Текст
Лагерьдің соңғы күні аяқталды. «Рекордтар күні» атты іс – шараға балалар белсенді қатысты.Бүгінгі күннің мақсаты: әр баланың даралығын, оның табиғи және шығармашылық әлеуетін көрсету.Балалар «Гиннестің рекордтар кітабынан» адамдардың мүмкіндіктері мен қабілеттерімен танысты.
Міндеттер:
-өзінің жеке мүмкіндіктерін білуге үйрету, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты бекіту;
-балалардың физикалық дамуына, олардың күшіне, жылдамдығына, ептілігіне ықпал ету, төзімділікті дамыту;
-балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
-бәсекелестік қасиеттерді, өзара көмек, қолдау сезімін тәрбиелеу;
-көңілділік, мейірімділік атмосферасын құру.