08.12.2025
1 «А» сыныбында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды қазақ халқының даңқты ұлы, ержүрек қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірі және ерлігімен таныстыру, оларды батылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сынып сағатының барысы:
• Мұғалім сабақ басында Бауыржан Момышұлының суретін көрсетіп, оның кім болғаны туралы қысқаша әңгімелеп берді.
• Балаларға батырдың өмірінен жеңіл, түсінікті ақпарат берілді: оның батылдығы, тәртіптілігі, Отанына адалдығы жөнінде айтылды.
• Экранда батырға байланысты суреттер мен сөздер көрсетілді: «батыр», «ерлік», «Отан», «жауынгер». Оқушылар оларды оқып, мағынасын түсіндірді.
• Мұғалім Бауыржан атаның соғыс кезіндегі ерлігі туралы шағын әңгіме айтып берді. Оқушылар тыңдап, өз ойларымен бөлісті.
• Топтық жұмыс ұйымдастырылды: оқушылар суретке қарап “батыр қандай болуы керек?” деген сұраққа жауап берді.
• Жеке жұмыс барысында әр бала «батыр» сөзіне байланысты бір сөйлем құрап айтты.
• Сабақ соңында рефлексия жүргізілді: оқушылар “маған не ұнады?” сұрағына смайликтер арқылы жауап берді.