"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейірімділік - асыл қасиет

09.02.2018

2 "А"сыныбында өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы:  «Мейірімділік асыл қасиет»

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «мейірімділік», «қайырымдылық» туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-        

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-        

Өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;

-        

Татулыққа, сыйластыққа, мейірбандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы: сабақты оқушылар амандасу

салтымен бастады. сабақтың табқырыбы хабарланып, дәйексөзбен танысты.

Дәйексөздің мағынасы талданып, пікір алмасты.

Мұғалімнің сыйы айдарында оқушылар мейірімділік,

бауырмалдық және қайырымдылық туралы ертегі тамашалады.  Ертегіден алған әсерлерін ортаға салып,

сұрақтарға жауп берді. ойларын қорытындылап, мейірімділікті анадан

үйренетіндерін айтып, сиквейн, яғни «АНА» сөзіне топтастыру жасады. Сергіту

сәті ретінде оқушылар «болады - болиайды» ойынын ойнады. Жақсы қасиеттер

айтылса хормен болады деп шапалақ соқса, жаман қисеттер айтылса болмайды деп

аяқпен тарсылдатып, көңілдерін бір көтеріп алды.

Шығармашылық тапсырма ретінде балаларға

«Мейірімділік үйін» құрастыру жұмысы берілді. Тапсырманы топпен орындап, ортаға

шығып талқылады.

«Кім мейірімді? Не мейірімді?» ойынында сөйлемді

толықтырып кезекпен айтып берді.

Үй жұмысына мейірімділік туралы мақал мәтел жазу

тапсырылып, сабақ соңында топпен ана туралы ән айтылды.

Қорыта айтқанда сабаққа оқушылар белсенді қатысып,

сабақ қызықты әрі тартысты өтті.

Просмотров: 893

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст