Текст
06.02.2026
5-6" Б "сыныбында"Заң және тәртіп" сынып сағаты өтті. Сабақтың эпиграфы: "Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды".
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу; оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс проблемасын талқылау; оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерін түсіндіру; өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушылар бейнероликті көріп, тапсырмаларды орындады.