«Тоғызқұмалақ» - қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл – ойды дамытуға арналған ойыны. Тоғықұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақсатн Тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан жылға дамып келеді.
Біздің мектебімізде 5-9 сыныптар арасында «Тоғызқұмалақ» ойынын үйрету мақсатында оқу жылының басынан үйірме жұмыс жасап келеді. Үйірме аптасына 3 рет сейсенбі,сәрсенбі және бейсенбі күндері өткізілуде. Оқушыларымыз спорттық ойындаға, жарыстарға үнемі белсенді қатысып жүреді. Әрдайым денешынықтыру сайыстарына қызығушылық біздің мектепте өте жоғары.
Үйірмеде оқушылар жұп-жұппен «Тоғықұмалақ» ойынын ойнап, тереңірек түсініп, ойнау тактикасын өте жоғары деңдейде үйреніп келеді. Үйірменің жарты жылдық жұмысын қорытындылау мақсатында қаңтар айының 23-і күні мектепішілік тоғызқұмалақ жарысы өтті. Нәтижесінде ұлдар арасында 1 -орын 6 «А» сынып оқушысы Буркитбаев Ансар, 2 – орын 6 «А» сынып оқушысы Ергенжан Нурдаулет, 3 – орын 6 «Б» сынып оқушысы Богач Дмитрий иеленсе, қыздар арасында 1 -орын 6 «А» сынып оқушысы Өмірбекқызы Айым, 2 – орын 6 «А» сынып оқушысы Естаева Гулназ, 3 – орын 9 «Б» сынып оқушысы Морозова Ульяна иеленді. Оқушылар саптық жиында мадақтамалар мен медальдармен марапаттталды.
Тоғықұмалақ үйірмесі оқу жылының соңына дейін жұмыс жасайтын болады. Оқушылармыз алғыр, зерек болуы үшін осы ұлттық ойынымыздың маңызы өте зор.
Үйірме жетекшісі: Слам Саби.