Текст
23.04.2026
Құстарға ұя жасау
Мектебімізде көркем еңбек пәні аясында оқушылар «Құстарға ұя жасау» тақырыбында қызықты жұмыс жүргізді. Оқушылар табиғатты қорғау және құстарға қамқорлық жасау мақсатында өз қолдарымен ағаштан ұялар дайындады.Дайын болған ұялар мектеп ауласына орнатылып, құстарға қолайлы орта жасалды. Бұл жұмыс оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулыды.
Көркем еңбек пәні мұғалімі: Силам М