Текст
Бір ойынның көмегімен көптеген білім беру міндеттерін шешуге болады. Өзі сезбей-ақ сәбилер цифрлар мен әріптерді меңгере бастайды; түс, пішінді біледі және есінде сақтайды; қолдың ұсақ моторикасын шынықтырады; тілін, ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді. Ойындар оқу, математикалық дағдылар, құрастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдері арқылы жүреді.