Табысты менеджер-2024
«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы»КММ-нің
жылдық жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер - 2024» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептердің, техникалық және кәсіби білім беру, жеке білім беру ұйымдары басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталды.
Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және облыста білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болып табылды.
Аудандық кезең 2024 жылғы 19-20 қараша аралығында өткізілді. Екінші кезең-облыстық 2024 жылғы 27-28 қараша күндері өткізілді.
Байқау барысында облыстың білім беру ұйымдары арасында жоғары кәсіби рейтингі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшылар айқындалды.
Байқау келесі үрдістерді қамтыды:
1. «Мен табысты басшымын» - интерактивті презентация
2. «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобаны интерактивті қорғау.
3. «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы эссе.
4.«Басқарудағы менің жетістіктерім» - бейнебаян.
Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Қына ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Зейб Елена Владимировна екінші жүлделі орынға ие болып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.Елена Владимировнаға одан әрі шығармашылық табыс, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жетістіктерді тілейміз!
А.Жаншугурова-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.