7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық күні идеясы 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының бірінші сессиясында ұсынылды. Бірақ 1948 жылы бұл Дүниежүзілік күн 22 шілдеде, ДДҰ Жарғысы ратификацияланған күні атап өтілетін. ДДҰ жыл сайынғы Дүниежүзілік денсаулық күнін кез-келген тақырыпқа арнайды және осы күні де 7 сәуірден кейін де әр түрлі үгіт-насихат шараларын өткізеді. Атап айтқанда, оларға БҰҰ Бас хатшысы мен ДДҰ бас директоры осы күнге арналған жыл сайынғы жолдауларында назар аударады. 2025 жылы 7 сәуір күнінің тақырыбы- "Салауатты өмірдің басталуы-гүлденген болашақтың кепілі". Біздің мектепте күн сайын сабаққа дейін таңертеңгілік жаттығулар, дене шынықтыру сабақтары, спорт секциялары мен жарыстар, сыныптан тыс іс-шаралар, сабақта дене шынықтыру минуттары өткізіледі. Оқушылар дене шынықтыру сабақтарына қатысады, салауатты өмір салтын ұстанады.