Текст
19.03.2026
Екінші сынып оқушылары оқу тоқсанын қызықты әрі мазмұнды тапсырмалармен аяқтады!
Орыс тілі пәні бойынша оқушылар «Орфографиялық квест» брошюрасындағы тапсырмаларды орындап, ережелерді қайталап, сауатты жазу дағдыларын көрсетті.
Математика пәнінен «Жылдам есепте» атты киіз үй пішініндегі раскладушкамен жұмыс жасап, көбейту кестесін бекітті.
Дүниетану сабағында оқушылар билеттер бойынша жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Сондай-ақ оқушылар Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық қолөнер жұмысын жасап шықты.
Тоқсан қызықты, нәтижелі және көтеріңкі көңіл күймен аяқталды!