16.06.2026
Құрметті ата-аналар, педагогтер және білім алушылар!
Ақмола облысында «Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы» КММ білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететінін еске саламыз.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
* консультациялық-дамытушылық жұмыс;
* ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;
* ұйымдастырушылық қызмет;
* жедел психологиялық қолдау көрсету;
* мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
* ведомствоаралық және ішкі ведомстволық өзара іс-қимыл;
* халықаралық ынтымақтастық.
Орталықтың басты мақсаты – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық саулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушыларға білікті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Егер сізге маманның кеңесі немесе көмегі қажет болса, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыз:
📍 Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 17, НП-2
📞 Сенім телефоны:44-53-23
📱 WhatsApp:8 (708) 044-53-23
☎️ Әдістемелік бөлім: 50-32-65
Сонымен қатар, пайдалы ақпараттармен Instagram желісіндегі @aqmola_cpp парақшасы арқылы таныса аласыз.
Психологиялық қолдау – әрбір баланың эмоционалдық саулығын сақтауға және жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды көмек.