02.09.2026
Өткізілген сыныптар: 2, 3 а сыныптар
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы екендігі түсіндірілді. Сынып сағаты барысында оқушылар Конституцияның маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жас ерекшеліктеріне сай түсінік алды.Сабақ барысында оқушыларға адалдық, жауапкершілік, Отанды сүю, өз құқығын білу және өзгенің құқығын құрметтеу ұғымдары түсіндірілді. Әңгімелесу, сұрақ-жауап және танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығы арттырылды.Оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтырып, өз елінің азаматы ретінде заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және қоғамға пайдалы болу қажеттігін түсінді.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, Конституцияға деген құрметін арттыруға және елжандылық сезімін тәрбиелеуге бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Сынып сағаты өз мақсатына жетті.