Сынып сағаты туралы қысқаша есеп
Күні: 02.09.2025
Сынып: 1-сынып
Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Сынып жетекшісі: Пустовит Анжелика Владимировна
Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын дамыту, Отан туралы білімдерін кеңейту.
Қысқаша мазмұны:
Сынып сағатында оқушылар «Отан» ұғымымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, елордасымен және табиғатымен танысты. Балалар әңгімеге белсенді қатысты, «Дұрыс–бұрыс» викторинасын ойнады, «Артық сөзді тап» және «Менің Отаным үш сөзбен» тапсырмаларын орындады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс істеуге дағдыланды.
Қорытынды: іс-шара сәтті өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар Отан туралы білімдерін кеңейтті, Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін көрсетті.