Текст
5-сыныптағы ағылшын тілі сабағында «Vocabulary puzzles: Family. Adjectives» тақырыбы бойынша оқушылар жаңа сөздермен белсенді жұмыс істеп, лексикалық жұмбақтарды шешті және «Отбасы» тақырыбына қатысты сын есімдерді бекітуге арналған ойындар ойнады. Олар тапсырмаларды сәтті орындап, сөздік қорын жақсартты. 6-сыныпта «Across the curriculum: History» тақырыбындағы сабақта оқушылар тарих пәнінің оқу бағдарламасына байланысты тарихи деректерді оқыды. Тапсырмалар ағылшын тілінде мәтінді оқу және түсіну дағдыларын дамытуға, сондай-ақ тарих сабағында талқыланатын оқиғалар туралы білімдерін кеңейтуге бағытталды. Екі сабақта да интерактивті тақта қолданылып, сабақтарды анағұрлым қызықты және серпінді етті.