2023 - 2024 оқу жылына арналған
Білім беру ұйымы Қына ауылы ЖОББМ'КММ жанындағы Айгөлек шағын орталығы
Топ/сынып
Ересек топ
Балалардың жасы 4
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету)
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қазан |
Дене шынықтыру |
жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру |
Сөйлеуді дамыту |
сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту |
|
Көркем әдебиет |
мәнерлеп оқу. Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, өлеңнің мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету. |
|
Математика негіздері |
заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету. |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер); жүктің сипаты және қолданылуы машинаның құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы және тағы басқа); мамандықтар және ересектердің еңбегімен таныстыру |
|
Құрастыру |
сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру |
|
Сурет салу |
көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу; |
|
Мүсіндеу |
пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу |
|
Жапсыру |
текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға, ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге, желімді, сүлгіні қолдануды үйрету. |
|
Музыка |
әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау; |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қараша |
Дене шынықтыру |
секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру), 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру, баланың қолын көтергендегі биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өту, 4–5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см), 20–25 см биіктікке секіру; бір аяқпен секіру (шамамен 4–5 рет оң және сол аяқпен). Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру); |
Сөйлеуді дамыту |
жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану; |
|
Көркем әдебиет |
мазмұндау. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, диалогтік сөйлеуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету |
|
Математика негіздері |
5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды реті бойынша атауға және қорытынды санды атауға, "Барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі 2 қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
телефон, компьютер, теледидардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерімен таныстыру.
Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. |
|
Құрастыру |
үлгі бойынша құрастыру; |
|
Сурет салу |
дөңгелек пішінді заттарды салу; |
|
Мүсіндеу |
балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету; |
|
Жапсыру |
дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту. |
|
Музыка |
дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету; |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Желтоқсан |
Дене шынықтыру |
домалату, қағып алу, лақтыру. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта), допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру;
|
Сөйлеуді дамыту |
сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану. әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру |
|
Көркем әдебиет |
театрландырылған әрекет дағдыларын дамыту |
|
Математика негіздері |
теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстан республикасының бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
|
Құрастыру |
умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру |
|
Сурет салу |
қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. |
|
Мүсіндеу |
кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту. |
|
Жапсыру |
Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру |
|
Музыка |
хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айту дағдыларын қалыптастыру. |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Қаңтар |
Дене шынықтыру |
еңбектеу, өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа, оңға, солға ауысу |
Сөйлеуді дамыту |
Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту, сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету. |
|
Көркем әдебиет |
адамгершілік нормалары туралы түсінік Келесі дағдыларды қалыптастыру: ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас; адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету; әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру; |
|
Математика негіздері |
теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту),бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру өлі табиғат нысандары- су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту; табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:
|
|
Құрастыру |
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту. |
|
Сурет салу |
қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру |
|
Мүсіндеу |
жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану; |
|
Жапсыру |
қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу |
|
Музыка |
би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру; |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Ақпан |
Дене шынықтыру |
тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтаймен (ені 2 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту; |
Сөйлеуді дамыту |
Театрландырылған әрекетке, драматизация ойындарына және қуыршақ спектакльдеріне, саусақ ойындарына балаларға түсінікті "қуыршақты жүргізу" техникасын қолдана отырып, қатысу ниеттерін дамыту |
|
Көркем әдебиет |
таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау; ертегі желісін ретімен орындауға үйрету |
|
Математика негіздері |
5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, "Нешінші?", "Саны бойынша қайсысы?" сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту; |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
балалардың бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін байыту. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; |
|
Құрастыру |
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. |
|
Сурет салу |
қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. |
|
Мүсіндеу |
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру; |
|
Жапсыру |
жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасау |
|
Музыка |
жүрелеп отыруды ырғақты орындаумен, қимылды музыкамен сәйкестендіру, музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Наурыз |
Дене шынықтыру |
сапқа тұру, сапқа құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу. |
Сөйлеуді дамыту |
Кейіпкерлердің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру, ұсынылған тақырып бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету |
|
Көркем әдебиет |
театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлерін(саусақ, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа) меңгерту |
|
Математика негіздері |
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;
2) биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;
3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану. |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Жануарлар әлемі:үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалуы, күз мезгіліндегі (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы,) қоректену тәсілдері және қысқы дайындығы туралы білімдерін кеңейту. |
|
Құрастыру |
Конструктор бөлшектерінен құрастыру.Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру, бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру. |
|
Сурет салу |
элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру; қазақ оюларының кейбір элементтерін салу; |
|
Мүсіндеу |
ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді өзара бөлісу |
|
Жапсыру |
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру;
2) заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру;
3) дөңгелектер мен сопақтарды қию; |
|
Музыка |
Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндету, хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу, халық ойындарының көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру. |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Сәуір |
Дене шынықтыру |
Балалардың доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру |
Сөйлеуді дамыту |
заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорына жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ендіру (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) |
|
Көркем әдебиет |
Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге үйрету |
|
Математика негіздері |
Геометриялық пішіндер: балаларды геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру. |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру.
3) бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру (кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды): |
|
Құрастыру |
бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру; әртүрлі "пластик" түріндегі үлгілер жасау; |
|
Сурет салу |
заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету; |
|
Мүсіндеу |
Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу |
|
Жапсыру |
ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті жабыстыру |
|
Музыка |
әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу; түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау |
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері |
Мамыр |
Дене шынықтыру |
Мәдени-гигиеналық дағдылар. Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану |
Сөйлеуді дамыту |
балалардың сөздік қорын тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық заттардың атауларымен байыту, олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру; |
|
Көркем әдебиет |
таныс бірнеше шығармаларды атауға, мазмұндауға,сахналауға үйрету |
|
Математика негіздері |
Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар). Уақытты бағдарлау.Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру |
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Келесі білімдерін қалыптастыру: 1) өсімдіктер және олардың көктем мезгіліндегі тіршілігі туралы; 2) шөптесін өсімдіктер (4-5 түрлері), жидектер, саңырауқұлақтар туралы; 3) өсімдіктердің орманда, бақта, бауда, далада өсетіндері туралы; 4) пияздың және шөптің бөлмедегі жағдайда өсуі туралы; 5) өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау туралы. балалардың қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға баулу. |
|
Құрастыру |
қағаздан "оригами" үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру. |
|
Сурет салу |
Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру. Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту |
|
Мүсіндеу |
Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту |
|
Жапсыру |
элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру. |
|
Музыка |
фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау |