Текст
«Қазақстан халқы тілдері» күніне орай білім ошағымызда 5-18 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі » атты мерекелік онкүндік өтетін болады.
Бүгін мерекеге арналған салтанатты лездеме болды. Салтанатты лездемеде мектеп директоры Е.В.Зейб құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды тіл мерекесіне белсене қатысуларын сұрады. Оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқыды.