Текст
9б сыныбында геометрия пәнінен «Синустар теоремасы» тақырыбында электронды оқулық арқылы TopiQ.kz платформа бойынша сабақ өтті. Электрондық оқулық – оқушыларға қолжетімді формада берілген. Теориялық материалды интерактивті оқулық түрінде беру балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқулықтың электронды түрін фронтальды жұмыста, жұптық жұмыс кезінде, үй тапсырмасын орындау кезінде пайдалануға болады.