Текст
11.02.2026
Математика, физика және информатика онкүндігі — оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған тартымды білім беру іс-шарасы.
11.02.2026 күні информатика пәні бойынша викторина өтті. Бұл — ақпараттық технологиялар, алгоритмдер және компьютерлік сауаттылық саласындағы білімді тексеруге және кеңейтуге бағытталған танымдық әрі қызықты іс-шара. Қатысушыларды қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар және практикалық жұмыстар күтіп, олардың ойлау қабілетін, зейінін және заманауи технологияларға деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді.