Текст
География және биология пәнінің мұғалімі Мусафирова Ж.У. "Есте сақтауды дамыту" тақырыбында пікірсайыс түрінде ЦППР бойынша іс-шара өткізді, ата-аналар екі топқа бөлініп, өз көзқарастарын қорғады. Олар сұрақтарға жауап берді, "Есте сақтауды дамытуда мнемотехниканы қолдану" бейнеролигін көрді, "Ассоциация әдісі" ойынын ойнады, "Сөз эстафетасы" жаттығуларын орындады, сабақ соңында рефлексия түрінде "Шырын сыққыш" ойынын өткізді . Іс-шара қызықты және танымдық өтті.