«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат.
Ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiнiң негiзгi бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ететiн жекелеген мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игiлiктер беру, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін негізге ала отырып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында біз көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны 33 болды, оның ішінде:
1.403002 Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау» – 7 (Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкіметі арқылы/қағаз түрінде).
2.403003 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -20 (Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкіметі арқылы/қағаз түрінде) .
3.403003 Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау – 6 (Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкіметі арқылы/қағаз түрінде).
4.803006 Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру – 0.
5. 403010 Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқытуға рұқсат беру және оқыту-0.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мектепте мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша анық көрсетілген ақпараттық стенд, сонымен қатар тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметтерді алуы үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы мәліметтер.
2023 жылы «Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне көрсетілетін қызметті алушылардан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.