10-ға дейінгі цифрлары бар карточкалар бекітілген қағаздан фигураларды таратады (№22 парақ). Балалар қатарға тұру керек. Қалған балалар оларға «қанша», «қай», «қайсысы» деген сұрақтар қояды.

Математика негіздері

 Геометриялық фигуралар және денелер

Міндеті:   -Пішіндердің атауларын: дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, денелердің атауларын: текше, шар, цилиндр тануға және атауға үйрету

1-тапсырма. Затты оған ұқсайтын фигурамен сызып қос. Балалар өз жауабын дауыстап түсіндіреді. Фигуралардың маңызды белгілерін атайды. 2-тапсырма. Жіптен шеңбер жаса. Одан сопақша жасауға тырыс. Фигураларды салыстыр. Практикалық жұмыс. Педагог жіптерден шеңбер жасауды ұсынады. Содан кейін одан сопақша шығару үшін не істеу керектігін сұрайды. Фигураларды салыстыруды сұрайды. 3-тапсырма. Фигураларды боя. Фигуралардың әр түрін сана. Қандай фигуралар тең? Ата. Тапсырма зейінді, санау дағдыларын дамыту және фигуралардың атауын бекіту үшін берілген. 4-тапсырма. Суреттерді аяқтап сал. Шеңберді пайдаланып, өз суретіңді ойластыр. Тапсырманы орындамас бұрын педагог балаларға геометриялық фигураларды суреттерге айналдыратындығын айтады. Алдымен балалар суретшінің шеңберді неге айналдырғанын түсіндіреді: күн, қоңыз, алма. Содан кейін олар өздерінің «түрлендіру» нұсқаларын ұсынады. Тапсырма қиялды, моториканы дамытуға және шеңбердің маңызды қасиеттерін қайталауға бағытталған. «Сиқырлы қозғалыстар» ойын жаттығуы. Еденге шеңбер мен шаршы салады немесе оларды жіптерден жасайды (түрлі түсті жұқа жабысқақ таспамен сызықтарды жабыстырады). 1-2 баланы белгілі бір дөңгелектерге немесе шаршы ішіне орналастырып қояды. Үстіңгі және астыңғы жағына шартты белгі салады. Басқа балалар тексере алатындай етіп, балалардың қолына тапсырма беріп, оны тақтаға іліп қояды. Балалар жол бағытында көрсетілген қадамдарды жасайды. Егер балалар дұрыс қозғалса, қалған балалар оларға қол шапалақтайды

Математика негіздері

  Геометриялық пішіндегі заттар

Міндеті:  -Пішіндердің атауларын тануға және атауға, қоршаған ортадан фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау

 «Сиқырлы дорба» дидактикалық ойыны.  «Сиқырлы дорбада»: шар, текше, цилиндр, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек. Ал үстелде олардың суреттері бар. – Геометриялық фигуралар мен денелердің патшалығында бақытсыздық болды. Зұлым сиқыршы сиқырлы таяқшаның күшімен оның барлық тұрғындарын терең зынданға салды. Сендер оларды тек былайша құтқара аласыңдар: заттың қандай фигура екенін қолмен ұстап, жанасу арқылы анықтаңдар және оның суретін табыңдар. Балалар көздерін жұмып, әрқайсысы кезек-кезек дорбадан фигураларды алады, оны атайды, оның суретін тауып, оның үстіне фигураны қояды. Жұптық жұмыс. Басқатырғыштарды (пазлдарды) ұсынады (№34, №35, №36 парақтары). Пазлдарды жинай отырып, балалар суреттердегі заттардың неліктен фигураларға ұқсайтынын айтып түсіндіреді. Ойын жалғасады. Пазлдарды құрастыру кезінде суреттердің арасынан оларды кесу кезінде дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш фигуралары алынатын денелерді табады. Педагог бұл геометриялық денелерді: текше, шар, цилиндрді ермексаздан жасап әкеледі. Егер балалар тапсырманы оңай орындаса, педагог оларды топтарға бөліп, №38 парақтағы пазлдарды таратады. Жылдамдық жарыстарын ұйымдастырады. Дабылды сигнал бойынша жұмысты бастамас бұрын, балалармен бірге топта жұмыс істеу ережелерін түсіндіреді. «Ауада сурет салу» ойын жаттығуы. Балалар ауада саусақтарымен әртүрлі фигуралардың: дөңгелектердің, толқындардың, сызықтардың және т.б. суретін салады.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Міндеті:     

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Салкүрең» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

«Салкүрең»күйі

  Наурыз

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

 Менің киімдерім

Міндеті: - Сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу 

Дидактикалық ойын: «Не артық?». Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).

– Көйлек неге артық?

– Көйлек – киім.

– Сендерде қандай киім бар?

Қуыршақ киімдері арқылы жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіру.

– Көйлек, шалбар, жейде – нелер?

– Көйлек – киім. Шалбар – киім. Көйлек, жейде, шалбар – киімдер.

Мынау – ұзын жең жейде Мынау қандай жейде?

Мынау – ұзын жең жейде.

Мынау – қысқа жең көйлек.

Мынау қандай көйлек?

Мынау – қысқа жең көйлек.

Сөйлемдерді айтып жаттығады.

Жең, ұзын сөздерін дұрыс айтып жаттығу.

Ең-ең-жең. Ұұұзын жең.

Қа-қа-қысқа – қысқа жең

Қазақ тілі

Менің киімдерім

Міндеті  -Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру ,

Дидактикалық ойын: «Не артық?». Тақтадағы суреттерді атап, ондағы артық суретті табады. (Жануарлар және көйлек суреттері).

– Көйлек неге артық?

– Көйлек – киім.

– Сендерде қандай киім бар?

Қуыршақ киімдері арқылы жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіру.

– Көйлек, шалбар, жейде – нелер?

– Көйлек – киім. Шалбар – киім. Көйлек, жейде, шалбар – киімдер.

Мынау – ұзын жең жейде Мынау қандай жейде?

Мынау – ұзын жең жейде.

Мынау – қысқа жең көйлек.

Мынау қандай көйлек?

Мынау – қысқа жең көйлек.

Сөйлемдерді айтып жаттығады.

Жең, ұзын сөздерін дұрыс айтып жаттығу.

Ең-ең-жең. Ұұұзын жең.

Қа-қа-қысқа – қысқа жең

Сөйлеуді дамыту

 Наурыз –

көктем мерекесі

Міндеті:  Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту      

Жұмбақ шешу.

1.Бір ауызды бұйым бар, Тіктөртбұрыш пішінде. Затыңды аман сақтайды, Салып қойсаң ішіне. Көлемі болар әртүрлі, Орташа, үлкен, кіші де. Оюлар зерлеп жасалған, Қызығасың түсіне. Айтыңдаршы, бұл не зат, Көрпе жинайтын үстіне?

–Ой, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Сол үшін сендерге Наурыз мерекесі туралы айтып берейін:

Наурыз шығыс күнтізбесінде Жаңа жыл басы деп саналады. Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеледі.

Наурыз – жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, халық қастерлейтін, бірігіп тойлайтын күн.

–Ал енді өздерің отбастарыңда бұл тойды қалай өткізесіңдер, соны айтып беріңдер.

–Сендер мерекеде наурызкөже пісіресіңдер ме?

–Оны кім пісіреді? Оған не қосады?

Педагог қуыршақ Кәмшатты отырғызып, тақтаға Наурыз мерекесіне байланысты суреттер іледі.

–Наурыз қай мезгілде келеді? Педагог балаларға шығармашылық әңгіме құрауды ұсынады.

Сөздік жұмыс:

Тобылғы қамшы сап жасайтын ағаш екенін түсіндіреді.

  Көркем әдебиет

  Наурызкөже

 Міндеті: - Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімін кеңейту. Сюжет желісінің реттілігін сақтап айтуға дағдыландыру. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.     

– Қазір жылдың қай мезгілі? Наурызда қандай мерекелер болады? Педагог қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары туралы слайдтар көрсетеді. Өздеріне таныс тағамдар мен сусындарды атауды ұсынады. Балалар бауырсақ, қымыз, наурызкөжені атайды. – .Наурызкөже туралы не білесіңдер? Наурыз мерекесінде дастарқан жайылады. Жеті түрлі тағамнан наурызкөже пісіріледі. Наурыз мерекесі көңілді өтеді. – Бүгін автор Серік Нұғыманның «Наурызкөже» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді   Сөздік жұмысы: таңырқап – таңғалып тегене – үлкен, дөңгелек, шұңғыл ыдыс Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Нартай әжесінен нені сұрады? – Әжесі Нартайға не деді? Әжесі саусақпен тағамның қандай түрлерін санады? – Наурызкөжеге қандай дәндерді қосты? Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ» (баланың есте сақтау қабілетін дамыту) Шарты: балалар шеңбер болып отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүріп, бір баланың артына тақия тастап кетеді. Бала сезіп қалса, атып тұрып соңынан қуады. Жүргізуші айналып келіп, оның босаған орнына отыра қалады. Жете алмаған бала айыбын өнерімен өтейді.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Міндеті

Топтық жұмыстар 

                                                                       Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

                                            Мақсаты:  : балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.  .

Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз». «Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

 Эстафета

 Міндеті: -Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу     

«Тақиятастау»

Көлденең нысанаға асықты 3 м қашықтықтан лақтыру. «Қолын түзеп жазып барып, төменнен лақтыру» тәсілін қолданады.

Бастапқы қалыпта аяқтарын иықтан шығыңқы деңгейге қойып, оң аяқты артқа қалдырып, оң қолды кеуде тұсында шынтақтан бүгіп, артқа төмен сермеп барып, жоғары қарай алдыға лақтырады

Музыка

 Домбыра сазы

Міндеті   - Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен

музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау 

Музыка тыңдау: «Қараторғай» (Ақан сері, өңд. Б. Ерзакович) Ән айту:

«Көктем» (Д. Гусинцев)

«Домбыра сазы» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт)

Билер: «Апатайым-ай» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Балақан да алақан» (Ө. Байділдаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)

Дене тәрбиесі

  Күшті, батыл және үлкен боламын

Міндеті: -Бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр);     

Биіктікке секіру.

Жүгіріп келіп, биіктікке (20 см) секіреді. Белгіленген жерге келгенде жүгіріс пен аяқпен итерілуді ұйлестіре білу керек Екі аяқты бірдей созып барып екпінмен шапшаң итерілуге тырысады. Қолмен сермеп көмектеседі.

Жүгіріп екпін алған соң кідірмей кедергіге келгенде екі аяқты бүгіп барып қайта жазып итеріліп секіреді

Дене тәрбиесі

  Күшті, батыл және үлкен боламын

 Міндеті:   Бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр); 

Биіктікке секіру.

Жүгіріп келіп, биіктікке (20 см) секіреді. Белгіленген жерге келгенде жүгіріс пен аяқпен итерілуді ұйлестіре білу керек Екі аяқты бірдей созып барып екпінмен шапшаң итерілуге тырысады. Қолмен сермеп көмектеседі.

Жүгіріп екпін алған соң кідірмей кедергіге келгенде екі аяқты бүгіп барып қайта жазып итеріліп секіреді

Музыка

 Міндеті:      

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

 Наурыз

Серуен-Бақылау №6

Серуен бақылу:

Ауа райын бақылау

Мақсаты:

  • Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бақылауды жүргізуге үйрету
  •  Өлі табиғаттағы (күн – жауын) болатын өзара байланыстар туралы білімін тиянақтау

Бақылау барысы

Көркем сөз  «Бұл қай кезде болады»                                            Ш. Ахметов

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашап,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балаларға сұрақтар

*Қазір жылдың қай мезгілі?

*Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

*Аулада жаңбыр жауып тұр ма?

* қараторғай келсе көктемді қарсы ал. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап күннің шуағы молаяды. Күннің көзі көбірек түсетін жерлердегі қарлар еріп, жер бусана бастайды. Аяққа басқан қар тапталып, кешкі аязбен қатқақ пайда болады. Бірақ, бұл ұзаққа созылмайды. Күннен күнге күннің жылуы молайып,  жердегі қар еріп, суға айналады.

Зерттеу жұмыстары

Күн астындағы және көлеңкеде жатқан қардың тереңдігін өлшеу. Күннің көзі көп түсетін жердегі қар неге аласа, көлеңкедегі қар неге биік?

Еңбек  Жолдарды қоқыстан тазалау.

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуді үйрету. 

Қимылды ойын «Қояндар мен аңшылар».

Мақсаты: қуушыдан қашып құтылуларын, тез жүкіре білулерін дамыту.

Жаттығу ойыны Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты: лақтырған затты нысанаға түсіруге жаттығу.

Халық болжамы: Жыл құстары тобымен келсе, көктем бірден болып, жаз ерте шығады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау №7

Серуен бақылу:

Шырша ағашын бақылау

Мақсаты:

  • Қаламызда өсетін ағаштармен таныстыруды жалғастыру;;
  • Шырша  ағашын басқа ағаштармен салыстыру;
  • Ағаштардың көктемгі өзгерістері туралы білімдерін молайту.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Жасыл шырша» К. Әзірбаев

Қанша заман өткенімен,

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен,

Доссың ғой сен, жасыл шырша.

Өзгермейсің қыс келсе де,

Бояыңды оңдырмайсың.

Аяз шымшып, тістесе де,

Жапырағыңды тоңдырмайсың.

Балаларға сұрақтар:

*Шырша ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы неде?

*Балалар шырша ағашын неге жақсы көреді?

*Шырша ағашы туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

Тәрбиеші әңгімесі: Шырша ағашы адамға өте ұнамды, қуаныш сыйлайтын ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, жаңа жылды қарсы аламыз. Өкінішке орай, біздің осындай қиянаттарымыздан шырша орманы сиреп барады. Қазір шыршаны кесіп, бүлдірмес үшін, жасанды шыршалар шығарылды. Қаламызда шырша ағаштары отырғызылып, қала көшелеріне сән беруде.

Шыршаны тек қана адамдар емес, жан-жануарлар мен құстар да жақсы көреді. Қалың шырша орманында аюлар апанын, тиіндер індерін, құстар ұяларын салады.

Зерттеу жұмысы: шырша ағашын маңайдағы басқа ағаштармен салыстыру , ерекшеліктерін атау.

Еңбек: шырша ағашының айналасын тазалау.

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге деген құлшыныстарын арттыру.

 Қимылды ойын: Доппен ойын.

Мақсаты :Қозғалыс координацияларын дамыту..

Жаттығу ойыны

Доппен жаттығу.

Мақсаты: допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алуға жаттықтыру.

Мақал-мәтел:

-Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

-Аяламасаң ағаш та, аспандап өспес.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау  №8

Серуен бақылу:

Су тамшыларын бақылау

Мақсаты:

—температураға байланысты су күйінің өзгеруі туралы білімдерін тиянақтау;

—зерттеу қызметін өздігінен орындай білу дағдыларын жетілдіру.

Бақылау барысы

Көркем сөз. «Сүңгілер» А. Меңдібай

Күн сәулесін төкті кеп,

Қар да ери бастады.

Шатырынан әр үйдің,

Төмен қарап салбырап,

Мұз сүңгілер аспалы,

Пайда бола бастады.

Тырс - тырс тамып тамшылар,

Тынымсыз жерге тамады.

Қардың суы еріген,

Сай қуалай ағады.

Балаларға сұрақтар

  • Мұз сүңгілер қай бетте ұзын болады – көлеңке бетте ме, әлде күн бетте ме? (күн бетте)
  • Неге? (күн бетте күн қатты қыздырады да, сондықтан сүңгілер ұзын болады)
  • Аязды күндері сүңгілер өсе ме, әлде қысқара ма? (қысқарады, аяз бен желден олар сынады)
  • Шуақты күні ше? (өседі)
  • Қай беттегі сүңгілер тез ериді? (күн беттегі, себебі күн мқзды қыздырады да, ол суға айналады)

Қанекей, тексеріп көрейік: бір ыдысты көлеңке беттегі сүңгінің астына, екінші ыдысты күн беттегі сүңгінің астына қояйық. Қай ыдысқа су көп жиналады екен. Келесі күні серуенге шыққанда ыдыстарды қарайды, қай ыдыста су көп, қай ыдыста аз жиналған.

Еңбек

Кішкентайлардың ойын алаңына баратын жолға құм шашуға тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты: кішкентайлар мен олардың тәрбиешілеріне көмектесу, өзара көмек қолын беруге тәрбиелеу.

 Қимылды ойын

«Аяғыңды сулама»

Мақсаты:

—Кедергіден секіріп өте білу және шашыраңқы жүкіре білу дағдыларын бекіту.

Жаттығу ойыны. Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты: қозғалыс уақытында өздерін сақтандыра білуге оқыту.

Халық болжамы: Мұз сүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Наурыз

Серуен-Бақылау  №9

Серуен бақылу:

Су тамшыларын бақылау

Мақсаты:

—температураға байланысты су күйінің өзгеруі туралы білімдерін тиянақтау;

—зерттеу қызметін өздігінен орындай білу дағдыларын жетілдіру.

Бақылау барысы

Көркем сөз. «Сүңгілер» А. Меңдібай

Күн сәулесін төкті кеп,

Қар да ери бастады.

Шатырынан әр үйдің,

Төмен қарап салбырап,

Мұз сүңгілер аспалы,

Пайда бола бастады.

Тырс - тырс тамып тамшылар,

Тынымсыз жерге тамады.

Қардың суы еріген,

Сай қуалай ағады.

Балаларға сұрақтар

  • Мұз сүңгілер қай бетте ұзын болады – көлеңке бетте ме, әлде күн бетте ме? (күн бетте)
  • Неге? (күн бетте күн қатты қыздырады да, сондықтан сүңгілер ұзын болады)
  • Аязды күндері сүңгілер өсе ме, әлде қысқара ма? (қысқарады, аяз бен желден олар сынады)
  • Шуақты күні ше? (өседі)
  • Қай беттегі сүңгілер тез ериді? (күн беттегі, себебі күн мқзды қыздырады да, ол суға айналады)

Қанекей, тексеріп көрейік: бір ыдысты көлеңке беттегі сүңгінің астына, екінші ыдысты күн беттегі сүңгінің астына қояйық. Қай ыдысқа су көп жиналады екен. Келесі күні серуенге шыққанда ыдыстарды қарайды, қай ыдыста су көп, қай ыдыста аз жиналған.

Еңбек

Кішкентайлардың ойын алаңына баратын жолға құм шашуға тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты: кішкентайлар мен олардың тәрбиешілеріне көмектесу, өзара көмек қолын беруге тәрбиелеу.

 Қимылды ойын

«Аяғыңды сулама»

Мақсаты:

—Кедергіден секіріп өте білу және шашыраңқы жүкіре білу дағдыларын бекіту.

Жаттығу ойыны. Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты: қозғалыс уақытында өздерін сақтандыра білуге оқыту.

Халық болжамы: Мұз сүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

«Таныс тақпақтарды  айту» Болғанбек Інжу

Мақсаты:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуды,қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануды үйрету.

«Сырғанаймыз бәріміз» қимылды ойын  Қанат Бақдәулет

Мақсаты:Биік емес төбешіктен сырғанауды,салауатты өмір салты туралы ұғымдарды түсіндіруді үйрету.

«Пішіндерді топтастыр» д\о Алтай Асылым

Мақсаты: Бір затты топтан бөлуді және топтарға біріктіре алуға үйрету. 

«Менің мамандығым»әңгіме

Лескен Шахмұханбек

Мақсаты:Әртүрлі мамандықтардың еңбектерінің мазмұның, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалауға үйрету..

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Суретті тіл ұстарту:

Ша – ша – ша
Айшаның шанасы тама (ша)
Са – са – са
Қасқыр соқты Мұ (са)
Ол – ол – ол
Ағашта лимон м(ол)
Ра – ра – ра
Дүкеннен нан алды Са (ра)
Із – із – із
Тамаққа қосты сәб(із)
Жу – жу – жу
Ыдысты тазалап (жу)

Ойын: «Жер,су,ауа»

Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:асық
Шарты:балалар дөңгелеіп отырады.Бір бала ортаға шығып балалардыі кез келгінене асық лақтырып жібереді де жер су ауа деген сөздің бірін айтады.Егер бала жер десе асықты қағып алған сезіммен тәбиелеу.Біл бала отатаға шығып,балалардың кез келгеніне асықта лақтырып жібреді де жер, су ауа деген сөздік бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды.Ал су сөзі айтылса,балық балардың аты аталады.Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.

Осылй ойын жалғаса береді.

Ойын: «Лақтыр да,қағып ал» 

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,- деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды. 

Ойын: «Айдаһардың құйрығы» 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Ойынның шарты: Өте қызық ойын! Ойынға қатысушылар бірінің артына бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған бала - «айдаһардың басы». Ең соңғысы – «құйрығы» болады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. 
Ұсыныс: Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты ұстатпау, қайткені де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол – «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады

Тілді жаттықтыратын тақпақ

Кім келді?

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым бұл сен бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жан ұя

Иә, иә, иә!

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына а. ЖОББМ» КММ

Мектепалды  О «А» сыныбы

Балалардың жасы   5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта 01 - 04  сәуір  2024-2025 оқу жылы

«Біртұтас тәрбие» « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы     «Апта дәйексөздері»- «Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.»  

Күн тәртібі

Дүйсенбі  

Сейсенбі  01.04

Сәрсенбі  02.04

Бейсенбі  03.04

Жұма   04.04

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

 Мақсаты:

—            белгі бойынша әрекет етуге үйрету;

—            ойын шартын сақтап ойнауға баулу;

Жаттығу ойыны

Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны  Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Қимылды ойын.

«Бәйге».

Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны.  Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты:                                                                 секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру.

 Жаңылтпаштар жаттау:

Үйір, үйір үйректі,

 Қаз маңғаз,

Үйірге кім үйретті?             Маңғаз қаз.

Үйір, үйір үйректі,

 Әр кез маңғаз,

Үйірге өзім үйреттім.         

Қаз маңғаз.

Мақсаты: сөздік қорларын байыту.

Тыйым сөздер:

Құс ұясын бұзба.                       

Құсқа тас атпа.                      

Құс жұмыртқасын сындырма.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Көтермек

Мақсаты: Балалардың ойын , күшін дамыту. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойыдары арқылы балаларға тәрбие беру. Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады.

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

«Психомоторлық жаттығу»

«Күлімдеген күн»

Күн күлімдеп нұр төкті,

Жақсы сөздер нұр септі,

Еске сақтап кеңесті,

Кел,қосылып айтайық  бір-бірімізге..

«Психомоторлық жаттығу»

«Табиғатпен үндестік»

Шеңбер бойлап жүремiз,

Әр гүлге көңiл бөлемiз.

Сұлулық пеп махаббатты

Сезiнiп өмiр сүремiз.

«Психомоторлық жаттығу»

 «Біз әдепті баламыз»

Әдеп сақтап әманда,

Әрбiр адал адамға.

Жасасаң бiр қамқорлық,

Қайтарады саған да.

«Психомоторлық жаттығу»

Көңілденіп күленіп,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 Математика негіздері

 Геометриялық пішіндегі заттар

Міндеті: Пішіндердің, денелердің атауларын тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету      

Маңызды: ойын барысында әр фигураның ерекше қасиеттеріне назар аудару керек. «Фигуралар мен денелердің конструкторы» дидактикалық ойыны. Ойынға әртүрлі фигуралар мен денелердің конструкторы қажет: дөңгелектер, сопақшалар, үшбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар, текшелер, шарлар мен цилиндрлер. – Барлық пішіндер мен денелерді үстелге қой. Тапсырма қандай да бір құрылымды салу, мысалы, үй. Бала пішіні мен өлшемін ескере отырып, үй салу үшін әртүрлі пішіндер мен денелерді пайдаланады. Бала құрылысты аяқтаған соң, ол өзінің құрылысын көрсетіп, оны жасау үшін қандай фигуралар мен денелерді қолданғанын түсіндіріп айтады. Балаға әртүрлі фигуралар мен денелерді қолдана отырып, өз дизайнын жасау ұсынылады.

 Математика негіздері

 Тәулік бөліктері. Циферблат

Міндеті -Циферблат, сағат тілдерімен таныстыру. Циферблат арқылы уақытты анықтауға үйрету

«Сағат детективі» дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды теру уақытын анықтауға және уақытқа байланысты сөздерді қолдануға үйрету. Ойыншылар саны: 2-ден 6-ға дейін. Ойын алаңы: боялған сағат. Ойын барысы: Бір ойыншы белгілі бір уақытты таңдайды, бірақ оны дауыстап айтпайды, ал қалғандары уақытты болжау үшін сұрақтар қояды. Мысалы: «Бұл түскі астан кейінгі уақыт па?» немесе «Бұл балалар мектепке баратын уақыт па?»  Уақытты дұрыс болжаған ойыншылар қосымша мүмкіндік алады. Уақытты дәл болжаған ойыншы келесі сағат детективі болады. «Сағат жарысы» дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды уақытты анықтауға және уақытқа байланысты сөздерді қолдануға үйрету. Ойыншылар саны: 2-ден 4-ға дейін. Ойын алаңы: қағаз бетіндегі сағаттың жүретін жолы. Ойын барысы: ойыншылар мәшинелерді таңдап, оларды бастапқы сызыққа қояды. Əр ойыншы текшені лақтырады және өз мәшинесін текшеде қанша ұяшық болса сонша ұяшыққа жылжытады. Мәшинелер тоқтаған кезде ойыншылар сағаттың жолындағы уақытты анықтауы керек. Мысалы: «Бұл түстен кейінгі уақыт па?» немесе «Бұл балалар сабаққа баратын уақыт па?» Уақытты дұрыс анықтаған ойыншы текшені қосымша лақтыруға мүмкіндік алады. Мәре сызығына бірінші болып жеткен бала жеңімпаз болады.

Көркем әдебиет

  Тұсау кесу

 Міндеті: -  Ауыз әдебиеті шығармаларына сүйіспеншілігін ояту. Ұлттық дәстүрге қызығушылығын дамыту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу .

Балалардың назарын интербелсенді тақтадағы суреттерге аударады. – Бұл қандай салт-дәстүр? Тұсау кесу туралы не білесіңдер? – «Тұсау кесу» рәсімі бала аяғын қаз-қаз басқан кезде жасалады. Баланың келешегіне ақ жол тілеп, тез жүріп кетсін деген ниетпен тұсауын кеседі. Ол үшін баланың аяғына ала жіп байлап, беделді адамға кескізеді. Педагог ақын Оразақын Асқардың «Тұсау кесу» өлеңін мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді  Сөздік жұмысы: тәй-тәй – баланың аяғын апыл-тапыл басуы жүйрік – жылдам жүгіру Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең не туралы? Өлеңнің қай сөзі есіңде қалды?

Сөйлеуді дамыту

«Күшік пен мысық» Ертегіс 

Міндеті: - -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Күшік пен мысық ертегісін есімізге түсірейік.

–Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп сахналайық (атрибуттарын кигізу).

Марғау мысықтың баласы екенін түсіндіреді.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып жүрісін сал». Ойын шарты: Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

“Энергияны үнемді тұтыну” ертегісі Ертеде Жасыл ел деген бір мемлекетте өмір сүретін тұрғындар энергияны көп ысырап ететін. Жасыл едің табиғаты әдемі, ауасы таза, ал үйлері жылы болатын. Бірақ тұрғындар электр жарығын, суды және жанармайды өте көп тұтынатын, сондықтан табиғат зардап шегіп, ресурстар азая бастады. Бір күні бұл елге Болашақ атты жас жігіт келді. Ол табиғатты қорғауды және ресурстарды үнемдеуді үйретуді мақсат етті. Болашақ атты бала барлық тұрғындарды жинап, оларға былай деді: "Құрметті Жасыл елдің тұрғындары! Егер біз энергияны үнемдеп, табиғатты қорғауды үйренбесек, болашақ ұрпаққа таза және әдемі әлем қалдыра алмаймыз. Енді біз энергияны қалай үнемдеуге болатынын үйренейік." Тұрғындар Болашақ атты баланың сөздерін тыңдап, энергияны үнемдеудің түрлі жолдарын іздей бастады. Жасыл ел тұрғындары үйлеріндегі жарықты қажетсіз уақытта өшіруді, су жылытқыштарын тиімді пайдалануды және көліктердің жанармайын үнемдеуді үйренді. Олар сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерін – күн панельдері мен жел генераторларын қолдануды бастады. Жақын арада Жасыл елде табиғат қалпына келіп, ресурстардың шығыны азайды. Тұрғындар энергияны үнемдеудің маңыздылығын түсініп, бұл әдетті күнделікті өмірде қолданды. Болашақ атты баланың арқасында Жасыл елдің табиғатты сақталынып, таза және әдемі әлемде өмір сүретін болды. Бұл ертегі балаларға энергияны үнемдеудің және табиғатты қорғаудың маңыздылығын үйретеді.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Көркем әдебиет

 Көктем

 Міндеті: - Көктем мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Табиғат өзгерістерін сезіне білуге баулу. Табиғатты қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу 

 Бүршік шашып,

 жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.

– Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? – Көктемде қандай мерекелер тойланады? Педагог жұмбақ жасырады: Күн күледі, жер түлейді. (Көктем) – Енді, балалар, ақын Төлеген Айбергеновтің «Көктем» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: мөлдір – тұнық, таза жаңбыр төгілді – жаңбыр жауды Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең авторы кім? Көктемде неге барлығы көңілді болады? – Көктемде қандай жаңбыр жауады? Көктемде аспанның түсі қандай болады? – Көктем сөзіне сөйлем құра.  

Сөйлеуді дамыту

«Күшік пен мысық» Ертегіс 

Міндеті: - -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Күшік пен мысық ертегісін есімізге түсірейік.

–Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп сахналайық (атрибуттарын кигізу).

Марғау мысықтың баласы екенін түсіндіреді.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тауып жүрісін сал». Ойын шарты: Ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.

Сауат ашу негіздері

Буындарға буын қосу  

Міндеті:- - Сурет атауларының бірінші буындарын қосып сөз құрай білулерін дамыту.

 Балаларға дыбыстарды, буындарды сөздерді, кезектестіріп айтады, балалар «ж» дыбысын естісе, жалаушаны көтереді. Мысалы: а, п, м, ж, т, и, у, м, ж, с, ч, я, ю, у, ж, а, у, ц, и, ж, у, р, т, ж, л, у... Са, жа, ха, то, уыр, баж, пе, пу, до, жа, ио, ау, аж, аи, ми, ду, ру, жи, ба, де, са, жу, ша, ка, пу..... Ажар, ауна, үкі, жаңбыр, балық, қауын, жауын, қасқыр, ау, жапалақ, бау... «Тізбек» дидактикалық ойыны Педагог балаларға суреттер көрсетеді, бірінші сурет қандай дыбыспен аяқталып тұрғанын анықтап, сол дыбыстан басталатын суретті қойып, тізбекті балалар жалғастырады. Мысалы: Ара, алма, автобус, сабын «Сөзді аяқта» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге соңғы буынын айтпай сөздер айтамын, сендер буынды қосып, сөзді айтасыңдар. Мысалы: қам...шы, қама...жай, кү...шік, көбе...лек, ба...нан, алжап...қыш, жұлдыз...ша, жылқы...шы, шах...мат, ине...лік, жолба...рыс, жас...тық, ағаш..тар, т.б. Сөзді дұрыс айтқан балаларға педагог жұлдызша таратып отырады, ойын соңынан жеңімпаз анықталады, бантик, асқабақ, домбыра, қамшы, балмұздақ, аялдама. 

Сауат ашу негіздері

  Сөйлемдегі сөздердің реті мен санын анықтау

Міндеті:- - Суретке байланысты белгілі ретімен сөйлем құрай алу   

«Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сөйлемнің басын бастап айтамын, сендер мағынасына қарай аяқтайсыңдар. Ойын шарты: педагог сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды. Мысалы: Педагог: Гүлге қонды Менің кимім Бүгін күн Ағаштан жапырақтар Жұмыс дәптерімен жұмыс Балалар: ара. жаңа. жауды. түсті. 1. Суреттерді қара. Әр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз, сөйлем неше сөзден тұратынын айт

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Балбырауын» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

«Балбырауын» күйі

  Сәуір

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

 Дене мүшелерінің

атқаратын қызметі

Міндеті  - -Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және  күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Арман мен Сәуле диалог жүргізеді.

– Сәуле, сен таңертең не істейсің?

– Мен таңертең тұрамын.

– Таң-ер-тең- ң тұ-ұ-ұ-ра-мын. Таңертең тұрамын (айнамен жұмыс).

– Бе-ті-і-ім-ді-і-і жуа-мын – бетімді жуамын.

– Ті-с-і-і-ім-ді-і-і та-за-лай-мын – тісімді тазалаймын.

– Ша-шым-ды та-рай-мын – шашымды тараймын.

– Жат-ты- ғу жа-сай-мын - жаттығу жасаймын.

– Ки-і-м-і-і-м-д-і-і-і ки-е-мі-і-і-н – киімімді киемін.

– Содан кейін анаммен балабақшаға барамың.

Балалар қуыршақтардың (педагогтің) соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады.

Таңертең ... (тұрамын).

Бетімді ... (жуамын).

Тісімді ... (тазалаймын).

Сауат ашу негіздері

 Буындарды қосып, сөз құра

Міндеті  -Берілген суреттің бірінші буындарды қосып ауызша сөз құрау дағдыларын меңгерту.  

 Буындармен жаттығулар. «Бір буыннан басталатын бірнеше сөз» дидактикалық ойыны Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға жұлдызша беріліп отырады. Қай топ бір буыннан ең көп сөз айтады екен. Мысалы: (ша-) ша-(на), ша-(ғала), ша-(ла), ша-(тақ), ша-(бу), (ақ-) ақ-(ша), ақ-(қала), ақ(бұлақ); (ти-) ти-(ін), ти-(ме), (бал-) бал(мұздақ), бал(жан), бал(шық). «Кім жылдам?» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге «А»дыбысы бар сөз айтып допты лақтырамын, сендер де «а» дыбысы бар сөз айтып, допты келесі балаға лақтырасыңдар. Мысалы: аққала, бала, банан

 Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Ұлттық ойындар

Міндеті: - Балаларды қазақтың ұлттық ойындармен таныстыруды жалғастыру         

 Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Ұлттық ойындардың ерекшеліктері қандай? Ер Төстік (қуанып кетеді): – Мен санамақ білемін! 75 Он қолымда бес саусақ, Барлығы болды он саусақ. Сол қолымда бес саусақ. Барлығыда әп-әйбат, Екеуін қосып санап ем, Бейне бір он бауырсақ. – Жарайсың, Ер Төстік! Біздің балалар да біледі (балалар санамақ айтып жарысады). 2-слайд. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп. Слайдтан асық, арқан, жылқы, тақия, теңге суреттері шығады. Балалар суреттердегі заттарға қарап, қандай ұлттық ойындарға қатысы барын табады. «Асық ату», «Арқан тартыс», «Бәйге» , «Тақия тастамақ», «Теңге алу» Балалар ойын мазмұнын естеріне түсіреді. Ер Төстік қойындәптерін алып, ойындарды жазып отырады. – Ойын ойнағым келіп тұр, – Ер Төстік. – Ойын түрлері өте көп болғандықтан, қандай ойын ойнайтынымызды мына текшенің саны арқылы табайық. Ер Төстік текшені тастайды. 3-слайд. «Қарамырза» ойыны слайдтан шығады, ойын шарты түсіндіріледі (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). 4-слайд. Әтештің шақырған дауысы естіледі. Ойын: «Жауынгер әтештер» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). Жеңілгендер айыппұл ретінде тақпақ не жаңылтпаш айтады. Ер Төстік бірге ойнайды. Ер Төстік балаларға риза болып, қоштасып, шығып кетеді. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. 1. Суретте нешінші «Қарамырза» жоқ? Тиісті цифрды қорша. Ер Төстікке барлық «Қарамырзамен» қалай амандасу керектігін үйрет. «Ассаламағалейкүм, бірінші Қарамырза!» деп баста.

Дене тәрбиесі

  Менің көңілді добым

 Міндеті: - -Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату

Текшелер мен сырық (ұзын ағаштармен) орындалатын негізгі қимылдарды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін еске саламыз: бір-біріне қарама-қарсы жүруге болмайды.

Секірулер: сырықты жалғыз аяқпен секіріп, ілгері қарай айналып жүру. Секіргенде аяқтың басымен итеріліп, аяқтың басына қайта түсу.

                                                  Қауіпсіздік сабағы :  «БӨТЕН АДАМ ЕСІК ҚАҚҚАНДА АШУҒА БОЛА МА?»

                     Мақсаты: балаларға есікті қағып жатқан бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету.  

Тәрбиеші балаларға тек жақын адамдарға ғана (мысалы, ата-әжесі, анасы, әкесі, көрші) есікті ашуға болатынын түсіндіреді. Есікті ашпас бұрын, тіпті есіктің артында таныс адам болса да, әрқашан ата- анаңыздан рұқсат сұрау маңызды. Кімдерге есікті ашуға болмайды: Балаларға таныстарыңнан келдім десе де, бейтаныс адамдарға есік ашуға болмайтынын түсіндіру. Егер бейтаныс адам есікті қақса, бұл туралы үлкендерге хабарлау керек және ешбір жағдайда есікті ашпауды түсіндіру. «Кімге есік ашуға болады» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайларды әңгімелейді, ал балалар есікті ашуға бола ма, жоқ болмайды ма туралы айту керек. Мысалы: «Әжем есік қағып жатыр», «Формадағы бейтаныс адам», «Анамның құрбысы» және т.б. «Қауіпсіз қоңырау» ойыны Тәрбиеші біреу есіктен қоңырау шалған жағдайды бейнелейді. Балалар не істеу керек деген сұраққа дұрыс жауап беруі керек (мысалы, «Алдымен ата-анадан сұрау керек», «Бейтаныс адамға есік ашпау керек»).

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/5sLJO6RBTE0?si=WF002pUrFSXM3Psc https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

 Көктем әндері

Міндеті - -Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту

 Музыка тыңдау:

«Ақ сиса» (Жаяу Мұса)

Ән айту:

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

«Көктем» (Д. Гусинцев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Қамажай» х.ә. (өңдеген Н. Меңдіғалиев) Ойындар, хороводтар:

«Үйшік» (В. Витлин)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Сәулем-ай» қазақтың х.ә.

(өңдеген Б. Дәлденбай)

Дене тәрбиесі

   Менің көңілді добым

Міндеті: --Допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аңшылар мен қояндар»

Қозғалып бара жатқан нысананы «ату» кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Ойыншылар «аңшылар» мен «қояндарға» бөлінеді. «Аңшылар» сызықтың сыртына тұрады, ал «қояндар» сызықтардың ортасына тұрады. «Аңшылар» доппен «қояндарды» атып алуға тырысады. «Оқ тиген» қояндар ойыннан шығады. Барлық қояндарды атып алған соң командалар орнын ауыстырады

Дене тәрбиесі

  Менің көңілді добым

 Міндеті: - -Допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату

Текшелер мен сырық (ұзын ағаштармен) орындалатын негізгі қимылдарды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін еске саламыз: бір-біріне қарама-қарсы жүруге болмайды.

Секірулер: сырықты жалғыз аяқпен секіріп, ілгері қарай айналып жүру. Секіргенде аяқтың басымен итеріліп, аяқтың басына қайта түсу.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Сәукелені әшекейлейміз

Міндеті: -Ою-өрнек элементтерін дұрыс орналастыра білуге үйретусурет салу іс-әрекеті арқылы бас киімдерді әшекейлеу, 

 - Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік

-Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен және т.б. безендіру

орындауға шақырады. Балалар саусақтарға арналған жаттығуды қайталайды.

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Сәуір

Серуен-Бақылау  №4

Бақылау: Тастарды бақылау

Мақсаты: тастардың әртүрлілігімен және олардың қасиеттерімен таныстыру.

Бақылау барысы

Балабақша ауласындағы ойын алаңындағы бір ағаштың түбіне әртүрлі тастар салынған қапшықты тығу. Қапшық тығылған ағашты суреттеп айту. Қапшық табылғаннан кейін балалармен әңгіме өткізу.

Тастар әртүрлі болады. Оларды жәй тас деп айтуға болмайды, себебі әр тастың өз ерекшелігі болады. Кейбір тастар бағалы, ал жәй тастардың да пайдасы өте көп.

Сұрақтар:

*Тастардың қандай түрлерін білесіңдер?

*Асыл тастарды не үшін пайдаланады?

*Жәй тастарды қай жерде, не үшін пайдаланады?

*Гранит, мрамор тастарды көрген жерлерің бар ма, оларды не үшін пайдаланады? Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, түсіндіреді.

*Балабақша ауласында, ғимарат құрлысында тастар бар ма?

Жеке  жұмысы

Балабақша ауласынан түсі, көлемі әртүрлі тастарды тауып, жинау.

Еңбек

Ұжымдық жұмыс, балабақша аумағын тазалау.

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге,бастаған істі аяқтауға, біткен іске қуануға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын.

«Бәйге».

Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны.  Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты:                                                                 секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №5

Бақылау: Бұлттарды бақылау

Мақсаты: өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Бақылау барысы.

Көркем сөз. «Бұлт»

Ө. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы?

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның,

Бұлт-көшпелі бұлағы.

Тәрбиеші сұрақтары.

♦Бұлт дегеніміз не?

♦Бұлттардың түсі қандай болады?

♦Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен.)

♦ бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат-қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)

♦  Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек-түйдек болып тұрады)

♦  Шарбы бұлттар неге ұқсады? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)

♦  Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)

♦ Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)

♦Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)

Жеке жұмыс

Аспандағы  қандай бұлттар  екенін анықтау.

 Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.

Еңбек

Алаңды егу жұмыстарына дайындау; қоқыстарды жинау, сыпыру. 

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру..  

Қимылды ойын  «Қасқыр қақпан».

Мақсаты: ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.

Жеке жұмыс

Математикалық жаттығулар.

Мақсаты: тақ және жұп сандарды санай білу дағдыларын жетілдіру.

Халық болжамы. Ерте көктемде найзағай ойнап, күн күркіремесе, жаз құрғақ болады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №6

Бақылау: Желді бақылау

Мақсаты:

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады?

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

Жеке жұмыс

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды)

♦Желдің ізін көруге болады ма?

Зерттеу жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау.

Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.

  Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны  Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №7

Бақылау: Сутоғанды бақылау

Мақсаты: мұздың қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

Бақылау барысы

Күн өткен сайын көктем қысты ысырып, өз жылуын алып келуде. Көктемнің ең бірінші жеңісі-жерді жібітеді. Алдымен қары еріген алаңқайлар пайда болады, өгей шөптер өсіп шығады. ал, екінші жеңісі-өзен-көлдердің ери бастауы. Жердегі, қар үйінділеріндегі қарлар еріп, сай-саланы қуалап, өзенге барып құяды. Өзен сулары көтеріліп, мұзды жарады. Жарылған мұздар ағыспен бір-біріне соқтығады. Мұздар жарылып, өзендер арнасынан асқан кезде ауа температурасы кенет төмендейді. 

Жеке жұмыс

сутоғандардағы мұздар ұзақ уақыт тұрады. Себебі онда ағыс жоқ, су қозғалмайды. Бұл жерде мұздар жарылмайды, біртіндеп ериді.

Зерттеу жұмысы. Сутоғандағы мұздың қалыңдығын мұз өлшегіш құралмен өлшеу. Тоған бетіндегі мұздың еруін бақылау

Еңбек

Ауланы қоқыстан, сынған бұталардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын тәрбиелеу.

 Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

 Мақсаты:

—белгі бойынша әрекет етуге үйрету;

—ойын шартын сақтап ойнауға баулу;

Жаттығу ойыны

Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

 .

Жеке баламен жұмыс: Өзденбай Балым

Мақсаты:сөздерді дұрыс айтуды үйрету

Жеке баламен жұмыс: Ыдырысбек Кенесары

Мақсаты:  Өлең, тақпақтар жаттату

Жеке баламен жұмыс: Ілесбек Шахмұхаммед

Мақсаты:  Балалармен қарым -қатынаста болуын дағдыландыру

Жеке баламен жұмыс:

 Болғанбек Інжу

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қасиеттерін арттыру үшін, балаларға тақпақ жаттату

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Артикулыциялық жаттығулар:

Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!

«Тіс щеткасымен ойын» жаттығу.

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады, тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.

Ойын: «Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Ойын барысы: Тақтаға бір бала шығып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.

Ойын:  «Алыптар мен ергежейлілер»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Арнайы сызықпен қоршаған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. “Алыптар” мен “қуғыншымын” қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі, “ергежейлілер” жүгіреді.

Ұсыныс: Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы, ойынды әрі қарай жалғастырады

Ойын: « Көбелектер бақалар»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ойын барысы: Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады. 

Ұсыныс: ойында  көбелектер,  бақалар болып балалар ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады.  

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына а. ЖОББМ» КММ

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта 07 - 11  сәуір  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие» « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы     «Апта дәйексөздері»-  «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді.»  

Күн тәртібі

Дүйсенбі  07.04

Сейсенбі  08.04

Сәрсенбі  09.04

Бейсенбі  10.04

Жұма   11.04

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 Үстел үсті ойыны – пазл:

«Әсем гүлдер бағы »

Балалармен  әсем гүлдер туралы әңгімелесу.

Құрылыс ойындары:

«Біздің аула гүлдері»

 Фотосуреттер қарастыру: «Гүлдер,гүлдер көп гүлдер»

Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.

Үстел үсті  театры:

«Раушан гүлдер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.

Сюжеттік ойындар:

«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:  «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

 «Табиғатым 

тамаша»

Табиғатым  тамаша,
Көз  тоймайды қараса.
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса

 «Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.

 «Табиғатқа қамқор боп»

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық,

Әдепті да,тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

«Табиғат...»

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

«Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

 Апта күндері

Міндеті: -Апта күндері, тәулік ауысу реттілігі: кеше, бүгін, ертең, оқиғалардың реті («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек»)      

Үлестірмелі материалмен жұмыс (№19 парақ). Педагог саусағынан сол жақта тұрған кішкентай үйді көрсетуді сұрайды. Онда тұратын аптаның күнін Дүйсенбі деп атайды. Балалар «Дүйсенбі» деп дауыстап қайталайды. Содан кейін ол «Сейсенбі» деп атайды және оның үйін көрсетуді сұрайды және т.б. Үлестірмелі материалдан үйлерді алдын ала қиып алып әзірленеді. Əрі қарай, педагог 1 санына көрсеткі белгісін көрсетіп, «Дүйсенбі» үйін қоюды сұрайды және т.б. Педагог өлең оқиды немесе апта күндерінің атаулары бар әндерді таңдайды. Апта күндері Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда, Сейсенбіде серуен құрдық далада, Сəрсенбіде сурет салдық сəндетіп, Бейсенбіде би биледік əндетіп, 139 Жұма күні жидек тердік ағаштан, Сенбі күні кино көрдік театрдан, Жексенбіде үйде болдық, демалдық. Осылайша өте шықты бір апта.

 Математика негіздері

 Уақыт. Апта күндері

Міндеті -Циферблатта уақытты және оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. (№19 парақ). Педагог саусағынан сол жақта тұрған кішкентай үйді көрсетуді сұрайды. Онда тұратын аптаның күнін Дүйсенбі деп атайды. Балалар «Дүйсенбі» деп дауыстап қайталайды. Содан кейін ол «сейсенбі» деп атайды және оның үйін көрсетуді сұрайды және т.б. Үлестірмелі материалдағы үйлерді алдын ала кесіп әзірленеді. Əрі қарай, педагог 1 санына көрсеткі белгісін көрсетіп, «Дүйсенбі» үйін қоюды сұрайды және т.б. «Аптаның жеті күні» өлеңі оқылады. Өлең педагогтің өз шығармашылығына қарай таңдалады. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттерге қара. Аптаның әр күні балалар немен айналысқанын айт. Сағаттағы уақытты ата. Əр суретте балалардың не көретінін кезекпен айтуды сұрайды. Жеке көмектеседі. Осыдан кейін балалар суреттер бойынша әңгімелер құрастырады.

Математика негіздері

 Жыл мезгілдері. Жыл айлары 

Міндеті: -Жылдың айлары туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды атауға үйрету, оқиғалардың реттілігін анықтау, жыл мезгілдерін ретімен атау    

Үлестірмелі материалмен жұмыс, (№25 парақ). Педагог жыл мезгілдерін, әр жыл мезгілінің белгілерін атауды сұрайды. Əр жыл мезгілінде айлар бар. Əр жыл мезгілінде 3 айдан бар. Əр айдың атауы бар

Үлестірмелі материалмен жұмыс ( №26, №27 парақтар). Алдымен жыл мезгілдерінің өзгеру ретін қояды. Балалармен бірге үстелге немесе тақтаға орналастырады. Содан кейін карточкалар кесіледі, балалар суреттерге сәйкес Жыл мезгілдерін мен айын анықтайды. «Күнтізбе құр» дидактикалық ойыны. Бұл ойында балалар қағазға күнтізбе жасап, суреттермен айлардың аттарын (балалар оқи алмайтындықтан) дұрыс ретпен орналастырады. Содан кейін олар күнтізбе жасау үшін әр айға мерекелер мен оқиғаларды қосады. Бұл ойын балаларға айлардың ретін және олардың санын есте сақтауға көмектеседі, сонымен қатар айлардың реті қандай екенін түсінуге көмектеседі

Көркем әдебиет

  Мен ғарышкер боламын

 Міндеті:  - Ғарыш туралы түсінігін кеңейту. Өлеңді логикалық екпінді қолданып жаттауға баулу. Өзін бағалай білуге тәрбиелеу.

Ойын жағдаяты Педагог жұмыс жасау үшін жағымды ахуал туғызады. Көздерін жұмып, ғажайып аспан әлеміне саяхаттап қайтуға шақырады. – Балалар, көзімізді жұмып, қолымызды жайып, көз алдымызға ғарыш әлемін елестетеміз. Ғарышкемемен аспан әлемінде, ғарышта ұшып жүрсің. Жарқыраған сан алуан жұлдыздар... Сенің үстіңде скафандр, қалықтап, ұшып жүрсің. (Балалар ғарышкеме мен аспан әлемі туралы ойлайды, көздерін ашады). – Ғарышкер не істейді? (Ғарышкер зымыранмен ғарышқа ұшады. Олар аспан әлемін, жұлдыздарды зерттейді) – Кімнің ғарышкер болғысы келеді? Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? (Қазақ елінен ғарышқа Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ұшты) Педагог слайдтан қазақстандық ғарышкерлерді көрсетеді, таныстырады. – Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді, жаттатады (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ғарыш – аспан әлемі ғарышкер – аспан әлемін зерттеуші ғарышкеме – Жер мен ғарыш арасында ұшатын көлік Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңде не туралы айтылған? Авторы кім? Бала нені армандайды? – Ғарышкер қандай болуы керек? (Денсаулығы мықты, ақылды, білімді, батыл) – Ғарышкер сөзіне сөйлем құра. Тіл ұстарту жаттығуы: Ер-ер-ер – Тоқтар аға ғарышкер.

Сөйлеуді дамыту

  «Күшік пен мысық» Ертегісі

Міндеті: --Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану  

 «Күшік пен Мысық»

Қарны ашқан Күшік, тауда қаңғып жүріп Қасқырға кездеседі.

Ей, күшік, мен сені жеймін, – дейді Қасқыр.

Қой, жеме, мені әуелі тойдыр, сонан соң жейсің, – дейді Күшік.

Жарайды, жүр, соңымнан қалмай жүре бер, – дейді Қасқыр. Екеуі бір топ Сиырды көреді.

Күшік, менің көздерім, құлақтарым, құйрығым қандай? – дейді Қасқыр.

Қасқыр:

Енді маған қара, – деп бір Бұзаудың тамағына жабысып өлтіріп, Күшікті де тойғызады, өзі де тояды.

Күшік, енді сені жемеймін. Сау бол! – деп кетіп қалады. Іші пысқан Күшік Мысыққа кездеседі.

Мысық, мен сені жеймін, – дейді.

Мені тойдыр, күшік.

Жарайды, менімен бірге жүр, – дейді Күшік. Екеуі бір топ Түйені көреді.Мысық, маған қара, құлағым, көзім, құйрығым қандай?

Көзің бозарып, құлағың салпиып, тілің салақтап тұр. Күшік:Қара маған, не қыларымды? – деп Түйенің тірсегіне жабыса кетеді. Түйе қақ маңдайдан бір тебеді. Күшік сол арада ұшып түседі.

Сонда Мысық:

Әй, мақтаншақ, әліңе қара, сен Қасқыр бола алмайсың, – дейді.

Педагог сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрайды.

Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші.

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үнемдеу маңыздылығы: Су-тіршілік көзі. Егер суды дұрыс пайдаланбасақ, таза су қоры азаяды және көптеген елдерде су тапшылығы пайда болады. Жадынама: 1. Кір немесе ыдыс жуғыш машинаны тек толық толғанда ғана қосыңыз. 2. Душ қабылдағанда уақытты қысқарту. 3. Кранды жуу кезінде және басқа жұмыстарда ашық қалдырмаңыз. 4. Суды қайта қолданыңыз - мысалы өсімдіктерді суғаруға немесе тазалауға қолданыңыз. 5. Жуынатын бөлмеде ағып тұрған кранды дер кезінде жөндеңіз.

 QR СКАНЕРЛЕУ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ 

Нұсқаулықтар: 1. Тіс тазалау кезінде суды өшіріңіз: Тіс тазалау кезінде суды ағыза бермеңіз, тек қажет кезде қосыңыз. 2. Кранды қысқа уақытқа ашып, суды дұрыс пайдаланыңыз. 3. Душ қабылдау уақытының қысқарту үшін таймер пайдаланыңыз. 4. Автоматтандырылған суару жүйелерін қолдану арқылы суды бақылаңыз. 5. Жеміс-көкөністі жуу кезінде ағынды су орнына ыдысты пайдаланыңыз.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

. Қазақ тілі

 Ұлттық ыдыстар

Міндеті: -Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру    

Сюжеттік ойын: «Дүкен»

Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы.

Диалог үлгісі:

– Сәлеметсіз бе!

– Сәлеметсіз бе!

– Кесе беріңізші.

– Қандай кесе?

– Үлкен, екі жасыл кесе.

– Міне, кесе алыңыз.

– Рақмет. Сау болыңыз.

– Сау болыңыз.

Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды

Көркем әдебиет

 Төлдер айтысы

 Міндеті: - Төлдер туралы түсінігін кеңейту. Бейнелеуде мәнерлілік құралдарын қолдануға үйрету. Төлдерге қамқор болуға тәрбиелеу 

 Бүгін «Төлдердің айтысы» ертегісімен танысамыз. Педагог ертегіні оқып, мазмұнын ашады (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: иесі – үй жануарларының қожасы төрт түлік – қой, сиыр, жылқы, түйені ортақ атаумен төрт түлік деп айтады Сұрақ-жауап: – Ертегі не туралы? Төлдер не үшін айтысты? Лақ қалай мақтанды? – Бұзау, құлын не деп жауап айтты? Қозы мен ботақан не деді? – Иесі төлдерге не деп басу айтты? Әңгіме қалай аяқталды? Балалармен бірге қайталап оқу. «Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсысыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер!» – деді иесі. Балаларға түрлі екпінде мәнерлеп қайталатады. Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» (баланың ойлау қабілетін дамыту)  Шарты: педагог енесін атайды, балалар төлін табады немесе керісінше, төлі айтылады, енесін табу керек.

Сөйлеуді дамыту 

«Күшік пен мысық» Ертегісі

 Міндеті: - -Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру

Балалар, бүгін бізге «мысық» пен «күшік» қонаққа келіпті. Екі қонағымызды үстел басына отырғызайық.

Ал сендердің үйлеріңде мысық пен күшік бар ма?

Сендер мысық пен күшіктеріңе не бересіңдер? Олар қандай тамақ жейді?

Мысықтың дауысын кім салып береді?

Ал сенің күшігің қандай дыбыс шығарады?

Педагог күшік пен мысықтың үлгі суреттерін іліп қояды.

Балалар, сендер ненің суретін көріп отырсыңдар?

Күшіктің анасын қалай атаймыз?

«Ит» деген сөз неше буыннан тұрады?

Балалар, дауысты дыбыс жеке бір буынды құрайды.

Ал мысықтың баласын «марғау» деп айтамыз?

Енді осы күшік пен мысыққа ат қойыңдаршы.

«Ақтөс» пен «мамық» сөздері неше буыннан тұрады?

Қазір «Күшік пен Мысық» ертегісін мәнерлеп оқып беремін.

«Күшік пен Мысық»

. Сауат ашу негіздері

  Буындардың орнын анықта

Міндеті:-  - Сөздерді буынға бөлу, буын санын ажырата алуға жаттықтыру 

Айсұлу саймандарға не жататынын білмей сендерге көмекке келіпті. Сендерден саймандар туралы айтып берулеріңді сұрап отыр. – Кәне, кім көмектеседі? – Саймандар дегеніміз қандай заттардың жалпылама аты екен? – Дұрыс айтасыңдар балға, балта, ара, тырма, күрек, шеге осының бәрі ер адамдар қолданатын құрал-саймандар екен. – Саймандардың аттарын буынға бөліп айтайықшы. – Мысалы, «балға» сөзі – Бірінші буын – -бал – Екінші буыны – -ға. – Дұрыс, екі буыннан тұрады. – Себебі екі дауысты дыбыс бар. Балалар балта, тырма, күрек, шеге, айыр, егеу, ара сөздерін буынға бөліп айтып береді. – Балалар, өте жақсы буынға бөлдіңдер, дауысты дыбыс жеке өзі қай сөзде буын құрап тұр. – Е-геу, а-ра сөздерінде дауысты «а», «е» дыбыстары жеке тұрып буын болып тұр. Балаларға сөздерді буынға бөлгізіп қайталату. «Буынға буын қос» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрап, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Буынның жалғасын тапқан бала жалаушасын көтереді де, буынды жалғайды. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар. Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Педагог сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды. Мысалы:Ай-на, ар-ба, қақ-пақ, ав-тобус, так-си, сөм-ке, те-ре-зе, ком-байн, құй-мақ, қы-за нақ, құл-пы, кү-рек, кү-шік, қор-жын. Ойын ойынға жақсы қатысқан балалар ойын соңында, жеңімпаз бала анықталып, мадақталады.

 Сауат ашу негіздері

  Суреттердегі заттарды атау

Міндеті:- Балалардың сөздік қорын, фонетика, фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту   

«Сиқырлы сандық» дидактикалық ойын Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, фонетика, фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілікпен тез әрекет етуге үйрету. Шарты: Сиқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап,ондағы басқы және соңғы дыбысты атап соңғы дыбыстан келесі сурет басталатындай етіп жұлдызды құртты жалғап байлау немесе құрастыру. «Кім жақсы тыңдайды?» дидактикалық ойыны Екі бала тақтаға шығарылады қолдарына жалауша беріледі, екеуінің есімі қандай дыбыстан басталса балалар сол дыбыстары кездесетін сөздер айтады, өз есімі басталатын дыбысы бар сөз естіген бала жалаушасын көтереді. Мысалы: Балалардың есімдері Ерлан, Сымбат. Ер, керует, сыпырғы, қасық, Ер Төстік, текемет, асаба, сабын, сыбызғы, сырқат, кесе, серуен, есек, етікші т.б. – Жарайсыңдар, балалар! – Сендердің есімдерің дауысты дыбыстан бастала ма, дауыссыз дыбыстан басталып тұр ма?

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Келіншек» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Келіншек күйі

  Сәуір

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Бөлме өсімдіктері және оларды күту 

 Міндеті: Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы)     .

Педагог балалармен өсімдіктер туралы, олардың пайдасы, түрлері мен өсетін орталары жайлы әңгімелеседі. Саққұлақтың сұрақтарына жауап береді. – Олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады? – Өйткені олар бөлмеде өсіріледі. – Балалар, мына гүлдер қалай аталады? – Фикус, қазтабан, шегіргүл, қоянқұлақ, бальзамин, колеус. – Осы өсімдіктердің барлығына не ортақ? – Сабақтары, жапырақтары, гүлі, тамыры. Педагог балаларды гүлдер тұрған үстелге шақырып, көріп, салыстыруды, айымашылықтары мен ұқсастықтарын табуды ұсынады. Балалар жапырақтар пішініне қарап, діңін, өсімдіктің ұзындығын, гүлдердің түстерін атап, ажыратады. Интербелсенді тақтадан слайдтар көрсетіледі. – Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Бөлме өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар.  Ойын: «Ересектерге арналған жұмбақтар» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). – Балалар, бөлме өсімдіктерін өсірудегі қойылатын басты талаптар атаңдар:. – 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту. 4. Жарық, жылу, ылғалдылық. 5. Ыңғайлы ыдыс. 6. Өсетін жайлы орын. Интербелсенді тақтадан өсімдікті күту алгоритмы слайдтары көрсетіледі: топырақты қопсыту; су құю; су бүрку; жапырақтарды сүрту. – Енді мен өсімдіктерге күтім жасауды ұсынамын. Балалар, бізге жұмыс істеу үшін не қажет? – Суаруға арналған ыдыстар, бүріккіш бөтелкелер, майлықтар, щеткалар, суаруға арналған шелектегі су, қопсытқыш ағаш таяқшалар, күрекшелер, кішкентай тырмалар, алжапқыштар, жеңдер, басымызға киетін қалпақтар. Балалар алжапқыш, жеңдер киіп, бастарына арнайы қалпақтар киеді, жұмыс мазмұнында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балалар өзара әңгімелесіп, педагогпен бірлесіп еңбектенеді. – Өсімдіктерге күтім жасау керек. Өсімдіктер барлық мүшелерімен тыныс алады: жапырақтары, сабақ, тамыр. Жапырақтардағы шаң өсімдіктің тыныс алуына жол бермейді, сондықтан үлкен тығыз жапырақтар шаңнан дымқыл шүберекпен тазартылады

Қазақ тілі

Таңертең не істейміз?

Міндеті  - -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба», ішінде азық түлік (суреттер нан, сүт, май) бар.

Сиқырлы дорбада не бар?

Балалар дорбадан таныс азық түлікті (нан, сүт, май) алады, атайды.

– Сиқырлы дорбаны көрейік, тағы не бар екен. Ол үшін дорбамызды сиқырлайық, дорба туралы жақсы сөздер айтыңдар:

Дорба әдемі, дорба жақсы.

1, 2, 3, 4, 5

5, 4, 3, 2, 1

Міне, дорба ашылды!

Педагог дорбаның екінші түбінен тағамдарды (суреттерді) алып, жаңа сөздермен таныстырады.

Мынау – ет.

– Мынау не?

– Мынау – ет.

– Мынау – жұмыртқа. Жұ-мырт-қа.

– Мынау не?

– Мынау – жұмыртқа.

– Жұмыртқа – тағам.

– Жұмыртқа – ... (тағам)

– Мынау – ірімшік. І-рім-шік.

– Мынау не?

– Мынау – ірімшік.

– Ірімшік дәмді.

– Ірімшік дәмді ме?

– Ірімшік дәмді.

– Ірімшік – тағам.

– Ірімшік не?

– Ірімшік – тағам.

– Мынау – қант.

– Мынау не?

– Мынау – қант.

Сауат ашу негіздері

 Сөйлемдегі сөздердің реті мен санын анықтау

Міндеті  - Сөйлем құрып, сөйлемдегі сөздердің реті мен санын және құрылған сөйлемнің сызбасын құрай алу дағдыларын жетілдіру..

 Дидактикалық ойын: «Суреттерді топтастыр» (Педагог суреттерді көрсетеді). Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету. Әртүрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше сурет. Педагог балалардан суреттерді бірінші дыбысына байланысты топтастыруларын сұрайды. «С» сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ; «П» пальто, піл, парта, пима т.б. – Балалар, суреттерді қанша топқа бөлдіңдер, олар қандай дыбыстан басталып тұр? Балалардың жауаптары тыңдалады. «Жасырынған сөз» дидактикалық жаттығуы Педагог балаларға сөздің өзін айтпай сол сөз туралы айтады, балалар қандай сөз туралы айтылып жатқанын табады. Мысалы: Ол келгенде адамдар жеңіл киінеді, жапырақтар жап-жасыл болады, адамдар суға түседі, балалар көбелек қуып ойнайды. (жаз) Ол ыстық жақты мекен етеді, сусыз ұзақ уақыт жүре алады, сүтінен шұбат, қымыран жасалады, оның екі өркеші бар. (түйе) Оның жүні жазда сұр түске, қыста ақ түске ауысады, өзі қорқақ, құлағы ұзын аң (қоян)  

  Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Төрт түлік

Міндеті: - Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Балаларды үй жануарларымен және олардың төлдерімен таныстыруды жалғастыру.  

Интербелсенді тақтадан ауыл, қорадағы мал, ата бейнесі шығады. Бейнебаяндағы ата: –Ауылға хош келдіңдер. Мен сендерге төрт түлік мал туралы айтып берейін. Қазақ халқының өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты болған. Себебі төрт түлік мал – қазақ халқының тұрмысының негізгі саласы. Төрт түлік мал сойса – ет, сауса – сүт, мінсе – көлік , кисе – киім болды. Тұрмысқа керекті заттар алаша, кілем, сырмақ, саба, торсық тағы басқалар малдың өнімінен жасалады. Сондықтан төрт түлік малды қазақ халқы қадір тұтып, өлең жырларына, мақал-мәтелдерге, тыйым сөздерге қосқан. Малдың төрт түрі: түйе, сиыр , жылқы және қой-ешкі төрт түлік деп аталған. Түліктің белгісі: Түйе – БАЙЛЫҚ Қой – МЫРЗАЛЫҚ, Түлік иелері : Жылқы иесі Сиыр иесі – «ҚАМБАРАТА» – «ЗЕҢГІБАБА» 78 Ешкі – ЖЕҢІЛДІК , Жылқы – СӘНДІК, Сиыр – АҚТЫҚ. Ата сұрақтар қояды. Түйе иесі Қой иесі – «ОЙСЫЛҚАРА» – «ШОПАНАТА» Ешкі иесі – «СЕКСЕКАТА» – Неге бұларды үй жануарлары деп атаған, олар үйде, адамдармен бірге тұра ма? – Адамдар оларды үйде бағып, өсіргендіктен үй жануарлары деп аталады, олар арнайы малқорада тұрады. – Мал бағатын адамды қалай атайды? – Сиыршы, түйеші, қойшы, жылқышы. – Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? – Малшы. «Үй жануарлары қалай пайда болды?» фильмі көрсетіледі. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығы неде? (Балалардың жауаптары).          

 Дене тәрбиесі

  Менің көңілді добым

 Міндеті: Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу  .

Допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу  .

«Тоннель».

Алаң бойымен бағандарға байланған бауларды түрлі биіктікте тартып қою. Осы баулардың астымен өткенде биіктігіне байланысты әртүрлі әдісті пайдаланатынын ескеру керек.

 Балалардың қажетті арақашықтықты, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалау

 керек

                                          Қауіпсіздік сабағы : «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ»

Мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.  .

Бейтаныс адамдар кімдер? Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп тұрған адамдар екенін түсіндіреді. Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамаңыз. Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын десе де бармаңыздар. Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу «жоқ» деп кетіп қалу керек. Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаңызға айтыңыз. «Бола ма, болмай ма?» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек. Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр», «Бейтаныс адам жол сұрап жатыр». «Егер ..., не істеу керек?» ойыны Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі керек.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

 Наурыз – жыл басы 

Міндеті Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету

Музыка тыңдау:

«Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова)

Билер:

«Қоян биі» (В. Питерцев)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)

Музыка

 Наурыз – жыл басы

Міндеті: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру      

   Музыка тыңдау:

«Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

«Наурыз тойы» (Т. Мұратов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова)

Билер:

«Қоян биі» (В. Питерцев)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)

Дене тәрбиесі

   Асықпен ойналатын ойындар

Міндеті: --2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру

2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру

«Желпуіш саламыз»

Шаңғының ұшын 180айнала қозғалып, бұрылады.

«Тоннель».

Алаң бойымен бағандарға байланған бауларды түрлі биіктікте тартып қою. Осы баулардың астымен өткенде биіктігіне байланысты әртүрлі әдісті пайдаланатынын ескеру керек.

 Балалардың қажетті арақашықтықты, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалау

 керек

Дене тәрбиесі

  Менің көңілді добым

 Міндеті: - -Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру

Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру

Балалар залда бытырап жүреді. Бастаушының нұсқауларын бұлжытпай орындайды. Егер

«жер» - десе қолдарын төмен түсіреді, егер «су» - десе қолдарын алға созып, суда малтаған сыңай көрсетеді, «ауа» - десе құстай ұшып бара жатқандай болады, «от» десе қолдарын созып, алға, артқа айналдыра бастайды.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Ұлу

Міндеті:  - Балалардың ұлу туралы білімдерін жетілдіру

- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік

 -Қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

-. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

Топтық жұмыстар 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Сәуір   

Серуен-Бақылау  №8

 БақылауТопырақты бақылау

Мақсаты: торф топырағының қыртысымен таныстыру  .

Бақылау барысы

Біздің айналамызда шалшық көп. Ал, шалшықтар торфқа (шымтезек) бай болады. Торф-бұл әрі тыңайтқыш, әрі отын.ол қатты қызған кезде тез тұтанады. Торф дымқыл, жабысқақ, көктемде ылғал кезінде ол ауыр. Ол суды нашар өткізеді, егер ылғал торф үстімен өтсең, ол аяқкиіміңе жабысып қалады. Сондықтан да бұндай соқпақпен (жолмен( жүрмеген дұрыс. Торфты атызға (жүйек) және ағаш түптеріне тыңайтқыш ретінде қосады..

Жеке жұмысы

Торфтың құрғақ және ылғал  кесектерін салыстыру.

Құммен торфты салыстыру;

Жер қыртысы қай жерде тез кебеді.

Еңбек

Ағаш түптері мен атызға торф тасу.

Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

 Қимылды ойын

«Аққу-қаздар».

Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау.

Жаттығу ойыны

Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.

Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету.

Мақал-мәтел: Жері байдың-елі бай.

Қара жерге де, қамқорлық керек.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №9

Бақылау: Сутоғанды бақылау

Мақсаты: мұздың қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

Бақылау барысы

Күн өткен сайын көктем қысты ысырып, өз жылуын алып келуде. Көктемнің ең бірінші жеңісі-жерді жібітеді. Алдымен қары еріген алаңқайлар пайда болады, өгей шөптер өсіп шығады. ал, екінші жеңісі-өзен-көлдердің ери бастауы. Жердегі, қар үйінділеріндегі қарлар еріп, сай-саланы қуалап, өзенге барып құяды. Өзен сулары көтеріліп, мұзды жарады. Жарылған мұздар ағыспен бір-біріне соқтығады. Мұздар жарылып, өзендер арнасынан асқан кезде ауа температурасы кенет төмендейді.  Ал, сутоғандардағы мұздар ұзақ уақыт тұрады. Себебі онда ағыс жоқ, су қозғалмайды. Бұл жерде мұздар жарылмайды, біртіндеп ериді.

Жеке жұмысы. Сутоғандағы мұздың қалыңдығын мұз өлшегіш құралмен өлшеу. Тоған бетіндегі мұздың еруін бақылау

Еңбек

Ауланы қоқыстан, сынған бұталардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын тәрбиелеу.

 Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

 Мақсаты:

—белгі бойынша әрекет етуге үйрету;

—ойын шартын сақтап ойнауға баулу;

Жаттығу ойыны

Ұзындыққа секіру.

Мақсаты: ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №10

Бақылау: Желді бақылау

Мақсаты:

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады?

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды)

♦Желдің ізін көруге болады ма?

Жеке  жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау.

Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.

 Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны  Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №11

Бақылау: Тастарды бақылау

Мақсаты: тастардың әртүрлілігімен және олардың қасиеттерімен таныстыру.

Бақылау барысы

Балабақша ауласындағы ойын алаңындағы бір ағаштың түбіне әртүрлі тастар салынған қапшықты тығу. Қапшық тығылған ағашты суреттеп айту. Қапшық табылғаннан кейін балалармен әңгіме өткізу.

Тастар әртүрлі болады. Оларды жәй тас деп айтуға болмайды, себебі әр тастың өз ерекшелігі болады. Кейбір тастар бағалы, ал жәй тастардың да пайдасы өте көп.

Жеке жұмыс

*Тастардың қандай түрлерін білесіңдер?

*Асыл тастарды не үшін пайдаланады?

*Жәй тастарды қай жерде, не үшін пайдаланады?

*Гранит, мрамор тастарды көрген жерлерің бар ма, оларды не үшін пайдаланады? Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, түсіндіреді.

*Балабақша ауласында, ғимарат құрлысында тастар бар ма?

Зерттеу жұмысы

Балабақша ауласынан түсі, көлемі әртүрлі тастарды тауып, жинау.

Еңбек

Ұжымдық жұмыс, балабақша аумағын тазалау.

Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге,бастаған істі аяқтауға, біткен іске қуануға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын.

«Бәйге».

Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны.  Қозғалыстарын дамыту

Мақсаты:                                                                 секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №12

Бақылау: Ұшып келген құстарды бақылау

Мақсаты: көктем құстары жайлы білімдерін бекіту. Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Ұя» Қ.Баянбаев

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған,

Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талдағы,

Қараторғай мекендеп,

Күні бойы сайрады,

Жылы пәтер екен деп.

Балаларға сұрақтар:

*Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?

*Жыл құстары деп неге айтамыз?

*Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

*Құстар туған жеріне қай уақытта ұшып келеді?

*Ауламызға ұшып келген құстарға қандай қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

Дидактикалық тапсырма: Құстарды топқа бөл.

Мақсаты: құстар суреттерін қыстап қалатын құстар және жыл құстары тобына бөліп, ұяларға орналастыру.

Еңбек: Гүл егетін орынды тазалап, гүл отырғызуға дайындау.

Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген құпшыныстарын арттыру.

  Қимылды ойын: «Ұшты ұшты».

Мақсаты: зейіндерін дамыту, байқампаздыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйрету.

 Жеке жұмыс

Жаңылтпаштар жаттау:

Үйір, үйір үйректі,

 Қаз маңғаз,

Үйірге кім үйретті?             Маңғаз қаз.

Үйір, үйір үйректі,

 Әр кез маңғаз,

Үйірге өзім үйреттім.         

Қаз маңғаз.

Мақсаты: сөздік қорларын байыту.

Тыйым сөздер:

Құс ұясын бұзба.                       

Құсқа тас атпа.                      

Құс жұмыртқасын сындырма.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:  Болғанбек Інжу Сөйлеуді  дамытудан

Мақсаты:  тілдің  грамматикалық  құрылымы бойынша   қарапайым  сұрақтарға  жауап беруге үйрету.

Жаттығуы: «Дұрыс,  бұрыс»  Өзденбай Балымға

Мақсаты:  Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар  дұрыс  болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес  болса «дұрыс емес» деп жауап  береді.

Музыкалық -ырғақтық  жаттығулар.  Ілескен Шахмұхаммед

Биік музыкалық сүйемелдеуге  сәйкес түрлі  қарқынды  таныс  дене жаттығуларын    орындату.

 Алтай Асылымға ойын:Көктем мезгілі туралы әңгімелесу.

Мақсаты: Қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Жеке баламен жұмыс:Ыдырысбек Кенесары

Сөйлеуді дамытудан 

Дәрумендер сөзін  дұрыс  айтуға үйрету.

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Ойын: «Көжектер»

Мақсаты:  Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Жасыру» саусақ ойыны.

Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.

«Салат» саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап,

тойғандықтарын көрсетеді)

Ойын: «Сылдырмақпен сылдырлат » 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Ойынның шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады. 
Ұсыныс: Ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./ 

Ойын: «Мысықтар мен балалар» 

Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады. 

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына а. ЖОББМ» КММ

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта 14 - 18  сәуір  2024-2025 оқу жылы

«Біртұтас тәрбие» « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы     «Апта дәйексөздері»- «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор 

                                                                                                                                                                         мамандар бар»   

Күн тәртібі

Дүйсенбі  14.04

Сейсенбі  15.04

Сәрсенбі  16.04

Бейсенбі  17.04

Жұма   18.04

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Үстел үсті, саусақ және т.б. ойындар.

 «Суреттерді орналастыр» 
Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. 

  Құрылыс ойындары:

  «Еңбек құралдары»,

  «Наубайхана  

   құрастырамыз».

Фотосуреттер қарастыру:

«Бидай мен қаңбақ»

Фотосуретте бейнеленген ертегі желісі бойыншасурет арқылы орналастыру.

«Бидай мен қаңбақ» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.

 «Біз дәнбіз» диқан жерге дән екті (дән сепкен қимылды көрсетеді)Сіркіреп, жаңбыр жауды (қолдарын шапалақтайды) Жер бетіне көгеріп, бидай шықты (қолдарын жоғары көтереді)Жайлап самал жел есті (қолдарын ырғайды)

Үстел үсті ойыны – пазл:

 «Бидай»

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

 «Бидай»

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

«Нанға біз тоямыз»

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.

«Көктем қандай тамаша!»

Көркемдеген жер-көкті,

Көктем қандай тамаша!

Жерге әкеліп төсепті

Алуан гүлді алаша.

«Көлбең, көлбең, көлеңкем»

Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

 Жыл мезгілдері. Жыл айлары

Міндеті: -Жылдың айлары туралы ұғымдырын қалыптастыру, оларды ретімен атауға үйрету      

Əдістерді қолданады – өлеңді жаттау. Өлеңді педагог өз шығармашылығына сәйкес таңдайды. Үлгі: Ғасырлармен ізімізден біріміздің ереміз, Жыл он екі ай шеңбер жасап келеміз. Қаңтар менен ақпан қарға орайды, Ақ боранда түтек болып борайды. Наурыз бенен сәуірде сел ағады, Мамыр келіп қызғалдақтар жанады, Маусым, шілде ыстық əкеп, терлетіп, Егіншілер тамызда егін орады. Қыргүйекте жемістерді тереміз, Қазан менен қарашада сарғылт түске енеміз. Желтоқсанмен Жаңа жыл да келеді, Одан кейін қайта қаңтар ізінен біз ереміз! Педагог кідірткен кезде балалар таныс жолдарды толықтырады. Мысалы, әр екінші жолдың соңында айдың атын немесе рифмалық сөзді өткізіп жібереді. (Үлестірмелі материалдар, №25, №26, №27 парақтар). Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттерге қара. Жыл мезгілдерін ретімен сызып қос. Əр жыл мезгіліндегі айларды ата. 2-тапсырма. Сен ұнататын жыл мезгілінде ағаштың суреті қандай болады? Ағаштың суретін аяқтап сал. Ағашты өзіңнің сүйікті жыл мезгіліңдегідей бейнеде боя. Педагог баладан өзінің сүйікті жыл мезгілін атауды және бұл жыл мезгілін неліктен ұнататындығын сұрап біледі. Əрі қарай, жылдың осы мезгілінде ағаштар қандай бейнеде болатынын сұрайды және ағашты өзінің сүйікті жыл мезгіліндегідей етіп бояуды ұсынады.

Математика негіздері

 Жыл мезгілдері. Жыл айлары

Міндеті Жылдың айлары туралы ұғымдырын қалыптастыру, оларды ретімен атауға үйрету    

 Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Қысқы және жазғы спорт түрлерін ата. Қажетті дөңгелекпен сызып қос. Əр топта неше спортшы бар? Цифрды қоршап сыз. Тапсырманың жалғасында педагог балаларға ұнайтын спорт түрлерін атауды сұрай алады. Үлестірмелі материал. «Біз жолменен жүреміз» жаттығуы. (№4 парақ). Педагог саусақпен жол бойымен жүргізуді сұрайды. Нүктені көрсетеді, бұл – қозғалыстың басталуы. «Үй» саусақ гимнастикасы. Педагогтің өз шығармашылығына қарай жүргізіледі. Үлгі: Мен үй салғым келеді, (Қолдарды үйшік етіп ұстап, жоғары көтереді.) Терезелер саламын. (Екі қолдың саусақтарының ұшын дөңгелектеп түйістіреді.) Үйге есік саламын. (Екі қолдың алақандарын тігінен біріктіріп ұстайды.) Қайың егіп суарамын. (Бір қолды жоғары көтеріп, «саусақтарды жан-жаққа» ашады.) Жан-жағымда қоршау бар, Итті ұстайтын құрсау бар. (Қолды тұтқа жасап, алдына дөңгелектеп ұстайды.) Күн шуақтап, жаңбыр жауды, (Алдымен қолды жоғары көтеріп, саусақтар ашылған күйде, содан кейін төменге түсіріп, қолдарды сілкілейді.) Гүлдер өсті, қаптап бауды. (Алақанды жұдырықпен беттестіріп, саусақтарды ашады – «қызғалдақ бүршігі».)

Математика негіздері

   Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті:  Жылдың айлары туралы ұғымдырын қалыптастыру, оларды ретімен атауға үйрету      

  Тақтадағы заттарды бір-біріне орналастыру арқылы салыстыруды ұсынады. «Кім жұпсыз қалды?» ойын жаттығуы. – Педагог шұлық, қолғап, аяқкиім сияқты заттар (суреттердің) жиынтығын үстелге қояды, әр затқа жұп табуды сұрайды. Қандай зат жұпсыз қалды? Неге? Содан кейін ол 5 шаршы мен 7 дөңгелекті шығарып қояды. Педагог «дөңгелек-шаршы» деп жұп құруды сұрайды. Қандай фигуралар жұпсыз қалды? Неге? Фигуралардың астына цифры бар карточкаларды қойып, сұрайды. Қорытынды жаса: Қандай заттар көп? – 6 дөңгелек пен 6 сопақшаны жайып қой. Бір-біріне жұппен қосыңыз. Қорытынды жасайды: жұпсыз бірде-бір фигура қалмады, яғни фигуралар саны бірдей немесе тең. Балалар бұл сөздерді қайталайды. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Əр ыдыстағы алмаларды сана. Цифрды қоршап сыз. Дөңгелектердің суретін аяқтап сал. Балалар барлық қызыл (үлкен-кіші) алмаларды санайды (үлкен-кіші), цифрды қоршайды, барлық қызыл алма санын шығарады. Қанша (үлкен-кіші) жасыл алмалар бар? Содан кейін сызбада жасыл және қызыл дөңгелектер салынады, алмаларды осылай белгілейді. 2-тапсырма. Алмаларды көрсетілген саны бойынша ыдыстарға әртүрлі етіп суретін сал. Балалар осындай жұмысты үлестірмелі материалдары бар үстелдерде жасай алады, содан кейін дәптерге сурет салады. Саусақ гимнастикасын жасайды. (Балалар сол қолын пайдаланып, басбармағынан бастап оң қолының саусақтарын кезекпен созады). 3-тапсырма. Келесі фигура қандай? Суретін салып, оны боя. Педагог алдымен бірқатар фигуралардың қалай құрастырылғанын айтуды сұрайды. Үлестірмелі материалдан фигуралардан балалар белгілі бір заңдылық бойынша өз жолын жасайды. «Сұрыптау» дидактикалық ойыны. Балалардан заттардың жиынтығын топтарға бөлуді сұрайды, мысалы, балалар текшелерді (басқа ойыншықтарды) түсі немесе өлшемі бойынша екі топқа бөледі. Содан кейін әр топтағы заттардың санын салыстырып, қай топта көп зат бар екенін анықтайды

 Көркем әдебиет

 Ұл бала мен қыз баланың айтысы

 МіндетіАйтыс туралы түсінігін кеңейту. Көркем сөздерді жатқа айтуға баулу. Бір-біріне сыйластыққа тәрбиелеу:  .

Суретте ұл бала мен қыз баланың айтысып отырған сәті. Қолдарында домбыра. – Суретте балалар қалай киінген? Олардың қолдарында не бар? Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – айтыс. Айтыс – табан астында сөз тауып айтылатын сөз сайысы. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Бүгін біз екі топқа бөлініп, ұлдар мен қыздардың айтысын тыңдаймыз. Бір-бірімізге демеу болып, қошеметтеп, көмектесіп отырамыз. Қыздар оң жақта, ұлдар сол жақта отырады. Педагог айтыстың мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: дәстүр – атадан балаға қалып, әдетке айналған құндылықтар жүйесі сайгүлік – тұлпар, арғымақ қамшы – салтатты адамға қажетті ат айдайтын құрал Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ұл мен қыз не туралы айтысты? Олардың қолында не болды? – Қыздар бұл күнге не дайындады? Жігіттер қандай өнер көрсетті?

Сөйлеуді дамыту 

«Қасқыр мен түлкі» ертегісі  

 Міндеті: - -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

Ертеде бір Қасқыр мен Түлкі дос болыпты. Екеуі келе жатып жол үстінен бір кесек ет көреді. Екеуінің де жегісі келіпті.

Қасқыр Түлкіге:

Сен жей ғой, досым, – депті. Түлкі арсалаңдап:

Менің аузым ораза ғой, сен-ақ жей ғой, – депті.

Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде мойнын қақпан қауып алып, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып жеп қойыпты.

Қасқыр:

Ей, досым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – десе, Түлкі:

Оразам сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.

Сөздік жұмыс:

«Ораза – тамақ жемей өзін ашқұрсақ ұстау» деген мағына екенін түсіндіреді. Педагог балаларға сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын пысықтайды.

Ертегіде нелер жайлы айтылған?

Қасқыр мен Түлкі дос болған ба?

Екеуі жолдан Қасқыр Түлкіге не деді?

Сонда Түлкі не дейді?

Еттегі қақпанға қайсысы түседі?

Түлкі сияқты айлакер, қу болу керек пе?

Ертегі қызық бекен, сендерге ұнады ма? Жалғастырта 3– 4 баладан сұрап шығады. Дидактикалық ойын:

«Түлкінің құйрығын тап».

Ойын шарты: балалар қима суретерден Түлкінің құйрығын тауып көрсетеді

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

“Суды үнемді тұтыну” ертегісі Ертеде бір әдемі елде әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер өмір сүретін. Бұл елде судың маңызы өте зор болатын, себебі ондағы барлық тіршілік судың арқасында дамып, өркендейтін еді. Бірақ бір күні елде үлкен құрғақшылық басталып, барлық жануарлар мен өсімдіктер су тапшылығынан зардап шеге бастады. Елдің ең ақылдысы – Қоян атты жануар, суды үнемдеудің маңыздылығын түсініп, барлық тұрғындарды жинап, оларға былай деді: "Құрметті достар, біз суды ұқыпты пайдаланып, үнемдеуді үйренуіміз керек. Әйтпесе, біздің әдемі еліміз құрып кетуі мүмкін." Барлық жануарлар Қоянның сөздерін тыңдап, суды үнемдеудің жолдарын іздей бастады. Құс су ішетін жерді тек таңертең ерте және кешке кеш пайдалану керек екенін айтты, себебі күннің ыстығында су тез буланып кетеді. Балықтар суды ластамауға шақырып, өзен жағалауындағы қоқыстарды жинап тастады. Арыстан мен Піл барлық жануарлар арасында суды тең бөлуді ұйымдастырды. Бірнеше апта өткен соң, елде жаңбыр жауып, барлық өзен көлдер қайта толды. Жануарлар суды үнемдеудің маңыздылығын түсініп, оны үнемі ұқыпты пайдалануды әдетке айналдырды. Олар бірігіп жұмыс істегенде, кез келген қиындықты жеңуге болатынын ұғынды. Бұл ертегі суды үнемдеудің және бірге жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетеді.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

Ыдыс- аяқ дүкені

Міндеті:  -Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту 

Сюжеттік ойын: «Дүкен»

Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы.

Диалог үлгісі:

– Сәлеметсіз бе!

– Сәлеметсіз бе!

– Кесе беріңізші.

– Қандай кесе?

– Үлкен, екі жасыл кесе.

– Міне, кесе алыңыз.

– Рақмет. Сау болыңыз.

– Сау болыңыз.

Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды

Көркем әдебиет

 Тазалық пен ұқыптылық

 Міндеті: - Тазалық, ұқыптылық туралы түсінігін кеңейту. Сұрақтарға толық жауап беруге жетелеу. Өзін-өзі күте білуге тәрбиелеу    

Балалар, денсаулықтарың мықты болу үшін суық сумен шынығудың пайдасы зор, өйткені ол сергітеді. Шынығудың ең жеңіл түрі – суға түсу. Таңертең ұйқыдан тұрғанда жуыну. Интербелсенді тақтаға назар аударайық. Қандай заттарды көріп тұрсыңдар. Ол заттар не үшін керек?  – Бүгін біз ақын Ермек Өтетілеуұлының тазалық туралы «Тазалық пен ұқыптылық» өлеңін тыңдайық (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ұқыптылық – жауапкершілік, жинақылық тазалық – жеке гигиена Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең авторы кім? Өлеңде не туралы айтылған? – Тазалық үшін қандай заттармен дос болу керек? – Жуынудың пайдасы қандай? Тазалық сөзіне сөйлем құра. Дидактикалық ойын: «Қандай сурет жоғалған?» (баланың зейінін дамыту) Шарты: тазалық заттарының суреттері берілген. Бала түсіп қалған суреттерді тауып, орнына қою керек.

Сөйлеуді дамыту

 «Қасқыр мен түлкі» ертегісі

Міндеті: - Монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту

Ертеде бір Қасқыр мен Түлкі дос болыпты. Екеуі келе жатып жол үстінен бір кесек ет көреді. Екеуінің де жегісі келіпті.

Қасқыр Түлкіге:

Сен жей ғой, досым, – депті. Түлкі арсалаңдап:

Менің аузым ораза ғой, сен-ақ жей ғой, – депті.

Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде мойнын қақпан қауып алып, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып жеп қойыпты.

Қасқыр:

Ей, досым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – десе, Түлкі:

Оразам сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.

Сөздік жұмыс:

«Ораза – тамақ жемей өзін ашқұрсақ ұстау» деген мағына екенін түсіндіреді. Педагог балаларға сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын пысықтайды.

Ертегіде нелер жайлы айтылған?

Қасқыр мен Түлкі дос болған ба?

Екеуі жолдан Қасқыр Түлкіге не деді?

Сонда Түлкі не дейді?

Еттегі қақпанға қайсысы түседі?

Түлкі сияқты айлакер, қу болу керек пе?

Ертегі қызық бекен, сендерге ұнады ма? Жалғастырта 3– 4 баладан сұрап шығады. Дидактикалық ойын:

«Түлкінің құйрығын тап».

Ойын шарты: балалар қима суретерден Түлкінің құйрығын тауып көрсетеді

Сауат ашу негіздері

  Буындардан сөз құра

Міндеті:- Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын бекіту   

«Буын санына сәйкес сөз ойла» дидактикалық ойыны. Дұрыс жауапқа педагог жұлдызша беріп отырады, ойын соңында жеңімпаз анықталады. 1-тапсырма. Педагог балаларға бір буыннан тұратын сөздер айтуға тапсырма береді. Доп, дос, дән, күн, гүл, ми, би, мал, сән, тақ, бақ, біз, сіз, мол, тіс т.б. 2-тапсырма. Педагог балаларға екі буыннан тұратын сөздер айтуға тапсырма береді. Мақта, мысық, моншақ, малта, Маржан, толқын, магнит, мейіз, мақұл т.б. 3-тапсырма. Педагог балаларға үш буыннан тұратын сөздерге мысалдар келтіруге тапсырма береді. Барабан, қолшатыр, жылқышы, бақташы, мұздатқыш, қорықшы, балмұздақ т.б

 Сауат ашу негіздері

 Буындардан сөз құра

Міндеті: - Буындардан сөз құрай лау дағдыларын жетілдіру.

Буындармен жұмыс. «Дұрыс көрсет» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге сөздер айтамын ал сендер сөз бір буыннан тұрса, бір цифрын, егер сөз екі буыннан тұрса, екі цифрын көтересіңдер. Мысалы: тай, ара, май,сары, су, ағаш,бұзау, бор, қол, тарақ, бу, мылтық, жақ, кітап, қоңыр, тақ, ақ, қар, лақ, ту, көл, ал, із, көз, төз, мұз, шөп, сөмке, төсек, рауғаш, көк, сүт, үкі, би, ұр, қал, бау, ау, ай т.б. Дидактикалық ойын: «Суреттерді топтастыр» (Педагог суреттерді көрсетеді). Мақсаты: сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету. Әртүрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше сурет. Педагог балалардан суреттерді бірінші дыбысына байланысты топтастыруларын сұрайды. «Т»: таға, тас, тарақ, трактор, тауық, тырма, тырнақ, тон; «Қ»: қасық, қап, қамыс, қалта, қайшы, қасқыр, қозы, қобыз, қой, қол, қабат т.б – Балалар, суреттерді қанша топқа бөлдіңдер, олар қандай дыбыстан басталып тұр? 

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Көңіл толқыны» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

« Көңіл толқыны» күйі

  Сәуір

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Жәндіктер әлемі 

 Міндеті: - Жәндіктер туралы жаңа білім алу қажеттілігін дамыту     .

Педагог үнтаспаны іске қосады. Жәндіктердің ызылдаған дауыстары естіледі. –Бұлар ненің дауыстары? (Балалардың жауаптары) – Жәндіктердің. «Ақ көбелек» әні ойналып, «Көбелек» ұшып кіреді. Балалармен амандасады. – Балалар, білесіңдер ме, мені бұзақы балалар ұстап ала жаздады. Әрең дегенде ұшып, сендерге кіріп, тығылдым. Сендер де мені ауламайсыңдар ма? (Балалардың жауаптары). – Балалар, сендер жәндіктерді жақсы көресіңдер ме? – Иә. – Жәндіктер де адамдарды жақсы көреді. Бірақ кейбір балалар кейде бізге зиян тигізеді. Ойын сәті. Жәндіктердің де табиғатта алатын орындары бар екенін біліп жүрулерің үшін, мен сендерді жәндіктер әлеміне саяхаттауға шақырамын. Менің сиқырлы таяқшаммен қоңыздарға айналып, ұшып барамыз. (Балалар ызылдап, «Көбелектің» соңынан ілеседі). – Балалар, қараңдаршы, біз қайдамыз? – Біз гүл толып өскен алаңқайға ұшып келдік. (Педагог балалармен бірге жасыл матамен жабылған және гүлдермен безендірілген үстелге келеді).

Қазақ тілі

 Азық-түлік

Міндеті  - -Азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен жабдықтау

Ойын «Асханада». Педагог асхана туралы түсініктеме береді: Асханада аспаз жұмыс істейді. Аспаз тамақ пісіреді. Асханада адамдар тамақ ішеді.

Балалар кезекпен аспаз болады. Балалар тағамға (өздеріне таныс күнделікті тағамдар) тапсырыс береді. Аспаз ол тағамға қажетті азық түлікті таңдап алып атайды.

Мысалы:

– Мен палау жеймін. Палау беріңізші. (Аспаз ет, сәбіз, пияз, күріш суреттерін тауып атайды).

– Рақмет. Палау дәмді болды

Сауат ашу негіздері

 Буынға буын қос

Міндеті - Балалардың дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтай алу дағдыларын бекіту .    

 Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі заттарды ата. Оларды буынға бөліп, буын санын анықта. Әр сөздің бірінші буынын қосып, сөз құра. Шыққан сөзді сәйкес суретпен қос. 2. Суреттегі сөйлеу мүшелерінің қайсысы дауыссыз дыбыстарды айтқанда кедергі келтіреді. Белгіле. 3. Штрихта. 4. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастырып жаз.

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Қорғаныш рең

Міндеті: Балалардың реңдер туралы білімдерін кеңейту     

  Проблемалық сұрақ. – Жан-жануарлар жауынан қалай қорғанады? – Олар әртүрлі айлалармен, өткір мүйіздермен, тырнақтар мен тістері арқылы қорғанады, кейбіреуі дұшпандарын қорқытатын уды денесінде өндіреді. – Қорғаныш рең деген не екенін білесіңдер ме? – Балалар, жануарлардың да адамдар сияқты түрлі түсті, әртүрлі ою-өрнекті «киімдері» бар. Неліктен жануарлардың түстері әртүрлі? (балалардың жауаптары ). – Көптеген жануарлар жаулардан қорғану үшін ешқандай ерекше әрекет жасамайды. Табиғат оларға қамқорлық жасап, жауларынан қорғануға мүмкіндік беретін әртүрлі қорғаныс 81 құралдарын берді. Дәптердегі кейіпкер – Саққұлақтың сұрақтарына жауап береді. Зерттеу жұмысына қатысып, жануарларға қорғаныш реңін сақтау үшін қандай жағдайлар қажеттігін анықтайды. – Жануарлардың қандай ерекше қорғаныстары бар? – Тікенді инелер, мүйіз, у, түстері, жүйрік аяқтары, тырнақтар мен тістер т.б. 1-слайд. Жануарлардың қорғаныш түсі бар, сондықтан бұл жануарларды жейтін жыртқыштар оларды көре алмайды, кейбір жануарларда түс ескерту белгісі ретінде әрекет етеді. Олар түсін өзгертеді, мысалы, сұр түсті қоян қыста ақ жүнімен қар үстінде байқалмайды. Яғни бұл – қорғаныш рең. 2-слайд. «Орманды, қалың ағаштарды елестетіңдер, олардың арасынан сап-сары көздер бізге қарап тұр! Бұл ағаш түсіне тамаша бейімделген қарапайым үкі. Үкі – түнгі жыртқыш құс. Жыртқыш қандай жануарлар? (Балалардың жауаптары). Үкі тышқан, егеуқұйрық, жәндіктер және кірпілермен қоректенеді.     

 Дене тәрбиесі

   Менің көңілді добым

 Міндеті: Допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу .

«Жаңылысқан ұтылады»

«Доп» тақтайшасын көрсеткенде секіре жөнеледі, «тас» тақтайшасын көрсеткенде арқасын дөңгелетіп отыра қалады, «тырна» тақтайшасын көрсеткенде бір аяқпен тұра қалады.

Топтарға бөлініп, негізгі жаттығуларды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыру керек. Топтардағы бастаушылардың дұрыс ауысып тұруын қадағалау.

Арқанмен айналмалы жаттығуалар

1.Қайтпас қайсарлар» Арқандармен қырындап жүру.

Аяқ басы еденде, өкшелерін арқан үстіне басып, қырындап жүру. Арқан үстіне аяғының өкшелерін қойып, аяғының басын жерге қойып, дұрыс жүруін қадағалау.

                                          Қауіпсіздік сабағы :  «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін үйрету.   .

Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері: - Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам жүгірмеңіз. - Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз. - Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз. Әткеншекте ойнау ережелері - Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап тербелу керек. - Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды. - Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз. Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері: - Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз. - Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз. - Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Карусельдегі тәртіп ережелері: - Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз. - Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз. Құм жәшігіндегі мінез-құлық ережелері: - Басқа балаларға құм шашпаңыз. - Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз. «Дұрыс-бұрыс» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетеді немесе әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелейді, содан кейін балалар көргендері туралы дұрыс па, жоқ па деп айту керек. Мысалы: «Бала әткеншекте тұр» (бұрыс), «Бала әткеншектегі тұтқалардан ұстап тұр» (дұрыс).

Пайдалы сілтемелер: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

Қайырлы таң

Міндеті - - Дидактикалық                  ойындар                арқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру

Музыка тыңдау:

«Айды әперші, апатай» (Е. Өміров)

Ән айту: «Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді би» (И. Штраус)

Би шығармашылығы:

Өз беттерінше би ойлап шығару.

Ойындар, хороводтар:

«Қанша дыбыс» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)

Музыка

 Қайырлы таң

Міндеті: - Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу      

    Музыка тыңдау:

«Айды әперші, апатай» (Е. Өміров)

Ән айту: «Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

«Қайырлы таң» (Е. Өміров)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді би» (И. Штраус)

Би шығармашылығы:

Өз беттерінше би ойлап шығару.

Ойындар, хороводтар:

«Қанша дыбыс» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)

Дене тәрбиесі

   Менің көңілді добым

Міндеті: - -Допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).

«Жаңылысқан ұтылады»

«Доп» тақтайшасын көрсеткенде секіре жөнеледі, «тас» тақтайшасын көрсеткенде арқасын дөңгелетіп отыра қалады, «тырна» тақтайшасын көрсеткенде бір аяқпен тұра қалады.

Топтарға бөлініп, негізгі жаттығуларды орындау.

Қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыру керек. Топтардағы бастаушылардың дұрыс ауысып тұруын қадағалау.

Арқанмен айналмалы жаттығуалар

1.Қайтпас қайсарлар» Арқандармен қырындап жүру.

Аяқ басы еденде, өкшелерін арқан үстіне басып, қырындап жүру.

Арқан үстіне аяғының өкшелерін қойып, аяғының басын жерге қойып, дұрыс жүруін қадағалау.

Дене тәрбиесі

  Менің көңілді добым

 Міндеті: - -Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру

.«Мың бұралып майысқан» – арқан төмендеген сайын, арқасын артқа шалқайтып тартылған арқаннан өтіп кетуде күш сынасады.

Топтарға бөлініп, ең аласа бойы бар баламен өлшеп тартылған арқанның астынан өтеді.

Тепе-теңдікті сақтап, артқа қарай тек қана арқанның тұсына келгенде қайырылып өтуге машықтанады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Арқаннан секіру»

Ойыншылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбердің ортасында бастаушы тұрып алып, арқанның бір ұшынан ұстап екінші ұшын жерге домалата отырып, айналдырады. Айналдыруды баяулап, тездетіп тұрады.

Айналдырып тұрып, ойыншыларғы тигізуге тырысады. Ойыншылар аяғының дәл астына келген сәтте арқаннан секіріп, аяғын алып қашып үлгереді

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Көрікті көктем

Міндеті:- -Көктем  мезгілі  жайлы түсініктерін жетілдіру,көргендерін бейнелеу іс-әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру

- - Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау

- -Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

-. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

Топтық жұмыстар 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Сәуір

Серуен-Бақылау  №13

Бақылау: Бұлттарды бақылау

  • Мақсаты: әлемді жалпы түсінудің негізі ретінде жер мен аспанды біртұтас деп ұғынуды қалыптастыруды жалғастыру
  • Бақылау барысы

Көркем сөз «Бұлт»

Ә. Ақыпбекұлы

Бұлттың қайда тұрағы,

Біле алмадым мұны әлі.

Білерім көк аспанның

Бұлт көшпелі бұлағы.

Жеке жұмыс

  • Аспанға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
  • Бүгінгі бұлттар қандай?
  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін қар немесе жаңбыр жауады ма?
  • Бұлт қай бағытқа жүзіп барады?

Еңбек

Бүлдіршіндердің  алаңындағы сырғанақ құрылысының орнын тазалауға көмектесу

Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуді, жасалған жұмыстан рахат алуды үйрету. Кішкентайларға көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын «Үйсіз қоян».

Мақсаты:

—бір-біріне соқтықпай жүгіре білуді үйрету;

— жылдамдыққа және шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №14

Бақылау: Күнді бақылау

Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне  әсері туралы білімдерін бекіту. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.       (күн)

Алауға оранып,

Көкке өрлеп шығады.

Бір айналып оралып,

Көкжиекке бұғады.       (күн)

Күн биікке көтерілген сайын, күн жылы әрі ұзақ болады. Күннің жылуынан қар ериді, жер жылиды. Шөптер өсе бастайды. Ағаштар бүршік жарады.

Жеке жұмыс

*Табиғатта тағы қандай өзгерістер болады?

*Күн қай жақтан шығады?

*Қай жаққа батады?

*Жарқырап тұрған күнге тура қарауға бола ма?

*Неге?

Зерттеу қызметі

Ағаш, пластмасса, металл заттарға қол тигізіп қарау, қайсысын күн көп қыздырады?

Қандай заттар тез қызады, қоңыр түсті ме, әлде ашық түсті ме?

Күннің көзіне ұзақ уақыт қандай заттың көмегімен қарауға болады? (қоңыр түсті әйнекпен)

Еңбек

Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу..

Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген  ынталарын дамыту.

 Қимылды ойын «Күн мен түн».

Мақсаты:күн мен түннің айырмашылығы жайлы білімдерін тиянақтау, берілген белгі бойынша әрекет етуге баулу. 

Жаттығу ойыны Орнында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты:секіре білулерін, күштері мен көз өлшемдерін дамыту.

  Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №15

Бақылау: Желді бақылау

Мақсаты:

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

  • Желдің қандай түрлері болады?
  • Жел неге соғады?

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының  айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

Жеке жұмыс

♦Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды)

♦Желдің ізін көруге болады ма?

Зерттеу жұмысы

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау. Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.

 Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны  Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Халық болжамы. Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау   №16

Бақылау: Топырақты бақылау

Мақсаты: торф топырағының қыртысымен таныстыру  .

Бақылау барысы

Біздің айналамызда шалшық көп. Ал, шалшықтар торфқа (шымтезек) бай болады. Торф-бұл әрі тыңайтқыш, әрі отын.ол қатты қызған кезде тез тұтанады. Торф дымқыл, жабысқақ, көктемде ылғал кезінде ол ауыр. Ол суды нашар өткізеді, егер ылғал торф үстімен өтсең, ол аяқкиіміңе жабысып қалады. Сондықтан да бұндай соқпақпен (жолмен( жүрмеген дұрыс. Торфты атызға (жүйек) және ағаш түптеріне тыңайтқыш ретінде қосады..

Жеке жұмысы

Торфтың құрғақ және ылғал  кесектерін салыстыру.

Құммен торфты салыстыру;

Жер қыртысы қай жерде тез кебеді.

Еңбек

Ағаш түптері мен атызға торф тасу.

Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

Қимылды ойын

«Аққу-қаздар».

Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау.

Жаттығу ойыны

Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.

Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

 .

Сәуір

Серуен-Бақылау  №17

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;

  • Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

-Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

-Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой?     (маса)

-Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

Бұл не?  (шыбын)

-Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер.     (құмырсқа)

-Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.  (өрмекші)

Жеке жұмыс

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)

  • Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
  • Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)
  • Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)
  • Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).
  • Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)
  • Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
  • Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

 Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Жаттығу ойыны:  Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Жеке жұмысАлтай Асылымға

Жаңылтпаш айту: 

«Ала бұлт ақ па,

Ақ бұлт ақ па?

Ала бұлт ақ емес,

Ақ бұлт ақ»

«Анау арал қай арал,

Қайыңды арал, талды арал»

Жұмбақ:

Етек-жеңі жиналмай,

Дауыл тұрса дым қалмай,

Түйдектеліп көшеді,

Тоз-тоз болып өшеді.   (бұлт)

Қанат Бақдәулетке Мақал-мәтел:

 Сәуір болса күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Сәуірдегі жауын-сауып тұрған  сауын

Өзденбай Балымға Қауіпсіздік ержелеріне үйрету

Көшербай Адияға Мақал-мәтел: Жері байдың-елі бай.

Қара жерге де, қамқорлық керек

Болғанбек Інжу Бағдаршамнын нақты қызметін үйрету

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

« Өкпені еріту » жаттығуы            

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз . Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . 

Ойын: «Әуедегі атыс» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты: Бұл сайыста оқушыларды екі топқа тең бөлесіз. 1-топқа бірыңғай қызыл түс (өз қалауыңыз бойынша да таңдауға болады), 2-топқа жасыл түсті үрленген шар беріп, екі команданың арасын түзу сызық етіп бормен сызып қоясыз. Музыка ырғағымен екі команда өз шарларын қарсылас команда жаққа лақтыру керек. Қай топ жылдам сол жеңіске жетеді.

Ойын: «Жалауша»
Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 
Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 
Мазмұны. 
Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 
Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады.Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне ьір ұпай қосады. 
Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. 
Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 
Ойынның ережесі. 
1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 
2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 
3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойын қызықты өту үшін командаларды бір түзудің бойына тұрғызу керек. Ойын жүргізуші етіп сабаққа қатыса алмайтын оқушыларды немесе арнаулы төрешілерді тағайындауға болады. 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Мен қандай адаммын ? 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша  қорытынды жүргізіледі . 

Ойын: «Көршілеріңді ата» 
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.
Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: түрлі суреттер салынған қағаз беті.

Ойын барысы: бұл үшін әр түрлі суреттер салынған қағаз беті пайдаланылады.

1 нұсқа: пеадгог баладан қандай да бір затты атап, оның оң жағында, сал жағында, үстінде, астында не барын атауын сұрайды.

2 нұсқа: педагог баладан қағаздың оң жақ жоғары бұрышында ненің суреті барын, беттің ортасында ненің суреті бары, т.с.с. сұрайды.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына а. ЖОББМ» КММ

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1V-апта 21 - 25  сәуір  2024-2025 оқу жылы

«Біртұтас тәрбие» « Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік » айы     «Апта дәйексөздері»- «Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып 

                                                                                                                                                                                                     өсіп өнер»                                                                                                                                                                                                   

Күн тәртібі

Дүйсенбі   21.04

Сейсенбі  22.04

Сәрсенбі  23.04

Бейсенбі  24.04

Жұма   25.04

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

«Әдебиет орталығы» 

«Тату доспыз бәріміз» тақырыбында сурет арқылы жұмыс жүргізу. Суретке қарап, әңгімелер құрайды. 

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Өнер орталығы: әр ұлт өкілдерінің суретін салады.

 Д/ойын:

«Керісінше айт»

Мақсаты:

Балалардың сөздік қорына антоним сөздерін енгізу (жылы- суық, ыстық- суық, жарық -қараңғы және т.б.); айналаны қоршаған ортаны терең түсіне білу.

«Бауырмал халық» Боямақпен жұмыс.
Мақсаты: Қазақ халқы бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрі т.б. халықтар біздің жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған.

Суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, сәйкес түспен бастырып, бояуды ұсынамын.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Үстел- үсті ойын: «Пазлдарды құрастырамыз» «Әрқашан күн сөнбесін!»

Мақсаты:конструктормен,есептеу таяқшалармен өз еркімен құрастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көліктер жайлы әңгімелесу.

Д/ойын: «Достық»

Мақсаты:

1 мамыр- Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; 

Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға  баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.
Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Арқан түю.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.
 
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Теңге ілу.
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.
Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Күн мен түн

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Мнемосхемамен

«Дос»туралы мақал-мәтелдер 

Доссыз өмір-бос.

Жүз сомың болғанша, Жүз досың болсын

«Достық үйін құрамыз»

Дөңгелене тұрамыз,     

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

«Болмасын еш тосқауыл»
Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

«Күлімде, Күн,

күлімде»

Күлімде, Күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

«Ағайынбыз бәріміз!»

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Математика негіздері

 Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті:  -Заттарды санау, артық, кем, бірдей (тең) екенін атау, заттар тобын салыстыру, санды цифрмен сәйкестендіру  

 Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Киіз үйдің жанында қанша қызғалдақ пен сарғалдақ өссе, жақтаудағы сонша қызғалдақ пен сарғалдақты боя. Қызыл және сары қызғалдақтарды бір гүлшоқ етіп жина. Барлығы қанша болды? Нүктелермен көрсет. Цифрды қоршап сыз. Балалар алдымен әртүрлі қызғалдақтарды санайды, содан кейін олардың барлығын бірге санайды. Барлық қызғалдақ саны қанша болса, тіктөртбұрышқа сонша нүкте салады. Санды қоршап сызады. 2-тапсырма. Сана, тиісті цифрмен сызып қос. Педагог балалардан тапсырманы түсініктеме арқылы жасауын сұрайды, мысалы: 4 қызғалдақ және 2 қызғалдақ – барлығы – 6. Сергіту сəті. «Цифрлармен секір». Еденге 1-ден 10-ға дейін үлкен цифрлары бар кілемшелер жайылады. Балалар цифрлар үстімен секіреді, оларды ретімен тура және кері санайды. Мысалы, бірінші 1 цифрына, содан кейін 2 цифрына және т.с.с. 10-ға жеткенше секіреді. Содан кейін олар 10 санынан кері секіре алады және 1-ге жеткенше сандар бойынша кері санауды айтады. 3-тапсырма. Заңдылығын тауып, боя. «Түйме жəне моншақпен жұмыс жасау» ойын жаттығуы. Балалар түймелерді/моншақтарды жіпке тізіп, әртүрлі үлгілер мен түс комбинацияларын жасайды. «Біз жолменен жүреміз» ойын жаттығуы. (Үлестірмелі материалдар, №4 парақ). Педагог саусақпен жол бойымен жүргізуді сұрайды. Нүктені көрсетеді, бұл – қозғалыстың басталуы.

 Математика негіздері

 Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті Заттарды санау, артық, кем, бірдей (тең) екенін атау, заттар тобын салыстыру, санды цифрмен сәйкестендіру    

Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Қашада 5 құлын бар. Қашаға тағы 2 құлын «кіргіз». Қанша құлын болды? Дөңгелектер сал. Педагог суретті қарастыруды, құлындарды санауды ұсынады. Тіктөртбұрыштың ішіне балалар жағдайды дөңгелектеп салады. Саусақ гимнастикасы, «Үй жануарлары». (Алдымен бір қолдын саусақтарын, содан кейін екінші қолдын саусақтарын, үлкендерінен бастап кезекпен көрсетіңдер.) Сиыр бұзаулармен бақытты, Қой қошақанмен бақытты, Мысық марғаулармен бақытты, Ешкі лақтарымен бақытты. Ал мен балалармен бақыттымын! 2-тапсырма. Құлынның жолын жалғастыр. Ұяшықтардың жолының қиылыс сызығында анықтамалық нүкте берілген, тапсырма торкөз ұяшықтарда орындалады. Нүкте-ұяшықтан басталмайды, ұяшықтар жолының қиылысында орналасады. Ұяшықтың дұрыс бағытын сана.

Математика негіздері

  Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті:   Заттарды санау, артық, кем, бірдей (тең) екенін атау, заттар тобын салыстыру, санды цифрмен сәйкестендіру    

жұптастырады. Қорытынды шығарады: көп, аз, бірдей (тең). Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Қашада 9 қозы бар. Олардың үшеуін «шығар». Қашада неше қозы қалды? Дөңгелектер сал. Балалар жағдайды дөңгелектердің көмегімен модельдейді. Олар алдымен 3 дөңгелек салады (қозылар тобын тұтас жиынтықтан ажыратады), содан кейін қалғаны – 6. «Үй құстары» сергіту сəті. Педагогтің өз шығармашылығына қарай жүргізіледі. (Басбармағы мен кішкентай саусағынан бастап қалғандарына кезек-кезек тигізеді.) Əр ананың балалары әдемі, жақсы! (Саусақтарды ойнау арқылы көрсетеді.) 2-тапсырма. Фигураларды жаңа орындарға ауыстыр. Фигура ұяшықта орналасқан, ұяшықтың дұрыс бағытын сана, балалар шатаспау үшін нүктелер қояды. 3-тапсырма. Дөңгелектерді екі қорапқа әртүрлі етіп орналастыр. Суретін сал. Балалар әртүрлі нұсқаларды іздейді және дөңгелектерді екі қорапқа бөліп салады. Педагог ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. Ол қандай тапсырмалар ерекше қызықты болғанын айтуды сұрайды. Балаларға өз жұмысын бағалау үшін дәптердегі бағдаршамды бояуды ұсынады.

Көркем әдебиет

 Киіз үй

 Міндеті: - Киіз үй туралы түсінігін кеңейту. Көркем сөзге қызығушылығын арттыру. Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу .

Киіз үйді, киіз үй ішіндегі жиһаздардың, киіз, текемет суреттерін слайдтан көрсету. – Балалар, ненің суретін көріп тұрсыңдар? Киіз үйді неден жасайды? Киіз үй – қазақ халқының ежелгі баспанасы, ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Киіз үй көшіп-қонып жүргенге өте қолайлы. Ол тегіс, су баспайтын құрғақ жерге тігіледі. Қыста жылы, жазда салқын. Үйдің жабулары киізден жасалғандықтан, киіз үй деп атаған. – Бүгін біз ақын Қастек Баянбайдың «Киіз үй» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқып береді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: айбынды – мықты, батыл шалғынды – шөбі мол жер 92 Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңнің авторы кім? Өлеңде не туралы айтылған? – Киіз үйдің пішіні қандай? Неге ұқсайды? Дидактикалық ойын: «Сандық» (баланың ойлау қабілетін дамыту) Шарты: сандық ішінде түрлі түске боялған асықтар бар. Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешуін тапқызады. Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады. Балалармен бірге қайталайды. Қызыл асық алған бала тақпақ айтады. Көк асық алған бала өлең айтады

Сөйлеуді дамыту 

 Мен ғарышкер боламын

 Міндеті: - -Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу

Ай мен жұлдыздар әлемін ғарышкерлер зерттейді. Сендер қазақтың ғарышкерлерін білесіңдер ме?

–Ғарышкер немен ұшады?

–Ғарышкер қандай болу қажет?

Педагог Ж.Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Аспан, аспан арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын, Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен де боламын, Боламын десем, боламын. Таудай үлкен талабым, Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлаймын, Үлкен ғалым боламын, Боламын десем, боламын.

(Ж.Смақов)

Өлеңдегі бала кім болуды армандайды?

–Өз арманына жетеді деп ойлайсыңдар ма?

–Арманға жету үшін жақсы оқып, спортпен айналысу керек. Яғни көп еңбектенген адам арманына жетеді.

–Ал сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар?

–Ол үшін сендер көп білім алып, оқуларың керек.

–Ал «Оқу – инемен құдық қазғандай». Педагог мақалды жаттап алуды ұсынады

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үнемдеу маңыздылығы: Тамақ қалдықтары - табиғи ресурстарды ысырап етудің үлкен мәселесі. Тамақты дұрыс жоспарлап, оны үнемдеуді үйренсек, табиғатты қорғай аламыз. Жадынама: 1. Тамақты жоспарлы түрде сатып алыңыз, тек қажет заттарды алыңыз. 2. Тамақ қалдықтарын тастамаңыз - оларды қайта пайдалануға тырысыңыз. 3.Тек жейтін көлемде тамақ пісіріңіз, артық жасаудан аулақ болыңыз. 4.Тамақты сақтау мерзімін дұрыс бақылап, артық өнімдерді уақытында қолданыңыз. QR СКАНЕРЛЕУ

ТАМАҚТЫ ҮНЕМДЕУ

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қазақ тілі

 Әжемнің базарлығы

Міндеті:   -Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету

Балалар, әже бізге мына қоржынды беріп жіберіпті. Онда не бар екен?

Дидактикалық ойын:«Ғажайып қоржын». Суреттермен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.

Мынау – бауырсақ.

– Мынау не?

– Мынау – бауырсақ (балалар жеке, хормен, жай, жылдам айтады).

– Бауырсақтың дәмі қандай?

Сақ-сақ – дәмді бауырсақ.

Сақ-сақ – жеймін бауырсақ

Мынау – құрт. Құ-ұ-ұрт, құрт. «Құрт» сөзін жеке-жеке айтып жаттығады.

– Мынау не?

– Мынау – құрт.

– Мынау – қымыз. Мынау не?

– Мынау – қымыз.

– Қымыз өте дәмді.

– Қымыздың дәмі қандай?

– Қымыз өте дәмді.

– Мен қымыз ішемін.

– Сен не ішесін?

– Мен қымыз ішемін.

– Мынау – шұбат. Шұ-ұ-ұ-бат.

– Мынау не?

– Мынау – шұбат.

– Шұбат өте дәмді.

– Шұбаттың дәмі қандай?

– Шұбат өте дәмді.

Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.

– Құрт, қымыз сөздерінде бірінші дыбыс қандай?

– «Қ» дыбысы

 Көркем әдебиет

 Көкек

 Міндеті:  - Сурет бойынша ертегі құрауына мүмкіндік беру. Тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу  

– Балалар, ертекші әжей бізге жаңа ертегі әкеліпті. Бұл ертегі «Көкек» деп аталады. Көкек – әнші, сайрауық құс. Ол жұмыртқасын өзі басып шығармайды, басқа құстың ұясына салып кетеді. Педагог балаларға ертегіні оқып береді, слайд арқылы көрсетеді, әңгімелейді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: дана – парасатты, білімді адам болжай алмайсың – алдын ала не болатынын білмейсің Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Ертегі не туралы? – Көкек қайда ұшып келеді? Көкек не үшін күлді? – Дана адам көкекке не айтты? – Көкек не істеді? Көкек сөзіне сөйлем құра.  – Дана адам балаларға не үшін құсты босаттырды?  

Сөйлеуді дамыту

 Мен ғарышкер боламын

Міндеті: --Сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру  

 Ғ» дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату:

Ға-ға-ға – жаға. Ғи-ғи-ғи – Сағи. Ғу-ғу-ғу – бұғу. Ғы-ғы-ғы – бұғы.

«Ғ» дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталату:

Ғалым – қолғап. Тоғай – шаңғы. Сағыз – торғай. Сағат – қағаз.

«Қ» – «Ғ» дыбыстарын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш ішінде бекіту

Дидактикалық ойын: «Мамандықты анықта». Шарты: суреттер бойынша мамандық түрлерін анықтап айтады

Сауат ашу негіздері

  Буынның орнын анықтау

Міндеті:-  Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтылу барысында ажыратуды жетілдіру 

Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. Буынға бөліп, -ба буынының орнын анықта. Бұл буын қай сөзде бірінші тұр? 2. Сурет бойынша сұрақ қой. Сөйлем құрап, оның сызбасын сыз.

Жұмыс дәптерімен жұмыс (графикалық жұмыс) 3.Үзік сызықтарды бастыр, суретті жалғастырып сал. Боя. 4. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастырып жаз. Педагог ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады. – Қай тапсырманы орындау барысында қиындықтар болды?

 Сауат ашу негіздері

 Сөздерді дыбыс пен буын

Міндеті:- - Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру    

«Сөз айт, дұрыс айт» дидактикалық ойыны Педагог балаларға көк түсті дөңгелекті көрсетіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерге мысалдар келтіруге тапсырма береді. Мысалы: (пима, фабрика, кілт, қант, тұз, шана, сабын, хат, қайық, циркуль, щетка т.б.). Қызыл түсті домалақты көрсетіп, дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді айтуларын сұрайды. (Әтеш, өшіргіш, өмір, елгезек, ірімшік, элеватор, ін, иық, үтік т.б.). Тіл ұстарту Ақ-ақ-ақ, Аң-аң-аң, Тастан-тасқа секірді лақ. Аңның ізіне болдым таң. Ма-ма-ма, Рақ-рақ-рақ, Лақты қораға қама. Керек маған тарақ. Уық-уық-уық, Қорада тұр тауық. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Заттардың атында [ о ] дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті қызыл қарындашпен боя.

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   « Бозінген» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

«Бозінген» күйі

  Сәуір айы

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қоршаған  әлеммен таныстыру

   Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері

 Міндеті: Табиғатта өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.      .

Онда менің сендерге бірнеше тапсырмам бар, соларды дұрыс орындасаңдар, қорған тұрғызбауым мүмкін. Малифисентаның 1-тапсырмасы: «Бұлақ көрсең, көзін аш». Менің сылдырлаған бұлағыма балалар қоқыс шашып тастап кетіпті. Бұлақ көзі бітеліп қалды, соны тазалап, қоқыстарды сорттап, өз себеттеріне жинаңдар. Балалар қоқыстарды сорттап, қағаз қалдықтарын қағаз белгісі бар қорапқа, табиғи заттар – жапырақ, шырша бүрі, емен жаңғақтарын, бұталарды жапырақ суреті бар қорапқа, пластик заттарды шөлмек суреті бар қорапқа жинайды. Педагог балаларға орман перизаты беріп жіберген жұлдызшаларды таратады. Малифисентаның 2-тапсырмасы: «Орман адамға не береді?» Саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар, дәрілік шөптер- лалагүлі, итмұрын, шетен ағашы, қайың ағашы суреттері бөліктерін құрастырады.

Қазақ тілі

 Асханада

Міндеті  - -Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру,

Ойын «Асханада». Педагог асхана туралы түсініктеме береді: Асханада аспаз жұмыс істейді. Аспаз тамақ пісіреді. Асханада адамдар тамақ ішеді.

Балалар кезекпен аспаз болады. Балалар тағамға (өздеріне таныс күнделікті тағамдар) тапсырыс береді. Аспаз ол тағамға қажетті азық түлікті таңдап алып атайды.

Мысалы:

– Мен палау жеймін. Палау беріңізші. (Аспаз ет, сәбіз, пияз, күріш суреттерін тауып атайды).

– Рақмет. Палау дәмді болды

Сауат ашу негіздері

 Сөздегі дыбыстың орны

МіндетіСөздерді буынға бөле алу дағдыларын бекіту.  .

 «Даусынан таны». Балалардың фонематикалық есту қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Балалар шеңберге тұрады, педагог бір баланы санамақ айту арқылы ортаға шығарады, орамалмен көзін байлайды. Балалар шеңбермен айналып, мына сөздерді айтады: «Сен 157 жұмбақты шешіп ал, кім сенің есіміңді атады, тезірек соны біліп айт». Содан кейін балалардың біреуі педагогтің нұсқауымен ортадағы баланың есімін атайды. Дұрыс тапса, сол баламен орын ауысады. «Сөздерді буынға бөл» дидактикалық ойыны – Мен суреттерін көрсетіп, сөздер айтамын, ал сендер дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөліңдер. Мысалы: жыл-қы, көй-лек, шал-бар, та-қи-я, ба-лет, ба-қа т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Заттардың атын буынға бөл. [ Ж ] дыбысы бар сөздерді белгіле. 2. Сөздегі [ з ] дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк қарындашпен боя.   

  Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Тамшының саяхаты

Міндеті: Табиғат құбылысы – жаңбыр, жаңбырдың түзілуі жайлы мәлімет беру        

  «Тамшының саяхаты» ертегісін оқиды: «Әлемде бір тамшы су өмір сүріпті. Ол аппақ бұлтта, өз құрбыларымен әңгімелесіп отыр еді, кенеттен найзағай жарқ етіп, күн күркіреді. Тамшы қатты қорқып қалды, өз құрбыларымен бірге бұлттан секіріп кетті. Жерге түсіп, олар шалшық суға айналды, құрбыларымен шалшық суда ойнай бастады. Біраздан кейін, барлығы сыңғырлап күліп, аға жөнелді, тамшыға бұл қатты ұнады, олар 84 үлкен суға келіп қосылды. Бірақ күн суытып, су қатып қалды, мұзға айналды. Тамшының басқа құрбылары аппақ киімін киіп алып, ақшақар болып жерге айналып, қалықтап ұша бастады. Тамшының іші пысты, ол мұз болып қозғала алмай қалғанына ренжіді. Күн жылына бастады, тамшы қайтадан еркін қозғала бастады, күн ыси берді, енді тамшы өте жеңіл болып, аспанға көтерілді, аппақ бұлттарға айналды». – Ертегі не туралы? Тамшы қалай саяхаттады? – Ол жерге жаңбыр болып жауды, шалшықта жиналды, көлге ағып құйылды, мұз болып қатты, еріп, бу болып қайта аспанға көтерілді. – Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегіде табиғаттағы су айналымы туралы айтылды. Интербелсенді тақтадан жаңбырдың түзілуі жайлы бейнебаян көрсетіледі: Өзен, көл, теңіздегі су буланып, аспанға көтеріледі, бұлттарға айналады, бұлттар жиналған будан ауырлай бастайды да, жерге тамшы болып жауады, яғни жаңбыр түзіледі. Осылай тамшылар айналып жүре береді, жел бұлттарды айдайды, олар қалың бұлт, нөсер бұлтқа айналады, қыста қар болып жауады, қар аралас жаңбыр, бұршақ түрінде жерге жауады. Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары. Күңгірт, қара сұр бұлттар жаңбырдың жақындағанының айқын белгісі. Бұл бұлттардың тығыздығы және ылғалға толы болғаны сонша, олар арқылы күн сәулесі өте алмайды. Ең қатты жаңбыр жеткілікті биіктікте қалқып жүрген тығыз және қара бұлттардан келеді. Аспанда найзағай жарқылдайды, күн күркірейді және мұның бәрі күшті жел мен қатты жаңбырмен бірге жүреді. Су үздіксіз қозғалыста болады – теңіздер мен өзендердің бетінен атмосфераға буланып ұшып , жаңбыр болып жерге түсіп, қайтадан теңізге ағады. Бұл үздіксіз қозғалыс табиғатта су айналымы деп аталады. Ал Күн суды қозғалысқа келтіреді, ол судың бетін қыздырады, нәтижесінде ол буланады. Бу атмосфераның жоғарғы қабатына көтеріліп, суытып, су тамшыларына немесе мұз кристалдарына айналады. Тым үлкен болып, ауырлаған кезде олар жерге түседі.

 Дене тәрбиесі

  Байқоңыр

 Міндеті: -Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею .

Қимыл әрекеттерді еркін орындау дағдыларын айналмалы

жаттығулар арқылы дамыту. Түрлі бастапқы қалыптан (етпетінен жатып, малдас құрып отырып) жүгіріп кетуге үйрете түсу

Секіртпеден бір орында тұрып секіру.

Бастапқы қалыпқа тұрады.

Ырғақпен секіртпенің дәл табан астының тұсына келген сәтте секіріп үлгеруге тырысады.

Допты кегельдерге тигізбей бірқалыпты, оң және сол аяқпен кезек алып жүргізеді. Кегельдер  арасымен  допты алып жүреді.Допты аяқ басының ішкі жағымен итеріп, кегельдерге тигізбей бірқалыпты, оң және сол аяқпен кезек алып жүргізеді

                                          Қауіпсіздік сабағы : «ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДА ЖӘНЕ КӨЛІКТЕ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ» 

Мақсаты: балаларға саябақтар, кинотеатрлар, ойын алаңдары сияқты қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікті пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін үйрету. .

Тәрбиеленушілерді қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерімен таныстыру: Саябақтар мен ойын алаңдарында: Ешқашан ата-ана мен үлкендерден алыс кетпеңіз. Егер адасып қалсаңыз, тұрған жерде қалып, көмекке шақырыңыз. Сынған әткеншектерде немесе басқа қауіпті жерлерде ойнамаңыз. Кинотеатрлар мен сауда орталықтарында: Әрқашан үлкен адамның қолынан ұстаңыз. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз. Егер сізді біреу шақырса, дереу үлкендерге айтыңыз. Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері: Автобустар, трамвайлар және метрода: Көлік жүргізу кезінде тұтқалардан ұстаңыз. Терезеден еңкеймеңіз. Салонда жүгірмеңіз. Тек ересек адаммен бірге кіріп-шығыңыз. Сюжетті-рольдік ойындар: Жағдаяттарды сомдаңыз: саябақта адасу, автобуста жүру және т.б. Әрбір жағдайға сәйкес ережені талқылаңыз. Негізгі ережелерді қайталаңыз және балаларға бекіту сұрақтарын қойыңыз.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

  Ғарыш әлеміне саяхат

Міндеті -  Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.

Музыка тыңдау:

«Көкек» (Х. Мұхамедова)

Ән айту:

«Көктем» (А. Жайымов)

«Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Не қалай шақырады?» (Музыкалық-дидактикалық ойын)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Ұйықташы, бөпешім»

(В. Агафонников)

Музыка

 Ғарыш әлеміне саяхат

Міндеті:  Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру     

    Музыка тыңдау:

«Көкек» (Х. Мұхамедова)

Ән айту:

«Көктем» (А. Жайымов)

«Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Не қалай шақырады?» (Музыкалық-дидактикалық ойын)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Ұйықташы, бөпешім»

(В. Агафонников)

Дене тәрбиесі

  Байқоңыр

Міндеті: - -Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру

Гимнастикалық қабырғаға қиғаш өрмелеу. Қол мен аяқтың қимылын үйлестіру. Гимнастикалық қабырғамен жоғары өрмелеп, төмен қарай қиғаш түсу.

Қолмен сатылардан ұстап алып отырады. Сосын аяқтарын сатыларға қояды.

Қолды дұрыс қойып ұстау. Төрт саусақты үстінен, бас бармақты астынан қойып ұстайды.

Дене тәрбиесі

  Біз жұппыз

 Міндеті: -3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).

Баскетбол себетіне доп лақтыру.

Допты кеуде деңгейінде ұстап, балалар қолдарын өзіне қарай төмен айналдырып, сосын түзете жазып жоғары көтереді де, қолының басы мен саусақтарын ашып, итерген қимыл жасайды. Доптан көзін алмай, шынтақтарын екі жаққа жібермей, жинап ұстайды.

Баскетбол қалқанынан 2,5 метр қашықтықта тізбектерге тұрады. Бастапқы қалыпқа

дұрыстап тұрады. Аяқтарын тізеден аздап бүгеді. Аяқтарын иық деңгейіне қойып, бір аяғын аздап алдыға шығарады.

Денесі алдыға итеріліп, бар салмақ екі аяққа бөлінеді.

Қолдар шынтақтан аздап бүгіліп, кеуденің тұсында тұруы керек. Допты бір орында тұрып, екі қолмен кеудеден себетке

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Сырмақты әшекейлейміз

Міндеті: -- Қазақ халқының сәндік өнері бойынша сурет салу,   көлемді пішіндерді безендеруге үйрету

- - Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау

- - Ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.

- Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу

Топтық жұмыстар 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Сәуір

Серуен-Бақылау  №18

Бақылау: Бақбақ гүлін бақылау

Мақсаты:  бақбақ гүлі туралы білімдерін тиянақтау (гүлдеудің алғашқы кезеңіне көңіл аудару );

  • табиғатты қорғау және сақтауға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру;
  • емдік өсімдіктер туралы білімдерін тиянақтау.             

Бақылау барысы

Көркем сөз.

Аппақ, аппақ бақбақтар,    Үлбіреген бақбақтар,

Құдды киіз ақ үйлер.          Парашюттен аумайды.

Төнеді кеп жан-жақтан,     Сәл-пәл самал жел                                                                                        соқса,

Тамашалап сәбилер.           

Ақ ұлпалар заулайды.

Кәдімгі бақбақ көктемнің тұңғышы.

Халық оны «Жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атайды. Бақбақ көп жылдық шөптес өсімдік. Олар көбінесе үлкен жүргінші жол бойында, егістікте, шабындықта, жаңа тыңая бастаған жерлерде өседі. Бақбақтың гүлді сабақтары жапырақсыз, ең ұшында бір ірі гүл табақшасы болады. Бақбақ басын күн қызуына қарай бұрады. Күн батқан кезде гүл жапырақтары жабылып қалады, ал, таңертең күн сәулесімен бірге ашылады. Бақбақ-тың гүл оралғысы екі қабат. Сәуір айынан қыр-күйек айына дейін гүлдейді. Гүл жарып болған кезде гүлдері ұлпа үлпілдек «парашюттерге» ай-налады. Бақбақтың барлық бөлігі, әсіресе сабағы сүт сымаққа бай.

Бақбақ дәрілік өсімдік. Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, гүлін, жапырағын пайдаланады. Бақбақтан жасалған дәрілер тәбетті ашуға, ас қорытуға, қан қысымын түсіруге, қатты ісіктерді басуға, ыстықты түсіруге тағы басқа көптеген ауруларды емдеуге пайдаланады. Бақбақты ең қажет дәрілік өсімдік ретінде сақтап, қорғау керек.

Жеке жұмыс

  • Бақбақ гүлінің түрі қандай??
  • Ол жылдың қай мезгілінде әдемі болып көрінеді?
  • Бақбақтың қандай лақап аттары бар?
  • Бақбақты неге дәрілік өсімдік дейміз?

Зерттеу жұмыс: Бақбақтың сабағын кесіп, сүт сияқты сұйықты қарау.

Еңбек. Гүл егілген алаң айналасын тазалау.

Мақсаты:Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қимылды ойын «Өз гүліңді тап».

Мақсаты:

—түстерді айыра білуге, белгі бойынша әрекет етуге үйрету.

Жаттығу ойыны. Қимылдарын дамыту

Мақсаты:

- Қимыл белсенділіктерін арттыру; 

Ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №19

Бақылау: Жолжелкенді бақылау

Мақсаты:емдік өсімдіктер туралы түсініктерін қалыптастыруда танымдық белсенділіктерін дамытуды жалғастыру. Жолжелкеннің ерекшелігі мен емдік қасиеті туралы білімдерін молайту. 

Бақылау барысы

Тәрбиеші әңгімесі

-Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Көше бойлап келе жатсаң жол жиегінде, өзен бойы, шалғындық алқаптарда көптеп кездеседі. Сондықтан да болар бұл өсімдікті «жолжелкен» деп атайтыны. Адам аяғы баспайтын жерлерде жолжелкенді кездестірмейсің. Күзде жолжелкеннің гүлдері тұқым шашқан кезде, ол аяқкиімге жабысып барып, басқа жерлерге дәннің түсуіне байланысты, кез келген жерде өсіп шығады. Жолжелкен  маусымнан қыркүйек аралығында гүлдейді. Оның жапырақтарын маусым, шілде айларында жинайды. Жолжелкеннің жапыраған сабағымен қоса бүлдірмей алып, көлеңке жерде кептіреді. Жолжелкеннің жапырақтары дене сыртындағы аққан қанды тоқтатуға, күйген жараға, іріңді ісікке, шиқанға қолданылады. Жолжелкеннің шырынын жәндіктер шаққан жерге, асқазан ауруына, шаншуға, мұрыннан қан аққанда және дизентерияға пайдаланады.

Жеке жұмыс

  • Мамыр айын халықта қалай атайды? (шешек айы)
  • Өсімдіктер қай жерде бар да, қай жерде жоқ? (күннің көзі көп түскен жерде бар)
  • Көлеңке, ылғал жерлерге әлі шөп шықпаған, неге? (өйткені ло жер әлі салқын)
  • Мамыр айындағы жаңбырдан соң шөптерде қандай өзгерістер болады? (олар бұрынғыдан да жасылдана түседі)
  • Мына өсіп тұрған өсімдік қалай аталады? (жолжелкен)
  • Оны неге олай атаған?

♦Жолжелкеннің қандай көмегі бар, кім біледі?

Зерттеу жұмысы

Лупа арқылы жолжелкен жапырақтарын қарау, ерекшеліктерін табу.

Өгейшөппен жолжелкеннің айырмашылық-тары мен ұқсастықтарын айыру.

Еңбек:  Ойын алаңын тазалау.

Мақсаты: бірлесе еңбек етуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. .

Қимылды ойын:  «Бәйге».

Мақсаты: жеңіске деген құштарлықтарын арттыру, жылдамдықтарын дамыту.

 Жаттығу ойыны: Дыбыстар арқылы жүру  

 Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау, берілген дыбыс ырғағына қарай қимыл жасау

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №20

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;

  • Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

*Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

*Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой?     (маса)

*Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Бұл не?  (шыбын)

*Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер.     (құмырсқа)

*Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді.  (өрмекші)

Жеке жұмыс

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦        Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)

  • Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
  • Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)
  • Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)
  • Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).
  • Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)
  • Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
  • Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

 Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Жаттығу ойыны:  Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №21

Бақылау: Ауа-райын бақылау

Мақсаты:Көктем мезгілінің аяғына қарай өлі табиғаттағы болатын құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз. А.Меңдібай

Мамыр айы келгенде,

Дала гүлге толады.

Жайнап барлық атырап,

Қызық-думан болады.

Бақшамызда біз еккен,

Гүл шоқтары гүлдейді.

Жапырақтар сыбдырлап,

«Қандай көркем, көр»-дейді.

Тәрбиеші аулаға ерте көктем көрнісі бейнеленген сурет алып шығып, балалармен әңгіме өткізеді.

Жеке жұмыс

  • Балалар, қараңдаршы, мына суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?(көктем).
  • Ал, сендер суреттен не көріп тұрсыңдар? (қар еріп жатыр,жер су болып жатыр, балалар құстарға ұя жасап жатыр)
  • Қар неліктен ериді, адамдар неліктен жеңіл киінеді? (күн жылығандықтан)
  • Ал, көктемнің бұл мезгілін қалай атаймыз? (ерте көктем)
  • Ерте көктем мен қазіргі мамыр айындағы табиғат көнісінде, ауа-райында өзгешелік бар ма? Қандай? (балалар жауабы тыңдалады)
  • Қазір аспан көрнісі қандай? (ашық көк)
  • Ағаштар бейнесі қандай болды? (барлық ағаштар жапырағы жайқалып, жап-жасыл болып тұр).
  • Қыста қар жауған кезде ауа температурасы қандай еді?
  • Жаңбыр қандай температурада жауады?
  • Көктемнің соңғы айында табиғатта қандай өзгерістер болды?(күн шуағы молайды, гүлдер шықты, шөптер өсті, ағаштар жасыл жапыраққа малынды).

Еңбек

Кішкентайлар алаңын қоқыстардан тазалауға көмектесу.

Мақсаты: кішкентайларға көмектесу, еңбекке деген құлшыныстарын арттыру.

Қимылды ойын

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты:

—Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

—Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел 

-Сәуір айы-су айы,

Мамыр айы- гүл айы.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау  №22

Бақылау: Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

  • Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту;
  • Өсімдіктерді күту, суғару іскерліктерін тиянақтау;
  • Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді

  • Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
  • Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
  • Олардың қандай айырмашылығы бар?
  • Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
  • Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
  • Оларды қалай күтесіңдер?

Жеке жұмыс

  • Гүлді отырғызбас бұрын не істеу керек?
  • Біздің гүлзарға отырғызуға арнап топта өсіріп жатырған гүлдеріміз қалай аталады?
  • Гүлдер жақсы өсіп, гүлдеуі үшін не істеуіміз керек?
  • Осы кезде бізге гүлді неге аулаға отырғызуға болмайды?
  • Неге кейбір гүлдер көпжылдық, кейбіл гүлдер бір жылдық деп аталады?

Еңбек

 Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту).

Мақсаты:

  • Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау;
  • Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.

  Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел:

- Әр гүлдің иісі әр басқа.

-Гүл-араға, бал-балаға.

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

 Алтай Асылымға Көктем мезгілінің белгілерін үйрету

Өзденбай Балымға Мақал-мәтел:

Дана көптен, дәрі шөптен.

Құнарлы шөп, қосымша сүт

Оразханқызы Ұлжанға Көктем  киім үлгілерін білуге үйрету

Қанат Бақдәулетке Көктем мезгіліндегі адам еңбегімен таныстыру

Көшербай Адияға Көктем мезгіліндегі ауа райы құбылыстары жайлы бачндауға үйрету

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Сюжетті - рөлді ойын: «Тігінші»

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.

Ойын  барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өнерім қол ұшында,
Боламын мен тігінші
Тігіншінің ішінде,
Бас бармақтай бірінші.
 
 .

Ойын: «Дұрысын тап»
Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
Тәрбиеші: Балалар әр мамандық иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
Шаштараз не киеді?
Балалар белгілеп береді.
- Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.

Ойын:«Тігінші»
Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс

Артикуляциялық жаттығулар:

Ойын:« Часы» «Сағат»

Мақсаты: Тілдерінде артикуляциялық кемістігі бар балалармен үзбей күнделікті жасау арқылы біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз. Сабақ үстінде, ойын кезінде қадағалап балалардың тілін дұрыс дамуына бағыт беру.

Ата – аналармен бірлесе қарым – қатынас жасай отырып ортақ мақсатымызға жетеміз.
• «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
• «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.

1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.

2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.

 3. Тіл оңға - солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.

 4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя - пя - пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

Аз қимылды ойын:

 Ойын: «Қуғыншыдан құтқару» 

Мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. 

Ойын шарты:
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. 
Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. 
Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; 
Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. 
Ойынның ережесі:
1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. 
Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. 
Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады. 
Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң, епті қимылдауға жаттығады. 
 
Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1-апта 28-30 сәуір ,1-2  мамыр  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»           «Бірлік және ынтымақ   » айы            «Апта дәйексөздері»- «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ »  

Күн тәртібі

Дүйсенбі  28.04

Сейсенбі  29.04

Сәрсенбі  30.04

Бейсенбі  01.05

Жұма   02.05

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 Үстел үсті ойыны – пазл:

«Әсем гүлдер бағы »

Балалармен  әсем гүлдер туралы әңгімелесу.

Құрылыс ойындары:

«Біздің аула гүлдері»

 Фотосуреттер қарастыру: «Гүлдер,гүлдер көп гүлдер»

Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.

Сюжеттік ойындар:

«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

  Мнемосхемамен

«Дос»туралы мақал-мәтелдер 

Доссыз өмір-бос.

Жүз сомың болғанша, Жүз досың болсын

«Достық үйін құрамыз»

Дөңгелене тұрамыз,     

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

«Болмасын еш тосқауыл»
Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

«Күлімде, Күн,

күлімде»

Күлімде, Күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

«Ағайынбыз бәріміз!»

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

Жайлауда

 Міндеті: -Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту

Демонстрациялық құрал. Біздің елде бар үй жануарларының суреті ілінеді.

Балалар, ненің суретін көріп отырсыңдар?

Оқу қызметі сурет арқылы әңгімелесуден басталады.

Қандай үй жануарларын білесіңдер?

Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

Үй жануарларының адамдарға пайдасы бар ма?

Ал осы жануарлардың төлдерін қалай атаймыз?

Төлдер ең алғашында немен қоректенеді?

Иә, дұрыс айтасыңдар, өз енелерінің сүтімен қоректенеді.

Балалар, сендер төлдерді қалай шақыратынын білесіңдер ме?

Қойдың қошақанын «Пұшайт-пұшайт!» – деп шақырады. Ешкі, лақты «Шөре-шөре!» –

деп шақырады. Жылқы, құлынды «Құрау-құрау!» – деп шақырады. Сиыр, бұзауды

«Аухау-аухау!» – деп шақырады. Түйе, ботақанды «Көс-көс!» – деп шақырады. Төлдер қай жануардың төлі екенін түсіндіреді.

Балалар, осы төрт түліктің атауы ішіндегі «жылқы» сөзі қай дыбыстан басталады?

Ал «шөре-шөре» деген сөз қай дыбыстан басталады?

Кәне, бәріміз бірге «Ж» – «Ш», – деп айтайық.

«Ж» – «Ш» дыбыстарын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады. Үстіңгі, астыңғы тістердің аралығы «С» және «З» дыбыстарын айтқандай қалыпта. Тіл ұшы жалпақтанып, тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді. Тілдің алдыңғы жағы ойықталады да, екі жағы үстіңгі тіске тиеді. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен «Ж» дыбысы жасалады

Сауат ашу негіздері

 Сөздегі дыбыс пен буын орны 

Міндеті - Сөздегі дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын жетілдіру.  

  Дидактикалық ойын: «Кім білгіш?» Мысалы: б, л, р, ө, т, и, м, с, о, г, н, е, щ, у, ш, д, ж, з, с, ч, і, з, в, ы, ф, й, ц, у, к, а, н. Педагог дыбыстарды айтады, балалар дөңгелектерді көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. - Дауысты дыбыстарға қызыл жалаушаны; - дауыссыз дыбыстарға көк жалаушаны көтеру арқылы ажыратады. «Ш» дыбысы бар сөз айт» ойын-жаттығуы Педагог балаларға «ш» дыбысы ортасында келетін сөз ойлап айтуларын сұрайды. Мысалы: ашық, қашық, қаша, қашан, аша, қаша т.б. «Ш» дыбысы сөз басында келетін сөз ойла: шар, шана, шал, шабақ, шашбау, шұғыл, шабадан, шалбар т.б. «Дауысты дыбысты сөз қос» дидактикалық ойыны – Мен сөз айтамын, сендер сол сөзге дауысты дыбыстан басталатын сөз жалғауларың керек, мағынасы бойынша ұқсайтын сөз болу керек. Сары ... (өрік), әдемі ... (әтеш), алма ...(үлкен), қой ... (арық), домалақ ... ( өрік) т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. [ Л ] дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк қарындашпен боя. 2. Заттардың атын буынға бөл. Сөздердің бірінші буындарын қос. Қандай сөз шықты, сол суретті қорша. 

Сауат ашу негіздері

Дыбыстардың санын анықтау

Міндеті:- - Дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын бекіту.

Дидактикалық ойын «Дұрыс көрсет» Педагог балаларға дыбыстарды айтады, балалар алдарындағы қызыл, көк түсті жалаушаларды көрсету арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Мысалы: й, ц, к, е, н, г, ш, щ, з, х, ф, ы, в, а, п, р, о, л, д, ж, э, с, м, и, т, б. Сөздермен жаттығулар. «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға» дидактикалық ойыны Педагог балаларға суреттер көрсетеді де, балалар суретті атайды, сол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалғайды. Мысалы: доп ... (қызыл), бал ... (тәтті), ара ... (сары), етік ... (жылы), ет ... (дәмді), мысық ... (сүйкімді), қыз ... (пысық), құмыра ...(қызыл), ата ... (еңбекқор) т.б.

Көркем әдебиет

Ақкөжектің достары

Достық мерекесі кір.01.05  

 Міндеті: - Кейіпкердің әрекетіне өз пікірін білдіруге баулу. Кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Достарын құрметтей білуге тәрбиелеу

- Ынтымақтастық сөзінің мағынасын түсіндіру. Өлеңді есте сақтау қабілетін дамыту. Бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу 

Көлеңкесінен қорқып, безектейді, Ал оның баласын көжек дейді. Ол не? – Балалар, көжек деген не? – Көжек қандай болады? (Қоянның төлі) (Қоян) (Көжектің жүні жұмсақ, сүйкімді болады) – Бүгін Ботан Қошымовтың «Ақкөжектің достары» ертегісімен танысамыз. Педагог ертегіні оқып, мазмұнын ашады (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: көжек – қоянның төлі бөлтірік – қасқырдың төлі құралай – еліктің лағы Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Авторы кім? Ертегі не туралы? – Ақкөжекті туған күнімен нелер құттықтап келді? – Ақкөжектің көңіл күйі қандай болды? Достар не істеді? – Жайлаудан Ақкөжекті құттықтауға тағы қандай төлдер келді?

1 Мамыр – халықтар достығы мен ынтымағының мерекесі. – Бұл мереке несімен ерекше? (Слайд арқылы таныстыру.) – Достық – барлық халықтың берекесі, татулығы. Ынтымақ – еліміздің бірлігі. – Біз бүгін ақын Серікбай Оспановтың «Достық мерекесі» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді, жаттатады (соңындағы қосымшаны қараңыз). Сөздік жұмысы: тыныштық – соғыс болмасын деген мағынада ынтымақ – ұйымшылдық, татулық, бірлік бейбіт – тыныштық, жайлы өмір Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең не туралы? Авторы кім? Өлеңде не туралы айтылған? 97 – Бірінші мамыр қандай мереке? «Бейбіт күн» дегенді қалай түсінесің? – Мерекеге барғанда балалар қолына не ұстайды? Достық сөзіне сөйлем құра

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үнемдеу маңыздылығы: Су-тіршілік көзі. Егер суды дұрыс пайдаланбасақ, таза су қоры азаяды және көптеген елдерде су тапшылығы пайда болады. Жадынама: 1. Кір немесе ыдыс жуғыш машинаны тек толық толғанда ғана қосыңыз. 2. Душ қабылдағанда уақытты қысқарту. 3. Кранды жуу кезінде және басқа жұмыстарда ашық қалдырмаңыз. 4. Суды қайта қолданыңыз - мысалы өсімдіктерді суғаруға немесе тазалауға қолданыңыз. 5. Жуынатын бөлмеде ағып тұрған кранды дер кезінде жөндеңіз.

 QR СКАНЕРЛЕУ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ 

Нұсқаулықтар: 1. Тіс тазалау кезінде суды өшіріңіз: Тіс тазалау кезінде суды ағыза бермеңіз, тек қажет кезде қосыңыз. 2. Кранды қысқа уақытқа ашып, суды дұрыс пайдаланыңыз. 3. Душ қабылдау уақытының қысқарту үшін таймер пайдаланыңыз. 4. Автоматтандырылған суару жүйелерін қолдану арқылы суды бақылаңыз. 5. Жеміс-көкөністі жуу кезінде ағынды су орнына ыдысты пайдаланыңыз.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Қазақстан ғарышкерлері  

 Міндеті: Балаларға Қазақстан ғарышкерлері туралы мәлімет беруді жалғастыру.   

Педагог жұмбақ жасырады. Зымыранмен зулайды, Ғарыштарға самғайды. Батыр біздің ағамыз Кім екен ол? Табамыз! Жауабы: Ғарышкер – Ғарышкер деген кім? (Балалардың пайымдаулары). – Ғарышкер – ғарышқа ұшатын адам, ғарыш кемесінде ғарышты бақылайды, зерттеу және сынақ жүргізеді; ол ғарыш ғарыштан ғаламшарларға бақылау жүргізеді. Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі: Біз өмір сүріп жатқан әлем «Күн жүйесі» деп аталады. Бұл жүйеге кіретін ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар – Марс. Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады, талдауға Ер Төстік те қатысады). Интербелсенді тақтадан ғарышкерлер жайлы бейнебаян шығады. Ең алғашқы ғарышкер – Ю.Гагарин, ол Қазақстан жерінде орналасқан ғарыш айлағы – Байқоңырдан алғаш рет ғарышқа ұшып, бүкіл әлемге танымал болды. – Қазақтың тұңғыш ғарышкері –Тоқтар Әубәкіров1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшады. Ғарышкер Аралдың экологиялық жағдайын ғарыштан зерттеу үшін фотоға түсіріліп, ондағы тұздың солтүстік мұзды мұхитқа қарай ұшатыны анықталған. Тағы қандай қазақ ғарышкерлері ғарыш әлемін зерттеуге қатысты? – Талғат Мұсабаев жұлдыздар әлеміне алғаш рет 1994 жылдың 1 шілдесінде кемесінің борт инженері ретінде ұшты. Айдын Айымбетов 2015 жылдың қыргүйегінде «Союз ТМА 18М» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде халықаралық ғарыш стансасынан ғарышқа ұшты. Ғарышкер ағаларымыздың киімдерін сипаттап, айтамыз. Балалар ғарышкер киімдерін атап, әңгімелейді, мысалы, скафандр, шлем.

Математика негіздері

 Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті: - -Заттарды санау, заттар тобын салыстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру 

1-тапсырма. Карточкада қанша цифр көрсетілсе, сонша дөңгелекті қоршап сыз. Мұны орындамас бұрын педагог іс-әрекетінің тәртібін түсіндіреді. – Неше дөңгелек бейнеленген? Картада қандай цифр көрсетілген? – Неше дөңгелекті қошау керек? Дұрыстығын тексеру үшін балалар орындағаннан кейін дөңгелектерді қайта санайды. Педагог өз әрекеттерін түсіндіруді және қорытынды жасауды сұрайды. «Жабайы жануарлар» саусақ гимнастикасы. Бұл – қоян, бұл – тиін, (Кішкентай саусақ пен сақина саусақты көрсетіп, содан кейін бүгеді.) Бұл – түлкі, бұл – қасқыр, (Саусақтарын кішкентай саусақтан бастап жұдырыққа бүгеді.) Қоңыр, түкті, күлкілі аю. (Басбармақпен айналдырады.) 2-тапсырма. Бастырып сыз. Балалар үстелде жұмыс жасау ережелерін қайталайды, үстелге дұрыс отыру қалпының сақталуына назар аударады. 3-тапсырма. Əр топта неше зат бар? Сана. Екі топта барлығы неше зат болады? Цифрды қоршап сыз. Ұйымдастырылған іс-әрекетінің соңында «Көршілерді ата» ойынын ойнауға болады. Ойын үшін сізге 1-ден 10-ға дейінгі цифрлар салынған карточкалар қажет. Беттерінде цифрлары бар текше керек. Педагог текшені лақтырып, әр жаңа цифрмен бұрылатындай етіп қағып алып тұрады. Шақырылған бала берілген цифрдың «көршілерін», яғни бұрын және кейін тұрған арды атайды.

Математика негіздері

Заттар тобы. Заттарды санау

Міндеті - -санды цифрмен сәйкестендіру, заттардың екі тобын бір жиынға біріктіру.  .

2-тапсырма. Бастырып сыз. Балалар үлгіні сызып қана қоймай, педагогтың тапсырмасы бойынша оның кейбір элементтерін бояй алады. 3-тапсырма. Неше зат қалды? Сана. Цифрды қоршап сыз. Дәптермен жұмыс істегеннен кейін «Жұбыңды тап» дидактикалық ойынын өткізеді. Педагогте 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды бар карточкалар жиынтығы бар. Əр бала әр карточкада 1-ден 9 данаға дейінгі заттардың (алма, доп, текше және т.б.) суреттері бар карточкаларды алады. Педагог кез келген цифры бар карточканы көрсетеді, мысалы, 8. Балалар өздерінің карточкаларындағы заттар бірге 8 цифрын құрайтындай етіп бірнеше карточкаларды жинауы керек.

Қоршаған  әлеммен таныстыру

  Ынтымақ пен бірлік мерекесі

Міндеті: -Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдерінің тұратыны жайлы мәлімет беру     

 Дөңгелене тұрып, «Достық» әнін айту. Педагог Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңінен үзінді оқиды. Қазақстан – шаттықтың елі шалқыған, Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын. Қазақстан – батырлар елі, ер елі, Бауырмалдық, достықтың елі өрелі! – Өлең не туралы? – Қазақстан елі туралы. – Қазақстан қандай ел? – Қазақстан – батырлар елі, бауырмалдық, достық елі. Бауырмалдық – мейірімділік, достық, ұлтына, түріне, түсіне қарамай адамдардың барлығын жақсы көру. Біздің бүгінгі әңгімеміз Қазақстан елінде тұрып жатқан ұлттар туралы болмақ. Балалар, сендер өздеріңнің қандай ұлт екендеріңді білесіңдер ме? Балалардың жауабы тыңдалады. Зерттеу жұмысына Қырағы қатысып, ынтымақтастықта өмір сүре білу үшін қандай жағдайлар қажеттігін анықтайды. – Біздің тобымызда басқа ұлт балалары бар ма? Бар болса, орындарынан тұрып, өз ұлттарын атайды. Балалар қол соғып, қошеметтейді. – Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады? Балалар білетін ұлт өкілдерін атайды. – Біздің ұлан-ғайыр өлкемізде өте көп ұлт өкілдері тұрады. Олар барлығы тату-тәтті, ынтымақта тұрып жатыр. Әр ұлт өз тілінде сөйлей алады, өздерінің салт-дәстүрлерін сақтап, білім алады, Қазақстан азаматтарының барлық құқығын пайдаланады. Біздің еліміздің жергілікті тұрғындары – қазақтар. Ұлттық киім киген қуыршақтарды қарастыру. – Мына қуыршақтардың киіміне қарап, қандай ұлт екенін айта аласыңдар ма? Киімдердің, қуыршақтардың қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары бар? Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылап, әр халықтың өзіндік салт-дәстүрі, ұлттық тағамы, ойыны, тұрмыстық мәдениеті бар екенін атап өтеді. Балалар, ұлтаралық татулықты айқындайтын қандай мейрам күні бар? – 1 мамыр – ынтымақ пен бірлік мерекесі. Интербелсенді тақтадан педагог ұлттық киімдерімен өнер көрсетіп жатқан суретті көрсетіп, әңгімелейді. Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл адамдар қандай мерекеде өнер көрсетіп жатыр? Қандай киімдермен өнер көрсетіп жатыр? – Киімдеріне қарап қай ұлт өкілдері екенін ажырата аласыңдар ма? Балалар қазақша, түрікше, украин және кавказдық киіммен өнер көрсетіп жатқан суреттерді атайды. Ойын «Кім көп біледі?»        

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Келіншек» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Келіншек күйі

  Мамыр

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

 Тазалықты сүйеміз

Міндеті: - -Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыр

«Тазалық – денсаулық кепілі» мақалын балаларға түсіндіру. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалықты сақтауымыз керек. Жаңа сөздермен таңыстыру. – Тазалық сақтауға сабын, жөке, сүлгі, тарақ қолданамыз. – Мынау – сабын. – Мынау не? – Мынау – сабын. – Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз. – Сабынмен не істейміз? – Сабынмен қолымызды тазалап жуамыз. – Мынау – жөке. – Мынау не? – Мынау – жөке. – Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз. – Жөкемен не істейміз? – Жөкемен дене мүшелерімізді жуамыз. – Мынау – сүлгі.

– Мынау не? – Мынау – сүлгі. – Сүлгімен денемізді сүртеміз. – Сүлгімен не істейміз? – Сүлгімен денемізді сүртеміз. – Мынау – тарақ. – Мынау не? – Мынау – тарақ. – Тарақпен шашымызды тараймыз. – Тарақпен не істейміз? – Тарақпен шашымызды тараймыз.

Қазақ тілі

 Нан қайдан келеді?

Міндеті  -  -Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру,

Балалар, аналарың нанды қайдан алады? Дүкенге нан қайдан келеді білесіңдер ме?

Педагог «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін балаларға ұсынады.

Иллюстрациялар көрсетіле отырып, ертегі оқылады.

Ертегі не туралы?

Жаңа сөздермен таныстыру.

– Мынау – сатушы. Са-ту-шы.

– Мынау кім?

– Мынау – сатушы.

– Сатушы нан сатады.

– Сатушы не істейді?

– Сатушы нан сатады.

– Мынау наубайшы. Нау – бай - шы.

– Мынау кім?

– Мынау – наубайшы.

– Наубайшы нан пісіреді.

– Наубайшы не пісіреді?

– Наубайшы нан пісіреді.

– Мынау – бидай.

– Мынау не?

– Мынау – бидай.

– Мынау – диірменші.

– Мынау кім?

– Мынау – диірменші.

– Диірменші бидайдан ұн жасайды.

– Диірменші бидайдан не жасайды?

– Диірменші бидайдан ұн жасайды.

– Мынау – ұн.

Сөйлеуді дамыту

 Жайлауда

Міндеті:  -Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту

«Ж» дыбысының буын ішінде кездесуі. Жы-жы-жы – жылқы.

Жа-жа-жа – Менің атым – Қожа.

«Ш» дыбысының буын ішінде кездесуі.

Шө-шө-шө – шөре.

Шы-шы-шы – әкем менің аңшы.

Осы төрт түлік малдың бәрі жазда жайлауда болады.

Үй жануарлары жазда қайда болады?

Дұрыс айтасыңдар, жайлау – малға жайлы мекен.

Бүгін біз Н.Жанаев шығармашылығымен танысамыз. Ақынның «Жайлауда», "Боранда", "Лағым"өлеңдері бар. Соның ішіндегі "Жайлауда " өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Жаздың күні жайлауда, Қандай жақсы ойнауға. Жүйрік желмен жарысып, Қозы, лақпен табысып, Көл бойында тынығып, Күнге күйіп, шынығып, Жүресің сен жайраңдап, Кең даланы сайрандап,

Жайлау, жайлау – жасыл бақ, Мәз боламыз асыр сап.

Балалар, жайлау қандай екен?

Суға шомылып, күнге күйіп шынығуға болады ма екен?

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

  Алма ағашы гүлдеді

Міндеті: -  - Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету, балалардың алма ағашы туралы білімдерін бекіту

-- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу

-- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

- Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ»

Мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.  .

Бейтаныс адамдар кімдер? Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп тұрған адамдар екенін түсіндіреді. Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамаңыз. Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын десе де бармаңыздар. Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу «жоқ» деп кетіп қалу керек. Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаңызға айтыңыз. «Бола ма, болмай ма?» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек. Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр», «Бейтаныс адам жол сұрап жатыр». «Егер ..., не істеу керек?» ойыны Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі керек.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

  Біз жұппыз

 Міндеті:  -Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет);

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тұзақ»

Ойыншылар бірінің ішінде бірі орналасқан екі шеңберге тұрады. Екі шеңбер екі бағытта қозғалады. Бастаушының белгісімен екі шеңбер бір уақытта тоқтап, ішкі шеңбердегі балалар   қолдарын   жоғары   көтеріп,   «қақпа»   жасайды.   Сыртқы   шеңбердегі   балалар

«қақпадан»  бір  кіріп,  бір  шығып  жүреді.  Бастаушы  тағы  белгі  бергенде  ішкі  шеңбер

«қақпаны» күрт жабады да, шеңбер ішінде қалып қойған балалар тұзаққа түседі. Олар енді ішкі шеңберге қосылады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Өзін-өзі уқалау:

«Балақан, қандай жақсы алақан!»

Музыка

 Құстар біздің досымыз

Міндеті --Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру  

Музыка тыңдау:

«Көкек» (Х. Мұхамедова)

Ән айту:

«Көктем» (А. Жайымов)

«Ғарышкер боламыз»

(Ш. Мұхамеджанов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Құстар» (Т. Ломова)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Не қалай шақырады?» (Музыкалық-дидактикалық ойын)

Дене тәрбиесі

 Біз жұппыз  

Міндеті:  -Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет);

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тұзақ»

Ойыншылар бірінің ішінде бірі орналасқан екі шеңберге тұрады. Екі шеңбер екі бағытта қозғалады. Бастаушының белгісімен екі шеңбер бір уақытта тоқтап, ішкі шеңбердегі балалар   қолдарын   жоғары   көтеріп,   «қақпа»   жасайды.   Сыртқы   шеңбердегі   балалар

«қақпадан»  бір  кіріп,  бір  шығып  жүреді.  Бастаушы  тағы  белгі  бергенде  ішкі  шеңбер

«қақпаны» күрт жабады да, шеңбер ішінде қалып қойған балалар тұзаққа түседі. Олар енді ішкі шеңберге қосылады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Өзін-өзі уқалау:

«Балақан, қандай жақсы алақан!»

Дене тәрбиесі

 Міндеті: - 

Музыка

  Бақшадағы ән-сауық

Міндеті:  Қазақтың ұлттық ойындарының бірі«Көкпарды» би арқылы сипаттап, жеткізе білуге үйрету.      

  Музыка тыңдау:

«Жас дәуірдің түлегіміз»

(Т. Жұмалиева)

Ән айту:

«Біз бақытты баламыз»

(Ә. Қонысбеков)

Көктем» (А. Жайымов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Әуенді сағат» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан). Музыкалық аспапта ойнау:

«Күншуақ» (Е. Құсайынов) 

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Сәуір

Серуен-Бақылау №1

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты : «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;

Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

- Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой? (маса)

- Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Бұл не? (шыбын)

Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді. (өрмекші)

Жеке жұмыс

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦ Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)

Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)

Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)

Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)

Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).

Қандай пайдалы жәндік

орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)

Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)

Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Жаттығу ойыны:  Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады

Еркін ойын балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау №2

Бақылау:

Найзағайды бақылау

Мақсаты:

«Найзағай» ұғымымен таныстыру;

Табиғат құбылыстары туралы шынайы түсініктерін қалыптастыру;

Сөздік қорларын байыту;

— Бақылағыштықтарын дамыту.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады

Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

Дүрліктіріп алапты,

Шақпақ тастың жарқылы,

Бұлт көрпесін жыртады.

Балалар, бұл жұмбақтардың шешуі не екен?

Найзағай қай кезде ойнайды?

Аспан неге күркірейді?

Күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде табиғатта қандай құбылыс болады? (жаңбыр жауады)

Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда құрт-құмырсқалар не істейді? (індері мен илеулеріне тығылады)

Қалай ойлайсыңдар, найзағай неден пайда болады?

Ауа-райы нашар болған кезде бұлттар арасында электр тогы жиналады. Найзағай-бұл үлкен электр тогының ұшқыны. Ұшқындар айналадағы ауаны қыздырады. Ыстық ауа салқын ауамен соқтығысады да, күннің күркіреуі пайда болады.күн күркіреген кездегі найзағай өте қауіпті. Найзағай жалғыз тұрған, биік заттарға жиі түседі. Сондықтан да найзағай ойнап тұрған кезде ағаштың астына тұруға болмайды.

Жеке жұмыс

Жәй жаңбыр мен найзағайлы жаңбырды салыстыру, ұқсастықтыры мен айырмашылықтарын табу.

«Найзағайлы жаңбыр» Ө. Ақыпбекұлы

Нөсерлеп жаңбыр басталды,

Науада қалқып қақ қалды.

Найзағай тынбай жарқылдап,

Нөсер тұр құйып сатырлап.

Найзағайлы жаңбырды қалай атайды екен? (нөсер)

Еңбек

1 топ- ауланы тырмамен тазалау;

2 топ-қоқыстарды шығару Мақсаты:

Шағын топтарға бөлініп жұмыс істеуге үйрету;

Ұжыммен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге деген ынталарын арттыру

Қимылды ойын

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты:

Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел

-Сәуір айы-су айы,

Мамыр айы- гүл айы.

-Көктемгі жауын артық болмас

Еркін ойын балалардың қалауы бойынша

Сәуір

Серуен-Бақылау №3

Бақылау:

Құмырсқаларды бақылау

Мақсаты:

Құмырсқалар туралы білімдерін тиянақтау;

Зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Құмырсқа» Г. Өкеев

Құжынаған құмырсқа, Ұйымшыл-ақ өздері.

Шығады ерте жұмысқа. Жүкпен қайтып қашықтан,

Нелер шебер табылып, Илеуіне асыққан.

Жасайды илеу жабылып. Бәрі еңбекпен шынығар,

Жылт-жылт етіп көздері, Ісін тындырып тынығар.

Балаларға сұрақтар

Құмырсқалардың адамдарға және орманға қандай пайдасы бар? (зиянда жәндіктерді құртады

Орманның қандай тұрғыны құмырсқа мен оның көбелектерін (личинкаларын) жеуге құмар? (аю мен тоқылдақ)

Құмырсқасыз жер болмайды. Құмырсқаларды «ағаш дәрігерлері» деп те атайды. Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құмырсқалар өте еңбекқор, олар өздерінен бірнеше есе үлкен нәрселерді илеулеріне сүйретіп тасиды. Құмырсқалардың илеуінің тесігі төбесінде болады. Құмырсқалар өз илеуінен ешқашан адаспайды. Неліктен деп ойлайсыңдар. Құмырсқалар өз илеулерін иіскеп жүріп иісінен табады. Әр илеу өз құмырсқаларынан басқа құмырсқаларды жолатпайды. Егер басқа илеудің құмырсқасы бара қалса, оны жабылып шағып тастайды. Әр илеудің өз иісі болады. Құмырсқалар тек қана ағаштардағы құрттардықұртып қана қоймайды, олар құстарға да көмектеседі. Құстар құмырсқаның илеуінің үстіне қанатын жайып отырады, құмырсқалар оларды үстеріндегі биттер мен бүргелерден тазалайды. Құмырсқалардан бөлініп шыққан өткір қышқыл иістен көпке дейін құстарға бит, бүргелер жоламайды. Құмырсқаның қышқылынан дәрі-дәрмектер де жасайды. Құмырсқалар залалсыз, дәрменсіз жәндік болғандықтан оларға тиіспеуіміз керек.

Жеке жұмыс

Құмырсқалардың қандай пайдасы бар?

♦ Олар өз илеулерін қайда салады?

♦қане біздің құмырсқалар қалай жұмыс істеп жүр екен, қарайықшы! (олар өздінің ізімен, бірінен соң бірі илеулеріне қарай ағылуда)

Зерттеу қызметі

Құмырсқалардың бір жолына құм, бір жолына қант себу. Олардың қалай әрекет ететінін бақылау.

Еңбек

Ойын алаңын тазалау.

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білулерін жалғастыру.

  Қимылды ойын

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты:

Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел 

-Сәуір айы-су айы,

 Мамыр айы- гүл айы.

-Көктемгі жауын артық болмас.

 Болғанбек Інжуге заттың ұзындық өлшем бірліктерін қайта сұрап естеріне түсірту

 Өзденбай Балымға дыбысына сөздер айтқызу

Қанат Бақдәулетке апта күндерін жаттату

 .

 Алтай Асылымға пішіндер түрін жаттату.

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

 Аз қимылды ойын:«Кім алысқа»

Мақсаты : Жүгіру арқылы балалардың аяқ бұлшықеттерін дамытып, жетілдіру. Мәре ұғымын түсіндіру. Шапшаңдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Балалар ойынды ұлдар мен қыздар болып ойнайды. Ең алдымен ұлдар арасында, содан қыздар арасында жүгіріп, мәреге жетулері керек. Белгіленген мәреге жеткен ұл мен қызды мадақтау. Содан екі жеңімпазды жарыстыра жүгірту, мәреге ең бірінші болып жеркен баланы жеңімпаз ретінде таниды.

Ойын: «Әскери мамандықтар»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту,іскерліктерін дамыту.

Ойын барысы: Мұғалім балаларға әскери мамандықтар туралы өлеңдер оқиды. Ол өлеңдерде айтылған мамандықтарды атауды және әскери кәсіптердің басқа атауларын еске түсіруді ұсынады.

Шекарашы

Шекараны қорғау маңызды! Шекарашылардың аты. Адал итпен олар Отанға батыл қызмет етеді.

С. Чертков

Ұшқыш

Ұшқыш өз ісін біледі, аспанда ұшақ жүргізеді. Ол батыл ұшып, жер үстінен ұшады.

С. Чертков

Теңізші

Теңізші кемеде жүзіп жүр, ол жерді аңсамайды. Ол желмен және толқынмен дос, өйткені теңіз — оның туған үйі.

С. Чертков

Әрі қарай мұғалім балаларға сөздерді — кәсіптердің аттарын буындарға бөлуді ұсынады.

Мысалы: шекарашы,барлаушы,теңізші,сарбаз, о-фи-цер.

Қимылды ,еңбек ойын:

«Күзетшілер»

Мақсаты: Балаларды білесіп жұмыс істеуге үйрету. Шапшаңдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты:  Бұл ойынға қанша бала болса да қатыса алады.Екі ойыншы қақпаның күзетшілері боладыЕкеуінің де көзі орамалмен байланады да,аралары бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап,қарама−қарсы «көпір» жасап тұрады.

Басқа балалар бір−бірлеп күзетшілер күзеткен қақпадан екеуінің ортасы арқылы білдірмей өтіп кетуге тиіс.Күзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды.Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқанын сезіп қойса,оған қолын тигізеді,яғни ол ұсталып қалған болып есептеледі.Ұсталып қалған ойыншы өзін ұстаған ойыншымен орын ауыстырады.Қақпадан үш рет білдірмей ойыншыға жүлде беріледі.

Тәрбиеші:Рақмет балалар. Отан алдындағы әскери борыштарыңды абыроймен атқарытыңдарыңа мен кәміл сенемін. Бәріңізге бақыт тілейміз! Отанымыз гүлдеп, егеменді еліміз көркейіп өсе берсін

Қол  маторикасын  дамытуға  арналған  санамақ

Ойын:Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   11-апта 05-09  мамыр  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»           «Бірлік және ынтымақ   » айы            «Апта дәйексөздері»- «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ »  

Күн тәртібі

Дүйсенбі  05.05

Сейсенбі  06.05

Сәрсенбі  07.05

Бейсенбі  08.05

Жұма   09.05

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Сюжетті-рөлдік ойын:

 «Ел қорғауға әзірмін»;

  Ірі құрылыс  

  материалдарымен және  

  конструкторлармен  

  ойындар.

  Ойын – жаттығу: «Мен батырмын»;

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар

 .

Үстел үсті ойындары

Мозайка құрастыру

Әскери техника туралы суреттер топтамасын қарастыру.

«Батылдық пен қорқақтық дегеніміз не» тақырыбында әңгімелесу

Ұқсай ма, ұқсамай ма

Балаларды заттарды салыстыруға, түс, түр, көлем, материалының ұқсастығын атауға үйрету; байқампаздық, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Табиғат бұрышында  еңбек

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

  .

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

 .

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

  «Отан»

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл

   «Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер?»

Балаларға 7 – мамыр  Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру.

Қаламыздағы полиция қызметкерлері жайлы сөйлесу олардың суреттерін тамашалау

.

  «Ел қорғайтын, ер ағалар»

Ел қорғайтын, ер ағалар,

Ардағымыз, арымыз.

Ерлер тойын, елдің тойын,

Қарсы аламыз бәріміз!

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш

 Міндеті: - Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру

Педагог: "Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш" әңгімесін оқып береді.

Атасы мен баласы далада келе жатып, атасы баласынан сұрайды:

–Анау өрмекшіні көрдің бе? Бала:

–Көрдім, өрмек тоқып жүр. Ата:

–Анау құмырсқаны көрдің бе? Бала:

–Көрдім, аузында наның ұнтағы бар, кетіп барады. Ата:

–Жоғары қара, аспанда не көрінеді? Бала:

–Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар, – дейді. Сонда атасы былай дейді:

–Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер – саған үлгі. Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң, өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттенуің керек.

–Балалар, әңгіме сендерге ұнады ма?

–Әңгіме не туралы айтылған?

–Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?

–Енді осы әңгімені келген қонақтар бізге сахналап берсін.( Қонақтар сахналап айтып береді).

–Балалар сендер буынға бөле аласыңдар. Әңгімедегі өрмекші, құмырсқа, қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?

–Неше буыннан тұрады?

–Иә, дұрыс айтасыңдар. Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды. Ата, бала, құмырсқа, өрмекші, қарлығаш дегеннің бәрі – сөздер. Сөз буыннан тұрады.

–Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрайды

Сауат ашу негіздері

 Буындардың орнын анықтау

Сөздегі дыбыстардың реті мен саны   кір.01.05

Міндеті    - Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін, сөзді буынға бөле алу дағдыларын бекіту.

- Сөздерді буынға бөлуді жалғастыру, берілген буынға сөз құрауды үйрету  

 «Дұрыс көрсет» дидактикалық ойыны. Педагог дыбыстарды айтады, ал балалар дыбысқа тиісті түстерді көрсетеді (қызыл, көк). Сөздермен жаттығулар. «Бірінші дыбысты анықта» дидактикалық ойыны – Балалар, мен суреттерді көрсетемін, сендер суретте бейнеленгендердің атындағы бірінші дыбысты айтасыңдар. Мысалы: етік(е), нан(н), гүл(г), ыдыс(ы), алма(а), есек(е), ұшақ(ұ), ине(и), алмұрт(а), от(о), орындық(о), ешкі(е), ұлу(ұ), ұршық(ұ), ірімшік(і). – Қандай дыбыстан басталатын сөздерді айттыңдар? (Дауысты дыбыстан басталатын). – Оны қайдан білдік? – Өкпеден шыққан ауа еш кедергісіз шықты. Осылай дауысты дыбыстар жасалады. – Балалар, мен тағы суреттер көрсетем айтып, бірінші дыбысына мән беріңдер. Мысалы: пияз(п), ферма(ф), пима(п), түн(т), күй(к), хат(х), щетка(щ), күрек(к), шана(ш). Бұл дыбыстар қалай айтылды? Қалай аталады?

Сауат ашу негіздері

Міндеті:-  

Сауат ашу негіздері

 Буын мен сөз

Дыбыс пен буынның сөздегі орны

                                        Кір.07.05

Міндеті - Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын жетілдіру.

- Балаларды дыбыстың, буынның сөздегі орнын таба білуге үйрету.

«Буын сызбасын дәл тап» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер сөзде неше буын болса сонша буын көрсетілген сыбаны көтересіңдер. Мысалы: те-ле-фон, са-ғат, жас-тық, сө-ре, қа-лам, көр-пе, көй-лек, ал-тын, сыр-ға, құ-лақ, қол ғап, си-ыр, қас-қыр, жыл-қы, май-мыл, қо-ян, та-уық, үс-тел т.б. «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы (Әр дұрыс жауапқа педагог балаларға фишка беріп отырады) – Айсұлу бізге -қа буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: қалам, қатық, қайық, қасық, қалақ, қабақ, қамыс т.б. -көр буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: көрші, көрпе, көрімдік, көрік т.б. -на буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: нағашы, нағыз, Назым, Нағима т.б. Ойын соңында фишкасы ең көп бала жеңімпаз болады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі заттарды ата. Екі сөзді қосып айт. Қай суреттің аты шықты? Сәйкестендір. 2. Суреттерді ата. Буынға бөл. Әр сөздегі кі буынының орнын анықта. Қай сөзде бірінші, қай сөзде екінші тұр?

Көркем әдебиет

 Міндеті:  

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Тамақты үнемді тұтыну” ертегісі Ертеде үлкен патшалықта әдемі бақтар мен жасыл жайылымдар болатын. Бұл патшалықтың тұрғындары баршаға үлгі болатындай өте еңбекқор және мейірімді еді. Бірақ, оларда бір үлкен мәселе бар еді – тұрғындар тамақты көп ысырап ететін. Бір күні патша осы мәселені шешу үшін халықты жинап, үлкен кеңес өткізді. Патша былай деді: "Құрметті тұрғындар, біз тамақты ысырап етпеуіміз керек. Бұл біздің ресурстарымызды үнемдеуге және болашаққа қауіпсіздікпен қарауға көмектеседі. Әркім өзінің тамағын ұқыпты пайдаланып, ысырап етпеудің жолдарын іздеуі тиіс." Тұрғындар патшаның сөздерін тыңдап, тамақты үнемдеудің жолдарын ойластыра бастады. Бір күні ауылдың ең ақылды қарты, Айдар ата, былай деді: "Біз тамақ қалдықтарын жинап, оны қайта өңдеп, пайдалы заттарға айналдыра аламыз. Сондай-ақ, әрқайсымыз тамақ дайындау кезінде тек қажетті мөлшерде ғана пайдаланайық." Осы кеңесті ескеріп, ауыл тұрғындары тамақты үнемдеудің түрлі тәсілдерін қолдана бастады. Олар бақшада өз көкөністерін өсіріп, артық тағамды қайта өңдеп, түрлі дәмді тағамдар жасады. Арнайы қоймалар ұйымдастырып, артық тағамды ұзақ уақыт сақтаудың әдістерін ойлап тапты. Уақыт өте келе патшалықта ешқандай тамақ ысырап болмайтын болды. Тұрғындар тамақты үнемдеудің маңыздылығын түсініп, осы әдетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізе бастады. Олар бірлесе жұмыс істеп, табиғатты қорғауға да үлес қосты. Бұл ертегі тамақты үнемдеудің және бірге жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетеді

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

  Біз – табиғаттың досымыз 

 Міндеті:  Жануарлар әлемі (аңдар, құстар, жабайы және үй жануарлары т.б.) туралы білімдерін қорытындылау     

. Бүгін сендермен ойын ұйымдастырамыз. Ол «Біз табиғаттың достарымыз» деп аталады. – Жануарлар шөпқоректілер және етқоректілер деп екіге бөлінеді. Олар неге мұндай топқа бөлінеді? Интербелсенді тақтадан «Етқоректілер мен шөпқоректілер» бейнебаянын көру. (https://youtu.be/-kwNV275eIE) Бейнебаяндағы жануарларды атап, етқоректілер және шөпқоректілер тобына жататынын анықтау. Жүргізуші: – Бейнежазбадағы жануарлар орман, тау, жазық даладан шығып, біздің хабарға келіпті.Олар бәрі араласып, өздерінің қай жерді мекендейтінін ұмытып қалыпты. Біз оларды 3 топқа бөліп орналастыруымыз керек. Яғни суреттерді 3 топқа бөледі. – 1-топ жазық далаға қандай жануарларды орналастырғандарыңды айтыңдар. – Жазық далаға арыстан, керік, алашат, піл, қарақұйрық, ақбөкен т.б. жануарларды орналастырдық. – 2-топ тауға қандай жануарларды орналастырдыңдар? – Тауға арқар, барыс, таутеке, суыр, марал -т.б. жануарларды орналастырдық. – 3-топқа, яғни орманға- маймыл, қасқыр, түлкі, қоян, тиін, аю т.б. жануарларды орналастырдық. Әр тапсырманы дұрыс орындаған топқа жұлдызшалар беріліп отырады. – Ал үйін өзімен бірге алып жүретін қандай жануарларды білесіңдер? 89 – Ұлу, тасбақа үйлерін өздерімен бірге алып жүреді. (Суреттің ішінен тауып көрсетеді). – Ал сендер ненің қайда өмір сүретінін білесіңдер ме? – Аю апанда, түлкі інінде т.б. – Ал кімнің үйінде қандай үй жануарлары бар? Оларды сендер қалай күтесіңдер? Балалар үй жануарларын атайды. Оларды қалай күтетіндіктерін әңгімелейді. Үй жануарларының бірі туралы білетін әндеріңді орындайық. Балалар «Жазда апамның аулына..», әнді орындайды.

Математика негіздері

  Заттар тобын санау және салыстыру

Заттар тобы. Заттарды санау     кір.01.05

Міндеті: -  -Заттарды санау, заттар тобын салыстыру; жиынның бөліктен үлкен (кіші) немесе олардың теңдігін анықтау

-Заттарды санау, заттар тобын салыстыру, артық, кем, бірдей (тең) екенін, санның «көршілерін» атау

«Көршілерін ата» ойын жаттығуы. Педагог тақтаға 1-ден 10-ға дейінгі цифрлары бар карточкаларды орналастырады және кейбір сандардың көршілерін атауды сұрайды. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Көгөністің әр түрінен қанша болса, сонша торкөзді боя. Қайсысы артық? Қайсысы кем? Салыстыр. 151 Педагог балалар тапсырманың орындау принципін түсіну үшін тапсырманы тақтада параллель орындай алады. Жүгеріні санайды. Олар – 10. Балалар суретте 10 торкөз боялғанын көреді. Бұрыштарды санайды. Олар – 7-еу. Балалар торкөздерді көгөністер санына қарай бояйды. 2-тапсырма. Бастырып сыз. Балалар үстелде жұмыс істеу ережелерін қайталайды, үстелге дұрыс отыру қалпының сақталуына назар аударады

Математика негіздері

Міндеті - .  .

Математика негіздері

Заттар тобы. Заттарды санау

Заттар тобы. Заттарды санау 

                                      кір07.05

 Міндеті: --Заттар тобын санына қарай салыстыруға, жиынды бөліктерге бөлу

-Теңсіздіктен теңдік (теңдіктен теңсіздік) шығару, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару   

«Бірдей фигураларды тап» дидактикалық ойыны. Балалар пішіні немесе басқа белгілері: өлшемі немесе түсі бойынша бірдей екі фигураны табу керек. Əлияға барлық шеңберлерді (немесе барлық көк фигураларды және т.б.) жинауға көмектесіңіз. Ал Сырым үшін балалар басқа пішінді (немесе түсті) фигураларды таңдайды. Содан кейін балалар фигураларды санап, олардың санын салыстыра алады. «Бір сөзбен ата!» ойын жаттығуы. Педагог карточкалар жиынтығын көрсетеді, заттар тобын бір сөзбен атауды сұрайды, мысалы: үстел, орындық, шкаф, төсек – бұл не? (Жиһаз.) 2, 3-суреттер жиынтығы ұсынылады. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Заттардың әр тобына атау таңда. Заттарды жұбымен сызып қос. Заттар тобы тең болу үшін оларды заттармен толықтыр. Сызып қос. Педагог әр затты және заттар жиынтығын (көгөністер, жемістер) атайды, сұрайды. Содан кейін әр топтағы заттарды балалар санайды, ол үшін балалар заттарды жұптастырады. 152 – Жұп жетіспейтін заттар қалды ма? Сонда не көп? Жеміс көбірек, өйткені заттарға жұп жетпей қалды. Тең болу үшін не істеу керек? (Бір көгөністі немесе жемістер тобына басқа жемісті, көгөністер тобына 2 көгөністі қос).

Қоршаған  әлеммен таныстыру

Міндеті: -                

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Ата толғау» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

   Ата толғау күйі

  Мамыр

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

 Екі лақ ертегісі

Міндеті: - -Кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беру

Сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Біз сендерге «Екі лақ» ертегісін сыйлыққа әкелдік. – Балалар, ертегіні тыңдап қана қоймаймыз, ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз сахналап көреміз. Үнтаспадан ертегіні тыңдаймыз. Сөздік ойын: «Сұрақ-жауап». – Ертегі не туралы? – Ертегіде неше лақ? – Ертегідегі лақтарды сипатта. (Ақ лақ және Қара лақ). – Ақ лақ пен қара лақ нелерге жолығады? (Түлкіге, қасқырға) – Түлкіден екі лақ қалай құтылады? (Қырдың астында қасқыр күтіп отыр). – Қасқырдан екі лақ қалай құтылады? ( Арыстан күтіп отыр). – Қойші ата Ақ лаққа не деді? Педагог сөздерде қ дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Қ-қ-қ-қ – лақ-лақ-лақ, Ақ лақ. Қ-қ-қ- қ – лақ-лақ-лақ- Қара лақ.

Қазақ тілі

 Жабайы жануарлар

Міндеті  -  -Шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу

Қазақстанның таулы қыратында барыс мекендейді. Барыс Алматы қаласының төлтаңбасында бейнеленген.

«Қазақстан барысы» ертегісін интербелсенді тақтада көрсетеді.

Ертегі ұнады ма?

– Ертегідегі таныс жабайы жануарларды ата? (Аю, қоян, қасқыр).

– Ертегідегі үй жануарларын ата? (Ит, қой).

Педагог қима материал бойынша жаңа сөздермен таныстырады.

– Мынау – барыс. Мынау не?

– Мынау – барыс.

– Барыс жаттығулар жасады.

– Барыс не істейді?

– Барыс жаттығулар жасады.

– Мынау – борсық. Мынау не?

– Мынау – борсық.

– Борсық жаттығулар жасады.

– Борсық не істеді?

– Борсық жаттығулар жасады.

– Қар барысы мен борсық жарысқа қатысты

Сөйлеуді дамыту

Міндеті

  Көркем әдебиет

  Маша мен аю

 Міндеті:  - Бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын қолдануға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Қоржыннан ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтарын алып, көрсетеді. Олардың қимылын, дауысын, жүрісін салуды ұсынады. – Осы кейіпкерлер туралы «Маша мен аю» ертегісін тыңдайық. Балаларға ертегіні оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ымырт – кешкі уақыт мезгілі бәліш – бүкпелеп орап майға пісірілетін тағам Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Ертегі не туралы? – Атасы мен апасы Машаға не деді? – Маша құрбыларымен бірге қайда барды? Орманда не жинады? – Маша адасып қайда кірді? Оған аю не деді? – Маша апасы мен атасына пісірген бәлішті қалай жеткізді? Дидактикалық ойын: «Суреттерді есте сақта» (есте сақтау қабілетін дамыту) Шарты: тақтаға өткен ертегілерден суреттер ілінеді. Суреттерді атайды. Кей суреттер алынып тасталады. Естеріне сақтаған ертегіні рет-ретімен айтады.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Міндеті:    

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРІ»  

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тосын жағдайда қажетті жедел қызметтердің телефон нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс қолдануға үйрету.

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және дәрігерлер мен олардың адамдарға қалай көмектесетіні туралы әңгімелесу. Қайда және қалай телефон соғу керек: бейнеролик қарау. Нұсқаулық: - Қажетті телефон нөмірін теріңіз. - Нақты әрі сабырлы сөйлесіңіз. - Аты-жөніңізді, қай жерде тұрғаныңызды және не болғанын айтыңыз. Сюжетті-рольдік ойын: - Балаларды жұпқа бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екінші бала төтенше жағдай қызметкерінің ролін сомдайды. - Әртүрлі жағдаяттар берілген карточкаларды таратыңыз (өрт, адам құлап қалды, біреу көшеде айқайлап жүр және т.б.). - Бала қажетті нөмірді теріп, операторға ақпаратты жеткізуі керек. Жедел қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау: - Жедел қызмет телефон нөмірлерін ойын түрінде қайталау.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

 Мультфильмдер әлемі

Мультфильмдер әлемі кір.01.05 

 Міндеті: - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет) (кіріктірілген 01.05)

-Отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет),

Қимыл әрекеттерді еркін орындау дағдыларын айналмалы

жаттығулар арқылы дамыту. Түрлі бастапқы қалыптан (етпетінен жатып, малдас құрып отырып) жүгіріп кетуге үйрете түсу

Секіртпеден бір орында тұрып секіру.

Бастапқы қалыпқа тұрады.

Ырғақпен секіртпенің дәл табан астының тұсына келген сәтте секіріп үлгеруге тырысады.

Допты кегельдерге тигізбей бірқалыпты, оң және сол аяқпен кезек алып жүргізеді. Кегельдер  арасымен  допты алып жүреді.Допты аяқ басының ішкі жағымен итеріп, кегельдерге тигізбей бірқалыпты, оң және сол аяқпен кезек алып жүргізеді

Музыка

  Бақшадағы ән-сауық 

Міндеті -  Сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап ән айту

Музыка тыңдау:

«Жас дәуірдің түлегіміз»

(Т. Жұмалиева)

Ән айту:

«Біз бақытты баламыз»

(Ә. Қонысбеков)

Көктем» (А. Жайымов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Әуенді сағат» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан). Музыкалық аспапта ойнау:

«Күншуақ» (Е. Құсайынов) 

Дене тәрбиесі

Міндеті: 

Дене тәрбиесі

 Біздің айналамыздағы әлем

Біздің айналамыздағы әлем кір.07.05 

 Міндеті: -- Қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).

-Аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); 

«Гимнастика»

Ұзын орындықтың бетімен жүру.

Шектеулі бетпен жаттығулар орындайды. Орындықтың жіңішке беті табанның ортасында болатындай етіп жүреді. Әр аттаған сайын аяғын жоғары көтеріп, аяқ астынан бір шапалақ ұрады.

Арқасын түзу ұстап еркін қимылдап, нұсқауға сәйкес қозғалуға тырысады. Қажет болса, әрқашан қауіпсіз секіріп, жерге түсіп кетуге дайын болуы керек

Музыка

Міндеті:        

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Мамыр

Серуен-Бақылау №6

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты : «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;

Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

- Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой? (маса)

- Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Бұл не? (шыбын)

Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді. (өрмекші)

Жеке жұмыс

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦ Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)

Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)

Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)

Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)

Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).

Қандай пайдалы жәндік

орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)

Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)

Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

 Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Жаттығу ойыны:  Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.

Халық болжамы: күзде құмырсқа илеуі биік болса, қыс ұзақ әрі қатты болады

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Мамыр

Серуен-Бақылау №7

Бақылау:

Құмырсқаларды бақылау

Мақсаты:

Құмырсқалар туралы білімдерін тиянақтау;

Зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Құмырсқа» Г. Өкеев

Құжынаған құмырсқа, Ұйымшыл-ақ өздері.

Шығады ерте жұмысқа. Жүкпен қайтып қашықтан,

Нелер шебер табылып, Илеуіне асыққан.

Жасайды илеу жабылып. Бәрі еңбекпен шынығар,

Жылт-жылт етіп көздері, Ісін тындырып тынығар.

Балаларға сұрақтар

Құмырсқалардың адамдарға және орманға қандай пайдасы бар? (зиянда жәндіктерді құртады

Орманның қандай тұрғыны құмырсқа мен оның көбелектерін (личинкаларын) жеуге құмар? (аю мен тоқылдақ)

Құмырсқасыз жер болмайды. Құмырсқаларды «ағаш дәрігерлері» деп те атайды. Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құмырсқалар өте еңбекқор, олар өздерінен бірнеше есе үлкен нәрселерді илеулеріне сүйретіп тасиды. Құмырсқалардың илеуінің тесігі төбесінде болады. Құмырсқалар өз илеуінен ешқашан адаспайды. Неліктен деп ойлайсыңдар. Құмырсқалар өз илеулерін иіскеп жүріп иісінен табады. Әр илеу өз құмырсқаларынан басқа құмырсқаларды жолатпайды. Егер басқа илеудің құмырсқасы бара қалса, оны жабылып шағып тастайды. Әр илеудің өз иісі болады. Құмырсқалар тек қана ағаштардағы құрттардықұртып қана қоймайды, олар құстарға да көмектеседі. Құстар құмырсқаның илеуінің үстіне қанатын жайып отырады, құмырсқалар оларды үстеріндегі биттер мен бүргелерден тазалайды. Құмырсқалардан бөлініп шыққан өткір қышқыл иістен көпке дейін құстарға бит, бүргелер жоламайды. Құмырсқаның қышқылынан дәрі-дәрмектер де жасайды. Құмырсқалар залалсыз, дәрменсіз жәндік болғандықтан оларға тиіспеуіміз керек.

Жеке жұмыс

Құмырсқалардың қандай пайдасы бар?

♦ Олар өз илеулерін қайда салады?

♦қане біздің құмырсқалар қалай жұмыс істеп жүр екен, қарайықшы! (олар өздінің ізімен, бірінен соң бірі илеулеріне қарай ағылуда)

Зерттеу қызметі

Құмырсқалардың бір жолына құм, бір жолына қант себу. Олардың қалай әрекет ететінін бақылау.

Еңбек

Ойын алаңын тазалау.

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білулерін жалғастыру

Қимылды ойын

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты:

Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел 

-Сәуір айы-су айы,

 Мамыр айы- гүл айы.

-Көктемгі жауын артық болмас.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

 .

Мамыр

Серуен-Бақылау №8

Бақылау:

Найзағайды бақылау

Мақсаты:

«Найзағай» ұғымымен таныстыру;

Табиғат құбылыстары туралы шынайы түсініктерін қалыптастыру;

Сөздік қорларын байыту;

— Бақылағыштықтарын дамыту.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады

Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

Дүрліктіріп алапты,

Шақпақ тастың жарқылы,

Бұлт көрпесін жыртады.

Балалар, бұл жұмбақтардың шешуі не екен?

Найзағай қай кезде ойнайды?

Аспан неге күркірейді?

Күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде табиғатта қандай құбылыс болады? (жаңбыр жауады)

Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда құрт-құмырсқалар не істейді? (індері мен илеулеріне тығылады)

Қалай ойлайсыңдар, найзағай неден пайда болады?

Ауа-райы нашар болған кезде бұлттар арасында электр тогы жиналады. Найзағай-бұл үлкен электр тогының ұшқыны. Ұшқындар айналадағы ауаны қыздырады. Ыстық ауа салқын ауамен соқтығысады да, күннің күркіреуі пайда болады.күн күркіреген кездегі найзағай өте қауіпті. Найзағай жалғыз тұрған, биік заттарға жиі түседі. Сондықтан да найзағай ойнап тұрған кезде ағаштың астына тұруға болмайды.

Зерттеу қызметі

Жәй жаңбыр мен найзағайлы жаңбырды салыстыру, ұқсастықтыры мен айырмашылықтарын табу.

Жеке жұмыс

«Найзағайлы жаңбыр» Ө. Ақыпбекұлы

Нөсерлеп жаңбыр басталды,

Науада қалқып қақ қалды.

Найзағай тынбай жарқылдап,

Нөсер тұр құйып сатырлап.

Найзағайлы жаңбырды қалай атайды екен? (нөсер)

Еңбек

1 топ- ауланы тырмамен тазалау;

2 топ-қоқыстарды шығару Мақсаты:

Шағын топтарға бөлініп жұмыс істеуге үйрету;

Ұжыммен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге деген ынталарын арттыру

Қимылды ойын

«Үшінші артық».

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу ойыны

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты:

Допты берілген бағытқа қарай оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;

Қозғалыс координацияларын сақтау;

Мақал-мәтел 

-Сәуір айы-су айы,

 Мамыр айы- гүл айы.

-Көктемгі жауын артық болмас

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

 Алтай Асылымға Көктем мезгілінің белгілерін үйрету

Ыдырысбек Кенесарыға Мақал-мәтел:

Дана көптен, дәрі шөптен.

Құнарлы шөп, қосымша сүт

 Өзденбай Балымға Көктем мезгіліндегі адам еңбегімен таныстыру

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Ойын: « Масаны ұста»
Мақсаты:
 балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Шарты: Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , - дейді.

Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.

Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.
Ұсыныс: Егер ойнаушылар тобы шағындау болса, тәрбиеші картон маса байланған шыбықты ұстап алға қарай жүгіруіне болады, ал балалар оны қуып жетуге тырысады.

1.Ойын:“Кім көп таспа жинайды? ”

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.

Шарты: Балалар шашылып қалған таспаларды арнайы ыдысқа жинайды. Таспаны ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.

2.Ойын:“Айна ”

Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.

Шарты:Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» - жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

Ойын:“Табан балық және шортан”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты: Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.

Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді. Ал табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.

Ұсыныс: Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                            

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   111-апта 12-16  мамыр  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»  «Бірлік және ынтымақ   » айы     «Апта дәйексөздері»- «Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, бірлікті ойлау үшін тірлік керек   

Күн тәртібі

Дүйсенбі  12.05

Сейсенбі  13.05

Сәрсенбі  14.05

Бейсенбі  15.05

Жұма   16.05

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Сөздік тренинг ойыны:

«Болады-болмайды» 

тренингі(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)-Мейірімді болуға .... (болады),  Кешірімді болуға .... (болады), Қатыгез  болуға .... (болмайды), Тәртіпті болуға .... (болады),

Үстел үсті ойындары: «Мейірімділік гүлін» құрастыру Балаларға  түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды. Фотосуреттер қарау.

Еңбек тапсырмасы:Гүлдерге су құю,шаңдарын сүрту

Ойын: «Мейірімділік жібі»

Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.

Еңбек тапсырмасы:Балықтарға жем беру

Жануарларға мейірімді  болу туралы әңгімелесу

Қайда барғынымызды айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз

Әрекетті сөзбен айтуға үйрету; етістік тұлғалы сөздерді дұрыс қолдану (шақ, жақ); шығармашылық қиялын, тапқырлығын дамыту.

Еңбек тапсырмасы:

Қоршаған ортаны қорғау оған мейіріммен қарауға тәрбиелеу балалармен шағын әңгіме жүргізу

Осылай бола ма?

Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, айнымалы пікірді байқауға тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Кім өтірік әңгімені байқаса, сол неге  бұлай болмайтынын дәлелдеуі керек.

Еңбек тапсырмасы:Гүлдерге су құю

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

  «Біз бақытты баламыз»

Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,

Тату болып жүрейік.

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,                                                                           Жүректегі таза ақ ниетіміз.                                                                                 Жан дүние кілті,                                                                                Шаттық пенен күлкі.                                                                                Биік ұстап соны,                                                                                Қадірлейік біз!

 «Нәр алып»

Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

«Қуан,шаттан!»

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар

Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

Маңдай тер

Маңдай тер кір.07.05

 Міндеті: - Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру (кіріктірілген 07.05)

- Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру

Енді мен әңгімені оқиын, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

–Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит. Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.

Қолына күрек ұстатты да:

–Кәне, екі-үш көшет қазып ал, – деді.

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора боп терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.

Жылдар өтіп жатты. Көшеттер

үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты.

–Сондай дәмді! – деді Хамит.

–Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі, – деді атасы. Хамит атасын құшақтап алды.

1.Әңгімеде кімдер туралы айтылады?

2.Хамит атасынан не туралы сұрады?

3.Атасы осы кезде не деді?

4.Хамит тоғайдан не қазып әкелді?

5.Көп жылдар өткен соң не болды

6.Атасы Хамитті қайда әкелді?

7.Бақтағы атасы мен Хамиттің іс-әрекеті?

Сауат ашу негіздері

 Дыбыс пен буын 

Міндеті  - Сөздерді буынға бөлу, буындарды ретімен айту және сызбамен белгілей алу дағдыларын бекіту

«Бір буыннан басталатын бірнеше сөз» дидактикалық ойыны Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға жұлдызша беріліп отырады. Қай топ бір буыннан ең көп сөз айтады екен. Мысалы: (ме-) ме-(йіз), Ме-(рей), ме-(реке), (бұр-) бұр-(шақ), бұр-(қақ), (би-) би-(ші), би-(лет), би-(ле), Би-(жа-мал), Би(-ғайша). «Сөзді аяқта» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтамын, сендер соңғы буынды қосып, сөзді аяқтап қайтадан айтасыңдар. Мысалы: ба...нан, асқа...бақ, сә...біз, домбы...ра, қам...шы, балмұз...дақ, аялда...ма.     

Сауат ашу негіздері

  Біз нені үйрендік, нені білдік? 

Міндеті:-  - Сөздерді буынға бөлу дағдыларын жетілдіру

«Жалауша» дидактикалық ойыны Педагог қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді. «Сөздерді буынға бөл» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер қол шапалақтау арқылы буынға бөліңдер. Мысалы: са-ғат, жас-тық, сө-ре, қа-лам, көр-пе, көй-лек, ал-тын, сыр-ға, құ-лақ т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттердегі заттарды ата. Буынға бөл. Атында екі [ т ] дыбысы кездесетін суреттерді қорша. 2. Суреттегі заттардың атын буынға бөл. Мағынасы бар буындарды бөліп айт. Қандай мағына береді? Түсіндір.

Сауат ашу негіздері

Біз нені білдік?

Міндеті - Сөз, сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту

Дыбыстармен жұмыс. «Тізбекті жалғастыр» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен бір сөз айтып, допты біреуіңе беремін, мен айтқан сөз қандай дыбыспен аяқталса, ол сол дыбыстан басталатын сөз ойлап айтады да, келесі балаға допты береді. Мысалы: Қап-парақ- қалақ-қала – алмұрт – тарақ – қымыз – зәкір – рауғаш – шопан – нан – нақыл – лақ – қала – алма – алтын – нар – нәзік – кәмпит – табақ – қант т.б. «Берілген дыбысқа сөз ойла» дидактикалық жаттығуы Педагог сөз ойлап айтқан балаларға жұлдызша беріп отырады, кімде көп жұлдызша болса, сол жеңімпаз атанады. 1-тапсырма: Педагог балаларға «с» дыбысынан келетін сөздер ойлап айтуларын сұрайды. Мысалы: сағыз, сәбіз, сиыр, саз, сән, сұлу, сыбызғы, сылдырмақ т.б. 2-тапсырма: Педагог балаларға «ы» дыбысынан келетін сөздер ойлап айтуларын сұрайды. Мысалы: ыдыс, ымырт, ырылдады, ысырап, ылди, ысқырық т.б. 3-тапсырма: Педагог балаларға «н» дыбысынан келетін сөздер ойлап айтуларын сұрайды. Мысалы: нан, ну, нарын, натюрморт, наурыз, нәресте, нағыз, нөл, Нұржан т.б. «Сөз жина» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге дыбыстар айтамын, сендер алақандарыңмен кесе жасап, дыбыстарды қағып алып отырыңдар. Айтылған дыбыстарды түсіріп немесе орнын ауыстырып алуға болмайды, жинаған дыбыстарыңнан сөз құрап айтасыңдар. Мысалы: - «д.о.п..», – «к.е.с.е..», - «ж.о.л..», - «т.ү.л.к.і..», «б.а.р.ы.с..», - «е.с.і.к..»,- «б.е.л.д.і.к..», - «б.е.с.і.к.», - «с.а.ғ.а.т.», - «т.а.б.а.қ.», - «б.а.қ.а..».

Көркем әдебиет

Ноутбук  

Міндеті: - Ноутбук туралы түсінігін тиянақтау. Өлеңді мәнерлеп айтуға дағдыландыру. Техникалық құралдарды пайдалану ережелерін сақтауға тәрбиелеу. 

Өзі темір, жаны жоқ, Ақпаратты сақтап, таратқан, Жұртты өзіне қаратқан. – Балалар, ноутбук деген не? Ол туралы не білесіңдер? (Ноутбук) – Ноутбук – ықшам, жинақы, кез келген жерге алып жүретін компьютер түрі. Ноутбуктің монитор экранынан түрлі мультфильм, кино көріп, ойын ойнауға болады. – Бүгін біз ақын Серікбай Оспановтың «Ноутбук» өлеңімен танысамыз. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін еске түсіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Педагог «Ноутбук» өлеңін оқып береді. Ноутбук Кіп-кішкене жәшікті, Айқара апам ашыпты. Сыры неткен көп еді, Ол жанады, сөнеді. Апам әкем екеуі, Содан кино көреді. Тисе адамның саусағы, Ән де салып береді, Күй де тартып береді. Жазып, әріп тереді, Осы маған керегі. (С. Оспанов) Сөздік жұмысы: компьютер – техникалық электрондық құрылғы ноутбук – компьютердің ықшам түрі монитор – компьютердің экраны Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? – Өлеңде не туралы айтылған? – Ноутбукті неге теңейді?

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үнемдеу маңыздылығы: Су-тіршілік көзі. Егер суды дұрыс пайдаланбасақ, таза су қоры азаяды және көптеген елдерде су тапшылығы пайда болады. Жадынама: 1. Кір немесе ыдыс жуғыш машинаны тек толық толғанда ғана қосыңыз. 2. Душ қабылдағанда уақытты қысқарту. 3. Кранды жуу кезінде және басқа жұмыстарда ашық қалдырмаңыз. 4. Суды қайта қолданыңыз - мысалы өсімдіктерді суғаруға немесе тазалауға қолданыңыз. 5. Жуынатын бөлмеде ағып тұрған кранды дер кезінде жөндеңіз.

 QR СКАНЕРЛЕУ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ 

Нұсқаулықтар: 1. Тіс тазалау кезінде суды өшіріңіз: Тіс тазалау кезінде суды ағыза бермеңіз, тек қажет кезде қосыңыз. 2. Кранды қысқа уақытқа ашып, суды дұрыс пайдаланыңыз. 3. Душ қабылдау уақытының қысқарту үшін таймер пайдаланыңыз. 4. Автоматтандырылған суару жүйелерін қолдану арқылы суды бақылаңыз. 5. Жеміс-көкөністі жуу кезінде ағынды су орнына ыдысты пайдаланыңыз.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

  Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері

Ұлы Отан соғысы ардагерлері  кір.09.05 

 Міндеті: - Табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыруды жалғастыру

- Балаларды Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен таныстыруды жалғастыру    

 Ойын: «Отан қорғаушы жауынгердің бойындағы қасиеттерді ата» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). – Жарайсыңдар, балалар! Соғыс кезінде Отан қорғаушы әскерлер осындай болған. Олардың көпшілігі жеңіс жолында ерлік жасады. Айтыңдаршы, ерлік дегеніміз не? (Балалардың жауаптары). Педагог Қадыр Мырза Әлидің «Тоғызыншы мамыр» өлеңін оқиды. Алақай-ау! Әйгілі Ұлы Тоғызыншы май бүгін! күшке сенген күн, Фашистерді жеңген күн. Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының! Қырмызы гүл, қызыл гүл Құшақтарға енген күн! Балалар өлең жолдарын тыңдап, педагогтің сұрақтарына жауап береді, Ер Төстік те талдауға қатысады. – Өлеңде не туралы айтылған? – 9 мамыр Жеңіс күні туралы айтылған. Балалар, жақында еліміз «Жеңіс күнін» тойлайды. Жеңіс деген не ? (Фашистерге қарсы соғыстағы жеңіс) Бұл жеңіске кімдер жетті? (Біздің батыр сарбаздар, ардагерлер) Солдат деген кім? (Елін жаудан қорғайтын батыр, әскер, сарбаз). Педагог Женіс күні туралы әңгіме өткізеді. Үстелде тұрған көрмені тамашалап, суреттерді, заттарды қарастырып, әңгіме жүргізеді. Бұл күні біздің елімізде ардагерлерге құрмет көрсету, оларды құттықтау, Жеңіс шеруі, Мәңгілік алауға гүл қою, мерекелік отшашу тәрізді түрлі іс-шаралар өтеді. Майдандардағы ерлігі мен қаһармандығы үшін біздің елдің көптеген адамдары әскери ордендермен және медальдармен марапатталды   

Математика негіздері

 Бүтін және бөлік

Міндеті: - -Бүтінді бөліктерге бөлуге (қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу), бүтін мен бөлікті салыстыру 

Практикалық жұмыс. Балалардың әрқайсысы қағаздан кесілген шеңберлерді алады (№33 парақ). Педагогтің тапсырмасы бойынша шеңбер екіге бүктеледі, әр бөлік (жарты) деп аталады, содан кейін тағы бір рет бүктейміз. Алынған бөліктерді санайды. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Балалардың әрқайсысы бәліштерін неше бөлікке бөлді? Цифрларды қоршап сыз. Педагог суретті қарастыруды ұсынады. Алдын ала дайындалған үлестірмелі материал, №38 парақ, 2 және 4 бөлікке бөлінген дөңгелектерді ұсынуға болады. 2-тапсырма. Фигуралардың жартысын боя.

Практикалық жұмыс. Педагог әр балаға қызыл және сары түстердің екі шаршы таратады. Педагогтің басшылығымен балалар оларды диагональ бойынша екіге бүктеп, 2 үшбұрышқа бөледі. Педагог қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат береді. Жұмыс барысында қию бағытын бақыла. Сол қолыңның саусақтары қайшының жүзінен алыс болсын. Қиятын материалдың шетінен ұста. Жұмыс жасап болғаннан кейін қайшыны қабына салып қой

Математика негіздері

 Бүтін және бөлік

Міндеті - -Қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру.  .

Практикалық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Əр топ фигуралардың бөліктерінен өрнектер жинайды. Балалар педагогтің үлгісінде де, өз қиялында да өрнектер мен фигуралар жасай алады. (№ 33 парақ). «Өз өрнегің туралы айт» əңгімесі. Педагог қандай фигуралар қолданылғанын, қандай түсті, қандай мөлшерде екенін айтуды сұрайды. Педагог фигураларды тең және тең емес бөліктерге бөлуге болатынына назар аударады.  Фигураның екі тең бөлікке бөлінуін көрсетеді. Тең бөліктер нені білдіреді? (Пішіні мен өлшемі бірдей.) Тең емес бөліктерге бөлуді көрсетеді, қай бөліктің өлшемі үлкен екенін сұрайды?

Математика негіздері

  Бүтін және бөлік

Міндеті: - -Бүтін мен бөлікті салыстыру, бөліктерді атау, тең және тең емес бөліктерді анықтау

 «Сұрыптаушылар» дидактикалық ойыны. Жұптық жұмыс. Балалардың әр жұбы тең және тең емес бөліктерге бөлінген фигуралар жиынтығын алады. Фигураларды екі топқа бөлу керек. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Жартыға бөлінген фигураларды белгіле. 2-тапсырма. Бастырып сыз. Тапсырманы орындамас бұрын педагог балалардың дәптерді үстелге қалай орналастырғанын, балалардың қарындашты дұрыс ұстауын және дұрыс отыруын тексереді. Сергіту сəті. Педагогтің өз шығармашылығына қарай жүргізіледі. 3-тапсырма. Шеңберді екіге бүкте. Қи. Жартысынан фигуралар құрастыр. Практикалық жұмыс. Топтық жұмыс. Фигураларды құрастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін үлестірмелі материалдағы

Қоршаған  әлеммен таныстыру

Алғашқы телефон 

Міндеті: -  - Байланыс құралдарымен таныстыруды жалғастыру.    

 Ойын сәті. Ойынға Саққұлақ қатысады. – Біз «Телефондар әлеміне» саяхат жасаймыз. (Топта үстелдерде әртүрлі заттар). Бізге саяхат жасауға сиқырлы жіп орамы көмектеседі. Бұл жіп орамы арқылы өткен уақытқа саяхат жасаймыз. Бізге қызықты саяхат тілеймін. (Педагог жіп орамын алып шығады). Жіп орамы, домала, Көру үшін қызықты, Сайдан сайға жорғала. Шығайық біз жолдарға. Балаларға өлең жолдарын хормен қайталап, жіп орамын суреттер мен заттар тұрған үстелдерге қарай домалатады, жіп орамы қай аялдамаға тоқтайды, сол жерге балаларды жинап, педагог әңгіме жүргізеді. 1. Аялдама. Үстелде көгершін суреті тұр. «Көгершін поштасы» жайлы бейнебаян шығады. – Адамдар ерте уақытта байланыс құралы ретінде көгершінді пайдаланған, оның аяғына хат байлап, белгілі бір мекенжайға ұшырған, яғни адамдар осылайша хабар алып отырған. Көгершіндер тек өз ұясына ұшады, ол үшін көгершінді алдымен өз ұясынан келесі мекенжайға алып кетеді, хабар жібергенде, аяғына байланған хатпен тек өз ұясына ұшып келген. 2. Балалар тағы жіп орамын домалатады, ол бөтелке, қағаз, және тегеште су тұрған үстелге келіп тоқтайды. Педагог балалардан осы тұрған заттарды байланыстырып, хабар беретін құрал ойлап табуын ұсынады. Балаларға тегештегі су-теңіз деп елестетіп, хабар жіберуді ойластыруын сұрайды. Балалардың пайымдаулары тыңдалады, бөтелкеге хатты салып, тығынын жауып, тегештегі суға тастайды. Интербелсенді тақтадан қоңырау дауысы естіліп, теңіз бетінде қалқып бара жатқан бөтелке пайда болады. – Мұндай хабар жіберуді кімдер ойлап тапқан? – Теңізшілер. – Балалар, бұл хабар жіберудің тиімді әдісі ме? – Жоқ, өйткені ол бөтелке теңіздің қай жерінен табылатыны белгісіз, және арналған мекенжайға ешқашан жетпеуі мүмкін.         

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Келіншек» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Келіншек күйі

  Мамыр

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

 Қазақстан барысы» ертегісі

Міндеті: - -Шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

Қазақстанның таулы қыратында барыс мекендейді. Барыс Алматы қаласының төлтаңбасында бейнеленген.

«Қазақстан барысы» ертегісін интербелсенді тақтада көрсетеді.

Ертегі ұнады ма?

– Ертегідегі таныс жабайы жануарларды ата? (Аю, қоян, қасқыр).

– Ертегідегі үй жануарларын ата? (Ит, қой).

Педагог қима материал бойынша жаңа сөздермен таныстырады.

– Мынау – барыс. Мынау не?

– Мынау – барыс.

– Барыс жаттығулар жасады.

– Барыс не істейді?

– Барыс жаттығулар жасады.

– Мынау – борсық. Мынау не?

– Мынау – борсық.

– Борсық жаттығулар жасады.

– Борсық не істеді?

– Борсық жаттығулар жасады.

– Қар барысы мен борсық жарысқа қатысты

Қазақ тілі

 Көктем келді, құс келді

Міндеті  - -5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табу  

Көктемде құстар келеді.

– Көктемде не келеді?

– Көктемде құстар келеді.

– Мынау – қараторғай.

Мынау не?

– Мынау – қараторғай. (Жеке, хормен айтып жаттығады).

– Көктемде қараторғай келеді.

– Көктемде қандай құс келеді?

– Көктемде қараторғай келеді.

– Мынау – қарлығаш.

– Мынау не?

– Мынау – ... (қарлығаш). Балалар «қарлығаш» сөзін айтып жаттығады, естеріне сақтайды.

– Көктемде қарлығаш ұшып келеді.

– Көктемде ... (қарлығаш) ұшып келеді.

– Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді.

– Көктемде келетін құстарды қалай атайды?

– Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді.

Педагог шағын мәтінді оқиды. Көктемде келетін құстарды жыл құстары дейді. Жыл құстары: қарлығаш, қараторғай. Құстар – адамға дос. Оларға біз де қамқор болуымыз керек.

Балалар

Сөйлеуді дамыту

 Күн, Ай және Қораз

Міндеті: - Сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану. 

Балалар, мен сендерге «Ай, Күн және Қораз» туралы аңыз оқып берейін:

Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен. Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз

қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.

Ойланып отырып, былай депті: «Менің байқауымша, сенің ешкіммен сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмеймін. Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың», – депті.

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо-қо-қоқ!» –деп айғайлайтын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!» – дегені екен.

Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.

Педагог айтылған аңыз бойынша балаларға сұрақтар қояды.

–Аңызда нелер туралы айтылған?

–Күн жарық сәуле шашуға кеткенде ай не істейді?

–Мән жайды түсінген Күн Айға не дейді?

–Екеуі қалай келіседі?

–Күн шығып келе жатқанда Қораз не істейді?

–Түн батып ай шыққанда ше?

  Көркем әдебиет

  Алтын бала

Жеңіс күні  кір.09.05

Міндеті:  - Әңгіме мазмұнын айтып беруге жетелеу. Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.

- Әдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінік беру. Өлеңді жатқа айтуға ынталандыру. Елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

– 9 Мамыр – Жеңіс күні! (Слайд көрсету, әңгімелеу). – Ұлы Отан соғысында біздің батыр аталарымыз бен апаларымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғап қалды.  Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерін көрсету. – Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға-апаларымызды атайықшы. (Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев т.б.) – Жеңіс күні мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіледі. Мәңгілік алауға ата-аналарыңмен барып көрдіңдер ме? – Біз бүгін ақын Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды (соңындағы қосымшаны қараңыз). Сөздік жұмысы: Ұлы Отан соғысы – 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта Кеңес Одағы Германия мен оның одақтастарына қарсы жүргізген соғыс жеңіс – жауды, қарсыласты жеңу Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? Өлеңде не т

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Қызыл телпекті қыз

Балалар жаттығу жасайды

                        Кір.09.05

Міндеті: - Ертегі желісі бойынша сурет салуға үйрету, бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелеуге жаттықтыру (кіріктірілген 09.05)

-   Адамның           жалпы денеқұрылысын анықтап,жаттығу кезіндегі қолдарының,аяқтарының өзгерісін беруге үйрету

 - Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу

 - Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

 Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ»

Мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.  .

Бейтаныс адамдар кімдер? Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп тұрған адамдар екенін түсіндіреді. Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамаңыз. Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын десе де бармаңыздар. Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу «жоқ» деп кетіп қалу керек. Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаңызға айтыңыз. «Бола ма, болмай ма?» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек. Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр», «Бейтаныс адам жол сұрап жатыр». «Егер ..., не істеу керек?» ойыны Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі керек.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

 Құрлықтар бойынша саяхат 

 Міндеті: -Қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).

Гимнастикалық орындық үстінен қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).

«Аңшылар» ( 6 рет).

Балалардың назарын ұшып келе жатқан доптан қаша білуге, ол үшін түрлі тактикаларды қолдана білуге, шапшаң қимылдауға аударту.

Балалар екі топқа бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі 4 м шеңбердің ішінде жүреді.

«Аңшылар» оларды шеңбердің сыртында тұрып, доппен атып алуға тырысады.

Барлық аңшы қолындағы доптарымен атып біткенде, шеңберде қалған қасқарларды санап, оларға ұпай беріледі. Енді олар орын ауыстырады. Көп ұпай алған команда жеңіске жетеді.

Музыка

 Ән салып,би билейміз

Ән салып,би билейміз

                             Кір.09.05

Міндеті -- Балаларда                бірігіп аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру

- Қолмен әннің бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату  

Музыка тыңдау:

«Жас дәуірдің түлегіміз»

(Т. Жұмалиева)

Ән айту:

«Біз бақытты баламыз»

(Ә. Қонысбеков)

Көктем» (А. Жайымов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай)

Билер: «Көкпар» биі

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Әуенді сағат» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан). Музыкалық аспапта ойнау:

«Күншуақ» (Е. Құсайынов)

Дене тәрбиесі

 Құрлықтар бойынша саяхат  

Міндеті: Қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту. 

«Баскетбол»

Допты бір қолмен жүргізу. Нұсқау – допты саусақтардың басымен ғана ақырын соғып, аяғының жанына ұру.

Допты оң қолмен еденге соғып, екі қолмен қағып алады. Допты соққанда күшін доп кеуде деңгейіне ғана ұшатындай етіп мөлшерлейді

Дене тәрбиесі

 Құрлықтар бойынша саяхат 

 Міндеті: -- Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

 «Отарға шапқан қасқыр» (Қырғыз ойыны). (4 рет)

Қасқыр тек соңғы лақты ұстай алады. Ұсталған лақтарды басқа жерге қамап қояды. Егер қасқыр лақты ұзақ уақыт ұстай алмаса, басқа қасқыр сайланады.

Ойыншылар бірінің артына бірі тұрып, ұзын тізбек құрайды. Бір-бірін шынтағынан ұстайды. Бұл – лақтар. Ең бірінші болып олардың бастаушысы тұрады. Бір ойыншы қасқыр болады. Қасқыр ақырындап, оны алдап келіп, соңғы лақты ұстап алуы керек.

Ал бастаушы болса, қасқыр қай жақтан айналса, сол жаққа тұра қалып, оған кедергі жасайды

Музыка

 Музыка әлеміне саяхат

Міндеті:  Балаларға опера, балет туралы мағлұмат беру     

Музыка тыңдау:

«Қыз Жібек» операсынан үзінді (үнтаспа, Е. Брусиловский)

Ән айту: «Біз бақытты баламыз»

(К. Қуатбаев)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

«Бақытты балалық шақ»

(«Мен бақыттыбаламын»«Полька» (М. Красев)

Билер: «Еркебұлан»

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

«Үйшік» (В. Витлин)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Латыш полькасы» (М. Раухвергер)   

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

   Мамыр

Серуен-Бақылау  №10

Бақылау: Кемпірқосақты бақылау

Мақсатыөлі табиғаттың бір бөлігі ретінде кемпірқосақ туралы түсініктерін қалыптас-тыруды жалғастыру.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат. (кемпірқосақ)

Жаңбыр жуды жерімді,

Көкте өрмек керілді. (кемпірқосақ)

Жаңбыр жауып, күннің көзі көрініп тұрған мезгілде аспаннан кемпірқосақты байқауға болады. Ол жаңбыр тамшылары арасынан күннің сәулесі өткен уақытта көрінеді. Жаңбыр тамшылары неғұрлым үлкен болса, кемпірқосақ соғұрлым анық көрінеді. Кемпірқосақта жеті түс бар: қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Бұлар барлық уақытта осы бір ретпен орналасады.

Жеке жұмыс

♦ Кемпірқосақ қай уақытта пайда болады ? I

♦ Ол қай уақытта жоғалады?

♦ Кемпірқосақ қандай құбылыс, қалай пайда болады?

Тәрбиеші балаларға тапсырма береді. Асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен кемпірқосақтың суретін салу.

Еңбек: Балабақша ауласын қоқыстан тазалау.

Мақсаты: аула тазалаушыға көмек беру, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

 Қимылды ойын

«Қасқыр қақпан».

Мақсаты:

Ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезінде байқампаз болуға баулу.

Жаттығу ойыны:

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: арқасымен алға қарай жүруге жаттықтыру.

Еркін ойындар балалардың қаауы бойынша

   Мамыр   

Серуен-Бақылау  №11

Бақылау:

Найзағайды бақылау

Мақсаты:«Найзағай» ұғымымен таныстыру;

Табиғат құбылыстары туралы шынайы түсініктерін қалыптастыру;

Сөздік қорларын байыту;

 Бақылағыштықтарын дамыту.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады

Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

Дүрліктіріп алапты,

Шақпақ тастың жарқылы,

Бұлт көрпесін жыртады.

Балалар, бұл жұмбақтардың шешуі не екен?

Найзағай қай кезде ойнайды?

Аспан неге күркірейді?

Күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде табиғатта қандай құбылыс болады? (жаңбыр жауады)

Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда құрт-құмырсқалар не істейді? (індері мен илеулеріне тығылады)

Қалай ойлайсыңдар, найзағай неден пайда болады?

Ауа-райы нашар болған кезде бұлттар арасында электр тогы жиналады. Найзағай-бұл үлкен электр тогының ұшқыны. Ұшқындар айналадағы ауаны қыздырады. Ыстық ауа салқын ауамен соқтығысады да, күннің күркіреуі пайда болады.күн күркіреген кездегі найзағай өте қауіпті. Найзағай жалғыз тұрған, биік заттарға жиі түседі. Сондықтан да найзағай ойнап тұрған кезде ағаштың астына тұруға болмайды.

Зерттеу қызметі

Жәй жаңбыр мен найзағайлы жаңбырды салыстыру, ұқсастықтыры мен айырмашылықтарын табу.

Жеке жұмыс

«Найзағайлы жаңбыр» Ө. Ақыпбекұлы

Нөсерлеп жаңбыр басталды,

Науада қалқып қақ қалды.

Найзағай тынбай жарқылдап,

Нөсер тұр құйып сатырлап.

Найзағайлы жаңбырды қалай атайды екен? (нөсер)

Еңбек

1 топ- ауланы тырмамен тазалау;

2 топ-қоқыстарды шығару

Мақсаты:

Шағын топтарға бөлініп жұмыс істеуге үйрету;

Ұжыммен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге деген ынталарын арттыру.

 Қимылды ойын

«Қасқыр қақпан».

Мақсаты:

Ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезінде байқампаз болуға баулу.

Жаттығу ойыны:

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: арқасымен алға қарай жүруге жаттықтыру.

Еркін ойындар балалардың қаауы бойынша

Мамыр      

Серуен-Бақылау  №12

 Бақылау: Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;

Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.

Бақылау барысы

Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:

Гүлдің нәрін жинайды,

Адамға бал сыйлайды.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)

- Қанды сорып сүліктей,

Ызыңдап кеп шағады.

Бұл қандай бүлік дой? (маса)

- Ызыңдап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Бұл не? (шыбын)

Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бірақ киім тікпейді.

Өнері де өнер-ақ,

Бірақ ісі бітпейді. (өрмекші)

Тәрбиеші сұрақтары.

♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)

♦ Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)

Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)

Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)

Жеке жұмыс

Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)

Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).

Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)

Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)

Зерттеу жұмысы

Қанқызын тауып, оның атын атау.

Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.

Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.

Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Өз ағашыңды тап».

Мақсаты: ағаш аттарын есте сақтауға, зейінді, байқағыш және жылдам болуға үйрету.

Жаттығу ойыны «Ағаштан ағашқа дейін».

Мақсаты: екі аяқпен және бір аяқпен секіруге жаттықтыру

Еркін ойындар балалардың қаауы бойынша

Мамыр      

Серуен-Бақылау   №13

Бақылау:

Топырақты бақылау

Мақсаты: торф топырағының қыртысымен таныстыру .

Бақылау барысы

Біздің айналамызда шалшық көп. Ал, шалшықтар торфқа (шымтезек) бай болады. Торф-бұл әрі тыңайтқыш, әрі отын.ол қатты қызған кезде тез тұтанады. Торф дымқыл, жабысқақ, көктемде ылғал кезінде ол ауыр. Ол суды нашар өткізеді, егер ылғал торф үстімен өтсең, ол аяқкиіміңе жабысып қалады. Сондықтан да бұндай соқпақпен (жолмен( жүрмеген дұрыс. Торфты атызға (жүйек) және ағаш түптеріне тыңайтқыш ретінде қосады..

Жеке жұмыс

Торфтың құрғақ және ылғал кесектерін салыстыру.

Құммен торфты салыстыру;

Жер қыртысы қай жерде тез кебеді.

Еңбек

Ағаш түптері мен атызға торф тасу.

Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».

Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.

Жаттығу ойыны: Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.

Еркін ойындар балалардың қаауы бойынша

Мамыр      

Серуен-Бақылау  №14

Бақылау: Желді бақылау

Мақсаты:

- жел туралы түсініктерін бекіту;

- жел түрлерін есте сақтау.

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді. (жел)

Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады. Сұрақтар қояды:

Желдің қандай түрлері болады?

Жел неге соғады?

Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал, суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының айырмашылығына байланысты. Ауа массасы барынша тез қозғалған сайын, желдің күші де соншалықты қатты болады. Желдің бағытын анықтаумен айналысатын адамдарды метеорологтар және синоптиктер деп атайды.

♦ Барынша қатты желдердің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран.)

♦ Әлсіз желді қалай атайды?(«самал жел» деп атайды)

♦ Желдің ізін көруге болады ма?

Жеке жұмыс

Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Флюгердің көмегімен желдің күшін анықтау. 

Еңбек Гүл өсіретін (клумба) алаңды дайындау

Мақсаты: бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.

Қимылды ойын «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты: қозғалыс координацияларын дамыту.

Еркін ойындар балалардың қаауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

Қанат Бақдәулетке

«Бақыт деген не өзі?»

Бақыт деген, шырағым

Мынау әсем тұрағың.

Ну ормандар, гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны

БАҚЫТ- дәні далаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемні

жаттау

 Қанат Бақдәулетке

Мен де балғын гүлмін

Автор. М. Байсариева

Арасынды гүлдің

Ойнап бүгін жүрдім

Қызыл, көкшіл, сары

Әп-әдемі бәрі

жаттату

Қанат Бақдәулетке

 түстерді атап айту.

 Қанат Бақдәулетке

жапырақтың түстерін ажыраттыру.

 Қанат Бақдәулетке

 дөңгелек пішіндер салғызу.

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Дыбыс артикуляциясын дамытуға арналған

Кім қалай дыбыстайды?

(баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту)

- А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен).

- Ааа, аа, а, а, ааа .... (аянышты дауыспен).

- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.

Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.

Фонетикалық жаттығуларды екінші тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі т.б) үйрету мақсатына қарай да қолдануға болады. Ол үшін педагог қандай дыбысқа аса мән беру қажет екендігін анықтап алуы тиіс.

Дикциялық жаттығу

 Барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет.

Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді.

Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік.

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Ойын:“Табан балық және шортан”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты: Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.

Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді. Ал табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.

Ұсыныс: Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Психологиялық ойын:

Ойын: «Атомдар мен молекулалар»  

Мақсаты: Бұл ойынды өткізудегі мақсат, сіздердің ұжымдарыныздың бірлігін, ынтымақтастығын анықтау. Ал ойынның атом мен молекула деп аталуы тақырыпқа сай индиго балалардың ДҢҚ құрылымының өзі басқа балалардан өзгеше. Яғни ағзасында хромосомалар құрылымы өзгерген.

Ойын шарты:

«Барлық ойыншылар кең, бос бөлменің ішінде ары-бері қалай болса солай жүреді, бұл уақытта олар атомдар болып есептеледі. Біздің білетініміздей атомдар молекулаларға айнала алады. Молекулада 3, 4, 5, атомдар бола алады. Ойыншыларға команда бойынша молекулаларға айналу керек. Егер жүргізуші үш десе ойыншылар үштен бірігуі қажет. Реакция бітті деген белгі бойынша қатысушылар қайтадан атомға айналады. Осылайша ойынды бірнеше қайталауға болады».

Қол  маторикасын  дамытуға  арналған  санамақ

Ойын:Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   1V-апта 19-23  мамыр  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»           «Бірлік және ынтымақ   » айы            «Апта дәйексөздері»- «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп.»

Күн тәртібі

Дүйсенбі  19.05

Сейсенбі  20.05

Сәрсенбі  21.05

Бейсенбі  22.05

Жұма  23.05

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

Балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлемі жайында бейнетаспадан үзінді көрсетіп, жалпы түсінік беру.

Дидактикалық ойын.

"Атын атап бер"

Мақсаты: көктем гүлдері туралы білімдерін бекіту

Табиғат бұрышында еңбек ету.

Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерден құрастыр».
Геометриялық пішіндерден зымыранды құрастырады.

Табиғат бұрышында еңбек ету.

«Суреттерді құрастыр»

Апта тақырыбы бойынша суреттерді құрастыру

Шығармашылық бұрышында еңбек ету.

Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерден құрастыр».
Геометриялық пішіндерден зымыранды құрастырады.

Табиғат бұрышында еңбек ету.

«Суреттерді құрастыр»

Апта тақырыбы бойынша суреттерді құрастыру

Шығармашылық бұрышында еңбек ету.

Балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлемі жайында бейнетаспадан үзінді көрсетіп, жалпы түсінік беру.

Дидактикалық ойын.

"Атын атап бер"

Мақсаты: көктем гүлдері туралы білімдерін бекіту

Табиғат бұрышында еңбек ету.

Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерден құрастыр».
Геометриялық пішіндерден зымыранды құрастырады.

Табиғат бұрышында еңбек ету.

«Суреттерді құрастыр»

Апта тақырыбы бойынша суреттерді құрастыру

Шығармашылық бұрышында еңбек ету.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:  Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

«Сақинаны лақтыр»

Мақсаты : Балалардың қол бұлшықеттері мен көздің жақсы көруін жетілдіріп, жақсарту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тепе –теңдікті, дәлдікті сақтай білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп ойнайды. Балалардан 20-30 метрдей қашықтықта сақинаны тізетін зат қойылады, ал балаларға ойыншық сақиналар таратылады. Балалар көздеп тұрып, сақиналарды таяқшаға кигізулері керек.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Тақия тастамақ

Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

  Құмырсқа» өлеңі

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты орнына.

Онға, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Мақсаты:Сөздердегі дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды (п-б, т-д, ғ-г, с-з-ц) анық айтуларын қалыптастыру

. «Армысыз!»

Армысыз,кайырымды Аспан ата!
Армысыз,мейiрiмдi Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Амансын ба, Алтын күн!
Амансын ба,Көк аспан!
Амансын ба,достарым!
Аманбысыз,апай!

. «Армысыз!»

Армысыз,кайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейiрiмдi Жер ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Амансын ба, Алтын күн!

Амансын ба,Көк аспан!

Амансын ба,достарым!

Аманбысыз,апай!

. «Армысыз!»

Армысыз,кайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейiрiмдi Жер ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Амансын ба, Алтын күн!

Амансын ба,Көк аспан!

Амансын ба,достарым!

Аманбысыз,апай!

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

Күн, Ай және Қораз

 Міндеті:  - Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

Балалар, мен сендерге «Ай, Күн және Қораз» туралы аңыз оқып берейін:

Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен. Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз

қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.

Ойланып отырып, былай депті: «Менің байқауымша, сенің ешкіммен сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмеймін. Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың», – депті.

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо-қо-қоқ!» –деп айғайлайтын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!» – дегені екен.

Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.

Педагог айтылған аңыз бойынша балаларға сұрақтар қояды.

–Аңызда нелер туралы айтылған?

–Күн жарық сәуле шашуға кеткенде ай не істейді?

–Мән жайды түсінген Күн Айға не дейді?

–Екеуі қалай келіседі?

–Күн шығып келе жатқанда Қораз не істейді?

–Түн батып ай шыққанда ше?

Сауат ашу негіздері

 Сөйлемдегі сөздердің санын, ретін анықта 

Міндеті  - Сөздегі дыбыс санын анықтай алуға үйрету, дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру     

«Сөзді ұста» дидактикалық ойыны Педагог балаларға белгілі тақырыты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөз естігенде, жалаушаларын көтеріп белгі береді. Мысалы: Көп сөздердің ішінен қыс мезгіліне байланысты сөздерді естігенде белгі береді. Жастық, үстел, шаңғы, бояу, коньки, ағаш, жағажай, қар, мандарин, телефон, сырғанақ, Аязата, шырша, балық, аққала, тон, кітап, бөрік, балшық, аяз, дәптер, қолғап т.б. Ойынды оқу құралдары, аң, өсімдік, жәндіктер т.б. тақырыптарға байланысты жүргізуге болады.

Сауат ашу негіздері

 Мағыналы буындар  

Міндеті:- - Буынға буын қосып сөз құрауларын пысықтау. 

Дыбыстармен жұмыс Педагог балаларға дыбыстарды, буындарды сөздерді, кезектестіріп айтады, балалар «о» дыбысын естісе, жалаушаны көтереді. Мысалы: а, п, о, м, т, и, о, у, м, с, ч, я, о, ю, у, ж, а, о, у, ц, и, у, р, т, л, у... Со, то, уыр, по, пу, до, ио, ау, аи, мо, ду, ро, ба, до, са, ша, ка, по..... Шана, ауна, үкі, тауық, балық, қауын, жауын, қасқыр, ау, моншақ, бау... «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға» дидактикалық жаттығуы Педагог балаларға суреттер көрсетеді, балалар сол суреттің мағынасына келетін, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер жалғаулары керек. Мысалы: жастық ... (мамық), қызанақ ... (қызыл), қияр ... (жасыл), балмұздақ ... (тәтті), кітап ... (қызық), шалбар ... (қалың), су ... (суық), домбыра ... (кішкентай), т.б. «Сөзді аяқта» дидактикалық жаттығуы – Балалар, мен сендерге соңғы буынын айтпай сөздер айтамын, сендер буынды қосып, сөзді айтасыңдар. Мысалы: шах...мат, ине...лік, жолба...рыс, жас...тық, ағаш..тар т.б.

Сауат ашу негіздері

 Буынға буын қосу

Міндеті - Буын саны мен ретін анықтау буындарды қосып сөз құрауларын пысықтау

«Сөз жина, тез жина» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге дыбыстар айтамын, сендер алақандарыңды біріктіріп, кесе жасап, дыбыстарды жинап отырыңдар. Дыбыстар қалай айтылды солай жиналуы керек, олардың орнын ауыстыруға бір дыбысты түсіріп алуға болмайды. Сендер сөзді дұрыс жинасаңдар, сол сөздің суреті тақтадан ашылады. Мысалы: «қ.а.р.», «м.ұ.з.», «қ.ы.з.», «а.й.н.а.», «ф.е.н.», «д.ә.р.і.», «б.а.л.а.», «қ.и.я.р.», «п.и.я.з.», «б.ұ.л.т.», «ж.о.л..», «қ.о.л..». – Сөзді кім бірінші құрап айтады, сол балаға жұлдызша үлестіріліп отырылады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі заттарды ата. Буынға бөл. Сөздердің бірінші буындарын қосып, сөз құра. Жаңа сөздің суретін қорша. 2. Суреттегі заттардың атында [б] дыбысы бар сөздерді ата. Суретін қорша. Сергіту сәті Көздеріміз қырағы екен, Бәрін көріп тұрады екен. Тамашалап оң жақты, Бақылайды сол жақты. Аспанға да қарайды екен, Жұлдыздарды санайды екен. Қарайды да төменге, Көз салады еденге. «Сипатына қарай тап» дидактикалық ойыны Педагог бір баланы тақтаға шақырып сурет береді, бала суреттегі затты суреттеп айтады, балалар не не туралы айтып жатқанын табады. Кім тапса сол ойынды жалғастырады.

Көркем әдебиет

  Мектеп керек адамға

 Міндеті:  - Өлең мазмұнын есте сақтауға дағдыландыру. Өз ойын айта білуге үйрету. Елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу

Педагог жұмбақ жасырады. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп) Тақтаға мектеп туралы суреттер ілінеді. Слайдтан көрсетіледі. Мектеп – білім ордасы. Осында білім алып, жарқын келешегіміздің іргетасын қалаймыз. Күздің алғашқы күні – Білім күні. Бұл күні оқушылар мектепке асығады. Мектеп – алтын ұямыз, екінші үйіміз. Мектепке барғаннан кейін көп уақыттарың, қызықты сәттерің мектепте өтеді. – Бүгін ақын Қымбат Әбілдақызының «Мектеп керек адамға» атты өлеңімен танысамыз. Өлең – шағын шығарма, ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен сөздер тізбегі. Педагог өлеңді оқиды (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ғаламды – бүкіл әлемді шыңға шығады – биікке көтеріледі Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Авторы кім? Өлең не туралы? – Өмірде барлық нәрсені тану үшін адамға не керек? – Мектепке не үшін барамыз? – Мектепке бару үшін не керек? – Өлең білім, мектеп туралы. Мектепте біз ұстаздан білім аламыз. Ақын да, ғалым да, президент те – бәрі де мектептен білім алады. Сендер де мектепке барып, білім алып, көп нәрсені үйренесіңдер. Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын» (баланың зейінін дамыту) Шарты: ғажайып қоржынның ішінде заттар, ойыншықтар, оқу құралдары бар. Балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып, бөлек жинап, аттарын атайды. – Мектеп сөзіне сөйлем құра.

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
 .Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Әскери мамандықтар 

 Міндеті:   - Балаларды әскери мамандық түрлерімен таныстыру, әскери мамандықтар туралы жалпы білім беру  

– Қандай әскер түрлерін білесіңдер? – Ұшқыш, танкист, теңізші ағалар бар. Балалар педагогтің сұрағына жауап беріп, өлең жолдарын талдайды. – Біздің елімізде «Отан қорғаушылар күні» қандай күн ? – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні болып белгіленген. Ал Отан қорғаушылар кімдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады, Ер Төстік те талдауға қатысады). – Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы, өйткені біздің әкелеріміз бен аталарымыз ежелден осы елде өмір сүрген, біз сонда туылғанбыз, біз өз ана тілімізде – қазақ тілінде сөйлейміз. Жер бетінде әртүрлі ел бар. Бірақ барлық ел бірге өмір сүрмейді. Жер бетінде түрлі себептермен соғыс та болып тұрады. Сондықтан әр елдің әскері, яғни қарулы күші болады. Әскерде түрлі әскери адамдар болады. Олардың барлығы да Отан қорғаушылар. – Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз әскери мамандықтар туралы болмақ. Интербелсенді тақтадағы суреттерден қайсысы ұшқыш, қайсысы танкист, қайсысы теңізші, қайсысы жаяу әскер екенін ажыратып айтады. Бейнебаян: – Қазіргі Қазақстан Қарулы Күштердің үш негізгі тобы бар: құрлықтағы (немесе жердегі-оларды жаяу әскер деп те атайды) әскерлер, әуе күштері және теңіз күштері. Армияда кемелер мен ұшақтар, танктер мен жерүсті көліктері бар. Әскери техниканы игеру үшін, үнемі оқып, білім алу қажет, сондықтан олар-әскери мамандар деп аталады. Соғыс өрті тұтанбас үшін, біздің елімізді, жерімізді қорғайтын күшті, айбынды әскер керек. Сендер еліміздің болашақ сарбаздарысыңдар.  

Математика негіздері

 Өлшеймін және салыстырамын

Міндеті: -  -Шартты өлшемнің көмегімен ұзындықты өлшеу, заттарды салыстыру, беттестіру

Қағаз кесінділерімен практикалық жұмыс. Педагог кесінділерді ең ұзыннан қысқасына дейін қойып шығуды ұсынады. Содан кейін әртүрлі түсті кесінділерді ұзындық бойынша салыстырады. Балалар салыстырудың әртүрлі әдістерін қолданады: «көзбен» қарап салыстыру, тұстастыру немесе беттестіру. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қара. Отбасында ең бойы ұзыны кім? Қоршап сыз. Ең аласасы кім? Қоршап сыз. Отбасы мүшелерінің ең ұзынынан ең аласасына дейінгіні ата. Осы тапсырмадан кейін бір үстелде отырған балаларды шығарып, бойына қарай тұрғызуға болады. 2-тапсырма. Əр затқа қанша шартты өлшеуіштен келеді? Заттарды алақаныңмен өлше. Алақан да шартты өлшеуіш белгі болады. Балалар суреттерді қарастырады. Педагог заттардың шартты өлшемдермен өлшенетініне назар аударады, бірақ бұл өлшемдер әртүрлі. Практикалық жұмыс. Қиынды кеспе материалдан әр бала бір кесіндіні таңдайды, бұл оның шартты өлшеуіші болып табылады. Содан кейін жұптағы балалар заттарды (үстел, терезе төсеніші, дәптер және т.б.) өз өлшеуіштерімен өлшейді. Заттарды алақанмен өлшеуді ұсынуға болады. Балалар өлшемдер санын салыстырады, сұрақтарға жауап береді.

Математика негіздері

  Өлшеймін және салыстырамын

Міндеті - -Шартты өлшемнің көмегімен ұзындықты өлшеу, заттарды белгілі бір ретпен орналастыру, 1-ден 10-ға дейін санау.  .

Ұзындығы мен ені əртүрлі кесінділермен практикалық жұмыс. Балаларға кесінділерді алдына қою ұсынылады, Қанша кесінді бар? Олардың мөлшері туралы не айтуға болады? Ең ұзын (қысқа, тар, кең) кесіндіні көрсет? Ең қысқа және ең ұзын кесінділерді қалай реттеуге болады? (Əр жолы қалғандарының ең қысқасын алу керек.) Кесінділерді ең ұзынынан ретімен қой. Кесінділерді қандай ретпен қойдың? Ең ұзын кесінді қандай? (Қысқа.) Жіңішке кесінді қай жерде болды? (Кең.) Кесінділерді ең жіңішкесінен ең жуанына дейін ретте. Жіңішке (жуан) кесінді қандай? Ең ұзын (қысқа) кесінді қандай? Педагог үй жануарлары туралы, оларға қамқорлық жасау, уақытында тамақтандыру, су беру, жануарлар өмір сүре алатын орынды жабдықтау туралы әңгіме жүргізеді, мысалы, иттер үшін адамдар питомниктер салады. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Ұзындығын өлше және салыстыр. Заттарды әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болатындығы туралы әңгімені жалғастырады. Балалар өлшемдерді қайта санайды, заттардың ұзындығын, биіктігін, енін атайды

Математика негіздері

Өлшеймін және салыстырамын   

Міндеті: - Шартты өлшемнің көмегімен заттарды салыстыру (түсі, пішіні, өлшемі), санды цифрмен сәйкестендіру 

Балалар жұптасып жұмыс істейді. Өлшеу аяқталғаннан кейін әр жұп өлшенетін затқа қанша шартты өлшеуіш сәйкес келгенін айтады. Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Заттың ұзындығын текшелермен өлше. Сонша текшені боя. Ең қысқа затты белгіле. Балалар суреттегі өлшемдерді қайта санайды, заттардың ұзындығын атайды. 2-тапсырма. Үстелдің ұзындығын алақанмен өлше. Бөлменің ұзындығын қадаммен өлше. Практикалық жұмыс. Үстелдің ұзындығын алақанмен өлшеу. Бөлменің ұзындығын қадаммен өлшеу. Дидактикалық ойын «Ағаш отырғыз!» Ойынға өлшем ретінде ватман парағы алынады, әртүрлі биіктіктегі ағаштардың суреттері және санау таяқшалары қажет болады. Педагог балаларға үйдің суретін көрсетеді және оның жанына белгілі бір мөлшердегі ағашты «отырғызады». Содан кейін бірдей биіктіктегі ағаштарды табуды сұрайды. Алдын ала түсіндіреді: «Ағаштың биіктігін қалай білуге болады?» (Өлшеу арқылы.) Биіктікті қалай өлшеуге болады? (Таяқпен.) Үйдегі ағаштың биіктігі неге тең? (Екі санау таяқшасына.) Педагог өлшеу ережелерін нақтылайды. Балалар белгіленген биіктіктегі ағаштарды таяқшамен өлшеп, үйдің айналасына ватманға жабыстырады.

Қоршаған  әлеммен таныстыру

Барлық мамандық қажет әрі маңызды

Міндеті: - Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру     

 Әңгіме оқып беру. В. Сухомлинский. «Менің шешемнен нан иісі шығады». Бірде балабақшаға бес жасар екі баланы аналары алып келеді. Балалар бір-бірімен танысып, сөйлесе кетті. – Сенің анаң қайда жұмыс істейді? Ал сен қалай байқамадың? Одан дәрі иісі шығады ғой. Менің анам – дәрігер. Ауырған адамдарды емдейді. Дәрігерсіз адамдар өмір сүре алмайды ғой. Ал сенің анаң қандай жұмыс істейді? Сен де байқамадың ба? – Одан нан иісі шығып тұр ғой. Менің анам – наубайшы. Нансыз ешкім де өмір сүре алмайды. – Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? – Барлық мамандық қажет әрі маңызды. – Балалар, қазір Таусоғар сендерге жұмбақтар жасырады. Сендер жауабын тауып, барлық жауаптардың ортақ атауын табыңдар. Ауырған адамның қасында Тәп-тәтті тамағы Емделудің жөнін айтар. Астың маманы. (Аспаз) Жазылған адамдар расында Қолдағы жұмыс жарағы: Риза болып, рақмет айтар. (Дәрігер) Қайшы мен тарағы. (Шаштараз) Ертеден-ерте тұрады Қолына рульді алады. Олай-былай айналдырар, Жолға қарап отырар. (Жүргізуші) Интербелсенді тақтадан бейнебаян шығады: – Қандай мамандық иелері туралы бейнебаян көрдік? – Суретші, дәрігер, мұғалім, шахтер бейнеленген бейнебаян көрдік. Балалар мамандық иелерін атайды. Балалар жауаптардың ортақ атауы – мамандық екенін табуы керек. Мамандық – бұл әр адамның өзіне арналған кәсіп, немесе жұмыс, адам істейтін жұмыстың негізгі түрі. – Қалай ойлайсыңдар, кім қайда жұмыс істейді? – Суретші шеберханада сурет салады. Дәрігер ауруханада, адамдарды емдейді. Мұғалім мектепте балаларға білім береді. Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді? Балалар ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін, қандай мамандық иелері екенін айтады. – Балалар, мен тағы бір мамандық иесін атағым келіп тұр. Ол мұғалім де болады, пойызды да жүргізеді, ұшқыш та бола алады, кішкентай баланы да ойната алады, бірақ үнемі экранда жүреді. Оның кім екенін білесіңдер ме?         

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Салкүрең» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Салкүрең күйі

  Мамыр

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

Қандай түстер? 

Міндеті: - -Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесу

Қима материалмен жұмыс.

– Мынау – жапырақтар. Мынау жапырақтың түсі қандай?

– Жапырақтың түсі сары.

– Мынау жапырақтың түсі қандай?

– Жапырақтың түсі жасыл.

– Алманың түсі қандай?

– Алманың түсі қызыл.

– Мынау қарындаштың түсі қандай?

– Көк түсті.

– Топта қандай заттардың түсі көк? (Балалар атайды Мынау – қара түс, қара.

– Қандай түс?

– Қара түс.

– Мынау – күлгін түс, күлгін.

– Қандай түс?

– Күлгін түс.

– Мынау – көгілдір түс, кө-гіл-дір.

– Қандай түс?

– Көгілдір түс.

– Мынау – қызғылт түс, қызғылт.

– Қандай түс?

Қызғылт түс

Балалар сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.

Қазақ тілі

Біз мектепке барамыз

Міндеті  --Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау   

Балалар мектепке келді.

– Балалар қайда келді?

– Балалар мектепке келді.

– Мынау – мектеп. Мек-теп. Мынау не?

– Мынау – мектеп.

– Мектепте оқиды, білім алады. Мектепте не істейді?

– Мектепте оқиды, білім алады.

– Мынау – оқушы. Мынау кім?

– Мынау – оқушы.

– Мынау – оқушылар. Мынау кімдер?

– Мынау – оқушылар.

– Мынау – мұғалім. Мынау кім?

– Мұғалім.

Мынау – сынып. Сы-нып.

– Мынау не?

– Мынау – сынып.

Мектепте сынып бар.

– Мектепте не бар?

– Мектепте сынып бар.

Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен қайталап, дұрыс айтып жаттығады.

Мектепте сыныптар бар.

Мектепте нелер бар?

Мектепте сыныптар бар.

Сыныпта орындықтар бар.

Сыныпта нелер бар? (Үстел, тақта, терезе сөздерін жекеше, көпше айтады

Сөйлеуді дамыту

 «Түлкі мен Қоян» ертегісі

Міндеті: -- Монологты байланыстырып құра білу

Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес.

–Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады.

Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз. Педагог мәнерлеп оқиды.

Түлкі мен Қоян

Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін Қасқыр Түлкінің артына еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, Қасқыр Түлкіні өлтіріп тастар еді.

Түлкі орманда келе жатып, ағаш түбінде отырған Қоянды көреді. Ол мезгілде Қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде Қоян өзін ұстап алған Түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне, содан бері Түлкінің құйрығы ұзын, ал Қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Педагог:

–Ертегі сендерге ұнады ма?

–Ертегі де нелер туралы айтылған?

–Ерте заманда Түлкінің құйрығы қандай болыпты?

–Түлкі Қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген?

–Бір күні не болыпты?

–Түлкі қалай құтылып кетіпті?

–Әлден соң ағаш арасына кірген Түлкі нені көреді?

–Сол жерде Қоян өзін ұстап алған Түлкіге не депті?

–Иә, балалар, содан бері Түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал Қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

  Көркем әдебиет

Ақылды Мұрат  

 Міндеті: - Әдеби шығарманы мұқият тыңдауға дағдыландыру. Сюжет желісін сақтап айтуға үйрету. Сыпайылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

– Ақылды деп қандай баланы айтуға болады? (Ақылды деп тілалғыш, өз отбасын, досын, өзі тұратын жерін жақсы көретін, сыйлайтын баланы айтамыз. Ақылды бала ұқыпты, адал, қайырымды, еңбекқор болады). – Бүгін Анар Қожабекованың «Ақылды Мұрат» әңгімесімен танысамыз. Әңгіме – әдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне салу. Әңгіменің ерекшелігі – болған оқиғаны қысқа әңгімелейді. Әңгімені мәнерлеп оқып беру. Сөздік жұмысы: ақылды – зерделі, сана-сезімі жоғары қоқыс – керексіз зат ластанып – кірлеп Сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Авторы кім? – Мұрат пен Мақсат далада не істеді? – Балалар атаймен қалай сәлемдесті? – Атай балаларға не ұсынды? Балалар атайға не айтты? – Мақсат кәмпиттің қағазын не істеді? – Мұрат Мақсатқа не айтты? Атай балаларға не деді? – Мақсаттың жасаған әрекеті дұрыс па? – Әңгіме қалай аяқталды? «Көшемізді, айналамызды таза ұстасақ, қаламыз таза болады».

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Алашаны әшекейлеу

Міндеті:  -  Балалардың сәндік-қолданбалы өнер туралы білімдеріжетілдіру,түзу,ирек,жіңішке,жалпақ әдемі өрнектер сала білу іскерліктерін бекіту

-- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау,   біріккен жерлерін тегістеу

- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

-- Құрылыс материалдарынан,   өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : ««ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»

Мақсаты:  төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.

Дидактикалық ойындар Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету: Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер». Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін мекенжайлары бар карталарды пайдаланады. Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету: Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665» Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды сұрайды. Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу. Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады. «Хат жолда» ойыны Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді. «Телефон» ойыны Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлапайтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

   Ұлы есімдер

 Міндеті: Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру

Доппен орындалатын жаттығуларды орындағанда жұпта әрекет ету мен допты сезе білу қажет.

1.Қолына доп алып 3 метр қашықтықта жүгіру.

2.Аяқ басының арасына доп қыстырып жүру.

3.Допты тізесімен қысып, қолдары мен аяғының ұшына тіреніп жорғалау.

4.Допты бір қолмен, екі қолмен домалату.

5.Допты артқа лақтыру.

Нұсқауларды орындап, бастапқы қалыпқа тұруды дұрыс орындауға тырысады.

Жаттығуды орындаған соң, қолдарын белге қойып, артпен жүріп өз орнына келеді. Барлық жаттығулар орындалып біткенше қимылдарын басқарып, денесін тік ұстауға тырысады

Музыка

  Ел қорғауға әзірміз 

Міндеті - Музыка арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу

Музыка тыңдау:

«Ел         қорғауға әзірміз» (К. Қуатбаев).

Ән айту: «Балаларды қорғаймыз»

(А. Досмағанбет)

«Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ағаш ат» (Б. Қыдырбекова) Билер: «Теңізшілер биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Алтын қақпа» (Т. Сарыбаева)

Дене тәрбиесі

  Ұлы есімдер 

Міндеті: - Айналып тұрған арқаннан өтуге жаттықтыру, жерден екі аяқпен бірдей итеріліп, арқанның дәл аяғының астынан өту сәтінде секіруді дамыта түсу

Ойын жаттығулары:

«Допты жұпта ұстап қал», «Ғажайып фигура» – ұсақ моториканы дамыту жаттығулары. Өз жұбын көзді жұмып тауып алады. Допты екеулеп кішкентай бармақтарымен ғана ұстап тұруы керек. Сосын тек сұқ саусақтарымен, тек оң қолдарымен, тек сол қолдарымен, тек аяқтарымен, басқа да дене мүшелерімен ұстап тұрады

Дене тәрбиесі

 Ұлттық ойындар 

 Міндеті: -- Ұлттық қимылды ойындарды ойнату.

Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді

Музыка

Жас ұландар 

Міндеті:  - Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру      

 Музыка тыңдау:  

«Ел         қорғауға әзірміз» (К. Қуатбаев).

Ән айту: «Балаларды қорғаймыз»

(А. Досмағанбет)

«Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Ағаш ат» (Б. Қыдырбекова) Билер: «Теңізшілер биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Алтын қақпа» (Т. Сарыбаева)  

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Мамыр

Серуен-Бақылау  №15

Бақылау: Көбелектерді бақылау.

Мақсаты:

- көбелектер туралы білімдерін молайту: пайда болуы, көбеюі, құрлысы, пайдасы;

-барлық тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қызыл-жасыл көбелек» Ш. Мұхаметжанов

Дала қандай керемет,

Қойның гүлге толады.

Қызыл-жасыл көбелек,

Бір ұшып, бір қонады.

Қанша қусаң көбелек,

Қанаты бір талмайды.

Соныменен не керек,

Ақыры ұстай алмайсың.

Жазда, жасыл алқапта, гүлдер басында әдемі көбелектер ұшып жүреді. Олар сондай әдемі, түрлі-түсті.

Ертеде Римде адамдар көбелектерді өсімдіктер гүлінен пайда болған дегенге сенген

Көбелектің екі жұп қанаты бар. Олар майда қабыршақпен көмкерілген. Сондықтан да оларды қабыршақ қанаттылар деп атайды. Көделектің денесі қабыршақпен және майда шаштармен көмкерілген. Олардың қысқа мұрттары мен үлкен көздері бар. Гүлден гүлге қонып көбелектер шырын жинайды және оларды тозаңдандарады. Жазда ұрғашы көбелектер жер қыртысына жұмыртқаларын жинайды. Бірнеше уақыттан соң жұмыртқалардан құрттар-личинкалыр пайда болады.осы осы құрттардан нағыз көбелектер өседі. Тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін көбелектер адамға жібек алатын жіңішке жіптерін сыйлайды.

Жеке жұмысы

Қай гүлге қандай көбелектер қонып жүргенін қарау. (көбелектер көбіне өзі түстес гүлдерге құмар болады)

Еңбек

Гүлзардағы қоқыстарды жинау

Мақсаты: еңбек ете білу іскерліктерін қалыптастыру, өз беттерінше тазалық жүргізуге деген құштарлықтарын ояту.

Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар».

Мақсаты:тәрбиеші белгісі бойынша жүкіруге, өрмелеуге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны: «Кеглиді құлат».

Мақсаты: Дәлдеп тигізе білуге жаттықтыру

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Мамыр

Серуен-Бақылау  №16

Бақылау: Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту;

Өсімдіктерді күту, суғару іскерліктерін тиянақтау;

Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді

Қандай үй гүлдерін білесіңдер?

Қандай дала гүлдерін білесіңдер?

Олардың қандай айырмашылығы бар?

Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?

Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?

Оларды қалай күтесіңдер?

Гүлді отырғызбас бұрын не істеу керек?

Жеке жұмыс

Біздің гүлзарға отырғызуға арнап топта өсіріп жатырған гүлдеріміз қалай аталады?

Гүлдер жақсы өсіп, гүлдеуі үшін не істеуіміз керек?

Осы кезде бізге гүлді неге аулаға отырғызуға болмайды?

Неге кейбір гүлдер көпжылдық, кейбіл гүлдер бір жылдық деп аталады?

Еңбек

Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту).

Мақсаты:

Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау;

Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.

Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: - Әр гүлдің иісі әр басқа.

•Гүл-араға, бал-балаға.

•Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.

Мақсаты: Дәлдеп тигізе білуге жаттықтыру .

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

 Болғанбек Інжуге

«Менің Қазақстаным»                                                                                                                                                                                                   туралы  әңгімелесу.

 Болғанбек Інжуге

 пішіндерді салыстыра білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Атын атап бер»

Мақсаты: Пішіндердің түстерін атайды сипау арқылы сипаттайды.

 Болғанбек Інжуге

 отан туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету..

 Болғанбек Інжуге

ҚР мемлекеттік рәміздерін сұрау.

 Болғанбек Інжуге

достарымен ойыншықты бірге ойнау керектігін түсіндіру. Достық қарым-қатынасқа үйрету.

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Ойын: «Көжектер»

Мақсаты:  Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

«Жасыру» саусақ ойыны.

Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.

«Салат» саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап,

тойғандықтарын көрсетеді)

Ойын: «Сылдырмақпен сылдырлат » 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Ойынның шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады. 
Ұсыныс: Ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./ 

Ойын: «Мысықтар мен балалар» 

Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады. 

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы  «Қына ауылы  ЖОББМ» КММ                                                                           

Мектепалды  О «а» сыныбы

Балалардың жасы   5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі   V-апта 26-30  мамыр  2024-2025 оқу жылы

 «Біртұтас тәрбие»           «Бірлік және ынтымақ   » айы            «Апта дәйексөздері»- «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ »  

Күн тәртібі

Дүйсенбі  26.05

Сейсенбі  27.05

Сәрсенбі  28.05

Бейсенбі  29.05

Жұма   30.05

Балаларды қабылдау

  Мұғалімнің  балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату

 «Мен кіммін?».Фотосуретте бейнеленген уреттерді атау

 Әңгімелесу.Өздерінң қандай екенін әңгімелеп беру

 Сурет салу.Өздерінің суретін салу

 Әңгімелесу.Өздерінң қандай екенін әңгімелеп беру

 Сурет салу.Өздерінің суретін салу

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну.

 Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Санамақ
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Айдапсал.
Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.
Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады

 Ертеңгілік  жаттығу

 Таңғы  жаттығу  кешені  № 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

  «Жел соғып тұр»

Мақсаты: Кез – келген жағдайларда қатты немесе ақырын дауысты қолдана білуді дамыту

   «Кел, ойнайық!»

Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру

«Қатты – ақырын»

Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.

Дидактикалық ойын:

«Ұқсастықты тап» 

Мақсаты:Заттардағы ұқсастықты табады және өз дәлелін негіздей отырып айта алады.

«Сөйлемді толықтыр» ойыны

Мақсаты:Ойлау жылдамдығын, сөй-

леу белсенділігін дамыту.

Кестеге сәйкес ҰІӘ

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту 

«Түлкі мен Қоян» ертегісі

 Міндеті:  - Әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру.

Енді ертегідегі «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

–«Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады?

–Неше дауысты дыбыс бар?

–Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

–Ал дауыссыз дыбысты, көк түспен белгілейміз. Т – дауыссыз дыбыс.

Ү – жіңішке дауысты дыбыс. Л – дауыссыз дыбыс.

К – дауыссыз дыбыс.

І – жіңішке дауысты дыбыс.

–Міне, балалар, біз «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасадық. Дидактикалық ойын: «Буынды жалғастыр».

Ойын шарты: педагог аң аттарының бірінші буынын ғана айтады, балалар соңғы буынын тауып, толық атын айтады.

Мысалы, Түл – ..., қо– , қас – ..., кө – ..., мыр – ..., жол – ... ...

Сауат ашу негіздері

 Сөйлем 

Міндеті   - Сөйлем ұғымымен таныстыру, екі-үш сөзден тұратын сөйлем құратып, сөйлемдегі сөздерді ретімен айтқызып үйрету    

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны Педагог суреттері көрсетеді (көгершін, поезд, сандық, шанышқы, қолтырауын т.б.). Балалар суретке байланысты 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрайды. Сөйлемдегі бірінші, екінші, үшінші сөздерді ретімен атауға тапсырма береді. Ғажайып сәт. Балалар, қуыршақ Айсұлу бізге ішіне тапсырмалар салынған хатқалта беріп жіберіпті, хатқалтаны ашып, тапсырмаларын орындайық. «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы Әр дұрыс жауапқа педагог балаларға жұлдызша беріп отырады. – -ше буынынан басталатын сөздер ойлаңдар. –ше-лек, ше-міш-ке, ше-гірт-ке, ше-ге т.б. – -ба буынынан басталатын сөздер ойлаңдар. – Балық, батпақ, бақа, бағдат, бақ, бақбақ, бақыр, Бағжан, байғазы, байлық, базар, Базаргүл, балшық т.б. – -са буынынан басталатын сөздер ойлаңдар. – Сағыз, сабын, салт, Самал, сарай, сары, сай, самал, сал, сауық, сауыншы, сатушы, сауап, сауықшыл, сан т.б.

Сауат ашу негіздері

Сөйлем мен сөз   

Міндеті:- Сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау  

«Жоғалған дыбысты тап» дидактикалық ойыны – Мен сендерге суреттерді көрсетіп бір дыбысы жоғалған сөз айтамын, сендер сол жоғалған дыбысты орнына қойып қайта айтасыңдар. Мысалы: баспалда...(қ), мекте...(п), қолға...(п); (а)...лқа, (м)...оншақ, (т)...ауық, (а)...лжапқыш, (б)...ояу, (ж)...олбарыс, (а)...рыстан, (ж)...ылқы, (б)...алық, (т)...өсбелгі т.б. Сөз дыбыстан, сөзден сөйлем құрылатынын білеміз. «Сөйлемді толықтыр» дидактикалық ойыны Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін өз ойларымен жалғастыру керек. Жылқының төлі – (құлын). Үйдегі ең кішентай бала – (кенже бала). Өркеші бар жануар – (түйе). Бал беретін жәндік – (ара). Құйрығы айыр құс – (қарлығаш). Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Сурет бойынша сөйлем құра, сызбасын сыз. Сөйлемдегі сөздердің реті мен санын анықта. 2. Суреттерді ата. Буынға бөл. Бірінші буындары бірдей сөздерді ата. Оларды бір-бірімен қос.

Сауат ашу негіздері

 Сөйлем құрау

Міндеті - Сөздерді қатыстырып, белгілі ретімен сөйлем құрай алу

Педагог балаларды «Жалпы атауын ата» ойынын ойнауға шақырады. Балалар педагог айтқан сөздердің жалпы атауын жылдам айтып берулері керек. 1. Құлпынай, таңқурай, қарақат – ... (жидектер) 2. Түймедақ, қызғалдақ, раушан – ... (гүлдер) 3. Көбелек, қоңыз, маса, құмырсқа – ... (жәндіктер) 4. Сиыр, ешкі, қой, жылқы – ... (малдар) 5. Күн, түн, таңертең, кеш – ... (күн уақыты) Жылдам әрі дұрыс жауап берген балаларды мадақтау. Дыбыстармен жұмыс «Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны Педагог дыбыстарды айтады: а, б, у, о, и,с, п, р, л, д, ф, ж. Балалар тиісті түсті көтереді, егер дыбыс дауысты болса, қызыл, ал дыбыс дауыссыз болса, көк фишканы көтеру керек. «Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны – Балалар, мен сөйлемнің басын бастап айтамын, сендер мағынасына қарай аяқтайсыңдар. Ойын шарты: педагог сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек. Мысалы: Педагог: Мұғалім тақтаға Апай ертегі Жұмыс дәптерімен жұмыс Балалар: жазды оқыды. 1. Суреттерді қара. Әр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз.

Көркем әдебиет

  Ертегілер еліне сахат

 Міндеті:  - Сахналық қойылымдарға қатысуға ынталандыру. Сөздік қорын байытуды жалғастыру. Аңғарымпаздыққа, сақтыққа тәрбиелеу

– Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

Ертегіде кейіпкерлердің мінез-құлқын салыстыра сипаттайды. Ертегіні ойдан,

қиялдан шығарады. Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіретін қызықты әлем. Ертегі

сендерді жамандықтан аулақ болуға, жақсылық жасауға, адамгершілікке жетелейді.

Ертегі кейіпкерлерінің өзіне тән мінез-құлқы болады (ашулы, қатал, мейірімді,

адал, қайырымды). Ертегілер еліндегі кейіпкерлерді есімізге түсірейік.

– Сен қандай кейіпкерлерді ашулы, қаһарлы деп елестетесің? (Қасқыр, арыстан)

– Мейірімді, адал кейіпкерлерді ата. (Қоян, әтеш, шаруа)

Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі?»

Шарты: таныс ертегінің кейіпкерлерін тану, қимыл-қозғалысын айту.

Сиқырлы қоржынға ертегі кейіпкерлеріне ұқсас ойыншықтар салынады.

Педагогтің ұсынысымен бір бала шығып, қоржын ішінен бір ойыншықты алады,

оны сипаттайды.

– Бұл қандай жануар? Қандай ертегіде кездеседі?

            «Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

Үнемдеу маңыздылығы: Су-тіршілік көзі. Егер суды дұрыс пайдаланбасақ, таза су қоры азаяды және көптеген елдерде су тапшылығы пайда болады. Жадынама: 1. Кір немесе ыдыс жуғыш машинаны тек толық толғанда ғана қосыңыз. 2. Душ қабылдағанда уақытты қысқарту. 3. Кранды жуу кезінде және басқа жұмыстарда ашық қалдырмаңыз. 4. Суды қайта қолданыңыз - мысалы өсімдіктерді суғаруға немесе тазалауға қолданыңыз. 5. Жуынатын бөлмеде ағып тұрған кранды дер кезінде жөндеңіз.

 QR СКАНЕРЛЕУ

СУДЫ ҮНЕМДЕУ 

Нұсқаулықтар: 1. Тіс тазалау кезінде суды өшіріңіз: Тіс тазалау кезінде суды ағыза бермеңіз, тек қажет кезде қосыңыз. 2. Кранды қысқа уақытқа ашып, суды дұрыс пайдаланыңыз. 3. Душ қабылдау уақытының қысқарту үшін таймер пайдаланыңыз. 4. Автоматтандырылған суару жүйелерін қолдану арқылы суды бақылаңыз. 5. Жеміс-көкөністі жуу кезінде ағынды су орнына ыдысты пайдаланыңыз.

                                                                                                                                    2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған  әлеммен таныстыру

 Ержүрек мамандық иелері  

 Міндеті:   - Балаларды мамандықтармен таныстыруды жалғастыру.   

 – Жер бетінде әртүрлі мамандықтар өте көп. Соның бірін мен ержүрек мамандық иелері деп атар едім. «Ержүрек» деген сөзді қалай түсінесіңдер? –Батыл, күшті, шыдамды, мықты, төзімді, тәртіпті, қайсар, қайратты. – Біз ержүрек мамандық иелерін «Калейдоскоп – мамандық» ойыны арқылы анықтаймыз. Ойынға Қырағы да қатысады. Педагог балаларды қолдан жасалған айналдырғыш барабан тұрған жерге шақырады, балаларға барабанды айналдыруды өтінеді. (Барабанға алдын ала салынып қойған суреттер: өрт сөндіруші суреті, өрт сөндіргіш құралдары, полиция фуражкасы, құтқарушылар формасын киген адам). Барабанды айналдырған бала қандай сурет алып шығады, сол суретке байланысты интербелсенді тақтадан музыкамен өрт сөндіруші туралы бейнебаян шығады. Бұл мамандық иесін қалай атайтынын сұрайды. – Өрт сөндірушілер. – Өрт сөндірушілердің киімдері қандай? – Өрт сөндірушілер өрттен және түтіннен қорғау үшін арнайы киім киеді. Бастарында болат дулыға, қалың брезенттен тігілген шалбар мен күрте, аяғында мықты әрі ыңғайлы етік. Өйткені өрт сөндіруші отқа түсіп, адамдарды құтқаруы керек! Олар арнайы жабдықталған өрт сөндіру мәшинелерімен жүреді. Педагог балаларға өрт сөндіру мәшинесін сипаттауды ұсынады: – Мәшиненің төбесінде жиналмалы баспалдақтары бар. Мәшиненің түсі ашық қызыл түсті, арнайы қалыпта суқұйғыш шланг бар. Өрт сөндіру мәшиненің төбесінде арнайы сирена-дыбыстағыш бар, көшелерде жылдамдықпен келе жатқанда, барлық басқа көліктер сиренаның қатты дыбысын естігеннен кейін оларға жол береді.  .

Математика негіздері

  Не білеміз? Не істей аламыз?

Міндеті: - Оқиғалар тізбегін,» «алдымен-содан кейін», «болды-бар-болады» ретімен айту 

Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттерге қара. Алдымен не болды, содан кейін не болады? Цифрларды реті бойынша қоршап сыз. Сағатта көрсетілген уақытты ата. Педагог оқиғалардың әртүрлі ретпен орындалатындығы туралы әңгімені жалғайды. Балалар суретке қарайды, алдымен не болғанын, содан кейін неге айналғанын анықтайды. Сағаттардағы уақытты қарайды. Үлестірмелі материалды пайдалануға болады №31 парақ. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балалар карточкалар жиынтығын алады және болып жатқан оқиғалардың суреттерін ретімен орналастырады №23, №24 парақтар. Сергіту сəті. «Күн мен Түн» қимылды ойыны. Педагог жылдам музыканы қосады, «Күн» дабылды командасы бойынша балалар белсенді билейді, «түн» дабылды командасы бойынша музыка өшіріледі, балалар бір орында қатып қалады. 2-тапсырма. Қанша қылауыш болды? Сана. Цифрды қоршап сыз. Неше қылауыш қалды? Цифрды қоршап сыз. 3-тапсырма. Бастырып сыз. Педагог балалардың қаламды қалай ұстайтынына назар аударады. Орындалуын тексеру кезінде тапсырманың ұқыптылығын бағалайды. 4-тапсырма. Дөңгелектерді екі қорапқа әртүрлі етіп бөліп, суретін сал. Бұл тапсырманы бұршақтармен, қақпақтармен, қағаз шеңберлермен және т.б. заттармен тәжірибелік ойын түрінде өткізуге болады. Балалар заттарды жайып, дәптерге сурет салады. 5-тапсырма. Суреттерді: шаршы үстінде, ал шеңбер астында болатындай етіп боя. Шеңбер үстінде, ал шаршы астында болатындай етіп боя.

Математика негіздері

  Не білеміз? Не істей аламыз?

Міндеті - -10 көлемінде санай білу, сандардың «көршілерін» атау, санды цифрмен сәйкестендіру.  .

«Цифрды жина» ойындық жаттығуы, (№5, №6, №7 парақтар). Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттерге қара. Ұяда неше балапан қалғанын сана. Сонша дөңгелекті қоршап сыз. Қоршауда неше балапан бар? Сана. Неше балапан қоршаудан шықты? Нешеуі қалды? Сонша дөңгелекті қоршап сыз. Сергіту сəті. «Жанды цифрлар» қимылдық ойыны. Балалар 1-ден 10-ға дейінгі цифрлары бар карточкаларды алады. Балалар бөлмеде жүреді. Педагогтің дабыл сигналы бойынша: 162 «Цифрлар! Ретімен тұрыңдар!», балалар қатарға тізіліп тұрып, олардың цифрын атайды. Педагог әркімнің өз орнына келгенін тексереді. 2-тапсырма. Бастырып сыз. Орындамас бұрын педагог дұрыс отыру қалпын, дәптердің дұрыс орналасуына назар аударады. 3-тапсырма. Тізбекті жалғастыр. Боя. Тапсырманы жалғастырып орындаған кезде, балалар фигуралардан, моншақтардан, түймелерден және т.б. фигуралардан өз «тізбегін» құрып, көрсете алады. 4-тапсырма. Таяқшалардан фигуралар құрастыр. Əр фигураға қанша таяқша қажет болды? Цифрды қоршап сыз. Практикалық жұмыс. Педагог үстелге түрлі түсті санау таяқшаларын таратады. Əр бала тапсырманы өз бетінше орындайды (кез келген фигураны құрастыруға болады). Педагог ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Балаларға өз жұмысын бағалауды ұсынады. Егер тапсырманы дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер тапсырма қиын, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.

Математика негіздері

  Не білеміз? Не істей аламыз? 

Міндеті: -  -Геометриялық фигуралар мен денелер туралы, ұқсас заттарды табу, 10 көлемінде санай білу, жиынды бөліктерге бөлу 

Дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке қара. Геометриялық денелердің пішінінде неше зат бар? Сана. Сонша таяқшаның суретін сал. Балалар түсініктеме береді. Олар фигураларды санайды, карточкаға сонша таяқшаның суретін салып аяқтайды, оларды қайта есептейді. 2-тапсырма. Пішінін, түсін, өлшемін, санын өзгерт. Ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Сиқыршы фигураны сиқырлы таяқшамен ұстайды және оның көмегімен фигураны өзгертеді. Балалар сиқыршы рөлін кезек-кезек орындай отырып, жұппен ойнай алады

«Сиқыршы» дидактикалық ойыны. Педагог 10 (9, 8) бұршақ немесе моншақты алып қолына салады. Содан кейін заттарды жұдырыққа салып қысады, алақандағы екінші қолда бұршақты көрсетеді және оны санауды ұсынады. Ол жұдырығында қанша бұршақ бар екенін болжауды сұрайды. Əрі қарай, ойынды жұппен ұйымдастыруға болады. 4-тапсырма. Дөңгелектерді шаршыларға орналастыр. Екінші шаршыда неше дөңгелектен болуы керек? Ойлан. Суретін сал.

Қоршаған  әлеммен таныстыру

  Жас экологтер

Міндеті: - - Балалардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру     

  Жануарлар әлемі , өсімдіктер, жәндіктер, құстар, балықтар , адам да ауасыз, сусыз, күнсіз, тамақсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – бізді қоршаған әлем, адамдар не қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Адам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғатты сақтау біздің әрқайсымызға байланысты. Табиғи апаттар суреттері шығады, педагог балалармен әңгімелейді. (мұнайға малшынған құс, ормандағы, теңіз жағалауындағы қоқыстар, Арал теңізі т.б.). Балалар, айтыңдаршы, табиғатты сақтау, қорғау не үшін қажет? (Балалардың жауаптары). Эколог – қоршаған ортаның жағдайын талдап, табиғатқа мүмкін болатын зиянды азайту шараларын әзірлейтін маман. Эколог табиғи апаттардың себептерін анықтап, қоршаған ортаға адамның қатысуымен болған қате әрекеттердің әсерін азайту жолдарын әзірлейді. 2-слайд. Интербелсенді тақтадан бейнехат шығады. Баланың бейнесі шығып, сөйлейді. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Мишель, мен алыстағы Франция елінен хабарласып тұрмын. Біздің ел – бүкіл әлемдік «Greenpeace» – «Жасыл әлем» табиғатты қорғаушылар ұйымының мүшесі. Ұйым ормандарды кесу, өзен-көлдерді, теңіз-мұхиттарды, қоршаған ортаны қауіпті химиялық заттармен ластау, жан-жануарлар, табиғатты қорғау сияқты мәселелерге назар аударады. Мен барлық әлем балаларына хат жолдаймын, осы  ұйым мүшесі болуға, яғни жас табиғат қорғаушылары –эколог болуға шақырамын. Ал эколог болу үшін, біз өз білімдерімізді тексеруіміз керек және сынақтардан өтіп, тапсырмаларды орындау қажет болады. Тапсырмаларды орындап, сынақтан өтсеңдер, сендерге жіберген «Жасыл әлем» эмблемасын кеуделеріңе тағып, табиғат қорғаушылары – «жас эколог» болып, ұйым мүшесі боласыңдар.        

                                                                    Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі»   «Келіншек» күйі

                                                   Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Келіншек күйі

  Мамыр

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

Қазақ тілі

  Мектепке не апарамыз?

Міндеті: - Тақпақтар жаттату

Балалар мектепке келді.

– Балалар қайда келді?

– Балалар мектепке келді.

– Мынау – мектеп. Мек-теп. Мынау не?

– Мынау – мектеп.

– Мектепте оқиды, білім алады. Мектепте не істейді?

– Мектепте оқиды, білім алады.

– Мынау – оқушы. Мынау кім?

– Мынау – оқушы.

– Мынау – оқушылар. Мынау кімдер?

– Мынау – оқушылар.

– Мынау – мұғалім. Мынау кім?

– Мұғалім Мынау – сынып. Сы-нып.

– Мынау не?

– Мынау – сынып.

Мектепте сынып бар.

– Мектепте не бар?

– Мектепте сынып бар.

Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен қайталап, дұрыс айтып жаттығады.

Мектепте сыныптар бар.

Мектепте нелер бар?

Мектепте сыныптар бар.

Сыныпта орындықтар бар.

Сыныпта нелер бар? (Үстел, тақта, терезе сөздерін жекеше, көпше айтады).

Қазақ тілі

 Оқушыға не керек?

Міндеті  -  - Фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру

Мен бүгін бір оқушының сөмкесін әкелдім. Ішінде не бар?

Балалар кезекпен келіп сөмке ішіндегі таныс заттарды алып атап, топтайды. Ойын барысында жаңа сөздермен таныстыру.

– Мынау – кітап. Кітап не?

– Кітап – оқу құралы.

– Оқушыға кітап керек пе?

– Оқушыға кітап керек.

– Мынау – мәшине. Мәшине – ойыншық.

– Оқушыға мектепте ойыншық керек пе?

– Оқушыға ойыншық керек емес.

– Мынау – қайшы. Мынау – ... қайшы (жеке-жеке айтады)

– Оқушыға қайшы керек.

– Оқушыға қайшы керек пе?

Оқушыға қайшы керек.

– Мынау – желім. Мынау не?

– Мынау – желім.

– Оқушыға желім керек.

– Оқушыға желім керек пе?

– Оқушыға желім керек.

– Мынау – қылқалам. Мынау не?

– Мынау – қылқалам.

– Оқушыға қылқалам керек.

– Оқушыға қылқалам керек пе?

– Оқушыға қылқалам керек.

Мынау – сурет дәптері. Мынау не?

Мынау – сурет дәптері.

– Оқушыға сурет дәптері керек.

– Оқушыға сурет дәптері керек пе?

– Оқушыға сурет дәптері керек.

Сөздік ойын: «Оқушы не істейді»

Оқушы қаламмен жазады.

Оқушы қайшымен қағаз қияды.

Оқушы қылқаламмен сурет салады.

Оқушы сурет дәптерінде сурет салады.

– Оқушыға оқу құралдары не үшін керек?

– Оқушы қаламмен жазады. Қайшымен қағаз қияды.

– Қылқаламмен сурет салады. Сурет дәптерінде сурет салады.

Сөйлеуді дамыту

 Жаздың кезі көңілді

Міндеті: Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға баулу 

Балалар, біз жолда қарап отырмай, терезеден көргенімізді айта отырайық.

–Қараңдаршы, табиғат қандай сұлу болып, құлпырып кеткен.

–Қазір қандай мезгіл?

–Ендеше, «жаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

–Өте жақсы, балалар.

–Балалар, біздің пойыз ауылдың шетіндегі стансыға келіп тоқтады. Балаларға көмек ретінде жаз мезгіліндегі ауыл бейнесінің суреті ілінеді.

–Кәне, не көріп тұрмыз?

Педагог балалардан «ауыл» сөзіне дыбыстық талдау жасауларын сұрайды.

Пойыздың үні естіліп, балалар келесі стансыға келіп тоқтайды. Стансы «Көл жағасында» деп аталады.

–Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрауларыңды сұраймын. Сөздік жұмыс:

–Балалар, «көл» сөзіне талдау жасайық.

Пойыздың дыбысы мен жүрісі естіліп, балалар саяхатын жалғастырады

  Көркем әдебиет

  Бала біздің – болашақ

 Міндеті: - Сурет бойынша әңгіме құрап айтуын дамыту. Сұрақтарға жауап беруге үйрету. Елімізге лайық азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Жаз мезгілінің бірінші күні, бірінші мерекесі – Балаларды қорғау күні.

– Балалар, сендер болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын азаматсыңдар.

Бұл – сендердің мерекелерің.

– Бүгін біз ақын Қасым Аманжоловтың «Бала – біздің болашақ» атты өлеңімен

танысамыз. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі жеткізеді.

Сөздік жұмысы:

болашақ – алдағы уақыт

сүйсінеміз – қызығамыз

Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап:

– Өлеңнің авторы кім? Өлеңде не туралы айтылған?

– Болашақта сен қандай болғың келеді?

– Өлеңде қандай ұйқас сөздер бар?

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

  Алашаны әшекейлеу

Міндеті:  -  Балалардың сәндік-қолданбалы өнер туралы білімдеріжетілдіру,түзу,ирек,жіңішке,жалпақ әдемі өрнектер сала білу іскерліктерін бекіту

-- Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау,   біріккен жерлерін тегістеу

- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу

-- Құрылыс материалдарынан,   өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Топтық жұмыстар 

                                          Қауіпсіздік сабағы : «КӨШЕДЕГІ БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫНА ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛАДЫ»

Мақсаты: балаларды көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.  .

Бейтаныс адамдар кімдер? Тәрбиеші бейтаныс адамдар деп бала танымайтын немесе бірінші рет көріп тұрған адамдар екенін түсіндіреді. Бейтаныс адамдармен кездескендегі тәртіп (мінез-құлық) ережелері Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамаңыз. Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеңіз, тіпті ол ата-анаңды танимын десе де бармаңыздар. Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу «жоқ» деп кетіп қалу керек. Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаңызға айтыңыз. «Бола ма, болмай ма?» ойыны Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, әртүрлі жағдаяттарды әңгімелейді, ал балалар бұл ұсынылған әрекеттерді істеуге бола ма немесе болмай ма деп айту керек. Мысалдар: «Бейтаныс адам кәмпит ұсынып жатыр», «Көрші алма ұсынып жатыр», «Бейтаныс адам жол сұрап жатыр». «Егер ..., не істеу керек?» ойыны Тәрбиеші қуыршақтармен немесе ойыншықтармен әртүрлі жағдаяттарды ойнатады. Мысалдар: «Қуыршақ балаларға кәмпит ұсынып жатыр», «Ойыншық сізді дүкенге баруға шақырады». Балалар ұсынылған жағдайларға дұрыс әрекет етуі керек.

Пайдалы сілтемелер:

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

  Біз оқушымыз

 Міндеті: - Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу

«Саусақтарды жаттықтыру» – допты кез келген бағытта бір қолмен домалату.

Педагогтің нұсқауымен алдымен допты сол қолмен, сосын оң қолмен, кейін екі қолмен

бірақ дөңгелетеді. Доптың бағытын өзгертпеуге, допты алысқа жібермеуге, доптың артынан үлгеруге тырысады.

«Допты керілген жіптен асырып лақтыру. Шапшаңдыққа жаттықтыру»

Волейбол добын керілген жіптен асырып лақтырып, астынан өтіп, шапшаң аттап, екінші жағынан қайта қағып алады.

«Секіргіштікті жаттықтыру»

20 см биіктікке жүгіріп келіп, секіріп шығу. Секіріп бір аяғына қонады.

Музыка

  Музыка әлеміне саяхат 

Міндеті - - Музыкалық ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету

Музыка тыңдау:

«Сәби қуанышы» (Е. Құсайынов)

Ән айту:

«Қош, балбұлақ балабақшамыз»

(Б. Жұмабекова)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

«Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Гүлдер вальсі» (П. Чайковский, үнтаспада)

Билер: Биді балалардың қалауынша қайталау

Ойындар, хороводтар:

«Кім мектепке тез жиналады»

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)

Дене тәрбиесі

  Біз оқушымыз 

Міндеті: - Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу

«Аңшылар» ( 6 рет).

Балалардың назарын ұшып келе жатқан доптан қаша білуге, ол үшін түрлі тактикаларды қолдана білуге, шапшаң қимылдауға аударту.

Балалар екі топқа бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі 4 м шеңбердің ішінде жүреді.

«Аңшылар» оларды шеңбердің сыртында тұрып, доппен атып алуға тырысады.

Барлық аңшы қолындағы доптарымен атып біткенде, шеңберде қалған қасқарларды санап, оларға ұпай беріледі. Енді олар орын ауыстырады. Көп ұпай алған команда жеңіске жетеді.

«Тосқауыл» ( 4 рет)

Ойыншылар бірінің ішінде бірі тұрған екі шеңберге бөлініп тұрады. Екі шеңбер екі бағытта жүреді. Кенет екі шеңбер де күрт тоқтайды да, ішкі шеңбердегі балалар қол ұстасып

«қақпа» жасап тұрады. Сыртқы шеңбердегі балалар оларды айналып жүре бастайды (шеңберден бір шығып, бір кіріп жүреді). Белгі бойынша ішкі шеңбер қолдарын шұғыл төмен түсіреді (қақпа жабылады). Шеңберден шығып үлгермей, іште қалған ойыншылар ішкі шеңберге қосылады. Ойын жалғаса береді. Екі топтың орнын ауыстырып қайталау.

Дене тәрбиесі

  Біз оқушымыз

 Міндеті: - - Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу

«Аңшылар» ( 6 рет).

Балалардың назарын ұшып келе жатқан доптан қаша білуге, ол үшін түрлі тактикаларды қолдана білуге, шапшаң қимылдауға аударту.

Балалар екі топқа бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі 4 м шеңбердің ішінде жүреді.

«Аңшылар» оларды шеңбердің сыртында тұрып, доппен атып алуға тырысады.

Барлық аңшы қолындағы доптарымен атып біткенде, шеңберде қалған қасқарларды санап, оларға ұпай беріледі. Енді олар орын ауыстырады. Көп ұпай алған команда жеңіске жетеді.

Музыка

  Біз  мектепке  барамыз

Міндеті:  Музыкалық ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету      

 Музыка тыңдау:

«Сәби қуанышы» (Е. Құсайынов)

Ән айту:

«Қош, балбұлақ балабақшамыз»

(Б. Жұмабекова)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

«Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Гүлдер вальсі» (П. Чайковский, үнтаспада)

Билер: Биді балалардың қалауынша қайталау

Ойындар, хороводтар:

«Кім мектепке тез жиналады»

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко)

Серуенге дайындық

 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Мамыр

Серуен-Бақылау  №15

Бақылау: Көбелектерді бақылау.

Мақсаты:

- көбелектер туралы білімдерін молайту: пайда болуы, көбеюі, құрлысы, пайдасы;

-барлық тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қызыл-жасыл көбелек» Ш. Мұхаметжанов

Дала қандай керемет,

Қойның гүлге толады.

Қызыл-жасыл көбелек,

Бір ұшып, бір қонады.

Қанша қусаң көбелек,

Қанаты бір талмайды.

Соныменен не керек,

Ақыры ұстай алмайсың.

Жазда, жасыл алқапта, гүлдер басында әдемі көбелектер ұшып жүреді. Олар сондай әдемі, түрлі-түсті.

Ертеде Римде адамдар көбелектерді өсімдіктер гүлінен пайда болған дегенге сенген

Көбелектің екі жұп қанаты бар. Олар майда қабыршақпен көмкерілген. Сондықтан да оларды қабыршақ қанаттылар деп атайды. Көделектің денесі қабыршақпен және майда шаштармен көмкерілген. Олардың қысқа мұрттары мен үлкен көздері бар. Гүлден гүлге қонып көбелектер шырын жинайды және оларды тозаңдандарады. Жазда ұрғашы көбелектер жер қыртысына жұмыртқаларын жинайды. Бірнеше уақыттан соң жұмыртқалардан құрттар-личинкалыр пайда болады.осы осы құрттардан нағыз көбелектер өседі. Тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін көбелектер адамға жібек алатын жіңішке жіптерін сыйлайды.

Жеке жұмысы

Қай гүлге қандай көбелектер қонып жүргенін қарау. (көбелектер көбіне өзі түстес гүлдерге құмар болады)

Еңбек

Гүлзардағы қоқыстарды жинау

Мақсаты: еңбек ете білу іскерліктерін қалыптастыру, өз беттерінше тазалық жүргізуге деген құштарлықтарын ояту.

Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар».

Мақсаты:тәрбиеші белгісі бойынша жүкіруге, өрмелеуге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны: «Кеглиді құлат».

Мақсаты: Дәлдеп тигізе білуге жаттықтыру

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Мамыр

Серуен-Бақылау  №16

Бақылау: Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту;

Өсімдіктерді күту, суғару іскерліктерін тиянақтау;

Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді

Қандай үй гүлдерін білесіңдер?

Қандай дала гүлдерін білесіңдер?

Олардың қандай айырмашылығы бар?

Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?

Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?

Оларды қалай күтесіңдер?

Гүлді отырғызбас бұрын не істеу керек?

Біздің гүлзарға отырғызуға арнап топта өсіріп жатырған гүлдеріміз қалай аталады?

Гүлдер жақсы өсіп, гүлдеуі үшін не істеуіміз керек?

Осы кезде бізге гүлді неге аулаға отырғызуға болмайды?

Жеке жұмыс

Неге кейбір гүлдер көпжылдық, кейбіл гүлдер бір жылдық деп аталады?

Еңбек

Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту).

Мақсаты:

Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау;

Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.

Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: - Әр гүлдің иісі әр басқа.

Гүл-араға, бал-балаға.

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

 Мамыр

Серуен-Бақылау  №16

Бақылау: Гүлзарды бақылау

Мақсаты:

Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту;

Өсімдіктерді күту, суғару іскерліктерін тиянақтау;

Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді

Қандай үй гүлдерін білесіңдер?

Қандай дала гүлдерін білесіңдер?

Олардың қандай айырмашылығы бар?

Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?

Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?

Оларды қалай күтесіңдер?

Гүлді отырғызбас бұрын не істеу керек?

Жеке жұмыс

Біздің гүлзарға отырғызуға арнап топта өсіріп жатырған гүлдеріміз қалай аталады?

Гүлдер жақсы өсіп, гүлдеуі үшін не істеуіміз керек?

Осы кезде бізге гүлді неге аулаға отырғызуға болмайды?

Неге кейбір гүлдер көпжылдық, кейбіл гүлдер бір жылдық деп аталады?

Еңбек

Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту).

Мақсаты:

Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау;

Гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.

Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: - Әр гүлдің иісі әр басқа.

Гүл-араға, бал-балаға.

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Мамыр

Серуен-Бақылау  №17

Бақылау: Көбелектерді бақылау.

Мақсаты:

- көбелектер туралы білімдерін молайту: пайда болуы, көбеюі, құрлысы, пайдасы;

-барлық тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қызыл-жасыл көбелек» Ш. Мұхаметжанов

Дала қандай керемет,

Қойның гүлге толады.

Қызыл-жасыл көбелек,

Бір ұшып, бір қонады.

Қанша қусаң көбелек,

Қанаты бір талмайды.

Соныменен не керек,

Ақыры ұстай алмайсың.

Жазда, жасыл алқапта, гүлдер басында әдемі көбелектер ұшып жүреді. Олар сондай әдемі, түрлі-түсті.

Ертеде Римде адамдар көбелектерді өсімдіктер гүлінен пайда болған дегенге сенген

Көбелектің екі жұп қанаты бар. Олар майда қабыршақпен көмкерілген. Сондықтан да оларды қабыршақ қанаттылар деп атайды. Көделектің денесі қабыршақпен және майда шаштармен көмкерілген. Олардың қысқа мұрттары мен үлкен көздері бар. Гүлден гүлге қонып көбелектер шырын жинайды және оларды тозаңдандарады. Жазда ұрғашы көбелектер жер қыртысына жұмыртқаларын жинайды. Бірнеше уақыттан соң жұмыртқалардан құрттар-личинкалыр пайда болады.осы осы құрттардан нағыз көбелектер өседі. Тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін көбелектер адамға жібек алатын жіңішке жіптерін сыйлайды.

Жеке  жұмысы

Қай гүлге қандай көбелектер қонып жүргенін қарау. (көбелектер көбіне өзі түстес гүлдерге құмар болады)

Еңбек

Гүлзардағы қоқыстарды жинау

Мақсаты: еңбек ете білу іскерліктерін қалыптастыру, өз беттерінше тазалық жүргізуге деген құштарлықтарын

Қимылды ойын

«Немен қоректенеді?»             Мақсаты:Балалардың  алғырлығы мен ойлау шапшаңдығы дамиды. қарама-қарсы мағыналарды анықтап   айтады

Мамыр

Серуен-Бақылау  №17

Бақылау: Көбелектерді бақылау.

Мақсаты:

- көбелектер туралы білімдерін молайту: пайда болуы, көбеюі, құрлысы, пайдасы;

-барлық тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қызыл-жасыл көбелек» Ш. Мұхаметжанов

Дала қандай керемет,

Қойның гүлге толады.

Қызыл-жасыл көбелек,

Бір ұшып, бір қонады.

Қанша қусаң көбелек,

Қанаты бір талмайды.

Соныменен не керек,

Ақыры ұстай алмайсың.

Жазда, жасыл алқапта, гүлдер басында әдемі көбелектер ұшып жүреді. Олар сондай әдемі, түрлі-түсті.

Ертеде Римде адамдар көбелектерді өсімдіктер гүлінен пайда болған дегенге сенген

Көбелектің екі жұп қанаты бар. Олар майда қабыршақпен көмкерілген. Сондықтан да оларды қабыршақ қанаттылар деп атайды. Көделектің денесі қабыршақпен және майда шаштармен көмкерілген. Олардың қысқа мұрттары мен үлкен көздері бар. Гүлден гүлге қонып көбелектер шырын жинайды және оларды тозаңдандарады. Жазда ұрғашы көбелектер жер қыртысына жұмыртқаларын жинайды. Бірнеше уақыттан соң жұмыртқалардан құрттар-личинкалыр пайда болады.осы осы құрттардан нағыз көбелектер өседі. Тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін көбелектер адамға жібек алатын жіңішке жіптерін сыйлайды.

Жеке  жұмысы

Қай гүлге қандай көбелектер қонып жүргенін қарау. (көбелектер көбіне өзі түстес гүлдерге құмар болады)

Еңбек

Гүлзардағы қоқыстарды жинау

Мақсаты: еңбек ете білу іскерліктерін қалыптастыру, өз беттерінше тазалық жүргізуге деген құштарлықтарын

Қимылды ойын

«Қай топ тез жиналады?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру.

Жаттығу ойыны «Құлап қалма».

Мақсаты: бөрене үстімен жүруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: - Әр гүлдің иісі әр басқа.

Гүл-араға, бал-балаға.

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.

Еркін ойындар балалардың қалауы бойынша

Серуеннен оралу

                                        Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс

 Қанат Бақдәулет

Ертегідегі  дыбыстар мен сөздерді айтуға  үйрету.

 Қанат Бақдәулет

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел,орындық,) құрастыруға  үйрету

 Қанат Бақдәулет

Ертегідегі  дыбыстар мен сөздерді айтуға  үйрету

 Қанат Бақдәулет

 пішіндерді салыстыра білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Атын атап бер»

Мақсаты: Пішіндердің түстерін атайды сипау арқылы сипаттайды.

 Қанат Бақдәулет

отан туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету..

Балалардың  іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Шегіртке.

Ш-ш-ш-шегірткемін ш-ш-ш-шырылдақ,

Ән саламын ш-шырылдап:

-ш-ш-ш-ш-ш

Жоқ тұрақты мекенім,

Ш-ш-ш-шөпті қорек етемін.

-ш-ш-ш-ш-ш

(Шегіртке болып «ш»дыбысын айтып көр.)

Қоңыз.

Тым қатулы кескіні,

Жақтырмаймын ешкімді,

Үлкен қара қоңыздың

Дауысы алыстан естілді:

-ж-ж-ж-ж-ж

Мұндай сұмдық бола ма?

Келе салып сонаға

Гүжілдеді: «Бұл ж-ж-ж-жерге

Енді қайтіп ж-ж-ж-жолама!»

-ж-ж-ж-ж-ж

Көбелек пен инелік

Қалды тіптен именіп.

Мұңды әуен басталды

Шегірткеміз күйзеліп:

-ш-ш-ш-ш

Ызылдады ара да:

-з-з-з-з-з

Ызылдады маса да:

-з-з-з-з-з

Ал өрмекші үн түнсіз

Жасырынды тасаға

«Тыныштықты бүгінгі

Келді дағы бүлдірді»-

Деп қоңызға құмырсқа

Өз ренішін білдірді.

Ал қоңызға бәрібір,

Айтатыны: «Ары ж-ж-жүр!»

Жанында еш досы жоқ,

Гүж-гүж етіп әлі жүр.

(Балақай, ойыншық жәндіктермен үстел театрын жасап ойнауға болады. Әр жәндіктің сөзін айтып болған соң, оның дыбысын салуды ұмытпа)

    Еліктеу ойындары:
“Кім жақсы айтады”

Р-р-р-ррр                                              

Ы-ы-ыы-ыыы

Ойын: «Күн мен жаңбыр» 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Ойынның шарты:Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды.
ҰсынысТәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді
«терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қа   райды.

Ойын: «Өзен»

Кішкене өзен арқылы.

Мақсаты: балаларды   ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Бірі бәрі  үшін, Бәрі  бір  үшін. Сезімін  қалыптастырады  және  достыққа  тәрбиелейді.

Көрнекіліктер:тақтай,жіп.
Шарты: Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

Гүлдерді иіскейік. Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Балалардың үйге қайтуы

 Өнегелі 15 минут 

Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

 .

Өнегелі 15 минут

Текст