7- 8 «А» сыныпта «Отбасы – адам тұлғасының бесігі.......» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін толықтыру. Отбасы –Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ сайыс түрінде өтті. Әр оқушы өз отбасын көрсетіп қорғады. «Отбасындағы проблемалар ағашы» атты сайыста әр оқушы маңызды, дәлелді ойларын жеткізе білді. Мынадай жағдайлар берілген:1-жағдай «Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата-ананың рөлі», 2-жағдай «Компьютердің пайдасы мен зияны», 3-жағдай « Мектеп пен ата-ана байланысы» және 4-жағдай « Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы». «Шаңырақ» атты соңғы сайыста әр оқушы шаңырақ салды, соны әңгімелеп айтып берді. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Сынып жетекшісі Буркитбаева М.Р