"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Кына отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11 «Б» сыныбында атақты жерлесіміз Әскен Нәбиевке арналған сынып сағаты өтті.

16.01.2024

11 «Б» сыныбында атақты жерлесіміз Әскен Нәбиевке арналған  сынып сағаты өтті. 2023 жылдың 13 желтоқсан күні  Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жазушы Әскен Нәбиевтің туғанына 100 жыл толар еді. Әскен Нәбиев Целиноград облысы, Алексеев ауданы, Қына ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1931 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының  мектебіне  барып, оны 1941 жылы бітірді. Сол жылы желтоқсан айында майданға аттанды. Сталинград  үшін шайқасқа қатысып, жараланып, кейін елге оралды. Ол Целиноград қаласында тұрған, журналист болған,  қарапайым халықтың өмірі туралы жазған. 1959 жылы «Перзент» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. Жұбайы Фарида екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Әскен Нәбиев  1-дәрежелі Отан соғысы орденімен,  көптеген медальдармен марапатталған: «Сталинградты қорғағаны үшін», «Әскери еңбегі  үшін», «Германияны жеңгені үшін», сонымен қатар мерейтойлық медальдар. 2012 жылы 2 мамырда дүниеден өтті. Астанада Абай даңғылында жазушы тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды, елорда көшелерінің біріне оның есімі берілді, Ақсу ауылында да көшелерінің біріне оның есімі берілді. Біз еске аламыз және мақтан тұтамыз!

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст