26.11.2024
Пікірсайыс: «Мен және менің құқығым» 7 – 8 А, 9А сынып оқушыларымен пікірсайыс өткізілді.Пікірсайыс барысында оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Құқықтық нормалар мен адамның негізгі құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Өз пікірін еркін білдіруге, дәлелді түрде қорғауға, сын тұрғысынан ойлануға баулу.
Қарастырылған сұрақтар:
Адам құқықтары мен міндеттері қалай теңестіріледі?
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша қандай заңдар бар?
Әр адамның өз құқығын білуі не үшін маңызды?
Бұл сұрақтар бойынша пікір алмасу барысында оқушылар нақты мысалдар келтіріп, өз ойларымен бөлісті. Талқылау барысында азаматтық құқық пен міндеттердің үйлесімділігі әділетті және дамыған қоғамның негізі екені айқындалды.