Сабақ «Holiday Activities» тақырыбына арналды және оқушылардың жазу дағдылары мен грамматикалық біліктіліктерін дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар тақырыптық лексикамен жұмыс істеп, баспа түріндегі тапсырмаларды (сәйкестендіру және бос орындарды толтыру) орындады, сондай-ақ Wordwall платформасындағы интерактивті жаттығуларды орындау арқылы материалды жақсы меңгеруге және жұмыс түрлерін әртараптандыруға мүмкіндік алды.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды «Holiday Activities» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен таныстыру;
Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы жазу дағдыларын бекіту;
Тақырыпқа байланысты грамматикалық құрылымдарды (Past Simple / Present Perfect) қайталау және қолдану;
Цифрлық ресурстар мен интерактивті тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру.