06.03.2026
8 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Недопёкина С.Ф. «Алғыс жүректен шығады» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың бойында алғыс айту, құрмет пен мейірімділік сезімдерін қалыптастыру, айналадағы адамдарға ризашылық білдіру дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында оқушыларға «Алғыс туралы мысал әңгіме» көрсетіліп, кейін ол бойынша талқылау жүргізілді. Оқушылар алғыс айту мерекесінің мәні мен оның пайда болу тарихымен танысты.
Сонымен қатар оқушылар «Бүгінгі алғыс» және «Алғыс ағашы» атты жаттығуларды орындап, күнделікті өмірде өздерін қоршаған адамдарға ризашылықтарын білдірді.
Сынып сағаты танымдық әрі қызықты өтті, оқушылардың бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға және жақсы істерді бағалай білуге ықпал етті.