Текст
2024 жылдың 11 сәуірінде 7 «б» сыныбында «Энергияның түрленуі және сақталуы» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: әртүрлі физикалық процестерде энергияның бір түрден екінші түрге ауысуын көрсету; тұйық жүйелердегі процестер үшін энергияның сақталу заңын қолдану; энергияның жоғалу себебін түсіндіру; энергияның бір түрден екінші түрге ауысуына мысалдар келтіру. Сабақ қызықты өтті, оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Сабақтың басында қойылған мақсаттар орындалды. Өткізген: физика мұғалімі Естаева Б.С.