Текст
29.04.2026
Өрт сөндіру бөліміне жасалған экскурсия түлектер үшін маңызды әрі танымдық іс-шара болды. Оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді, өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдайларда әрекет ету жолдарын білді. Өрт сөндіру қызметінің мамандары өз мамандықтары туралы айтып, киім-кешектерін көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл экскурсия түлектердің ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандық таңдауға ықпал етті.