"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 Наурыз

11.03.2019

Мектеп тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2019 жылдың 04-07 наурыз аралығында 8 Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Көктеммен бірге бізге тамаша мереке8 наурыз  – Халықаралық әйелдер күні келді. 8 Наурыз - көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйелдер күлімсіреуімен жылытады, гүлдер шашылып, нәзіктікпен әшекейленген.
4 наурыз күні бастауыш сынып оқушылары мерекелік ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Сайыс өткізіліп, жиналған қауымды және қонақтарды мерекемен құттықтап, әр түрлі көркем өнерпаздар нөмірлерін дайындады. Би өлеңдермен, ән — конкурстармен ауысып отырды. Құттықтаулар, әндер, билер, өлеңдер аналар мен мұғалімдер үшін айтылды.
Шағын орталық пен мектепалды даярлық топтарында Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өтті. Тәрбиешілер балалармен тақпақтар жаттап, әңгіме өткізді, қойылымдар дайындады, ән мен би жаттады. Зал безендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Барлық жерде мереке атмосферасы орналды. Балалар ертеңгілікке көңілді келді. Олардың үміті ақталды. Балалар өздерінің өлеңдерімен, билерімен, әндерімен және қойылымдарымен аналарға көптеген жақсы сөздер, нәзіктік пен көңіл-күй сыйлады. Өз балаларының өнерін көріп, көптеген аналардың көңілінен шықты. Ал кейбір билер мен ойындарға ересектер балалармен қатар қатысты. Ата-аналар өте риза болды және өз балаларының жетістіктерін мақтан етті.
6 наурыз күні мектепте "Ең үздік сынып аналар!" атты сайыс бағдарламасы өтті.»
Сайысқа сынып жетекшілері, аналар мен қыздар қатысты. Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрды: "Таныстыру", онда сынып жетекшісі өзін, анасын және қатысушыны таныстырды. Екінші "интеллектуалды" сайысына сынып қыздары қатысты, олар сұрақтарға жауап берді. Келесі "аспаздық" сайысы болды, оған сынып аналары дәмді тағамдар дайындап әкелді. "Музыкалық" атты соңғы сайыс, онда сынып жетекшісі, сынып аналары мен қыздары өздерінің музыкалық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды, байқаудың жеңімпаздары болып 6Б сыныбы танылды, оларға "Ең үздік сынып аналар!". Концерттік бағдарлама жақсы, шуақты, мерекелік көңіл-күй қалдырды!


Жауап ТЖ жөніндегі директор Ж. Абдрахманова

 

Просмотров: 577

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст