19.05.2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес, өскелең ұрпақ бойында адалдық, әділдік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 5–6 «А» сыныбында «Бауыржан Момышұлына арналған Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы өмірі мен ерлігі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, өнегелі сөздері насихатталды. Сонымен қатар адалдық, патриотизм, жауапкершілік, елге қызмет ету секілді құндылықтар кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Пікірталас барысында адал азамат болудың маңыздылығы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде түсініктер берілді.