02.03.2026
Түлектерге алғыс білдіру
11 «Б», 9 «А», 9 «Б» сынып оқушылары арасында 5-сыныптан бері аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып келе жатқан оқушылар бар. Олар волейбол, шаңғы, жеңіл атлетика, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі бойынша өнер көрсетіп жүр. Олар спортқа жақын, белсенді, жауапты оқушылар!
Алғыс айту күніне орай оларға шағын тәтті сыйлықтар беріп, осындай керемет жандар болғандары үшін «РАҚМЕТ!» айтқым келді!
Сондай-ақ, балаларын әрдайым қолдап, жылдар бойы жарыс сапарларын қаржыландырып, жеңістеріне қуанып, жеңілістеріне бірге алаңдап, жарыстарға келіп жанкүйер болып жүрген ата-аналарына да алғыс білдіремін!
Сіздерге үлкен рақмет, Евгений, Кирилл, Ламис, Асель, Аңсар, Нұрдәулет, Ботагөз, Еркінбек, Дмитрий, Руслан, Виктория, Назима, Валерия, Далер, Алина! ❤️❤️❤️
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Лауб Людмила Николаевна.