Текст
2024 жылдың 27 қыркүйегінде "Кына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысында мектеп директоры Е.В. Зейб және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. А. Абдрахманова сөз сөйледі. Олар интернет желісіндегі қауіпсіздік,балалардың мінез-құлықтары ,телефон алаяқтарының қалай жұмыс жасайтыны, мектепте балаларды қауіпсіздікке тәрбиелеу және оқыту жөніндегі жұмысы, ата-аналардың балалар қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар Жанар Аманжоловна интернет- қауіпсіздік жөнінде видео,презентация түрінде көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп әртүрлі нұсқама қағаздарын таратты.