Ойын элементтері бар сынып сағаты
Тақырыбы: «Мамандықтар әлемінде»
Сынып сағатының кіріспе бөлімінде мұғалімбалалармен мамандық дегеніміз адамның жеке басын ашып, қабілетін танытатын еңбек екендігі туралы әңгімежүргізеді. Осыдан кейін оқушылар «Мамандықтарәлемінде» сөзжұмбақ шешеді.
Іс-шара барысында оқушылар жұпта ең сәндімамандықтарды, ең ұмытылып бара жатқан мамандықтармен қашанда қажет болатын мамандықтарды атады, сонымен қатар «мамандық», «лауазым» сөздерініңмағынасындағы айырмашылықтарды тапты. Содан кейіноқушылар «Ең-Ең» ойынын ойнады, олар осы сипаттамағанеғұрлым сәйкес келетін мамандықтарды атау керек болды, «Мамандықты тап», «Кәсіби қасиеттер» ойынын ойнады. Жұп парталарға мамандықтарды табу және мамандықтардыбілдіретін әріптерден сөздер құрастыру тапсырмаларыберілді, балалар оны үлкен қызығушылықпен орындады.
Іс-шара барысында оқушылардың назарын бар мамандықтардың әртүрлілігіне, балалардың мамандықтарәлемі туралы білімдерін кеңейтуге және саналы түрдемамандық таңдау қажеттілігіне аудардым.
Барлық балалар тақырыпқа қызығушылық танытып, әңгімеге және тапсырмаларды орындауға белсене қатысты.