Текст
06.04.2026
Орта буындағы дене шынықтыру сабағы
6 сәуір күні 5–6 «Б» сыныбында дене шынықтыру сабағында ойын кеңістігінде бағдарлану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушылар күшті, үйлесімділікті және ептілікті дамытуға арналған тапсырмаларды орындады. Үйренген дағдыларын қозғалмалы ойындарда, соның ішінде баскетбол ойынында қолданды.
Сабақтың мақсаты орындалды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Лауб Людмила Николаевна.