Текст
8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі .Біздің мектепте осы мереке орай іш-шара өтті. Оған 1-11 сыныптар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Барлық сыныптар жоғары деңгейде дайындалғаны байқалды, ерекше көңіл күй сыйлады. Оқушылар нәзік жандарға үлкен қуаныш сыйлады. Осындай жақсы көңіл күй сыйлаған үшін баршаларына алғыс білдіреміз.