"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Айналамыздағы ғажайыптар

21.04.2026

2-сыныпта «Айналамыздағы ғажайыптар» тақырыбында әдебиеттік оқу сабағы өтті.

Сабақ барысында оқушылар Геннадий Снегиревтің «Ғажайып қайық» және Екатерина Карганованың «Құстардың ән салғанын қалаймыз» атты шығармаларымен танысты. Оқушылар презентациямен жұмыс жасап, мәтіндерді оқып, авторлар туралы мәлімет алды.

Сабақта топтық жұмысқа ерекше көңіл бөлінді: оқушылар бірлесе отырып, екі шығарманы салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, салыстырмалы кесте құрастырды.

Сонымен қатар, оқушылар жеке жұмыс орындап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді және тест тапсырмаларын орындау арқылы оқығандарын еске түсіріп, білімдерін бекітті.

Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтті, оқушылардың оқу сауаттылығын, талдау дағдыларын және топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етті.

Просмотров: 47


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст