Жыл сайын "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін жария талқылау жүргізіледі. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған. Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ сайтында, "Қызмет" бөлімінде 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылатын болады. Қына ауылының тұрғындарына " Пікір " терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі. 17.03.2022 жылы сағат 15:00-де мектеп директоры
Е. В. Зейбтің қатысуымен "Instagram" әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есепті қоғамдық талқылаулар өтеді. Барлық ауыл тұрғындарына қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз!