04.06.2026
2025–2026 оқу жылындағы спорттық жетістіктер
Оқу жылында мектебіміздің волейболшылары өте жақсы нәтижелер көрсетті.
Бүркітбаев Аңсар мен Ергенжан Нұрдәулет Ақкөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы құрамында облыстық жарыста І орынға ие болып, республикалық турнирге қатысты.
7–8 сынып оқушыларынан құралған ұлдар құрамасы «Жастар» бағдарламасы аясындағы аудандық жарыста І орын алып, облыстық жарысқа қатысты.
9–11 сынып оқушыларынан құралған ұлдар құрамасы да «Жастар» бағдарламасы аясындағы аудандық жарыста І орынға ие болып, облыстық аймақтық жарыстарға қатысты.
Аудандық турнирде мектеп құрамасы ІІ орын алды.
«Аманат» партиясының кубогы үшін өткен турнирде команда үш рет қатысып, І орын, кейін VII орын және ІІ орын иеленді. Оқушылар әр жарыста жоғары нәтиже көрсетті.
Қыздар құрамасы аудандық турнирге қатысты.
Бүркітбаев Аңсар волейболдан аудан құрамасында болып , облыстық «Ақбидай» жарысына қатысты.
Ғалымов Алихан Ақкөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасында волейболдан облыстық турнирге қатысты.
Бұл оқу жылы спорттық жетістіктерге толы, белсенді әрі нәтижелі болды!
Барлық оқушыларға және олардың ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Лауб Людмила Николаевна