Текст
Оқуға құштар мектеп жобасы мақсатында оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, мектеп оқушыларының мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Ж. А А.С. Пушкиннің "Пиковая дама" шығармасы бойынша ойын өткізді. 9 "Б" сынып оқушылары "Пиковая дама" әңгімесін оқып, топтарға бөлініп, әр түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: дұрыс және бұрыс мәлімдемелерді атап өтті, оқиғаларды хронологиялық тәртіппен орналастырды, оқиғаның сюжеттік элементтерін анықтады, жұпта жұмыс істеді, сұрақтарға жауап берді, "Өз ойыным" байқауында бақ сынасты. Ойын соңында олар грамотамен марапатталды.