18.11.2025
Тақырыбы: «ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған! Өнер жан-жақтылықта, ал күш бірлікте. Қауіпсіздік – басты ереже»
1 «А» сыныбында «ДОСБОЛLIKE. Буллингтен қорған! Өнер жан-жақтылықта, ал күш бірлікте. Қауіпсіздік – басты ереже» тақырыбында біріктірілген сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды достыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелеу, буллингтен қорғану жолдарын үйрету, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сабақ барысында мұғалім достық пен бір-бірін құрметтеу туралы бейнеролик көрсетіп, «Жақсы дос қандай болады?» деген сұрақтар арқылы оқушылармен ашық әңгіме жүргізді.
Балалар буллингтің не екенін, қандай әрекеттердің дұрыс емес екенін талқылап, жағдаяттарды шешу арқылы дұрыс мінез-құлықты анықтады.
Оқушылар «Өнер жан-жақтылықта» бөлімі бойынша сурет салып, шағын көріністер көрсетіп, өз таланттарын таныстырды. Топтық тапсырмада олар «Бірлік – біздің күшіміз!» атты ортақ шығармашылық жұмыс жасады.
Сонымен қатар, сыныпта «Қауіпсіздік сабағы» өтті. Балалар жолда, мектепте және үйде сақталатын негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталап, «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны арқылы түрлі жағдайларды салыстырды.
Сынып сағаты өте жылы, достық атмосферада өтті. Балалар бір-бірін қолдап, ортақ ойларын ашық жеткізді.
Соңында оқушылар бір дауыспен:
«Біз – ДОСБОЛLIKE! Біз буллингке қарсымыз! Өнер – шабыт, бірлік – күш! Қауіпсіздік – басты ереже!» – деген ұран айтты.